Анастасия Новых Сэнсэй Анастасия Новыхтың кітаптарында барлық әлем діндері пайда болып және қазіргі таңда жоғалған алғашқы (исконные) рухани ашық-шындық берілген. Себебі оның кітаптары арқылы берілетін ішкі күш адамның рухани оянуына септігін тигізіп, оны Шындық рухымен қанаттандырады, өзінің және айналасының рухани өзгеруіне шабыттандырады. Дегенмен, егерде әрбір оқырман өзінің рухани тұңғиығын ашып, өзінің шынайы рухани табиғатын сезінсе оны өзі де түсіне алады. Анастасия Новых кітабы көптеген сұрақтарға жауап береді. Мен кіммін? Менің өмірімнің мәні неде? Өзіңді қалай түсінуге болады? Қалай қайғыруды қойып, өзіңнің ойыңды бақылауда ұстауды үйренуге болады? Өз өмірің мен тағдырыңды қалай өзгертуге болады? Адамның шынайы табиғаты қандай? Ғылым не туралы айтпайды (көзге көрінбейтін әлемдегі адам құрылысы туралы) және неге әлі күнге дейін бұл үнсіздік қастандығы сақталып келе жатыр? Адам өлгеннен кейін онымен не болады? Оның жаны (душа) бар ма? Жан, тұлға дегеніміз не, олардың байланыстары қандай және олардың мақсаты неде? Жанды, тұлғаны, тәнді өлгеннен кейін не күтіп тұр? Әлемнің, микро және макроәлемнің құпиялары қандай? Хайуани сана дегеніміз не? Қалай материалдық әлем жүйесін зерттеуге және оның кодтау әсерінен тыс өмір сүруге үйренуге болады? Қалай бұл дүние құлы болмауға болады? Адамды және адамзатты жақын он жылдықта не күтіп тұр? Жаһандық катаклизмдер жағдайында аман қалып және рухани құтқарылу үшін қалай өзіңді, өзіңнің тағдырыңды, қоршаған қоғам өмірін өзгертуге болады? Анастасия Новыхтың әлем және адам туралы іргелі білімдер жазылған негізгі кітабы «АллатРа» болып табылады. Бұл шығарманың түпнұсқасы Анастасия Новыхтың өзге де кітаптары секілді орыс тілінде жазылған. Бұл кітаптардың өзге тілдегі аудармалары түпнұсқа емес екендігін түсіну керек. Бұл өзге адамдарға ақпаратты жеткізуге тырысып, осы аудармаларды жүзеге асыратын адамдардың мағыналары мен түсініктерінің аудармалары деп айтуға болады. Шынайы білуші оның тек шын мағынасын ғана емес, сонымен қатар әсер ету күшін, бұл кітаптың рухын түсіну үшін «АллатРа» кітабын тек түпнұсқасында оқиды. Күн сайын кітаптар арқылы берілген білім арқасында өзін және әлемді ашқан адамдар саны артып келеді. Әлемнің әр түрлі елдерінің адамдары осы шынайы (исконному) дүниетаным арқасында бірігеді. Олар бір-бірімен танысады, бірге кітапта жазылған ежелгі рухани өзін-өзі тану техникасын қолданады және бірігіп өздерін және әлемді жақсы жаққа өзгертеді. Анастасия Новыхтың кітаптарында келтірілген энциклопедиялық мәліметтер әртүрлі ғылым бағытында өз растығын тапқанын ескерейік: физика, астрономия, медицина, психология, тарих, археология, этнология және т.