Анастасия Новыхтың кітаптарында барлық әлем діндері пайда болып және қазіргі таңда жоғалған алғашқы (исконные) рухани ашық-шындық берілген. Себебі оның кітаптары арқылы берілетін ішкі күш адамның рухани оянуына септігін тигізіп, оны Шындық рухымен қанаттандырады, өзінің және айналасының рухани өзгеруіне шабыттандырады. Дегенмен, егерде әрбір оқырман өзінің рухани тұңғиығын ашып, өзінің шынайы рухани табиғатын сезінсе оны өзі де түсіне алады. Анастасия Новых кітабы көптеген сұрақтарға жауап береді. Мен кіммін? Менің өмірімнің мәні неде? Өзіңді қалай түсінуге болады? Қалай қайғыруды қойып, өзіңнің ойыңды бақылауда ұстауды үйренуге болады? Өз өмірің мен тағдырыңды қалай өзгертуге болады? Адамның шынайы табиғаты қандай? Ғылым не туралы айтпайды (көзге көрінбейтін әлемдегі адам құрылысы туралы) және неге әлі күнге дейін бұл үнсіздік қастандығы сақталып келе жатыр? Адам өлгеннен кейін онымен не болады? Оның жаны (душа) бар ма? Жан, тұлға дегеніміз не, олардың байланыстары қандай және олардың мақсаты неде? Жанды, тұлғаны, тәнді өлгеннен кейін не күтіп тұр? Әлемнің, микро және макроәлемнің құпиялары қандай? Хайуани сана дегеніміз не? Қалай материалдық әлем жүйесін зерттеуге және оның кодтау әсерінен тыс өмір сүруге үйренуге болады? Қалай бұл дүние құлы болмауға болады? Адамды және адамзатты жақын он жылдықта не күтіп тұр? Жаһандық катаклизмдер жағдайында аман қалып және рухани құтқарылу үшін қалай өзіңді, өзіңнің тағдырыңды, қоршаған қоғам өмірін өзгертуге болады? Анастасия Новыхтың әлем және адам туралы іргелі білімдер жазылған негізгі кітабы «АллатРа» болып табылады. Бұл шығарманың түпнұсқасы Анастасия Новыхтың өзге де кітаптары секілді орыс тілінде жазылған. Бұл кітаптардың өзге тілдегі аудармалары түпнұсқа емес екендігін түсіну керек. Бұл өзге адамдарға ақпаратты жеткізуге тырысып, осы аудармаларды жүзеге асыратын адамдардың мағыналары мен түсініктерінің аудармалары деп айтуға болады. Шынайы білуші оның тек шын мағынасын ғана емес, сонымен қатар әсер ету күшін, бұл кітаптың рухын түсіну үшін «АллатРа» кітабын тек түпнұсқасында оқиды. Күн сайын кітаптар арқылы берілген білім арқасында өзін және әлемді ашқан адамдар саны артып келеді. Әлемнің әр түрлі елдерінің адамдары осы шынайы (исконному) дүниетаным арқасында бірігеді. Олар бір-бірімен танысады, бірге кітапта жазылған ежелгі рухани өзін-өзі тану техникасын қолданады және бірігіп өздерін және әлемді жақсы жаққа өзгертеді. Анастасия Новыхтың кітаптарында келтірілген энциклопедиялық мәліметтер әртүрлі ғылым бағытында өз растығын тапқанын ескерейік: физика, астрономия, медицина, психология, тарих, археология, этнология және т.б. Кітапта келтірілген білімдер ежелгі уақыттағы барлық құрлықтағы адамдар ортақ рухани білімге ие болғандығын нақты растайды. Қазіргі уақытта кітаптар әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және оны өзінің мәдениеті мен ежелгі қасиетті білім түсінігінің кілттерімен байыта отырып, бұл шынайы (исконные) білімді өз халқына жеткізуді мәртебе санайтын адамдармен аударылу жалғасуда. Бүгінгі таңда Анастасия Новыхтың кітаптарын оқыған әлемнің әр түрлі елдерінің адамдарының жалпы халықтық бастамасының арқасында «АЛЛАТРА» Халықаралық қоғамдық қозғалысы құрылды. Қозғалыс мақсаты халық арасындағы жаңа сапалы мейірім негізіндегі қарым-қатынас құру, арам ойсыз өзара көмек, ешқандай мекен-жайына, әлеуметтік, ұлттық, саяси, діни бағытына қарамай барлық әлем бойынша жасампаз қарым-қатынас құру. Мәдени-адамгершілік, рухани құндылықтар негізіндегі бірігу мен достық барлық әлемдегі адамдарды «АЛЛАТРА» арқасында біріктіреді. Анастасия Новых Сэнсэй. 2-ші Кітап Ақиқаттан қаша алмайсың, Даналықтан жасырына алмайсың. Жер бетінде күндердің бір күні шындығы ашылмайтын ешқандай құпия жоқ. Адам өмірі мен өлімі – бірегей (біртұтас) процесс ағымы. Өткенді түсіну – демек қазіргі шақтағы қауіп-қатерді жеңуді үйрену дегеніміз. Ал оны жүзіп өту, тек Адам болу арқылы ғана мүмкін болмақ! Кітап (бұрынғы) оныншы сынып оқушысының 1991 жылғы жаз айларындағы оқиғаларды бейнелейтін жеке күнделік жазбаларынан құрастырылды (тұрады). — Құмға түскен тас — құм сыбдыры. Толқындар екпіні — құм сыбдыры. Сенің қарқынды жүгірісің, Құмдағы басқан ізің — құм сыбдыры. Өмір — бұл жай ғана қадам, Ал ондағы жылдарың — құм сыбдыры. Ригден Джаппо — Камень, упавший в песок — шелест песчинок. Волны прибой — шелест песчинок. Твой стремительный бег, Стопа в песок — шелест песчинок. Жизнь — это всего лишь шаг, А годы в ней — шелест песчинок. Ригден Джаппо Пролог — Дейтұрғанмен барлығы сондай жаман еместей. Оның үстіне сен қаламын деп шешім қабылдасаң, оларға бір мүмкіндік берші. Және маған... Осы сәтте теңіз бетінде төселген ай сәулелерін дірілдетіп самал жел есті. Соңғысы өзінің күмістей толған сиқырлы жарығымен жұмбақ алыстыққа еліктіреді. Тіршілік иесін табиғат өзінің шексіздігімен және жердегі сұлулығымен қоршап әдейі шамына тиетіндей. Шамасы бұл байқалмайтын құбылыста тек өзіне ғана аян бір құпия жасырынып жатқандай. — Егер сен соншалықты қаласаң, мархабат, байқап көр. Біздер осында болған кезде әлі уақыт бар... Бірақ бау-бақшаң баяғыда-ақ пісіп жетілген. Әрі еш тоқтаусыз көбейіп үйілген арамшөптер де жер анаға тым үлкен салмақ (ауырлық) сала бастады... Оларға қаншалықты күтіммен қараса да, егілген дәндер әлсіз болып шықты: шынайы мәңгілікке секундтар иллюзиясы көлеңке түсірді. — Бірақ сонда да, мен іздеп табамын деп үміттенемін... Кезекті жел екпіні сөздерді өзінің шексіз кеңістігіне ұшыра алып кетті. Болмыстың екі бөлігі тағы да қайта қосылды. Аз ғана уақыт тыныштық орнады. Тек от алауы өзінің жанған ағаш бұталарымен шытырлайды. Отқа салынған әдемі ағаш бұталары лезде пішіні жоқ күлге айналды. Қызық, бір ғана сәт өткендей, бірақ әлгі әдемі материядан ешнәрсе қалмады, тіпті ол ешқашан болмағандай. Барлық балалар шомылуға кетті. Ақыры Сэнсэйдің жалғыз қалған сәті түсті. Ол салқын теңіз суына денесін біртіндеп үйретіп, таяз суда тұр екен. Сэнсэйдің жалғыз тұрғанын пайдаланып, оған өзімнің біртүрлі Қызыл Салт аттылы түсім туралы айта бастадым. Бұл ерекше түсім мені өзінің айтып жеткізе алмайтын шынайылығымен, қанықтылығымен және эмоционалдылығымен таңғалдырды. Оның мәнін еш есіме түсіре алмай, тек оның мен үшін өте маңызды екенін Сэнсэйге айта бастадым. Бұл түсті физиологиялық және философиялық тұрғыдан толық талдайды деген менің күткеніме қарамастан, Сэнсэй жай ғана күлімдеп, маған жұмбақ көздерімен қарады да: — Уақыты келгенде, барлығын білетін боласың, — деді. Бұл сөздер мені қатты қызықтырды, бірақ Сэнсэй әрі қарай артық сөз қоспады. Мені толық шатасқан күйде қалдырып, ол балуан денелерімен келе жатқан толқынды тоқтатуға тырысып, қызыққа батқан біздің жас топқа қосылды. «Біртүрлі түс. Біртүрлі жауап. Және мұның бәрі нені білдіруі мүмкін?» – деп тағы да ойландым. Сэнсэйді сырттай бақылай, өмірдің мүлдем әртүрлі салаларында, соншалықты табиғи білімді болуына, тағы да таңданумен болдым. Жігіттер арасында еш ерекшелігі болмады, тек үлкен төзімділігі мен тамаша әзілді түсіне (көтере) білетін мінезі (сезімі) болмаса (чувство юмора – әзіл-оспақты түсіне білу). Бірақ, бейнелі айтатын болсақ, Сэнсэйдің рухани өмірінің бауларын тартатын болсақ, олардан өзінің керемет баурап алар биіктігімен, қарапайым, талғампаздығы және сонымен бірге ерекше даналығымен өзіне тартып тұратын керемет әуен шыға бастайды... Ерекше жұмбақ Адам. Өткенді талдай отыра, мен қызықты байқауыма тап болдым: Сэнсэй кіммен болмаса немен кездессе де, барлығы біртіндеп өзгере бастайды. Ол оны қалай жасайды? Мен үшін бұл қол жетпейтін құпиядай. Тіпті болмаса менің тағдырымды алып қарайық. Жасымның он жетіде болғанына қарамастан, алты ай бұрын ғана тәнім өлім аузына бір қадам жақын қалған еді. Айналамды толық үмітсіздік жайлаған, жақын туыстарымның көздері қайғы мен жанашырлыққа толған сол бір кезеңдерде, дәл сол «соңғы сәттерде», мен танымы мен мүмкіндіктері әдеттегі күнделікті шеңберден анағұрлым асып түскен, шығыс жауынгерлік өнерлерінің шебері – Сэнсэйді кездестірдім. Сэнсэй тура мағынасында айтатын болсақ, тек менің тағдырымды ғана емес, бүкіл әлемге деген көзқарасымды да өзгертті. Енді мен бұл кездесудің бұрынырақта ойлайтындай бақытты кездейсоқтық емес екендігіне нақты сенімдімін. Өмірімдегі белгілі бір жағдайларға әкелген «күтпеген кездейсоқтықтардың» барлығын біріктіріп, бұл кездесудің – жоғарыдан болған ұлы күштердің араласуымен (еркімен) болған заңдылық екендігіне сенімді болдым. Сэнсэйдің арқасында тірі қалдым, демек бұл жағдай Біреуге керек болғаны. Бірақ неге? Және не үшін? Мені тірі қалдырардай менің қолымнан не келеді? Өзің білмегенді болжау қиын іс. Оның үстіне Ұлы күштердің (Жоғарғы) ойлағанын түбіне дейін қалай ұғынуға болады? Себебі кездейсоқ кездесу, сөз, тіпті сөзсіз іс-әрекетіңнің өзі, жеке адамдар үшін немесе тұтас қоғам масштабында қандай да бір жаһандық өзгерістерге әкелетін оқиғалардың тізбегін тудыруы мүмкін. Бірақ осы бастапқы серпілісті жасаған қарапайым адам, өзінің іс-әрекетінің жалпы нәтижесінен бейхабар болатын шығар, себебі өзінің шектелген ой әлемі мен тек «өзінің шынайы» ортасында өмір сүреді. Және ең таңғаларлығы әрбір адам әр күн сайын тіпті өзі білмесе де, қар көшкініндей үлкейіп келе жатқан болашақ оқиғаларға өзінің таңдау еркімен аздаған үлесін қосады. Тағдырымның шын мәні осы құпия түсте жасырылғанын, мен интуитивті сезіндім. Және қызығушылық танытқан адам ретінде барлығын бірден әрі толық білгім келді. Бірақ құпия, құпия болып қала берді. 2 Дәмді таңғы астан кейін біздің үлкен тобымыз тәндерін таңертеңгі жұмсақ күн шуағына қыздырып, рахаттана жағалау құмына жайғасты. Біздің тобымыз – шығыс жекпе-жек өнеріне деген ортақ қызығушылықпен бастары қосылған әртүрлі жастағы энтузиастар, (және тек ол ғана емес), сонымен бірге біздер достарша Сэнсэй деп атап кеткен жаттықтырушымыз Игорь Михайловичке деген ерекше шынайы құрметпен қарайтын адамдар тобынан құралған. Сэнсэй – шыныменде ерекше тұлға. Ол сырттай тобымыздан еш ерекшеленбеді. Спортшы дене бітіміндегі аққұба шашты жас ер адам. Тек мұқият бақылаушы ғана байқайтын ерекше әсерлі де ақылды көздері (немесе көзқарасы) болмаса. Ал былай... Қайта жас шамасы мен байсалдылығы жағынан қырық жастағы біздің психотерапевт Николай Андреевич ерекшеленеді. Ал салмақтылығы (байыптылығы) жағынан – Сэнсэйдің бұрыннан бергі досы, халық арасында «спецназ» аталып кеткен арнайы жасақ бөлімін басқаратын Володя ерекшеленеді. Бұйрық беретін дауысымен – миллицияда жұмыс жасайтын жас жігіт, біздің сэмпай Виктор (ерекшеленеді). Жалыны, ойыны мен бітпес әзілдерімен – үлкен топтағы мығым денелі ұзын жігіттер Женя мен оның досы Стас. Ал жастығы жағынан – Руслан мен Юра және бір кездері шығыс жекпе-жек өнері туралы киноларды көріп, жақсы Ұстазды іздеу жолында Сэнсэй секілді білім қорына тап болған және осындай ерекше тұлғалардың әлемде бар екендігін ойларында да болжамаған қуанышты біздер. Біздің көңілді ұжым – Андрей, Костя, Слава, Татьяна және мен. Биылғы жылы біздер үшін соңғы қоңырау үні «соғылып», мектеп бітіру «емтихандарының» ыстық маусымы да өтіп кеткен. Артымызда мектеп жылдары, алдымызда қуанышы мен қайғысы, жеңісі мен жеңілісі, құлауы мен көтерілуі бар үлкен өмір. Және біздер, өзімізге «тынығуға» ең жақсы уақыттай көрінген осы белгісіз «орта жолда» тұрдық. Сэнсэймен теңіз жағалауындағы естен кетпес демалысымыздың тек үшінші күні ғана өтіп жатты. Бірақ қандай күндер десеңші! Бұл ең жақын достарыңмен демалып қана қоймай, таңғажайып әсерлер алатын және ең бастысы Сэнсэймен рахаттана әңгімелесу арқылы (рухани) даналықтың дәнін алатын алтын уақыттың өзі еді. Володя бастаған Слава мен Юра әскери тәртіппен теңізге ыдыстарды құммен жууға кетті, себебі таңертең кезекшілік оларға келді. Және оған жас жігіттер тарапынан ешқандай қарсылық байқалмады. Оларға Володяның «Кеттік!» деген бұйрық берген жуан дауысы (басистый голос) түріндегі бір жеңіл ескертуі, ерекше ықыласпен ыдыс-аяқтарды алуларына жеткілікті болды. Бұл күлкілі жағдай Володя тарапына әзілдер легін тудырды. Бірақ Володя еш қысылмастан, әскери үнімен: – Тәртіптің аты тәртіп, – деді. Николай Андреевичтің қолында үш күннен бері тастамай ара-тұра оқып жүрген кітабы тағы да пайда болды. Сэнсэймен әңгімеде қойған сұрақтарына қарағанда, кітап оның психотерапиялық қызметімен қандай да бір байланысты болуы керек. Ол психологияның өкінішке орай жаңа ғылым екендігін және бүгінгі күнде жақсы психолог жақсы философ болу керектігін, себебі психология ғылымының алғашқы даму барысында философтардың тұрғанын айтып тұжырымдады. – Мінекей, ең болмаса психологияның алғашқы негізін қалаушылардың бірі – Сократты алып қараңыз. Оның қандай керемет сөздерді жазғанын тыңдап көріңіз, – деп Николай Андреевич қайырылған парағын ашып (немесе белгіленген), дауыстап оқыды. – «Көзді бастан бөлек емдеуге және басты – тәннен бөлек емдеуге болмайтыны секілді, жанды емдемей, тәнді сауықтыруға болмайды...» Және тағы да: «Жанды (рухты)... арнайы дұғалармен емдеу керек (соответствующими заклинаниями), соңғысы басқа емес дұрыс сөздерді айту (верные речи), – деп Николай Андреевич соңғы сөздерін ерекше екпіндете айтты, – бұл сөздерден рухта (немесе жанда) пайымдау қасиеті орнап, ал оның нығайуы мен орнауы (жанда болуы) бас пен бүкіл тәнге денсаулықтың орнауын жеңілдетеді». Николай Андреевич кітап беттерін көздерімен үнсіз шолып шықты да, кейін сөзін жалғастырды: – «Менің сөзімді естіген Критий: «Менің Сократым! Егер бас ауруы оны өз санасын жетілдіруге мәжбүр етсе, жас жігіт үшін бұл Герместің нағыз сыйы болар еді!», - деп айқайлап жіберді» – Бұл анық, – деп Сэнсэй күлді. – Ал керек болса, он төрт ғасыр бұрын жазылған болса да, өзектілігін әлі күнге дейін жоғалтпаған. – Сөзсіз, себебі даналық уақытты білмейді. – Иә, Сократ қаншалықты дәл айтқан. – Сократ жәй өзіне үйреткенді (оқытқанды) ғана жеткізген. Сократ өз жолында рухани сұлулығымен баурап алатын, сәйкесінше білім берген Критонды кездестірмегенде Сократ, Сократ болмас еді. Сондықтан сіз психология Сократтан бастау алады деп қатты қателесесіз. Сократқа Ұстазынан, сәйкесінше кейінгі ұрпақтарына берілген білім, бұл жәй ғана ежелгілердің шын ілімінің жаңғырығы ғана... Психология біз ойлағаннан анағұрлым ежелгі ғылым. Және ешқандай жаңа ғылым емес. Алғашқы негізін қалаушылар Ле Бон, Зигмунд Фрейд, Альфред Адлер және басқалары түгелі Сократ, Уильям Джемс емес. Бұл адамдар өздерінің дүниетаным көзқарасымен, бір кездері адамдарға толықтай берілген уақыт өте жеңіл жоғалғанды түйірлеп жинап қалпына келтіруге тырысты... Ал негізінде бұл ғылымның тамыры өте ежелгі дәуірден бастау алады. – Психология ... ғылым ретінде ... ежелгі дәуірден?! – деп Николай Андреевич шын таңғалды. – Иә, дәл ғылым ретінде, – деп Сэнсэй растады. – Ежелгі адамдар, қазіргі адамдарға әлі өте алыста (қол жетпейтін) жатқан білімдерді білген. Егер қазіргі кезде психология тек жеке тұлғаның құрылымын (стурктура), жалпы заңдылықтарды, адамдар арасындағы қарым-қатынас заңдылықтарын зерттеуге тырысып жатса, бұл ежелгі адамдар үшін үстірт философия (поверхностная философия, аздаған) болған, себебі олар анағұрлым терең (нәзік) психология білмдерін – әртүрлі психотехникаларды білген. Олар өз Эгосын емес (тәкәппарлығын), жан дүниесінің тереңін зерттеген. Ал «психология» ғылымы өзіңді зерттеуден басталады. Және адам қаншалықты өзін жақсы таныса, басқаларды ғана емес, бүкіл әлемді де жақсы түсінетін болады. – Рұқсат етіңіз, бірақ заманауи психология ғылымында көптеген, әртүрлі психотехникалар жеткілікті. – Иә, бірақ қандай психотехникалар? Әдетте ең қарапайым және байқасаңыз көбісі өзінің бағытында материалдық негізге басымдық берген. Психология ғылымының бүгінгі дамуымен қазіргі адамзатты рухани дамыған қауымдастық (қоғам) деп атай аламыз ба? Әрине жоқ. Себебі заманауи психология негізінен төменгі деңгейді қамтиды – ол адамның Эгосынан (тәкәппарлығынан) туындаған шиеленісті мәселелерді (проблемы конфликтов) шешуге тырысады. Қарапайым тілмен айтқанда, оның міндеті (психологияның) адам жанын түсіну болғанына қарамастан, Хайуани негіздің сорпасында қайнап жатыр. «Теория» мен «тәжірибиенің» осындай арақатынасына сай, қандай қарама-қайшы болашақ күтіп тұрғанын сіз өзіңіз түсінесіз. Яғни, жалпылай алғанда заманауи психология тәкәппарлық пен өзімшіл мақтаныш сезімін (примирить эгоизм с манией величия) татуластыруға тырысады. – Енді, негізінде барлығы бір нәрсе, – деп психотерапевт абайлай сөйледі. – Мен де соны айтамын, – деді Сэнсэй сөздерін Николай Андреевич терең түсінсін деп мүмкіндік бергендей. – Мен заманауи әлемдегі психологияның маңыздылығын ешқандай төмен түсіріп тұрғаным жоқ. Бұл керекті, жақсы дисциплина. Ол шыныменде дамытуға тұрарлық, адамдарға стресстен арылуға, өз қорқыныштарымен күресуге көмектеседі. Бірақ менде бір сұрақ туындап тұр дәрігер. Өтініш маған айтыңызшы, неліктен барлық психологтар өзінің миындағыны реттей алмай жатып, біреудің басына кіруге тырасады осы? – Енді... қалай неліктен? – деп Николай Андреевич баяу созды да, кішкене үнсіздіктен кейін, сергек даусымен: – Қарнының тоқ болғанын қалайды да (Кушать ведь хочется), – деп жауап берді. Олар көңілді күліп, кейін психотерепевт әңгімесін жалғастырды. – Егер ежелгі адамдар осыншалықты білімді меңгерген болса, демек оларда тіпті алтын ғасыр болған шығар. – Өте дұрыс. Солай болған. Николай Андреевич ойланды да, кейін: – Сіз қандай ежелгі заманды (дәуірді) айтып отырсыз? Біздің өркениетті ме? – деп сұрады. Мен Николай Андреевич Сэнсэймен кейде достарша «сен» деп, кейде құрметпен «сіз» деп сөйлесетінін байқадым. – Мен әрине, біздің өркениетіміздің тіпті басын да ежелгі заман деп айтпас едім. Біздің өркениетімізге бар-жоғы он екі мың жыл ғана. Дегенмен дамуының алғашқы кезеңдерінде адамзатқа белгілі бір ілімдер (немесе білім бөліктері), оның ішінде психология саласына қатысты білімдер де берілген. – Білімдер берілген? Қызықты, ал олар кімдерге берілген? – Бұл білімдер бүкіл әлемге таралған: Европада, Азияда, Африкада, Оңтүстік және Солтүстік Америкада. Оларды қазыналы білімдей ежелгі Мысыр, Үнді, Месопотамии, Сібір, Қытай тайпаларының кемеңгерлері сақтаған. Бірақ ілімді білгендердің географиялық кеңдігіне қарамастан, уақыт өте бұл ілімдер бәрібір жоғалып кеткен. Осыған байланысты сіздер, мырзалар, дөңгелекті қайтадан ойлап табуға мәжбүрсіздер. – Сонда да біртүрлі. Бұл білімдерге әртүрлі құрлықтардағы (разных континентах) адамдар қалай қол жеткізген, оның үстіне тайпалардағы? Және ең қызығы оларды кім бере алған? Себебі менің білуімше, ертеректе мұхит адамдар үшін еңсерілмес кедергі болған. Мұхитты ұшып өтетін еш нәрсе болған жоқ, ал жүзіп өту мүлдем мүмкін емес болған. – Сіздің түсінігіңізде, оны жасау үшін міндетті түрде белгілі бір техника, болмаса жоқ дегенде бір аспап (приспособление) қажет. Ал ежелгі адамдар өздерінің мүмкіншіліктерін пайдаланған. Мен адам психикасының терең (нәзік) білімдері туралы бекерге айтып кеткен жоқпын. Себебі олар өз қабілеттерін басқара алған. Және қазір дауласатын - левитация, телекинез, телепортация, телепатия және сол сияқты құбылыстар ежелгі адамдар үшін қарапайым шынайылық болған. Оларға бұл құбылыс біздердің велосипед айдағанымыз немесе суда жүзгеніміздей қалыпты нәрсе болған... – Міне керемет! – деп біздер секілді «мэтрлердің» әңгімесін кездейсоқ тыңдап отырған Руслан ұялмастан әңгімеге араласа кетті. – Бізде де осындай білім болса шіркін! Қаласаң – ұшып кеттің. Бұл деген ғажап емес пе! Ал оны үйренуге болады ма, Сэнсэй? Сэнсэй басында балаға мұқият қарады да, бірақ кейін жүзінде болмашы жымиыс пайда болды. – Әрине, болады. – Ал қалай, егер осыны егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ? – деп Руслан сұрағын «ақылды» қоюға тырысты. Сэнсэй сәл үнсіздіктен кейін оған қарады да, жүзіндегі білінер-білінбес жымиысымен: – Қарапайым. Түсінесің бе, бұл істегі ең бастысы – сенің қалай бастауыңда (твой подход), сенің қалауың, ішкі шешіміңде (внутренний настрой) және ең бастысы – сенің осы левитацияны сезінуге деген үлкен құмарлығың. Левитация принціпінің өзі күрделі емес. Негізгі дәні сенің қалауыңда (тілегіңде) жатыр... – Енді, бұл барынша түсінікті сияқты, ал нақтырақ... физикалық мағынасында? – деп Руслан қабағын түйіп, алдында шешілмейтін ребус жатқандай сұрағын қойды. – Нақтырақ деймісің? Енді, былай айтсақ болады. Әрбір адам өзінің жеке торсионды өрісінің (торсионного поля) генераторы болып табылады. Бұл торсионды өріс өзін физикалық кеңістікте қоршаған фотондарға әсер етеді және басқа адамдардың торсионды өрістерімен өзара байланысқа түседі. Левитация эффектісі басталу үшін, яғни қарапайым сөзбен айтқанда сенің физикалық тәніңнің ауада қалықтап тұруы үшін, психикалық энергияның көмегімен белгілі бір толқу беріп, кинетикалық энергияны потенциалды энергияға және керісінше айналдыру қажет. Бұл адреналиннің бөлінуіне байланысты психикалық энергияның үлкен толқуын тудырады, ол басқа адамның торсионды өрісінің үлкен толқуына әкеледі де, ол сіздің энергетикалық мүмкіншілігіңіздің айтарлықтай артуына және үдеуіне сөзсіз әсер етеді. Енді былай, сен лабильді арқа жүйесінде (лабильной спиновой системе), яғни өз миыңда ойша дайындала бастаған кезде, қалыптасқан кескіннің кеңістіктік-жиіліктік құрылымын қайталайтын белгілі бір спиндік құрылымдар пайда болады. Бұл ақпарат өз кезегінде тек ағзаға ғана беріліп қоймай, қоршаған ортаға да беріледі. Және сол арқылы фотондармен, яғни электромагниттік сәулеленудің кванттарымен өзара әрекеттеседі. Белгілі бір жағдайларда, атап айтқанда жеке күш пен ойды нақтылы жинақтаған (консентрация) кезде сенің салмағыңды лезде азайтатын эффект пайда болады. Ал әрі қарай, техника (әдіс) мәселесі. Сонымен, сенің тұрақты ой генераторың қандай күшпен жұмыс жасаса, левитацияда соншалықты ұзаққа созылады. Қарапайым физика және бұл жерде күрделі, тылсым ешнәрсе жоқ... Балалар Сэнсэйдің әрбір айтқан сөзін мұқият тыңдауға тырысты. Мен тіпті айтқандарының жартысында түсінбей, өз күнделігіме сөзбе-сөз жазып алу үшін, ойша сөздерін қайталап, есте сақтауға тырыстым. Ал естігендерінен Николай Андреевичтің аузы ашылып, біреудің кем дегенде докторлық диссертациясын қорғауға қатысқан бірінші курстың студентіндей түсінбеген күймен қарады. – ... Енді барлығы сенің ішкі ерік-жігеріңе байланысты. Өйткені ол орасан зор күш. Мінекей ежелгі замандарда адамдар тіпті өз тәндерін айтпағанның өзінде «вимандарды» (виманы) ауаға көтерген, бұл алып конструкцияларды жалғыз ерік күшімен, яғни жинақталған (консентрация) ойларының психикалық энергиясымен көтерген. Ежелгілер жүздеген тоннаны көтеруге және жылжытуға қабілетті болған. Ал неліктен бұл олардың қолынан келді? Себебі бұл адамдар өз саналарының дисциплинасына (тәртібін) ие болған! Және ең бастысы – бұл қажетті нәтижеге консентрацияңды бағыттау (шоғырландыру), сол кезде психикалық энергияның аккумуляциясы жүреді. Сенің басыңда анық әрі нақтылы түпкі нәтиже болуы керек. Сен барлық процессті шынайы сезініп, елестетуің қажет. Сэнсэйдің осындай түсіндіруі кезінде Русланда мақсатты көзқарасы пайда болды (целеустремлённый взгляд). Баланың барлығын дереу іс жүзіне айналдырғысы келген қатты құмарлығы айқын еді. – Сэнсэй, ал осыған үйрену ұзақ уақытты қажет етеді ме? – деп Руслан ерекше ықыласпен сұрады. – Енді, шындығын айтатын болсақ, сағаттап левитацияда болу үшін, әрине уақыт қажет. Ал ауада бірнеше секунд қалықтап тұруды – кез-келген бастаушы адам жасай алады. – Ал керек болса! – деп Руслан таңғала айтты. Демек тап қазір байқап көруге болады ма?! – Неліктен болмасқа? Егер қатты қаласаң, барлығы мүмкін. – Бірақ, қалай? Не істеу қажет? – деп Руслан асыға сұрады. – Енді бұл жағдайда, алғашқы үйрену кезінде қатты екпінмен жүгіру (разбег) өте маңызды. Бірінші рет, әрине сен ұзақ қалықтап тұрасың деп уәде бере алмаймын, бірақ бір минуттай еркін ұшу – шыныменде мүмкін. Одан артығына шыдауың екі талай. Ең жоқ дегенде, шырқау нүктесіне жеткен кезде (критической точки), сен бірнеше секунд су бетімен жүгіре алатын боласың. – Шыныменде ме? Судың бетімен?! – деп Руслан қуаныштан айқайлап жіберді. – Әрине... Бұл жерде ең маңызды элемент жылдамдық, сонымен бірге секірістің импулсті күші (импульсная сила отрыва)... Осы кезде неге екенін қайдам су бетімен үлкен жылдамдықта әрі аса оңай қозғалатын су өлшегіш шіркейі (водомер) туралы ойлар келді. Ойыма зоология сабағы түсіп, «Егер азғана салмағымен су бетіне тартылған пленкасын ескерсек, онда бұл процесс әбден мүмкін» деп ойладым. Біздің ұжым арасында үлкен дүрбелең басталды. Сэнсэйдің сөздеріне құлақ түрген Руслан мақсатты кейпінде (немесе жүзімен) теңізге қарай қозғалуға дайындалып жатты. Қалған балалар бұл процесті ерекше қызығушылықпен бақылады. Женька мен Стас Русланға қалай жақсы бастауға (жүгіруге) болатынын айтып жатты. Андрей мен Костя бұл тәжірибиенің келесі қатысушылары болуға ниеттерін білдірді. Ал Татьяна екеуміз тобымыздан бірінші болып ауада қалықтау бұйырған «жолы болғыш» Русланға қызыға-қызғана қарап тұрдық. Осы кезде Костя өзіне тән энтузиазмымен Сэнсэйге: – Ал мүмкін тәжірибиенің дұрыс өтуі (тазалығы) үшін Русланның орнына мен байқап көрермін. Қанша дегенмен оған қарағанда менің салмағым екі килограммға азырақ, – деп ұсынысын жасады. – Екі килограммға, екі килограммға, – деп Руслан Костяны мазақтады. – Кім бірінші сұраса, сол бірінші ұшады! Кезекке тұр. – Қандай айырмашылығы бар? – деп Костя қолын сілтеді. – Сэнсэй мүмкін екеуміз (Руслан) бірдей жасармыз? Ал егер ол барлығын дұрыс жасай алмаса ше? – Кімнің қолынан келмейтінін біз әлі көрерміз, – деді Руслан ашуланғандай (взъерошился). – Жалпы сен, кетші бұл жерден, дайындалуға (жинақталуға) кедергі болып тұрсың... Сэнсэй болса балалардың бұл қызбалығына күліп, өзінің нұсқаулығын жалғастыра берді: – Не үшін алаңдайсыздар, балалар, егер қаласаңыздар барлықтарыңызда үлгересіздер. Мен тағы да қайталап айтамын, ең бастысы – қатты жүгіріспен екпін алу (это взять хороший разбег)... – Ал мен бұл кезде бір нәрсе сезінемін бе... физикалық тұрғыдан? – деп Руслан жанына (қатарына) тұруға тырысып жатқан Костяға ала көзімен қарап сұрады. – Сөзсіз. Белгілі бір сезінулер болады. Жерден көтерілу (в момент отрыва) кезінде, мысалға сенің жүрек соғысың күрт өзгереді. Ол шамамен қырық бірлікке көбейеді. Сенің миыңдағы толқынды процестердің когеренті де өзгеріске ұшырайды (когерентность волновых процессов). Ұшу кезінде алдымен тыныс алудың толық тоқтауы болады, ал кейін тыныс алудың табиғаты өзгереді. Жалпылай, сезінулердің ауқымдылығына (за гамму ощущений) алаңдамасаң да болады. Саған барлығы беріледі деп есептей берсең болады. Сен үшін ең бастысы – қарқынды жүгіріспен бастау. Түсіндің бе? Руслан бірінші ұрыс даярлығында демекші толық жинақталып тұрды (полном напряжении): – Түсіндім, түсіндім, – деп хабарлады ол (рапортовал). – Ал әрі қарай ше? Жерден қалай көтерілемін? Сэнсэй: – Ол жағына алаңдамасаң болады, жерден ұшатының анық. Ең бастысы қарқынды жүгіріспен бастау. Байқа, ешқандай бөтен ойлар болмасын. Бастысы – мақсатың. Сенің мақсатың – ұшу. – Түсіндім, түсіндім! Сонымен мақсат бар. Ойлар жоқ. Әрі қарай не істеу керек? Сэнсэй: – Ал әрі қарай, жүгіресің де... бар күшіңмен Володяның артынан тебесің, – деп біздің спецназды көрсетті. Осы кезде Володя жағалау шетінде (кромки моря) тыныш қана ыдыстарды жуып, тиісінше еңкейіп тұрған еді. Ал Володя Русланның «алғашқы итермелеуі» (начального толчка) үшін дәл «бастапқы позицияда» (стартовой позиции) тұрған. – Және осымен болды! Саған әрі қарай левитация болатынына кепілдік беремін. Тұнық тыныштық орнады. Халық болып жатқанды түсіну үшін таңғалған (түсінбеген) көзқарастарымен біздің спецназ Володядан Сэнсэйге қарады. Бірақ бұл қатқан үнсіз көрініс ұзаққа созылмады. Сэнсэйдің айтқандарының мәні бірінші болып Николай Андреевичке жетті. Оның күлгені соншалықты, тіпті көздерінен жас аққанша күлді. Балаларға сәл киінірек жетті. Бірақ оны мен «түсінген кезде», Руслан мен Костяның «ұшуға» бір-біріне «әдепті жол беріп жатқаны» және біздің топтың қатты күлкісінен жағалау ауасы толықтай жаңғырып (немесе шайқалып) жатқан еді. Тіпті біздің «кезекшілерде» қатты күліп жатқан біздерге бұрылып, жартылай жуылмаған кастрюлдерімен қосылуға асықты. Қызығушылықтарынан азап шегіп, күлкіге қарқ болып жатқан біздерден не болғанын білу үшін олар он минут бойы сұраумен болды. Балалар сәл тынышталғаннан кейін және көбісі бір-біріне әзілмен «левитацияның жаңа әдісімен» тәжірибие жасап шомылуға кеткен кезде ғана, Николай Андреевич Русланның ақымақ қызығушылығымен үзілген өзінің Игорь Михайловичпен қызықты әңгімесіне қайта оралды. – Мен еш түсінбедім, біріншіден ежелгі адамдарға бұл білімді кім бере алған, ал екіншіден жабайы тайпалар (немесе қарабайыр) өздерінің қарабайыр ойлау қабілеттерімен осындай ғылымды қалайша қабылдай алған? – Мәселе мынада, бұл тайпалар жабайылықтан (немесе қарабайырлықтан) анағұрлым алыста болған. Олар аман қалған Атлант өркениетінің ұрпақтары. Олардың ойлау қабілеті сен ойлағандай қарапайым болған емес. Себебі осыншама уақыт аралығында адам миы ешбір өзгеріске ұшырамаған. Оның үстіне олар адам миының мүмкіншіліктерін біздерге қарағанда анағұрлым жақсы әрі сапалы пайдалана білген. – Яғни сен, олар біздерге қарағанда анағұрлым интеллектуалды дамыған деп айтқың келіп тұр ма? – Саған мұның барлығы мүмкін парадоксальды естілетін шығар, бірақ бұл факт. Егер пайыздық өлшеммен есептейтін болсақ, онда қазір біздер өзіміздің мүмкіншіліктеріміздің 10% - дайын, ал олар 50% - дан артығын пайдаланған. Енді есептей беріңіз. Демек олар біздің заманымыздың барлық иллюзиялық «жоғары технологиялық» дамуына қарамастан бізден бес есе ақылды болған. – Бірақ бұл қалай мүмкін болады? – Негізінде, түптеп келгенде біздер енді ғана өз мүмкіншіліктерімізді игеруге кірісе бастадық. Ал бұл өркениеттің басында адамдар өздерінің ақыл-ой қабілеттерінің жоғары әлеуетіне (потенциал) ие бола тұра, керісінше, деградацияға ұшыраған, яғни өздерінің үлкен жетістіктерінен азына көшкен. Бұл қалыпты жағдай, себебі бұл шашылған топтар бұрынғы жоғары дамыған өркениеттің қалдықтары еді. Кейіннен олардың ұрпақтары бұрынғы қабілеттері мен білімдерін жоғалтты, былайша айтқанда төменгі сатыға түсті (докатились до ручки) десе болады, ал кейін барлығын жаңадан бастады. Барлық мәселе мынада, жоғары дамыған өркениеттер сыртқы факторларға өте тәуелді. – Сэнсэй аспанға қарады. – Мысалға, Күнді алып қарайық. Қазіргі ғалымдар оның ресурсы миллиард жылға жетеді деп болжайды. Ал кейін ол үлкейіп (кеңейіп) сөнеді, нәтижесінде Жер бетіндегі тіршіліктің барлығы жоғалады. Енді, біріншіден бұл жәй олардың болжамдары мен ойлары ғана, себебі ғалымдар Күн туралы әлі өте аз біледі. Ал екіншіден, тіпті қазірдің өзінде кез-келген секундта, Жерге қарай Күнде мега-сәулелі лақтырулар (мегавыброс) болуы мүмкін. Егер осындай жағдай орын алса, онда үш тәулік ішінде Жердегі барлық тіршіліктең тірі қалуы екі талай. Ең жақсы жағдайдың өзінде адамзаттан – тірі қалудың өткір мәселесіне кездесетін шашыраған кішкене топтағы адамдардың бөлігі ғана қалмақ. Себебі өсімдіктердің өзімен қоректену үшін, оны бірінші өсіру қажет, ал ол үшін өз кезегінде ең болмағанда олардың дәнін табу керек. Бірақ, тіпті ғаламдық апатты (катастрофаны) есепке алмай-ақ қоялық. Егер біздерден дәл қазір электр қуатын, газды, мұнайды, қарапайым тілмен айтатын болсақ өркениеттің барлық игіліктерін алып қойса, біздің жағдайымыздың қалай болатынын жәй ғана елестетші. Біздер бірден өмір сүруге жарамсыз күйге түсеміз. Ол кезде де солай болған... – Угу, осылайша тарихта «аңшылар» мен «егін жинаушылар» (собиратели) пайда болған, – деп дәрігер көңілсіз күлімдеді. – Жоғары өркениетке тән астрономиялық және математикалық білімнің күтпеген көріністерімен. – Өте дұрыс. Басында тайпалар, қауымдар болған. Кейін оларда дін тез дами бастаған. Бұқара арасында интеллект төмендеуіне мүдделі болған жекелеген тұлғалардың билікті басып алуы орын алған. Ақымақтарды басқару оңайырақ. Мінекей, құрметті Николай Андреевич, осындай жағдайға жеттік. – Иә, – деп психотерапевт ауыр дем алды да, кішкене ойлана: – Бірақ шыныменде адам ең бірінші кезекте өркениеттің әртүрлі өнімдерін тұтынушы, өндірістің тізбегіндегі тек кішкене ғана буынды құрайды. Ал егер осының барлығы болмаса, қалай болмақ? Тіпті үй де сала алмайсың. Ол жерде теориялық білімнен бөлек, өркениеттің көптеген өнертабыстары қажет, сол кірпіш, цемент, шегелер және сол сияқты. Ал былай... Николай Андреевич иығын көтерді. – Ал былай күрке (шалаш) мен жертөле (землянка), – деп Сэнсэй күлді. – Иә, ең жақсы дегенде үңгір, – деп Николай Андреевичте әзілін қолдады. – Шыныменде, егер түбіне дейін талдап қарайтын болсақ қазіргі заманның адамы табиғатпен жалғыз бетпе-бет қалса не істей алады? Керекті ешнәрсе жасай алмайды. – Бұл сөзсіз... Тіпті кейбір ерекше жалқау адамдарда қарапайым нәрселер туралы түсінік те жоқ, мысалы, қалай және не өсіру керек, – деді Сэнсэй әзілмен. – Олардың өнімдері дүкендерде, тура полиэтилен пакеттерде «өседі». Бұл жерде тағы нені айтуға болады? Мұны естігенде, айтылғандарды өзімнен «тексере» бастадым. Және асығыс өзімнің отбасымның саяжай тәжірибесін, анамның бақшаға нені және қалай отырғызғанын еске түсіруге тырыстым. Жалпы, мен бұл өмірде не істей аламын, нені істей алмаймын. «Қарапайым заттар» туралы білместігімнің көп болғаны соншалықты, өзімнен-өзім шошып кеттім. Және мен қандай жағдай болмасын жіберіп алғандарымды мүмкіндігімше қуып жетемін деп шешім қабылдадым. Мен үлкендерден сұрапыл соғыс жылдарында, айнала ауыр жағдай, аштық, қираулар болған кезде қалай аман қалғандарын сұраймын деп алдын ала жоспар құрдым. Және саяжайдағы жұмыстарға бар күшімді салып, шыныменде Сэнсэй айтпақшы «қарапайым» нәрселерге үйренуге бел будым (мақсат қойдым). Себебі сені бірдеңе жасауға мәжбүр еткенде – бұл бір нәрсе, ал сенің өзің үйренуге деген құштарлығың жанып тұрған кезде – бұл мүлдем басқа. Біздің «мэтрлар» тағы да өздерінің әзілдеріне күліп, кейін Сэнсэй: – Жарайды, дәрігер, «көңілсіз» әңгімені айтуды доғарайық, кеттік шомылуға, – деді де, аспандағы күннің орналасуына қарап, философиялық: – Мұндай мүмкіндік әлі бар кезде, – деп қосты. 3 Суға рахаттана шомылған соң, Женька мен Стас үрмелі қайықтарымен теңізге саяхаттап, суға аквалангпен сүңгіп, мүмкіндігінше балық аулаймыз деп шешті. Оларға ерекше ынтамен Виктор мен Володя да қосылды. Үрмелі қайығын дайындап және балық аулауға қажетті заттарын салғаннан кейін, төртеуі балық зауыты бағытында жағалау бойымен жүзіп кетті. Қалғандарымыз ұзақ шомылуды ыстық құмда қысқа тынығулармен кезектестіріп, демалып жаттық. Сэнсэй мен Николай Андреевич «күн ваннасын» көбірек ұнатты. Кейін теңізде біздің жас тобымыздың батылы жетпеген алыс (ұзақ) жүзулер жасады (заплыв). Жақсы демалысымызда уақыт зымырап өтіп жатты. Біздің балалар кезекті шомылудан кейін, жағада рахаттана жатып, құмнан жәй ғана кішкене таушық жасау ойынынан, дене мүшелерінің қатысуымен қарапайым құм мүсінін жасау идеясына дейін барды. Костя, Руслан мен Слава үлкен жоспардың «құрбандарына» айналды, дәлірек айтсақ, олардың бастары, аяқтары мен қолдары. «Мүсіндеу» процесі кезінде, қызған творчествалық (немесе шығармашылық) тәбеттің және қайнаған фантазияның арқасында, «өнер туындысын» безендіруге (немесе сәндеуге) ас-үй ыдыстары (табақша, қасықтар мен вилкалар), киімдердің элементтері (элементы одежды), сонымен бірге табиғаттың берген сыйлары, қамыстар, балдырлар, қабыршақтар (ракушки) және сирек жергілікті өсімдіктер қолданылды. Біздердің қызған творчествалық қызметіміз кезінде, бастардың «кескін бейнесінде» тұрған ерекше жағдайына байланысты, оларға үнемі су беріп, тамақтандырып, мұрындары мен беттерін қасып, ыңғайлы сәттерде Килиманджаро тауына шығуға тырысқан қызығушы туристер секілді бастарына мінуге тырысқан шыбындар мен әртүрлі жәндіктерді куумен болдық. Ақыр аяғында, бітпес күлкімен болған қажырлы еңбектің арқасында, заманауи нұсқадағы, ертегідегі «Горыныч Жыланының» (Змея Горыныча) орнына, Андрей айтпақшы «белгісіз тұқымның мутанты» пайда болды. Біздің «сұлудың» бастарының біреуін (ол бас Руслан деп аталады) безендірудің соңғы жұмыстарын жасап жатқан кезде, алыстан Женька мен Стастың жағалаумен жүгіріп келе жатқанын көрдік. – О! Ал қайық қайда? – деп «Горыныч бастарының ішіндегі ең көргіші» таңғалды (зоркая голова Горыныча). Слава деп аталатын «бас» ол жаққа еріне (жалқаулана) бұрылып, өзінің теңдесі жоқ «қалпақ» күйіндегі безендірілген, оған жабысып тұрған балдырларымен: – Мүмкін бір нәрсе алуды ұмытып кеткен шығар, – деді. Және соңында, екі бастың ортасында орналасқан, өзінің мәртебесіне сай Татьянаның өз қолымен дәретхана қағазынан, майлықтардан, қамыстан және шөпті өсімдіктердің барлық түрлерінен жасалған супер сәлдедегі ең кемеңгер үшінші «бас» (Костя деп аталатын): – Егер олар бір нәрсені ұмытып кетсе, осыншалықты тез жүгірмес еді, – деп ақылды сөйледі. Шынында да, жігіттердің асыққанына қарағанда, жүгірістерін серуендеп жүр деуге келмейді. Оның үстіне Виктор мен Володяның, сондай-ақ өздері жүзуге бірге ала шыққан жабдықтарының болмауы, оларға бір нәрсенің болғандығы туралы анық айтқандай. Біздердің бар назарымыз үлкен жігіттерде болды. Жігіттер лагерге жеткен кезде, қатты жүгірістен кейінгі тыныс алуларын қалпына келтіріп, біздердің творчествалық ойымыздан туындаған мүсінімізге таңғала қарады. – Не болып қалды? – деп ең «ақылды бас» уайымдай сұрады. – Сендер де қатырасыңдар! – деп Женька керемет мүсінге қарап күлді. – Ал Сэнсэй қайда? – деп Стас сұраққа сұрақпен жауап берді. – Ана жақта, – деді Андрей толқындар арасынан көрінген екі басты, теңіз бағытын көрсетіп. – Николай Андреевичпен жүзіп жүр. Женька мен Стас алысқа қарады. Женька көп ойланбастан саусақтарын ерніне апарып теңіз жаққа қатты ысқыра бастады. Ысқырығының қатты болғаны соншалықты, Андрей Женькадан әзілмен әрі тұрып, құлақтарын ысқылап: – Жоқ, енді ескерту керек емес пе. Бұлай саңырау болу да қиын емес, – деді. – Не болып қалды? – деп сұрақтарға Юрада қосылды. – Сіздің кемеңізде апат (авария) болды ма? Ағынға әлдерің келмеді ме? – деп мысқылдады «көргіш бас» (зоркая голова). – Құрбандықсыз шығар деп үміттенеміз, – деп «ақылды баста» өзінің «бауырының» ойын қорытындылады. Женька өзінің көркем ысқыруын шығарып жатқан кезде, Стас: – Ешнәрсе болған жоқ, – деп барлық сұраққа жауап берді. Қайық жақсы. Барлығы тірі, аман-есен. Сендерге де соны тіледік... – деп Стас «шашыраған» аяқ-қолдары мен құмнан шошайып шығып тұрған бастарға қарады. – Тек жағадан дельфинді тауып алдық. – Дельфинді?! – деп Татьяна екеуміз хормен айқайлап жібердік. – Иә, үлкен емес, – деп жігіт қолдарымен көлемін көрсетті. – Бір жарым метрдей. Біздің тобымыздан таңғалған гуіл шығып кетті. – Мәссаған! Осы кезде Николай Андреевич пен Сэнсэй алыста жүзіп біздер жаққа қарады. Женька оларға қолын сермеп сигнал берді (немесе дабыл). Ер адамдар кері қарай жағалауға жүзе бастады. – Тірі дельфин бе?! – деп Андрей сұрады. Женька өзіне артылған «радиомаяк» қызметін атқарып болып, лезде әңгімеге қосылды. – Ө... өлі емес. Бүйірінде тесік жарасы бар. Және көп болмаған. Жарасынан қан әлі сорғалап тұр. – Фууу, – деп Руслан жиіркене сөйледі. – Иә, – деді Женька жағдайды одан әрі ушықтырып, – көрініс әлсіздер үшін емес. – Дельфинді осыншалықты жағдайға түсірген кім? – деп Слава аяныш білдірді. – «Табиғат сүйгіштер» аз деймісің? – деп Женя қара әзілімен жауап берді. – Қай жерді қарасаңда жағалауда маньяктар толып жүр. Осылай өздеріне құрбандық іздейді... – деді де, құмға көмілген баланың шектелген жағдайына қарап: – әсіресе дәрменсіздерді, – деді. – Иә, иә, – деп Костя да біздермен бірге күлді. – Сенде айтасың! Бұл «бас киіміңді шеш, құлақтарыңды кеңірек аш» деп аталады (снимите кепку, растопырьте уши шире). Женька мүсіннің жалпы композициясындағы Костяның басына бағалай қарады да, көздері жарқ ете қалды. – Ал бұл идея екен, – деп нағыз құм шебері секілді онсызда күлкілі «мутантты» өзінің күлкілі ойларымен толықтыра бастады. Сэнсэй мен Николай Андреевич судан шыққан кезде, біздің топтағы тек «көрермендер» ғана емес, мүсінге «кескін бейнесінде» (позирующих) тұрғандар да ұстамсыз қайнаған күлкі күйінде еді. Айтпақшы, соңғылары барлығынан қатты дірілдеп күлгендері соншалықты, атқылаған (немесе оянған) жанартау секілді «өнер туындысының» бөлшектерін біртіндеп құлата бастады. Ал егер осы жағдайға Женьканың айтқан пікірлерін қосатын болсақ, Сэнсэй мен Николай Андреевич бізді «көзімізден жас аққанша» (слёзнозакаточном) күлген күйде көргенін елестетуге болатын еді. Бірақ оларда біздің ұжымдық шығармашылығымызға қатысты бірнеше әзілдерін айтып, көңілді күйімізге тез қосылды. Ал Николай Андреевич мүсінді толықтырған әрі онысымен мақтанған Женьканың шығармашылығына қарап, оған әзілмен өзіне тән барлық симптомдарды айтып бір мәнді (однозначный) «диагноз» қойды. Тоқтаусыз күлкі аяқталып және мүсін «құрбандары» шомылуға кеткен кезде Стас, Сэнсэй мен Николай Андреевичке өздерінің тапқандарын қысқаша айтып берді. Сэнсэйдің қасында тұрған біздің психотерапевт, басында жігітті біраз мұқият тыңдап еді, кейін босаңсып: – Мен жағалаудан соншалықты ысқарғанға қарағанда, сіздердің бар экипаж су түбіне кеткен шығар деп ойлап едім, – деді. – Мына