б. Кітапта келтірілген білімдер ежелгі уақыттағы барлық құрлықтағы адамдар ортақ рухани білімге ие болғандығын нақты растайды. Қазіргі уақытта кітаптар әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және оны өзінің мәдениеті мен ежелгі қасиетті білім түсінігінің кілттерімен байыта отырып, бұл шынайы (исконные) білімді өз халқына жеткізуді мәртебе санайтын адамдармен аударылу жалғасуда. Бүгінгі таңда Анастасия Новыхтың кітаптарын оқыған әлемнің әр түрлі елдерінің адамдарының жалпы халықтық бастамасының арқасында «АЛЛАТРА» Халықаралық қоғамдық қозғалысы құрылды. Қозғалыс мақсаты халық арасындағы жаңа сапалы мейірім негізіндегі қарым-қатынас құру, арам ойсыз өзара көмек, ешқандай мекен-жайына, әлеуметтік, ұлттық, саяси, діни бағытына қарамай барлық әлем бойынша жасампаз қарым-қатынас құру. Мәдени-адамгершілік, рухани құндылықтар негізіндегі бірігу мен достық барлық әлемдегі адамдарды «АЛЛАТРА» арқасында біріктіреді. Пролог Асығыс, бітпейтін маңызды мәселелері мен ұсақ-түйегі көп күндізгі уақытты тыныш, жылымық жазғы түннің басқанына да біраз болып қалыпты. Қара жамылғысы барлық тіршілікті тыныштандырып, біртіндеп терең ұйқыға әкететіндей тәтті әлдилейді. Оның сиқырлы күші тек шексіз уақыттың өзін қас-қағым сәттей өткізетін ғашық жүректерге ғана әлі келмеген. Адам аяғы баспаған теңіз жағалауында түсініксіз де құпияға толы көлеңкесі бар от жалыны байқалады. От қасында жалғыз, пішінсіз жаратылыс отырды. Оның жайғасқанын тек жұлдызды аспан мен жарқыраған шексіз Ғалам, сәулесімен су бетіне күмістей аппақ жол төсеген Ай ғана біледі. Теңіздің өзі кішкене толқындарымен бұзуға сескенгендей тұнық тыныштық орнаған. Уақыт мәңгілікке тоқтап, өзінің бар мәнін толық жоғалтқандай. Бұл шексіздіктің мүлт еткен бір ғана сәті еді. Тіршілік иесі түсініксіз дауыстар шығарып екі бөлікке біртендеп бөліне бастады. Түн тыныштығында адам даусы естілді: – О, Жаратқан, кейде жалған әлеміңнің өзі қандай жақсы. – Шынымды айтсам, кеткің де келмейді екен. – Мен де соны айтамын. Оттың жарқыраған жалыны түннің қара түсінен бір тілім кеңістікті бөліп алардай жарқырайды. Оның жалыны бір сәт түн қаралығына жұтылып, енді бір сәтте алысқа батыл серпіліп айнала табиғатты өз бейнесінде сәулесімен жарықтандырып арпалысуда. – Қандай шешім қабылдадың, Ригден? – Әрине, менің ой түйгендерім өкінішті. Бірақ, соңғы шешімге асықпасам деймін... Мүмкін тағы да кішкене күтерміз. – Дей тұрғанмен барлығы сондай жаман еместей. Оның үстіне сен қаламын деп шешсең, оларға бір мүмкіндік берші. Және маған... Осы сәтте теңіз бетінде төселген ай сәулелерін дірілдетіп самал жел есті. Соңғысы өзінің күмістей толған сиқырлы жарығымен жұмбақ алыстыққа еліктіреді. Тіршілік иесін табиғат өзінің шексіздігімен және жердегі сұлулығымен қоршап әдейі тиісетіндей. Шамасы бұл байқалмайтын құбылыста тек өзі ғана түсінетін бір құпиясы жасырынып жатқандай. 1 Тағдыр адам баласын тек өзі білетін күрделі де нәзік байланыстағы, табиғат құбылыстарымен, өрмекші торындай айлалы жеке кездейсоқтықтары мен сәйкестіктері арқылы өз жолымен жүргізетіні құпия емес. Түптің-түбінде бұл өмір жолы қиылысындағы нақты шешім қабылдайтын жерге әкеледі. Осы тұста адам баласы таңдау еркіндігіне үміттенсе болады. Сонда да Тағдыр күші оқиғалар мен жағдайларды логикалық байланыстыру арқылы адам баласына таңдау жасауына бар көмегін салады. Оқиғалар тізбегі арқылы өзінің жоспарына сәйкес мүлдем бейтаныс адамдарды бір-біріне кезіктіреді, ал олар өздерінің кішкентай әлемінде өмір сүріп жатып оны мүлдем байқамайды. Бірақ бұл адамдардың кездесуі, олардың бір мақсатты іздеу жолындағы әрекеттері, көп адамның өмірін өзгертетін шешуші көптеген оқиғалар туғызады. Бұл тағдыр жоспары мені де айналып өтпеді. Туған жерім алыс шеткі Ресей өлкесі. Әке-шешем Отан алдындағы борышын адал, таза атқарып жүрген әскери жақсы адамдар. Жақсы қызметі үшін жоғарғы әскери басшылықта біздің отбасымызды ол кездегі Отанымыз Кеңес Одағының әр- қилы жеріне жіберетін. Осылай біздің отбасымыз Украйн елінің («страну цветущих каштанов») роза гүлі жайқалған шахтерлер өңіріне келіп орналасты. Шындығына келсем мен жан-жақты, әртүрлі қызығушылықтағы адаммын. Мен үшін бейтаныс адамдармен ортақ тіл-табысу аса бір қиыншылық тудырмайтын. Жаңа ортаға тез бейімделіп, құрбы- құрдастарыммен тез тіл табысып кеттім. Бірге би үйірмелеріне, киноға, театрға баратынбыз. Жалпы өмір өз ағынымен өтіп жатты. Барлығы жақсы болатын. Бірақ белгілі бір уақытқа дейін ғана. Тағдырдың бізге дайындаған жолы басқа. Аяқ астынан жақындарым және мен үшін, жастық шақ өмірім ауыр сынақтармен қауышты. Өзімнің үмітсіздігім мен хайуани қорқынышымның кесірінен өлім дәмін татуға аз-ақ қалдым. 2 Мектеп бітірер соңғы оқу жылының басында өзімнен созылмалы және қатты бас ауруын сезіне бастадым. Әке-шешем мені тексеріске апарды. Тексеріс нәтижесінің көп бөлігін дәрігерлер әке-шешеммен ғана бөлісті. Осы жағдай мені қатты алаңдатты. Басыма бірінің артынан бірі келген әр түрлі жаман ойлар менің жанымды жегідей жеді. Мен үшін алда не күтіп тұрғанын білмеу барлығынан да жаман әсер етті. Осы болған жағдайлар мені қатты қорқытты, анам мен дәрігер профессор әңгімесін естігенге дейін: – Бір амалы болуы керек емес пе? – Әрине, шешілмейтін түйін жоқ. Түсінесіз бе, бұл кішкентай ғана ісік уақыт өте тез қауіпті күйге өтуі мүмкін. Бұл өте қауіпті. Тезірек кеш болмай тұрғанда отаны осы бойда жасау қажет... Айтпақшы, Мәскеу қаласында осы мәселемен жақсы таныс білікті дәрігерлері бар жақсы клиника бар, тек оған жету қиындау. Жазылу бір жыл бұрын жүреді. Ал қызыңызға өзіңіз білесіз мүмкіндігінше тезірек... Әйтпесе... ісік ауруының қалай дамитынын айту қиын. Оның үстіне ми ісігі болса. Бұл аурумен адам тек бір жыл, кей жағдайларда одан ұзақтау өмір сүреді... Бірақ қалай болғанда да еңсегіңізді түсірмеңіз. Мүмкін сізге таныстарыңыз бен байланыстарыңыз арқылы кезексіз ... Қалған сөздер мен үшін маңызды болған жоқ. Басымда тек бір ғана ой: «Бір жыл ғана ма? Бәрінің біткені ме? Айналам мағынасыз және үмітсіз көрінді. Үдеген