Бұлбұл-қарақшың (Соловей-разбойник), – деп Стас Женьканы көрсетіп басын изеді. – Иә, – деп әңгімені тыңдап тұрған Андрей де іліп әкетті, – біздің құлақтарымызға жаттықты. Женька өзіне риза болғандай күлді де, Андрей жаққа қолын бір сілтеп: – Эх, қараңғылық! Сіздер біздердің қарақшылық акустикалық өнер туралы ештеңе түсінбейсіздер, – деді. Барлығы тағы да күлді. Ал Сэнсэй жәй ғана жымиып: – Ал, «үлкен жолдарыңды» көрсетіңдер, – деді. Стас, Женька, Сэнсэй мен Николай Андреевич жолға шықты. Осы кезде судан шыққан Руслан Юрадан: – Сен өміріңде дельфинді көрдің бе? – деп сұрады. – Жоқ. – Менде көрген жоқпын. Кеттік, көріп қайтайық. – Кеттік. Олар Сэнсэйге жетуге асықты. Іздерінен қызығушылығы олардан аз болмаған біздің топ та тұра жүгірді. Бұрылып, осындай үлкен шеруді (немесе жорықты) көрген Николай Андреевич тоқтады. – Ау, балалар, ал лагерде кім қалады? – Оны кімнен күзетеміз, – деп бәріміз үшін Андрей жауап берді. – Бәрібір айналада бірде-бір тірі жан жоқ... – Тек жалғыз-маньяктан басқа, – деп «экрандағы» қорқынышты дауыспен Женька сөйледі. Барлығы күлді, ал Николай Андреевич Сэнсэйге сұрақ көздерімен қарады. – Ештеңе етпейді, – деп Сэнсэй үнсіз сұрағына жауап берді. – Ал көліктер ше? – Ештеңе етпес, бұл жәй ғана темір. Бір нәрсе болса, қалаға жаяу-ақ жетеміз. – Иә шыныменде, – деп дәрігер Сэнсэйдің көңіл-күйіне ауысып, қуана қолдады. – Оның үстіне жаяу жүру денсаулыққа пайдалы! Жиырма минуттық жаяу жүрістен кейін, біздер жағаға шығарылған үрілген қайықты байқадық. Жанында еш қимылсыз жатқан жануарға аянышпен теңіз суын құйып отырған (немесе себелеп) Володя мен Викторды көрдік. Дегенмен бұл істері дельфинге ендігі еш көмектеспейтіні анық еді. Дельфин басын жағалауға қаратып, құмда жатты. Жағадағы теңіз толқыны құйрық жағына әрең жетеді. Жақындап, біздер ерекше жаратылыс иесін үнсіз қоршадық. Және мені таңғалдырған ең бірінші нәрсе – тілік тәрізді (щелевидные) қара-қоңыр көздері. Олар үлкен қасіретті басынан кешкен адамдай, қатты ауырсыну мен қиналудан сақау күйінде (выражении немой) қатып қалғандай. Оның адам қолдарымен ылғалданған тұнық қара арқасы өмірге толы тәннің елесін тудырып, күнге жарқырайды. Мінсіз тегіс терісіндегі аппақ қарыны (белое брюшко) мен бүйіріндегі әдемі ақ-қара жолақтары ерекше көрінеді (контрастно выделялись). Төменгі жақ сүйегінен сәл төмен орналасқан әдемі бет жағында ашық түсті жерлері байқалады. Денесінің бүйірінде, басынан сәл төмен жерде қаны әрең шығып жатқан (сарқылған) тесілген жарасы бар. Дельфиннің «мәңгілік» мейірімді күлкісі өлім аузындағы жағдайына мүлдем шынайы еместей көрінеді. Еш зияны жоқ, мейірімді тіршілік иесіне қарап, бір нәрсемен болса да еш көмектесе алмағаннан жүрегім аяушылықтан қысылды. – Оған осыншалықты жамандық жасаған кім? – деп Андрей дельфинге қарап мұңая сұрады. – Балықшылардың ілмекпен (багром) ұрғаны анық, – деді Сэнсэй жарасын қарап жатып. – Құдайым-ау, не үшін?! – деп Татьяна аяушылықпен айтып қалды. – Кей кездері дельфиндер балықшылардың аудағы балықтарын ұрлайды, құралдарын бүлдіреді. Бірақ дельфин – жәй ғана жануар. Ол қай жерде азық болса, сол жаққа жүзеді. Ал адамдар... – Сэнсэй ауыр күрсінді, көзқарасы біршама қатқыл (суық) тартқандай, – сол үшін оларды өлтіреді. Сэнсэй үндемеді, осы минуттарда түрлі сезімдердің көптеген ағынынан тамағым кеуіп кетті. Көздерім жасқа тұнып, тамағыма тас тұрғандай. Адам деп айтуға болмайтын оңбағандардың осындай керемет жаратылысқа қол көтеруге қалайша дәті барды екен? Бұл дельфин емес пе, Жердің толыққанды мекендеушісі, мұхит тұрғыны. Әрі оның «үйі» біздікінен әлдеқайда үлкен. Біздерге адамдарға өлтіруді емес, осындай мейірімді тіршілік иелерінен ерекше достық қасиетін, өмірге деген табиғи қуанышын, үйлесімділікте өмір сүруін үйрену қажет. Себебі олар жабайы жануар болса да, ешқашан табиғаттан өзіне қажеттіден көп алуға тырыспайды, ешқашан біреуді болмаса бір нәрсені жаулап алуға ұмтылмайды. Әлемдік мұхиттың сан-алуан «тұрғандарымен» бейбіт өмір сүріп қана қоймай, олардың өмірге деген сүйіспеншілігін ескеретін болсақ, олардың әрбір өткен сәтке қуана білетініне еш күмән келтірмеймін. Меніңше барған сайын табиғат құрбандығын көбірек қажет ететін «өркениетті» алға басу жолында, біздер өзіміздің адами келбетімізді, ең бірінші өзімізді, Руханиятымызды жоғалтатындаймыз. Тойымсыз, бітпес қажеттіліктермен Эгомызды (Тәкәппарлығымызды) көкке көтереміз, тек Жер Ананы ғана емес, ондағы барлық тіршілікті, тіпті өзімізге ұқсас жаратылыстарды да жойып жіберетін ұсқынсыз, жаны жоқ жаратылысқа айналудамыз. Және осыны да қалыпты (норма) деп санаймыз ба?! Бірақ біз осы үшін өмірге келдік пе? Өмір – қас-қағым сәт (мгновение). Және әркім осы қас-қағым сәтте бақытты болғысы келеді. Келеді, бірақ бола алмайды. Неліктен? Бұл сұраққа табиғат өзінің күнделікті өмірінің үйлесімділігімен үнсіз жауап береді. Тек біздер барлығын керісінше жасаймыз: бақылаудың орнына (наблюдать) – өлтіреміз, ақылға қонымды жасаудың орнына – қиратамыз (разрушаем, құртамыз, бұзамыз). Иә, Эго (тәкәппарлық) үстемдік құрған хайуани табиғатыңмен өмір сүру – қорқынышты. Мәңгілік азап... Ал бірақ бақыт соншалықты жақын. Тек Жақсылыққа (немесе Мейірімділікке) бет бұрып, жәй ғана Адам болу керек. Балалар дельфин денесінің қасында үнсіз тұрды. Тіпті барынша ұстамды болған Стастың өзі эмоциясын әрең ұстап, көзін басқа жаққа аударды: – Осыны жасаған «балықшы» қолыма дәл қазір түссе, қолына қандай да бір ауыр затты ұстауға ұзақ уақыт зауқын (ниетін) жоғалтар едім... Викторда дәл сондай үнімен: – ... Басындағы жаман ойларды да дәл солай, – деді. – Жеккөрушілік (Ненависть) – жақсы кеңесші емес, – деп Сэнсэй ойлана айтты. – Ал кім жеккөрушілік туралы айтып жатыр, – деп Женька иығын көтерді. – Біздер оны «жақсы көргеннен» жақсылып сілкіп алар едік (отметелили). Келесі де дельфинге қол көтермек түгелі..., суды жеті шықырым айналып өтіп (седьмую версту обходил), қол жуғышына (умывальник) барар жолды ұмытар еді. – Иә, иә, біздің «толерант» (толерантный), – деп Сэнсэй байқалар-байқалмас күлкісімен айтты да, кішкене үнсіздіктен кейін: – Ал егер шындығына келетін болсақ, сен әрине кейбір нәрселер туралы дұрыс айтып тұрсың, егер зұлымдыққа жұмсақ (снисходителен, немесе бей-жай) қарасаң, жақсылыққа (немесе мейірімділікке) қалай немқұрайлы қарайтыныңды байқамай қаласың. Дегенмен, зұлымдықты жазалауда, дер кезінде тоқтай білу керек. Тек осылай ғана ішіңде тығылған қауіптен құтыла аласың. Жеңген адам танауын көтермейді (тәкәппарланбайды), зомбылық жасамайды, шаттанбайды. Ол бірінші кезекте... өз-өзін жеңеді. Сондықтан зұлымдықты жазалауда, жақсылықты (немесе мейірімділікті) есте сақтау қажет. Сэнсэйді тыңдап тұрған балалар, бастарын тағы да дельфинге бұрды. – Мүмкін оны жерлерміз, – деп Женька біраз үнсіздіктен кейін, Сэнсэй алдында азда болса ақталуға (реабилитироваться) тырысқандай ұсынысын жасады. – Дұрыс айтасың, –- деп Андрей қолдады. – Қазір мен күрекке барып қайтайын... – Күректің не қажеті бар? – деп Женька қарсылық танытты. – Біздер көппіз, тез арада қабірді қолдарымызбен қазып аламыз. Қазу не тұрыпты? Сөздерінің растығы үшін Женька қалай тез жасалатынын көрсеткісі келгендей, қолдарын кең сермеп экскаватор секілді бірнеше қазуды көрсетті. Женьканың «құммен жұмыстары» кезінде Сэнсэй қолымен су жинап, дельфиннің үстіне құйды. Кейін басынан нәзік сипап: – Сіздер неліктен оны құрлықта (топырақта) жерлегілеріңіз келеді? Ол – теңізші. Оның туған табиғаты (родная стихия) – теңіз... – деді. – Қалай, оны осылай теңізге лақтырамыз ба? – деп таңғалды Женька. – Дұрысы құмға көмейік, жоқ дегенде балықтар жемейді. Бұл жерде ол тыныш ұйықтайды... – жүресінен отырған (сидя на корточках) Сэнсэй оған қарады да күліп жіберді. Бірнәрсені дұрыс айтпағанын сезіп, Женька тағы да абыржулы күйімен: – біздің қымбатты жолдасымыз, – деді. Осындай сөздерімен ол, бұл жағдайда мүлдем орынсыз болған, балалардың жасыруға тырысқан күлімсіреулерін тудырды. Сэнсэй Женькаға еш жауап берген жоқ. Ол екі қолымен дельфиннің басын көтере бастады. – Қанекей, Николай Андреевич, көмектес... Көмекке Николай Андреевичтен бөлек, арасында Женька бар басқа балалар да, бірден ұмтылды. Бірақ денені қозғалтуға Сэнсэй, Николай Андреевич пен Володя жеткілікті болды. «Жерлеу рәсімінің эскорты» теңізге қарай қозғалды. Біздің тобымыздың бір бөлігі жағада қалды, қалғандарымыз оның ішінде менде бармын, ілесе қозғалдық. Су белге жете бергенде және дельфин денесі жартылай суға батқан кезде, Сэнсэй өзінің көмекшілеріне: – Әрі қарай өзім алайын. Ол суда жеңілірек... – деді. Ер адамдар Сэнсэйге дельфиннің денесін берген кезде, Сэнсэй оны жәй ғана ұстамағандығын байқадым. Менің таңғалысыма орай, ол сол қолын тура қызығушы көздерден жасырғандай жарасының үстіне қойды. Оң қолымен жануардың белінің жоғарысынан ұстады. Дельфинді жартылай суға батырып, онымен бірге тереңдікке кетті. Біздер өз орнымызда қалдық. Сэнсэй қолында өлі дельфин емес, ол ақырын қолдап, жүзуді шыдамдылықпен үйреткен құдды кішкентай сәбиді ұстағандай баяу әрі абайлап жүріп барады. Олар біртіндеп алыстай бастады. Су кеудесіне жеткен кезде ғана Сэнсэй тоқтады. Қазір ол дельфиннің денесін тереңдікке итеріп, ал ол су түбіне кетеді деп ойладым. Мен дельфинді қатты аядым. Табиғаттың осыншалықты керемет тіршілік иесін көруге және қысқа уақыт ішінде «кездесуімізге» мүмкіндік берген осыншалықты көңілсіз жағдайға қарамастан, бұл дельфин соншалықты жақын әрі туысымдай (родным) көрінді. Бұл жануарға деген сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес бойымда ерекше бір сезім пайда болды. Құдды оның қайғысы менің қайғым, ауруы – менің ауруым секілді. Көзге көрінбейтін біртұтастықтың осы бір түсініксіз сезімі ішкі жан дүниемді толтыра бастады. Мен оның суға батқан сәтін көруге қорқып, жадымда тек Сэнсэймен «кезіп жүрген» (странствия) бейнесі қалсын деп көздерімді жұмдым. Бірақ белгілі бір уақыт көздерімді жұмған кезде, мен кенеттен Татьянаның таңғалған даусын естідім: – Ол не, тірі ме?! Мен көздерімді ашып, Сэнсэй мен қолында әлі тұрған дельфинді қызығушылықпен бақылап тұрған достарымды көріп таңғалдым. Дельфиннің құйрығы орналасқан су толқынды теңселеді. Басында маған жәй ғана солай көрінді деп ойладым. Бірақ, бірнеше секундтар өткеннен кейін, толқын тағы да қайталанды әрі бұл жолы әлдеқайда күшті болды. Енді мұны еш нәрсемен шатастыру мүмкін емес еді. Оны балалар да байқады. Біздер қуана: – Қараңдар, қараңдар, ол тірі! – деп айқайлап жібердік. Біздің шуылды (айқайымызды) естіген жағадағы балалар да, біздерге келуге тырысты. Ал біздер Сэнсэйге жақын барғымыз келді. Бірақ Николай Андреевич барлығымызды тоқтатты. – Тыныш, шуламаңдар. Орындарыңда тұрыңдар. Үркітіп (немесе қорқытып) жібересіңдер... Біздің топ болып жатқан оқиғаға таңдана қарап қалды. Басында дельфиннің қимылы терең талығудан (забытья) кейінгі өз-өзіне баяу келе бастағандай әлсіз еді. Бірақ, біраздан кейін қозғалысы батыл әрі қарқынды бола түсті. Таңғаларлығы, бұл жабайы жараланған дельфин, қатты ауырсыну мен адамның қолынан қаза табуға сәл ғана қалса да, Сэнсэйдің қолынан шығуға тырыспады. Дегенмен Сэнсэй оны жүзуге жәй ғана сүйемелдеп келе жатқан. Керісінше, оның сергек қимылына қарағанда, бойына өмір күші толғандай. Дельфин қандай да бір жолмен түсінгендей, мейірімді, қамқор қолдардан шығуға асықпады. Бірнеше уақыттардан кейін дельфин кит балығына ұқсас тек кішкене жалпақ құйрығымен судан шығып, суға күлкілі ұрып (құйрығын) қайта сүңгіп кетті. Дельфинге қарап Сэнсэйде тұрып (немесе қатып) қалды. Бірнеше уақыттан кейін, үнсіз «диалог» аяқталған кезде, дельфин бұрылды да, ашық теңізге қарай баяу жүзіп кетті. Біздердің күткенімізге қарамастан, ол ендігі сүңгімей, су бетімен жүзуге тырысты. Сэнсэй болса көздерімен шығарып салып, кейін суға сүңгіп, шаштарын реттеп, жағаға қайта бастады. Біздер жағаға жеткен кезде, Виктор: – Ол біртүрлі жүзіп бара жатыр. Менің білуімше дельфиндер – жылдам жүзетін (быстроходные) тіршілік иелері. Осыны байқаған Женька өзінің сүйікті ауылбайлық диалектісімен: – Егер сені ілмекпен (багром) ұрса көрер едім, қалай жүзетініңді... – деді. – Ең болмаса денесін осылай сүйрегені де жақсы. – Иә, әлсіздеу, – деп Сэнсэй толқындар арасына кезекті рет жоғалып бара жатырған жарты ай секілді жүзбегі (плавник) бар қара силуетке қарап, ойлана айтты. – Менде соны айтып тұрмын, тірі қалар ма екен? – деп Женька іскерше сөйледі. – Түкір, – деді Стас. Женька сол бойда айтқан кеңесіне құлақ асты. Сол иығынан үш рет түкіріп, бас киімін шешіп, өз басын соқты. Стас оның қимылын байқап: – Ағашқа соғу керек, ағашқа, – деп күлді. – Шыныменде ағаштың аты ағаш, – деп Женька жәй ғана өмірдің ұсақ-түйегі туралы айтқандай үнімен айтты. Біздер жымидық. Ал Стас Женька жаққа қолын сілтеп, біздің топқа: – Біздерге заттарды алып жүруге көмектесіңдер. Әйтпесе балық аулауға деген қызығушылық жоғалды (охота пропала), – деді. Екінші рет біздерге қайталаудың қажеті болмады. Барлығымыз ұйымшылдықпен қармақтарды, сөмкелерді қайықтан түсіре бастадық. Балалар қайықтың өзін таяз суға жіберіп, оны арқанмен жағалау бойымен баржа тасушылардай (бурлаки) сүйреді. Біздер жиналып болғанша, қатты жел көтерілді. Кетіп бара жатып, біздің дельфинді көру үшін тағы бір мәрте теңізге қарадық. Бірақ көтерілген толқындар арасынан дельфин еш көрінген жоқ. Шулы жел арасынан суды айнала ұшып жүрген шағалалардың көңілсіз қиқулары естіледі... Иә, өкінішке орай бұл өмірде барлығының басы мен аяғы (немесе соңы) бар. Біздердің еңсеміз түсіп кетті (поникли головами). Ақылымыз дельфиннің өлгенін айтумен болса да, ешкімнің қайта тірілген дельфиннің суға батқанына сенгісі келмегені анық еді. Біраз уақыт үнсіз, соңғы рет дельфинді көрген жерге үмітпен қайта-қайта жалтақтаумен келеміз. Бірақ әр қараған сайын көңілсіз назарымызды аяғымыздың астындағы құмға түсірумен болдық. – Жоқ, енді ақыр соңында, – деп шыдай алмаған Женька бірінші болып аянышты үнсіздікті бұзды. – Дельфиндер қалайша суға батып кетеді. Олар балық емес пе! – Батады, – деп Сэнсэй ешбір эмоция жоқ біркелкі әрі сабырлы даусымен жауап берді. – Бір минут ішінде суға батып кететін жағдайлар болады, әсіресе қатты толқыған, қорыққан сәттерінде. Бірақ суға батса – барлығы тез болады... Ал негізінде турасын айтатын болсақ, дельфиндер – мүлдем балық емес, адамдар секілді жылықанды сүтқоректілер. Олардың миы жетілген. Айтпақшы, дельфиннің ми қыртысы (кора головного мозга) адамның ми қыртысына қарағанда көлемі жағынан үлкенірек. – Сәйкесінше, ми қатпарлары (извилин) кейбір гомосапиенстерге қарағанда үлкен, – деп Николай Андреевич Женькаға қарап әзілдеді. Сэнсэй күлімдеп: – Адамдар секілді дельфиндер де әртүрлі жағдайларға, оның ішінде стресске де ұшырайды (немесе әрекет етеді, реагируют). Оларда да қорқыныш сезімі бар. – Бәрібір түсінбедім, олар қалайша суға батады? – деп Женька шыныменде білмегендіктен бе, әлде солай кейіп танытты ма, иығын көтерді. – Қарапайым, – деп Сэнсэй жауап берді. – Оларда адамдар секілді жәй ғана тұншығып қалады. Егер дельфин стресс күйінде болса, судың өкпеге тыныс алу саңылауы арқылы түсуі жеткілікті ... осымен бітті. – Тыныс алу саңылауы арқылы (дыхало)? – деп Руслан қайталап сұрады. – Бұл адамның танауына ұқсас нәрсе ме? – Иә, тек басының ең жоғарғы жағында орналасқан. Ол өкпемен тікелей байланысады. – Керемет! Түшкірсең болғаны, айнала теңіз суы... – деп Руслан сөзін аяқтамай, шаршаңқы күлген көпшілікке өзінің «керемет болжамын» аяқтауға қалдырды. – Қызықты, ал ол суда қалай жөтеледі? – деп Андрей сұрады. – Ешқалай (никак). Дельфиндер ешқашан жөтелмейді. – Бұл жылықанды сүтқоректілердің жолы болғыш екен, – деп таңертеңнен бері жөтел қысқан Виктор қызыға айтты. – Мүмкін олар ешқашан суық тиіп ауырмайтын шығар. – Не үшін дельфин болмадым екен? – деп Женька армандай сөйледі. – Қателесесің, – деді Сэнсэй Викторға. – Оларда біздер секілді ауырады. Біздердің тіпті респираторлық ауруларды тудыратын микроорганизмдерімізде ұқсас (идентичны). Тек біздерге қарағанда дельфиндер суық тиюді ауыр қабылдайды. Бұл жағдай оларда көбіне өкпенің қабынуына ұласып, көп жағдайда (почти всегда) жануардың өлімімен аяқталады. Женька таңғалған көздерді жасап: – Солай ма? Дельфин болмағаным қандай жақсы, – деді. – Егер олар суға тұншығатын болса, ол жерде қалай өмір сүреді? – деп Костя қызыға сұрады. – Олар кейбір елеулі стрестік жағдайларда, негізінде адамдар секілді дүрбелеңге (паника) түскен кезде ғана өледі. Ал былай денсаулықтары мықты! Олардың ең күрделі дейтін сыртқы ортада (немесе жағдайда) тамаша жұмыс істейтін бұлшық ет пен ауа клапандар жүйесі бар. – Иә, – деп күрсінді Николай Андреевич. – Бұл қорыққанда барлығы тең деп аталады. – Кішкене үнсіздіктен кейін Сэнсэйден: – Тоқта, тоқта, апноэ кезінде дельфиндер үшін де, адамдар апноэсі секілді психологиялық факторлардың маңызды болғаны ма? – деп сұрады. – Өте дұрыс. – Апноэ? Апноэ? – деп Руслан таңғалды. – Ал ол не? Женька мысқылдап (күліп): – Сенде бір... Апноэ – деміңді іште сақтау (задержка дыхания). Ол туралы тіпті менде білемін! Руслан қайықта жатқан аквалангқа қарап, қисық күлімсірей: – Сен білмегенде кім біледі, – деді. – Ештеңе етпейді, – деп оны Стас сергітті. – Біздермен бірге сүңгісең, сен де білетін боласың. – Иә, басымен құмға, – деп Женька күлді де, Стасқа қарады. Олар бастарынан өткен белгісіз бір қызықты оқиға естеріне түскендей бірге күлді. Руслан болса ренжіген қалпы: – Мен саған не, түйеқұспын (страус) ба? – деді. – Енді, болмасаң боласың, -– деп Женька тағы да Стасқа еш ашусыз (беззлобно) қарады. Халық айтылған сөздерінің астарын айқын ұғып, бұл күлкінің артында не жатқанын айтуды талап етті. Жігіттер өздерінің суға алғаш сүңгулері кезіндегі сәтсіздіктері туралы тарихты баяндап берді. Жалпылай алғанда ерекше еш нәрсе болмаған, бірақ Женьканың интерпретациясында (түсіндіруінде) бұл соншалықты күлкілі көрінді. Соңында Стас: – Егер адам су астында ұзақ уақыт бойы қосымша құралдарсыз, аквалангсыз сүңги алатын болса керемет болатын еді, – деді. – Бұл мүмкін, – деді Сэнсэй. – Адам миы көп нәрселерге бағдарланған (немесе көп нәрсе жасауға). Тек бұл қабілеттерді пайдалана білу керек... Себебі адамның тыныс алуы дегеніміз не? Ауамен дем алу, дем шығарудың кезектесуі. Бұл процесс диафрагма мен қабырға бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты (сокращения), осының арқасында кеуде қуысының көлемі өзгереді. Газ алмасу қанды байытатын (обогащая кровь) өкпе альвеоласы (лёгочных альвеол) деңгейінде жүзеге асырылады. Қан көмірқышқыл газын алып оттегіні клеткаларға таратады. Ал тыныс алу ырғағы (ритм) немен реттеледі? Сопақша мида орналасқан (продолговый мозг) тыныс алу орталығымен реттеледі. Міне осы жерде «жылдамдықты ауыстырудың» алтын кілті жатыр. – Бағдарлама (программ) мағынасында ма? – деп Костя сұрады. – Иә. Женька риза болғандай күліп: – Иә, бұл кілт ертегідегідей еш қозғалмай жатыр, ал оның қайда жатқанын ешкім білмейді. Ал білетін адам, үндемейді, себебі оған өзінің де қолы жетпейді, – деді. – Қателесесің, – деп Сэнсэй күлімдеді. – Кім қаласа, әрқашан табады... қолы да жетеді. Демді іште сақтау практикалары толып жатыр. Өзіңе белгісіз болғандықтан ертегі деп санамай, тек ерінбей іздеу қажет. Мысалға, йогада тыныс алуды бақылауда ұстайтын практика бар. Ол Пранаяма деп аталады. Дегенмен бастапқы нұсқасында ол адамның ежелгі рефлекстерінің бірі – сүңгу (немесе ену, погружения) рефлексін оятуға берілген құрал еді. Және тек суға сүңгуге ғана емес, адам біртіндеп өз рухының қайнар көзіне жақындайтын, санасының тереңіне сүңгуі. Бірақ қазір йогашылар негізінен уақыты мен күшін тыныс алуды бақылауда ұстауды үйренуге, ағзадағы кейбір процестерді жылдамдатуға, мысалға жараларды тез жазып немесе баяулатуға, метоболизм мен жүрек соғысын басқаруға бағытталған. Адамдармен біршама өзгертіліп, үрілген ілім (раздута в целое учение) жасалған... Бұл әрине жақсы, адам ең болмағанда осылай өз ойларын бақылауда ұстауға үйренеді. Бірақ адамдармен қарапайым күрделеніп, біртұтас білім кішкене бөлшектерге бөлінген. Сондықтан бүгінгі адам осы практикамен жұмыс жасай отырып, кішкене бөлшегін біліп, оны біртұтас деп ойлайды... – Тағы да Женькаға қарап, Сэнсэй: – Сонымен егер жәй ғана демді ішке сақтауды үйренгің келсе, осы практиканы қолдансаң болады, – деді. Таңдау кең. Сананың өзгерген күйінде демді іште ұзақ сақтау техникасын адамдар ежелгі заманнан бері білген. Бұл практика барлық жерде кездеседі: Тропикалық Африкада, Солтүстік Америкада, Лапландияда, Бали аралдарында. Мен теңіздің сыйларымен өмір сүрген, мысалға маржан іздеушілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілген техникаларын айтпай-ақ қояйын. Женька біраз ойланды да, пікірін дауыстап айта бастады. – Жоқ, енді адам қанша уақыт су астында демсіз шыдай алады? Ең көп дегенде екі минут, ол да кәсіби сүңгуір болса ғана. Мен аквалангсыз деп тұрмын, – деп жігіт сөзін нақтылады. – Ол дұрыс айтады, – деп Николай Андреевич келісті. – Кейін аноксия болады, қарапайым сөзбен айтатын болсақ оттегі жетіспеушілік пайда болып, бұл бас миындағы қайтарымсыз процестерге алып келеді. Адам есінен танады... – ...осымен бітті, алес капут, – деп Женька өзінің «серіктесін» қолдап сөзін аяқтады. Сэнсэй: – Сананың өзгерген күйінде тіпті дайындығы жоқ адам кез-келген кәсіби сүңгушіңнен әлдеқайда ұзақ су астында бола алады, – деп қарсы сөзін айтты. – Қойшы, Сэнсэй мұның енді тым артық, – деп жігіт сенбеді. – Бәстесесің бе? – деп Сэнсэй жұмбақ күлімсіреп, сол бойда ұсынысын жасады. – Сенімен бе, Сэнсэй? Ешқашан, – деп Женька балалардың күлкісімен бірден бас тартты (сразу отмахнулся). – Мен не, өзіне қол жұмсаушыға ұқсаймын ба? Мен қанша су астында отырсамда саған жете алмайтынымды онсызда білемін. – Жоқ, мен өзімді айтып тұрған жоқпын, – деп Сэнсэй тыныштандырды. – Мінекей, солдаттардан кез-келгенін таңдап ал. – Кез-келгенін дейсің бе? – деп Женька жымысқылана күлді де, біздерге көздерімен «тесердей» қарады. Осы кезде қас-қылғандай менің алып келе жатқан полиэтилен пакеттің сабы үзіліп кетті. – Ой, – деп сасқалақтап, құмнан қармақтың ауырлық тастарын (рыболовные грузики), тағы да басқа заттарды асығыс жинай бастадым. Жанымда келе жатқан Андрей мен Володя маған көмектесе бастады. Женька назарын «объектіге», жеңіліссіз нұсқасына аударып: – Мінекей, ең болмаса оны алайық, – деп өзінше айтты. – Алсақ, алайық, – деп Сэнсэй келісті. – Сен қарсы емессің бе? – деп менен сұрады. Мен кезекті бір жәй ғана алдау шығар деген аңғалдығыма салып, Сэнсэйге ойнауға тырыстым. Және өзіме Женькадан кем емес сенімділікпен: – Әрине, қарсы емеспін. Не әңгімесі бар? Мен жеті атамнан бері сүңгушімін (ныряльщик). Ал сіздер Сібірліктердің қалай сүңгитінін білесіздер ме? Ого-го-го! Таулы Алтайдан сүңгіп, Карс теңізінен бір-ақ шығады! – Сүңгиді ме, әлде қалқиды ма? – деп Женька қулана сұрады. – Бұл енді кімнің жолы болғанына байланысты (кімге қалай), – деп жауап бердім. Біздің диалог барлық балаларды күлдіртті. – Сонымен, – деп Женька алдағы жеңісін күткендей қолдарын ысқылады. – Ал неге бәстесеміз? – Өз қалауың білсін, – деп Сэнсэй көңілді айтты. – Ендеше..., ендеше, – деп жігіт абдырап қалды. – Лагердегі кезекшілікке, – деп Стас сыбырлады, себебі кезекшілік оларға жақындаған еді. – Дәл айттың, дәл, – деп Женька сөзін іліп әкетті. – Лагердегі кезекшілікке бәстесеміз! Бұл әртүрлі тазалау, ыдыстарды жуу, жағада от жағу (немесе ошақ жағу) және лагер тіршілігіндегі ұсақ-түйек жұмыстар. – Келістік, – деді Сэнсэй. – Лагерге жеткесін жарысты сол жерде ұйымдастырамыз. Олар бір-біріне қолдарын беріп, Володя «бәсті» кесті. Женька болса өзінің басымдылығына шабыттанып, қарсыласты, яғни мені тазалыққа дайындап, не істеу керектігімді егжей-тегжейлі жазып, «психологиялық өңдеуге» (психологическую обработку) кірісіп кетті. – Мүмкін маған тағы да қамыстың шаңын сүрту керек шығар? – деп көңілді күйді әзілмен қолдап, ұсыныс жасадым. – Жоқ, ол не дегеніңіз! – деп Женька әңгімесін жұмсақ бастады. – Біздер қанша дегенмен мырзалармыз (джентльмены). Лагердегі хаоспен (бей-берекетсіздікпен) шектейік. – Және сол бойда: – Дегенмен, ханымдардың осындай қалауы болса, тек қамыстың ғана шаңын сүртіп қоймай, әнекей шалшықты да ретке келтіруге болады (лужицу прибрать), – деді. Женька теңізге басын изеді және барлығы қайтадан күлкіге қарқ болды. Біздер осылайша шатырға (палатка) дейін «өзара ілтипат, жеңілдіктермен» алмасып бардық. 4 Біздер алыстан-ақ лагеріміздің қозғалмалы ақ жабынмен жабылғандай біртүрлі көрінетінін байқадық. Әрине тазалықты жақсы ұстадық, бірақ осыншалықты жылтырату... Жақындаған кезде шағалалардың үлкен «мерекесіне» (пиршество) тап болдық. Біздердің күтпеген жерден келуіміз, олардың қорқынышы (вороватый испуг) мен сасқалақтаған дүрбелеңін тудырды. Өздерінің емін-еркін дастарханынан (тамақтарынан), бұйрық бергендей арттарынан үлкен тамақтың қалдығын қалдырып (немесе сарқытын) ұшып кетті. Осындай естіп көрмеген бетпақтықтан біздер есеңгіреп тұрып қалдық. Бұл көріністі көру керек еді. Айнала дәнді-дақылдар салынған жыртылған қағаз қапшықтар (кульки), құмға әбден араласқан макарондарға толып жатты. Құстардың қиымен (помёт) араласқан құмды-дақылды-макаронды іргетас түрі. Аппақ бархан төбешіктер секілді ұн, тұз бен қанттар төгілген. Және таңертеңгілік ойран салуды (погром) жел ойнағандай бар жағалауға тасыған үлбіреген (ажурные) майлықтар толықтырады. Ал егер біздің бәстесуімізді ескеретін болсақ, «салы суға кетті» дегендей, мен не айтарымды білмей тұрып қалдым. «Қала маңындағы қоқыс» деп аталатын керемет көрініске кейбіреулері таңғалыспен, кейбірі қорқынышпен қараған бір минуттық мылқау тыныштықтан кейін, Женька шекесін қасып, Андрей жаққа жеңіске жеткен адамдай жымиды: – Сонымен, сонымен, сонымен. Бұл «бірде-бір тірі жан жоқ» деп аталады ма?! Андрей жауап беруге асығып: – Иә, тек сенің жалғыз-маньягіңнен басқа! – деді. – Оның жалғыз болмағандығы нақтылы, – деп Виктор бүліктің көптеген іздеріне қарап әзілдеді. – Және ізтаңбаларына қарағанда, бұл «жетекшің» төрт аяғы бар, мүмкін тіпті құйрығы да болуы мүмкін жергілікті жердің фаунасының өкілі болса керек. Оның азық-түлік шатырында бірінші болғаны айдан анық. – Дұрыс айтасың, – деп Женька белгісіз жануар үшін сөзге араласты (қорғаштады). – Ол сол жерде тамақтанған. Кейін іші пысқасын, барлығын кешкі отырысқа шақырған. – Жақсы отырыс, – деп Стас күрсінді (хмыкнул). – Олардың артын енді кім тазалайды. – Бірінші талпынысыңнан тауып көр, – деп Женька күлді де және маған риза болғандай қарады. Кейін есіне (спохватившись) түскендей, біздің қолдан, ағаш бұталарынан жасалған сыпыртқымызды іздей бастады. Жерден көтеріп, Женька сыпыртқының соңғы шаңын қаққандай күй танытып сілкіді де, маған ұсынды. – Ала ғой Күлшеқыз (Золушка)! Саған бүгін теңіз жағасында демалу бұйырмас. Бәстің аты бәс. Мен қалай болғанда да тазалау керектігін түсініп, сыпыртқыны алдым. Тіпті аумақтың жалпы тазалығын (генеральная уборка) неден бастау керектігін ойша ойлап жаттым. Осы кезде Сэнсэй қолымнан сыпыртқыны алып, Женькаға қарап: – Бірақ, ол бәстесуден әлі жеңілген жоқ, – деді. – Бірақ жеңу де қолынан келуі екі талай, – деп жігіт күліп, сенімді жүзімен айтты. – Менің ұсынысым келесідегідей, – деді Сэнсэй. – Шаруа осылай болған екен, ендеше оны қиындатайық... – Э, жоқ! Бәстің аты бәс, келіскендей, – деп Женька Сэнсэй өзіне тағы бір тылсымды ұсынады деген оймен наразылық танытты. – Сенің пайдаңа (немесе жағыңа)! Женька Сэнсэйге күдіктене көз тастап, «қақпанның» қай жақтан екендігін табуға тырысып, тыныштала қалды. Бұл кезде Сэнсэй: – Қасыңа серігіңді қосып ал. Сендердің су астындағы уақыттарыңды бірге (жалпы) есептейміз. Яғни, сіздер жалғыз сүңгушіге қарсы су астында кезекпен қаншалықты шыдай аласыңдар. Женька бұл жағдайдан өзіне еш зияны жоқ екендігін түсініп, Сэнсэй ойланып қалар деп сол бойда келісе кетті: – Келістік, келістік, – деді де, жағымпаздана: – мен сенің, Сэнсэй әділділердің ең әділі (шыншылдардың шыншылы) екеніңді әрқашан білгенмін. Ал оны кім біледі, – деп маған басын изеді де, – мүмкін келе жатқан кезде өкпесінің орнына желбезектер өскен шығар, – деп қулана жымиды. Барлығы күлді, менде күлгендей түр таныттым. Тек бойымда жәй ғана ойынға (немесе бәске) деген күмәнім барған сайын күшейе түсті. Егер олар әзілдемеген болса, онда мен үшін үлкен катастрофа (апат) келе жатыр. Демді іште ұзақ ұстамақ түгелі, дұрыс сүңгіп те білмеймін. Оның үстіне дайындалған екі жігітке қарсы уақытқа шыдау дегенің! «Осылай батпаққа баттым», – деп қорқынышпен ойладым. – Ал жақсы, – деп Женька жеңісті күткендей алақанын ысқылады. Мен күткендей Стасты серігі ретінде алып, – уақыт жоғалтып қайтеміз. Кеттік теңізге! – деді. Ол барлығымызға куәгер болуға шақыратын іс-қимылын (жест) көрсетті. Халық біздің әзілкештің ұсынысын іліп әкетіп, заттарын лақтыра сала артынан қозғалды. Сэнсэй темекісін тұтатып, Николай Андреевичпен бірге кідіріп қалды. Татьяна екеуміз әдеттегідей тастап кеткен заттарды бір үйіндіге жинап, кішкене абдырап қалдық. Осы кезде Николай Андреевич Сэнсэйге тыныш даусымен: – Ал Женька, пысық. Өзіне ыңғайлы келісім шыға келіп еді, болып жатқанға бірден көзқарасын өзгертті. Дегенмен, осылай көп адамдар жасайды. Эгоцентризмнің (өзімшілдіктің, тәкәппарлықтың) әдеттегі көрінісі. – Қайтесің енді, – деп Сэнсэйде жәй жауап берді. – Балық, тереңге бойлайды, адам жақсысын іздейді, – деп күлді де: – Жақсы көретін өзін қалайша алдай (обделит) алады, – деп қосты. – Және бұл ең өкініштісі. Осы кезде Татьяна екеуміздің қолымыз босады. Мен Сэнсэйге шартты орындауға дейін бәсті шешетін шығар деген үмітпен, сенімсіз жақындадым. – Мен... Сэнсэй маған күшейген күмәндәрімді айтуға мүмкіндік бермеді. Ерекше мейірімді үнімен: – Бар да, дайындал. Суға үйренісе бер, – деді. Оның жұмсақ, сенімді үні мені біршама тыныштандырды. Мен сонда осының барлығы ойын, әзіл екеніне үміттеніп, Татьянамен бірге теңізге беттедім. Ол жерде бізді Костя, Андрей, Слава бейнесіндегі «қолдау тобы» күтіп тұрды. Айта кету керек, біздің үлкен тобымыз екіге жарылды: әзіл үшін Женька мен Стасқа болысқандар және әзілмен менің жағдайыма «көңіл айтқандар». Торпеда секілді суға жүгіріп келіп, күнге қызған тәндерін бірден салқындату үшін тереңге сүңгіген үлкен балалардан айырмашылығымыз, Татьяна екеуміз әдеттегідей денемізді суға біртіндеп үйретуге тырыстық. Дегенмен «көңіл айтқан» (сочувствующие) балалар, шаруаны жеделдету үшін, біздің суға үйренісу процесімізге көмектескілері келгендей, жан-жағымыздан су шашырата бастады. Және таяз су жағынан шабуыл жасағандықтан, Татьяна екеумізге тереңдікке қашып, әрі қарай суға сүңгуімізге тура келді. Женька мен Стастың сүңгу алдындағы тыныс алу жаттығуларын көрген Костя, басына балдырлардан тоқылған «жеңімпаз тәжін» киіп, өзінен менің «таяз суға сүңгу сұрақтарымдағы» тәлімгерім секілді сөйлей бастады. Бұл үдеріс (процесс) балалардың әзілімен бірге жүрді. Бірақ Костяның тәлімгерлік нұсқаулықтарына қарамастан, демді іште сақтауым ұзаққа жетпейтіні анық еді. Костя тіпті су бетінде өз «директиваларын» айтып, мені аздап иығымнан басып су астында ұстауға да тырысты. Бірақ бұл қимылымен одан сайын қорқанышымды тудырды, себебі менің өзін-өзі сақтау инстинктім таңғаларлық ептілікпен «тырмысып», тіпті кей кезде сасқанынан тәлімгерімді де суға батырып, бәрібір су бетіне шығып кетті. Осындай еріксіз бірнеше суға батудан кейін, Костяда суға сүңгу әдісін жетілдіретін, мысалға судағы менің салмағымды ауырлататын денеме кірпіштерден «алқа» немесе «бетон байлағышты» іліп қою және сол сияқты «рационализаторлық ұсыныстар» (рационализаторские предложения), ойлар туындай бастады. – Ақыр аяғында, сенің мақсатың не? – деп Костя «немқұрайлы шәкіртінің» кезекті рет суға батыруынан құлағына жабысып қалған балдырды алып жатып, әзілмен ой жүгіртті. – Сүңгу керек, солай ма?! Солай. Ал қалқу (немесе су бетіне шығу) туралы әңгіме болған жоқ. Біздер тағы да күлдік. – Дегенмен, сен мейірімдісің (немесе жақсысың), – деп Татьяна оған қызықты интонациямен айтты. Жалпы, уақытты босқа жібермей, толық байыптылықпен жаттығып жатқан үлкен балалардан айырмашылығымыз, біздердікі күлдіргі ойын (клоунада) болды. Сондықтан, «кез-келген өртті жағдай үшін» (а всякий пожарный случай) демекші, ойша келе жатырған «тәуліктегі» Күлше қыз (Золушка) бейнеме көне бастадым. Ақыры, Сэнсэй мен Николай Андреевичте келді. Мен біздің талпынысымызға қарап, Сэнсэй бәсті кезекті үлкен әзілге айналдырып, осымен шаруа бітеді деп ойладым. Бірақ «Ал қалай, бастаймыз ба?» деген шешімді сөздерін айтқан кезде, жаным (рухым) қорыққаннан табанымның астына түскендей болды. Достарымның көзінше қорқынышымды айтуға сескеніп, қорқыныштан ба, әлде салқын судан ба Сэнсэйге жымиып, дірілдеген еріндеріммен айта бастадым: – Сэнсэй, менің қолымнан келмейді... Дұрысы бірден тазалыққа кірісе берейін. Бұл сөзіме Сэнсэй сабырлы жауап берді: – Берілудің қажеті жоқ. Қорқыныштарыңды жең. Бар күмәніңді алып таста. Себебі «сеніммен табасың» (в вере обрящешь) делінген, – деп салмақты жауап берді. Мен абыржыған күймен «оны қалай жасаймын?» деген үнсіз сұрағыммен Сэнсэйге қарадым. Және осы кезде Сэнсэй көздеріме қарап: – Жәй ғана босаңсы (немесе денеңді босаңсыт). Дем алу туралы ойлама. Сенің міндетің: медитацияның терең күйі, ойлар минимумы. Бірден оңға дейін санауға ойыңды жинақта. Он секунд шыдай аласың ба? – Егер, он секунд болса, онда мен демімді еркін ұстай аламын, – деп кішкентай «жетістігіме» мақтанышпен жауап бердім. – Онда несіне алаңдайсың? Онға дейін сана да, су бетіне көтеріле бер. Тек 1, 2, 3 деп тез санамай, үш таңбалы санды айтқандай, мысалы 501, 502, 503 деп асықпай санап шық және сол сияқты. Түсіндің бе? – Иә. Осы сөздерден кейін тынышталып қана қоймай, тіпті қызығушылығым да оянды. Себебі су астында медитация жасап көрген емес едім. Және қанша біртүрлі болса да, қызығушылығым барлығы жақсы болады деген нық сенімге айналды. Бұл сезім әлдебір ішкі сенімнен, Сэнсэйге деген абсолютті сенімнің арқасында пайда болды. Тіпті сенім емес, тек интуитивті, сезімдік деңгейде көрінген рухымның өзінің Болмысы туралы ашылмаған білімі секілді. Бірнеше рет тез дем алып, дем шығарып: – Сүңгісем, сүңгейін, – деп ойладым. Бірінші «қарсыласым» Женькада дәл солай жасады. Бастауға (старт) дайындалып, «үш» деген кезде, кеудемді барынша көп ауаға толтыра және Женькамен бір мезгілде суға сүңгіп (немесе еніп) кеттім. Сэнсэй басымның жоғарғы аймағының ортасына (тысячелистник) қолын қойды да, аздап басты. Мен уақытымнан бұрын шығып кетпеуім үшін жасады деп ойладым. Күткен дүрбелеңнің орнына, мен керісінше босаңсып және Сэнсэй айтқандай онға дейін баяу санай бастадым. Бұл шаруаны оңай орындап, өзіме көбірек уақыт қосу үшін тағы да су астында бірнеше секунд отырамын деп шештім. Бірақ кері санай бергенім сол еді, мені судан шығарып жатқан мықты қолдарды (Сэнсэйдің қолдары екені анық) сезіндім. Шынымды айтсам тағы да отыратын едім деп аздап көңілім түсті. Бар жоғы он-ақ секунд па?! Судан шығып, көзімді де ашпастан наразылық білдірейін деп: – Сіздер неге? Мен дайынмын, қанекей... Мен әлі де су астында бола аламын... Бірақ, басқаларына қараған кезде ешнәрсе түсінбедім. Барлығы маған басқа Ғаламнан келген бөтен ғаламшарлықты (инопланетянку) көргендей, біртүрлі таңғалған көздерімен қарап тұр. Маған біртүрлі күдіктене қарап, көздерін менен алмай наразы болған балалар арасында Женька мен Стас та бар. Мүмкін олар мүлдем сүңгімеген шығар, мүмкін бір нәрсе болып қалды ма? Тек Сэнсэй ғана олимпияда чемпионы секілді сабырлықпен тұр (олимпийское спокойствие). – Саған жетер енді, онсызда су астында он минут болдың, – деп Сэнсэй ақжарқын күлімсіреді. Барлығын әзіл деп ойлаған мен: – Кім?! Мен бе??? – деп күлдім. – Иә, дегенмен өмірде бәрі болады, – деп Стас шекесін қасыды. – Бірақ қырсық шалғанда бұл «барлығы» бәріне тимейді. – Көріп тұрсың ба (Көрмеймісің), барлығының қалай уайымдағанын (алаңдағанын), әсіресе кейбір мақтаншақтар, – деп Сэнсэй күлкі үшін бе, әлде шыныменде қатты таңғалыстан аузы ашылып, көздері шарасынан шығып кетердей болып тұрған Женьканы меңзеп айтты ма түсінбедім. – Енді біреулерге Күлше қызға айналып, тазалыққа кірісуге тура келеді. Бұл сөздерден кейін «өз-өзіне келгендей» Женька тістерін күлкілі сықырлатып (щёлкнув), ашылған жағын (немесе аузын) қолының көмегімен қалпына келтірді. Кейін өзінің өзгермес әзілқой үнімен: – Тазалауға – әрине құба-құп! Бірақ жынысымды өзгерту туралы (смены ориентации) ешқандай келісім болған жоқ. Стас оны «тыныштандыруға» тырысып, үлкен күлкі легін тудырды. – Қымбаттым, «күлше қыз» – бұл аз уақыт ішінде көп жұмыс жасау керек жеке еңбектің бір түрі, оның үстіне тегінге (задарма)... – Тегінге-тегінге, – деп Женька оған мысқылдады (передразнил). Ал сен несіне қуанып тұрсың? Бірге суға сүңгідік, бірге тазалайтын боламыз, екінші Күлше қыз. – Э жоқ, штаттық кесте бойынша бізде тек бір ғана Күлше қыз, – деп Стас күлкімен қарсылық білдірді. – Ал сен бізде демек тазалық жөніндегі салық инспектрі, Періге (Фея) айналып құтылғың келген екен. Жауыз (Изверг)! Жігіттер әзілдесіп, өздерінің есеңгіреген күйлерінен шыға бастағандай. – Сэнсэй, ал сен оған не істедің? – деп бірінші болып Володя дұрыс сұрақты қойды. – Ерекше ештеңе жоқ, оның эзоосмосын (эзоосмос), уақытты қабылдауын өзгерттім. – Эзоосмос? Ал бұл не? – деп Виктор сұрады. – Тағы бірде айтып берермін, – деп Сэнсэй қолын сілтеді. – Ал қалай, бәстесу аяқталды, кеттік лагерді ретке келтірейік... – ... Дәндерді қауызынан, шыбынды котлеттен айыру, – деп Стас Сэнсэйдің жауабын толықтырды. (Отделять зёрна от плевел, а котлеты от мух, — дополнил ответ Сэнсэя Стас) – Оның су астында он минут отыруы ешқандай мүмкін емес, – деп Женька алдағы күтіп тұрған жұмысқа шошынғаны анық, жаға жаққа қарай көз тастап күлкілі наразылық танытты. – Ауасыз осынша уақыт өмір сүрмейді! Сэнсэй кейігендей (сердцах произнёс): – Ай адамдар, сіздер сенбеулеріңізбен әбден мезі (шаршаттыңыздар) қылдыңдар! Сен барлығын өз көзіңмен көрдің емес пе. – Ага, ал мүмкін оның су астында тыныс алу үшін қандай да бір түтігі болған шығар. Бұл алдау! Нағыз арандату (чистая подстава)! Сэнсэй басын бір жағына шаршаңқы бұрды да: – Әрине, алдау! Сені осы дүниеге келген күніңнен бастап жер соқтырып кеткен (подставили), – деп күлімдеді. Барлығы күлді. Ал Сэнсэй бұрылып, Николай Андреевичпен бірге судан шыға бастады. – Кеттік-кеттік, – деп Женьканы Стас күлкімен қуды (подгонял). – Ләппай Пері (Фея), обер-штурбан-фюрер-фрау, – деп Женька салбырыңқы хабарлады да, өтірік мұңдана күрсінген қалпы: – Ал бізде неге Күлше қыздарда осынша ит өмір, әр күні айыппұл жұмыстары, – деп қосты. Қалған барлығы да жағаға қарай қозғала бастады. Және осы сәтте үлкен дәм-тұзы жоқ «бос әңгімелер» (словоблудие) бастала кетті. Мен достарымнан су астында шыныменде он минут отырғанымды сұрай бастадым. Ал олар өз кезегінде менің сұрақтарымды елемей, менің шыныменде су астында ешқандай қосымша тыныс алу түтігімнің болмағандығын сұрай бастады. Жалпы алғанда әңгіме гүбірі, шақырусыз қонақ келгендегі шағалалардың даусынан анағұрлым қатты шығып жатты. Ақыр аяғында бәрібір жарытып ешкім ештеңе түсінбеді. Лагерді толық тазалау басталды. Женька өзін «жеке еңбек жұмысында» ең басты кейіпкер ретінде күлкілі бейнелегенмен, жәй ғана қарқынды жұмыс көрінісін тудырып, шаруадан қулықпен оңай жалтарумен болды. Есесіне өзінің қылықтары, әзілдерімен біздің ұжымды күлдіргені соншалықты, лагердің барлық аумағын қаншылықты тез әрі татулықпен тазалап тастағанымызды өзімізде байқамай қалыппыз. Ал оның сайып келгенде еш жұмыс жасамағандығын айтып мазақтай бастаған кезде (подтрунивать), байыпты жүзімен, жұмысты кез-келген ақымақ жасай алады, оның ойынша ең бастысы жұмыс барысын кәсіби басқару екендігін мәлімдеді. Бұл сөздері үшін оған «үлкен рахмет айтып» барлығы Женьканы суға лақтырды. «Ерен еңбекті» осылайша «салтанатты» аяқтағаннан кейін, біздер шығындарымызды есептеуге кірісіп кеттік. Әрі азық-түлік қоры көңіл көншітерліктей болмаған соң, базарға бару керек деген шешім қабылданды. Себебі біздің кіші бауырларымыздың бұл шапқыншылығында өздері аз ғана жесе де, қуаныштарына орай «өркениет аралындағы толық бассыздық» кезінде көптеген азық-түліктерді араластырып жіберген. Оның ішінде дәнді-дақылдарды құммен және мұқият араластырғаны соншалықты, бұл жерде құлағанша билейтін дискотека болғандай. Ал біздер керекті азық-түлік тізімін жасаған кезде, үлкен балалар жақын жердегі базарға көлікпен барамыз деп ұйғарды. Бірақ Сэнсэй техниканы жөніне қалдырып, өзіміз қыздырынып, яғни жағалау бойымен «кішігірім жүгіруді» ұйымдастыруды ұсынды. Әрине бұған ешкім қарсы болған жоқ. Қатты тамақтанғысы келгендер, кепкен нанмен қуаттанып алды. Қалғандары азық-түлік келгенше шыдаймыз деп шешті, оның үстіне Сэнсэй айтпақшы кейде аштық ұстау да пайдалы. Басында азық-түлікке Володя, Стас пен Женька баратын болып жиналған. Бірақ оларға жаттығу идеясын айтып Сэнсэй қосылған кезде, Николай Андреевич, Руслан, Андрей және мен де олармен бірге жүгіру ниетімізді білдірдік. Дегенмен алдағы кросс (жүгіру) физикалық жағынан оңай болмасы анық болса да, мен Сэнсэйдің қасындағы осындай серуенді жібере алмадым. Өйткені бұл мен үшін жәй ғана серуендеу емес, Сэнсэйдің қызықты бақылауларының арқасында адамдар әлеміне және өз әлеміме де тұтастай бір экскурсия еді. Сэнсэй уәде еткендей, жол бойы дене шынықтырулармен жақсы жаттығу ұйымдастырды (с физическими нагрузками). Басында, тек жарты сағаттан кейін ғана тоқтаған жеңіл жүгіріспен (лёгкой трусцой) жағалау бойымен жүгірдік. Кейін Сэнсэй бастаған қыздырыну жаттығуларын жасадық. Әрі қарай қайтадан жүгірдік, бірақ бұл жолы жылдамдықпен (с ускорением). Одан соң денені қолмен серпіле көтеру (отжимания), прессті жаттықтыру (ішті), суда жүгіру, жергілікті жер кедергілерін еңсеру секілді жаттығуларды жасадық. Жалпы айтқанда Сэнсэй жаттығуларды ойлап табуға еш ерінбеді, осының арқасында дене шынықтыру жаттығулары біз үшін «теңіз десантының» ерекше қызықты оқиғасына айналды (приключение). «Өркениет» шекарасына жеткен кездегі шаршаған бұлшық еттерімізге қарамастан, осының барлығын еңсергеніңнен алған ләззат анағұрлым үлкен болғандай. Пансионаттар арқылы, былайша айтқанда базарға төте жолмен бару ұйғарылды. Бірінші пансионатты «жабайы табиғаттан» бөліп тұрған су қоршау-сеткасын (водное ограждение-сетку) жүзіп өтіп, біздер әдеттегі демалушылар секілді жағаға шықтық та жағалау бойымен баяу жүрдік. Адамдар әдеттегідей өз демалыстарын үйіндегі диванда жатып теледидар көрген көріністерін, жағалау құмында жатып біркелкі теңіз кеңістігінің фонында түрлі-түсті болған көпшілікке (толпы) қарауға алмастырған. Және де кейбір әңгімелері естіле қалса, негізінен күнделікті тіршілік тақырыбында еді. Біреуі екіншісіне бір нәрсе туралы шағымданып жатса, енді бірі басқаларын талқылауда, бір адам басқа адамға күлкімен қарауда (немесе мазақ етуде). Қысқасы, өмір көп те емес, аз да емес қарапайым адам өмірі кезектілігімен (чередой) өтіп жатыр. Басында Сэнсэй айтқан руханият пен адамдар айтып жатқан дүниелік-материалдық әңгімелерінің таңғаларлық айырмашылығы (немесе алшақтығы) (разительная грань) анық сезілді. Бірақ кейін, түрлі-түсті көпшіліктің атмосферасына енген сайын өзіңде еріксіз таза емес ауамен дем ала бастайды екенсің. Басымда «арандатушы-ойлардың» қашан пайда болғанын айту қиын. Ұсақ-түйегімен менің назарымды аударғаны анық. Бір жерлерде әдемі купальник (суға түсетін киім) көріне қалса, ол маған қалай тұрады екен деген ой келе қалады. Біреуден әдемі зергерлік бұйымды көрсем, өзіме де сондай әшекейді алғым келіп тұрады. Осы ойларға еркіндік бергенім сол ғана еді, лезде Қызғаныш ханымының бейнесі пайда бола бастады. Және ең бастысы осының барлығын, санамды толық билеп, өзінің тойымсыздығы және қанағатсыздығымен мендегі ең жақсы жарқын сезімдерге көлеңке түсіріп жатқан кезде ғана байқадым. «Мен не істеп жатырмын?!», – деп өзіме іштей наразы болдым (возмутилась я про себя в сердцах). – Бөтен бейнелерді өзімнен көргенім бе? Бұл мен емеспін ғой! Шанамен таудан сырғу (түсу, құлау) деп аталады, иә тек олар көтерілмес ауыр арбаға айналған. Ал енді оны тауға қалай сүйреуге бұйырасың?» Менің көңілді емес ой толғанысымды Андрей бөліп жіберді, ол да хайуани негізінің қармағына оңай түскенге ұқсайды. – Ал керек болса, қараңдар, жігіттердің денелері қандай! – деп тәндері күнге қызарған, волейбол ойнап жатқан жігіттерді көрсетіп таңғала айтты. Бұлардың культуристтер (бодибилдер) тобы екендігі анық көрініп тұр. – Қараңдар, не деген бұлшық еттер... Жігіттердің қимыл-қозғалысына қарағанда олар волейболды шындап ойнап емес, көпшілікке өздерінің бұлшық еттерін ең тиімді тұрғыдан көрсеткілері келгендей әсер пайда болады. Әрине оларға еш жасырусыз қызыға әрі қызғана қараған жұртшылықтың назар аударуы заңды құбылыс. – Сэнсэй, ал өзімізге осындай бұлшық еттерді жаттығумен тез жасап алуға болады ма? – Болады, – деп Сэнсэй жәй ғана айтты. – Бірақ не үшін (А смысл)? Бірін алсаң, басқасын жоғалтасың? Жаттығумен осындай массалы (немесе үлкен) бұлшық еттер жинасаң, сен жылдамдық пен төзімділігіңді жоғалтасың. Ал ол саған не береді? Тек қыздардың алдында өзіңді көрсетпесең (мақтанбасаң). – Сэнсэй оның ішкі құпия жасырылған ойларын дәл тапқандай, Андрей біршама іркіліп қалды. – Осындай қалаудың (ниеттің) себебі неде екенін білесің бе? Қарапайым адами қызғанышта... Бұл сөздерге тіпті менде селк ете қалдым. Жаңа ғана осы туралы ойлаған едім. – ...