менің сан-қилы ойларыма орын бергендей қарбаласқан шулы емхана да біртіндеп алыстай бастады: «Өрімдей жастық шағымда өлу! Бірақ мен әлі өмір сүріп үлгермедім ғой... Неге мен? Бұл өмірге соншалықты не жамандық жасадым?!». Бұл жанайқайым еді. Бетімді көз жасым басты. Емхана ішінде тынысым тарылып, сыртқа қарай жүгірдім. Профессор дәрігердің даусы құлағымнан кетер емес: «Бір жыл ғана! Бір жыл... Бір». Масайтатын жұпар иісімен таза ауа бетімді есіп өтті. Біршама уақыттан кейін өз-өзіме келіп айналама көз тастадым. Жауыннан кейін тал-терек ағаштар ертегідегі асыл тастай жарқырайды. Айнала жаңалық пен тазалық. Жердің жылылығы асфальт бетіне жеңіл бу түзеп, тамаша шынайы елестей көрініс қалыптасқан. Құдайым-ау, айнала неткен әдемі! Бұрын байқалмаған табиғат әдемілігі мен үшін басқа мән-мағынаға ие болған. Күн сайын ойға салынып ойлайтын қарбалас тіршілік пен болмайтын ұсақ-түйек мәселелер мен үшін өз маңыздылығын жойған. Күлкім де еш нәрсеге татымайтындай көрінеді. Қайғыға батып мұңдана аспандағы күнге, жасыл-желекке көз тастап, құстардың әндетуін естіп ойға баттым: «Қалайша өмірімді ақымақша өткізгенмін. Нағыз тұрарлықтай еш нәрсе жасамағаным қандай өкінішті!» Бұрынғы реніштерім, әңгімелер, өмір қарбалысы бар мәнін жойған. Енді айналамдағы адамдар бақытты, тек мен ғана өлім кісенін таққандаймын. Біршама уақыт ауыр күйзелісте болдым. Бұрынғы қызығушылықтарым, оқу, өмірім мен үшін бар мәнінен айырылды. Ата-анамның сан түрлі сұрақтарынан қашып, өз бөлмемде кітаптар мен әртүрлі журнал беттерін ақтарумен тығылдым. Өмір сүрмей жатып өлудің қандай қорқынышты екенін айтып қатты жылағым келетін. Ең жақын адамым анашым болатын. Бірақ қандай ана жүрегі өз баласынан мұндай сөздерді естуге шыдай алады? Бір уақытта жазу үстелінде отырып өзімнің жеке, ауыр ойларыммен қалғанда қолыма қалам алып дәптер бетіне бар сезінген сезімдерімді жаза бастадым. Арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Осылай күнделік жазуды бастап кеттім. Соңында күнделігім менің тағдырым туралы барлық ойларымды қабылдайтын жан досыма айналды. Құрбы-достарыммен ғана қарым-қатынасым ауыр ойлардан аз да болса арылтатындай. Оларға сырқатым туралы еш нәрсе айтпадым. Ата-анамның маған аяушылықпен қараған көздерін достарымнан да көргім келмеді. Олардың маған аянышты қараған көздері мен түрлері мені мүлдем мүсәпір күйге түсірер еді. Мен үшін олардың мән-мағынасын жоғалтқан мәселелерді талқылауы, болмашы әңгімелері менің көңілімді аулайтын. Енді барлығына басқаша-тылсымға толы бұл дүниені танып үлгермеген қимастық көзбен қараймын. Менің бойымда бір өзгеріс болды. 3 Достарыма мені ерікті үй қамағымнан кино көруге алып шығудың реті келгенде, киноны басқаша көріп қабылдайтынымды, тіпті өзімнен таңғаларлықтай өзгерістерді байқадым. Ол кезде шығыс ұрыс өнері «сәнге» айнала бастаған уақыт. Жаңадан ашылған кафелерде 1-3 рубльге кең таралған «төбелес» киноларды көрсететін. Спортшылардың шеберлігі, әртүрлі кеселдерден өз күшімен жазылуы (емделуі), ерік күші мен биік рухы мені қызықтырды. Мұның барлығы актерлік өнер (театрландырылған қойылым) екенін білетінмін. Әйткенмен бұл оқиғалардың адамзат тарихындағы шын өмірден алынғандығы ойымнан кетпеді. Осы ойларым сол бағыттағы мақалалар, кітаптар мен әртүрлі журналдарды іздеуіме әкелді. Менің ізденісім достарыма да әсерін тигізді. Оларда асқан құмарлықпен «сирек кездесетін әдебиеттерді» барынша табуға кірісіп кетті. Бұл адамдардың (кинодағы) осы әлемді терең түсінуі, ерекше мүмкіндіктері, менің денемнің өлімі – ол менің шынайы өзімнің өлімім емес екендігін сездіртетіндей, үміт пен ішкі жасырын қуатымды оятқандай. Бұл түсінігім ішкі күш-қуатымды оятқаны соншалықты, тіпті тез арада күйзелістен шығып өмірдің жаңа дәмін татқандаймын. Әйтседе ақыл-санам баяғыша қайтпас өлімнің, қатерлі ісік дертінен (рак ауруы) аз ғана адамдардың сауығатынын ұмытқан емес. Бірақ бұл жаңа түсінігімде қорқыныш пен іштей мүжілуімді тудырмады. Ішімдегі бір түйсігім осының барлығын мойындауға қарсы тұрды. Және ең қызығы бұл тылсым күш менің ауыр әрі қара пиғылды ойларыма да бөгет болғандығында. Бұл жаңа сезім өткен өмірімді қаншалықты ақымақтықпен өткізгенімді, оны тағы бір мәрте саралауға итермеледі. Өткен өмір жолында еш жаманшылық жасаған жоқ сияқтымын. Бірақ әр күнімді, тіпті әр сағатымды өзімнің жеке қара басымды, тәкаппарлығымды қорғаштаумен, еріншектігімді ақтауға, өз-өзімді тануға емес, қолдағы бар біліммен қоғам алдындағы дәрежемді көтеруге жұмсағанымды түсіндім. Былайша айтқанда тұрмыс- тіршілікте, оқуда жалпы өмірімде тек бір ғана ой: «Мен, мен туралы, тек қана маған». Өзімнің кішкене дене патшалығыма «МЕН»-іме үлкен соңғы нүкте қоятын өлімнің келуі, бойымдағы барлық хайуани қорқыныш, үмітсіздік пен сенімсіздіктің шығуы, оның соңғы аптадағы ауыр уайымы екенін ұқтырды. Өлімнің сонша қорқынышты емес екендігін, оны күту ақымақтық екенін түсіндім. Шын мәнінде сен өзіңнің денеңнің өлімін емес, қандай «еңбекпен» тапқан өзімшіл әлеміңнің талқан болғанын күтесің. Осындай түсінігімнен кейін өз өмірім, ондағы жасаған істерім (шаруаларым) теңіз жағалауындағы құмнан жасалған үйшік секілді, қанша ұмтылсам да барлығы бір-ақ секундта теңіз толқынымен шайылатынын білдім. Және еш нәрсе қалмайды, маған дейін болған тек бос кеңістік. Маған көптеген адамдар өз өмірлерін теңіз жағасына алыстау, біреулері жақындау қылып құмнан жасалған үйлер мен қамалдарды, шаһ-сарайларын салуға жұмсайтындай көрінді. Әйткенмен барлығының нәтижесі бір – бір күні осының барлығы уақыт толқынымен шайылатынын ұқтым. Бірақ кейбір адамдар жағалауда отырып, бұл адамзат иллюзиясын сырттан бақылайтындай. Мүмкін тіпті бақыламай, оның үстінен алысқа көз тігіп тылсым мызғымас шексіздікті түсінетін шығар. Қызық олар нені ойлап отыр екен? Ішкі әлемі қандай? Егерде олар осы әлемнің уақытша