Бірақ бұл тек сенің ғана емес, көпшіліктің де басындағы бәлесі. Егер де сен адамдардың шын мәнінде не туралы ойлайтынын білсең! Толған ашкөздік, көре алмаушылық (қызғаншақтық), аз да болса бір-бірінен асып түсу. Бастарында адамдарға өздерінің шын болмысынан жақсы көрінуге толған ниет-қалаулары. Бәленің неде екенін түсінемісің?! Адамдар Жаратушы алдында, өзінің Ар-ұжданы алдында емес, басқа адамдар алдында жақсы (лайықты) көрінгісі келеді. Ал бұл зұлымдықтың барлық себебі адами ниет-қалауларында жатыр. Өйткені адам өзі құнды көргісі келетінді ғана бағалайды. Ал өзі үшін бағалы көргісі келмейтін нәрсе, ол үшін еш мәнге ие емес. Көре алмаушылық, жек көрушілік, ызақорлық (озлобленность) сырттан емес, ішкі тәкәппарлық тамырынан өседі (самолюбия). Көп уақыттарын өздеріне осындай тән жасауға сарп еткен осы жігіттерді алып қарайық. Түптеп келгенде бұл оларға (бұлшық етті тәндері) мүлдем қажеті жоқ. Бірақ олар өздеріне культурист (бодибилдер) рөлін таңдап, оны ойнауда. Не үшін? Белгілі бір рухани шыңға шығу үшін бе? Жоқ. Жәй ғана көпшіліктен ерекшелену үшін. Біреулері бұлшық еттерін өсірсе, енді біреулері тәндеріне сурет салады (наколки), үшіншілері шаштарын әртүрлі түске бояйды. Және барлығын ақылды бауырларының назарын өзіне аударып, өзімшіл мақтаныш сезімін қанағаттандыру үшін жасайды. Кәдімгі хайуани ниет-қалаулары. Адамдар да, мысалға жапон маймылдары секілді іс-әрекеттерге барады. Үйірдегі кейбіреулері күні бойы жаңғақтар жинайды, ондағысы өзіне бар маймылдардың назарын аудару үшін бүкіл үйірдің алдында бес минут ішінде шашып тастау. Ал басқа маймылдар үйірлестері тек өздеріндегі бүргені таңдасын деп бұғы үстіндегі бит-бүргені алып өз үстеріне жібереді. Және осының барлығы тағы да тек өздеріне тобырдың назарын аудару үшін жасалады... Енді былай, осы бұлшық еттер, сылдырлақтарың (побрякушки), сән және қалған басқалары – осының барлығы өзіне назар аударту үшін. Бұларың маймылдың үстіндегі бүргелер сияқты. Адам өзінің Хайуани табиғатында, әлгі маймылдан еш айырмашылығы жоқ деуге болады. Қайта өзінің өзімшіл мақтаныш сезімімен (манией собственного величия) күшейген. Өйткені кез-келген адам рухани пасық және төмен болса, ниеті (қалаулары) мен ойларында өзін көкке көтеріп, басқаларынан өзін жоғары қоя бастайды. Бірақ: «Соңғылары бірінші, алдыңғылары соңғы болады; өйткені келгендер көп, бірақ шақырылғандар (таңдалғандар) аз», деп айтылды емес пе («Так будут последние первыми и первые последними; ибо много званых, а мало избранных»). Көп адамдар өзінің Хайуани ниетін руханиятқа ұмтылған сыртқы жалған істерімен жасырады. Ал шындығында игі (жақсы) бастамамен өзін тәкәппарландыратын (көке көтеретін) тағы да сол баяғы басқа адамдар алдында жалған бейне салатын өзімшіл мақтаныш сезімін қуаттандыратын (нәрлейтін) Хайуани негізінің тілек-қалаулары жүзеге асып жатады. Бірақ Жаратушыға деген нағыз кіршіксіз таза Махаббатты олардың ішкі жасырылған ойларынан іздеп табу қиын. Осындай адамның ниет-қалауларын, Христиандар адамды ең маңызды – рухынан, Мәңгіліктен алаңдататын (алшақтататын) шәйтанның қитұрқы істері (проделки) деп атар еді. Сіздер қазіргі өркениеттің моделіне қараңыздар. Бүкіл әлем адамның «толық бақытты» болуына жетпейтін затты иемденуге деген ниетін барынша оятуға (үлкейтуге) жұмыс жасайды (Весь мир работает на то, чтобы вызвать у человека как можно больше желаний приобрести что-либо, чего якобы ему не хватает для полного счастья). Бар әлем сағыммен саудаласады (Весь мир торгует иллюзиями). Ол өтірікпен тоқылып, қызғаныш (көре алмаушылық) жіптерімен бекітілген. Адамдар өздерінің лас ойларымен сол иллюзияны тудырып, шынайы деп қабылдап сол иллюзияда өмір сүреді. Және өкінішке орай Хайуани негіздің ғаламдық алдауы тек Өлім алдында ғана ашылады. Бірақ ол кезде бір нәрсені өзгертуге тым кеш болады. Өйткені жастық шақ еркіндікке шыққан жүйрік аттай бір күнде зуылдап өте шығады (шауып өтеді). Және жүгенді тартып үлгерместен, кемелденген (жетілген) жасыңда келіп жетеді (зрелость). Кемеліңде тоқтап артыңа қарайсың. Құндылықтарыңды қайта бағалау басталады. Жеткен жетістіктерің ендігі соншалықты маңызды болып көрінбейді, олар енді соншалықты күшің мен уақытыңды жұмсауға тұрмайды. Құрметті адамдар әлемінде өзіңді дәлелдеу (самоутверждения) түріндегі жаңа тілек-қалауларыңмен иллюзия пайда болады. Ал адам өзіне көпшіліктен ерекшеленудің жаңа тәсілдерін ойлап таба бастайды. Қас-қағым сәт өтпей жатып өткен өміріңнің көп бөлігі мүлдем мағынасыз (абсолютным абсурдом) әрі бар мәнін жоғалтқандай көрінетін қарттық та келеді. Кәрілікпен бірге өзінің ең басты – рухы туралы ойлауға итермелейтін өлім туралы ойлары жиірек пайда бола бастайды. Өйткені ол осы әлемге өзін табу үшін, өз рухын құтқару үшін келген межеге (шекараға немесе табылдырыққа) барған сайын жақындай түседі. Бірақ осы мақсатқа жетудің орнына ол уақыты мен күшін бос сағымға жұмсады (иллюзия). Және осы кезде адам өзіне жаңа иллюзия ойлап тауып, егер өлім алдында дұға етсем барлығы кешіріледі деп өзін-өзі жұбатып асыға бастайды. Ал шындығында адамның барлық өмірі есепке алынады. Адамның ақымақтығында шек жоқ. Адамдардың өзімшіл мақтаныш сезімдері оларды жаман істерге итермелейді (скверные дела). – Сэнсэй айналасына қарады да, мұңая қолын сілтеп: – Егер сіздер адамдардың не ойлайтынын естісеңіздер, балалар, сіздер шошынар едіңіздер! Бірақ сіздерге естудің де аса қажеті жоқ, өздеріңізді бақылап қараңыздар. Сіздер жасырын нені армандайсыздар. Күні кеше ғана, экономиканы қайта құруға дейін (до перестройки) адамдар әлемді құтқарып коммунизм құрамыз деп ойлады, біздің идеялық адамдарымызды (идейных людей) меңзеп тұрмын. Ал қазір, қайта құрудан кейін жастарымыз не туралы ойлайды? Капитализм туралы, ақша туралы. Әрқайсысы өздерін миллионер, Рокфеллер және сол сияқты бейнеде көреді. Әрбіреуінің ойында ақша шашқан, байлық туралы армандар. Және ақшаны тапқаны да, жеткілікті таппағаны да барлығы өздерінің өмірде қаншалықты мықты (крутой) екендігі туралы ертегілер айтып, өзімшіл мақтаныш сезімдерін үрлейді (выпячивая). Неліктен? Себебі барлығының басында өзімшілдік тұр. Бұл туралы орыстың әзіл-оспақ жазушысы Михаил Евграфович Салтыков-Щедриннің мынадай керемет сөздері бар: «Айналымға жіберілген алтынның тағдырынан басқа өзінің туған елі мен жақынының тағдырына бей-жай болған (немесе немқұрайлы равнодуше), адамгершілік жат болған адамнан қауіпті ешкім жоқ» («Нет опаснее человека, которому чуждо человеческое, который равнодушен к судьбе родной страны, к судьбе ближнего, ко всему, кроме судьбы пущенного им в оборот алтына»). Және ол дұрыс айтады. Шектен шыққан байлық еш жақсылыққа әкелмейді. Адам өмірінің жылдарын жұмсап, көп адамды алдады делік. Өйткені адал жолмен көп ақша таба алмайсың. Барлығы алдау мен өтіріктен құралған. Ал жақсы адам өте көп ақша тапты делік. Мен адал еңбекпен тапқан ең төменгі күнкөріске қажет айлықты айтып тұрған жоқпын. Бұл аз ғана ақша. Сонымен ол ақша тапты. Қарайды, бірақ еш қанағаттану жоқ. Бір нәрсе жетпейтін болып шығады. Ол өзі секілділерді бағындыру үшін, үйірді, оның ішінде көсемін, өзіне бұғыдан бүрге алып назарын аударып ендігі өзі мақтанбас үшін (уже самому не выпендриваться), билік керегін түсінеді. Әрі жаңғақты шашқан әлгі маймылша ақшаны босқа ысырап еткенше сол билікті басып алып, өзінің көшбасшы болуын ойлайды. Осылайша партия көшбасшылары, мемлекеттегі билікке ие құрылымдар пайда болады. Байқаса, билікте аз екен. Сол кезде олар неге барады? Әлемді жаулауға барады. Осылайша соғыс, агрессия, бір-бірін билеп-төстеу (құлдық) басталады. Осылайша Наполеондар, Сталиндер, Гитлерлер және соларға ұқсағандар туылады. Территорияларды жаулап, өз мемлекетінің шекарасын кеңейтеді. Ал қанағаттану (удовлетворения) сезімін бәрібір ала алмайды. Неліктен? Себебі адам Жер бетінде қандай билікке ие болса да, ол ешқашан қанағаттана алмайды. Өйткені ол бәрібір өз қалауларының құлы болып қала береді. Ал шын билік өз-өзіңді билеу. Адамзат тарихында Хайуани негіздің ғаламдық алдауына түскен осындай еш мәні жоқ жолдың көптеген мысалдары бар. Соның бірі өзінің амбициясын шегіне жеткізе орындаған – Александр Македонский. Ол үлкен территорияларды жаулап, ежелгі заманның ең ірі монархиясын құрды. Ал нәтижесінде не болды? Александр Македонский «бүкіл әлемнің әміршісі» болған күні барлығынан бөлектеніп, қатты қайғырып жылаған. Оны әскер басшылары тауып алған кезде қатты таңғалған, себебі қолбасшыларының осындай өксіген күйін ешқашан көрмеген. Олар әскери жорықтардағы ең қиын деген сәттерде онымен бірге болған. Александр батырлықтың үлгісі болды. Тіпті өлім оған өте жақын қалған сәттерде, ешбір адам оның жүзінен торығу мен үмітсіздікті көрмеген. Сондықтан әскери басшыларды, тұтастай халықтарды тізе бүктірген адамға не болды деген сұрақ мазалаған. Бұл туралы сұраған, ал Александр өзінің қайғысының себебін айтқан. Ол жеңіске жеткен кезде, өзінің жеңілгенін түсінген. Және ол өзінің «әлемді жаулап алу» туралы ойлаған жерінде тұрды. Тек сол сәтте ғана барлығының қаншалықты мағынасыз екендігін түсінген. Өйткені ертеректе оның мақсаты мен жолы болды. Ал қазір оған қозғалатын, жаулап алатын ешнәрсе жоқ. Және ол: «Мен ішкі жан дүниемнен қорқынышты бостықты сезінемін, себебі өмірімнің ең басты шайқасында жеңілдім», — деп айтқан («Я чувствую внутри себя страшную пустоту, ибо проиграл главное сражение моей жизни»). Сэнсэй бірнеше қашықтықты үнсіз жүрді де, кейін: — Сондықтан ең үлкен билік, ол өз-өзіңді билеу. Лао-Цзы сөздері естеріңізде болса: «Басқаны білген адам ақылды. Өзін таныған адам білімді (просвещён). Басқаны жеңген адам, мықты (қуатты). Өзін жеңген адам, құдіретті (могуществен). («Кто знает других, тот умён. Кто знает самого себя, тот просвещён. Кто превозмогает других, тот силён. Кто превозмогает самого себя, тот могуществен».), — деп тағы да қайталады. — Иә, өз-өзіңді жеңу оңай емес, — деп Николай Андреевич ойлана сөйледі. — Барлық қиындығы (күрделілігі) қарапайымдылығында. Ол үшін ең бірінші кезекте өз ойларыңды бақылауда ұстауың керек. Адам үнемі өзінің мақтаныш сезімін (свою манию величия) шаттандыратын көңіл-күйінің жетегіне еріп өмір сүреді. Өзінің ақыл алаңын (санасын) таза ұстауға ерінеді. Міне сол жерде барлық арам шөптер өседі. Өйткені арам шөпті арнайы күтіп-баптаудың, аялаудың қажеті жоқ. Ол сенсіз-ақ та өседі. — Ал бұл арам шөпті қалай жоюға болады? — деп Андрей абдырай (озадаченно) сөйледі. — Қарапайым (оңай). Аласыңда тамырымен жұлып аласың. Саған дәл қазір ойыңды бақылауға алу қиын емес шығар? Жоқ. Ал осындай «қазірден» бүкіл өмірің қалыптасады. «осы жерде, дәл қазіргі сәтте» өмір сүр, Хайуани сананың бейнелеген иллюзиясына алданба. Себебі саған таңдау еркіндігі берілген! Мінекей таңдау өзіңде. Бұл кезде біздер көлеңкелі алеяның асфальтталған жолына шыға бастадық. — Енді, билік үшін таласу түсінікті, — деп Николай Андреевич ішінен бір нәрсе ойлағандай талдай бастады. — Демек өте көп ақшаны Ар-намысың мен Ұжданыңды (Честь и Совесть) сақтай отырып табу мүмкін емес болғаны. — Ал неге мүмкін емес? — деп Виктор қарсылық танытты. — Әнекей теледидардан үлкен кәсіпкерлердің қатысуымен «дөңгелек үстелді» көрсетіп жатыр. Кәдімгі ер адамдар (Нормальные мужики). Сэнсэй оған қарады да: — Олар адал адамдар емес. Олар кеуделерін соғып ертегі айтатын өтірікшілер мен өзімшілдер. Кешіріңдер, балалар, бірақ айналада осыншама көп ашқұрсақ, кедей, үйсіздер жүргенде, шектен тыс молшылыққа батып, бай болу және тек өз кірісіңді өсіруді ғана ойлау — Адам деген атқа лайықты емес. — Жоқ, тоқтай тұр, — деп Виктор берілмеді. — Ал бұл бай кәсіпкерлердің кінәсі неде? Егер ол ақылды, ақша табуды білсе, ақшасын табады. Ал кім жұмыс жасағысы келмесе, жатып ішер, арақ құмар болса, ол не оларды асырауға (тамақтандыруға) міндетті ме? — Ол оларды асырауға міндетті емес. Аш адамға балық беру ақымақтық, себебі ол оны жеп қояды да, қайтадан қарны ашады. Қайта қармақ беріп, оны пайдалануды үйрету анағұрлым ақылды қадам болар еді. Мені дұрыс түсініңіздер, мен байлыққа қарсы емеспін, мен кедейліке қарсымын, мен — молшылық жағындамын. Ақша белгілі бір энергия эквивалентіне ие. Ал физика заңы бойынша энергия бір жерге келсе, демек ол бір жерде алынғаны (кеткені). Әлем барлығына бірдей әділ, қолжетімді болуы керек. Бірақ әлемді шәйтанның құлдары (қызметшілері) басқарған кезде, мен өздерін саясаткер деп атайтын ұрыларды меңзеп тұрмын, бұл жерде ешқашан әділдік болмайды. Сондықтан да ол құрдымға байланған (немесе кеткен) (обречён). — Тағы да әділеттілік үшін, — деп Женя жымысқылана сөйледі. — Сэнсэй, бұл сөздеріңнен енді коммунизмнің исі шығады. — Қайтесің енді? Бала күнімнен осындай тәрбие алдым, енді коммунизм қанымда ұзаққа қалады, — деп Сэнсэй әзілмен жауап берді. — Ал егер әзілсіз айтатын болсақ, балалар өздерің ойланып көріңдер. Міне қазір олигархтар пайда бола бастады. Олар қалай байып жатыр? Бұқара халықтың кедейленуінің арқасында, біздің Отанымызды сатудың арқасында байып жатыр. Олар немене соншалықты ақылды ма? Олар халық үшін, өз мемлекеті үшін не жақсылық жасады? Неліктен мемлекет соншалықты кедей? Және осындай кедей мемлекетте қалайша байлар пайда болады? Тек елді, өзінен әлсіздерді тонау арқылы ғана. Ал сіздер сонда осы табысты адамдар, Адам атына лайықты деп айтқыларыңыз келеді ме? Ал мен оларды тозаққа кесілген шәйтанның құлдары (қызметшілері) деп айтамын. Өйткені бұл олигархтар тиын жұмсайтын қайырымдылықтарымен де басқа адамдар алдындағы жалған бейнесі үшін ғана айналысады. Бірақ олар өз өмірлеріндегі маңызды қадамға барып, түбегейлі өзгеруге дайын ба? Күмәнім бар. Себебі: «қай жерде байлығыңыз болса, сол жерде жүрегіңіз» деп айтылды емес пе. Ондай адамдарға жиналған байлығынан жүректерін алу өте қиын. Бұл мың жыл, екі мың жыл бұрында осылай болған, өйткені өкінішке орай адамдар өзгерген жоқ. Інжілдегі (Библия) Иса-Мәсіхке бай жас баланың келіп, мәңгілік (жұмақ) өмірге ие болуы үшін не істеуім керек деп сұрағанын естеріңізге түсіріңіздер. Оған Иса егер мәңгілік өмірге кіргің келсе, «ешбір адамды өлтірме; зина жасама; ұрлық қылма; өтірік куәлік берме; әке-шешеңді құрметте; жақыныңды өзіңді жақсы көргендей жақсы көр» деп өсиет айтқан. Бірақ жас жігіт, осы барлық өсиетті жас кезінен сақтағанын айтқан. Өзіне не жетіспейді? Сол кезде Иса: «... егер кемшіліксіз болғың келсе, барда мүлкіңді сатып кедейлерге бөліп бер (таратып); сол кезде аспандағы қазынаға ие боласың; және кел де Менің артымнан ер» деп жауап берген («…если хочешь быть совершенным, пойди, продай имение твоё и раздай нищим; и будешь иметь сокровище на небесах; и приходи и следуй за Мною»). Бірақ, жауапты естіген жас жігіт «қайғырып кетеді, себебі оның көп мүлкі болған еді». Иса болса өз шәкірттеріне: «Түйенің ине көзінен өтуі, бай адамның Құдай Патшалығына кіруінен жеңілірек», деп айтқан. Түпсана деңгейінде олар өздерінің түкке тұрғысыз екендіктерін және өздерін күтіп тұрған салдарының қандай болатынын сезінеді. Сондықтан олар ғибадатханалар мен шіркеулер салып, Жаратушы алдында ақталғысы келеді. Ақымақтар! Олар қасиетті жазбаны ұмытқан. Себебі: ұрлықшылармен салынған шіркеулер, шәйтан пана ететін жер деп айтылған емес пе (Ведь сказано: церкви, построенные ворами, есть приют для сатаны). Олар Жаратушының жердегі үйін емес, шәйтанға баспана салып жатыр. Және осы жасағандары үшін күнәлары кешіріледі деп ойласа қателескендері. Бұл үшін күнәларына күнә қосылады. Осылайша тек өздерін ғана емес, «байлығының» игілігін көрген өз жақындарын да қарғысқа ұшыратады. Олар тіпті жақындарынан осындай құрбандық қажет пе деп сұраған да жоқ емес пе? Жаратушы алдындағы жасаған күнәлары үшін жауапкершілікті олар бөлісуге дайын ба? Мен сіздерге бір ұрлықшы әрі кісі өлтіргіш, Кемеңгерді кездестіріп өз өмірін түбегейлі өзгертіп, ұлы адамға айналғаны туралы өте ежелгі әңгімені (тарихты) айтып берейін. «Бағзы заманда жұртты тонаумен айналысқан, егер қарсылық танытса еш ойланбастан өлтіре салатын бір қарақшы өмір сүріпті. Сол замандарда Нарада есімді адам өмір сүрген екен. Ол ақын, музыкант болған. Және өзінің терең даналығымен танымал болған. Адамдар оны мейірімді кеңестері, көңілді мінезі (весёлый нрав), әзілдері мен өз аспабында орындаған таңғажайып әуені үшін жақсы көрген. Бірде Кемеңгер көрші ауылға бармақшы болады. Жол әлгі қарақшы торуылдаған орманмен өтеді екен. Сол кезде адамдар Кемеңгерді ол жолмен жүрмеуге көндіре бастайды, себебі бұл өте қауіпті болатын. Ал Нарада болса жай ғана күліп: — Сендердің бойларыңда қорқыныш тудырып, сендерді қорқақ еткенді көргім келеді. Ол жәй ғана жалғыз адам, бірақ жолдағы бар қозғалысты тоқтатты. Осы сөздерді айтып Нарада бұрылып, өз аспабын тартып орманға қарай кетеді. Көп ұзамай қарақшы әуенді естіп жолға шығады. Және өзінің таңғалысына орай өз әуенін орындап келе жатқан, әрі бақытты көрінген қарусыз жалғыз адамды көреді. Өмірінде алғаш рет өзінен батылсыздықты сезінеді. Ол музыканттан: — Бұл жолмен жүрудің қауіпті екенін білмеймісің? — деп сұрайды. Нарада болса әуенін ойнауды тоқтатпай, жолдан бұрылып өз қылышын қайрап жатқан қарақшының қасына келіп отырады. Өз әуенін ойнап болған соң, қарақшыдан: — Жалғыз өзің бұл орманда не істеп жүрсің? — деп сұрайды. Қарақшы: — Адамдарды тонаймын. Және қазір де сенің бар байлығыңды тартып аламын, — деп жауап беріпті. Кемеңгер: — Менің байлығым басқа — олар менің ішкі жан дүниемде. Оларды сенімен бөлісуге өзім де қуанышты болар едім, — деп жауап беріпті. — Мені тек дүниелік байлықтар ғана қызықтырады, — депті қарақшы. — Дүниелік деймісің? — деп Кемеңгер сұрапты да, жерден бір уыс топырақты алып желмен шашып жіберіпті: — Ол жәй ғана шоң-тозаң, сол бойда жоғалатын иллюзия. Бұларың мәңгілік рухани құндылықтарыңмен салыстырғанда ештеңе емес. Маған айтшы, бұл саған не үшін қажет? Қарақшы: — Отбасым үшін, анам үшін, әйелім үшін, балаларым үшін. Егер мен оларға ақша әкелмесем, олар ашығады. Ал менің қолымнан басқа ешнәрсе келмейді, — деп жауап беріпті. Кемеңгер: — Ал сен олардан осындай құрбандық қажет пе деп сұрадың ба? Сенің Жаратушы алдында жасаған күнәларыңды олар бөлісуге дайын ба? — деп сұрапты. Қарақшылықтан басқаны ойламаған адам өмірінде алғаш рет ойға қалады. — Білмеймін. Бұл туралы ешқашан ойлаған емеспін. — Ендеше барда, олардан сұра, — деп Кемеңгер ұсыныс тастапты. — Ал мен сені осы жерде күте тұрамын. Және өзінің әуезді әнін қайтадан ойнай бастайды. Қарақшы дәл солай жасаған. Ол үйіне барып, өзінің анасынан сұраған. Қарт әйел баласына: — Неліктен сенің жасаған қылмысыңды мен бөлісуім керек? Мен – сенің анаңмын, сенің міндетің – мені асырап бағу, – деп жауап беріпті. Әйелі де: – Сенің күнәларыңа не үшін мен жауап беруім керек? Мен ондай ештеңе жасаған жоқпын және Құдай алдында арым таза. Нанды қалай табатыныңды білмеймін, бұл сенің шаруаң, – деп жауап беріпті. Қарақшы алаңсыз ойнап жатқан балаларын көріп, олардан тіпті сұрауға да тырыспады. Көңілі түсіп, қайтадан Кемеңгерге келіп: – Менімен бірге ешкімнің жауапкершілікті бөліскісі келмейді. Отбасым үшін не істесемде барлығына өзім жауап береді екенмін. Демек мен жалғызбын. Енді не істеуім керек? Ол мұңдана Кемеңгердің мінсіз жүзіне қарайды. Кемеңгер: – Өзіңнен ұрлықшының бейнесін шеш те, оны жақсы істеріңнің жалынына өрте. Жасаған зұлымдығыңды жуып-шай. Өзіңді өзгерт те, Адам бол, – депті. Осы қараңғы орманнан адасқан әлгі адам Ұлы Кемеңгермен бірге кетеді... Кейінірек оны адамдар Вальмики атап кетеді және ол әйгілі ежелгі үнді «Рамаяна» эпосының авторы, ғасырлар бойы аңызға айналған ақынға айналды. Сэнсэй үнсіз қалды. Біздер де естіген әңгімелерімізден әсер алып, бірнеше уақыт үнсіз келеміз. Тек кафе жанынан өткен кезде ғана Стас үнсіздікті бұзып, газды сусын ішуді ұсынды. Күн біршама ыстық болғандықтан барлығы бұл ұсынысты іліп әкетті. Тек Сэнсэй ғана бас тартып, біздерді орындықта отырып күтетінін айтты. Ол көлеңкеде қарт жастағы ерлі-зайыптылар отырған орындықты меңзеді. Біздер өз жөнімізбен кеттік. Өзімнің газдалған сусынымды тез ішіп, біздің балалар өздерінің батыр денелерін тағы да сусын порциясымен нәрлендіріп жатқан кезде, мен сыртқа шығып кеттім. Сэнсэй қарт кісілерге жақын отырған қалпы, бір нәрсе туралы әңгімелесіп жатыр. Осы кезде кафеден Николай Андреевич шығып екеуміз Сэнсэйге бардық. Қарт ерлі-зайыптылармен амандасып олардың әңгімелерін еріксіз тыңдай бастадық. – ... оның дұғаларымен. – Жақсы кісі, Василий әкей, – деді Сэнсэй сөздеріне келісіп. – Ол адамдар үшін көп игі іс жасады. – Өмір қас-қағым сәтте өте шықты, – деді қарт әже. – Мінекей жастарға қараймыз, ал күні кеше ғана өздерімізде осындай болып едік. Және ең бастысы тәніміздің қартайғанын жанымызбен сезінбейміз де. – Адам жанымен (рухымен) қартаймайды, – деп Сэнсэй байқампаздықпен айтты да, ақжарқын даусымен: – Ал жастарға қызығудың еш қажеті жоқ. Өйткені оларды әлі ұзақ жол күтіп тұр. Ал сіздер табалдырықта тұрсыздар және сіздерге тек есікті қағу ғана қалды. – Бар қайғысы да осы болып тұрған жоқпа. Өлім емес, екіге айырылу мұңайтады, – деп әжей көз жасын сүртіп мұңдана сөйледі. – Біз Ванечка екеуміз бір-біріміздің жанымызға жақын болып елу үш жыл бірге өмір кештік. Бір-бірімізге жаман сөз айтып көргеніміз жоқ. – Ата басын изеді. Ал әже ризашылықпен оның қолын алды. – Ал енді бізге айырылысатын уақыт та келгендей. Жанымды мұңайтатыны да осы. – Сіздің мұңаюыңыз бекер. Және ол не үшін? Сіз тән үшін қайғырасыз ба? – деп Сэнсэй қолын сілтеді де, алыс емес жерде серуендеп жүрген жас жұпты көрсетіп: – Құдай-ау жас кезде болса түсінер едім, бірақ қазір не үшін қайғыруға болады?! – деп күлімсірей айтты. Олар да бірге күлді. – Ал рух (адам жаны)... Жүректе (жанында, рухында) Махаббат барда – айырылысу мүмкін емес. Себебі сен ең бастысы ол адамды сүйетініңді білесің. Сен қалайша оны жоғалтып аласың, егер ол шыныменде сенің жүрегіңе (жаныңа) қымбат болса, егер ол туралы Махаббатың мен Естелігің жүрегіңде өмір сүрсе... (Пока в душе живёт любовь, — разлука невозможна. Ведь главное ты знаешь, что любишь этого человека. Как ты можешь его утратить, если он действительно дорог твоей душе, если Память и Любовь к нему продолжают жить в тебе самом…) Кафеден балалар шыға бастады, ал Сэнсэй орындықтан тұрып, қарт кісілермен қоштаса бастады. – Ой, сізге көп рахмет, мені сонша тыныштандырдыңыз, – деп әлгі әжей Сэнсэйге бар ішкі жан дүниесіндегіні бірден айтқысы келгендей соңғы рет бар даусымен айтып қалды. – Ал шыныменде, бізді не ажырата алады? Тіпті бақилық болсам да, осы өмірдегідей ол жақта да оны жақсы көретін боламын. Бұдан не жоғалады? – Ешнәрсе, – деді Сэнсэй. – Бұл жерде сіздер бір ғана сәт біргесіздер, ал ол жақта мәңгі бірге боласыздар. Мәңгіліктің жақындағанына қуану керек. Сіздер бұл жерде қайғы мен азаптасыздар, ал ол жақта тыныштық пен бақыт табасыздар. – Сізбен әңгімелескенім жақсы болды, – деп әжей елжірей (умилённо) сөйледі. – Мен де сізбен әңгімелескеніме қуаныштымын. – Тағы да кездесеміз бе, білмеймін. Әр күнім мен үшін күтумен болады. Әрине, тағы да Василий әкеймен көрісіп, сізбен де әңгімелесенді қалар едім. Сіз соншалықты жүрегімді тыныштандырдыңыз. Әрі Жан дүниеме жақсы болып қалды. – Алаңдамаңыз, – деп Сэнсэй қарт әйелге соншалықты жылы әрі жұмсақ қарап, мейірімділікпен айтты. – Біз міндетті түрде кездесеміз және біздің әңгімелесуімізге көп уақытымыз болады. Біздер әлгі қарт ерлі-зайыптылардан, балалармен бірге базар жаққа қарай қозғалып, біраз алыстап кеткен кезде, Николай Андреевич Сэнсэйден: – Олар сенің таныстарың ба? – деп сұрады. – Жоқ, – деп Сэнсэй күлімдеп жауап берді. – Жәй жақсы адамдар. – Ал ол әйелдің сырқаты бар ма? – Иә, өмір сүруіне аз қалды. – Ешнәрсемен де көмектесуге болмайды ма? – деп мен уайымдай сұрадым. – Болады. Бірақ ондай көмек тек зиянын ғана тигізеді, – деп Сэнсэй жауап берді. – Адам – бұл өмірде уақытша. Өлім кәрілік пен азап шегуге нүкте қойып, дүние ауыртпалығынан босатады. Ал сүйген жандар (немесе жүректер) үшін – бұл сыйлық. Өйткені түптеп келгенде өлгенімізбен біздер басқаға айналмаймыз... (Человек — временен. Смерть кладёт конец старости и мучениям, освобождая от бремени бытия. Для любящих душ — это награда. Ведь по большому счёту мы не становимся другими только потому, что умираем…) 5 Біздер сапарымыздың ақырғы межесіне, азық-түлік базарына келіп жеттік. Кіре-беріс алдында кілтке тағатын ойыншықтар (брелки), қаламдар, сағаттар сияқты ұсақ-түйек қытайлық заттарды сататын дүкен орналасқан екен. Сэнсэй түрлі-түсті ассортименттің барлығына қарап, ашына (с горечью): — Құрметті мүлдем ұмытқан. Артта қалған үшінші әлем мемлекеті секілді қайдағы жоқ қоқыстарын тастайды, — деді. Балалар әртүрлі тауарлардың барлығын қарай бастады. Стас қолына сағат секілді төртбұрышты салпыншақты (брелок) алып, батырмасын басты. Ол сол бойда түсініксіз дыбыстық сигналдар (дабылдар) шығарып, сандары жыпылықтап өзгере бастады. — Бұл тағы не пәле? — деп Стас таң қалды. — Дәл Гейгер есептегіші сияқты екен, — деп қасында тұрған Николай Андреевич күлді. — Немене? — деп Женька Стас пен дәрігердің арасына кірісті. — Қандай-ондай есептегіш (счетчик)? — Гейгер, — деп Николай Андреевич қайталады, — бөлшектердің газразрядты детекторы. Женька Николай Андреевичке үнсіз сұрақ көздерімен қарағандай. Стас болса көздерін күлкілі сығырайтып, досының ойлау процесін жылдамдатқысы келгендей. — Дозиметр деп аталатын құрылғыны естіп пе едің, ауылбай? — Ааа, бұл сәулелерге (прибор для излучения) арналған құрылғы ма? — деп Женька екінші талпынысынан кейін түсінгендей сөйледі. — Бұл құрылғы сәулеленудің дозасын өлшейтін құрал, — деп Стас күле айтты. — Енді мен де соны айтып тұрмын. Женька «ғалым ер адамның» салмақты түріне еніп, жыпылықтап тұрған «құрылғыны» алып, қарай бастады. — Бұл секундомер, — деп түсіндірді сатушы. — Тек ол... Қазір мен басқасын берейін. Стас болса көзін қысып, Женьканы көрсетіп: — Сіз оған назар аудармаңыз, ол тек ұзақ оқыған, сондықтан дамуы сәл-пәл кешіккен, — деп көңілді айтты. Біздер күлдік. Ал Женька басын шайқап, арнайы Стас үшін: — Негізінде мен жаманшылықты есте сақтай алмаймын... көбіне жазып алуға тура келеді, — деп әдейі қатты даусымен сөйледі. Кейін сатушыға бұрылып: — Қанша тұрады? — деп сұрады. Сатушы бағасын айтып, «сынған затты» ауыстыру үшін әбігерге түсіп жатты. — Жоқ жоқ, мен осыны аламын, — деп Женька оны тоқтатты. — Сізден сынған затты жүз пайыздық жеңілдікпен алатын біреу болуы керек емес пе... Әрі қарай Женьканың әр нәрсеге шүйлігетін сатып алушыға тән әңгімесін жібергені соншалықты, біздер күлкіден өлермен болдық. Тіпті біздің психотерапевт те Женьканың «тауарды арзандатуға» басталған кезекті клоунадасынан (әзілінен) кейін Стастан: — Ол барлық кезде де осылай ма, әлде тек кей кездері ғана ма? — деп сұрады. Стас: — Барлық кезде де, кей кездері де, — деп жауап берді. — Иә, бұл енді «диагноз», — деп дәрігер күлді. — Пайдасыз затты тиынға саудаласып өзіне риза болған Женька балалардың әзілімен Сэнсэйге келген кезде, Сэнсэй: — Ал саған адамдардың тиынын тартып алу ұят емес пе? — деп сұрады. — Ал несі бар? «Қайдағы-жоқтыны» осындай бағаға сатқан өздеріне ұят болсын, — деді де, өзінің адамды алдайтын (подкупающей) голливудтық күлкісімен: — Сэнсэй, менің ұятымның сүттен де ақ екенін өзің білесің ғой... — деді де, кетіп бара жатып, жәй ғана үнімен: — Ал мен оны пайдаланбаймын, — деп қосты. — Бар мәселе осында, — деп Сэнсэй барлығының күлкісімен қорытындылады. Біздер базарға кіріп, керекті азық-түліктерді тізіммен сатып ала бастадық. Женька болса не істерін білместен, оңтүстік жерлерден келгені айдан анық, қызанақ, қиярлармен сауда жасап тұрған сатушыға жақындады. Жігіт өзіне «маңызды» киіпті таңып, күдіктене сұрай бастады: — Ал сіздің көкөністеріңіз қай жерде өскен? Сатушы Женьканың сөздерін толық түсінбеген болуы керек, әдеттегідей өз өнімін мақтай бастады. Сұрақтар өнім өскен жерден, айтарлықтай қымбат бағасы туралы тақырыпқа қарай ауыса бастады. Теңіз қасында арзан ешнәрсенің болмайтыны түсінікті шаруа. Бірақ бұл тек Женька үшін емес. Инспектор позасына тұрып (жоқ дегенде тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының), жігіт өзінің «дозиметрін» шығарып, іскерше барлық өнімге ерсілі-қарсы жүргізе бастады. Әрине, «дозиметр» түсініксіз сандарды көрсетіп жыпылықтап, шиқылдай бастады. Сатушының көзі таңғалғаннан бадырайып кетті. Қайдан шыққаны белгісіз шүйліккен сатып алушының басына келе қалған бұл іс-әрекеті, оған жағымсыз әсер қалдырғаны анық еді. — Жоқ, сен көрдің бе, көрдің бе! — деп Женька осы кезде қасында тұрған, салмақты түрді әрең ұстап тұрған Стасқа наразыланып «дозиметріндегі» деректерді көрсетті. — Жоқ, сен мынаған қарасаңшы! Бұл дегенің Чернобыльден де жаман! Сен бұларды қай ядролық полигонда өсірдің? — деп Женька сатушыға «дозиметріндегі» көрсеткіштерді сұққылап көрсетті. — Көрмеймісің, тіпті Гейгер есептегіші шектен шықты. Жоқ, бұл сұмдық емес пе! Ендігі бізді ядролық қалдықтармен тамақтандыратын шығар... Женьканың әңгімесіне адамдар назар аудара бастады. Сатушы сасқалақтап біресе есептегішке, біресе көкөністерге қарап, шын мәнінде не болғанын білуге тырысып, өнімдерінің сапасы ең жоғарғы екенін айтып ақтала бастады. Ал Женька бұл әңгімені адам танымастай үлкейте бастаған кезде, сатушы барлығының көзінше қызанағын жеп, ендігі тек жігітті ғана емес, жиналғандарды өзінің өнімінің толық қауіпсіздігіне сендіргендей болды. Бірақ бұл Женьканы одан сайын қоздырып, сатушының әрекетіне жауап ретінде радиацияның адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы қорқынышты ертегілерді айтып, және тек айтып қана қоймай ағзада ең бірінші кезекте (әрине оның ойынша) ненің бұзыла бастайтынын егжей-тегжейлі баяндай бастады. Қайдағы жоқтыны айтып, айналасына қызығушы көпшілікті жинағаны соншалықты, ақыр аяғында сатушы бұл «шу шығарғыштан» құтылғысы келгендей өнімдерін тіпті өз құнынан да төмен беріп (айдан анық) жіберді. Бұл кезде біздер азық-түліктің бір бөлігін алып үлгердік. Стас пен Женька біздерді тауып алып, пакетке толы қызанақтар мен қиярларды көрсетті. Және Женька өзінің жеткен «жетістіктерімен» мақтануын тоқтатпай, басқа «өнімдерді де» арзан бағада сатып алуға деген ниетін білдірді. Бұған Сэнсэй жәй ғана жақтырмағандай (осудительно): — Эх, адамдар... Сіздерге түсіндіресің, түсіндіресің... (Толкуешь вам, толкуешь) — деп басын шайқады. — Жоқ, енді, Сэнсэй, егер тиімді бағаға сатып алуға мүмкіндік болса, көп ақша жұмсаудың қажеті қанша? Бұл жерде олардың барлығы халықты тонаумен айналысады! Мен ар-ұяты бар азамат ретінде, мұндай бассыздықты көріп тұрып өте алмадым. Мен оған қатысып, қолдан келген көмегімді бергім келді (посильное участие). — Балалар тағы да ду етіп күліп жіберді, ал Женька қулана күліп ақталуын жалғастыра берді. — Менің оларға деген көре алмаушылығым жоқ. Тек саудагерді көрген кезде, ішкі жан дүниемде әділеттілікке деген қатты (обострённое) бір сезім пайда болады. — Ааа, — деп Сэнсэй күлді. — Бұл қасиетті қазір солай атайды ма? — Ага, — деп Стас күле басын изеді. — Оның үстіне бұл «әділеттіліктің күшейген сезімі» Женькада екі күйінде кездеседі: пайдақорлық және риясыз күйінде (корыстное и бескорыстное). Пайдақорлық — бұл өзі қалаған және «өзінде болуы керек» кезде. Ал риясыз — Женька «басқа адамда болмауы керектіні» қалаған кезде. Сэнсэй Женька мен Стас жаққа қарай үмітсіз қолын сілтеді де: — Қалағандарыңды жасаңдар, — деді. Николай Андревич оларға тізім мен ақшаны берді. Ал біздің топ бөлініп кетті. Балалардың бір бөлігі Женьканың азық-түліктерді сатып алуының қызығын көру үшін онымен бірге кетті. Ал Сэнсэй, Володя, дәрігер және мен балаларды қай жерде күтетінімізді алдын-ала келісіп, жағалауға қарай кеттік. Аспан бұлтсыз еді. Ұйқылы-ояу демалушылар ыстықтан ағаштар көлеңкесінде жасырынып, көше бойымен еріне жүріп келеді. Біздер келісілген жерге бардық. Азық-түлік салынған пакеттерімізді қойып, үлкен ағаштың көлеңкесінде тұрған бос орындыққа отырдық. Николай Андреевич уақытты босқа жоғалтпай Сэнсэйге сұрағын қоя бастады. — Сэнсэй, біздер осы жаққа келе жатқан кезде, сен қызықты тақырыпты қозғадың... Мен бар уақыт бойы сол ойда келемін... Ал жарайды, біздің кәсібімізбен оның үстіне біздің елде екеумізге байлық қауіп төндірмейді, — деп дәрігер әзілдей сөйледі. — Ал егер дұрысын айтатын болсақ, адамға не істеу керек? Міне барлығы анау жаман, мынау жаман дейді, ал қалай жақсы болады? Қалай өмір сүруге болады? — Түсінесің бе, шын мәнінде әрбір адам өзінің шын өмірімен өмір сүрмейді. Ол өзіне ұнаған образды (бейнені) таңдайды да, сол рөлді ойнайды және әдетте ол тек біреу ғана емес. Мысалға сен қазір студенттің рөлін сомдаудасың, лекциядағыдай сұрақ қоюуға, менің жауаптарымның мәнін ұғынуға тырысудасың. Кейін менің сөздерімді талдауға тырысып психотерапевт рөліне ауысасың. Бірақ шын мәнінде бұл жәй ғана ойын, басқа ештеңе жоқ. Себебі менің айтып тұрғанымды сен өзіңде жақсы білесің. Тек жәй ғана өзіңнің ішкі жан дүниеңе терең үңілу қажет. Осылай әрбір адам. Ол ойнайды. Біреуіне дәрігердің рөлі, екіншісіне мықты арнайы жасақ (спецназ) жауынгері рөлі ұнаса, ал үшіншісіне — көлік жөндеуші рөлі (автослесарь) ұнайды. Біреулер өздеріне маскүнем рөлін таңдаса, енді бірі бандиттің, басқасы мансап қуушының, тағы бірі өмірге ренжулі адам рөлін таңдайды. Бірақ адам кім болса да, шындығында — мұның барлығы жәй ғана рөл. Рөлге (образға) енгені соншалықты, бұл оның шын мәніндегі өмірі деп ойлайды. Шынында, бар әлем — жәй ғана театр деп Шекспир дұрыс айтқан. Және кез-келген әртіс секілді адамда өз рөліне қанағаттанбайды, өзін анағұрлым маңызды көретін басқа рөлдерді армандайды. Адам қандай жетістікке жетсе де, оған өміріндегі ең басты рөлді әлі сомдамағандай көрінеді. Өзіне ойлап тапқан рөлді сомдап, мысалға кедейді, ауруды, бай адамды, дені сауды, темір шеберін (слесарь), ғарышкерді, ешқандай маңызы жоқ, — адам басқа рөлді сомдауды армандаумен болады. Ол өзіне президент, олигарх, батыр-құтқарушы, әділдік үшін күресуші, тағы да басқа бейнелерді тағып көреді... Әр уақытын арманмен өткізіп, өзін осы ертегілермен жұбатады. Бірақ армандауды тоқтатып, өмірде Адам деген атқа лайықты рөлді таңдау анағұрлым оңайырақ емес пе? — Сен әулиені, ламаны немесе басқаны меңзеп тұрмысың? — Лама болсын, әулие болсын, болмаса әдепті мейірімді жәй ғана адам болсын қалай атағың келсе де өз еркің білсін. Мен оны жәй ғана — Адам деген атқа лайықты рөл деп айтамын. Және өзің кім болуың керек, сол болу. Ұйықтар алдында, жүрегің тыныш, арың таза болу үшін. Дүниеден өтер кезде, өзіңнің ойларың мен жасаған істеріңе ұялмас үшін. Және христиандар айтпақшы Құдай Сотында да, тіпті Жаратушы алдында тұрған кезде де, айтатын сөзіңнің болуы үшін. Жақсы істер салынған себетің толы, жаман істер салынған себетің бос болуы үшін. Мінекей Адам болу дегеніміз осы. Және тек сырттай ғана емес, ең бастысы ішкі жан дүниеңнің өзгерісі. Басыңдағыны ретке келтір. Жаман, ақымақ, қайдағы-жоқтыны армандама. Жаратушы туралы көбірек ойла, рухың туралы ойла. Бос уақытың болса — оны рухтың пайдасына жұмса, дұғада бол, медитация жаса, руханиятпен шұғылдан. Өйткені өмір өте қысқа. Және ол адамға өзін Жаратушыға Адам деген атқа лайықты екенін дәлелдеу үшін берілген... Сэнсэй қарапайым әрі түсінікті айтты. Оның сөздері шынайы, жанашырлыққа, қуат пен мейірімділікке толы болғаны соншалықты, тіпті менің «лотос гүлім» еріксіз оянып, бар тәніме жылулық шашты. Ал ішкі жан дүниеме жақсы болғаны соншалықты, мендегі жасанды бар маска шешіліп, уақытша менің шын Болмысымды көрсеткендей. Және неліктен екенін білмеймін, бірақ осы еркіндік күйінде мен шыныменде Сэнсэйдің не туралы айтқанын түсінгендеймін. Себебі бұл ұғынуым сөздер арқылы емес, менің ішкі жан дүнием арқылы болғандай. Біздер бірнеше уақыт табиғаттың теңіз бейнесін үнсіз тамашалап отырдық. Сэнсэйдің сөздерінен туындаған бұл ерекше күйде, ешкімнің артық сөз айтқысы келмегендей. Таңғалысымызға орай барлығы қарапайым әрі түсінікті еді. Бұл үнсіз тамашалаған тыныштығымызды базардан оралған балалар бұзды. — Қараңдар, керекті заттардың қаншасын сатып алғанымызды! — деп Женька екі қолын салпитып, балалар және өзі көтерген азық-түлікке толы пакеттерді меңзеп, разы болған қалпы сөйледі. — Ал сіздер неге мұңайып отырсыздар? — Енді, қарап отырмыз (тамашалап), — деп Сэнсэй теңіз шетіне қарап жауап берді. Женька да сыпайылық үшін сол бағытқа көз тастады. Бұл кезде теңіз бетімен катер жүзіп бара жатқан. Қайыққа бір шетін су шаңғысына мінген қыз ұстап тұрған арқан байланған. Женька әңгімеміз осы туралы болғандай ойлап: — О, керемет қыз! — деп өз бағасын бере сөйледі. — Міне, міне, — деді Сэнсэй. — Мен де осы туралы әзіл әңгіме айтып едім, олар мұңдана қалды. Женька мырс етіп: — Олар мұңға бататындай, қандай әзіл әңгіме (анекдот) өзі? — деп сұрады. — Екі балықшы өзен жағасында отырады. Ал алдарында сұлу қыз су шаңғысын теуіп жүреді. Біріншісі екіншісіне: «Елестетіп көрші, ол қазір суға құлап, бата бастайды. Ал мен суға сүңгимін де, оны құтқарамын. Судан шығарып жасанды дем алдыру жасағандай кейіп танытамын, ал өзім құшақтап, сүйемін». Осыны айтып болғаны сол ғана еді, әлгі қыз суға құлап, бата бастайды. Әлгі лезде суға секіреді. Суға сүңгіп, әйел тәнін жағаға шығарады. Жасанды тыныс алуды жасап, құшақтап сүйе бастайды. Ал кейін досына келіп: «Мен бір нәрсені түсінбедім? Әлгі қыз сұлу болған, ал мынауың ұсқынсыз», — депті. Досы оған көз қиығымен қарапты да: «Иә, иә... Әлгі қыз су шаңғысында болған, ал мынауың конькимен», — депті. Ағаш астында біздің коллективіміздің гуілдеген күлкісі естілді. Тек жалғыз Женька салбыраңқы күліп, кейін таңдана сұрады: — Түсінбедім, конькидің бұл жерде не қатысы бар? Ол су шаңғысында болды емес пе? Біздер ендігі әзіл әңгімеден емес, Женьканың сөздерінен гу етіп күліп жібердік. Жігіт болса өзінің ыңғайсыздығын жасыру үшін, күлкі ағынын өзінің базардағы қызықты оқиғаларына аударып, тез әбігерленіп қалды. Әңгімеге оқиға «куәгерлері де» қосылып, өздерінің көргендерімен толықтырды. Ақыр соңында рахаттана күлген барлығы, Женьканы базарға жалғыз жіберу қауіпті деген қорытындыға келді. Ол жерде Женька өзінің «дозиметрімен» шу көтергені соншалықты, егер келесі жолы ол жаққа тіпті еш ойынсыз баратын болса да, әзілдерінің «салдарын» өз сүйектеріне анық сезінетін болады. Біздер азық-түліктерді барлығына тасымалдау ыңғайлы болу үшін пакеттерге бөлдік. Және кері «жолға шыққалы» жатқан кезде, Женька кенеттен қатты күліп жіберді: — Ааа! Демек конькимен ол жерде қыстан бері жатқан болғаны. Бұл енді шыдамның шегі еді. Біздер қатты күле жөнелдік. Тіпті біздерге қарап өтіп бара жатқан адамдар да, мұндай қатты күлкінің себебін түсінбесе де жақсы көңіл-күйдің толқынын оларда жұқтыра күлді. Осылайша біздер азық-түліктерді арқалап, пансионатты айналып өтіп, ұзақ бірақ ыңғайлы жолмен кеттік. Және тағы бір ғимараттың жанынан өте бергенде, жан-жағына қарап келе жатқан Женька кенеттен тоқтады. Ол пакеттерді асфальтқа қойып, кезінде киім дизайнерлері көйлегіне де шортысына да «жабыстырған» қалталарын егжей-тегжейлі мұқият қарап шықты. — Мынауың қайда кетті? — деп жігіт уайымдай міңгірледі. Женька қалып қойғандықтан, оны күтіп кейбіреулеріміз де тоқтап қалдық. — А, мінекей! — деп әйтеуір қуана мыжырайған қағазды алды. — Сен не, мұны өмірдің экстремалды жағдайына сақтап жүрмісің? — деп жігіттің мыжылған қағазды тегістеп жатқанын көріп Володя күліп жіберді. — Ага, экстрасенсорлы жағдай үшін, — деп Женькада әзілдеді. Өз пакеттерін қолына ілі сала, Сэнсэйді қуып жетті. — Сэнсэй, қарашы, менің базардан нені алғанымды (какую я на рынке объяву сорвал). Бүкіл Ғарыш пен Жердің құдіретті күшті Билеушісінің толық мақтау өлеңдері... (Целая хвалебная ода Вседержителя Космоса и всея Земли) Жігіт қолына пакеттерді ұстап тұрып, қағазды берді. Сэнсэй қағазды алып, көзімен бір шолып өтті де, күліп өзіне қайта берді. — Мұндай «жақсылық» айналада толып жатыр. Міне, қара... Әне ілулі тұр, әнекей, тағы анау жерде... Сэнсэй көрсеткен жақты Женькамен бірге біздер де басымызды бұрып қызығушылықпен қарадық. Шыныменде, барлық жерде үлкен қаріптермен жазылған: «Ұлы экстрасенс, халықаралық деңгейдегі құрметті Шебер, атақты болашақ болжағыш (предсказатель оракулов), құдіретті сиқыршы әрі дуагер, бір көзқарасынан-ақ көптеген адамдарды ауруынан айықтырған, Виталий Яковлевич... көптеген сұраулар (өтініштер) бойынша қосымша, әлемде теңдесі жоқ емдік-сауықтыру сеансын өткізеді. Сеанстың басталу уақыты...», деген жарнамадан көз сүрінеді. Әрі қарай ертеңгі уақыт, сонымен бірге тым қымбатталған билеттердің бағасы жазылған. Жабыстырылған осыншама көп жарнаманы көріп, біздерді тағы да да күлкі басты. Тіпті біздер жанынан өтіп бара жатқан қоқыс жәшігінде әлгі қағаз «жарнамаланып» тұрды. — Тьфу, сені! — деп Женька ашына түкірді. — Ал мен ақымақша бұл «зілді» базардан бері қалтама салып келемін. Ол қағазды қайтадан мылжалай лақтырып, доп секілді аяғымен теуіп жіберді. — Сен не үшін қоқыстайсың? — деп Сэнсэй мейірімді райымен ұрысқандай айтты. — Ой тазалығы сенің сыртқы мәдениетіңнен, ұқыптылығыңнан басталады. Бар да, қағазды алып қоқыс жәшігіне таста. Бұл жолы Женька, өзінің әдеттегі сылтауларына қарама-қайшы, өзінің бітпес әзілдерімен өзгешелік қосып, өзін анық басқаша ұстады. Өз пакеттерін қайтадан жерге қойып, қызмет еткішсініп (услужливо) бізден алдыға қарай қағазға жүгіріп кетті. Жерден көтеріп, тіпті асфальттағы орнын бір-екі рет қолымен «сыпырып» жіберді. Кейін нағыз баскетболшы секілді мыжылған қағазды қоқыс жәшігіне, допты себетке түсіргендей, тастады. «Ұпайын салып» болған соң, көңілді жүзімен: — Қандай қағаз? Ешқандай қағаз болған жоқ. Сіздерге солай көрінген шығар. Бүгінгі күн қатты ыстық. Бұл жәй ғана сағым, — деп әртісше (наигранно) қолын жайды. — Иә, иә, — деп Стас күле айтты. — Ал сен бізде бөтелкедегі жынсың. Біздер тағы да күлдік. Женькаға бұл жаңа образ туралы идея ұнаған болуы керек: — Ал неге болмасқа? Кез-келген арман-тілектеріңді сұраңдар, солай болсын, орындаймын, — деп айтты да, лезде көңілді — әрине заманауи шаруашылықты және өзіне-өзі қызмет көрсетуді есептегенде, — деп қосты. — Қандай мағынада өз-өзіне қызмет көрсету? — деп Стас күле сұрады. — Демек, біздер өзіміз тілек айтамыз да, оны өз қаражатымызға өзіміз орындайтын болғанымыз ба? — Сен бізде ақылдысың (догадливый), — деп Женька өзінің пакеттеріне бара жатып оның иығынан қақты. Біздер күлдік, ал Андрей: — Жеке өз басымда бір ғана тілек бар — азық-түліктермен бірге тезірек жағалау жолына өту (быстрее перенестись на косу), — деді. — Оп-оңай, — деді өзінің жүгімен біздерді қуып жеткен Женька. — Менің сиқырым үшін мүмкін емес ешнәрсе жоқ. Бұл тілекті жүзеге асырудың екі нұсқасы бар. — Өзіңіздің үлкен тізіміңізді жариялауыңызды өтініп сұраймыз, о ұлы жын, — деп Стас әзілдеп ұсынысын айтты. — Бірінші нұсқасы: қазір біздер жылдамдықты арттырып, ауыр пакет түріндегі жүктемелерімізбен лагерге дейін жүгіреміз. — О, жоқ! — деп бәріміз хормен бас тарттық. — Және мұндай ыстықта, — деп Андрей күңкілдеді. — Сиқырың бар болсын, — деп Руслан да күлді. — Ал екінші нұсқасы қандай? — деп Стас күле сұрады. — Екінші нұсқасы егер іске ақылмен қараса, сиқыр мүмкін. Қозғалыстағы ең басты нәрсе не? — Володяның табаны, — деп Андрей әзілдеді. — Сэнсэйдің таңғы әзілін естеріне түсіріп, барлығы күліп алды. — Енді, бұл кейбіреулер үшін онсызда солай, — деп Женька өзінің рөлін жалғастыра берді. — Кең ойлаңдар! — Қанаттар! — деп Руслан айқайлады. Женька таңдайын қағып, қоқиған (с напыщенным видом) түрімен: — Бұл биік ұшатын құстар үшін. Терең ойланыңдар! — деді. — Дөңгелектер, — деп өткен автокөліктерді көрген Стас әзілдеп айтты. — Стас-ай, сен мүлдем басқа жаққа лағып кеттің, — деп нашақордың созылған даусын көшіргендей Женька қолын сілтеді. Кейін: — Терең ойлау деген — мүлдем лағып кету деген сөз емес, — деп көңілді толықтырды. — Ал қалай? Басқа нұсқалар жоқ па? Эх сендерді! Біздің қымбатты Сэнсэй айтпақшы ең бастысы миды пайдалы іспен айналыстыру. Және басын, біздермен бірге күліп тұрған Сэнсэйге қарай еңкейтіп: — Мен дұрыс айтып тұрмын ба? — деп сұрады. — Дұрыс, дұрыс, — деп жауап берді Сэнсэй. — Міне көрдіңдер ме, барлықтарыңнан айырмашылығым сабақтағының барлығын үйсіремін, яғни үйіремін... Тьфу саған, үй-ре-не-мін, — деп әйтеуір буынға бөліп айтты. — Өте тез. — Әрине, бізге саған жету қайда, сен бізде ерекшесің (уникум), — деп Стас мысқылдады. — Бұған ешкімнің күмәні болмас! — деп Женька кеудесін көтеріп өзіне риза болғандай айтты. — Мен қандай болса да, жын емеспін бе! — Енді бізге бұл жолы не ұсынасыз, Абдурахман Абдурахманович? — деді Володя әзілдеген даусымен. Бірақ Женька ойын сөздерінен алған рахатын созғысы келгендей: — Сабыр ет, досым, сабыр ет. Енді былай, уақыт тез әрі еш білінбей өту үшін миды немен айналыстыру керек? Әзілмен! Ендеше әзіл әңгіме тыңдаңдар... Женьканың кезекті әзіл әңгімелер порциясынан кейін, оның «сиқырынан» біздердің ауызымыз бен іштеріміз ауырған кезде, уақытты ұтымды пайдалану үшін Николай Андреевич бұл бітпес күлкіні тоқтатып, әңгімені адам, оның руханият іздеудегі жолдары туралы мызғымас-мәңгілік тақырыптарға өте шебер аудара бастады. Әңгімеден кейін, Сэнсэй бізге бір аңызды айтып берді. 6 Бірде жолаушы (немесе саяхатшы) өзін жоғалтып алыпты. Шөл даланың ортасында жалғыз қалып, өзінің кім екенін, қай жерде және қайда бару керектігін есіне түсіре алмапты. Жолаушы қай бағытқа назарын аударса да, барлық жерде құмдар мен шексіз құм шағылдары (барханы). Және олардың қай жерден бітіп, қай жерден бастау алатынын білмепті. Күннің ыстығы терісін аяусыз күйдіріп барады. Жел ыстық лебімен күйдіруде (обжигал). Жолаушы ұзақ жүреді. Кепкен, тікенекті қаңбақты (сухую колючку) көреді. Және Жолаушы өзін тікенекті қаңбақпын деп ойлайды. Қасына отырады. Бірақ кенеттен соққан жел қаңбақты құмның арғы жағына айдап әкетеді. Ол өз тікенектерімен құмға ізін салып, оңай домалана кетеді. Жолаушы егер ол қозғалса (немесе жүрсе), демек қайда бару керектігін біледі деп ойлайды. Және артынан ереді. Бірақ жел басылып, қаңбақ та жүрісін тоқтатады. Жаңадан соққан жел қаңбақты қайтадан кері бағытқа айдай жөнеледі. Бірақ, ақыр соңында өзінің жолын бастаған жерге қайта келеді. Сол кезде Жолаушы қаңбақтың өлі екенін, жел онымен жәй ғана ойнайтынын түсінеді. Ол өлген, кепкен қаңбақтың артынан жүгірудің еш мәні жоқ екенін ұғынады, себебі оның өмірі жоқ (немесе өлген). Енді оны табиғат күші билейді (стихия). Қаңбақты ұстап алып еді, қолына тікені ауырта шаншылды. Бұл оны таңғалдырды. Қаңбақ тіпті өлі болса да, ауыртуын жалғастыра берді. Жолаушы оны ашумен лақтырып жіберді. Жолаушы әрі қарай кетті. Ұзақ жүрді. Оны шөл мен аштық қысты. Бірақ ол жүруін жалғастыра берді. Жолаушы үлкен ұшқан құсты көріп, өзін құспын деп ойлады. Және артынан жүгіре кетті. Егер бұл құс соншалықты биік ұшса, демек өзінен алысты көреді деп ойлады. Ол жолды біледі, демек менің шөлімді басатын, қарнымды тойдыратын, жаным жәй тауып, азабымнан құтылатын жерге апарады деп ойлады. Қуанған Жолаушы құстың серпінді ұшқанын мадақтап, өзінің армандарына қуана жүгірді. Күшті құс әдемі әрі тез ұшты. Жолаушы артынан бар күшін салып жүгірумен болды. Ол шаршады, бірақ жақсылыққа үміттеніп артынан жүгіруін жалғастыра берді. Құс жақын құм шағылға (бархан) түсе бастады, Жолаушы жүгірісін жылдамдатты. Ол өзін арманынан бір ғана сәт бөліп тұр деп ойлады. Құм шағылға (бархан) жүгіріп жетіп, көзіне шындық ашылған кезде өтіріктің сұмдығы бойын билеп тоқтап қалды. Құм шағылдың (бархан) артында өзі секілді құстардың тобыры (стая) өлі денені мылжалап, шіріген етті ашкөздікпен жалмап жатқанын көрді. Жолаушы жиіркенішпен бұрылып, ол жерден қаша жөнеледі. Ол бұл құстар үшін жәй ғана азық екенін ұғынды. Жолаушы ұзақ жүреді. Қапырық күн сол баяғыша еш аяусыз жалынын төгуде еді. Жел ыстық лебімен күйдіріп барады. Адам төзгісіз шөл мен аштық тәнді қинайды. Күш-қуат таусылып, бітуге сәл ғана қалды. Ал айнала шексіз құмдар мен көгілдір аспан ғана. Осы кезде Жолаушы жыланды көреді. Жылан асықпай, өзінің жолын алдын-ала білетіндей, оны еңсерудегі әр сәтінен ләззат алғандай сенімді қозғалады. Одан тыныштық сезіледі. Күннің ыстығына қарамастан, жыланнан салқындық сезіледі. Осы кезде Жолаушы: «Егер ол асықпаса, әрі одан салқындық лебі шығып тұрса, демек ол бұлақтың қайнар көзін (источник) біледі. Егер мен артынан ерсем, күннің ыстығынан жасырынып, шөлімді қандырамын», деп ойлайды. Жолаушы жыланның соңынан ереді. Ол өзіне біртіндеп күшінің қайта келе бастағанын сезінеді. Сол кезде Жолаушы: «Мүмкін мен жылан шағармын?» деп ойлайды. Осы кезде жылан тоқтап, оған бұрылады. Және ол жыланның уға толы тістері барын көреді. Тәні қорқыныштап дірілдеп, ол жерден қаша жөнеледі. Тек ыстық құмға құлаған кезде ғана бір-ақ тоқтайды. Ол өзінің тұра алмағанына ашулы еді, өйткені құтқарылуына бір ғана қадам қалған. Тәні оны сатып кетті. Ал ол тәнін өзім деп ойлаған. Орнынан ауыр тұрып, Жолаушы қайтадан шөл даланы кезіп кетті. Ол жыланның салқын самалын есіне алып, қапырық күн астында жүріп келеді. Бойын жабырқау (тоска) билеген. Осы кезде жылп ете қалған көлеңкені байқайды. Ол бұл жәй ғана сағым, жыланның елесі деп ойлайды. Бірақ көлеңке тағы да көрінді. Мұқият қараған Жолаушы кесірткені байқайды. Жолаушыға кесірткеден салқындық сезілетіндей көрінді. Және «егер кесірткеден жылан секілді салқындық шығып тұрса, мүмкін, ол да бұлақтың қайнар көзін (источник) білетін шығар», деген ойға келеді. Қалып қоймауға тырысып, артынан жүгіреді. Бірақ кесіртке епті әрі жылдам қозғалды. Ол Жолаушыны шөл далада сергелдеңге салып шаршатып, құмға сіңіп жоқ болды. Және Жолаушы оны табамын деп сол жерді қанша қазса да, бәрібір кесірткені таба алмады. Бірақ Жолаушы кесірткені жоғалтқанымен көңілі түспеді. Себебі ол жылан емес, оның елесін еске түсіретін, жәй ғана кесіртке еді. Және оның бар мәні босқа сенделу. Тізесінен тұрған Жолаушы, шөл даланы мақсатсыз кезіп кетті. Ол өзінің кездесулеріне, бағынбайтын ашыққан тәніне ашулы еді. Оны бұл бос қаңғыруы, мағынасыз уайымдауы, үміттендірген армандары, бос әуреге түсу мен бітпес түңілу, өтірік, алдау, бұл шөл даланың иллюзиясы мезі қылды. Күннің ыстығы адам төзгісіз болып бара жатты. Тән шөл мен аштықтан ыңыранып, мазасын алды. Бірақ Жолаушы енді оған еш назар аудармады. Ол ең соңғы күші таусылғанша жүре берді, жүре берді. Мүлдем әлі құрып, күннің ыстық сәулесімен қызған құмға құлап, тіпті саусақтарын қимылдата алмады. Тек көздері ғана құм төбелерімен (барханы) ұштасқан ашық аспанның шексіз кеңдігін қарауда. Жолаушы өзінің алдында жатқан сан жетпес әртүрлі құм түйіршіктеріне назарын салды. Әр құм түйіршігінің басқасынан қандай да бір түрде өзгешелігі бар. Бірақ құмды жалпылай алғанда, олардың айырмашылығы еш байқалмайды. Жел оларды оңай қозғайды. Ал Жолаушы: «Мен осы құм секілдімін. Өзімнің кім екенімді білмеймін. Бірақ, егер мен бар болсам, демек мені Біреу Жаратқан. Ал Біреу жаратса, демек бұл Оның қалауы. Ендеше бұл жердегі менің қаңғыруым, Оның қалауының жәй ғана бір бөлшегі. Ал бұл шөл дала – Оның еркін жүзеге асыратын жәй ғана мекен. Менімен орын алған жағдай, болуы керек еді. Өйткені мәні сыртқы қозғалысында емес, ішкі болмысында. Егер мен өлсем, не өзгереді? Өйткені бұл құм түйіршіктеріне (немесе құмдарға) менің өмірім керек емес. Онда не үшін Ол мені жаратты? Жыланды жіберіп алғаным қандай өкінішті...» Жолаушы талықсып ұйқыға кетеді. Оны жарық шашқан сәуле оятады. Көзін сығырайтып қолдарымен жапты. Оған жарық азайғандай көрінді. Сол кезде жүзінен қолын алды. Ол түн (кеш) болғанын байқайды. Алдында от жанып тұрды. От жанында Жиһанкез (Странник) тамақ пісіріп отыр екен. Жолаушы Жиһанкезден: — Сен кімсің? — деп сұрайды. — Ең бастысы, сен кімсің? — деген жауапты естиді. — Білмеймін, — деді Жолаушы. — Ұзақ жүргенім соншалықты, тіпті кім екенімді ұмытып қалдым. Осы кезде Жиһанкез (Странник) су толы құмыраны ұсынды да: — Сені шөлдің ыстығы ұзақ қинады. Менің бұлақ көзімнен шөліңді қандыр, — деді. Жолаушы ризашылқпен Жиһанкезден су толы құмыраны алды да, суды үлкен жұтыммен қомағайланып ішті. Өмір нәрі бар тәніне тарала бастады. Жолаушыға өмірінде ешқашан осыншама тәтті суді ішпегендей көрінді. Суға тойған Жолаушы Жиһанкезге құмыраны берді де: — Шөл дала ортасында осындай салқын, мөлдір су сенде қайдан жүр? Оның дәмі маған ең таза тау бұлағын еске түсіреді, — деп сұрайды. Жиһанкез жымиды да: — Ол жерді (бұлақ қайнар көз) мен сізге сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өйткені ол жерді тек сол жерде болу арқылы білуге болады. Сөздер бастан кешкенді (немесе тәжірибені) жеткізе алмайды, — деді. Жолаушы ойланды да: — Неліктен сөздер бастан кешкенді (немесе тәжірибені) жеткізе алмайды? — деп сұрады. Жиһанкез: — Сен суды іштің. Тәжірибе алдың. Себебі осы судың қаншалықты тәтті әрі керемет екендігін қалай айтса да (сипаттаса да), оның дәмін тек ішкен кезде ғана түсініп баға бере аласың. Тек сен ғана, өзіңе бұл судың қандай екенін айта аласың. Тек сен, ернің оған тиген кезде, аузыңды толтырып, тамағыңмен тәніңе аққан кезде суды түсініп, сезіне аласың. Және бұл тәжірибең тек саған ғана тиесілі, себебі әркім өз суын ішеді. Бірақ қанша ішсеңде, бәрібір қайтадан шөлдейсің. Тек қайнар бұлаққа айналған кезде ғана, шөліңді мәңгілікке қандырасың. — Ал мен қалайша қайнар бұлақ көзіне айнала аламын? — Өзіңе, шын Болмысыңа айнал. Өмір мен өлім бір ағын іспетті. Болмыс ағында қозғалады. Қозғалыста тұрақты сипатына ие болады. Буырқанып жатқан ағынға, оның суына кірмей ешкім шын бағасын бере алмайды, өйткені бұл болашақ. Ешкім екі рет бір (сол) суға түсе алмайды (яғни бір суға), өйткені бұл өткен шақ. Тек ағын қозғалысы бар, өйткені ол осы шақ. Кез-келген су ерте ме, кеш пе, өз қайнар көзіне жетіп, өзінің бастапқы кіршіксіз тазалығына айналады. Жолаушы алған жауабының даналығына таң қалып: — Су туралы осының барлығын қайдан білесің? — деп сұрайды. — Мен оның нәрінің Қайнар көзі болдым, — деген жауапты естиді. Жиһанкез тағамды ұсынды да: — Сен шөл даланы соншама ұзақ кездің. Мен ұсынған тағамнан алып өзіңнің ашыққаныңды бас, — дейді. Жолаушы Жиһанкезден тағамды ризашылықпен қабылдап, рахаттана жей бастайды. Жолаушыға осыншалықты дәмді әрі тойымды тағамды өмірінде ешқашан жемегендей көрінді. Тағамға тойған Жолаушы, Жиһанкезден: — Неліктен тағамың осыншалықты дәмді? Мен мұндайды өмірімде ешқашан жемегенмін, — деп сұрайды. — Сенің қарның аш болды. Тағам — жәй ғана тәнің үшін рахат. Ол тәнді тойдырады, бірақ шөлді қандырмайды. Оны ең жоғарғы байлық деп есептегендер, оны жинаудан бас тарта алмайды. Бірақ қанша жинасаңда, ол бәрібір бұзылады. Тағам оны жеген адамға уақытша ғана ләззат береді. Ол рух өмір сүретін тәнді сақтау үшін ғана пайдалы. — Бірақ неліктен мен, сенің аз ғана азығыңмен, бұрын-соңды болмаған үлкен күшпен толықтым. — Себебі тамақты осыншалықты тойымды қылған бұл күштің бастауы мен шегі жоқ. Ол ұшы-қиыры жоқтың шегі, шексіздіктің шекарасы. Бірақ тағамның өзі — әрине, іштей өзімен шектелген. Жолаушы тағы да таңғала: — Тағам туралы сен қайдан білесің? — деп сұрайды. — Мен бұл әлемнің Аспазшысы болғанмын. Шөлі мен аштығын қандырып болған соң, Жолаушы өзінің киіміне назар аударды. Ол ескірген әрі жыртық еді. Ол өзінің сыртқы түрінен ұялды. Оны Жиһанкез байқап: — Өз киіміңнен саған ұялудың еш қажеті жоқ. Киім — біріңғай пайда болу мен жойылу процесінің жәй бір бөлшегі ғана. Өз киіміңнің назына жорғалаудан асқан ақымақтық жоқ. Өйткені оның бар мәні, сені өзінің тар кеңістігіне құлыптап, сені әлемнен алшақтатып, өзіңді осы иеліктен болған күмәндер мен қорқыныштарға батыру ғана. Ол сені өзінің формасы мен сыртқы иллюзиясы үшін өмір сүруге итермелейді, басқалар үшін жасанды көрініс жасап, ол туралы (киім) көп ойлауға тартады. Өйткені, әр форманың өз ережесі бар. Ал ереже — жәй ғана қарама-қайшылықтар жиынтығы. Сенің киіміңнің шегі бар. Ол тозады. Ал сен оны кимеуге еркінсің. Бірақ бірін тоздырсаң, сен басқа киімді киесің. Дегенмен, шекті бұзбай, шексіздікті қуу зардапты (гибельно, апатты). Жолаушы таңғала: — Киім туралы мұның барлығын сен қайдан білесің? — деп сұрайды. — Мен бұл әлемнің Тігіншісі болғанмын, — деген жауапты естиді. Жолаушы айналасына қарап: — Айтшы, мен бұл жерге қалай келдім? — деп сұрайды. — Сен келдің, — деген жауапты естиді. — Бірақ, менің жадымда тек ыстық пен құм ғана. — Ал сен не көрдің? Жолаушы есіне түсіре бастады: — Мен жел қуған қураған тікенекті қаңбақты көрдім. Ол құмға өз ізін қалдырды. Ол маған жол көрсетеді деп ойлап, артынан жүрдім. Бірақ жел оның бағытын өзгертті. Мен қайтып келдім. Және мен өлі тікенекті қаңбақтың артынан жүгірудің еш мәні жоқ деп ойладым, өйткені ол өлі. Бірақ мен оны қолыма алған кезде, тікенегі қолыма шаншылды. Тіпті өлі болса да, ауыртуын жалғастыра берді. — Сен, тікенегінен басқа қоршайтын ештеңесі жоқ, өліні кездестірдің. Өлі, өліні қорғайды. Өлі өмір бар екен деп тіріге айналып кетпейді, ал тірі өлім бар екен деп өліге айналмайды. Және өлім де өмір де бір нәрсеге тәуелді, оларды біріктіретін бір нәрсе бар, — деді Жиһанкез. Жолаушы сөзін жалғастырды: — Мен үлкен құсты көрдім. Ол биікте самғады. Ол мені тыныштық пен азаптан құтқаратын жерге апарады деп ойлап, артынан жүгірдім. Мен оның самғауын мадақтап, өзімді армандаумен жұбаттым. Бірақ ол мені өзі секілді өлексе жеген бір топ құстарға әкелді. Жиһанкез: — Сенен өзінің болашақ азығын көргенді мадақтау ақымақтық. Сені оның биік самғауы қызықтырды. Және сен өзіңнің пайдаңды ойлап, оның артынан ердің. Бірақ құстың самғаудағы ниеті басқада болды. Шөл дала биігінде ұшса да, ол оның құрбандарын қорек етті. Өлексемен қоректенген құс «азығының» өзгерісінен азап шекпейді. Өйткені оның болмысы шірік (шіріген). Сен өзіңді-өзің алдадың. Бірақ сенің шындығың да иллюзия. Үлкен құс заттардың шын мәні алдындағы жәй ғана көлеңке. Ал заттар формасыз туындап, Мәңгілікке (Құрдымға, Низменное) қайта оралады, — деді. Жолаушы: — Мен жыланды көрдім. Жыланнан тыныштықты сезіндім. Одан салқындық есіп тұрды. Мен жылан қайнар бұлақ көзін білетін шығар деп ойладым. Артынан жүрдім. Бірақ жылан маған бұрылды. Және мен оның уға толы тістерін көрдім. Қорыққаннан тәнім дірілдеп, ол жерден басым ауған жаққа қаштым. Ал мен тәнімді өзім деп ойлаған едім. Мен жыланды жоғалтып алдым, бірақ сонда да бар уақытымда оны ойлаумен болдым, — деді. — Егер, кім сыртқа иек артса, ол тек болжам жасай алады. Ал егер, ішкі жан дүниесіне сенім артса — ақиқат білімге ие болады, — деді Жиһанкез. — Тәннің аты тән. Оның бар мәні шаң-тозаң ғана. Ал сенің мәңгіліктің Даналығын алуға мүмкіндігің болды. Бір қадам жасасаң саған жеткілікті болатын еді. Бірақ тәннің өлімнен қорқынышы күштірек болып шықты. Тән қашып кетті. Ал сен жабырқап қалдың (мұңда қалдың), өйткені Рух әрдайым мәңгілікке ұмтылады. Мәңгіліктің Даналығына тәннің билігімен жетуге болмайды, себебі ол оны ақымақтыққа айналдырып жібереді. Қорқыныштан қашу — құтқарылу дегенді білдірмейді. Өз бойыңдағы қорқынышыңды өлтіру (немесе жеңу) — кемелдікке жету. Ал кемелдікке жету, шегіне (грань) қадам жасауға мүмкіндік береді. Өйткені тек шегінде (грань) ғана Даналықтың қайнар көзін ұғынасың. Жолаушы әрі қарай есіне түсірді: — Мен кесірткені көрдім. Бұл жыланның елесі шығар деп ойладым. Маған кесірткеден самал ескендей көрінді. Мен оған жетуге тырыстым. Бірақ оның жүгірісі епті әрі тез болды. Ол құмға сіңіп жоқ болды, мен оны таба алмадым. Бірақ бұл менің көңіл-күйімді түсірген жоқ. Себебі ол жылан емес, жәй ғана кесіртке еді. — Даналыққа ұқсаған елес, жәй ғана Даналық секілді көрінеді. Бос бекершілік — дүрбелеңнің басы. Басқалар алдында мақтану үшін Кемеңгер болып көрінгісі келген адам, атақ-даңты армандап, жалғыздыққа қайғылы шауып (немесе жүгіріп) барады. Бірақ оның мәні Тәкәппарлық (Эго) қауызындағы бостық қана (пустота, мағынасыздық). Білімсіздіктен білім келген кезде, сұрақтардың шегі болмайды, — деп Жиһанкез байқампаздықпен айтты. Жолаушы: — Мен күнді, шексіз аспан кеңдігін, шөл даланың шексіз кұм шағылдарын (барханы) көрдім. Көптеген сан-алуан құм түйіршіктерін көрдім. Бірақ жалпылай алғанда олар білінген жоқ. Олардың бағытын жел анықтады, — деді. Бұл сөздерге Жиһанкез: — Аспан мен күн өз өзгерістерін жасауда. Олар, барлық тірі тіршілік өз табиғатымен жүру үшін, барлығын түрлендіруге қуатты. Аспан мен күн толықты еселеп, босты құртады. Шөл дала тыныштықта қозғалыс жасайды. Ол өлі, бірақ тірілерді өзінің иллюзиясымен алдау үшін, сағымдар (миражи) тудыруға қабілетті. Шөл дала барды жоқ етіп, босты толтырады. Құм түйіршіктерінің көбісі құм қозғалысы артынан жүреді, сондықтан табиғат күші олардың бағытын анықтайды, — деп жауап берді. — Мен де өзімді осы құм түйіршіктері секілдімін деп ойладым. Себебі өзімнің кім екенімді білмеймін. Бірақ мен бар болсам, демек мені Біреудің Жаратқаны. Ал егер мені Біреу жаратқан болса, бұл Оның қалауы. Ендеше бұл жерде қаңғырып жүруім (скитания), Оның жоспарының бір бөлшегі ғана. Егер мен өлсем, онда не өзгереді? Себебі бұл құм түйіршіктеріне менің өмірім қажет емес. Ендеше Ол мені не үшін жаратты? — деді Жолаушы. — Сенің Адам болуың үшін, — деген жауап естілді. — Адам болу үшін?! — деп Жолаушы таңғалды. Бірақ менің өмірім деген не? (Но что есть моя жизнь?) Жиһанкез болса: — Құмға түскен тас — құм сыбдыры. Толқындар екпіні — құм сыбдыры. Сенің қарқынды жүгірісің, Құмдағы басқан ізің — құм сыбдыры. Өмір — бұл жай ғана қадам, Ал ондағы жылдарың — құм сыбдыры, — деп өлеңдетті. Жолаушы ойланды да: — Бұл нені білдіреді? — деп сұрады. — Сен, өзіңе туғаннан бастап берілген жерге келдің, — деді Жиһанкез. — Өзіңнің табиғатыңа ыңғайлы болып жетілдің. Сенің тағдырыңа айналған, кемелдікке жеттің. Және саған өлім жететін жерге кетесің. Өлім жәй ғана өмірдің бастауы. Өмір жәй ғана Өлімнің ізбасары. Өмірдің келуін жоққа шығара алмайсың. Ал оның кетуін тоқтату мүмкін емес. Жолаушы үнсіз қалды да, кейін қуанған үнімен: — Адам болу үшін?! Есіме түсті! Мен Адам болудың жолын іздедім! — деді. Жиһанкез оған: — Сен жәй ғана басқаның жолын іздедің, бірақ өз жолыңды емес. Басқаның ізі өзіңдікіне ұқсамайды. Іздер басқан жерде ғана қалады. Бірақ олар, ізді тастағандардың өзі емес. Бөтен ізбен жүріп, сен ішкі мән-мағынасын білмей, сыртқы бейнесін қудың. Бірақ әркім өзінің шын ұмтылысына сай, өзіне жол төсейді. Жаңа Жолаушы өткеннің қателігін жасамас үшін, уақыт өте шөл дала іздерді құмдарымен жабады. Міне, сондықтан өз тәжірибең маңызды. Адам болу үшін өз жолыңды жасауың қажет. Шексіз шөл далада адам табаны болмашы орынды алады. Бірақ осыған қарамастан, әлі ешкім жүріп көрмеген жерге табанын тигізе алады. Әлі ешкім өтпеген жерге жету арқылы, адам алысқа кетіп үлкен құндылыққа ие бола алады (обрести большее). Санасының тану көкжиегі үлкен емес, бірақ Адам Беймәлімге сеніп (Белгісіздіке, Неведомо), өзін Жаратқанға (осы өмірге әкелгенге) дейін жете алады. Жолаушы: — Ал мені жаратқан кім? — деп сұрайды. Жиһанкез: — Оны сезінуге болады, бірақ жеткізу мүмкін емес. Оған жетуге болады, бірақ толық білу (немесе ұғыну) мүмкін емес. Оны Жақсы көруге болады (Сүюге), бірақ құшақтай алмайсың (объять). Басында Оны түсінуге болады, бірақ соңына дейін Тану мүмкін емес. Өйткені Ол, барлығын жаратушы. Өйткені Ол өзінің Еркімен Жаратушы. — Ол туралы сен қайдан білесің? — деп таңғалды Жолаушы. — Мен Оның даусы мен естушісімін, — деген жауапты естиді. — Бірақ сен кімсің? Маған өз есіміңді ата (немесе айт). — Есім — жәй ғана киімнің көлеңкесі, бірақ ол менде көп. Ал Болмысым жалғыз — Бодхисатва». 7 Сэнсэй бізге бұл аңызды айтып бергеннен кейін, біздер жүрісімізді үнсіз жалғастырдық. Басқаларының да естігендерінен мен секілді қатты әсер алып, бірінші кезекте өмір жолдарындағы өз таңдауын іштей түсінуге тырысып жатқандары анық еді. Және біздер лагерге жеткен кезде, Андрей Сэнсэйден: — Ал Бодхисатвалар тек Шығысқа ғана келеді ме? — деп сұрады. Сэнсэй күліп: — Олай емес, олар барлық жерде болады, оның ішінде Орыс (Русь) елі де бар, — деп жауап берді. — Солай ма? — деп таңғалды Андрей. — Орыс (Русь) елінде? Демек орыс бодхилары болғаны ма? Бұл туралы ешқашан естіген емеспін. Сэнсэй айтып берші... Бұл туралы толығырақ естуге құштарланғандай, барлығы тіріліп сала берді. Бірақ Сэнсэй біздерді қарсы алуға шыққан лагеріміздің «күзетшілеріне» қарап: — Кейінірек, кешкісін... — деп жауап берді. «Кешкісін, болса кешкісін», — деп ойладым да, қолын маған бұлғап тұрған Татьянаға қарадым. Лагерде бізді біраз күтіп қалған екен. Пакеттерді босатып жатып, біздер лагерде қалған балаларға өзіміздің, ал олар өздерінің қызықты оқиғаларын айтып жатты. Менің достарымда бұл жерде еш зерікпеген екен. Біздің «күзетшілеріміз» дем аламыз деп шешкен кезде, «жемге тойған» шағалалар екінші рет ойран салуға тырысқан. Костя өзіне боянған үндістің келбетін жасап, Юрамен бірге қалай болғанда да ең болмаса бір «жабайы» құсты ұстап, «басқаларына сабақ болу үшін, есеп айырысуды» көрсетеміз деп шешкен. Олар өздері ойлағандай жағаға жақын маңдағы қамыс арасына «торуыл» (засаду) құрған. Бірақ бұл істерінен тек екі қалалық бозбаланың өздерінің кенеттен бақыруларымен, құтырған айқайлары, сұмдық бұрылыстарымен (виражи) атып шығып, жағалаумен қорыққан қанаттыларды қуып, «асыл құсты» инфарктіге жеткізуге аз-ақ қалған күлкүлі әңгіме ғана шыққан. Осылайша жабайы табиғатта біздің «үндістер» өздерінің «өркениетті тайталастарымен», құс қауырсыны мен тезегінен (помет) басқа, Костя айтпақшы «ештеңе ала алмаған». Түскі асты ішіп болған соң, біздер су кеңістігіне асыр салуға кеттік. Ойынымыз қанғанша су полосын, яғни ватерпол ойнадық. Және біздің тобымыздың жартысы тәндерін құмда қыздырып жатқан кезде, Стас пен Женька аквалангпен жүземіз деп шешті. Бірақ олардың әйтеуір бір шаруалары үйлеспей, аквалангты қоя тұрып, баяғы ескі тәсілмен, жағалаудан ұзақ емес жерге маска және су түтікшесімен сүңгуді ойластырды. Костя мен Андрей өз күштерін алыс жүзуге байқап көрді. Ал Татьяна екеуміз таяз суда тырбаңдаумен болдық. Біздің қорқақ әйелдік табиғатымыз үшін «суда жүзу» жақсы болды, тек қайта-қайта аяғымыз теңіз түбін сезінетін болса ғана. Дәл осы сәтте, Андрей мен Костя жағадан біршама ұзаған кезде, құмда қыздырынып жатқан Слава, бәріміз үшін кенеттен айқайлап, қолын бұлғай бастады: — Акулалар! Акулалар! — Осыншама неге айқайлайсың? — деп алыс емес жерде құмда қыздырынып жатқан Руслан әзілдеп наразылығын танытты. — Олар сенің алдауыңа түспейді. — Шын айтып тұрмын, акулалар, өзің қара! — деп Слава тұншыға (взахлёб) айқайлады. Слава шыныменде қорыққандай көрінді. Татьяна екеуміз әпсәтте тігімізден тұрып, аяғымыздың астындағы құтқарушы түпті сезініп, теңіз жаққа мойнымызды созып қарай бастадық. Бірақ қауіпті ешнәрсе байқамаған соң, қайтадан назарымызды алаңдап тұрған Славаға қарай аудардық. Құмда қыздырынып жатқан Володя мен Виктор, күлкілерін еш жасырмастан, орындарынан тұрып алысқа (көкжиекке) қарады. — Сен не, Слава? — деді күлген Володя. — Бұл теңізде қайдан акулалар болады? Бұл тіпті теңіз емес, жәй ғана, шалшық. Айналада тіпті дұрыс балықты кездестірмейсің, жыртқышың бұл жерде қайдан болсын? — Шын айтамын, акулалар! Шын айтамын, акулалар! — деп Слава аккордтағы тозығы жеткен пластина секілді қайталай берді. — Әнекей, қараңдар! Қараңдар! Осы кезде Слава көрсеткен бағытқа қарай қараған мен, шыныменде алыстан жағалауға қарай екі арқа жүзбе қанаттың (плавник), толқындар арасында біресе көрініп, біресе жоғалып қарқынды келе жатқанын байқадым. Олар, Славаның айқайына еш мән бермей, қауіпті еш байқамастан суда еркін жүзіп жүрген Андрей мен Костяға қарай бағыт алып қозғалып бара жатты. Бірақ Татьяна екеуміз қорыққанымыздан, өзіміздің ащы әйел дауыстарымызбен үлкен «дабылды» (сирену) көтерген кезде, Костя мен Андрей абыржығаннан айналасына мойындарын бұрып көз салып, біздің үрейіміздің себебін іздеумен болды. Андрей бірінші болып өздеріне келе жатқан жүзбеқанатты (плавник) көріп, бірден жағаға қарай жүзіп кетті. Ал Костя, қауіптің қайдан шыққанын білмегені айдан-анық, бірақ тағдырыңды сынама демекші, ол да Андрейді қуып жетуге асықты. Қатты айқай барлық тобымызды дүрліктірді. Және біздердің өзін-өзі сақтау инстинктіміз судан қашуды бұйырған кезде, Сэнсэй мен үлкен балалар керісінше, ішкі дабылды елемей, алысқа қарап, асығыс суға түсе бастады. Ал біздер оларға, «қауіпсіз аймаққа» жүгіріп жеткеннен кейін тоқтадық. Суда жолдастарымыз тұрған кезде, мүлдем судан шығып кету ұят еді. Сэнсэй, басында барлығынан озып, кейін жүрісін бәсеңдетті. Және бізге қарап, күлімдеп: — Ай, байбаламшылар (паникёры). Бұлар дельфиндер емес пе! — Дельфиндер?! — деп біздер қатты таңғалдық та, қайтадан жақындаған үшбұрышты жүзбеқанаттарға қарай бастадық. Сэнсэй күлімсіреп күтпеген қонақтарға қарай қозғалды. Костя мен Андрей «өздеріне асыққан» Сэнсэйді байқағаны анық, аяқ-қолдарын барынша сермеп, жүзулерін одан сайын күшейтіп, қастарынан (немесе жандарынан) оқтай зымырап өтіп кетті. Дегенмен, олар жүзген судың тереңдігі белге дейін ғана еді. Тек қолдары мен аяқтары таяз судың түбіндегі құмды «тырмалай» бастаған кезде ғана, денелерін тігінен тұрғыза бастады. Шошынулары әлі басылмағандай, олар тез көтерілді де, жағаға қарай жүгіруге ұмтылғалы тұрғанда, арттарынан біздің тобымыздың күлкісін естіді. — Ал сіздер неге тұрсыздар?! — деп Андрей бетінен суды сүртіп, біздердің неліктен әлі жағада тұрмағанымызды түсінбей, абдырай сөйледі. Сэнсэй терең суға әрмен қарай баруын жалғастыра бергенде, жігіт одан сайын таңғалды. — Ал біздер, жеуге жарамсызбыз, — деп Женька су маскасын шешіп, бәріміз үшін жауап берді. — Біздердің күлкі коэффицентіміз жоғары (коэффициент смехотворности). Сіңімді емеспіз. Біз секілділерден іші түйіліп қалуы мүмкін. Бұл теңіз кірпісін жұтып, іштегі шаншылған инесінен өмір бойы қиналумен бірдей. — Біздер де жеуге жарамсыз едік, — деп Андрей жігіттерге жақындап, өз-өзіне келе бастады. — Қара, қандай қу сүйек, — деп дірілдеп тұрған Костяны көрсетті. — Э, жоқ. Мен сендерді қандай жылдамдықпен қуғанын көрдім. Ол нені білдіреді? Демек бұл мәселеде жыртқыштардың гастрономиялық критерийлері, сендердің өздерің туралы ойларыңмен мүлдем сәйкес келмейтіні анық, — деп Женька наразылығын айтты. Біздер күлдік. Қайғылы жігіттер біздерге қосылып, өздерінің марш-шеруі (марш-бросок) кезінде ненің өзгергенін түсінуге тырысты. Және оларға бұлардың дельфиндер екенін түсіндірген кезде, олар біздерден кем таңғалған жоқ. — Ал олар артымыздан неліктен осыншама тез қуды? — деп Костя әлі де тістері жеңіл діріл қағып сұрады. — Ал сен неге олардан қаштың? — деп өз кезегінде Виктор олардан күлкімен сұрады. — Олар қуды, сондықтан біздер қаштық. — Олар мүмкін, сенімен ойнағысы келген шығар, — деп Стас өз «нұсқасын» айтты. — Жақсы ойын. Менің тізе буындарым (поджилки) әлі қалтырап тұр. — Ал сен, олар осы ара-қашықтықты сендер үшін жүзіп келді деген ойды қайдан шығардыңдар, — деді, Сэнсэйді бақылап тұрған Володя. Біздер әзілдеуімізді тоқтатып, жасырылмас қызығушылықпен назарымызды Сэнсэйге аудардық. Бүйірлері контрасты қара-ақ жолақтары бар қара дельфиндер жұбы, қатты жылдамдықпен жүзіп келе жатса да, Сэнсэйге бірнеше метр ғана қалған кезде, лезде тоқтады. Сэнсэй де қатып қалғандай. Бұл кезде су оның кеудесіне дейін жетіп қалған. Дельфиндердің бірі басын судан күлкілі шығарып, адам секілді басын изеп, аузын ашып, сылдырмақпен аралас шәуілдегендей күлкілі дыбыстар шығарды. Кішірек болған екінші дельфин өзін жасқаншақ ұстады. Ол Сэнсэйге жанымен тұрып, оны мұқият зерттегендей көзін алмастан қараумен болды. Сэнсэй белгілі бір такт шығарғандай, абайлап суды шылпытты (немесе ұрды). Бірінші дельфин дауыс шығаруын тоқтатты да, қызығушылықпен тұмсығын еңкейтті. Бұның оған ұнағаны анық, себебі ол суға сүңгіді де, Сэнсэйдің қол жетім жеріне қалқып шықты. Сэнсэй алақанын баяу тигізіп, жануардың маңдай тұсынан жұмсақ сипады. Дельфин одан сайын жақын жүзіп, сипату үшін тұмсығын батыл жақындата бастады. Бірақ оның орнына Сэнсэй, алақанына аздап су толтырып, жануарға ойнағандай шашыратып жіберді. Дельфин көңілді «шиқылдап», су астына сүңгіп, қашып кетті. Бірнеше сәттен кейін, кенеттен құйрығын Сэнсэйдің артынан лақтырып жіберді де, фонтанша шашыратып, шуылымен суды ұрып жіберді. Ал кейін Сэнсэймен бірге, қуушының рөлі біріншісінен екіншісіне өткен, тұтас бір «қуыспақ» ойыны басталды. Бұл ойынға екінші дельфин де тез қосылды. Бұл судағы ойынға қарап, осындай жылы шырайлы (немесе достық ниеттегі) жануарларға деген қорқынышымыз сиіле бастады. Бұл ойынға қатысуға (немесе кірісуге) деген құмарлығымыз күшейіп, біздер Сэнсэйге жақындай бастадық. Бірақ, шынымды айтсам, басында бұл теңіз жануарларына біршама сақтықпен қарадық. Осындай қуатты «тәндердің» қасымызда жүзуі еш қалжың емес еді. Және жәй ғана «тән» емес, ақылы (интеллектісі) біршама дамыған тіршілік иелері. Егер Сэнсэйдің дельфин миы шамамен 1800 грамм болады деген сөздерін ескеретін болсақ, демек миы кейбір адамдарға қарағанда үлкен. Ендеше біздің планетамызда, біздің заманда, біздермен қатар өз өмірлерін сүріп жатқан, басқа әлемнен келушілер емей немене? Дегенмен, олардың «мәңгілік» ақжарқын күлкілеріне, аздап сығырайған көңілді көздеріне қарап, олардың саған зиян тигізетініне сену қиын. Дельфиндер біздерді қоршап алды. Және олар жабайы табиғаттың өкілдері болса да, бір қызығы біздерден қорықпады. Тіпті өздерін «сипауға» мүмкіндік берді, бірақ тек біздермен бірге Сэнсэй болған кезде ғана. Және «қуыспақ» ойыны арасындағы үзілістерде, тек кей кездері ғана біздерге өздеріне жақындауға «рұқсат» берсе, ал Сэнсэйге өздерінің бауырын «сипауға» қуана-қуана ұсынды, әсіресе ішіндегі ірілеу дельфині. Айтпақшы арамыздан бірінші болып Николай Андреевич дельфиннің басынан сәл төмен, денесінің бүйіріндегі жазылған жара орнын байқады. Және біздер таңертеңгісін теңізге «жерлеген» (немесе көмген) дельфинің жарасымен дәлме-дәл ұқсас болып шықты. — О! Шыныменде бұл біздің танысымыз ба? — деп бұл «ұқсастықты» тапқан Николай Андреевич Сэнсэйге таңырқай қарады. Сэнсэй жәй ғана жұмбақ күлімсіреді. — Жоға, бұл басқа дельфин, — деп Руслан күмәндана айтты. — Жара осыншалықты тез жазылады ма? — Кім біледі? — деп психотерапевт иығын көтеріп, Сэнсэйге қарап қулана жымиды. — Бұл ерекше жер... Себебі әлгі дельфиннің де дәл сол бүйірінде көп уақыт бұрын жазылған тыртықтары (шрамы) болды емес пе. Мінекей, қара... Жануар денесінің қара жоғарғы бөлігінде үлкен тарақ тістерінен қалғандай ақ жолақтар айқын көрінеді. — Дәл, біздің дельфин! — деп Володя риза болғандай күліп жіберді. — Ұрыскер (Бойцовый)! Мен де бұл іздерді байқадым. — Оған бұлай істеген балықшылар ма? — деп мен Сэнсэйден сұрадым. — Жоқ, бұл үйірлестерінің тістерінің ізі. Бұл өзі жас кезінде өзінің қыңыр мінезін көрсеткен. — Олай болуы мүмкін емес, бұл ол дельфин емес, — деп Руслан бізден гөрі өзін сендіргісі келгендей. — Тек жәй ғана бұл дельфиндердің «ұсқындары» (жүздері) бірдей. — Ренжітесің, — деп Сэнсэй күлімдеп наразылық білдірді. — Бұл тек мұқият қарамаған адам үшін дельфиндер, барлығы жаңадан шақырылғандай (новобранцы), жүздері бірдей көрінеді. Ал шындығында дельфиндерде де, адамдар секілді бірдей физиономия жоқ. Әр қайсысы өзінше ерекше, бір-бірінен тұмсықтарының өзгешелігімен, дене бітімі және жүзбе қанаттарының формасымен (плавник) өзгешеленеді. — Солай ма? — деп Руслан дельфинді «мұқият» қарауға тырысты. Бұл кезде арамыздағы біреудің ойына доп алып келу келе қалыпты. Бұл ойын сүйгіш дельфиндерге ұнағаны соншалықты, допқа иелік ету үшін үлкен жанжал (потасовка) басталғандай. Және кейбір күлкілі жағдайлар орын алды. Әсіресе Женькаға оңай тимеді. «Таңбалы» дельфин бірінші «телепатиялық тексеріс» кезінде-ақ жігітті біртүрлі жақтырмады. Және қалған басқа кездерде де, жігітке азда болса қиындықтар жасаумен болды. Ол біресе Женькаға су шашырату үшін әдейі құйрығымен алдында суды ұрғыласа, жігіт Сэнсэйге жақындаған кезде, әлгі дельфин Женьканы «сүзіп», Сэнсэйден алыстатуға тырысты. Бұған жігіт: — Сэнсэй не үшін ол маған соншалықты қырын қарайды? — деп наразы болды. — Енді қалай? — деп қасында жүзіп жүрген Николай Андреевич күлді. — Сен оны құмға тірілей көмгің келді емес пе? — Мен?! — деп Женька жүзін еш жазықсыз түрге айналдырып. — Сіздер не?! Мен табиғатты жақсы көремін... — Бұл кезде дельфиндер Женькадан алыс емес жерде судан секіріп, шуылмен қайтадан суға сүңгіп, Женьканың басын үлкен су толқынымен жауып кетті. Осы сәтте күтпеген душқа түсудегі жігіттің жүзін көру керек еді. Бұл Женьканың басынан аяғына дейін әдейі түкіргендей көрінді. Жігіт өз әңгімесін жүрегінде аяқтап, сүңгіген дельфиндердің артынан айқайлады: — Мен айтып тұрмын, табиғатты жақсы көремін деп!.. — Және бетінен суды сүртіп: — Енді кейбіреулерін есептемегенде, жақсы көремін, — деп қосты. Балалардың барлығы күлді, ал Сэнсэй күлімдеп: — Байқа, дельфиндер пілдер секілді ұзаққа дейін ренішті ұмытпайды, — деп ескертті. Бірақ Женька дельфиндерден допты тартып алып, оларды мазақ еткісі келген, доп шаруасына келген кезде, «Таңбаланған» тіпті қорқынышты тұрысқа тұрды. Дельфин басын жан-жағына желіге шайқап, жағын (немесе аузын) кең ашып, жолбарыстан кем емес өткір тістерін (конические) көрсетті. Кейін лезде тістерін бір-біріне соғып сықырлатты. Бұл ешқандай жақсылықтың нышаны емес еді. Жігіт дельфиннің шыдамын ендігі сынағысы келмегендей сол бойда қолынан допты тастап, жағаға қарай тезірек жүзіп кетті. Ал артынан, Женьканың дельфиндер алдында байқаусызда шығарып қалған сықақтаған күлкісіне ұқсас жағымсыз дыбыстар естілді. Біз тіпті дельфиндердің осындай қызықты «күлкісін» өз құлағымызбен естігенімізге сенбедік. Бұған жауап ретінде Сэнсэй, дельфиндер әртүрлі дыбыстарды көшіре алатынын айтып берді. Шыныменде, біздер олармен бірге жүзген кезде: майланбаған қақпаның дыбысынан бастап, адамның күлкісіне ұқсас, тіпті масаның ызыңына дейінгі әртүрлі естімеген дыбысымыз қалмады. Ұзақ жүзуден шаршаған біздер, Сэнсэйдің артынан судан шықтық. Ал дельфиндер доп артынан қуып, оны жағадан барған сайын алыстатып, ойнауларын жалғастыра берді. Біздер бұған қолымызды сілтеп, естелікке өзіміздің кішкене сыйлығымызды қалдыруды шештік. Осылайша олар доппен бірге ашық теңізге жүзіп кетті. 