жалған екенін түсінсе, өмір-жолын сарп ететіндей шын маңызды тұрарлықтай түсінген білген нәрселері бар шығар? Бұл сұрақтар мені қатты толғандырды. Бірақ жауабын таппадым. Содан соң адамзат тарихындағы негізгі діндер туралы кітаптарды қарай бастадым. Бірақ Будда, Иса, Мұхаммед секілді ұлы тұлғалар, жағалаудан бақылап тұрған адамдар. Ал олар оған қалай жетті? Барлық жерде: сенімі, құлшылығы, ой мен назарын жинақтау (сосредоточением) арқылы деп жазады. Бірақ қалай? Артынан ергендердің соншалықты түсініксіз шырмауланған мылжыңы көп бір жолын он рет қайта-қайта оқығаннан көзім ауырып миым «ұйқыға» кетті. Бұл адамзат ғұламаларының ілімі қызықты, бірақ олар тек жалпы адамзатқа ортақ шындықтарды айтады. Мүмкін білімнің негізгі дәні (зерно знаний) сөздер мен сөйлемдер арасына жасырылған шығар? Бірақ өкінішті, мен сияқты қарапайым адам өзінің ақылымен оны түсіне алмады. Әйткенмен кейбір бөлек сөз жолдарын оқығанымда шыныменде бір ішкі жылулық пайда болады. Кейін менде тағы бір жаңа сұрақ пайда болды. Неге жер ғаламшарындағы адам баласының көп бөлігі Құдайға сенеді? Егер олар сенсе, демек болашаққа, бір тылсымға үміт еткені. Барлық әлем діндерінде өлімнен кейін өмір бар екендігі айтылады. Егер аңыздар мен ойдан шығарылған артығын алып тастасақ, шынымен де бір тылсым күштің бары хақ. Бірақ ол Тылсым (Нечто) не? Ол қалай білінеді (выражается). Оны неден байқаймыз? Мен дінді терең танығым келді, бірақ үңілген сайын шатаса бастадым. Тек бір ұққаным, барлық әлем діндерін – адамдардың сенім күші, Жаратушыны және өз-өздерін тануы біріктіреді. Және осы жерде мен таңғаларлық жаңалыққа тап болдым. Бірнеше үлкен нәтижеге жеткен феномен адамдар да ізденісте болғанын және олардың көпшілігі ешқандай дінде болмағанын білдім. Олар жай ғана ақылды, талантты тұлғалар болған. Ендеше мәселе неде? Неліктен бұл құбылыс адам табиғатына тән? Оның артында не тұр? Көп сұраққа аз ғана жауап. Бұл жаңа ізденістерімді жалғастыруға әкелді. Біртіндеп өмір ағыны реттеле бастады. Оның үстіне бойымда бұрын- соңды болмаған қайсарлық пайда болды. Өйткені, менің жағдайымда жоғалтар еш нәрсе жоқ еді. Сондықтан барлық арман-тілектерімді орындауға тез арада кірісу керек болды. «Егерде күнделікті күнімді толық жемісті пайдалана алсам, ол менің бүкіл өмірімдей болады» деген өмірлік ұстаным, ерлік мәтелін шығарып, мен ұқыптылықпен қызықты әдебиеттерді іздеп, спортпен шұғылданып, мектептегі сабағымды дұрыстап, әртүрлі үйірмелерге қатыса бастадым. Барлық күндерімде бос кезім, жаман ойлауға уақытым болған жоқ. Келе жатқан қорқынышты еске түсіретін бас ауруыма қарамастан мен табандылықпен өзім білмеген және жасай алмайтын барлық жаңашылдықтарды іздеумен болдым. Ата-анам әртүрлі жолдармен Мәскеу қаласындағы клиникаға баруға жол іздеп жатқанда, бұғатсыз ынтам мені кунг- фу үйірмесіне әкелді. Біздер шығыс ұрыс өнері кумирлеріміздің бірде-бір кино-лентасын