8 Осындай күтпеген оқиғаларға толы күн, бізде әлі ешқашан болып көрмеген. Судағы күшті «дене жаттығуларынан» кейін, біздер терең ұйқыға кеттік. Тек күн көкжиекке түскен кезде ғана, кешкісін ұйқыдан бір-ақ ояндық. Әйтеуір күннің ыстығы қайтыпты. Айналаға тыныштық орнаған. Теңіз тып-тыныш. Рахаттану ғана қалып тұр. Ұйқыдан бірінші оянғандар, кешкі отқа бұта-шыбықтарды жинады. Кейін барлығы жұмыла (тату) кешкі асты дайындауға кірісті. Және өздерінің тұрмыс-тіршіліктерін бітіріп, от жанындағы сүйікті шай ішулеріне жайғасқан кезде, аспанда алғашқы жұлдыздар пайда бола бастады. Біздер соншалықты қызықты, әрі жанымызға сондай жағымды Сэнсэйдің әңгімелерін күтіп, жақын достық шеңберінде қуана отырмыз. Басында тұрмыс-тіршілік тақырыптарында әңгімелесіп, бірінші болып Володя әңгіме ағынын «мәңгілік тақырыптарға» қарай ауыстырды. — Сэнсэй, сен бізге орыс бодхиы туралы айтуға уәде бергенсің, — деді ол. — Уәденің аты уәде — деді де, Сэнсэй кішкене үнсіздіктен кейін: — Есімі Агапит деп аталатын әулие туралы естулеріңіз бар ма?! — деп сұрады. Араларымыздағы кейбіреулеріміз білмейтіндерін айтып бастарын шайқады. — Жоқ, — деп бәріміз үшін Виктор жауап берді. Ал маған неге екенін қайдам Агапит есімі таныс болып көрінді. Және мен қай жерден естуім мүмкін екендігін (әрі жақында ғана) түсіну үшін жадымды қинай бастадым. — Агапит, Агапит, — деп Николай Андреевичте бір нәрсені есіне түсіргендей ойлана айтты. — Бір минут... Ал бұл кездейсоқ ежелгі медицинаға қандай да бір қатысы бар емес пе? — Ежелгі орыс медицинасына, — деп Сэнсэй нақтылады. Ол XI ғасырда адамдарды емдеген Киев-Печерск ғибадатханасының атақты пірәдары (выдающийся монах Киево-Печерского монастыря, врачевавший в XI веке). Бірақ бұл оның өмірбаянындағы ең бастысы емес. Сэнсэй темекісін тұтатып, үнсіз қалды. Осы кезде бұл есімді қайдан естігенім ойыма түсе қалды. Агапит туралы менің көкемнің танысы айтқан. Мәскеу клиникасында тексерістен өтіп жатқан кезімде, анам екеуміз Мәскеудегі Витя көкеме қонаққа барғанбыз. — Мен оның кім екенін білемін! — деп, достарымның көбін таңғалдыра, қуана айттым. — Менің Мәскеудегі көкемнің жақсы танысы бар, ол Печерсктегі әулие мүрделерін (мощи) зерттейтін ғылыми топтың ғалымы. Ол бізге әртүрлі биохимиялық, рентгенологиялық, бактериологиялық және... ғылыми қалай аталатынын білмеймін тағыда басқа тәжірибелер жасағанын айтқан... Қысқасы, адамның сырт келбеті мен құрылымын сүйегі арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік беретін зерттеудің бір түрі ... — Морфологиялық және антропометриялық (Морфологические и антропометрические), — деп Николай Андреевич сыбырлады. — Дәл, — деп, Николай Андреевичке көмекке жүгінгендей айттым да: — Және тағы да, кімнің немен ауырғанын білген кезде... — Этиологиялық (Этиологические). — Иә, — деп басымды изедім. — Сонымен осы зерттеулердің арқасында, Жақын үңгірдегі (Ближних пещер) кейбір Печерск әулиелерінің (Печерских святых), оның ішінде Агапитте бар шын бет-әлпеттерін қалпына келтірген. Және оның мүрдесі (мощи) ғалымдар арасында үлкен шу тудырған. Ал барлығы ғалымдар Агапит мүрдесінің түсініксіз фонды немесе өрісті, жалпы алғанда, белгісіз энергия түрін шығаратындығын анықтаған кезде басталған. Кейін әртүрлі тәжірибелер жасалған. Сонымен әулие мүрдесінің жанында су құрылымы (структура) өзгерген, өсімдіктер өсуін жылдамдатқан, тіпті кейін төзімді әрі «сау болып» өскен. Радиацияның әсерінен кейбір қорғаныш сипаттамалары да анықталған. Тіпті мүрде орналасқан бөлмеде де, ауаға өте күшті бактериологиялық әсер ететіндігі анықталған. Агапит мүрдесінің жанында бірнеше уақыт тұрған жәй ғана судың өзі, өзінің құрылымын өзгерткен (свойства). Бұл су келесі тәжірибелерде, жануарлар мен адамдарға емдік әсер берген. Адамдардың әртүрлі аурулары кетіп, жаралары жазылуын тездеткен, ал сырқаттанған жануарлар сау қалыптарына тез оралған. Және ең бастысы, мүрде «фонының» түсініксіз цикльдік (немесе қайталану) сипатын анықтаған (цикличность «фона»). Белгілі бір күндерде бұл «өріс», күрт өсіп, көп есе күшейген. Жалпы, өзін тірі ағза секілді ұстаған... Мінекей! Сол кезде өзіме белгілі болған бар ақпаратты айтып, мен үнсіз қалдым. — Иә, керемет! — деді Андрей. Сэнсэй: — Ал сіздер қалай ойлап едіңіздер, Агапит Бодхисатва болған, — деді. — Тоқтай тұр, — деді психотерапевт, — ол христиан дініне тиесілі адам болды емес пе. Ал Бодхисатва — буддистік Шығыс секілді еді. — Мен саған бір кездері Бодхисатва сөзінің шын мәнін түсіндіргенмін, есіңде ме? Бұл сөз Шамбаладан келген. Бодхисатвада адам секілді Жаратушыға тиесілі. Ал сенімге бөлінген діндер — Жаратушы атымен саудаласқан, жәй ғана адамдардың бизнесі. — Жақсы. Ендеше басқа сұрақ. Егер Агапит бодхи болса, ендеше оның білім деңгейін ескере отырып... Жалпы, ендеше неліктен Ежелгі Орыс мемлекетінің бірінші рухани орталығы Киев-Печерск Лаврасының негізін қалаушы деп Агапитті емес, сол заманда өмір сүрген Антониды есептейді. Сэнсэй күліп жіберді. — Антоний Агапит заманында өмір сүрді деп айтсақ дұрысырақ болады... Ал сенің сұрағыңа келетін болсақ, сен кішкене бір бөлшекті ұмытып кеттің. Бодхисатвалар адамзат қоғамының көшбасшысы ретінде сирек әрекет етеді, әрине егер бұл Иса бодхи (пайғамбар) сияқты белгілі бір миссияға байланысты болмаса. Әдетте олардың шәкірттері мен ізбасарлары көшбасшы болады. Ал Бодхисатва қалың бұқара көзіне түспейді. — Неліктен? — деп таңғалды Татьяна. — Себебі Бодхисатваның адамзат ісіне араласпауын ескеретін болсақ, қоғамды жақсы жаққа, рухани бағытқа қалай өзгертуге болатыны туралы ақыл-кеңесін ғана айта алады. Ал өзгерістің өзі — адамдардың өз қалауы мен еңбегінде, яғни, мысалға оның шәкірттері мен ізбасарларының шаруасы. — Сенің сонда Антоний Агапиттің шәкірті болған деп айтқың келіп тұр ма? — деді Николай Андреевич түсінгендей. Сэнсэй басын изеді. Дәрігер ойланды да, кейін абдырай сұрады: — Ал Агапит Антонийдің шәкірті болған деген түсінік ше? Себебі бұл түсінік бір арқауға негізделген емес пе? — Сенің айтып тұрған «негізің», өз кезегінде «Отечник» секілді кітаптарға негізделген, шіркеудің жәй ғана нұсқасы... — «Отечник»? — деп Володя қайта сұрады. — Иә. Немесе оны басқаша «Киев-Печерск патериконы» («Киево-Печерский патерик») деп те атайды. Бұл Печерск әулие әкейлерінің өмірі мен қызметтері туралы XIII ғасырда жазылған кітап. Сонымен бірге Печерск ғибадатханасының пірәдары Нестор Летописецтің «Жития…» немесе оның сіздерге мектеп бағдарламасынан белгілі «Повесть временных лет» кітабы негізінде жазылған, — деп Сэнсэй үзіліс жасап, біздің жас тобымызға қарады да, жұмсақ үнімен: — Әрине егер сіздер қоңыраудан қоңырауды күтпей, сабақ оқысаңыздар, — деді. — Есімізде, есімізде, — деп Костя мақтанды. — Мен оның тіпті жазылған жылын да білемін, — деді де, — Иса туылғаннан кейінгі 1113–1115 жылдар, — деп сөзін нақтылады. Балалардың жүзіне күлкі үйірілді. — Дұрыс, — деді Сэнсэй. Яғни, сол оқиғалардан белгілі бір уақыт өткеннен кейін, сол кездегі мемлекеттегі саяси жағдайларға байланысты, сондай-ақ жоғары діни басшылардың таңдауы мен ұнатқанына байланысты жазылған. — Ал, иә, — деп Виктор күлкілі айтты. — Ол жерде кімнің дұрыс болғандығын анықтап көр. Біздің ортада айтпақшы, сотта бір жол-көлік оқиғасы бойынша екі куәгерді тыңдағаннан кейін, тарихшыларға сенуді қоясың. Біздер күлдік, ал Костя өз әзілін қосты. — Бірде Бернард Шоудан оның кезекті сөзінен кейін сұрапты: «Бұл туралы тарих не айтады деп? Ал ол: Тарих әдеттегідей өтірік айтады, мырза» деп жауап беріпті. — Енді бұлай қатты ойлаудың қажеті қанша? — деп Сэнсэй балалардың күлкісімен наразылық танытты. — Тек әрбір адам, өткенді сипаттай отырып, ең бірінші кезекте өзінің жеке көзқарасымен қарайды. Ал жеке көзқарасы, ең бірінші рухани деңгейіне және жеке қызығушылығына байланысты. Осыдан объективті бағалау зардап шегеді. Бір оқиғаны он адамға сипаттап беруге тапсырма берсең, әрқайсысы оны өзінше айтатынына сенімді бола бер. Мысалға, саясаткер оны өз уақытында болып жатқан оқиғалар тұрғысынан қалай тиімді деп санайтынын айтады. Дәрігер медициналық тұрғыдан сипаттайды. Ал қарапайым адам күнделікті дүниелік-тіршілік тұрғысынан, жеке өзіне қызықты сәттерге назарын аударып айтып береді. Осылайша әртүрлі тарих пайда болады. Бірақ кез-келген тарихтан, болып жатқан оқиғалардың шын мәнін іздеп табуға болады. Тамырына (тереңіне) үңілу керек деп айтпақшы. — Негізінде сенің айтқандарың дұрыс, — деп Николай Андреевич сөзіне келісті. — Көп жағдайларда қазіргі тарихқа деген көзқарасымыз біржақты. Ежелгі, ұмытылған тарихты айтпасақ та болады... — Ал егерде, өкінішке орай адамдардың өзгермегенін, дұрысында өзгеруді қаламайтынын ескеретін болсақ... — деп Сэнсэй көңілсіз айтты. — Сәйкесінше, тарих қайталанады, — деп Николай Андреевич ойын жалғастырғандай сөйледі. — Өкінішке орай. Сэнсэй жанған отқа ойлана қарады. Қысқа үнсіздік орнады. «Мэтрлер» арасындағы диалогқа өзіміздің сұрақтарымызбен кірісуге, біздердің батылымыз жетпеді. — Ал шыныменде мың жыл бұрын не болды? — деп Николай Андреевич қызыға сұрады. — Бұл әрине, ұзақ әңгіме (немесе тарих)... — Ал біздер асықпаймыз, — деп Володя бәріміз үшін жауап берді де, өз орнына ыңғайланып, әңгімені тыңдауға дайындалды. — Енді асықпасаңыздар, — деп Сэнсэй жауап берді де, — ендеше тыңдаңыздар... Бодхисатва Агапиттің орыс жеріне (немесе еліне) келу уақыты туралы тарихты, Антоний туралы әңгімеден бастағаным дұрысырақ шығар. Кейін неге екенін түсінесіздер... Жаздың жылы кеші. Айнала тұнған тыныштық. Теңіз толқындары жағаға әрең соғылады. Бізді өзінің бір қалыпты, әуезді шылпылымен уақыт туннельіне, сол баяғы алыс өткенге (шаққа) алып кетердей. Бір қызығы шын мәнінде, соншалықты алыс көрінбеді. — ... Антонийды пірәдарлықты қабылдағанша Антипия деп атаған. Ол Чернигов жерінде, Любеч қаласында 983 жылы, Орыс елінің шоқынуынан бес жыл бұрын, астанасын Киевті, Владимир I Святославовичтің басқарып тұрған заманында дүниеге келген. — Бұл кездейсоқ, орыс эпостарында Қызыл Күн (Красным Солнышком) деп аталған адам емес пе? — деп Костя өз сөзін қыстырды. — Дәл өзі, Ольга ханшайым мен Киев князі Игорьдің немересі, — деп Сэнсэй нақтылады да, сөзін әрмен жалғастырды: — Антипияның жастық шағы аласапыран заманға тұспа-тұс келеді. Ескі Орыс мемлекетінің құрылып, шығыс орыс тайпаларының бірігуі жүріп жатқан еді. Оңтүстігінде және батысында көрші мемлекеттермен соғыс жүріп жатты. Ол аз болғандай ішкі алауыздық пен әртүрлі діндер арасындағы дау-дамай өршіп тұрды. Бұл кезде, «жоғарыдағылардың нұсқауымен» ескі діндердің көптеген негіздерін (язычества) жаңа христиан канондарымен ауыстыру (немесе алмастыру) жүріп жатты. Және екі жағынан да іс «от пен қылышқа» дейін жетіп отырды. Қысқасы, кәдімгі хаос, болмаса бүгін біздерде айтқандай «өзгерістер кезіндегі бассыздық» деп айтуға болады («беспредел времён перемен»). — Иә, бұл кездерде дүниеге келуді жауыңа да тілемейсің, — деді Володя. — Дәл айттың. Бірақ бұл Антипияны айналып өтпеді... — Бәрімізді де, — деп Виктор сыбырлады. Сонымен Антипияның жастық шағы «көңілді» болды. Айналасында болып жатқан оқиғалар, оның барлығын түсінуге тек сырттай ғана емес, ең алдымен өз бойына үңілуге талпыныс жасай бастауына ықпал етті. Және жәй түсініп қана қоймай, ойлана талдауды қалады. Ол кездері көп адамдар Құдайға сенетін еді. Және ол да Құдайдың бар екенін сезді. Бірақ неліктен айналада осыншама зұлымдықтар (қараңғылық) болып жатыр (смута)? Неліктен Құдай осындай зұлымдыққа жол береді? Түсініксіз алауыздық, қажетсіз қантөгістер жүріп жатты. Адамдар, олардың балалары зардап шегіп жатты, ауру құтырып, кедейлік пен өлім көп болды. Антипияның әртүрлі діннің уағызшыларын тыңдауына мүмкіндігі болды. Және олардың барлығы да өз Құдайына сенуге, тек Оған құлшылық қылып, дұға етуге үйретті. Бірақ бұл жердегі парадокс, олар өздері айтқандарын, басқаларынан талап еткенді, өздері орындамады. Қылышпен келіп Құдай туралы айтқандарға, Антипияның сенімі болмады. Бірақ басқа жағынан: «егер жақсы көретін Құдай болса, неліктен айналада осыншама қайғы, мағынасыз көп қан төгілуде?» деген ойлар маза берген жоқ. Неліктен Құдай осыншама ауыр азаптарға жол береді? Сұрақтар өте көп болды, бірақ әдеттегідей көп ойлар ішінен бір дұрыс жауап шықпады. Бірақ бірде түнеуге қалған бір жиһанкезден (странник) өзіне өте қызықты әңгімені (тарихты) естиді. Әлгі жиһанкез Иса Мәсіх өмірі туралы айтып береді. Антипия қатты таңғалады. Себебі адамдар тіпті Құдай Ұлының өзін өлтірген болып шықты. Ендеше неліктен құдіретті күшті Жаратушы бұл адамдарды тоқтатпаған? Ұлы зұлымдардан азап шегіп, Оның тәні айқышта (на кресте) өлгелі жатқан кезде неліктен араласпаған? Бірақ Антипия шын мәнінде (ақиқатында) адамдардың таңдауында, әрбір адамның Жаратушы алдындағы таңдауында жатқанын түсінген кезде, айналада болып жатқан берекетсіздіктің (хаос) себебі Құдайда емес, адамдардың өздерінде, оның ішінде өзіне де байланысты екенін түсінді. Бұл түсінігі оның өмірге деген жеке көзқарасын қатты өзгерткені соншалықты, мың жыл бұрынғы өткен оқиғаларға ғана емес, қазіргі уақытқа да басқаша көзбен қарай бастады. Ол Исаны шын ниетімен кіршіксіз таза жақсы көрді, себебі ол өзінің азап шегуімен өзіне жақын болды. Антипия кіршіксіз таза ниетімен Құдайды шын жақсы көрді. Және Жаратушы алдында өзінің шын мәнінде кім екендігі туралы ойланды. Антипияны өмірде бар ғұмырын шын ниетімен Құдайға арнаған адамдардың болғаны таңғалдырды. Ол жиһанкезден алғаш рет Грек жеріндегі Афон тауында қасиетті мекен бар екенін естиді. Және ол жерде барлығынан өзгеше адамдар өмір сүреді-міс. Олар өз рухтарын құтқару дұғасы үшін, Құдай үшін, бұл тіршілік әлемін тастап, оқшауланады екен. Қара түсті киім киеді. Және үш қағиданы бекем ұстайды: мойынсұну, бойдақтық және байлықтан алшақ болу (И дают три обета: послушания, безбрачия и нестяжания). Және ол адамдарды «пірәдарлар» деп атайды (иноками). Және Антипияның «пірәдар» болуға ниеті оянып, Құдайға үздіксіз дұға етуді қалады. Ол Грек еліндегі, бөтен жердегі қасиетті тауға қалай баруды, Жаратушының естуі үшін қалай дұрыс дұға етуді білмеді. Сол кезде Антипия өзінің қарапайым сөздерімен, бірақ шын ниетімен өзіне, рухын құтқаруға жеткізетін шын дұғаға үйрететін дана тәлімгерді жолықтыруын Құдайдан сұрай бастайды. Және бұл тілегінің күшті болғаны соншалықты, шын жүрегімен Жаратушыға бір ай емес, тіпті бір жыл емес жалбарынумен болады, бұл туралы табандылықпен ойлағаны сонша, ақыр аяғында келесідегідей оқиға орын алады. Бұл ескі күнтізбе бойынша (Юлианскому календарю) он екінші ақпанның таңында, немесе жаңа күнтізбе бойынша (по Григорианскому календарю, по которому мы ведём ныне исчисление) жиырма бесінші ақпан күні, қыс мезгілінде орын алған. Сол түні ол Құдай туралы ойға батып ұйықтай алмаған. Осылайша өзінің ойына тереңдеген Антипия Жаратушыға, Әкесін жақсы көрген ұл секілді қолынан келгенінше рухын құтқаратын дұғасын айтып, жалбарынумен болады. Ол Жаратушыдан жердегі жалғанды емес, тек руханиятты ғана сұрау керектігін интуитивті (іштей) сезеді. Және шын ниетіңмен, жүрегіңдегі (немесе жаныңдағы) кіршіксіз таза сеніміңмен. Және Антипия кезекті рет Оған ойша жалбарынысына (дұғасына) үңілген кезде, кенеттен кеудесінде түсініксіз ыстық леп пайда болады. Ыстығы әр секунд сайын күшейгендей көрінеді. Ақыр аяғында күшейгені соншалықты, оған шыдау мүмкін болмайды. Антипия асығыс киініп, далаға шығады. Аязда өзін аздап жеңіл сезінгендей. Кештің өткір салқын желі соғып тұрды. Қар жауып тұр. Антипия жайсыз ауа райынан, жақын жерде тұрған үйілген пішенде (шөпте) жасырынғысы келді. Табиғаттың аласұрған ауа райын өз панасынан бақылып тұрған ол, кеудесіндегі қатты ыстықты сезінді. Антипия одан сайын шын ниетімен Құдайға жалбарына бастады. Ол өзінің жалбарынуына еніп кеткені соншалықты, ауа райын, өзі тұрған жер мен уақытты ұмытып кеткендей болды. Жүрегіне ең жақын, ең қымбат Болмыстың (Жаратушының), Жаратушыға жақындықтың ерекше сезімі бойын биледі. Жанына ерекше жеңіл әрі жақсы болды. Таң атқан еді. Жел кенеттен басыла қалды. Қар да басылған. Көкжиектен, сұр бұлттар арасынан алғашқы күн сәулелері көрініп, жарқыраған сәулесінің ойынымен көздің жауын алатын ақ кеңістікті жандандыра түседі. Осы кезде Антипия өзінен алыс емес жерде қара түсті киім киген қарияны көреді. Ақшыл-сары шаштары мен қарлы ақ сақалы ерекше жүзін қоршап (окаймляли) тұрғандай. Жүзінен жеңіл, жылы жымиысы көрінеді. Ал жігіттің жан дүниесіне терең үңілгендей ерекше көздері терең жанашырлық пен айнымас мейірімділік шуағын шашып тұр. Қария қарды жалаң аяқтарымен еш дыбыссыз басып, білдіртпестен жақындай бастады. Таңғаларлығы, Ол ернін жыбырлатпаса да, Антипия оның жылы сөздерін, құлағын аялаған әуезді үнін естіді. Оның мүлдем жақын келгені соншалықты, Антипия одан шыққан нәзік жұпар хош иісті сезді. Кенеттен қарияның кеудесінен көкшіл-ақ шар жарқырай бастайды. Оның сәулесі ерекше таза әрі жарық болды. Дегенмен ол көзді жауып ауыртқан жоқ. Керісінше, көк реңі мен жеңіл сәуле шашуы өзіне көз тартады. Таза жарық ағындарының арасынан бір мәтінге айналған, жарқыраған алтын әріптер пайда бола бастады. Ол жерде жазылғанды Антипия оқығаннан бұрын түсінгендей болды, себебі сол сәтте басында қарияның әуезді даусымен рухты құтқаратын дұғасының сөздері естіле бастады: «Менің Шын Жаратушым! Тек Жалғыз Саған ғана иман келтіріп, Жаратушым сенен тек рухымның құтқарылып азат болуын ғана тілеп құлшылық жасаймын (дұға етемін). Сенің қасиетті еркіңе бас идім...». («Отче мой Истинный! На тебя Единого уповаю и молю тебя, Господи, лишь о спасении души своей. Да будет воля Твоя святая…»). Бұл сәтте Антипияға Құдайдың өзі назарын аударып, көмек қолын созғандай, жанына (рухына) соншалықты жақсы әрі тыныш болды. Дұғасын айтып қария, оған Царьградқа баруға бұйырады... — Царьград? — деп Слава бір жағынан Сэнсэйдің сөзін бөлгісі келмегендей, екінші жағынан қызығушылығы мазалағандай жасқана сұрады. — Ал ол қайда? — Енді бұл қазіргі Түркиядағы, Европа мен Азияның ортасындағы Босфор бұғазының екі жағалауын алып жатқан, Қара теңіз бен Мәрмәр теңізін (Мраморное моря) жалғаушы Стамбул қаласы, — деп Сэнсэй ендігі географиядан тағы да сұрақтар туындамас үшін толық жауап берді. — Иә, алысқа жіберген екен, — деп Костя әңгімеге араласты. — Ал оған түріктер не үшін керек? — Өзің түріксің, — деп Андрей қызықты әңгіме барысын өзінің сұрақтарымен бұзған Костяға наразы даусымен үн қатты. — Саған ол кезде Царьград болған деп айтып тұрған жоқ па. — Ааа, демек ол жерде орыстар болғаны ма? — деп жігіт мәнін түсінуге тырысып сұрағын қоюдан жалықпады. — Жоқ, тек сол замандарда орыстар сол кездегі Византия империясының астанасы Константинопольді солай атаған, — деп Сэнсэй сабырмен түсіндірді. — Константинополь? — деп өз абыройын қалпына келтіруге тырысқандай Костя қуана айтты. — Ал бұл кездейсоқ христиан дінін құрған Константин императорының құрметіне аталған қала емес пе? — деп зыпылдай жөнелді. — Дәл солай. Рим императоры Константиннің құрметіне. — Бірақ Костя келесі сұрағымен аузын аша бергені сол еді, Сэнсэй алдын орап кетті. — Рим императорының құрметіне, себебі біздің заманымыздың 330 жылы қала Рим империясының, ал 395 жыл мен 1453 жылдар арасында Византия империясының астанасы болды. Ал негізінде ол біздің заманымызға дейінгі 659 жылы құрылып Византия деп аталған. Осындай толық жауапты естіген Костя бірден тыныштала қалды, оның үстіне Андрей де, оның үнін өшіруі керектігін түсіндіргендей бүйірінен жеңіл итеріп (немесе түртіп) қалды. Сэнсэй болса өз әңгімесін әрі қарай жалғастырды: — Сонымен, әлгі қария Царьградқа баруға бұйырады, ол жерден Қасиетті тауға, Құдайдың, Қасиетті Рухтың өзі енген Адаммен кездестіруге мүмкіндік жасайтынын және Ол өзінің Құдайға барар жолында Жарық шамшырағы болатынын айтады. Осыны айтып қария жоғалып кетеді. Қайтадан жел көтеріледі. Аспанды бұлт басып, тағы да қалың қар жауады. Бірақ Антипия күшейген ауа райына ендігі еш мән берген жоқ. Ол бақытты әрі өмір бойы жадында сақталып қалған жүзі мейірімге толы қарияның айтқандарын орындауға белін бекем буды. Бұл оқиға (видение) оның болашақ тағдырының негізіне (кілтіне) айналады. Осы кезден, өмірінің жеке таңдау сәтінен бастап, Антипияның өмірі қатты өзгерді деп айтуға болады. Бір апта бойы Антипия, өзіне қарияның берген дұғасын қайталаумен, рухының ерекше көтеріңкі күйінде болды. Құдды бір Жаратушының өзімен болып, қасында болуымен рухын қуантқандай еді. Дәл осы күндері Антипияда Құдайға деген жаңа, мүлдем салыстыруға келмейтін сезім пайда болады. Және ол алғаш рет Құдайға деген сүйіспеншіліктің (махаббаттың) қандай екенін түсінеді. Бұл сезімі, адамдар арасындағы қарапайым адам эмоциялары мен ақымақ салыстырулары, бұрынырақта Құдай туралы ой-толғаныстарымен еш салыстыруға келмеді. Бұл адам тілімен айтып жеткізе алмайтын, мүлдем басқа жоғары деңгей еді. Жаның қуаныштан дірілдеп, үлкен шаттыққа бөленетін тылсым болатын. Бірақ естен кетпес аян келгеннен (видение) жеті күн өткен соң, Құдайдың жанында Болуының (Присутствия) ерекше сезімі, жадында тек рухы шаттанған шыныменде құдайы махабаттың сезімі туралы жағымды естеліктерді ғана қалдырып, жоғалады. Антипия еш ойланбастан жиналып, қай жаққа барарын да дұрыс білместен алыс жолға аттанады. Бірақ әңгіме Киевке дейін жеткізеді демекші, Антипияны Царьградқа жеткізеді (Но, как говорится, язык до Киева доведёт. Антипия он довёл до Царьграда). Жол оңай болмайды. Бірақ іштей қариядан естіген рухын құтқаратын дұғасын тоқтаусыз қайталаумен, Антипия Құдайдың өзіне көмектесіп жатқанын сезінеді. Сапарындағы қауіп-қатерден бір құдіретпен аман қалып, жолында жақсы серіктермен, керекті жол бағытын көрсеткен, қонуға түнгі баспана мен жәрдемін (подаяние) берген мейірімді адамдарға кездесіп, үлкен жолы болады. Ақыр соңында Царьградқа, яғни Константинопольге жетіп, Антипия астанада ұзақ қаңғып жүреді. Қала әдемі болса да, бәрібір бөтен еді: басқа тіл, бөтен адамдар, жат әдет-ғұрыптар (нравы). Афонға баратын жолсерікті кездестіргенше, ол жерде біршама күн болады. Осы кезде Володя жұдырығына сыпайы жөтеліп: — Афон туралы естідік, бірақ шынымды айтсам оның қай жерде екенін тіпті білмеймін, — деп еріндерін ыңғайсыз күлкіге салды да, — Планетамыздың «ыстық нүктесі» емесі айдан анық (горячая точка), — деп қосты. — Бұл сөзсіз, — деп Сэнсэй күлімдеп келісті де, түсіндіре бастады. — Егер заманауи картага қарайтын болсақ, Афон қазіргі Грек жерінде орналасқан. Ол тар, таулы түбек. Дәлірек айтсақ, Эгей теңізіндегі Халкидики түбегінің шығыс тармағы. Ол биіктігі екі километрден сәл асатын Афон тауларымен бітеді. — Иә, географиямен бәріміздің мәселеміз бар сияқты және ағы-ағымен, — деп Виктор күлді. — Қорқынышты ештеңе жоқ, қалпына келтіреміз, егер олар «ақ» болса, — деп Сэнсэй жайдары айтты да сөзін әрі қарай жалғастырды. — Ол жаққа Антипия келген кезде, Афон әкімшілік тұрғысынан ресми византия императорына бағынышты тәуелсіз пірәдарлық (монахтық) мемлекет болып жарияланған еді. Ал іс жүзінде ол жердегі билік барлық ғибадатханаларды басқаруға бір жылға сайланған, барлығы құрметтейтін Проттың қолында еді. Сол кездің өзінде Афонда Ұлы Лавр, Протатон, Мони-Ивирон ғибадатханалары болған еді. Бірақ Антипияны ол жерге бірден қабылдамайды. Сол кезде Антипия жасы келген бір пірәдардың кеңесімен аралдың оңтүстік-батысында оқшаулау орналасқан үңгірлердің біріне қоныстанады. Үңгірде өмір сүрген екі жылының барлығында, тамақтың жұпынылығына қарамастан, ол үшін Афондағы ең жақсы жылдардың бірі болғандығын атап өткен жөн. Ол өзіне келген аяндағы қарияның айтқанын орындағанына, ақыр соңында Афонға келгеніне бақытты еді. Ол өзіне келген аяндағы дұғамен Құдайға талмай дұға етуге, осы үшін өмір сүріп, осындай керемет табиғат арасында Онымен оңаша болғаны үшін бақытты болды. Күндіз ғибадатханаларға барып, жаңа тіл мен пірәдарлардың өмір сүру ережесін үйренді. Ал кешкі уақытында талмай дұғада болып, көбіне күннің батуын дұғамен бастап, таң атқанша дұғада (жалбарынуда) болатын. Тек екі жыл өткеннен кейін ғана, Антипия ғибадатханалардың біріне шашы қиылып, пірәдарлыққа қабылданады, оған сопылық ғұмыр кешкен, ұзақ уақыт үңгірлерде жалғыздықпен өмір сүрген Ұлы Мысырлық Антоний әулиенің құрметіне, жаңадан Антоний есімі беріледі. Антоний осы ғибадатхана пірәдарын (игумен), өзіне аян келгендегі қарияның «Шамшырағы» (Светоча) деп қабылдайды. Пірәдар болса өз кезегінде, өзінің рухани дәрежесіне сай (духовному сану), Антонийді пірәдарлық өмірге үйрете бастайды. Бірнеше жылдан кейін Антоний үлкен рухани өсіп, «ізгі істермен айналысып» («подвизался в добродетели»), көп адамдар одан «рухани пайда ала бастады» (духовно пользовались от него). Тіпті пірәдарлардың өздері, оның ерік-жігері мен рухының соншалықты тез күшеюіне таңғалумен болады. Және пірәдарға (игумен), Антонийдың Орыс жеріндегі христиан сенімін күшейтуге қатысы болатыны туралы және Антонийдің Қасиетті Рухтың өзіне Мекен дайындау бұйыратыны туралы аян келеді. Пірәдар(игумен) мұны белгі деп санап, Антонийді Орыс жеріне, Киевке жіберуге асығады. Ол кезде Антоний шамамен отыз жаста еді. Киевке жетіп, Орыс елін Шоқындыруға митрополит Михаилмен бірге келген грек пірәдарлары (иноками) салып жатқан ғибадатханаларды аралайды. Бірақ бұл ғибадатханалардың бірде-біреуінде тоқтағысы келмейді. Және жеркілікті жердің таулы-төбелі алқаптарын қарай бастайды. Ақыр соңында кезінде варягтар қазып кеткен, кішігірім үңгірді табады. Бірақ ол жерде ұзақ өмір сүрмейді. Князь Владимир қайтыс болғаннан кейін, билік Святополькке ауысқан соң, қантөгістер мен қудалау қайтадан басталады. Антоний Афонға қайта кетеді. Ол жақта кәрілікке дейінгі өмірін тоқтаусыз дұғада (жалбарынумен) өткізеді. Антоний ғибадатхана ережелерімен өмір сүрсе де, оның рухани дұғасы үшін бір ерекше мереке болды. Ол әр жыл сайын, аянмен (видение) әлгі ерекше қарияны көрген күннен бастап, ерте таңмен Антоний өзіне ерекше күш құйылатынын сезіне бастайды. Өзіне аяннан кейінгі сезінген рухани күйі қайтадан оралғанын сезінеді. Бұл тура бір аптаға ұласады, ал кейін жоғалып кетеді. Антоний бұл күндерге, өзінің рухы үшін ерекше мереке ретінде қарай бастайды. Бұл апталарда оңашаланып, тамақтан бас тартып, үлкен құлшынысымен Жаратушыға дұға етуге тырысады. Және әсері керемет болады. Ішкі жан дүниесінің көтерілуінің ерекше сезімі әр жыл сайын бірнеше рет артып, барған сайын күшейе береді. Кейіннен шіркеу әдебиеттерін түсініп (бітіріп), аян туралы шіркеудің ойлағанынан басқашалау болса да, Антоний барған сайын сол естен кетпес аянда өзіне, қуаныш пен құтқарылудың жаршысы, Жаратушының ғажайыптары мен құпияларын, құдайы құдіреттілігін білдірушісі әрі қызметшісі Жебірейіл періштенің (Архангел Гавриил) өзі келген деген тұжырымға келе бастайды. Бірақ рухани өміріндегі ең басты оқиғалар, Антоний алпыс жастан асқан кезде басталады. Бірде бауырлар арасында, ғибадатханаға жақын күндері жұмбақ адамның келетіні туралы әңгіме тарайды. Және ақсақалдардың бұйрығына (дайындығына) қарағанда, шыныменде өздеріне рухани маңызды қонақтың келуіне дайындық жүріп жатты. Кейін Антонийдің өзі Агапитке айтқандай, ол сол кезде беделді бір рухани ақсақал келеді деп ойлаған. Бірақ оның таңғалысына орай, ақсақалдың орнына, аққұба шашты жүзі жылы жас жігітті көреді. Өз жасына сәйкес емес терең даналық, шабытпен (одухотворённым) жарқыраған көздері ғана ерекше. Бірақ бәрінен бұрын Антонийды Афонның кейбір ақсақалдарының осы жас жігітке соншалықты ізет пен терең құрмет көрсеткені таңғалдырады. Оның бұл жерге келуі, түсініксіз құпия шымылдықпен жабылғанын Антоний түсіне алмады. Ақсақалдар осыншалықты құрмет пен назар аударатын Ол кім? Пірәдар емес секілді, ал бірақ сондай рухани сөздерді айтады, тіпті дана тәлімгерлеріміздің өзі құлақ асады. Ол аз болғандай бұл адам біршама білімді болып шығады (весьма просвещённым человеком). Бірнеше тілді еркін меңгерген. Және Антонийды ерекше таңғалдырғаны, құрметті қонақ Орыс елінің тумасы екен. Кейінірек белгілі болғандай Киевті, оның айналасындағы жерлерді жақсы білетін болып шығады. Ал ол жас жігіттің есімі Агапит болатын. Антоний онымен жеке танысқан кезде де, Афон үшін оның қаншалықты маңызды, ақсақалдардың оған қаншалықты құрметпен қарайтынына қарамастан, алғашқы уақыттарда жігіттің өзімен сөйлесудегі қарапайымдылығына еш үйренісе алмайды. Бірақ ең таңғаларлығы, әулие әкейлердің рухани даналығын, Агапит қарапайым әрі анық саралықпен (ясность) түсіндіргенінде еді. Ал Иса Ілімдерін түсіндірулерін Антоний сағаттап тыңдар еді, өйткені Агапит мың жыл бұрын болған оқиғаларда құдды бір сол оқиғаларда өзі де болғандай, мысалдарымен толық, қарапайым әрі түсінікті айтатын. Бұл әңгімелері Антонийды қолда бар шіркеу әдебиеттерін қайта-қайта оқуға итермеледі. Агапит Афонда болған кезеңде, Антоний онымен өте жақын дос болып кетеді. Өзінің жастығына қарамастан, Агапит үлкен білім қорына, оның ішінде медицина ілімі де бар, ие еді. Және білімнің кейбірін Антонийға үйретеді. Агапит біздің тілімізбен айтатын болсақ, физика, химия, табиғи құбылыстар туралы білімді және адам өмірі салаларындағы — философияны, саясатты, дінді жақсы білді. Онымен әртүрлі тақырыптарда сұхбаттасу жақсы еді. Бұл әңгімелесу жанға түсініксіз жақсы әсерлер қалдыратын. Осыншалықты үлкен жас айырмашылығына қарамастан Антоний Агапитпен достасып кетеді. Және бұл достығында, Агапиттің ұлы «Беляо Дзы» (Ақ Лотос Өнері) ғылымының құпияларын өзіне аша бастаған кезде, Антоний Агапит тұлғасының жаңа керемет қырын ашады. Алғаш рет Агапиттен алдыңғы Альт-Ланд адамзат өркениеті, сол замандарда Киев жерлерінің аумағында салынған жерасты Лотос Храмдары және ол жерлер туралы Исаның Андрей Первозванныйға (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) айтқаны (немесе ғибадатханалары) туралы естиді. Агапит оған көп нәрселерді айтып, көп нәрселерді үйретеді. Уақыт өте олар қоштасады. Агапитке Византия астанасына, одан әрі Шығысқа бару керек болады. Ол Антониймен міндетті түрде кездесетініне және олардың жолығуын Альт-Ланд заманынан белгіленген Киев жерлерінде болатынын «болжап» кетеді. — Ал шыныменде, ол жақта белгіленген жер бар ма? — деп Костя әрі қарай естуді қалағаны анық, қызыға сұрады. — Әрине, — деп жауап берді Сэнсэй. — Ол жер туралы тіпті Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) Евангелииясында айтылған... — Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі)?! — деп Андрей бұл есімді құлағы бірінші рет естігендей селк ете түсті. — Ал бұл кім? — деп Руслан бүйірін қасып, еріне (жалқаулана) сұрады. Сэнсэй оған қарап күлді де: — Андрей — Исаның ең жақын шәкірттерінің бірі. Ол Иса Палестинада уағыз айтып жүрген кезде, өзіне шәкірттікке алғандардың алғашқыларының бірі болған. — Ал... Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) Евангелиясы деген бар ма? — деп Николай Андреевич таңғалды. — Інжілді оқыдым. Андрей туралы естуім бар. Бірақ оның Евангелиясы туралы... есімде жоқ. Мүмкін бұл кітап Інжілге кірмеген шығар? Өйткені қанша Евангелия бар — төртеу ме, бесеу ме? — Төртеу, — деп Сэнсэй жауап берді де, үнсіздіктен кейін: — Матфейден, Марктен, Лукиден, Иоаннан деп жауап берді. Оларда жазылған (басқалармен).., — деп сөзін аяқтамай: — Шыныменде Інжілде Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) Евангелиясы жоқ, — деді сөзін жалғастырып. — Інжілге барлық Евангелиялар кірмеген, тек өздеріне қойылған тапсырмаларды орындау үшін, Константин император және оның көмекшілерімен таңдалынып алынған. Ал қалған евангелиялар жәй ғана жоққа шығарылған, себебі ол жазбаларда өздеріне қажетсіз әрі тиімсіз түсіндірмелер болған (трактовалось). Тіпті таңдап алынғандарының өздері, жаңа заманның жағдайына сай әрі христиандықты мемлекеттік дін ретінде қалыптастыру үшін едәуір өзгерістерге ұшыраған. 364 жылы, «Жаңа өсиет» (Новый завет) бекітілген уақыттан Інжілдің бірінші басылымына дейін, мәтіні бірнеше рет өңдеуден (өзгертулерден) өткен. Оның үстіне аударманың (басқа тілден) дәлсіздігі де өз кесірін тигізген. Өйткені Інжіл ежелгі еврей тілінде, аздаған бөлігі арамей тілінде (арамейском языках) жазылса, ал «Жаңа өсиет» (Новый завет) грек тілінде жазылған. Сондықтан 1455 жылы шыққан алғашқы баспа кітабы мен 364 жылы жазылған кітаптың арасында үлкен айырмашылық бар. Кейінірек жасалған түзетулер тағы бар. Нәтижесінде қолымызда өзгеріске ұшыраған кітап (В результате имеем то, что имеем). Бірақ дейтұрғанмен, адамдар үшін қажетті әрі құнды көп нәрсе жеткен, — деп Сэнсэй атап өтті. — Және тағыда, егер евангелиялар туралы айтатын болсақ, ендеше шіркеу бекіткенінен басқа (канонизированных церковью), ондаған апокрифтік (апокрифических) евангелиялар бар. Руслан қабағын түйіп, іскерше сұрады: — Ал апо... апо... енді критика дегеніміз не? — Апокрифтер — шіркеумен болмаса қасиетті кітаптармен мойындалмаған шығармалар. Ал негізінде «апокриф» сөзі, гректің «құпия», «жасырын» деген мағынаны білдіретін «apokryhos» сөзінен шыққан. Басында христиан топтарының бірі, өз ілімдерін құпия сақтауға тырысқан, өздерін гностик деп атаған христиандардың жазбаларына жатқызған. — Иә, иә, — деп Николай Андреевич басын изеді. — Айтпақшы, мен 1946 жылы Мысырдың оңтүстігінде христиан-гностиктері шығармаларының үлкен кітапханасы табылғаны туралы оқығанмын. — Өте дұрыс, — деп Сэнсэй де растады. — Сол жерде, әртүрлі әдебиеттер арасынан Фома евангелиясы, Филипп, Истина, Иоанна апокрифтерін тапқан (Евангелия от Фомы, от Филиппа, Истины, апокриф Иоанна). Ал ертеректе Мысырда, папирус қағазына жазылған белгісіз евангелияның үзінділері табылған және олар әртүрлі нұсқада жазылған... — Ал керек болса, пірәдарлар үшін ерекше бір жағдай екен! — деп Женька мырс етті. — Бұл кітапшылар мойындамайды, ал кейін олардың барлығын табумен болады. Ежелгі осы «макулатураны» құдды бір қырсық шалғандай. Сэнсэй мен балалар күлді. — Бұл жердегі тағы бір мәселе, тіпті апокрифтің өзі «рұқсат етілген» және «рұқсат етілмеген» болып бөлінуінде (дозволенные, отречённые). «Рұқсат етілмегендерді» әрине, жоюға тырысқан. Айтпақшы, бірінші ресми «рұқсат етілмеген» кітаптардың тізімі, біздің заманымыздың V ғасырында, Шығыс-Рим империясында жасалады. Әрине осындай «вандализмнен» кейін, кейінгі ұрпаққа осы кітаптармен айтысқан (немесе саудаласқан), II–IV ғасырлардағы христиан жазушыларының өз шығармаларында көрсеткен атауы мен дәйексөздері (цитаты) ғана жетті... Бәрі әдеттегідей, — деп Сэнсэй иығын көтерді. — Иә, өкінішті, — деді Николай Андреевич. — Бұл адамзаттың тарихы емес пе! Және оны жоюдың (құртудың) не қажеті бар? Еш зияны жоқ кітап өз заманына дейін сөреде жатып, оны кейінгі ұрпақ өз таразысына салар еді. — Мәселенің неде екенін білесің бе? — деп Сэнсэй түсіндіре бастады. — Кейбір кітаптар шыныменде құнды болды, себебі олар, Иса Ілімін өзі жеткізген таза күйінде бейнеледі. Сондықтан ешбір адам жанын бей-жәй қалдырмады, өйткені шын Иса Ілімі адамдарды бұл әлемнің бар қорқынышынан шын еркін қылды. Олар тәннің — уақытша, ал рухтың — мәңгілік екенін түсіне бастады. Адамдар дүниелік әлемнің материалдық иллюзиясының құлы мен тұтқыны болудан арыла бастады. Өздерінен жоғары тек Құдай екенін түсінді. Өмірдің қаншалықты қысқа, өздерін қамаған тәндерінің уақытша екенін ұғына бастады. Өмір қанша ұзақ болса да, рухтары уақытша мекен еткен бір ғана сәт екендігін білді. Олар жердегі кез-келген билік, мейлі саясаткер болмаса дін құрылымдарының билігі болсын, тек тәнге ғана әлі келетін билік екендігін түсінді. Ал Билеушілер (Патшалар) өздерінің рухына емес, Жер бетін, оның материясын басқаруға билігі бар өз «құдайларына» бас иеді (жалбарынады). Өйткені рух тек шын, Жалғыз Жаратушыға тиесілі. Және Исаның Ілімін (кейін дінге айналғанды емес) насихаттаған оның алғашқы ізбасарлары, бұл өмір алдындағы қорқыныштарын жоғалтқан. Олар Құдайдың өздеріне мүлдем жақын екендігін, бәрінен қымбат, Оның — мәңгілік екенін түсініп, сезіне бастады... Адамдардың осындай шын еркіндігі билік басындағыларды қатты қорқытты. Сондықтан олар, Исаның ілімдері туралы сол замандарда болған жазбаша дереккөздерді жинап, мұқият өңдеумен айналысқан. Билік басындағылардың бұйрығымен, жоғарыдан төменге демекші, жаңа дінді құру мақсатында өздеріне қажетті ақпаратты таңдап алғаннан кейін, көп нәрсе жойылды. Сондықтан Исаның шын сөздері жазылған көптеген жазба дерекөздері, «көпшілікке арналған жаңа идеология» жинағына ешқандай сыймайтын еді. Бірақ, Діни басшылықта әр заманда билік басында болған адамдардың қулықтары мен өзімшіл менмендіктеріне, әдейілеп жіберген барлық қателеріне қарамастан, бұл жазбаша дереккөздер болған және бола да береді! Енді былай, Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) өзінен келген Евангелияда, Исаны айқышқа шегелегеннен кейін, оны Понтий Пилаттың адамдары құтқарған соң, Иса Понтий Пилатпен әңгімелесіп, оның өтініші бойынша Шығысқа кетуге шешім қабылдаған. Кетерінің алдында Ілімді насихаттау үшін кімнің қай аймаққа баратынын, апостолдар арасында бөледі. — Кімнің қайда бару керектігі туралы апостолдар жеребе суырған емес пе, — деп Николай Андреевич байқампаздықпен айтты. — Жоқ, жеребе секілді ешнәрсе болмаған. Бұл адамдардың ойдан шығарғаны. Апостолдар... Айтпақшы, гректің «apostols» сөзі аудармадан «өкіл» (посланец) деген мағынаны білдіреді. Енді сол Исаның өкіл-шәкірттері бір-бірлеріне мүлдем ұқсамайтын адамдар болды. Әрине, олардың рухани даму деңгейі де бір-бірлерінен өзгеше еді. Иса өзінің ізбасарларының рухани жетілуіне сай, тиісті халқы мен тайпалары бар аймақтарды араларында бөліп отырды. Егер араларындағы біреуі рухани күшті болса, оған қиын жерлер немесе адамзаттың болашақ рухани жаңғыруы үшін ерекше маңызды аймақтар берілді. Ал егер әлсіздеу болса — барынша жеңіл «аймақтар». Жалпы, әркімге өзінің күшіне қарай жүк артылды... — деп Сэнсэй үнсіз қалды да, кейін сөзін жалғастырды: — Сол кездегі және болашақтағы көптеген адамдардың рухы үшін қымбат бұл Ілімнің таралуын, адам ақылынан туындаған жәй ғана жеребеге сеніп тапсыруға болмайтын еді. Бұл өте маңызды болды... Ал өзінің мықты шәкірттерінің бірі Андрейге Иса Фракия, Скиф, Сарматия жерлерін уағызымен шарлауға бұйырады. Және ең бастысы, мың жылдан кейін Қасиетті Рухтың (Дух Святой) өзі түсіп, сол жерді өзінің мекені қылатын Борисфен тауларына жетіп, сол жердегілерге батасын беруді айтады. Иса Андрейге лотос дәндерін беріп, Қасиетті Рухқа (Дух Святой) сыйлық ретінде сол жерлерге егуді айтады. Бұл сөздері Андрейдің өзі үшін де, бұл сипаттауға тап болған кейінгілер үшін де, Иса жасаған ребус болды. Исаның неліктен сол лотос дәнін бергенін, тіпті бұл жәй ғана символика болса да, оны түсінгендер аз болды. — Ал расында, неге? — деп Андрей таңғалды. Сэнсэй жәй ғана жұмбақ жымиысымен, тура жауаптан ауытқып: — Кез-келген дән, бұл бірінші кезекте.., енді сіздерге барынша түсінікті болу үшін, бейнелі түрде айтатын болсақ, — бұл үлкен жадысы бар «микрочип» деп айталық. Ол болашақ өсімдіктің тек матрицасын ғана емес, басқада ақпараттың үлкен көлемін сақтай алады. Бұл туралы мен сіздерге тағы бірде толығырақ айтып берермін. Оның үстіне бұл дәндер Құдай Ұлының — Исаның өз қолында болды. Және лотос дәндері өзінің өсу қасиетін мыңдаған жылдар бойы сақтайды... Мінекей, қорытынды жасай берсеңіздер болады. Сэнсэй үнсіз қалды. Ал біздер оған қарап өз ойларымызбен ол кезде соншалықты ерекше не болғанын «тұжырымдауға» тырыстық. Ал Андрей өзінің ойша деңгейінде бейберекет сұрақтар арасында аяғына жеткізуге тырысқаны анық: — Ал Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) Иса көрсеткен жерді қалай тапты? — деп сұрады. — Оңай, — деп Сэнсэй жауап берді. — «Ізгі хабарда» («Благой вести»), яғни грекше euangelion, Андрей Исаның шын өмірін ғана сипаттап қоймай, бұл миссияны орындау кезіндегі өз саяхатын да айтады. Ол сол кітапта Борисфен өзеніне жақын жерлерге (Днепр өзенін ертеректе Борисфен өзені деп атаған) жеткен кезде, ол жерлерді бірден танығанын еске алады. Өйткені Иса ол жерлерді ерекше дәлдікпен сипаттаған. Иса бұл тауларды жақсы білгендей әсер қалдырады, бірақ ол ешқашан бұл жерлерде болғаны туралы айтпаған. — Ал Ол бұл жерлерде болған ба? — деп Юра сұрады. — Ол Құдай ұлы емес пе, — деп Сэнсэй жымиып жауап берді. — Ал Құдай барлық жерде, — Және аздаған үзілістен кейін, әңгімесін жалғастырды: — Жалпы, Андрея Первозванного Евангелиясы қабылданбады, себебі жаңа діннің «ақ жіппен пішіп-тігуіне» мүлдем сәйкес келмеді. Негізінен екі себепке байланысты. Біріншіден ол шектен тыс еркіндікті сүйген әрі ақиқат болды, өйткені ол жерде Исаның шын сөздері жазылған еді. Өз аузынан жазылған деп айтпақшы. Иса Ілімін баяндаудың өзі де өте қарапайым (жеңіл), дана әрі түсінікті болды. Андрей тағы да өз Ұстазының шын өмірінен алынған, Исаның жас кезінде Шығыста болғандығы туралы жазды. Бұл тағы да шіркеу догматикасына мүлдем сыймайтын еді. Оның үстіне лотос дәндері туралы естеліктер, «цензураның ұлыларын» тағы тұйыққа тірейтін. Өйткені бұдан буддизм, индуизм секілді діндердің иісі шыға бастайтын. Өз дініне басқа діннің бөтен, жарқыраған символикасын ешкімнің араластырғысы келмеді. Сондықтан бұл тағы да, діннің иделогиясы қандай «бояуда» болатыны туралы дау-дамай мен жанжал тудырған тағы бір кедергі келтірген тас болды. Сондықтан, «көзден әрмен» демекші, Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) Евангелиясын алып тастады. Әрине, алғашқы христиан топтарының арасында таралған, Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) Евангелиясының басқа да нұсқалары болды, бірақ бұлар негізінен Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) ізбасарларының Иса Ілімі туралы жазбалары еді. — Ал Андрей Евангелиясымен не болды? Оны жойып жіберді ме? — деп Андрей қызыға сұрады. — Әрине, жоюға тырысты, — деп сол сәтте күлкілі оқиға есіне келгендей Сэнсэй жымиды. — Бірақ бұл жазбаларды (білімдерді) адамның ақымақтығы қатты қаласа да, суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын демекші жою мүмкін емес... Бірақ бұлар жәй ғана өмірдің ұсақ-түйегі... Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) Ұстазының тапсырмасын орындаған соң, көптеген жылдардан кейін Исаның болжаған сөздері орындалды. Кейін сол жерлерде «орыс қалаларының анасы» Киев қаласы, славяндардың бірігуінің алтын бесігі Киевтік Рустің (Киевтік Орыс елінің) астанасы пайда болды. Ал, Андреймен лотос дәндері «егілген» жерлерге, мың жылдан кейін, адам тәнінде Киелі Рухтың (Дух Святой) өзі түсіп, сол жерлерде өзінің Мекенін құрады. — Адам тәнінде Киелі Рухтың өзі түсті деген қалай? — деп Костя сұрады. — Енді, қарапайым сөзбен айтатын болсақ, Шамбала басшысы, Агапит тәнінде келді. — Шамбала Иесінің (Владыка Шамбалы) өзі ме? — деп таңғалды Андрей. Сэнсэй күлді. — Иә. Оған өзінің қызметіне орай, адамдар әлемін кем дегенде он екі мың жылда бір рет болсын келуіне тура келеді. Ал адамзат үшін маңызды оқиғаларда одан да жиі, әрбір мың жыл сайын, әсіресе кезекті өркениеттің бастапқы және соңғы кезеңдерінде. Костя бір нәрсе сұрау үшін аузын енді аша берген еді, Сэнсэй оған қарап, жауабымен алдын орап кетті: — «Өркениетті» Шамбала тұрғысынан айтып тұрмын... Бірақ, тақырыптан сәл ауытқып кеткен сияқтымыз. Исадан мың жыл кейін болған оқиғаларға оралайық... Агапит Афоннан кеткен кезде, бірнеше жылдан кейін шіркеу басшысына (игумен) тағы да Құдайдан аян келеді. Аянда Жәбірейілдің (Архангел Гавриил) өзі келіп, Антонийды Орыс (Русь) еліне жіберуді айтады. Бұл 1051 жыл еді. Бұл жолы Антоний Киевке келіп, шіркеу ғабадатханаларына бармайды, дегенмен олардың ешбірі Афон тауларынан келген құрметті ақсақалға баспана беруден бас тартпас еді. Антоний кетерінде Агапит айтып кеткен, Киевке алғаш келген кездегі кездейсоқ тоқтаған жеріне барады. Ол Днепр жанындағы төбеге, сол баяғы алғашқы үңгіріне қоныстанады. Және өзін жастық шағынан бастап жетелеген, әркез Құдайға дұға етіп (жалбарынып), Агапитті күтіп өмір сүреді. Үнемі жейтін азығына тармығуға қарамастан, күн сайын үңгірді тереңдетіп талмай жұмыс жасаса да, ол тағы да шыныменде бақытты еді. Өйткені өзінің Афон үңгірінде өмір сүрген жастық шағындай, Құдаймен жалғыз болды. Көп ұзамай жергілікті халық оны тани бастайды. Антоний өзін Афонда Агапит үйреткен — ғажайыптарымен, даналығымен, дұғаларымен емдеу арқылы аты (немесе даңқы) шығады. Және оған адамдар ағыла бастайды: біреулері емделу үшін, басқалары бата алу үшін, үшіншілері руханиятқа (рухани ерлікке) ұмтылып, оның қасында қалу ниетін білдіреді. Осылайша Агапит келер кезде, өздерінің өтініші бойынша пірәдарлыққа өтіп (иноческий чин), ақсақалмен (Антониймен) шаштары қиылған, Антониймен бірге үңгірде бірнеше адам өмір сүріп жатты. Бұл кезде олар біріге жұмыс жасауларымен үңгірді кеңейтіп, тереңдетіп, ол жерде өздеріне өмір сүруге ғибадатхана бөлмелерін (кельи для жилья) салып алған еді. Антоний өзінің ескі досын үлкен қуанышпен қарсы алды. Ақсақалдың Агапитке осындай ерекше құрметін көрген басқа бауырлар да, оған сондай құрметпен қарады. Агапит Антонийды тұлғалық көп қырлылығымен, өзінің құпиялығымен таңғалдырудан жалықпады. Антоний Агапит Киевке келген кезде, Ярослав Кемеңгермен (немесе Дана) (Ярославом Мудрым) құпия кездесуінің куәгері болды. Агапит оған «кітапханасы» үшін құнды төрт қолжазба кітабын, үш манускрипті табыстайды. Және үш кітап қымбат асыл-тастармен әшекейленген еді. Ал төртіншісі қарапайым көрінсе де, өте ежелгі кітап екені анық еді. Антоний қатты таңғалады. Өйткені бұл нағыз шедевр және өте үлкен бағалы кітаптар еді. Ал манускриптер... тіпті жалғыз манускриптің өзі сол кездері өте қымбат бағаланған. Ал мұндай қымбат, патшалық сыйлықты, ең кем дегенде «ақсүйек патшалардың қаны» («голубых королевских кровей») бар адам ғана сыйлай алатын еді. Бірақ ол кезде Антонийды тек бұл ғана таңғалдырған жоқ. Ең бастысы, Агапит пен Ярославтың бір-бірімен еркін сөйлескенінде еді! Ярославтың ұлы княздык атағымен, айтарлықтай жас айырмашылығына қарамастан, ол Агапитті бұрыннан білетін, құдды бір жақсы ескі достарша әңгімелесті. Сол естен кетпес кездесуден кейін, көргеніне таңғалған Антоний, өзі басшы болған бауырларға, Агапитке басшы болуға асыға ұсыныс жасайды. Бірақ Агапит барлығын сол күйінде қалдырып, қарапайым пірәдар (немесе монах) болуды қалайды. Және Антонийға өзінің Ярославпен кездесуі туралы ешкімге айтпауын өтінеді. Қалған бауырлардан еш ерекшеленбес үшін, шашы қиылып, «пірәдарлық дәрежеге» өткісі келеді («иноческий чин»). — Ал керек болса! — деп Костя айтып қалды. — Ол Бодхисатва емес пе! Және қарапайым пірәдар болғанды қалағаны ма?! Сэнсэй оған мұқият қарады да: — Бодхисатва үшін кез-келген билік — жәй ғана бос дыбыс. Бодхисатва тек Құдайға ғана қызмет етеді. Адамдардан айырмашылығы ол, «бұл жерде» болумен, «ол жақта» болудың не екенін біледі, — деп нақты жауап берді. Костя аздап ұялыңқырап, кейін абдырай: — Жоқ, енді ол мағынасында емес... Мен басқа мағынасында... — деді де, орынды дәлел тапқандай, — Адамға бір демалыс керек емес пе деп айтқым келген. Әйтпесе жұмыстан жұмыс. Өйткені менің білуімше, ол замандағы қарапайым пірәдарлар Карла әкей (папы Карлы) секілді тынымсыз еңбек еткен. Бұл сөздеріне Сэнсэй: — Бодхисатва үшін адам түсінігіндегі демалыс деген жоқ. Ол уақыттың не екенін біледі және бағалайды. Агапит әрине, ықпалды, күшті тұлға болған. Бірақ ол бауырларға басшылық етуден, биліктен әдейі кетіп, өзінің бар бос уақытын адамдарға шын көмектесуге жұмсаған. Айтпақшы, кейін бауырлардың саны өскен кезде, Антоний да Агапитке қарап, билікті Варлаамға табыстап, өзі де қарапайым пірәдар болады. — Ал Агапит адамдарға қандай көмек көрсеткен? Емдеген бе? — деп Володя қызыға сұрады. — Иә. Агапиттің басқа жақсы қасиеттерінен бөлек, ол жақсы дәрігер де болған. Оның науқастарға деген жылы, қамқор қарым-қатынасы, ол туралы Киевтен әрі алысқа тарап, бұрын-соңды болмаған атақ пен халықтың құрметіне бөлейді. Дегенмен Агапиттің өзі ғибадатхана аумағынан ешқашан шықпаған. Ол XI ғасырдың атақты емшілерінің біріне айналды. Адамдар оны «Құдайдан келген Емші» («Лечец от Бога») деп атаған. Ол сол замандағы атақты дәрігерлердің ешбірі емдеуге алмаған соншалықты ауыр (қиын) сырқаттарды емдеп жазды. Ең болмаса, өлім аузында жатқан черниговск князі Владимир Всеволодович Мономахты Агапиттің емдеп жазғаны туралы белгілі тарихи фактіні алып қарайық. Армянин деген лақап аты бар, сол кездегі текті адамдардың эскулаптысы, князьге көмектесу үшін ешнәрсе жасай алмайды. Ал Агапитке бірнеше күннің ішінде Владимир Мономахты аяғына тұрғызу үшін князьдің шабарманы арқылы, дұғамен дайындалған «ғажайып әсер ететін дәрісін» жіберу жеткілікті болды (чудодейственного зелья). Кейінірек князь, Печерск ғибадатханасына Агапитке рахметін айту үшін келеді. Және өзімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар мен алтын алып келеді. Бірақ Агапит князьдің өзінен де, кейінірек өз атынан жіберген мырзасынан да (немесе боярынан) сыйлықтарды қабылдамайды. Өйткені Агапит қарапайым адамдарды да, ақсүйектерді де барлығын бірдей ынта-жегерімен, ақысыз емдеді. Сол үшін Агапитті халық Ақысыз Дәрігер (Врачом Безмездным) деп атап кеткен. Әрине бұл Армянин секілді дәрігерлердің әдеттегі ашумен үндескен адами қызғанышын тудырды. Бірақ Армяниннің өзіне келсек, ақыр аяғында ол Агапиттің шын мәнінде Кім екендігін түсінеді. Және осының арқасында кейінірек Армянин Печерск ғибадатханасында пірәдар болады. — Ол емдеуге де ақша алмағаны ма?! — деп Костя тағы да таңғалды. — Ал Агапит сонда қалай өмір сүрген? — Қарапайым. Рухани ерлікпен, — деп Сэнсэй күлді де: — Оның ғибадат бөлмесі (келья) тіпті ұрылардың да аяушылық сезімін тудырған. Өйткені ол жердегі ең бағалысы — Агапиттің өзі, оның тәжірибиесі мен білімі еді, — деп қосты. — Ал ол немен, қасиетті рухпен тамақтанды ма? Сэнсэй күліп жіберді. — Жоқ. Ол өзін-өзі жеумен (самоедством) айналыспағаны анық. — Олай болса о дүниеге аяқ созуы да ұзақ болмас... — Енді ерте ме, кеш пе ол жаққа бәріміздің де аяғымыз созылады, — деп Сэнсэй әзіл-шыны аралас айтты. — Бірақ мәні бұл емес. — Жоқ, енді түсінікті... Ол бұл ақшаларды ұрлаған жоқ, өзінің адал еңбегімен тапты. Оның үстіне адамдардың өзі оған әкеліп берсе. Неліктен Агапит оларды алмаған? — Мәселенің неде екенін түсінесің бе, Агапит пірәдарларды (немесе монахтарды) Құдайға шын қызмет етуге үйретті. Ол «пірәдарлық» (немесе монах) пен «алтын» мүлдем қосылмайтын ұғымдар деп айтты. Адам екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды: ол Құдайға қызмет етеді, болмаса жердегі байлыққа, яғни шәйтанға. Үшіншісі берілмеген. Пірәдар болса өзінің бар жасаған ісіне сыйды бұл дүниедегі адамдардан емес, тек Жаратушыдан күтеді. Алтын — жанға (рухыңа) қоқыс, пиғылыңды азғырушы. Бұл көпшілік аңсайтын, ал шын мәнінде алдаушы елес, ластықтың өзі. Шын құндылық пірәдар үшін өзінің рухы үшін жүрекпен (немесе шын) дұға етуінде. Қарныңның тоқтығы мен тәніңнің саулығы туралы уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені сен қанша тамақ жесең де, ерте ме, кеш пе бәрібір қарның ашады. Денсаулығың қандай мықты болса да, ерте ме, кеш пе бәрібір де сенің тәнің өледі. Ал рух ол мәңгілік. Және тек рух қана шын қамқорлыққа лайық. Агапит айтпақшы, пірәдар жүрек қалауына қарай барша адамдар үшін дұға етеді, бірақ пірәдарлықтың бар мәні — бұл Жаратушыға қызмет етіп, Одан өз рухыңның құтқарылуын жалбарынып сұрау. Сэнсэй үнсіз қалды. Тыныштық орнады. Бірақ көп ұзамай оны Виктордың ойланған даусы бұзды: — Бұл бәрінің қолынан келе бермейді... Бірақ жігіттің пікіріне өзінің «тұжырымдамасымен» (умозаключениями) Костя араласты: — Демек, қазіргі тілмен айтатын болсақ, Агапит халық емшісі (народным целителем) болғаны ма? Сэнсэй оған күліп жауап берді: — Енді, заманауи тілмен айтатын болсақ, онда Агапитті академик деп айтуға болады. Мен айтып кеткендей, ол тек медицинаны ғана жетік меңгергенімен қоса, басқа да ғылымдарды (дисциплиналарды) өте жақсы меңгерді. Бірнеше тілдерді білді. Ол ежелгі рим авторларының, антикалық түпнұсқа-трактаттарын еркін оқыды (трактаты-подлинники античных, древнеримских авторов). Кітаптарды славян тіліне аударумен айналысты. Ярослав Кемеңгердің «кітапханасы» үшін Шығыстың кітаптарын ғана емес, тіпті өзімен бірге әкелген ежелгі мысырлық манускриптерді де аударды. Агапит сонымен бірге «1073 жылдың Жинағын» құрастырған (немесе жазған) («Изборник 1073 года») Святославқа көмектесті... дұрысырақ айтатын болсақ кеңесін берді. Ол жерде энциклопедиялық мақалалардан басқа, медициналық мәліметтер де егжей-тегжейлі сипатталған. Атап айтқанда, ауруларды тану әдістері, дәрілік өсімдіктерді дайындау және қолдану бойынша әртүрлі кеңестер, адам анатомиясы мен физиологиясы туралы ақпараттар жазылған. Бұл кітапты кейін ұзақ уақыт бойы оқу құралы ретінде пайдаланған (учебного пособия). Агапит пірәдарлар арасына білімге, тануға деген құштарлық мәдениетін сіңдірді. Ол кейбіреулерін медицина біліміне де үйретті. Басқаларына бос уақытында кітаптарды игеруге көмектесті. Айтпақшы, кейінірек пірәдарлардың бос уақытында міндетті кітап оқуы ғибадатхана жарғысымен бекітілді (заңдастырылды). Агапиттің бастамасымен Киев-Печерск ғибадатханасының «кітап қоймасы» (книгоположница) құрылды. — Кітап қоймасы (книгоположница)?— деп Руслан құлаққа жағымсыз қарт үнмен сұрады. — Иә. Біздіңше кітапхана. — Ааа... — Енді былай, Агапит кейбір пірәдарларға (монахтарға) дәрігерлік өнерді игеруге көмектесті, — деп Сэнсэй әңгімесін жалғастырды. Білім алудың негізі, сананың ерекше күйінде, әдетте тамаққа немесе сұйықтыққа айтылған арнайы дұғаларға негізделді. Осының арқасында, мысалға сұйықтық күшке толып, кейін оны науқасқа ішке немесе сыртқа қабылдауға қолданған. Қарапайым сөзбен айтатын болсақ, Агапит шәкірттері сұйықтықтың физикалық параметрлерін ғана емес, сонымен қатар молекулалардың құрылымын да өзгерте отырып, қажетті ақпаратты енгізуді үйренді. Әрине олар, сұйықтық құрылымының (структурасының) молекулалар микроәлемінде болып жатқан бар процесті, олардың макрообъектіге қалай әсер ететіні туралы терең білді деп айтуға болмайды. Бірақ, бұл оларға керек те емес еді. Пірәдарлар (монахтар) Агапит үйреткен білімнің жалпы постулаттарын пайдаланды, мысалға біздер қазіргі уақытта электр қуатын қолданғанымыз секілді. Адамдар электр тоғының энергиясын күн сайын пайдаланады, бірақ әлі күнге дейін ешбір адам оның не екені туралы жарытып ештеңе айта алмайды. — Мысалға, Агапиттен білім алған Дамиан пірәдардың қолынан адамдарды, әсіресе балаларды ағаш (зәйтүн) майын жағу арқылы емдеу (помазания елеем) жақсы келді. — Немен, немен? — деп Слава естімегендей қайта сұрады. — Ағаш майымен (елеем). — Ал ол не? — Елей — бұл зәйтүн, ағаш майы. Мысалға, христиандарда елеосвящение — жеті шіркеу қызметкерімен орындалатын, ал егер ондай мүмкіндік жоқ болса науқасқа бір шіркеу қызметкерімен орындалатын үлкен рәсім бар. Оны тағы да соборование маслом деп те атайды (соборование – бұл православ шіркеуінің науқас немесе өлім аузындағы адамның тәнін сылайтын (майлау) рәсімі). Оның мәні тағы да, науқасқа арнайы дұғалар оқылады да, оны қасиетті зәйтүн майымен (свящённым елеем) сылайды. Осылай жеті рет қайталайды. — Ал неліктен жеті шіркеу қызметкері (немесе пірәдар) жеті рет қайталайды? — деп Андрей сұрады. — Бұл рухани күшпен, Құдай мен адамдар арасындағы жалғаушы болып табылатын жеті Архангелдің күшімен байланыстырылады. Ал қарапайым тілмен айтсақ жеті Бодхисатвамен... Ал ағаш майын осылай қолдану, адамдарды емдеудің өте ежелгі әдісі, себебі процестің негізінде мен айтып кеткен білім — адамның қоршаған ортаға сұйықтық арқылы әсер етуінде жатыр. Сондықтан осыған ұқсасты әртүрлі діндер мен әлем халықтарының салт-жоралғыларынан кездестіруге болады. — Иә, — деп Николай Андреевич күрсінді. — Адамдар біртіндеп мәнін жоғалтып, тек сыртқы формасын ғана қалдырады. — Өкінішке орай, — деді Сэнсэй. — Бір кездері адамдар не істеп жатқанын білетін. Ал қазір бұл білімдердің тек сыртқы формасын ғана салады. Ең болмағанда христиан дінінің жеті қасиетті рәсімінің бірі (семи таинств христианства) — адамның осы дінге кіргенін білдіретін Шоқыну рәсімін (Крещение) алайық. Бүгінде салтанатты күрделі бұл рәсімге — қасиетті суға адамды үш рет батыру, дұға оқу, ағаш майымен, миро майымен сылау әрекеттері жатады. Бірақ, кейде бұл рәсімді жасап жатқандардың өздері де, не жасап жатқандарын, бұл сыртқы әрекеттерінің артында қаншалықты үлкен күш тұрғанын білмейді. Тіпті сенімдегілердің (сенушілердің) өздері де шынымен бағалап, дұға етілген судың шынайы әсерін толық сезінбейді. — Кішкене үнсіздіктен кейін: — Христиан дінінде нәрестелерді суға шомылдыру рәсімінің өзі бірден емес, христиан рәсімдерінің қалыптасуы мен жетілуіне сай анағұрлым кейін пайда болды, — деп қосты. Шоқыну (Крещения) рәсімінің түп негізі христиан дініне дейінгі діни-ғұрыптарға кетеді. Мұндай сумен болатын рәсімдер ежелгі әлемнің көптеген діндерінде жасалған. Олар өз кезегінде, ата-бабаларының судың «тазарту» күшіне сенуіне негізделген. Бірақ алғашқыда берілген Шоқыну (Крещения) рәсімінің мәні, адамдар сыртын ғана көретін су табиғатынан да (стихии) тереңде жатыр. — Қызықты, қызықты. Ендеше оның мәні неде? — деп Николай Андреевич әңгіме тақырыбына біз секілді қызығушылықпен, асыға сұрады. — Шоқыну (Крещения) рәсімінің шын мәні адамның өзінің санасына терең, тіпті рухына дейін үңілуінде жатыр. «Шоқыну» (Крещения) сөзінің өзі грекше «ваптисис», «бату», «сүңгу» («погружение») мағынасын білдіреді. Естеріңде ме, таңертең мен йогашылардың «Пранаяма» деп аталатын суға сүңгу практикасын айтқанмын. Заманауи көзбен қарайтын болсақ, бұлар мүлдем басқа екі практика сияқты көрінеді. Араларына адамдар өздерінің амбицияларымен шыңырау сызатын түсірген. Ал шын мәнінде Шоқыну (Крещение) мен Пранаяма және тағы да басқа сумен байланысты рәсімдер мен практикалар, — бұлар шын білім мен ежелгі практикалардың, адамдардың өздерімен көпшілік үшін ыңғайланған, жәй ғана алыс жаңғырығы. Алғашқы білімнің негізіне, адамның сана күйін өзгертетін және оны белгілі бір жиелікке шығаратын, осының арқасында адам рухани өсіп, Жаратушыға жетілген жаратылыс ретінде келетін, практикалар жатқан. Яғни, осы практикалардың арқасында ол нағыз шынайылықты (настоящую реальность) таныған. Ол не істеп жатқанын, қайда баратынын білген. Бұрынғы замандарда «Сүңгу» (Погружения) рухани дамудың белгілі бір сатысында тұрған адамдарға берілген. Оның көмегімен адам сананың өзгерген күйіне еніп, Құдаймен қосыла алатын өзінің жан дүниесінің ең құпия тереңіне сүңгуге мүмкіндік алған. Әрине, ол жақта Хайуани негізге ешқандай орын болған жоқ, өйткені ол Рухпен байланысты еді. Бұл практика шыныменде білім құпиясын, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес білімді берді. Өйткені ол Жаратушының бір бөлшегі — бәрін білуші Рухтан алынды. — Иә, уақытпен біраз құндылықтарды жоғалтып алыппыз, — деп Николай Андреевич байқампаздықпен сөйледі. — Көбіне біздер, не жасап жатқанымызды, оны не үшін жасайтынымызды мүлдем түсінбейміз. Барлығын салт-дәстүрге аударып, ежелден осылай жасалған, осылай болуы керек деп өзімізді жұбатамыз. Ата-бабаларымыздың салт-дәстүріне жәй ғана құрмет береміз. Сэнсэй күліп: — Жоқ, егер талдап қарайтын болсақ, мүлдем жоғалып құрығаннан, осылай болғаны жақсырақ. Себебі ерте ме, кеш пе негізгі мәніне жететін адамдар табылады, — деді. — Мен мұндай сәттерге еш назар аудармадым, — деп Николай Андреевич тағы да сөз бастады. — Бірақ қазір сен Шоқыну (Крещении ) туралы айтқан кезде, маған ескі пациентіммен бір кездері сөйлескенім есіме түсті. Ол Шіркеудің әрбір сөзін тура қабылдайтын фанатизмге толы сенуші деп айтуға болады. Сол адам әңгімелерінің бірінде, маған христиандардағы Шомылу (Крещени) рәсімінің идеологиясын айтып берді. Менің өзім де шоқынғанмын, бірақ бала кезімде. Алайда мұндайды өмірімде бірінші рет естідім. Оның сөзінше басқа ешбір адам емес тек шоқынған адам ғана, адамның дүниеге келу фактісімен байланысты болған алғашқы күнәдан тазарады-мыс. Тек шоқынудан кейін ғана адам Шіркеудің бір мүшесі болып, Мәңгілік өмір болған оның ізгілігіне қосылады екен. Шоқынуға дейін адам өзінде шәйтанның мөрін алып жүреді екен, яғни шәйтаннан бөлінбеген. Ал бұл рәсімнен өткеннен кейін, оның жүрегінен шәйтан қуылып, адамға қатысты тек сыртында қалады екен. Және Шоқынудың арқасында (благодаря Крещению) адам барлық күнәларынан арылып, әрі қарай күнә жасаудан аулақ болуы керек. Бұндайдың болуы мүмкін бе? — Әрине, жоқ. Шоқыну (Крещение), сөзсіз күшке ие. Бірақ қарапайым адам үшін — бұл рухани оянуына жәй ғана серпіліс. Дегенмен бұл оны христиандар «шәйтан» деп атайтын Хайуани болмысынан арылтпайды. Және оны сыртқа лақтырып тастап немесе одан толық құтылу мүмкін емес. Бұлай ойлау көлік жүргізіп келе жатқан адам өзін көлікте емес, жәй ауада ұшып келе жатырмын деп өзін сендірумен бірдей. Тіпті Бодхисатвалардың өзі адам тәнінде дүниеге келіп, Хайуани негізінің сынағы мен бар адами азғырудан қашып құтыла алмайды. Мысалға, адам тәнінде дүниеге келген Құдайдың Ұлы Исаны алып қарайық. Ол да бұл тағдыр сынағынан қашып құтылмады. Қырық күн бойы ол «шәйтанмен» күресті, яғни, қарапайым сөзбен айтатын болсақ өзінің жеке Ақіретінен (Армагеддон) өтті. Ол өзінің Рухани Болмысына хайуани ақылын бағындырып, өзінің Хайуани негізін «шынжырға байлады». Сонда да, ол өзінің бар екенін білдіртіп, өмір бойы «үріп», «қыңсылауын» тоқтатпады. Себебі, Иса Ұлы Рух болса да дүниелік (немесе материалдық) тәнде еді. Және одан қашып құтыла алмайсың. Заң солай. Адамның табиғаты. Осы кезде Костя күлімдеп сөйлей бастады: — Ал мені төртінші сыныпта шоқындырғаны есімде. Поп (діни қызметкер) біздерден бір нәрселерді сұрады, ал біздер хормен жауап бердік. Кейін біздерге батысқа бұрылып, бар күшімізбен шәйтанға түкіріңдер деп айтты. Бұл менің жадымда жақсы сақталды, себебі мен бар түкірігімді жинап, барымша... Біздер күлдік, ал Сэнсэй: — Сіздер Шоқыну рәсімінің бірі — жаман рухтарға тиым салу және шәйтаннан бас тартуды өткенсіздер, — деді. — Жоқ, енді бәрін түсінемін, — деп Костя күліп, Николай Андреевичке еліктей сөйледі. — Бірақ, түкірудің не керегі бар еді? — Бұл түкірулерімен христиандар өздерінің шәйтаннан және оның қулық-сұмдығынан (его козней ) қорықпайтынын көрсетеді деп есептеледі, себебі Құдай оған қажетті қорғанышты береді, — деп Сэнсэй түсіндірді. — Жалпы, осылайша өзінің шәйтанға деген шексіз жеккөрушілігін көрсетеді. — Мәдениеті де (әдет-ғұрпыда) тура орта ғасыр, — деп Костя күлді. — Мәдениеттің бұл жерде еш қатысы жоқ. Себебі адамдар өзгермейді. Олар қалай бар болса, солай қалады. — Ал неліктен біздер батысқа бұрыламыз? — Жәй ғана православ христиандығында батыс әрқашан Құдайға қарсы күштермен байланысты болған. Және рәсімде адам батысқа бұрылған кезде, шіркеуліктер шоқынушы адам шәйтаннан бас тартып, бұл туралы оның «бетіне» айтады деп есептейді. Ал бұдан кейін шығысқа бұрылады (к алтарю на восток). Бұл бағыт адамды Құдаймен байланыстырады де есептеледі. — Енді, Шамбаланың қайда орналасқанын ескеретін болсақ, олардың кей сөздері дұрыс, — деп Володя айтты да, үнсіздіктен кейін: — Батыс туралы ойлары да осылай, — деді. — Поптың шіркеулік славян тілінде дұға оқығаны есімде, — деп Костя естеліктерін айтты. — Бірақ сөзінің жартысы түсініксіз болды. Кейін біздерге су себелеп (окроплял), бір нәрсе жақты. А! Тағы да басымыздан шаш талдарын алып, оны біздер балауыздан жасалған шелпекке орап, суға жібердік. Және осындай күрделілік (қиындық) не үшін қажет? — Ержеткен соң түсінесің, — деді Виктор. Сэнсэй көңілсіз күлді де: — Көріп тұрсыңдар ма, бұл рәсім біреулер үшін — шоу болса, басқалары үшін — өмірін қайта қарау (переосмысление жизни), — деді. Бұл сөздерден кейін Костя үнсіз қалды, ал Николай Андреевич осы сәтті пайдаланып Сэнсэйге қарап, өзінің пациентімен болған әңгімесін еске салды. — Енді сол адаммен әңгіме кезінде, тек шоқынған адам ғана жұмаққа барады, ал шоқынбаған адам ол жаққа ешқашан бара алмайды деген сөздер айтылды. Шоқынбаған адамға басқа рәсімдердің рақымы тимейді екен. Ол үшін дұға етуге, өмірінде де, өлгеннен кейінде еске алуға болмайды, тіпті жаназасын да (отпевать) шығаруға болмайды екен. Ал шоқынудан кейін барлығын жасауға болады деп айтады. Демек Шіркеу үшін шоқынбаған адам мүлдем жоқ болып шыққаны ма? Сэнсэй Николай Андреевичті мұқият тыңдады да, кейін: — Енді қалай... осы діннің Шіркеуі үшін мүмкін жоқ та шығар, бірақ Құдай үшін барша адамдар — Оның балалары! Адам туылғанынан сегізінші күні, тәніне рухы енген кезден бастап, Оның кіші әріппен жазылған «баласына» айналады. Ал ол бас әріппен жазылған Адам болуы және Жаратушыға жетілген болмыс ретінде келуі — енді ол өзіне, өзінің еркі мен таңдауына байланысты. — Адам рухы тәнге туылғанынан сегізінші күні енеді ме? — деп Руслан қайталай сұрады. — Иә. — Ал оған дейін бұл нәресте кім болғаны? — Кез-келген басқа жануар секілді жәй ғана тірі ағза, — деп Сэнсэй жауап берді. — Және тағы да бұл сұрақта біздер, ілімнің жоғалуымен, тек ежелден келе жатқан салт-дәстүрлермен жолығамыз. Айтпақшы, Орыс елінде туылғаннан кейінгі сегізінші күні рухтың келетіні туралы білімнің жаңғырығы әлі күнге дейін сақталған. Сәбидің өмірге келген сегізінші күні қай әулиені еске алатынына (почитался) байланысты есімі таңдалған. Және ертеректе туылған күні емес, атаулы күндер (именины) — яғни адамға есімі берілген әулиелердің күндері атап өтілген. Бұл адам өз тәкаппарлығын көтермес үшін, әрі адамдар бұл өмірге не үшін келгенін, кімнің есімін алып жүргенін ұмытпас үшін жасалған... Ал жалпы алғанда сәбиге туылғанынан сегізінші күні есім қою ескі өсиет (ветхозаветные времена) замандарында жатыр... — Демек, біздер бүгінде Хайуани негізіміздің туған күнін тойлайтын болғанымыз ба?! — деді Женька өзіне жаңалық ашқандай. — Ал мен неліктен адамдар өздерінің туған күндерінде әрқашан торайша қарындары жарылғанша қомағайлана ішіп-жейді деп ойласам! Онымен қоса көбірек, қымбатырақ сыйлықтарды қалайды. Торайлық болмысымыз осы жерде тығылып жатқан екен! Барлығымыз күлдік. —  Жо, бұл ерігуді (баловство) тоқтату керек, — деп ойлана сөйледі. — Болды, Стас сенің келесі туған күніңе ешқандай сыйлықсыз, тек жалғыз ғана балауыз шамымен (свечка) бір апта өткен соң келемін. Өйткені сенің жаныңа сыйлықтар тек кесірін тигізеді, ол сенің Хайуани негізіңді тойдырып, әр жыл сайын үлкен шошқаның тәбеті секілді қомағайлығын күшейтеді... Стаста лезде Женькаға туған күніне байланысты одан да ұтымды ұсыныспен жауап беруден тартынған жоқ. Досы да әзіл әңгімемен (анекдот) қалжыңдады. Және барлығымыз бұл клаунададан күлкіге қарқ болдық. Кейін, барлығы басылған соң, Николай Андреевич өз ойларын айтты. — Иә, қайда қарасаңда білім емес, толған рәсімділік (формальность). Бұл «Прогресске» домалап жеттік деп аталады... Жоқ, мен барлығын түсінемін, егер Шоқыну рәсімі психологиялық тұрғыдан, егер ересек адаммен жасалса, ол оған өз күшіне сенімін оятып, өзін сендіруге, ең болмаса осындай жолмен өзінің қорқыныштарынан арылтып (қорғап), жақсылыққа бағыттап, жалпы адамгершілік қағидаларымен өмір сүруге міндеттейтін болса. Мұның барлығы түсінікті. Бірақ шоқынған адам мен шоқынбаған адам арасына сұрақты тігінен (категорично) қоюдың қажеті қанша? Ал егер адам ата-аналары әртүрлі сенімдегі отбасында дүниеге келсе ше? Олар өздерінің шектеулері, қатып-қалған қағида шекараларымен адамды ішкі жан дүниесінің шиеленісіне итермелейді емес пе (внутренний конфликт). — Ал сен нені қалап едің? Дін қызметкерлері де адамдар... Халық айтпақшы, басқаларымен (діндермен) тозаққа түспей, бір ғана дінмен жұмаққа баруға болмайды. — М-даа, — деп Николай Андреевич соза сөйледі. — Бұл — барлығының тамақ жегісі келеді деп аталады. — Дәл, — деді Володя. — Әркім біреудің қойларын өзінің отарына айдап әкелуді армандайды. Тобымыз күлді. Ал Сэнсэй: — Ал егер еш әзілсіз айтатын болсақ, бар сыртқы діни жылтырағына қарамастан (мишура), қарапайым адам үшін бұл сумен болған діни рәсімдерден өту біршама маңызды, себебі бойында Жаратушыға алғашқы қадам жасауға серпіліс тудырады. Өйткені бұл рәсімдер өзінің сыртқы түрімен, шатастыруларымен, түсініксіздігімен адамды өзінше бір транс күйіне түсіреді. Және бұған рәсімді өткізген адамда, оған қатысқан адам да кіреді. Егер қатысушылардың барлығының ойлары, ойлануға емес, шыныменде Жаратушыға дұғада болса, — бұл әрбір қатысушы алатын, ішкі жан дүниесіндегі өзінің агатодемонының күшеюі (серпілісімен) күйіндегі рухани күшті тудырады. Қарапайым адамдар үшін бұл тамаша (ғажап)! Ең болмағанда осылайша, тек материалды дүние ғана бар еместігіне және түптеп келгенде өздерінің бұл әлемге өмір бойы Тәкәппарлықтарының (Эго) құлы болу үшін келмегендігіне назарларын аудартады. Яғни, адам діни рәсім арқылы сенімге (Құдайға) серпіліс беретін үмітке ие болады. Ал негізгі рәсім (основное таинство) өзінің сенімі арқылы өтеді. Айырмашылығы неде екенін түсінесіздер ме? Егер рухани адамға өзінің сана (ақыл) күйін өзгертіп, рухани практикалармен жұмыс жасауға сенім күші мен ерік-жігері (күші) жеткілікті болса, қарапайым адамға өз күшіне деген жәй ғана сенімнің өзі жетпейді, оны бес минутқа дүниелік тіршіліктен жұлып алып, яғни анағұрлым биік құндылықтардың бар екендігін көрсететін көзге қызықты (зрелищность), көпшілдік (массовость немесе бұқаралық) керек. — Ал неліктен бес минутқа? — деп Руслан сұрады. — Себебі алған бар әсерлері мен жағымды толқуларынан кейін ол үйіне барады, ал ол жерде материалды тіршіліктің бітпес шаруасы. Мінекей осылайша оның санасы бастапқы қалпына қайта оралады. Өйткені өзін ерік-күшімен жақсы жаққа қарай, рухани жаққа өзгертуге санасы жетпейді (тямы), осылайша өзінің бар ішкі мәселелерін сыртқа аудара салады. — Демек, таза білім (чистое знание) адамдарды таңғалдырмайтын болғаны ма?! — деп Николай Андреевич өзінің күтпеген тұжырымын жасады. — Қаншалықты қисынсыз (парадоксально) естілсе де, дәл солай, — деп Сэнсэй келісті. — Таза білім (немесе шын білім) адамдарға қызықты емес. Оның қарапайымдылығына байланысты оны түсіну оларға қиын. Бұл жерде көрнекі шоулар (визуальных шоу), айқын (қанық) әсерлер, эмоционалды-стресстік сезімдерді бастан өткізу жоқ (переживаний). Ал адамдар бірінші кезекте нені қалайды? Нан мен қызықты көріністі (зрелищ), өйткені бұл көпшілігінің өмірдің мәнін түсіну бағаларына сәйкес келеді. Адамдар өздеріне-өздері өмірді қиындатады. Және бұл өздерінің күнделікті тіршілігімен өмір сүрген қарапайым адамдарға ғана қатысты емес. Кейбір тұлғалар (адамдар) руханиятқа бағыт алып, алғашқы қадамдар жасап, өзінің жолында алғашқы білімдерге қол жеткізеді. Бірақ өз-өзімен дұрыстап нақтылы жұмыс жасап, осы білімдердің мәнін ұғынып, тәжірибиеден өткізіп, әрі қарай жүрудің орнына, олар сыртқы формасын қарап және оған өздері қол жеткізгендігі үшін маңыздылық беріп жылдарын жұмсайды. — Бұл қалай? — деп Юра түсінбеді. — Енді, бұл мысалға қолында шоколады бар адам, оны жәй ғана жеудің орнына, алдымен сыртқы оралған қабығын дұрыс алу үшін Америкаға барып, бес жыл оқиды. Кейін Жапонияға барып, фольгасын ашу үшін тағы да бес жыл оқиды. Одан соң шоколадты дұрыс тістеу үшін Солтүстікке чукчаларға барады. Кейін ауыздағы шоколадтың дәмін дұрыс бағалау үшін тағы да бес жыл Франция мен Англияда оқиды. Ақыр аяғы үйіне оралып, өзінің шоколадын алады да, бірнеше минут ішінде жеп қояды. Және өзі ұзақ уақыт бойы маңғаздықпен дайындалған әрі осыншалықты күткеніндей болмағанын түсінеді. Бұл қалай — бірнеше минут ішінде жеп қойып және осымен біткені ме? Әрине мұндай реакция табиғи, себебі шын мәнінде ол бір жерді таптаумен ғана болды (орнынан қозғалған жоқ). Ал білімді меңгеру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Жәй ғана өзіңнің ішкі жан дүниеңе үңіліп, өзіңнің кім екендігіңді және шын мәнінде бұл өмірден нені қалайтыныңды түсінгенің жеткілікті. Сэнсэй құлаған отын ағашын бұтамен отқа жақындатып, үнсіз қалды. Тағы да кішкене үнсіздік орнады. — Иә, сенен тағы да бір нәрсе сұрайын деп едім, — деп Николай Андреевич іліп әкетті. — Қасиетті Рух туралы (Святого Духа). Менің пациентімнің әңгімелерінен түсінгенім бойынша, Шоқыну рәсімінде (обряде Крещения) барлығы адам жанына Қасиетті Рухтың (Святого Духа) түсуіне негізделген екен. Ол жерде, мысалға пірәдар суға дұға оқу кезінде (освящении воды), шомылатын су Қасиетті Рухпен күшке толуын сұрайды екен. Ал пірәдармен денеге май жағу рәсімі кезінде, бұл әрекеттерді жасауда әркез: «Қасиетті Рух сыйының мөрі» деп қайталайды (Печать дара Духа Святого). Және дененің әрбір бөлігі белгілі бір нәрсені білдіреді-міс (символизирует). Мысалға, бет-жүзі жақсы ойларды (освятить мысли), аяғы — адам Иса жолымен жүру үшін, қолдары — адам Құдайға ұнамды істер жасау үшін. Бұл да салт-дәстүр ме, әлде белгілі бір мағынасы бар ма? — Бұл сұраққа жартылай өзің де жауап бердің. Әрине, бұл жерде символизм бар, бірақ Қасиетті Рух рәсімде жоқ емес. Себебі кім сеніммен жүгінсе, сол адамға беріледі. Ал негізінде, адам Жаратушыны тануға тек Қасиетті Рух арқылы ғана келе алады. Өйткені ол бірінші көмекші әрі адам мен Жаратушы арасын жалғаушы. Ол өзінің көрінісінде көпшіл, бірақ Оның Болмысы жалғыз. Адамға Қасиетті Рухты шән мәнінде түсіну өте қиын. Бірақ бірде-бір дінде, бірде-бір діни рәсімде (ни одно таинство) адамда Құдайға деген Махаббат пен Сенім тудыратын Қасиетті Рухты айналып өте алмайды (не обходится без наития Святого Духа). Өйткені Ол адамдар үшін Құдайдың күші, Оның Даусы мен Естушісі. — Сэнсэй үзіліс жасап, Агапит туралы әңгімесіне қайта оралды. — Біздер, айтпақшы, Агапиттің шәкірттері туралы әңгімемізден аздап ауытқып кеттік. Енді былай, Дамиан науқастарды маймен (елеем) майлап, дұғамен емдеген. Ал мысалға Агапиттің басқа шәкірті — Алипий ағаш майының орнына бояуларды қолданған. Ол икон салушы болған (иконописец). Жасөспірім кезінде-ақ, Алипий гректерге Печерск ғибадатханасындағы Успен соборын безендіруге көмектескен. Ал кейін өзі де икондардың суретін сала бастаған. Ал Агапит оны дұғаның және бояулардың көмегімен адамдардағы тері ауруларын емдеуге үйреткен. Мысалға, жараларды, іріңдеген жарақаттарды. — Ал оларды бояулар көмегімен қалай емдеуге болады? — деп Костя таңғалды. — Қалай? Бояудың негізі сұйықтық емес пе. Бұларда бояғыштармен араластырылған майлар. Оның үстіне бояуыштар қосымша емдік қасиетке ие, әрине бұл жалпы аурудан айығудың нәтижесін күшейтеді. Себебі ертеректе қазіргідей химия емес, табиғи бояуларды қолданған. Кейбір бояулар жақсы антибактериалды қасиетке ие, мысалға индигоноска өсімдігінен алынатын көк түсті бояғыш индикан. Онымен қоса, сол замандарда өзінің жануардан және өсімдіктен болған компонеттерінің арқасында, антисептикалық, қабынуға қарсы, жара-жарақатты жазатын қасиетке ие, қызыл және сары түстерді жиі қолданған. — Демек, Алипий суретші мамандығын дәрігерлікпен ұштастыра білгені ме? —деп түйіндеді Николай Андреевич. — Өте дұрыс, адамдарға барынша пайдалы болу үшін, — деп Сэнсэй нақтылады. — Айтпақшы, Агапит Алипийге бірінші «мамандығының» біршама құпияларын айтқан. Ол оған түстердің үйлесімділігі, олардың адам психикасына әсері, кеңістік пен уақыт қатынасындағы бейненің жүйесі туралы айтқан... — Түсінбедім, — деп Николай Андреевич таңғалды. — Бұл қалай, он бірінші ғасырда Агапит Алипийге түстерді қабылдау психологиясы туралы терең, кеңістік пен уақыт қатынасындағы бейненің жүйесі туралы айтқаны ма? — Алипий бұл қарапайым ақиқаттар тек мың жылдан кейін ғана ғылымға айналатынын білсе, ол да таңғалатын еді деп ойлаймын, — деп Сэнсэй күлді. — Бірақ осы түстерді қабылдау туралы барлығы да түптеп келгенде маңызды емес. Ең бастысы, Агапит ерекше назар аударған нәрсе, кескіннен көрінбейтін әсер жасау еді. Себебі Агапит бейнеден пұт жасап соқыр адами табынуға әкелмес үшін, икона белгілі бір бейнеге идеалдандырылмауы керек деп санаған. Бірақ ол рухталған (одухотворённой) болуы керек. Ең бастысы, қалай және қайда емес, мейлі ол бейне ағаш кесегіне болмаса қабырғаға салынса да, бірақ бұл кесінді салған адам қандай рухани күйде болғандығында. Өйткені, адам өзінің Хайуани негізінен барынша алыстап, өзінің Рухын максималды көрсеткен ерекше сана күйінде болған кезде иконкаға ереше күш беріледі. Бұл осы иконканы қараған адамды ерекше сана күйіне енгізіп, құдайы күштің шын бар екендігіне сезімін оятып, адамда рухани серпіліс тудыруға қуатты. Немесе бүгінгідей айтпақшы «қайта қуаттау» (қайта зарядтау) іске асады. Және суретшінің Құдайға деген ойы мен ұмтылысы қаншалықты таза болса, өзінің жағымды қуатының арқасында (зарядының) адамды рухани өзгерте алады. Мен оның денсаулығын қалпына келтіретіндігін айтпай-ақ қояйын. Өйткені тәннің саулығы ең бірінші кезекте руханиятқа байланысты. Және суретшінің Сенімінен туған осындай күштің жарқылы, мыңдаған жылдар бойына тұрақты сақталады. — Мыңдаған жылдар? Ал неліктен бұлай болады? — деп Татьяна қызыға сұрады. — Себебі шын рухани күш үшін ешқандай уақыт та, кеңістікте жоқ. — Ал бұл тек икондарға ғана солай ма? — деп Костя сұрады. — Бұл кез-келген көркем (немесе әдеби) туындыға таралады. Себебі, мәні бояумен көмкерілген ағаш тақтасында емес, Агапит айтпақшы, қаламда емес, мүсінде емес және кітапта да емес, бұл туындыға енгізілген ішкі күште. — Иә, таңғаларлық эффект, — деді Николай Андреевич. — Бір кездері маған Ленинградтағы Эрмитажда болу бақыты бұйырған. Әрине, ол жерде ежелгі шығыс, ежелгі мысыр, азия, ежелгі грек-рим мәдениетінің (античной культуры) бай мәдени құндылықтары жинақталған. Сонымен қоса VIII—XIX ғасырлары аралығындағы орыс мәдениеті де бар. Қандай картиналар десеңші! Сэнсэй сөзіне келісіп басын изеді. — Егер сен ол жерде байқасаң, кейбір картиналарға іс-жүзінде ешқандай құнды болмаса да, адамдар сағаттап тұрып қызықтайды. Ал басқа, өте мұқият және анағұрлым жақсы салынған картиналарға, адамдар кідірмейді. Себебі кескіннің де жады болады және суретші оны салу арқылы, оған өзінің жұмысын, өз сезімдерін, эмоцияларын, ойларын енгізгендей болады. Ал бұл картинаға қараған адам оны интуитивті сезінеді. — Ал адамның фотосы да осындай эффектіге ие ме? — деп Стас сұрады. — Сөзсіз. Тіпті фотография объектімен, яғни адаммен үздіксіз байланысын сақтайды. Және ол арқылы, объектінің тірі немесе өлі екендігі туралы, қазіргі сәтте қайда екендігі, оның эмоционалды күйі туралы оңай білуге болады. Фотокарточкалар арқылы оның психоэмоционалды сферасына, денсаулығына және тағыда басқа күйіне тікелей әсер етуге болады. Тіпті фотосурет көптеп тираждалсада, тірі объектімен байланысын мүлдем жоғалтпайды. Ал салынған суреттерге (картиналарға) келсек барлығы басқаша. Тіпті қайта фото суретке түсірседе (фотографияласада), суретке енгізілген ақпарат бастапқы қалпында сақталады, себебі бұл ақпарат картинада үнемі болады. — Менің түсінгенім, адамдар картиналарды өз сенімімен қуаттайтын болғаны, — деді Николай Андреевич. — Өте дұрыс. Ішкі сенім үлкен маңызға ие. Мысалға, әңгімемізге қайта оралып, Агапиттің өзін алып қарайық. Ол адамдарды емдеуде шыныменде ғажайыптар жасаған. Және бұл көп жағдайда оған жақсы ниетімен (ұмтылысымен) келген адамдардың ішкі сеніміне байланысты болған. Сенімдегі адамдарды сырқаттары қаншалықты ауыр болсада, аяғына тезірек тұрғызған. Ал оған ызамен, ішкі сенімсіз келгендерді, әрине ондай адамдар өте аз болған, сырқаттары жеңіл емделетін болсада Агапит емдеуге алмаған. Себебі сенім — бос сөз (жәй) емес. Тіпті Өз отанына келген Исаның өзі «... ол жерде сенімсіздіктері үшін көптеген ғажайыптарды жасамаған...» («…не совершил там многих чудес по неверию их…) — Иландыру (Сендіру, Внушение)? — деп сұрағын қойғандай Николай Андреевич ойын айтты. Және иығын көтеріп: — Бірақ жалғыз иландыру арқылы ауыр ауруларды емдеу мүмкін емес, бұл енді факты, — деп қосты. — Иландырудың (Внушение) бұл жерде ешқандай қатысы жоқ, — деп Сэнсэй қарсылық білдірді. — Агапит, Иса ондай адамдарды емдеуге, сырқаттарынан жаза алмайтыны үшін алмаған. Барлығы сенім феноменінде. Егер адам жарыққа ашық болса, ол жарықты қабылдайды. Ал егер адам жабық болса, яғни сенімі болмаса, — бұл жертөлеге түсіп, қақпағын мықтап жауып алып, қараңғылықта біреу күндізгі жарықпен емдейді дегенмен бірдей. Әрине мұндай үміттену бекерге кететіні анық. Өйткені адам миы компьютер сияқты жұмыс жасайды. Ал сенім — бұл арнайы бағдарлама. Егер ол компьютерде орнатылған болса, онда сіз онымен белсенді жұмыс істей аласыз және осы жұмысқа сәйкес нәтиже аласыз. Ал егер адамда сенім болмаса — бұл компьютерде тиісті бағдарламаның болмауымен бірдей. Әрине, өзіңнің компьютеріңе керекті бағдарламаны орнатпай, сіздің толық жұмыс жасай алмайтыныңыз белгілі. Агапиттің жақсы дәрігерлігінің феномені неде? Ол тек дәрілік шөптермен, болмаса қазір хиропрактика деп атайтын қолдарының көмегімен немесе сөздерімен ғана емдеген жоқ. Көбіне ол науқасқа өзінің асынан тағамдарды болмаса суды берген. Бірақ бұл тағамдардың барлығы оның дұғаларымен оқылған еді. Осыдан кейін адам анағұрлым жеңілденіп, кейін шыныменде сырқатынан айыққан. Неліктен? Себебі Агапит шын сеніммен емдеген. Ал бұл — ұлы, шын күш! Шын сенім — абсурдқа жеткізетін, фантазия емес, бұл жанжал мен дауларда «кеудеңді соғу емес». Шын сенім — бұл сенің жеке рухани күшіңнің тазалық деңгейі. Ал Агапиттің жеке рухани күші өте үлкен болған. Және науқасқа арналған тағамға немесе суға дұға айтуы, сырттай дұғамен үшкіру (заговор молитвой) сияқты көрінгенімен, шын мәнінде Агапит өзінің жеке рухани күші арқылы сұйықтыққа арнайы бағдарлама енгізген. Кейін сұйықтық науқастың ағзасына түсіп (еніп), оның сұйықтығымен байланысқа түскен, яғни шын мәнінде адамның өзінің сенімі көмегімен іске қосылған жаңа бағдарлама орнатылған. Айтпақшы, Агапит әрқашан ас ішер кезінде, тағамға дұғасын оқып, батамен бастаған. Және басқаларында осыған үйреткен. Көбіне өсімдік тағамдарын азық қылған. Тіпті дұғасымен ұшықталған ащы шөптің өзі оның қолында науқас үшін тәтті дәріге айналған. — Енді мұны тек ауыспалы мағынасында алатын болсақ, — деп Костя аздаған күмәнімен айтты. — Сырқатыңнан айығу үшін жиіркенішті және ащы болсада дәрі ретінде барлығын жұтуға дайын боласың. — Неге ауыспалы мағынасында? — деп Сэнсэй шыныменде түсінбей айтты. — Тура мағынасында. Костя Сэнсэйге сенімсіз көз қиығын салды. Кейін Сэнсэйдің айтқандарын ой талқысынан өткізу үшін, терең ойшыл (немесе терең ойлану) позасына тұрды. Осындай өзі туралы айтуды жақсы көрген «терең ұғыну» (великоцезарского) ой толғау сәтінде, жігіттің көзі біздер күндіз отынға жинаған құрғақ бұталарға түсті. Олар Костяның жанында жатты. Және оларға жабысқан шөптердің ішінде жусан (полынь) бұтақшасы бар еді. Оны байқаған жігіт біршама қуанғандай болды, басына «олай еместігін дәлелдейтін» ойдың келгені анық. — Тура мағынасында қалай түсінуге болады? — деп күмәндана айтты. Ал ол, мысалға жусан болса? — деп жусан шөбіне басын нұсқады. Оның ащы екенін білмейді емес білемін! Бұл жаман иісті арамшөп! Ал ол қалайша тәтті болады? Сэнсэй Костяға қарады да, көзін көңілді сығырайтып: — Оны бермен әкел, — деді. Костя шөпті (бұтаны) жиіркене екі саусағымен алды да, Сэнсэйге беріп, кейін ерекше мұқияттылықпен қолдарын сілкіді. Оның мұқият қимылдарын байқаған Женька, кепкен (сушка) бұтаны шайнап, әзілдеуді жіберген жоқ. — Эээ, бауырым, бұл жерде кімнің сасық иісті арамшөп екені әлі сұрақ! Барлығы күлді. Ал Сэнсэй, өсімдікті қолына нәзік алып, жеңіл сілкіді. Кейін алақанына қойып, тірі тіршілік иесіндей жұмсақ сипады. — Қайдағы арамшөп? Бұл дәрілік өсімдік. Онда эфир майлары және алкалойдтар бар. Бұл дегенің медицина үшін құнды заттар жиынтығы. Ал оның дәміне келетін болсақ... Сэнсэй құпия күлімдеді. Кейін қолдарымен жусан бұтақшаларын сипап, өте тыныш бір нәрселерді айтып сыбырлай бастады. Лезде біздің тобымызда толық тыныштық орнады. Тіпті осы кезге дейін кепкенді сықырлатып отқан Женьканың өзі жақтарын «тоқтата тұрды». Ал Мен Сэнсэйге жақын отырып, естуге қанша тырыссам да, оның сыбдырынан жарытып ештеңе ести алмадым. Кейін Сэнсэй үнсіз қалып Костяға қарады да, оған жусан бұтасын ұсынды. — Мінекей, байқап көр. Костя басында инстинктивті қолын созды да, кейін әзілдеп (алдау) ойланған сияқты, қолын лезде тартып, күлкімен: — Мен не жусанды жейтін аурумын ба! — деді. Николай Андреевич орнынан қызыға тұрып, отырған жігіттерді айнала өтіп, Сэнсэйге қарай қозғалды. Костяның жанынан өтіп бара жатып, жігітті иығынан қақты да, жігіттердің жалпы күлкісіне: — Барлығы науқас (ауру), Константин. Дені сау адам болмайды. Дәрігерлік тексерістен өтпегендер болады... — деп Дәрігер бұтаға қолын созды. — Рұқсат па? — Ас болсын, — деп Сэнсэй күлді. Николай Андреевич жусанды Сэнсэйдің қолынан алып, бірінші иіскеді, ал кейін жоғарғы жағын сындырып, абайлап дәмін көрді. Біздер жасырылмас қызығушылығымызбен оның реакциясына қарадық. Бірақ біздің психотерапевттің жүзі әдеттегідей еш нәрсені білдірмеді. — Түсінбедім, — деп ол өсімдіктен бұл жолы көбірегін жұлып, бір сөзді қайталай берді. Оның құпия «түсінбедім» дегені бізді одан сайын қызықтырды және ең шыдамсыздары, оның ішінде менде бармын, орнымыздан атып тұрып, Николай Андреевичтің жанына тобырлай қалдық. — Қанекей, қанекей, — деп кезекті кепкен бұтасын асыға шайнай бастаған Женька іскерше қолын өсімдікке созды. — Байқап көрейін... Хм, қызық, сірне (патока) секілді тәтті. Оның «жарнамасынан» кейін біздер жусаннан кішкене бұтасын асыға жұлып, дәмін көре бастадық. Маған да бұл өсімдіктің аздаған бөлігі тиді. Дәмі шыныменде біртүрлі ерекше, ауызды қуыратын тәтті дәмге жақын. Ал Костя Сэнсэйдің «дәмін» байқап көруге әлі де шешілген жоқ, дегенмен оның көздеріне қарағанда қатты қалағаны айдан анық. Бірақ тәкаппарлығы мойын бермеді. Біздің сапырылысымызға (ажиотаж) қарап, ол өзіне тән мысқылымен (сарказмымен): — Сендерде қатырасыңдар, жусан маньяктары секілді. Мүмкін сендерге тағы да сасық саңырауқұлақтарды (бледных поганок) жинау керек шығар? — Сасық саңырауқұлақтар бұл жерде өспейді, — деп Андрей оған соңғы «порцияны» беріп, күлкілі айтты. — Мінекейің, байқап көр. Шыныменде тәтті. Костя басында бәріне көрсете мұрынын шүйірді. Бірақ Андрей «өзің білесің» деп соңғы сабақшасын жеуге ұмтыла бастаған кезде, Костя шешімін тез өзгертті. — Эээ, мында әкел, ашқарақ! Ол күлкімен Андрейден шөптің қалғанын тартып алды. Кейін, мұқият тексере бастады, иіскелеп ақыры соңында байқап көруге шешім қабылдады. — Ал қалай? — деп Сэнсэй оның түсінбеген күйіне қарап көңілді сұрады. Костя ақымақша жымиды да қолын жайды (развёл руками): — Мен не айта аламын? Менің орындауымдағы Гете айтпақшы: «Нені түсінбесем, соны білмеймін» (Чего не понимаю, тем не владею). — Сэнсэй, расыменде, бұл сенің қолыңнан қалай келді? — деп Виктор қызыға сұрады. — Қарапайым. Сенімің болса — сенің де қолыңнан келеді. Қиын ештеңесі жоқ. Сенім мен ой тазалығы — негізгі себебі осы. Ал өсімдіктің сұйық құрылымына әсер ету — енді бұл техника ісі деп айтсақ болады. — Ал неліктен тек сұйықтыққа? — деп Николай Андреевич сөзінен ұстады. — Мен бүгінгі кеште бұл сөзді сенен бірнеше рет естідім. — Себебі кез-келген сұйық ортада (сулы) өзінің молекулярлық құрылымында, миникомпьютерлерге ұқсас, өзінше бір ұяшықтар болады (ячейки). Олардың микроөлшемдері ғаламдық (орасан) жадты сақтай алады. Және оларға материя туралы барлық ақпарат енгізілген деп айтса болады. Егер су құрылымына (структурасына) қарапайым механикалықтан бастап, химиялық, соңы электромагниттік әсер ететін болса... — Сэнсэй үнсіз қалды, керекті сөздерін жинақтап кейін: — енді, түсінікті болу үшін, соңы ой энергиясымен әсер ететін болсақ, судың молекулаларын қажетті үйлесімде (сочетание) қайта құруға болады (немесе жинақтауға). Өйткені су бұрын-соңды өзінде болған немесе ол болған, болмаса өзінің энергетикалық күйімен жанасқан барлық заттар туралы ақпаратты сақтайды.., мысалға тіпті қарапайым электромагниттік тербелістерді де. Ал су — табиғатта ең көп кездесетін зат және оның осы материалдық әлемде барлығымен әртүрлі күйінде байланысқа түсетінін, өзінің әрбір молекуласында берілген ақпаратты сақтайтынын, оның өзара әрекеттесуін ескеретін болсақ, оның есте сақтау қорының қаншалықты үлкен екенін елестетіп көріңіздер. — Демек, тіпті осы жусанның өзінен тек тәттіні ғана емес, оны уға да айналдыру мүмкін болғаны ма? — деді Руслан. — Болады, егер сол удың молекулалық құрылымы мен энергетикалық толымын (наполнение) білсең, — деп Сэнсэй күлімдеп жауап берді. — Тіпті шыбын-шіркейге де ме?! — деп Руслан таңғалды. — Ал неге болмасқа? Жер шарында сусыз ешнәрсе қимылдамайды. Біздің планетамызда су барлық тірі организмдердің құрамында бар, және ол 45% - дан 98% дейін барады. Оның ішінде адамда бар, су жалпы адам массасының 80% дейін барады. Су — бұл табиғаттың кең тараған компоненті. Тіпті оттың өзінде, жану процесін жүргізетін сутегі және оттегі күйіндегі судың элементтері бар. Тіпті тастың өзінде де сұйықтық болады. — Таста? — деп Слава таңғалды. — Иә таста. Барлық тастар үлкен қысымда аз көлемде болса да, сұйықтық бөледі. Сіздерге бүгін қаншалықты қисынсыз естілсе де, тіпті Жердің ортасы, қызған ядро ішінде, орасан салмақты және тығыз жер ядросында да сұйықтық бар. Жер — шындығында негізінен сұйықтықтан тұратын, тек сыртқы бетіндегі 70% — бұл мұхиттар, ал 30% — әртүрлі сумен болған материя модификациясы ғана емес, ішкі сұйықтығы да бар тірі мақұлық (болмыс). Және біздер, адамдар оған ұқсаймыз. — Жердің де санасы (ақылы) болғаны ма? — деп Костя өзіне бұл сұрақты мүлде түсіндіре алмады. — Сөзсіз солай және адам онымен байланысқан. Себебі бұл сана сұйық құрылымдар жадында болғандықтан, онда барлығы туралы, оның ішінде әрқайсысымыз туралы ақпараттар жинақталған. Мен айтып кеткенімдей, біздің тәніміздің көп бөлігі сұйықтықтан тұрады, демек біз туралы барлық мағлұматтар, ойымыздан бастап, эмоцияларымыз, денсаулығымыз бен ДНК матрицамызға дейін, бұл жадқа енгізіледі. — Ал ол ұзақ сақталады ма? — Ұзақ. — Демек, бұл дегенің бұл ғаламшарда өмір сүрген кез-келген адам туралы білуге болады деген сөз, Наполеон, Шыңғыс хан... — деп Костя армандап кетті. — Хм, танитын адамдарды тапқан екенсің, — деп Андрей сөзімен түйреді. — Анағұрлым қызықтырақ тұлғалар бар емес пе. — Мен жәй ғана сөз үшін, — деп Костя асығыс ақталып Сэнсэйге қарады. — Бұл сен ойлағаннан анағұрлым маңызды, — деп жауап берді. — Және бұл мүмкіндікке адамзат ішінде санаулылар ғана ие. — Ал Жер санасынан басқа анағұрлым жоғары ақыл бар ма? — деп Костя еш басыла алмай сұрады. — Әрине. Біршама жоғары, ғаламдық деңгейге жететін ақпараттық құрылымдар бар. Бірақ олардың барлығы Бір ғана, біздер Құдай деп атайтынға тиесілі. — Ал судан ақпаратты оқи алатын санаулылар кімдер? — деп Женька қулана сұрады. — Енді, мысалға шын әулие адамдар. Олар қалай «ғажайыптар» жасаған? Өздерінің сенім тазалығымен. Адамдарға бұл кереметтей көрінеді (ғажайыптай). Ал олар үшін қарапайым қол жетімді болған. Ой мен сенім тазалығы — ең бастысы осылар болған. Өйткені ғажайыптардың өзінде түптеп келгенде ешқандай ғажайып жоқ. Бұл жәй ғана қарапайым білімдер, оның ішінде бақытымызға орай қазіргі адамзат жүзден бірінде білмейтін су туралы ғылымда бар. — Ал неге бақытымызға орай? — деп Костя қарсылық (наразылық) үнімен сұрады. — Себебі адамдар бұл білімді білсе, тіпті қарбыздың өзін ядролық бомбаға айналдырып жіберер еді. Сен суда қандай күштің жатқанын елестете де алмайсың. Ол туралы білімді меңгерген адам, бір ғана тамшының көмегімен бар әлемді тас-талқан етуге қабілетті. — Қалай тас-талқан етеді? — деп Женька түсінбеді. — Бұл ядролық бомбаның батырма сымдарын сумен бүлдіру ме (законтачить)? — Ядролық энергия адамның шын ой күшімен салыстырғанда — жәй ғана далбаса. Женька өзінің түбінде шайы қалған стаканын алып, Сэнсэйге қарап өзінің голливудтық күлкісімен жымиып, өрлене (амбициозно) айтты: — Жоқ, мен барлығын түсінемін, бірақ бір тамшы сумен?! Жігіт Сэнсэйден демонстрация күткені айдан анық, сұраған көздерімен қарады. Оған Сэнсэй: — Жарайды, Сенбеуші Әзілкеш (Хохмас Неверующий). Барда теңізден бір стакан алып кел, — деді. Женька басында сақтанып қалды, ал кейін күлкілі жүзімен: — Бір стакан теңіз? Теңіз суы мағынасында ма? — деді. — Дәл өзі, — деп Сэнсэй күлді. Женька жалқаулана теңіз жаққа қарады. — Жоқ маған қыс ортасында қар обал емес... Керек затың айналада аста-төк болып жатыр... Бірақ орныңнан тұрып, жаяу барып, бостан-бос аяғыңды суға салу үшін қандай ерлікке баруың керек. — Және өзінің стаканына қарады да: — Мүмкін шаймен шектелерміз? — деп ұсыныс жасады. — Қанекей, қанекей, — деп Сэнсэй оны әзілмен қуды. — Бұндай серуендер сенің миың үшін пайдалы. Женька құлықсыз орнынан көтеріліп, қартайған шал секілді ыңыранып, теңізге беттеді. Николай Андреевич жігіттің артынан қарап: — Тайсалма Женька. Осындай ауа райында серуендемеу күнә, — деді. Кеш шыныменде тамаша еді. Теңіз тып-тыныш. Аспан жұлдыздармен көмкерілген. Жарық ай сәуле шашып тұрды. Үнсіздік пен тыныштық керемет (просто благодать). Женька суды алып, стакандағы теңіз суын шайқап төгіп алмау үшін асықпай баяу келеді. Бірақ өзіне біздердің мұқият қарағанымызды сезгендей, серігіп, Сэнсэйге келген кезде нағыз даяшыдай еңкейіп суды ұсынды. — Мінекей сіздің тапсырысыңыз. Бұл сізге «Нептун» фирмасынан сыйлық. Бізде бактериялармен, таяқшалармен, микробтармен және жақын қаланың нәжістері бар әрбір жүзінші стаканға — еш ақша төлемейсіз! Яғни су тегін!!! — Рахмет, — деп Сэнсэй де әзілмен жауап берді. Балалардың барлығы күліп, бұл тақырыпты дамытып жатқан кезде, Сэнсэй стаканды алдына қойып, оны қолдарымен жауып ойын жинақтады. Бірақ бұл қимылына назар аударғандар аз болды, себебі Женька күлкүлі даяшы рөліне толықтай еніп, барлығын гу етіп күлдірген әзіл әңгімесін айтып жатқан еді. Менде барлығымен бірге күлдім, бірақ кенеттен өзімнен бір жайсыздықты сезіндім. Басында ағзама біртүрлі ыңғайсыз (дискомфортно) болды. Және бұл күй толқынды түрде үлкейе бастады. Мен оның не екенін тіпті түсіне алмадым. Жүрегім айнып, басым айналды. Денемде әлсіздік байқалып, сүйектерім сырқырай бастады. Басыма ең бірінші келгені, — тамақтан уланып қалдым ба деген ой болды. Кім біледі, шақырайған күн, аптап ыстық. Бірақ бұл симптомдардың біртүрлілігі түсініксіз болды. Тек ұшынып қана қоймай, осы күйімде құсуға дейін жеткізген (жүрегімді айнытқан) бас айналдырар әлпеншекте тербелгендей болдым. Және ең бастысы, санамның түбінен біртүрлі (табиғи емес) қорқыныш келе жатты. Бір сәтте бойымды үрей билеп (паника), басым ауған жаққа қашқым келді, дегенмен бұл қорқынышымның жоқ дегенде көзбен көрінетін (визувльно) себебі анық болмаған еді. Бірер минут өтпей жатып Сэнсэй халықты өзінің әзіл әңгімелерімен күлдіріп жатқан Женькаға стаканды ұсынды. — Мінекей, барда, теңізге қайта құй (шаш). Женька суға қарады да, ол жерден анағұрлым қызықтыны көргісі келгені анық: — Бар болғаны осы ақ-па?!, — деп сұрады. — Міне барлығы әдеттегідей! Ең қызығы құлағымды айналып өтіп кетті. Алыс емес жерде отырған Руслан қызыға мойнын созып, стаканда не бар екенін көруге тырысты. Оған Женька сол бойда жауап беріп: — Сен неменеге көзіңді сұғасың, бала? Онда балдырлар өспейді, бактериялар қарнын жоғары қаратып жүзіп жүрген жоқ. — Және оның кепкасын көзіне түсіріп: — Сондықтан жарықты сөндіре берсең болады, кино болмайды, — деді. Женьканың теңізге барып, бос стаканмен қайтқандағы бар жүрісі гуілдеген күлкімен сүйемелденді. Ал менде, шынымды айтсам, әзіл-қалжыңға мән беретіндей күй болмады. Қорқыныш күшейе бастады. Ішімдегінің барлығы сыртқа ақтарылғандай күйде болдым. Артық қимылдауға қорқып, соңғы күшіммен тұрдым. Енді бір сәтте мүлдем талып қалатындай көрінді. Бірақ осы кезде менің жағдайымды аз да болса жеңілдеткен теңізден самал жел есті. Мен аңғалдықпен егер аздап жеңілденсем, демек ағзамда барлығы дұрысталып кетер деп қуанып үлгердім. Бірақ олай болған жоқ. Жел күшейіп, теңіз шулай бастады. Туындаған толқындардың жай ғана желмен буырқанғанын емес, олардың барған сайын күшейіп, үлкейе түскенін айдың жарығымен қорқа бақыладым. Балалар тынышталып, айналаға жалтақтап қарай бастады. Желдің күшті екпіні шатырларымызды қатты шайқады. Жеңіл пакеттер лезде ауаға көтеріліп, жағалау бойымен жабайыша билей жөнелді. Әр секунд сайын жел одан әрмен күшейе берді. Ендігі шатырлар шайқалып қана қоймай, ашулы біреу, шатырды қағылған темір қазығымен қоса бір сілкуімен түгел жұлып алғысы келгендей көрінді. Кенеттен келген дауылдың екпіні жанған отты (алауды) жан-жаққа шашыратты. Майлықтар (салфетки) лезде тұтана кетті. Жанған түйіршіктері (комочки) көлікке қарай ұшты (шашырады). Үлкен алау (от) құтырған жыртқыш секілді қамысқа бас салып, оның сабақтарын ашкөздікпен жұта бастады. Біздер қорқыныштан орындарымыздан атып тұрдық. Үлкен балалар Николай Андреевичпен бірге ұшқан, жанған майлықтарды сөндіруге асықты. Володя, Стас және Андреймен бірге «екі еселенген отты» (двойной костёр) өшіруге кірісті. Ал Татьяна екеуміз қорыққанымыздан біреудің заттарын, төсек жапқыштарын, сүлгілерді, алаудың жанында қолымызға ілінгенді алып, не істерімізді білмей қолымыздағы заттармен әрлі-берлі сабылумен болдық. Қорқыныш пен дүрлігуден (паника) менің бар мазасыздығым екінші орынға ығысып кеткендей. Және мен өмірімде бірінші рет құтырған (күшейген) табиғат апатының алдындағы нағыз хайуани қорқынышты сезіндім. Желдің күшті болғаны соншалықты, айналада тек зәре-құтыңды қашыратын гуілі мен жағалау толқындарының күшейген шуылы ғана естілді. Елестете алмайтын нәрселер болып жатты. Су біресе жағалаудан алысқа жылдам тартылса, кейін барған сайын құрлықтың жаңа аймақтарын басқан, қатты даусымен қайта соғылып жатты. Айдың суық сәулесімен теңіз шыныменде қайнағандай көрінді. Өзінің құтырған (тулаған) аранына жолында тұрған кез-келгенді жұтуға дайын еді. Қорқынышты ысқырған алапат су «тілдері» біздің әлгінде ғана «отырған жерімізге» тез ұмтылысымен жақындай берді. Николай Андреевич өзінің «Дұрыс ойлаушы» лақап атын ақтап, көлікке жүгіріп, моторды қыздыруға тырысты. Жолшыбай біздерге айқайлап: — Бәрін тастаңдар! Қазір су басады! Кейін шыға алмай қаламыз! — деді. Барлығы дүрбелеңмен сапырылыса (асыға) бастады. Ал мен тіпті ағаштай «қатып» қалдым. Қорқыныштан аяқтарым мақташа дірілдеді. Бірақ осы аласапыран ішінде мен Сэнсэйді көрдім. Мен оны өртті сөндіріп жатыр, болмаса көліктің қасында шығар деп ойлағам. Ал ол бұл кезде өзінің сол баяғы орнында еш алаңсыз отыр екен, тіпті отырған отырысында (поза) өзгертпеген. Және біздің дүрлігуімізді бақылап отыр. Құдды бір кинотеатрда шытырман оқиғалы кино көргендей. Мен қатты таңғалдым деп айтсам, ештеңе айтпағанмен бірдей. Осы кезде Сэнсэйге Женька келді. Дауылдың шуылынан естіртуге тырысқандай, бар даусымен айқайлады: — Сэнсэй! Шатырларды қазір ұшырады! Не істейміз? Бұл жерден табанымызды жалтырату керек! Су келіп қалды... Женьканың және менің таңғалысыма орай Сэнсэй: — Бір стакан теңіз суын алып кел! — деп бар даусымен жауап берді. — Немене?! — деп жігіт қате естілген шығар деп түсінбеді. — Мен саған айтып тұрмын, бір стакан теңіз суын алып кел! — деп Сэнсэй тағы да айқайлады. Женька оған қарап өз құлағына өзі сенбей, абдырап қалды (опешив). — Бір стакан теңіз суы??? Мені қазір сол стаканыңмен бірге ағыс алып кетеді... Тіпті сені де ағыс жұтады! Сен артымызда қандай толқындардың пайда болғанын қара... Толқындар шыныменде ендігі айтарлықтай үлкен болып қалған екен және барған сайын Сэнсэй отырған жерге жақындай түсті. Жағаға соғылған толқындар шашыраған суларымен шуылдайды. Желмен іліп әкетілген салқын ірі тамшылары құдды бір бұршақша біздердің бетімізбен киімімізді аямай сабалайды (тезкілейді). Бірақ Сэнсэй бар денесін су жуып кетсе де, алпауыт қара толқындарға қарау үшін бұрылып, тіпті орнынан да қозғалмады. Женьканың сөзіне жауап ретінде, өзінің жұмысына риза болған шебердей жәй ғана күлімдеді. Жігіт аяушылықпен оны ала алмайтынын және бар қоқан-лоққысы мен дәлелдері дәрменсіз екенін түсініп, іштей қынжыла сөйледі: — Ал, мама мия! Және айқайлаған логикасына аянбай қарсы тұрып, болып жатқан бей-берекетсіздік арасынан стаканын асығыс іздей бастады. Қалған басқаларымыз дүрбеленіп сапырылысумен болдық. Біреулеріміз шатырды сақтауға, енді біріміз басқа заттарға жүгіріп жатты, ал басқалары көлік қасында, жүк салғышына бір нәрселерді тыққылап жатты. Сапырылысып жатқандардан Женька стаканды көрген-көрмегендігін сұрай бастады. Бірақ олар өздерінен Женьканың нені қалайтынын түсіне алмады. Жігіт стакан туралы Стастан сұраған кезде, ол жауаптың орнына жігітті жақсылап сілкіп, құлағына тақап: — Жека! Сенің не басың ауып кеткен бе?! Қайдағы стакан?! Бізді қазір су шайып кетеді! — деп айқайлап, Женьканы қолынан жібермей Николай Андреевичке қарады. — Дәрігер, мүмкін оны талдырып, жүк салғышқа салармыз? Оның басы ауып кеткен сияқты! — деді. — Бос нәрсемен айналысуды қойыңдар! — деп «Дұрыс ойлаушымыз» айқайлап жауап берді. — Жағаны (косу) су басуда! Әзір жүру мүмкін болып тұрған кезде тез барлығың көлікке... Женька болса досының мығым қолынан сытылып шығып, өз кезегінде Стасқа: — Сен өзің..! Менің басым орнында. Әнекей Сэнсэйдің басы ауған! — деп безек қақты. Женьканың «Сэнсэй» деген сөзі Стасқа үстінен салқын су құйғандай әсер етті. Және Николай Андреевич бұйырғандай көлікке жүгірудің орнына, Стас жерге көмілген бағанадай Сэнсэйге ерекше таңданысымен қарап қатып қалды. Осы кезде мен кездейсоқ әлгі бақытсыз стаканды басқа заттармен бірге қолымда ұстап тұрғанымды байқадым. Мені тоқпен ұрғандай әсерде болдым. — Стакан менде, менде! — деп бар даусыммен қарлыға айқайладым да, қалған «ескі-құсқыны» тастап, Женькаға қарай жүгірдім. Жігіт стаканды эстафета таяғы секілді қабылдап, ендігі Сэнсэйге жақындап қалған теңізге қарай жүгірді. Бірақ теңіз өз суын бергісі келмеді. Бірінші толқынның салқын тамшыларымен жігітті шомылдырып (Окатив), екінші толқынымен шақырылмаған қонақты аяғынан шалып құлатты. Бірақ өзінің құлауынан кейін Женька, тез көтерілді де, қашып бара жатқан толқыннан, дауылдағы қоқыс және құмымен болса да суды алудың айласын тапты. Женька суды стаканға толтырып, жаңа толқыннан қашып (зыта) келе жатқан кезде, мен айдың жарығымен алыстан біздер жаққа келе жатқан бой бермес үлкен толқынды көрдім. Барлығына бұл апат туралы айқайлағым келген. Бірақ тамағым лезде кеуіп қалды. Және айқайдың орнына даусым біртүрлі қарлығып, түсініксіз дыбыстар шығарып, теңізге қарай дәрменсіз қол сілтеу (көрсету, ишара жасау) ғана келді. Бұл кезде Женька Сэнсэйге жүгіріп келіп оған стаканды ұсынды. Салқын судан ба, әлде қорқыныштан ба күзгі жапырақ секілді дірілдеп тұр. Қатты абыржығаннан (смятении) мен тағы да алапат толқынға қарадым. Ол өзінің алапат күшімен ашыққан жыртқыштай жағадағы өзінің бар олжасын бірден жұтқысы келгендей жылдам қозғалып келеді. Қорқынышты қара толқынды балалардың да байқағаны анық еді, себебі олар да бар даусымен Сэнсэйге айқайлай бастады. Жан ұшыра айқайлаған бұл дауыстар менің құлағымда теңіздің соқпа толқынының қатты өкіруімен араласып кетті. Қазір ненің болатынын ойлау қорқынышты еді. Ал Сэнсэй Женькадан стаканды еш алаңдамастан алды да, ешкімге назарын аудармай стаканға қолдарын қойып, бірнеше секунд ойын жинақтады. Бұл секундтар мен үшін мәңгілікке созылғандай. Толқын бар күшімен жақындап келеді, ал Сэнсэй тіпті қозғалар емес. Қалғандары көлік жанында бір нәрселерді айтып айқайлауларын жалғастыра берді. Осы кезде мен дімкәстігімнің (недомогание) біртүрлі тез кете бастағанын сезіндім. Бұл кезде Николай Андреевич, Виктор және Володя айқайларын естімегенін түсінгендей, Сэнсэйге қарай жүгірді. Бірақ осы кезде Сэнсэй көзін ашты да, еш алаңдамастан стаканды Женькаға беріп: — Суды теңізге төк, — деді. Женька стаканды қолына алған кезде, оған теңізге жүгірудің қажеті болмады, себебі су аяғына жетіп қалған еді. Ол немқұрайлы стакандағының барлығын қашқан толқынға шашты да, келе жатқан үлкен толқынға таңырқай қарады (заворожено). — Сэнсэй, қашу керек, — деп пәленбай тонналы қара толқыннан көзін алмай Стас та жетіп келді. Сэнсэйдің жауабының орнына Женьканың үмітсіз (обречённый) үні естілді: — Енді кеш, бәрібір қуып жетеді. Жүгіріп келе жатқандар да жігіттің бұл сөзін естіп, өз әрекеттерінің еш мәні жоқ екендігін түсінгендей тоқтады. Тек сол кезде ғана Сэнсэй теңіз жаққа қарай басын бұрды. Бірақ, басқаларынан айырмашылығы, ол жәй ғана қарамай, табиғаттың дүлей күшін тамашалағандай еді. Және осы кезде мен бойымда барлығының түсініксіз өз орнына келгенін сезіндім. Жүрегімнің айнығаны мен басымның айналуы кетті. Ағзам қайтадан қалыпты жағдайына оралды. Тіпті қорқыныш та жоғалған. Санамда ерекше айқындық пайда болды. Мен өзімді соншалықты жақсы, соншалықты шабытты сезіндім, құдды бір өмірімнің ең жақсы сәттері болып жатқандай. Бірақ болып жатқан шын картина басқаны айтуда еді. Тіпті бұл үлкен толқынның өзі, қорқыныш пен дүрбелең тудырудың орнына, табиғаттың осындай қайталанбас құдіретіне шын таңғалған сезімімді оятты. Кенеттен жел без басыла бастады. Толқындар барған сайын кішірейіп, ай жарығы түскен теңіздің қара жамылғысының қыртыстарын құдды бір алпауыт үтікпен тегістегендей болды. Үлкен толқын жағаға бірнеше жүз метр жетпестен физика заңдарының барлығын бұзып, өзінің көлемін тез жоғалта бастады. Және жағаға тек суының жеңіл толқынының жаңғырығы ғана жетті. Су еріксіз жаулап алған құрлығын тастап, өзінің әдеттегі шекарасына қайта оралды. Жел басылып, теңізде құлаққа біртүрлі естілетін толық тыныштық орнады. Мен назарымды Сэнсэйге аудардым. Және мен аңғарғандаймын (осенило). Кенеттен болған бұл дауылдың шын себебін түсіндім. Бұл үрей кезінде менің санам ойлаған табиғаттың ауытқуы емес еді. Бұл адам ойымен жасалғаны сөзсіз! Дегенмен санам артқы қатарларда бұл болжамыма қарсылық танытып жатса да, бірақ материалды миым айта алатыннан әлем туралы анағұрлым көп білетін, терең ішкі жан дүнием, болып жатқандардың шын себебін түсінуге мүмкіндік берді. Мен тіпті табиғат күшінің өзі мойынсұнатын білімге ие Адамның ерік-күшінің қаншалықты құдіретті екендігіне қатты таңғалдым! Құдай әрқайсысымызға қандай үлкен мүмкіндіктер мен қабілеттерді берген. Бірақ біздер өзіміздің тәккаппарлығымыздың түнегіндегі жыбырлаған құрт өмірді таңдап, Оның сыйын толықтай бағалай аламыз ба? Егер біздер айналамызда өзімізден басқаны байқамасақ, Оның біздерге деген шын Махаббатын түсіне аламыз ба? Тек көзбояушылық, алдау және осымен өмір өтіп жатыр. Құрттың аты құрт. Бар да жоқ, тіпті табиғат апатының керегі жоқ, өмірдің өзі-ақ тақасымен жаншиды. Табиғат тынышталды. Бірақ барлығы табиғат құбылысын көргеніне қатты есеңгірегендей, орындарынан қозғалған жоқ. Ай өзінің қорқынышты, салқын жарығымен табиғат апаты өзінен кейін қалдырған жағалаудағы аласапыранға жарығын түсіріп тұр. Және біздерге мүлдем шынайы емес осындай тыныштықта, кенеттен Сэнсэйдің даусы естілді. — От жағып, жылынып алсақ жаман болмас еді... Осындай қарапайым күнделікті тіршіліктің сөздері біздерді мелшиген (сілейген, ступор) күйімізден шығарды. Барлығы Сэнсэйге таңғала қарады. Ал ол бір тал жібіне дейін су болған жейдесін шешіп, теңіз суларын сыздықтатып сыға бастады. — Мен от жағып аздап кептірініп алсақ жақсы болар еді деп айтып тұрмын, — деп біздің таңғалған жүзімізді байқап, Сэнсэй сөзін қайталады. Бұл сөзі біздерді түпкілікті сабамызға түсірді. Үлкен балалар үнсіз қозғалып, шатырдағы бүтін (бұзылмаған) қол шамдарын тауып, жағалау бойымен құрғақ бұталарды іздеуге кетті. Себебі біздер жинағанның барлығының тек жанғаны болмаса қалғандары су болып қалған еді. Қалғандарымыз жағадағы ең қауіпсіз аймақтай, Сэнсэйдің қасына топырлап жиналдық. — Мүмкін от жағудың керегі жоқ шығар? — деп Николай Андреевич өз ойын абайлап айтты. — Мүмкін қалаға оралғанымыз қауіпсіз болар? Теңізде дауылды аймақтардың (грозовой фронт) бары анық, бұл алғашқы ұйытқуы. Олардың қайталануын жоққа шығаруға болмайды. Бұған Сэнсэй жайдары жауап берді: — Уайымдама, дәрігер. Қазір шай қайнатамыз, аздап кептірінеміз. Ал әрі қарай белгілі болады. — Енді, өзің білесің, — деді Николай Андреевич күмәндана. Көп ұзамай біздердің су болған киімдеріміз асығыс құрылған шатырларымыздың арқандарына ілулі тұрды. Ал біздер құрғақ киімді киіп, теңізден алыс жаңа жерде шәйгүннің қайнауын күтіп, оттың қасында жылынып отырдық. Екінші тынысымыз ашылғандай, ерекше шабыт келді. Осының арқасында жанымыз жадырап, сондай тыныш әрі жақсы болып қалды. Шәйгүн қайнай сала Татьяна екеуміз жұпаргүл (киікшөп, киік оты, душицы) мен жаужапырақ (мелиссы) қосылған хош иісті шай демдедік. Дәрігердің нұсқауымен, салқын тиюдің алдын-алу үшін аман қалған азық қорымыздан жөке балын (липовый мёд ) шығардық. Және тіске басарлармен кішігірім кешкі ас ұйымдастырдық, дұрысырақ айтсақ «кешкі-пикник». Берекелі шайдың алғашқы тамшылары бойымызға сіңіп, өз жылуын тарата бастаған кезде, босаңсыған Николай Андреевич: — Дауыл деп осыны айт! Міне табиғат күші! Экстремалды жағдайларда адам психологиясы қаншалықты қызықты десеңші. Қанша дегенмен теория бір бөлек, ал іс жүзінде, оның үстіне өз басыңнан өткізу мүлдем басқа, — деп сөз бастады. — Иә, — деп Сэнсэй жымиды. — Ой жүгірту (Рассуждать) — әрекет ету емес (не действовать). — Және ең бастысы, адам құндылықтары қаншалықты тез өзгереді, — деп психотерапевт толқи жалғастырды. — Өзіңді және басқаны құтқаруға кішкене мүмкіндікті көрген кезде, өмір жалғыз құндылыққа айналады. Бірақ соңғы минуттарда, құтылмас қауіп болған сәтте... қызық, өмірдің құндылығы, осы бір тәннің құндылығы жоғалады! Ал ішкі жан дүниеңде... таңғаларлық... айқындық пен толық тыныштық, біртүрлі ерекше, сананың таңғаларлық кеңейген (үлкейген) сезімі... Сэнсэй риза болғандай жымиды да, мен үшін ең қызықты жерінде, Николай Андреевичтің әңгімесін бөліп жіберді. Экстремалды жағдайға мүлдем сай емес сезімді тек мен ғана сезінбеген болып шықтым. — Дәрігер, өзіңді-өзің талдауды жайына қалдыр. Жаның «осы жерде және дәл қазір» қас-қағым сәттен рахаттансын (насытится). Николай Андреевич оған мұқият қарады да, айтылмаған сөздерді ұққандай, басын изеп күлімдеді. Бірнеше уақыт біздер ыстық шай құйылған кеседен алған рахатымызды созып, үнсіз отырдық. Мен бұрынғыша осы тыныштықтан біртүрлі түсініксіз ішкі рахатты сезіндім. Шыныменде, осындай «жұмақтық» тыныштықты «қайнаған оттың» ішінде өзің болған кезде бағалайды екенсің. Отырған халық өзінің санасының қалыпты жағдайына келе бастаған кезде, үзілген талқылау қайта жалғасты. — Жоқ, қандай дауыл десеңші, соншалықты қорқынышты! — деп Виктор да барлығымен бірге тыныштала алмай айтты. Және осы кезде шайын жайбырақат ішіп отырған Сэнсэй сөз арасында: — Бұл жәй судың бір ғана тамшысы, — деді. Айтқан сөздері халыққа бірден жетпеді. Алғашқы болып «ұғынған» және Сэнсэйге таңғала қараған Николай Андреевич пен Володя болды. Қалғандарына кейінірек жетті. — Сонда қалай... бір тамшы? — деп Виктор түсінбей сұрады. — Мен дұрыс түсіндім бе, әлгі Женька бәстескен стакандағы судың тамшысы болғаны ма? Сэнсэй риза болғандай басын изеді. Ал осы кезде Женька шайына шашалып, Сэнсэйдің әзілдегенін немесе шын айтып тұрғанын білуге тырысып көзін бақырайтты. — Бұл арандатушылық, мен қарсылық білдіремін! — деп Әзілкеш Сенбеушіміз (Хохмас Неверующий) біздің тобымыздың көп бөлігі оған екіұдайлы көзқарасымен қараған кезде, сақтық үшін наразылығын білдірді.  — Бұл жәй ғана сәйкестік, дауыл кездейсоқ соқты (келді)...  — Сәйкестік?  — деп Сэнсэй таңғала қасын көтеріп күлді.  — Мен қайталай аламын.  — Керек емес, керек емес,  — деп Стас Женьканың алдын орап кетті.  — Орныңа отыр, Женька. Сэнсэй, мен оны өзім-ақ өлтіремін. Және осы сөздерімен ол Женькаға тарпа бас салып, әзілдеп оның тамағына жабысып, сілкіді. Женька күлкілі тырбаңдап, жанында жатқан майлық қағазды іліп алып, татуласу жалауы ретінде бұлғай бастады. — Болды, болды! Берілдім! Сенемін, сенемін... — Байқа, — деп Стас оны жіберіп жатып «сес көрсетті». Балалар күлді, ал Женька тамағын сипап, Сэнсэйден жасқана сұрады: — Жоқ, шыныменде, бұл бір стакан судың кесірінен болды ма? — Ал бітті, — деп Стас орнынан батыл тұрды да, досына тарпа бас салуға үлгермей жатып-ақ, Женька жел үрлеп әкеткендей орнында жоқ болды. Бір шетке атып шығып, Женька сабырға шақыратын қолдарымен қимылдар жасап, тез-тез ақтала бастады. — Жоқ, жоқ, мен ол мағынада емес. Мен не деген күш деп айтқым келген! — Бірден айтпайсың ба... — деп Стас балалардың күлкісімен өз орнына бара жатып сөйледі. Және әзіл толқыны басылған кезде, Сэнсэй түсіндірді: — Адам ойы бұдан әлдеқайда зорын жасай алады. Оған қирату да, жасампаздық та берілген. Тек адамдар бұл күш туралы шын білімді білмейді. Ал білім адам жақсы жаққа өзгермейінше берілмейді. Қарама-қарсы жағдайда, ол кез-келген жануар секілді табиғаттың қыңырлығына тәуелді болады. Жер де тірі болмыс. Және өзінде хайуани негізі билеген адамзаттың көбеюін көтермейді. Ол үшін көп адами жаман ойлардың болуы — қосымша күш жұмсайтын, қандағы лейкоциттер сияқты бактерияларды және бөтен денелерді жоятын тәніндегі жазылмас жара іспетті. Ал кейін тазару процесі жүреді, бары сол ғана... Толықтай адамзат және әрбір жекелеген адам, өзінің ойларымен судың жадына өзгерістер енгізеді. Ал кейін, кешіріңдер, не ексек, соны орамыз. — Демек, суды белгілі бір жолмен бағдарлауға болады, — деп Николай Андреевич жалпылама тұжырым жасады. — Және ол бағдарламамен қиратып қана қоймай, құруға да болады (созидать)? — Өте дұрыс. Сіздердің көргендеріңіз, — жәй ғана ұсақ-түйегі. Ал енді, Қасиетті Рухтың өзі енген Агапиттің, ол Болмысты қалай атағыларыңыз келсе өз еріктерің білсін— Гавриил, Жебрейіл, Ригден, — оның есімдері көп, қандай күшке ие болғанын елестетіп көріңіздер. Оның жасампаз ойының аса күшті болғаны соншалықты, тіпті дүниеден өткеннен кейін де, оның мүрдесі көптеген адамдарды физикалық та, рухани да емдеуін жалғастыра берген. Әсіресе «фон» белсенділігі жоғары деп аталатын күндерде, — деп Сэнсэй, менің қисынсыз сөз байлығымды пайдаланып, маған жымиып қарады. Агапитке дүниеден өтпей тұрған кездің өзінде, қандай дінде болғандығына қарамастан көптеген адамдар, христиандардан бөлек мұсылмандар, буддистер және басқа діндегі адамдар барған. Олар Агапитке тек тәнін емдету үшін ғана емес, Кемеңгерге, Жаратушыға баратын шын жолды білетін Адам ретінде тани барған. Агапитке деген осындай қажылықты, көптеген дін басындағы адамдар ұнатпаған. Өйткені Агапит олар (діни басшылар) секілді өз билігін кеңейту үшін адамдардың сенімін өзгертуге мәжбүрлеген жоқ. Ол Исаның шын ақиқат сөздерін, Құдайдың жалғыз екенін және Оған баратын жолдардың көп екендігін айтты. Мен тіпті неліктен орыс Кемеңгеріне қажылық (паломничества) туралы естеліктерді шежіреден өте мұқият алып тасталғанына да таңғалмаймын. Себебі Агапит сол уақыттарда дінге айналып үлгерген Иса Ілімінің шын негізін айтты. Ол таңдау еркіндігі, мәңгілік рух туралы айтты. Агапит адамдардың жаны мен тәнін әртүрлі сырқаттардан айықтырып емдесе де, ол сонымен бірге: «Құдайдан рухыңның құтқарылуынан басқа ешнәрсе сұрауға болмайды. Тәніңнің саулығы, қарныңның тоқтығы, — мұның барлығы арман-тілекке тойымсыз, құр бостық қана. Өйткені рухыңның құтқарылуы үшін жалбарынудан артық құлшылық жоқ» деп айтқан. Көптеген адамдар Агапиттің арқасында шыныменде Құдайға сенді, себебі ол әрқашан рухани тазалығында, Жаратушыға шын қызмет етуде үлгі болды. Және ол ішкі рухани күшті болғаны соншалықты, ол үшін мүмкін емес ештеңе жоқ еді. Агапит мұны сөзбен де, іспен де бірнеше рет дәлелдеген. Құдайға жақын адамдар (Духовные люди) оған жақындады, алтын сүйгіштер (златолюбцы) — Агапиттен қорықты. Агапит адамдарға өздерінің ой тазалығын сақтауды үйретті. Өйткені кез келген жаман ой күмән тудырады. Ал күмәнмен шын сенім болмайды. Күмән барлығын бұзуға қауқарлы. Агапит: «Сеніңдер және сіздерге сенімдеріңе қарай беріледі. Бұл оңай (қарапайым), бірақ жету (түсіну) қиын. Бар күрделелігі қарапайымдылығында», — деп әрқашан айтқан. Агапиттің рухани күші туралы оның өмірінде болған бір оқиғаны мысалға келтірейін. Оның ғибадат бөлмесіне екі аяғы сынған, ауыр хәлдегі Изяслав кнәзінің жауынгері — Ратимирді әкеледі. Жұрттың барлығы жігіттің ендігі шаруасы бітті деп ойлайды. Бірақ бір сағат өтпей жатып, жауынгер ғибадат (кельи) бөлмесінен Агапитпен бірге өз аяғымен шығады. Бұл оқиға ол кезде көп адамдарды таңғалдырды. — Сен оның аяғы сынған деп айттың емес пе?! — деп Виктор таңғалды. — Агапит, жауынгер өз аяғымен жүретіндей, қалайша тез сүйектерін бітістіре алған? — Өте оңай. Агапит оған өзінің тұнбасын берген. — Тұнбасын?! (Отварчика?!) — деп Николай Андреевич Виктордан бетер таңғалды. — Жоқ, енді анестезия ретінде берсе түсінемін... Бірақ сынған сүйекті бітістіру? — деп дәрігер күмәнмен айтты. — Сэнсэй, сен мені әрине кешір, бірақ қандай дәрілік шөп болмасын, сүйектің аты сүйек. Және ол тез бітіспейді (жазылмайды). — Ал шөптің бұл жерде қандай қатысы бар? Шөптің аты шөп. Ал сүйектің аты сүйек. Айтпақшы, дәрігер, ол да судан тұрады, — деп Сэнсэй күлімдеп есіне салды. — Сонда қалай, сүйекті осыншалықты тез бітістіруге (жазуға) болатын болғаны ма? — деп Николай Андреевич күмәндана сөйледі. Сэнсэй бір нәрсеге күлді де: — Агапиттікі секілді емдік күшпен және оның су құрылымы туралы білімімен, кез-келген сүйекті сен ойлағаннан анағұрлым тез бітістіруге (жазуға) болады, — деді. — Солай ма? Ал қалай? — деп Виктор өз кезегінде қызыға сұрады. Осы кезде ыңғайлырақ отырғысы келген Слава аяқ астында жартылай жанып кеткен қамысты аяғымен сырт етіп сындырды. Бірақ ол оған тіпті де назарын аударған жоқ. Сэнсэй болса оны байқап: — Қанекей, маған ана сынған қамысты берші, — деді. Слава басында нені сұрап тұрғанын түсінбеді. Кейін басын қозғап, айналасына қарай бастады. Ақыр соңында көзімен сынған қамысты тауып, жерден тезірек көтерді де, Сэнсэйге берді. — Мысалға, кәдімгі қамысты алайық. Судың көмегімен және сенім күшімен оның сынған жерін бітістіріп қана қоймай, кез-келген болат теміріңнен анағұрлым мықты қылуға болады… Сэнсэйдің бүгін әңгімеге және ерекше эксперименттерді көрсетуге дайын жақсы көңіл-күйде болғаны анық еді. Оның жанындағы осыншама керемет минуттарды, бүгінгі біздермен болғанды, біздер ешқашан басымыздан өткізген емеспіз. Сэнсэй Женькаға стаканды ұсынды да, күлімдеп: — Қанекей, бір стакан теңіз суын алып кел, — деді. Барлығы дүрлігіп, бір-бірлеріне үрейлене қарады. Ал Женька болса, тіпті оттан қашқандай, стаканнан ырғи секірді. — Жо, Сэнсэй, маған жетеді. Менің қолым бақытсыз, — деді де, қолын артына жасырып, лезде абыржыған жымиысымен: — Және екеуі де! Ал негізінде бала кезімнен тәнімнің бар бөлігі «мүгедек», — деп қосты. — Жарайды уайымдамасаңшы, мен қалжыңдадым, — деп Сэнсэй күліп, оны сабырға шақырды. — Минералды суда жеткілікті. Біздер арқамыздан ауыр жүк түскендей демалдық. Ал Женька болса еркінсігендей түр танытса да, бірақ Сэнсэйдің қолынан көзін алмады. Сэнсэй минералды суды стаканға құйды да, оны қолдарымен жапты. Оның бұл қимылына, артық сөз айтпақ түгелі ендігі артық қимылдауға қорыққандай барлығы тағы да еріксіз қысыла түсті. Осындай «тазалаушы» дауылдан кейін, ойымызда бірінші кезекте, Сэнсэйдің шын қабілеттеріне байланысты бар күмәніміз желмен ұшырып әкеткендей жоқ болды. Сондықтан болып жатқанды халық демдерін ішке тартып бақылады. Сэнсэй болса, әдеттегідей бірнеше секунд ойын жинақтады. Кейін қамысты түпкілікті түрде екіге сындырды. Сынған бір шетін стакандағы суға малыды. Екінші бөлігімен де тура осылай жасады. Және оларды біріктірді (қосты). Біздердің таңғалысымызға орай қамыс толықтай бүтінге айналды. Кейін Сэнсэй сол стакандағы судан бір уыс суды алды да, қамыс бойына жаға бастады. Жұмысының нәтежесіне риза болғандай, қамысты біздерге мықтылығын тексеруге ұсынды. Таңғаларлық, өзінің қамыстай жеңілдігіне қарамастан, таяқша болаттай мықты болып шықты. Балалар басында оны абайлап сындыруға тырысты. Бірақ олар тіпті майыстыра да алмады. Бұл олардың құмарпаздығын (азарт) одан бетер күшейтіп жіберді. Ендігі әрқайсысы бар күшін салып, қамысты сындыруға тырысты. Бірақ бар күштері зая кетті. Олар қамыспен не істемеді десеңші. Сынған жерін қолмен де сындыруға әрекет жасап, үстінен аяқтарымен де секірді. Жақын жерде жатқан ағаш бөренеге құлаштап та соқты. Айтпақшы, сол кезде түсініксіз, супер мықты пластиктің, әлде біртүрлі ерекше металдың даусы шықты. Ақыр соңында, Стас пен Володя қамысты турникше ұстай бастады. Ал Женька өзінің алып денесімен қамысқа тартылып, өзінің салмағымен сындыруға тырысып, бар күшімен жұлқына бастады. Бірақ еш нәтижесіз. Қамыспен біраз алысып, оны сындырамыз деген үміттерін жоғалтқан барлығы, өздерінің бақытсыз логикаларын су сепкендей басқан фактіге таңғала өз орындарына жайғасты. Тек жалғыз Сенбеуші Фома (Фома Неверующий) секілді Женька ғана жігіттердің әзілдерімен экспериментін жалғастыра берді. Ол қамыспен жаттыға отқа жақын отырды. — Сайтан алғыр! — деп еш қайырылмас қамысқа қарап іштей қынжыла сөйледі. Және ол осы сөзді айтқаны сол еді, лезде қамыс бұтағы тіпті ешқандай күш салмастан екіге бөлініп қалды. Барлығы қалшиып үнсіз қалды. Женьканың өзі де сасқалақтап, біресе екі сынған қамысқа, біресе Сэнсэйге қарайды. Бірақ Сэнсэй жәй ғана күлімдеді. Сол кезде жігіт батылданып сынған бір бөлігін алды да, оп-оңай тағы да екіге бөліп тастады. — Упс, — деп мойнын бүгіп (қысып, пригнув) кінәліше айтты. — Мінекей, мархабат, — деп Сэнсэй мысқыл (ирония) үнімен сөйледі, — бір қасық боқтың бір бөшке балды бүлдіретіні туралы нақты мысал... Сондықтан Агапит ой тазалығына үйреткен. Өйткені бір ғана жаман ой барлығын бүлдіре алады. Осыны еш жасырусыз күлкісімен айтты да, Сэнсэй орыс бодхиы туралы әңгімесін жалғастырды. — Ал негізінде Агапит көп ғажайыптар жасаған. Айтпақшы, Ол керемет әзіл мінезге бай болған. Пенделігі біраз басым болғандарға, үнемі әзілдеп тұрған. Бірде оған сырқаты қинаған Киевтің атақты бай көпесін (саудагерін) алып келеді. Көпес Агапитке өзінде болған байлықтың ең жақсыларын ұсынып, тек өзін науқасынан жазуды сұрайды. Және үнемі алтынға толы қапшығын сылтырлатып, ешнәрсе аямайтынын меңзеумен болады. Алтын теңгелер (золотники) ол кезде үлкен байлықтың нышаны еді. Олар бір жағында Владимир Святославович князьдің бейнесі соғылған, екінші жағында Рюриковичтер әулетінің үш ашалы (трезубца) түріндегі «Владимир алтындары» деп жазылған, рулық таңбасы соғылған алтын теңгелері еді. Бұл алтын теңгелер Ежелгі орыс мемлекетін басқарып тұрғандарға жақын байланысының бар екендігін көрсететін, атақты көпестің мақтан етер байлығы болды. Ол замандарда екінің бірі мұндай байлықпен мақтана алмайтын. Бірақ ауру қысқан кезде, барлығының мәні кетеді. Көпес өзінің бұрынғы денсаулығын қайтару үшін, мұны да беруге дайын еді. Агапит көпесті емдеп жазады. Бірақ көпесті сараңдық басады. Бір жағынан көптің көзінше Агапитке рахметін айтатынын уәде етті. Және көпес алтын толы қапшықтың орнына арзан күміс тиындарды (резаны) салып, Әулиені алдауға шешім қабылдайды. Өйткені қапшықта ненің жатқанын ешкім көрмеген еді. Және арының тазалығы үшін қапшыққа жалғыз алтын теңгені салып, өз ойын іске асырады. Сырқатынан да айығып, өзінің арамдығының арқасында сонша байлықты сақтап қалғанына қуанышта болады. Ол тағы да Агапитке өзінің нөкерлерімен уәдесіне сай көпестік қарызын өтеуге келеді. Агапит оның тәкәппарлана ұсынған қапшығына қарап күледі де: «Мен ешбір жаннан төлем алған емеспін, сенен де алмаймын. Бірақ сен берген уәдеңде тұрасың. Барда бар алтыныңды кедейлерге тарат», — деп айтады. Көпес одан сайын қуанып, нөкерлерімен Әулиенің бұйрығын орындауға кетеді. Бірақ қапшықты ашып, ақшаларды ала бастаған кезде, бір теңгеден басқасының барлығы алтын болып шығады. Көпестің көңіл-күйі түсіп, үйде қапшықтарды анық шатастырып алдым деп ойлайды. Бірақ Әулиеге берген уәдесін орындайды. Үйіне оралған кезде оны нағыз үрей басады, өйткені оның бар құнды заттары мен алтын ақшалары, арзан тиындарға (резаны) айналып кеткен екен. Және осы ұсақ-түйек үйінді арасынан жалғыз алтын теңгені табады. — Хм, ондай пайдақұмар алып-сатарлар сол замандарда да болған екен, — деді Володя. — Ондай адамдар әр заманда да жетіп артылады, — деп Сэнсэй мұңды күлкісімен айтты. — Сараңдық (жадность) — адамның хайуани негізінің жақсы көретін жаман қасиеті. Және тек қарапайым адамдар арасында ғана емес, өкінішке орай пірәдарлар арасында да солай. Тіпті Агапит заманында да, ол өмір сүрген ғибадатханадағы біршама бауырлардың Құдайға емес, алтынға деген махаббаты әлдеқайда үлкен болған. Және өздерінің ғибадатхана шендерін қарапайым халықтан ақша алу үшін пайдаланған... Тірі кезінде олардың көбісі Агапиттен қорыққан. Бірақ Агапит ешқашан ешкімді сөкпеген. Агапит дүниеден өткеннен кейін алтын сүйгіштер арқаларынан ауыр жүк түскендей дем алады, себебі жандарында өздерінің Ар-Ұждандарына маза бермеген Адам болмады. Нәтижесінде, ғибадатханадағы өмірді қағаз бетіне түсірер кезде, олар Агапиттің көптеген шын ізгі істерін жасырып қалған. Өздерінің маңыздылығын көтеру үшін оның жасаған ғажайыптарын өздеріне жазған. Және олар Агапиттің Исаның хақ сөздерімен айтқан Ілімін де жасырған. Себебі бұл олардың билік пен ақшаға деген құштар ниеттеріне қарама-қайшы еді. Агапиттің және оның шәкірттерінің арқасында туған ғибадатханаға деген халықтың құрметін, олар байлық табуға пайдаланып, ақша табудың барған сайын жаңа әдістерін ойлап тауып, одан әрмен байып, өздерінің саяси мақсаттарына жетуге пайдаланды. Ал негізінен, басқаның еңбегін өзіне иемденген бұл байғұстардың иманы базардағы сараң саудагердің иманынан көп емес еді. — Сэнсэй күрсінде де: — Адамдар қандай киім киседе, пенде болып қалады... Бірақ адам санасы әулиеге теңегендер арасында Агапит шыныменде Әулие болды, себебі бойында Қасиетті Рухтың өзі болған (Дух Святой). Қысқа үнсіздік орын алды. — Ал Агапит қашан дүниеден өтті? — деп Татьяна қызығушылықпен сұрады. — 1095 жылдың қазан айында. — Ал Антоний? — деп Виктор сұрағын қойды. — 1073 жылы... Айтпақшы, Антонийдың дүниеден озарының алдында Антоний мен Агапит арасында ерекше әңгіме орын алған. Бұл әңгімеге Антонийды күтіп-баққан пірәдарлыққа дайындалып (послушник) жүрген жас жігіт куә болған. Сол жас жігіт кейінірек Афонға кетіп, сол жерде осы оқиға туралы өз естелік жазбасын қалдырған. Енді былай, Агапит бөлмеге кірген кезде, Антоний күтуші жігітке үзік-үзік сөздермен ғана жеткен дұғаны қайталаумен, жартылай сандырақтап жатқан күйде болған. Агапит Антонийға қарап, күлімдеп: ««Жаратушым сенен тек рухымның құтқарылып азат болуын ғана тілеп құлшылық жасаймын (дұға етемін). Сенің қасиетті еркіңе бас идім...» (««…И молю Тебя о спасении души своей. Да будет воля Твоя святая…»), — деп жалғастырған. Бұл сөздерді естіген Антоний селк етіп, көзін ашады. Көзқарасы Агапитпен түйісіп, жарқырап сала береді. Ол қарлыққан даусымен: «Жәбірейіл! Жәбірейіл!», — деп қайталай бастайды (Гавриил! Гавриил!). Қартайған жанарынан жас ағады. Агапит қасына келіп қолын алады. Антоний болса: «Құдайым-ау, Агапит, бұл Сенбісің! Мен қалайша бұрын Сені танымағанмын? Сенің жарық нұрыңа мен қалайша соқыр болғанмын?!», — деп рахаттана айтады (в упоении) («Бог мой, Агапит, это Ты! Как же я раньше не узнал Тебя? Как же я был слеп в сиянии лучей Твоих?!»). Ол асығыс, осы сәтте өзінің ішкі жан дүниесінде нені сезінгенін құдды бір толық айтуға үлгермейтіндей, асығыс міңгірлей бастайды. Ол өзінің жастық шағы, өзіне дұға берген қария туралы, Оны өмір бойы күткенін, ал оның жанында болғанын айтады. Енді кездеспей жатып қоштасу күтіп тұр. Бұл сөзіне Агапит: «Сен бар өміріңде менің жанымда болдың. Қалайша сен ол жақта Мен сені тастап кетеді деп ойлайсың? Дүниелік өміріңде Жаратушыға деген тоқтаусыз Махаббатта болдың, ендеше сені сенімің, жүрегіңмен жасаған пейіштің (жұмақтың) жемісінен кім айыра алады? Бір сәттік дүниелік қызықтарға сенімің шайқалмады, ақылың дүниелік азғыруларға ерік берген жоқ, ар-ұжданың жақсылыққа толы, арың таза. Және Одан (Жаратушыдан) рухыңның құтқарылуынан басқа ешнәрсе сұрамай, жаныңмен (рухыңмен) дұғаңды айттың. Жүрегіңді Құдайға аштың, енді міне Жаратушы алдыңа Өз Қақпасын ашты. Ендеше Жаратушының берген сыйының рахатын ал. Мен саған ақиқатты айтып тұрмын, осы өміріңде-ақ сен мәңгілік қазынаны — Мен сені қазір шығарып салатын, Құдай патшалығын таптың», — деп жауап берген. («Ты всю жизнь был подле меня здесь. Неужто ты думаешь, что там Я покину тебя? Ежели при жизни сей ты пребывал в непрестанной Любви к Богу, кто нынче отлучит тебя от плода сего райского, что сотворил ты верой и сердцем своим. Не оскудевала вера твоя в мгновениях земных, не поддавался ум на соблазны тлена, к добру совесть чисту имамши. И доселе ты не просил у Него нечесоже, окромя спасения души своей, словеса молитвы душою глаголя. Душу распахнул ты навстречу Богу, ныне и Бог распахнул перед тия Врата Свои. Так насладись благодатью Божьею. Истинно тебе говорю, что при жизни сей ты обрящил сокровище вечное — царствие Господне, куда Я тебя и провожу») Агапит пен Антоний көздерін жұмды. Агапит дұғасын сыбырлап айтып жатқан кезде, Антоний ләззат (рахат) алған жымиысымен ақтық демін алады. Және оның рухы Қасиетті Рухтың шығарып салуымен пейіш бағына (кущи) аттанады. Өйткені осы сәтте Жәбірейіл Періштенің (Архангел Гавриил ) өзі оған дұға етті. Сэнсэй ойға батты, кейін иығын көтеріп: — Бірақ мен біртұтасты олардың неліктен көпке жіктегенін түсінбеймін... А, жарайды, — деп жеңіл қолын сілтеді. — Осымен өмір сүретін өздері. — Кейін өз ойларынан оянғандай, әрі қарай жалғастырды: — Осылай Антоний өмірден өткеннен соң Агапиттің талабымен (сұрауымен) ғибадат бөлмесінде (келье) қалдырылды. Және Агапит дүниеден өткенше, Антонийдың тәні құдды тірі адамдай, ерекше хош иіс беріп тұрған... Ал Агапит дүниеден өткен соң одан да бетер ерекше оқиға орын алған. Бұрынырақта айтқанымдай Агапиттің тірі кезінде-ақ, халық арасындағы танымалдылығына қызғанышпен қарайтындар болған. Және Агапит өзінің дүниеден өтер күнін болжаған кезде... — Өзінің дүниеден өтер күнін болжаған? — деп Руслан таңғала сұрады. — Олай болуы мүмкін бе? — Әрине, оның үстіне Агапит үшін... Агапит Бодхисатва болған. Реинкарнация шырмауында шыр көбелекше айналған қарапайым адамнан айырмашылығы, Ол үшін Өлім ешқандай мәселе емес еді. Ол бодхи ретінде кез-келген сәтте тәнінен шыға алатын. Бірақ адамдар арасында болу ережесіне байланысты, қысқа болсын, ұзақ болсын, Бодхисатва өзінің тәндегі өмірін толықтай сүруге міндетті. Ал тәндегі Прананың қашан бітетінін есептеу, ол үшін аса қиын емес... — Ааа, — деп Руслан соза айтты. — Сонымен, Агапит өзінің дүниеден өтер күнін болжаған кезде, сол күнге соңғы рухани өсиетін мұқият тыңдауға асыққан Агапиттің тек шәкірттері ғана емес, оның дұшпандары да дайындала бастайды. Олар Әулиенің дүние салуынан кейін, тәнін ғибадатханадан шығарып, ешкім таба алмайтын алыс меңіреу жерге көміп тастауға шешім қабылдайды. Бірақ бұл жоспарлары бірден іске аса қоймайды, себебі Агапиттің дүние салуынан кейін, олар ойлағандай атағы басылмайды, қайта керісінше бірнеше есе күшейіп кетеді. Оның тәніне жаппай қажылық басталады. Төрт ай бойына, Агапиттің тәні күні кеше ғана дүние салғандай, еш бұзылмастан жатады. Адам ағыны еш басылмайды. Сол себепті Әулиеге деген жеккөрушілік пен қызғанышқа жүректері толы дұшпандары, Агапиттің тәнін ұрлауды ойластырады. Олар бұл оқиғаға мұқият дайындалады. Жоспарларын ойластырып, арасында екі пірәдар бар сенімді адамдарын кірістіреді. Шешуші күні, егер жаңа күнтізбемен есептесек жиырма төртінші ақпан айында, қатты суық аязға қарамастан, олардың адамдары күні бойы от жағып тоңды жібітіп, терең ордан (рва) қашық емес түпкі жерде қабір қазумен болады. Және жиырма бесінші ақпанға қараған түні, ақыр аяғы ойлағандарын ісе асырудың сәті түседі. Бірақ осыншалықты опасыз жексұрын бұйрықты орындаушылар, өздерінің «қара жұмысын» орындап, таңға таман ғибадатханаға оралған кезде, үлкен дүрлігуге (переполох) тап болады. Бірақ бұл дүрлігу олар ойлағандай Агапит тәнінің жоғалуына байланысты емес еді. Бауырлардың бірі Агапиттің тәнін жатқан күйінде емес, өзінің ғибадат бөлмесінде (келье) ерекше позада отырған күйінде көреді. Және тәнінің алдында, Агапиттің почеркісімен жаңа ғана сиямен жинақы жазылған бүртүрлі жазуы бар пергамент қағазы болған. Әлгінде ғана Әулие тәнін өз қолдарымен көмгендер екі есе үрейленіп кетеді. Олар үш адам болатын. Және екеуі жоғары шенділердің бұйрығымен Агапиттің тәнін ұрлап, қабірге тастап, көміп және орнын жасырған әлгі екі пірәдар еді. Осы сәтте екеуімен келесідегідей жағдай орын алады. Біреуі отырған Агапитті көріп есі ауып кетеді. Екіншісі мәңгілікке ұйқысынан айырылады. Өзінің қалған өмірінде бір сәтке де көзін жұма алмай, өз күнәсі үшін жалбарынумен өтеді. Кейінірек осы пірәдар Агапиттің ең жалынды жолын қуушыға және оның тәнін ең ерекше қорушыға айналады. Қарапайым халықтан шыққан үшінші сыбайласы болса, өзін бұл қитұрқы жоспарды орындауға жалдағандарға хабарлауға асығады. Өзінің «тапсырыс берушілерімен» олар тағы да Агапиттің мәйіті көміліп жасырылған жерге асыға қайта келеді. Қабірді ашып, олар оның бос екендігін көреді. Қабір айналасындағы қар бетінде ешқандай бөтен із болмаған. Мүрдесі қабірден мүлдем түсініксіз жоғалып, ғибадат бөлмесінде (келье) пайда болған. Бұл жағдайдан кейін ешбір адамның Агапит мүрдесіне қол ұшын тигізуге батылы бармады. — Ал ол қағазда не деп жазылған? — деп Костя сұрады. Сэнсэй жәй ғана құпиялы жымиды да, оның сұрағына жауап берместен: — Айтпақшы, бұл қағаз өте күшті қуатқа ие болған және «алынғанша» ұзақ уақыт бойы оны құпия пайдаланған. Пергаментті діни белгішеге (иконка) қойған кезде, ол хош иістеніп сәуле шаша бастаған (мироточить) және одан адамдар қандай да ғажайыппен сырқаттарынан сауыққан. Ал... — Ал неліктен құпия пайдаланған? — деп Сэнсэйдің әңгімесін Руслан сұрақтарымен бөліп жіберді. — Себебі олар адамдардан Агапитпен қалдырылған жазуды жасырғысы келді. — Кім және неліктен бұл қағазды «алып тастаған»? — деп өз кезегінде Стас сұрады. — Бұл енді басқа тарих, айтып жатқан тақырыбымызға еш қатысы жоқ. Тек Агапит пергаментін адамдар арасынан уақытша «алған» мезгіл, пенделік қызғаныш пен ақымақтық кесірінен қағазды түпкілікті жоғалту қаупі туындауымен байланысты болғанын ғана айта аламын. — Бірақ сонда да, ол қағазда не жазылған? — деп Костя сұрағын табандылықпен тағы да қойды. — Шындық, — деп Сэнсэй жауап берді де, өзінің ерекше рухани күшке ие Агапит пергаменті туралы әңгімесін жалғастырды. Бұл кезде менің басыма, Костя айтпақшы «тамаша идея» келді. Агапиттің бейнесінің суретін салып (оның үстіне менің көкемнің Әулиелердің шын бет-әлпетін қалпына келтіруге қатынасқан танысы бар) және осы қағазды портреттің артына қойса, әрине егер ол табылса, керемет болар еді. Мүмкін, сол кезде портрет ерекше қуатты күшке толар. Кейін оны Лаврға берсе. Және сол жерде барлығына көре алатындай болса (қолжетімді)! Сол кезде қаншама адам сырқатынан айығып, үміт оты жанып, сенімі нығайар еді! Тіпті өзімде күні кеше ғана өмірің қыл үстінде тұрған кезде, аман қалуың үшін қолыңнан ешнәрсе келмеген, бұл өмірді не үшін сүргеніңді түсіне алмаған ішкі қорқыныш, дүрбелеңді басымнан өткіздім емес пе. Қиналып, өзінің рухын құтқару үшін өмірден шын құндылықтарды іздеушіні мен түсінбегенде кім түсінеді. Ауру адамды өлім туралы ойлауға итермелейді, ал өлім — Құдай туралы. Құдайды іздеуі, күтпеген адамдармен, пенденің тағдырын қатты өзгертіп жіберетін жағдайлармен түйістіріп, өмірдің мүлдем басқа бағытын ашады. Бұл ойлардың мені қатты шабыттандырғаны соншалықты, бұл ойымды өмірде жүзеге асырсам қандай жақсы болар еді деп армандай бастадым. Және Агапит бейнесімен еш қиындық болмаса (маған көкем көмектесер еді), ал Агапит қағазы... Егер ол «адамдар арасынан «алынған» болса, оны бұл әлемнің қай түкпірінен іздеймін? Басымдағы қайнаған ойларыма берілген кезде әңгімесін айтып жатқан Сэнсэй, кенеттен үнсіз қалды да, маған мұқият қарады. Ал кейін мейірлене жұмсақ үнімен: — ...Іздеуші рух үшін мүмкін емес ешнәрсе жоқ, — деді. (…Нет ничего невозможного для жаждущей души.) Мен не болғанын бәрібір түсінбедім. Оның көзқарасынан, менің ойларыма жауап берді ме, әлде осылай өз әңгімесін аяқтады ма, өкінішке орай мен өзімнің даналығымның (ойға батуымның) кесірінен жіберіп алдым. Бірақ, бұл туралы барлығының көзінше дауыстап сұрауға батылым жетпеді. Оның үстіне осы сәтте Николай Андреевич: — Печерск үңгірлерінде ерекше микроклимат бар, мәйіттер (мощи) еш бұзылмастан (нетленны) жатады деп айтады, — деп сұрап жатқан. — Ерекше, — деп Сэнсэй құпия интонациясымен айтты. — Бірақ бар сиқыры, Лавр үңгірлеріндегі барлық мәйіттер еш бүлінбестен жатпаған. Ол жерде қарапайым мүрде сияқты бұзылған (разложились) көптеген адам сүйектері жатыр. — Ал «мощи» ( қазақ тіліне «мощи» сөзі «әулие мүрдесі» деп аударылады) дегеніміз не? — деп кенеттен Руслан өзінің кешіккен сұрағын қойды. — О, ұйқысынан оянды! — деп Женька мырс етті. Барлығы күлді, бірақ Сэнсэй жеткілікті байсалды жауап берді. — Ежелгі орыс және славян тілдерінде «мощи» сөзі сүйек деген мағынаны білдіреді. Бірақ ертеректе «мощи» және «мүрде» (яғни тән, тело) деген екі мағына болған. Мысалға, әулие адамдар жайында «лежит мощами» деп айтса, ал басқалары туралы «мүрдеде жатыр» (немесе тәнде) деп айтқан. Ертеректе Ежелгі Орыс елінде «бұзылмаған мүрдені» (нетленными мощами) жәй ғана бүлінбеген (бұзылмаған) сүйектер деп айтқан. Әрине мүрдені табиғи мумификациялауда болған. Енді бұл біздің заманымызда шіркеу әулие сүйектерін де, мумификацияланған әулиелердің де мүрдесін қатты ерекшелік бермей жалпылама «мощи» деп атап кеткен. — Неліктен? — деп Русланның сұраулары басталды. — Қалай неліктен? Мысалға, өмірінде діни құрылымда жоғары шенде болған рухани жоғары тұлғаны дүниеден өткеннен кейін әулие деп жариялайды. Ал ол алады да, мысалға сен айтпақшы ерекше микроклиматы бар Лавр үңгірлеріне жерленсе де, сүйегі шіріп кетеді, — деп Николай Андреевичтің назарын аударды. — Бірақ халыққа әулиелігі туралы хабарланған соң ешкім өз сөзін қайтып алмайды. Мінекей, осылайша тарихтағы кейбір сәттерді, діндарлар арасында дүрлігуді тудырмас үшін барынша реттеуге тырысқан. Мысал ретінде, Феодосимен болған жағдайды алуға болады. — Ал Феодоси деген кім? — деп Руслан батылдана сұрады. — Ал не болды? — деп ендігі әңгімеге біздер де қосылдық. — Феодосиймен? Бұл енді орыс әулиелерінің даңқын шығару тарихындағы ең үлкен күлкілі жағдай (анекдот). Феодосий Печерскті (Феодосия Печерского) орыс пірәдарлығының атасы деп атайды, — деп Сэнсэй күліп айтты. — Оны пірәдарлық өмір сүрудің (иночесого жития) шыңына (идеал) шығарады, ал қалған орыс пірәдарларын оның баласына есептейді. Бірақ бұл жалған даңқын шығаруға, қазіргі шіркеудің ешқандай кінәсі жоқ, өйткені олар өздерінің заманына дейін жеткен, көп жағдайда тура ақпаратты бермейтін «тарихи құжаттарға» негіз артады. Мен құжаттардың өзін емес, ондағы ақпаратты айтып тұрмын. Бұл әдейі өзгертулер анағұрлым тереңге, Агапит заманына кетеді. Ол замандарда Агапиттің жасаған істері, ғажайыптары мен емшілігі өте тез таралады. Халықтың әңгімесі үнемі: Агапит үйреткендей, Агапит айтпақшы, Агапит жасағандай деп қайталаумен болады. Енді сол кездегі діни басшылыққа, қайдағы жоқ қарапайым пірәдарды жоғары діни шенділерден көбірек құрметтейтін «тобыр» қалайша ұнауы мүмкін? Сондықтан кейбір жоғары діни шенділер Агапит тірі кезінде-ақ оған қара ниет, қызғаныштарымен қараған. Дегенмен айтып кеткенімдей оған қарсы қандай да бір әрекет жасауға қорыққан. Себебі олардың шын Әулиені уландыру (отравление) әрекеттері де жүзеге аспаған. Бұл Агапитке ешқандай зиянын тигізбейді. Осылайша оның тұлғалық күштілігі, халық арасындағы беделі, ол ие болған ерекше күші және еркін ойшылдығы билік сүйгіштерге қорқыныш ұялататын. Агапитті физикалық жағынан да, моральды жағынан да құрта алмағасын, олар басқаша әрекетке көшеді. Олар Агапитке қарсылас ретінде және халыққа құрмет тұтуға өздерінің кандидатын қояды. Әрі мүмкіндігінше оны ресми канондауға (официальная канонизация) тырысады. Таңдаулары ендігі өмірде жоқ сол замандардағы Феодосий пірәдарға түседі. Айтпақшы ол ғибадатханадағы алғашқы пірәдар (игумен) емес және әулие кандидатына сай мінсіз тұлғадан әлде-қайда алыста еді. Бірақ оның бейнесі Агапит Құдай атымен ақша жасауға кедергі болған алтын сүйгіштерге ең жақыны болды. Бұл ойларын жүзеге асыру үшін «Житие» «шежірелер жинағын» (летописные своды) асығыс жаза бастайды. Осылайша 1078–1088 жылдары «әулие Феодосий Печерск Өмірі» (тексты «Жития преподобного Феодосия Печерского») шежіресінің мәтіндері пайда бола бастады. Шежіреде Феодосийдің шын өмірі жайында аз ақпарат, ал жалған қосылған сөздер (приписок) артығымен жазылған еді. Осылайша 1077–1088 жылдары «Ұлы» Никоның жазбалары пайда болады, ол бір кездері өзінің алтын сүйгіштігі үшін София шіркеуіндегі кафедра митрополиті лауазымынан шеттетілген, ғибадатханада Илларион деген атқа ие болған адам еді. Ол да Агапиттің атақ-даңқын көре алмайтындардың бірі болды. Кейінірек 1093 жылы бұл жазбалар Иоанн пірәдармен толықтырылды. Және осының негізінде Патерик жазыла бастады, сонымен бірге 1113 жылы, яғни Агапиттің дүниеден өткенінен он сегіз жылдан кейін «Повесть временных лет» жазылды. Бірақ тіпті «Повесть» бірнеше рет редакцияланып, оған да өзгертулер енген. 1116 жылы Выдубицк ғибадатханасының пірәдарі (игумен) Сильвестр «шежіре» мәтіндерін толықтай қайта өңдеп шығады. Айтпақшы, дәл сол пірәдар Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) туралы естеліктерді де басқаша түсіндірді (жеткізді, интерпретировал). Ол Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) сол жерге келіп, Иса Мәсіхтің жүгін (ношу), дәнді егуге келді деген жерін, өзінің көзқарасына салып, «жүкті» айқыш (крест) деп, ал «дәнді» сенім деп түсіндірді. Және тек сол адамның жазбалары кейінгі ұрпаққа жеткенін ескеретін болсақ, демек Андрей Первозванный (Исаның алғашқы шәкірттерінің бірі) Киев жерлеріне келіп, тауда айқыш белгісін (крест) орнатып, сол жерлерге батасын беріп, Құдайдың рахымы түсетін жер деп болжаған болып шығады. — Ұрпақтарына әлгі балалардың «бүлінген телефон» ойынындағыдай жеткен екен, — деп Женька күлді. — «Дәннің» орнына — «ән», «жүктің» орнына — «түк» (Вместо «семя» — «племя», вместо «ноши» — «наши рожи»). — Иә, — деп Сэнсэй күрсінді. Сонымен, 1091 жылы барлығына қосымша Феодосийдың мәйітін қазып алып, Успенсий ғибадатханасына табынуға қоюды шешеді. Бірақ Шеткі үңгірлердегі Феодосий жерленген ғибадат бөлмесін (мәйіт бөлмесін, келье) ашқан кезде, оның мүрдесінің шіріп кеткенін көреді. Ал Феодосий мүрдесін ғибадатханаға салтанатты түрде әкелу уақыты жарияланып қойған еді. Және бұл келеңсіздікті жасыру үшін, олар үңгірдегі басқа қабірлерді асығыс қопара бастайды. Және тағы да бұл авантюризмге кімдер қатысты? Марк, кейін оны Қабір қопарғыш деп атап кеткен, бір көмекші-пірәдар және бұл «көңілді топқа» басшылыққа қойған, кейінірек Шежіре жазушы (Летописцем) аталып кеткен Нестордің өзі. Ақыр соңында қуаныштарына орай, олар жақсы мумификацияланған Агапиттің алғашқы шәкірттерінің бірі, оқшау өмірді ұстанған пірәдардың (затворник) тәнін табады. Және келесі күні-ақ оның мүрдесін салтанатты түрде Феодосий мүрдесі деп таныстырады. Олар тіпті мүрденің кімдікі екенін де білген жоқ. Ал мүрде қарапайым адамдыкі емес еді. Бұл шын Нирванаға кеткен немесе христиан тілімен айтатын болсақ, — пейішке кеткен (жұмақ), өйткені өзінің дүниелік өмірінде-ақ өлімді жеңіп, реинкарнация шылбырынан шыққан адамның мүрдесі еді. Ол пірәдардың есімі Доброслав, болмаса оны Агапит және шәкірттері еркелетіп (достарша) — Добрыня деп атайтын. — Ал оның мүрдесі бүгінде ғибадатханада сақталған ба? Сэнсэй күліп жіберді. — Әрине, жоқ. Әділдік бәрібір орын алды (жеңді). 1240 жылы Добрыня келекеліктен (глумления) құтылды. Бату ханның шапқыншылығы кезінде, оның мүрдесі Межандармен алынып, ол үшін анағұрлым лайықты жерге ауыстырылды. — Межандармен? Олар кімдер? — деп Костя қызыға сұрады. — Межандар — Шамбалаға шығу мүмкіндігі бар және Шамбала Бодхисатвасымен тікелей байланыса алатын адамдар. — Ал оқшау өмірге кеткен пірәдар (затворник), оны қалай түсінуге болады? — деп өз кезегінде Андрей сұрады. — Оқшау өмірге кеткен пірәдар (затворник) — бұл өз еркімен кішкене үңгірдегі ғибадат бөлмесіне (пещерную келью) орналасып, оны жерасты дәлізімен тек жұпыны тамақ беру үшін ғана қосатын кішкене ғана тереземен жалғап, сол ғибадат бөлмесінде қалған өмірін өткізетін адам. Көбіне оқшау өмірге кеткен пірәдар (затворник) нан және сумен ғана шектелген, онда да күн сайын емес. Және ол жерде өзінің дүние салуына дейін құлшылықта болған. — Ал керек болса! — деп Костяның аузынан шығып кетті. — Тас қараңғылық пен жалғыздықта ма? — Әрине. Бар дүниелік нәрседен бас тарту үшін. — Ал не үшін? — деп жігіт шын таңғалды. — Бұл Нирванаға жету жолдарының бірі. — Жооо, мен оған шыдай алмас едім, — деп біздің «Философ» теріске шығарып басын шайқады. — Ал мен байқап көрер едім, — деп Андрей өз ойын айтты. — Сен мұны соншалықты оңай деп ойлаймысың? — деді Сэнсэй. — Пірәдарлық оқшау өмірдің (затворник) техникасына кіріспес бұрын, ең болмағанда қарапайым — өз ойларыңды бақылауда ұстауды үйрену қажет... Өйткені адам өзін тас қараңғы үңгірге бар уақытын Құдайға құлшылықпен өткізіп, тектен тек оқшауламаған. Басында арнайы тыныс алу техникасына үйренген, кейін ойын бақылауда ұстауды, оларды бірқалыпты агатодемон күйіне, яғни жақсы ойларға түсіруді үйренген. Тек содан кейін ғана оқшауланған (затворялся), оны тиісті деңгейге шығаратын арнайы, оңайынан күрделісіне дейінгі медитацияларды реттілігімен орындаған. Және ақыр соңында адам саналы түрде Нирванаға, Құдайға кеткен, яғни реинкарнация шынжырынан босап шыққан. Мұның барлығы оңай емес. Дегенмен, — Сэнсэй иығын көтеріп, ойлана сөйледі: — рухани жағынан бұл өте оңай және қарапайым жол, жәй ғана жалқаулар үшін. Адамдар ортасынан, оқшау өмірге пірәдар (затворник) болып кету ең оңайы. Және әлемде (адамдар ортасында) мейірімділік пен жасампаздықта (созидание добра) өмір сүріп, адамдар ортасында болып, Құдайға кету басқа әңгіме. Осыны мен түсінемін! Қиын, есесіне шыныменде құнды (бағалы). — Кейін тақырыптың әңгімесіне қайтадан оралды. — Ал пірәдарлық оқшау өмірдің (затворичества) техникасы — есте жоқ ескі замандардан бері келе жатқан, өте ежелгі техника. Ол білімді Агапит өз шәкірттеріне өте қымбат (құнды) білім ретінде айтқан. Бірақ кейінірек техникасы жоғалған, себебі оны шын білген адам, адамдар арасынан бұл білімді сеніп тапсыруға болатын лайықты адамды таппаған. Көп адамдар Агапиттің шәкірттеріне еліктеп, бұл практиканың ешқандай техникасын меңгермей, өз беттерімен оқшау өмір сүруді байқап көрген. Нәтижесінде олар жәй ғана шыдай алмаған, болмаса естерінен ауысқан. Бұл қалыпты жағдай. Себебі егер адам өз қорқыныштары, жағымсыз ойларын қалай тізгіндеуді білмесе, ол адамда үнемі какодемон үстемдігі, яғни жағымсыз ойлардың басымдылығы (доминация) жүреді. Ал оқшау өмірде бұл көп еселенеді. Дайындықсыз қарапайым адам үшін пірәдарлық оқшау өмір (затвор) сүру мүмкін емес деуге болады. Кішкене үнсіздік орнады. — Демек, Нестор аздаған айлакерлікке барған болып шыққаны ма? — деп Виктор сұрады. — Ол жоғарыда тұрған ірі шенеуліктердің өзіне тапсырғанын жазған. Несторға Феодосийды канонға айналдыру үшін «Жития» кітабын дайындау тапсырмасы берілген. Қарапайым сөзбен айтатын болсақ, табынуға тұлға бейнесін жасау. Демек, тиісінше қажетті деңгейде ол туралы жазу керек болды. Және Нестор жазды. Тек кішкене ғана бөлігін Феодосийдың шын өмірінен, ал қалған «әулиелігін» сөзбе-сөз көшіріп алған. Автор шын оқиғалардың куәгері емес еді. 1056 жылы Антонийға Феодосий келген кезде, халық айтпақшы, Нестор әлі жөргегінде ән айтып жүрген сәби еді. Сондықтан арнайы Несторге осы туралы еңбек жазуға тапсырма берілді. Және тарих барынша «шынайы» болу үшін Феодосий діни басшылықты басып алған замандарда, Феодосийдің кейбір ізбасарларынан бұрынғы пірәдарларды қасына қосады. — Ал енді «тарихқа» сеніп көр! — деп Женька күлді. — Ал сен не күтіп едің? Барлығы бір қарағанға оңай емес. Ол кезде Шіркеуге Орыс еліндегі алғашқы қасиетті әулиелік өмірдің (преподобнического жития) бейнесі керек еді. Және осылайша «ерекше еңбегі» үшін Феодосий пірәдарды алады. Енді олар Агапитті алмайтын шығар?! — деп Сэнсэй күле айтты. — Кім керек? Пірәдар (Игумен). Мінекей Нестор осылай қолынан келгенінше тырысты. Аз-аздан Фоедосийдың шын өмірінен алды. Балалық шағының, ғибадатханада өмір сүрген жастық шағы туралы үзінділерді алып, қалғандарын «әкейлердің» айтуымен әртүрлі грек және палестина әулиелерінің «Житий» жазбаларынан сөзбе-сөз көшіріп алады. Сол кездің өзінде Орыс елінде ежелгі патериктердің және аскетико-оқулық трактаттары (аскетико-учительных), аскетикалық житий (аскетических житий) жазбаларының аудармалары болды. Ерекше жақсы көрген және жақсы оқылатын Антоний, Феодор, Студит, Феодор Эдесский, Иоанн Златоуст сияқты грек әулиелері еді. Анағұрлым аз танылған, бірақ толық деректер жинағында болған, Кирилл Скифопольский жазған VI ғасырдағы палестина әулиелерінің «Өмірі» болды (Жития). Бұл шежіре Евфимий Великий, Савва Освященный, Иоанн Молчальник, Феодосий Киновиарх туралы еді. Қысқасы, жаңа тұлға бейнесін жасауға таңдау көп еді. Мысалға, Несторға әулие Евфимия мен Савваның шежіресі ерекше көзге түсті. Сондықтан Феодосийдың жаңа образы көбіне Савваға ұқсады және кей жерлерінде дәлме-дәл мәтін күйінде көшірілген. Рухани ерліктерін шығыстық аскездерден көшірді, әулиелердің өмірлерінен кейбір элементтерді қосты. Мінекей орыс пірәдарлығының атасы, ұлы Феодосий образы. Бірақ Феодосийдің өзі оны мақтап жеткізгеннен әлдеқайда алыста еді. Оның шыныменде бай отбасында қиын балалық шағы болды. Әкесі 13 жасында дүниеден өтті. Анасы оны үнемі ұратын. Жігіттің психикасы — мүлдем тұрақсыз еді. Қысқасы, әлсіз болды, өзінен мықтыларға жағымпаздануға тырысатын. Және Киевке, өзінің шешесінен кезекті рет қашып Антонийға келген кезінде, Антоний қайтадан тәрбиелеп алармын деп үміттеніп, өзінің жүрегінің кеңдігімен қабыл алады. Ол кезде Антониймен бірге үңгірде, ішінде Агапитте бар кішігірім діни қауым тұрып жатқан еді. Агапит Антонийды «момақан» жігітке байланысты «қойныңда Жыланды жылытудасың» деп ескерткен. Бірақ Антоний жаны ашығандықтан жігітті қалдырады. Айтпақшы, Нестор Феодосийдың Антонийға келген сәтін, оны Антонийдың «қабылдамағанын», өзінше бейнелеп, оны әулие Савваның өмір шежіресінен (жития) сөзбе-сөз көшіріп алады. Әрине мұның шындыққа еш қатысы жоқ. Феодосий бауырлар арасында момақан болса да, ішкі жан дүниесінде жақсы ойлардан әлдеқайда алыс «қазан қайнап» жатқан еді. Феодосий өзінің арам құпия пиғылын Агапиттің толық көретінін сезіп, барынша артық көзіне көрінбеуге тырысқан. Және кейінгі өмірінде Агапит алдында ішкі қорқынышты сезінумен болады, өйткені рухани өмірге мүлдем жат істер жасады. Агапиттің жігіт туралы Антонийды ескертуі, дәл келеді. Кейінірек пірәдарларға Изяслав князьдің бірінші бояр мырзасы (боярин) Иоанның ұлы — Варлаам қосылған кезде, осыған байланысты билік басындағылармен жанжал (дау) пайда болады. Сол кезде барлық бауырлардың ішінен тек өзінің рухани әлсіздігінен Феодосий ғана Изяславтың құлағына айналады. Және нәтижесінде Антонийды бірнеше рет сатып кетеді. Ақыр соңында бас пірәдар (первый игумен) болып тұрған кезінде, үңгірдің үстіндегі жерді сұрау үшін Варлаам Изяславқа келеді. Изяслав беруге келісімін береді, бірақ бауырларға басшылыққа өзіне ыңғайлы адам тұруы керек деген талабын қояды. Варлаамға келісуден басқа амал қалмайды. Сол жылы Изяслав Варлаамды (кезінде Антоний бауырларға Варлаамды басшылыққа қойып, өзі қарапайым пірәдар болған) Димитриевский ғибадатханасына ауыстырып, оның орнына «өзінің адамын» — Феодосийды қояды. Мұның барлығын Нестор, «пірәдарлық еңбегі үшін» Феодосийды бауырлардың өздері сайлаған деп келтірген. — «Ерлігі үшін», — деп Володя күлді. — Біздерде осындай «ерлігі» үшін мойнын жұлатын еді. — Осы кезден бастап Печерск ғибадатханасында жария емес (негласное) бөліну басталады, — деп Сэнсэй әңгімесін жалғастырды. — Агапиттің ізбасарлары рухани өмірге бағыт алды. Феодосий болса өзінің ізбасарларымен арасында өзін пірәдарлыққа шашын қиған Никон топтан ерекше көрінеді. Араларында жәй емес махаббат пайда болды, — деп Сэнсэй күлді. — Өз дәрежесін жеке бас пайдасына пайдалануға тырысты. Феодосий өз тілегіне жетіп, билігін көтеріп күшейткені соншалықты, тіпті Изяславқа да оңай тимейді. — Иә, — деп Николай Андреевич ойлана айтты. — Егер Феодосий сияқты адамның қолына билік тисе — жақсылықты күтпе. Жасөспірім кезіндегі тұрақты депрессиялық басылу сезімі (устойчивая депрессивная подавленность) психикадағы үлкен ауытқуларға, әртүрлі психопатологияларға әкеледі. Ондай жасөспірімнің өз құрдастарының ортасына сіңуі қиын, қоршаған әлем туралы шын сезіну сезімін жиі жоғалтады. Ал бұл, өз кезегінде олқылық сезімін (чувство неполноценности), өз дәрменсіздігі мен өзін төмен бағалау және көптеген қорқыныш комплекстерін тудырады. Әдетте ондай адамдар тұйық, жасқаншақ және қорқақ келеді. Бірақ адамдарға билік етуге шын мүмкіндік туындаған кезде, міне сол кезде бар психикалық аурулары көрінеді... Женька психотерапевт әңгімесін тыңдады да, кейін: — Таза Чикатила образы екен... Ол да адамдар арасында тыныш момақан болған, — деді. Николай Андреевич салмақты үнімен: — Ал сен маньяктар қайдан шығады деп ойлап едің? — деді. — Үрілген өзімшіл мақтаныш сезімі (раздутая мания величия) адамдармен оданда сорақысын жасайды. — Өте дұрыс, — деп Сэнсэй сөзімен келісті. — Феодосий бірінші кезекте өзінің тәкаппар мақтаныш сезіміне қызмет етті. Рухани жұмысында ол өте жалқау болды. Құлшылықты (дұғаны) көрер көз үшін ғана жасайтын. Агапиттің және оның шәкірттерінің рухани жұмысына қарап (талпынысына), ол басқа пірәдарларға түні бойы құлшылықта болуды айтып, өзі сол уақыттарда ұйықтап жататын. Ұйықтағаны соншалықты, таңертеңгісін оны үнемі оятуға тура келетін. Ал кейінірек оны аскезінің құпиясы ретінде көрсетті. Ол сияқтыларды Иса: «Ыңғайсыз, ауыр замандарды адамдардың иығына салып, өздері тіпті саусақтарын қимылдатқылары келмейді», — деп айтып кеткен (Связывают бремена тяжёлые и неудобоносимые и возлагают на плечи людям, а сами не хотят и перстом двинуть). Феодосийды мақтан сөздерінде «кітап сүйгіш және білімді адам» деп сипаттаған. Оның грамматикадағы қарапайым білімін ескеретін болсақ, бұл енді таза әзіл. Есесіне әр басқан қадамында басқаларды үйретуге құмар болды, өзінің «әулие» тұлғасын көтеріп, аяғына жалбарынып, қолын сүйіп, оны «әулие әкей» деп мәртебесін көтергенді жақсы көрді. Бұл оның ішкі жан дүниесінің ажырамас бір бөлігі еді — басқа адамдардың көзінше Құдайдай көріну. Ал Иса: «жер бетінде ешбір адамды өздеріңе әке деп атамаңдар, өйткені сендердің Әкелерің жалғыз, аспанда» деп айтты емес пе. Және тек өз «тобырын» ғана емес, өзін христиан дінінің қайтпас қорғанышындай көрсетіп, қарапайым жұртты да үйретуді жаны сүйді. Оларға «кімде-кім басқа дінді құрметтесе, діннен шығуға жақын жүр», деп саналарын улады. Және Агапиттің сөздерін жиі қайталайтын: «Құдай жалғыз және оған сенімде жалғыз!» Бірақ Агапит шәкірттеріне Жаратушыға ұмтылған кез-келген адамға тән, Жаратушыға деген жалғыз ішкі сенім туралы айтса және Исада кезінде осыған үйреткен, ал Феодосий бұл сөздерді діни тұрғыдан бұрмалап, өзінің Хайуани негізінің менмендігіне салып, тек менің сенімім ғана ақиқат, ал қалғандары адасқан деп жеткізді. Әсіресе ол байларды үйреткенді жақсы көрді, олардың сауық-сайманында жиі қонақ болатын. Ол тіпті князьдарды үйрету өзімнің борышым, ал олардың міндеттері — оның айтқанын тыңдау деп ойлады, яғни билік басындағыларға билік етуді көздеді. Осындай «фарисей» (арам, екіжүзді) адамдар туралы тіпті Феодосий кононға айналдырғысы келген Евангелияда: «Өз істерінің барлығын адамдар көрсін деп харекет қылады; қазына қоймаларын кеңейтіп, киген киімдерін сәндейді»; «Және де жиын-тойларда (мерекелерде) өздерін көрсетіп, синагогаларда төрелік еткенді ұнатады»; «Және халықтық жиындар да оларды адамдар: «ұстаз! ұстаз!» деп айтқанын (ұнатады). Бірақ ол жерде: «Ал сіздер ұстаз деп аталмаңыздар, өйткені сіздерде жалғыз Ұстаз — Иса Мәсіх, ал сіздердің барлықтарыңыз — бауырсыздар», — деп айтылды еме пе. «Және тәлімгер деп те аталмаңыздар, себебі сіздерде жалғыз ғана Тәлімгер — Иса»... деп айтылған. («Все же дела свои делают с тем, чтобы видели их люди; расширяют хранилища свои и увеличивают воскрилия одежд своих»; «Также любят предвозлежания на пиршествах и председания в синагогах»; «И приветствия в народных собраниях, и чтобы люди звали их: «учитель! учитель!» Но там же и сказано: «А вы не называйтесь учителями, ибо один у вас Учитель — Христос, все же вы — братья». «И не называйтесь наставниками, ибо один у вас Наставник — Христос»…) Осы кезде жалғыз (бір) сенім туралы сөз басқаларына қарағанда көбірек шамына тигендей Татьяна: — Мен Агапит пен Феодосийдың бір сенім туралы айтқандарынан айырмашылықты көріп тұрғаным жоқ. Меніңше Феодосий дұрыс айтқан. Менің әжем айтпақшы, тек христиан дініне ғана сену керек, себебі ол Құдайға апаратын жалғыз сенім, — деді. — Енді байқаймысың, сенің әжең солай санайды, себебі ол христиандық ортада туылған және сол ортада бой жетті. Ал таяу Шығыстағы, біреудің әжесі өзінің немересіне жалғыз ғана дұрыс сенім — бұл мұсылмандық деп айтады, Қытайлық әжей — буддизм деп сендіретін болады және тағы сол сияқты. Бірақ бұның барлығы жәй ғана сыртқы қабыршағы (условности), ақыр аяғында адам толықтай жақсы ойлар толқынына өткен кезде, яғни агатодемоны (какодемонның агрессивті фанатизмі емес) басым болған кезде, адамды бір ғана нәтижеге әкеледі. Және көбіне адам тіпті өзінде болып жатқан процестерден бейхабар болады. Ол тек Құдайға деген шын сенімнің не екенін түсіне бастайды, ерекше рухани күш келгенін сезінеді. Яғни, Құдайға шын сенгеннің барлығы, Оны (Құдайды) қалай атаса да, ақыр соңында бір есікке келеді, бір табалдырықты аттайды. Құдайға апаратын жолдар көп, ал қақпасы біреу ғана деп айтылды емес пе. — Жоқ, мен мысалға барлығын түсінгендеймін, — деп Костя талқылай бастады. — Бірақ егер шынымды айтатын болсам, негізінде осының барлығына сену қиын... Мысалға Қасиетті Рухтың (Святой Дух) өзі болған Агапитті алып қарайық. Ал әлгі Қасиетті Рухтың бейнесі қандай? Және бұл Орыс елі үшін соншалықты маңызды болды ма? Және неліктен бүгінгі күнге дейін мен бұл туралы еш жерден естімегенмін, оқымағанмын? Неліктен біздерге тек сіз айтқандай көбіне бұрмаланған тарих қана жеткен? Және егерде Құдай болса, неліктен ол әулиелерді келеке етуді, Исаны ағашқа шегелеуді, Агапит туралы шындықты жасыруға жол береді... Сэнсэй шаршаңқы күрсінді де, сабырлы үнімен: — Көп қыры адамдардан жасырылған Құдайдың ісін түсінуге тырыспа. Бұл құмырсқаның пілді жұтуымен пара-пар. Адам миы өте шектеулі. Адам өте қарапайымды қабылдай алмайды: ол қалай естиді, қалай көреді, ол қалай ойлайды, қалай өмір сүреді және шын мәнінде ол кім. Түптеп келгенде ол өлімнің де не екенін білмейді. Тіпті Шексіз Ғаламның не екенін өзінің шектелген миымен түсіне алмайтынын айтып тұрғаным жоқ. Адамның қолынан келетін жалғыз нәрсе — сену немесе сенбеу. — Жоқ, енді қалай сену немесе сенбеу? — деп сөз таластың дәміне енгендей Костя наразылық танытты. — Кез-келген сенім үшін дәлел керек, оның ішінде Құдайға деген сенім де бар! — Дәлел керек деймісің?! — деп Сэнсэйдің даусы құдды бір өзгергендей шықты. — Айнаға жақында да, өзіңе мұқият қара. Және егер сен, соңында маймылдардың мутациясына апарған, нәтижесінде олар саналыға айналған, өзіңді кездейсоқ аминқышқылдарының қосылысы дегенге сенсең, онда саған Құдайды іздеудің не қажеті бар? Базарға бар, банан сатып ал да, өміріңнен рахат ал! Ал егер осыларды мойындамасаң және өзіңнің Құдайдың ғажап жаратылысы екендігіне сенсең, ендеше сен қалайша Құдайдан, Оның бар екендігіне дәлелді талап етесің? Сен кімсің, Құдай кім? Сэнсэй сөздерін күшті көзқарасы, даусымен айтқаны соншалықты, Костя тіпті еріксіз есеңгіреп, біртүрлі бүрісіп тез назарын басқа жаққа аударды. Осы сәтте жерге кіріп кетердей көрінді. Аздаған үзіліс орнады. — Иә, — деп Николай Андреевич тыныштықты бұзды. — Демек Феодосий Патшаға (Кесарь — рим императорларының императорлық шені, титулы), ал Агапит — Құдайға қызмет еткен. — Өте дұрыс, — деп Сэнсэй өзінің қалыпты үнімен жауап берді. — Міне сол замандардан бері Лаврда бөліну басталады. Бір пірәдарлар, оның ішінде өздерін пірәдарлық оқшау өмірге (затворничества) түсіріп шын рухани ерлік жасаса, ал басқалары осы кезде өз бетімен кетіп, ұятсыздық (распущенностью), өзімшілдік пен алтынды жақсы көруден рахаттанып, қарапайым жұртты тонап, Құдайға кеткен шын пірәдарлардың рухани ерлік көрсеткен жерлерін ақшаға көрсетіп, пайда көріп жатты... Баяғы жартас бір жартас, адамдарда бәрі баяғыша: осындай қасиетті мекенді (жерді) өздерінің ашкөздігімен барлығын бұрмалап, лай қылды. Ал барлығы басқаша болуы мүмкін еді. Себебі Қасиетті Рухтың өзі осы жерде өзінің Мекенін жасады. Эх, адамдар, адамдар... Сэнсэй аз уақыт үнсіз қалды да, кейін ойлана: — Сондықтан Агапит Орыс еліне өте қатты әсер етті және тек ол ғана емес... Оның әсері тікелей емес жанама болса да, ол болашақ әлемді өзгертті. Дегенмен бұл сол кездегі Агапиттің Бодхисатва ретіндегі мақсаты еместін. Бұл негізінен Агапиттің өзінің бастамасы еді. Енді, бір сөзбен бодхидың аты бодхи. Агапит осы күнге дейін ешкім ешқашан санамаған, қаншама адамдар қатерлі сырқаттарынан жазылған, Құдайға шүкір әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан рухани мекеннің іргесін қалады. Бірақ бұл ең маңыздысы емес. Ең бастысы, көптеген адамдар ол жерден рухани саулық алды, бұл деннің саулығына қарағанда анағұрлым маңызды. Түптеп келгенде Агапиттің, Қасиетті Рухтың әлі күнге дейін сақталған емдік күші бар оның мүрдесінің (мощи) арқасында, Печерск ғибадатханасының ғасырларға атағы жайылды. Тіпті бүгінгі күнді алып қарайық. Әлемнің сан-алуан елінен, әртүрлі діндегі, тіпті өзін «атеист» деп санайтын көптеген адамдар әулиелердің мүрделері жатқан Печерск үңгірлерін аралаған кезде, Агапит мүрдесінің жанында көбірек кідіреді. Неліктен? Себебі адам хақ Әулиелікті интуитивті сезеді, себебі рухты алдай алмайсың. Бірақ, егерде адамдар тек тәнінің саулығын сұрауға ғана емес, одан анағұрлым маңызды, өзінің рухының құтқарылуы туралы сұрауға мүмкіндік болатын, Агапит мүрдесіне Қасиетті Рухтың енетін, жыл сайын жиырма бесінші ақпаннан бастау алып, толық бір аптаға ұласатын, мүмкіндіктің болатынын білсе. Олардың рухы үшін бұл теңдесі жоқ жақсылық болар еді. Өйткені ол күндері, кез-келген адам, өзінің қай дінде болғанына қарамастан өзінің құлшылығымен (күнәсін кешіру туралы жалбарынуларымен) Жаратушының Назарына соншалықты жақын болатын, Жер бетінде одан қасиетті мекен жоқ. Және жылына осындай жеті күнді пайдалану мүмкіндігі әрбір адамда бар. Себебі келесі жыл ол үшін тумауы да мүмкін. Өйткені уақыттар қиылысқан заманда адам күндері қысқа. Өйткені Жаратушы алдындағы істері қайғылы (жұпыны). Адамның әрбір сәті таразы талқысында. Және рух үшін құтқарылуды шөлдей іздегеннен басқа маңызды іс жоқ. Қақпаның кілті сыртқы сенімде емес, ішкі сеніміңде. Оны күлге көзі шел болған соқыр ғана көрмейді (Ибо нет в те дни на Земле более святого места, где может любой человек, независимо от своего вероисповедания, так близко быть с прошением своим перед Слухом Господним. И такой шанс есть у каждого человека, коим он может воспользоваться в течение семи дней в году. Ведь следующий год для него может и не наступить. Ибо кратки дни человеческие на перекрестье времён. Ибо скорбны их дела перед ликом Господним. Уж каждое мгновение людское на чаше весов. И нет для душ более важной заботы, чем жажда обрящить спасение. Не в вере внешней, но в вере внутренней ключ к Вратам. Только слепец, ослеплённый прахом, его не увидит). Адам құдайға тек өз сенімі мен шынайы жүрегінен шыққан құлшылығын ғана бере алады. Жаратушыға одан артық ештеңе бере алмайды. Өйткені адамды қоршағанның барлығы, Құдайдың жаратылысы. Және Иесіне өзінің меншігін беру құптарлық іс емес. Өйткені Құдайға, Махаббат пен Сенімнен басқа адамнан ешнәрсе керек емес! Оның жүрегін қуанту үшін, кішкентай сәби Әкесіне (Родителю) не бере алады? Тек Махаббат пен өзінің оған деген Құрметін ғана. Сэнсэй жанған отқа көзін салып, үнсіз қалды. Ал кейін ойлана үн қатты. Барлығына жалпылай және әрқайсысымызға жекелеп айтқандай көрінді. — Тірі тұрғаныңда, адам баласы, сенде өз рухың үшін жалбарынып, Құдайдың шексіз махаббатына бөленуге мүмкіндігің бар. Және сенде осы МҮМКІНДІК болып тұрған кезде, қасиетті аптада Агапитке бар да, Қасиетті Рух алдында тек рухыңның құтқарылуын ғана жалбарынып сұра. Өйткені тәнің уақытша, ол топырақ (шаң-тозаң). Және дүниелік бар қамыңның — бәрі де бос. Бірақ есіңде болсын адам, өз құлшылығыңда Жаратушыға нені уәде етсең, соны орында! Өйткені Ол, барша ата-ана секілді, өтірікті көтермейді, кешіреді, бірақ кейін сөзіңе сенбейді... Жанған оттан көзін алып, Сэнсэй біздерге мұқият қарады. Оның көздері ерекше тазалықпен, соншалықты күшпен жарқырап тұрды. Және осы кезде: — Талпын адамзат, хақты айтып тұрмын, өлімнен қаша алмайтының шындық болғандай, Жаратушы Сотынан да қаша алмайтының хақ, — деді. (Дерзай, человече, истинно говорю, как не дано тебе избежать смерти, так и не дано тебе избежать Суда Божьего) Ешбір жанның бұзуға батылы жетпеген тыныштық орнады. Таң ата бастады. Әуезді құстардың әні естіледі. Сэнсэй теңіз жаққа қарады да, ауыр күрсініп, шаршаңқы сөйледі: — Жарайды, балалар, әңгімелеріммен сіздерді шаршатқан шығармын. Сіздердің демалатын уақыттарың баяғыда-ақ келген... Барлығы ұйықтауға тарасты. Теңіз жағасында, жанған оттың қасында жалғыз Сэнсэй ғана қалды. Оның ойға батқан назары түнгі аспанның қара жамылғысын жылдамдата сыпырған, шығар Күнге жол төсеген алғашқы жарық сәулелері көрінген Шығыста еді.