жібермедік. Спортшылардың жасаған үш айналатын сальтолары, аудару, лақтыру, шалып құлату, секірген әдістерін тапжылмай отырып қарайтынбыз. Ал қаламызда шын мәнінде кунг-фумен айналысатын гимнастикалық у-шу үйірмелері ашыла бастаған кезде, біздерді толықтай ұрыс өнеріне деген құмарлық баурап алды. Және біздер әртүрлі үйірмелердің бірінен соң біріне қатыса бастадық. Бірақ кей үйірмеде жаттықтырушы қатал әрі білімсіз, енді бірінде жай ғана күреспен араласқан бокс түріне үйрететін болса да өзін Брюс Ли сезінетін жаттықтырушы, ал үшіншісі тіпті алаяқ әрі ішкіш болып шықты. Біз кинофильмдегі шығыс ұрыс өнерін білетін, біздің ойымызда қалыптасқан ұстазды іздедік. Кім шын іздесе табады демекші, біздің тапқанымыз біз үшін күтпеген жағдай болды. Себебі бұл біздің армандағанымыздан да асып түсті. 4 Бірнеше сәтсіз жерді аралағаннан кейін, бізге қала сыртында белгісіз тарихи шахта орналасқан аудандағы үйірмеге баруға кеңес берді. Біздер орталық аудандардағы үйірмелерден артық болады дегенге сенген жоқпыз. Бірақ бір тылсым күш бізді сол жаққа жетеледі. Жарты күн уақытымызды іздеуге, бір батальон болатын жергілікті тұрғындардан қай жерде орналасқанын сұрау арқылы біздер өз мақсатымызға жеттік. – Иә, орналасқан жері әрине қорқыныштылау, - деп мойындады құрбым Татьяна даусын жай шығарып. – Ал егер, осы жерде тіпті жаттығатын болсақ қорқыныштан өліп кетермін, денем қазірден тітіркенуде. Күн жылы болса да менде аздап денемнің суықтағанын байқадым. Уақыт өте түсі кетіп, ескірген ғимаратқа жақындағанда тіпті осы уақытқа дейін үнсіз келе жатқан Славик те шыдай алмай: – Иә, меніңше біздер уақытымызды босқа жұмсадық. Шынымен де мына «құлағалы» тұрған кешенде кім жаттығу жасайды? Мұнда тек түнде тышқандар ғана дайындалады-ау. Бет-бейнесі мен дене пішімі Шварценеггердің орысша түріне ұқсайтын Андрей өзінің түйген ойын айтып: – Жалпы, сырты қандай болса, іші сондай болады демей ме? Қазір оған тағы бір мәрте көз жеткіземіз, - деді. Сыртқы есіктің тұтқасын тартқан бойда Костьяның өкінішпен айтқан әзіл сөзі естілді: – Саған байқалғандай Бір кабинет оқымыстысы отыр. (О, как в тебе еще заметно Сидит ученый кабинетный) Барлығымыз қатты күлкімен жаттығу залына кірдік. Бірақ біздің күлкіміз лезде таңғалысқа өзгерді. Себебі, жаттығу залында алпыс адамдай бар еді. – Ого, – деп таңданды Слава. – Міне саған керек болса. Мен қасымдағы балалардың қалған сөздерін естіген жоқпын. Менің көзім бірден аққұба келген ер адамға түсті. Топтағы басқаларынан еш айырмашылығы болмаса да, мені ол адамдағы бір тылсым қатты қобалжытты. «О, құдайым не деген таныс бейне» деп іштей ойладым. Бұрыннан танитын адамыма ұқсаттым. Бірақ кім? Өзімнің көп достарым мен басқа қалалардағы таныстарым, ағайындарым мен туыстарымның достарын есіме түсіріп тізбектей бастадым. Бірақ ойыма ешкім түспеді. Іздеумен болған қатты ой ағынын әуезді Сэнсэйдің (Ұстаз) даусы бөлді. Және ол әлгі аққұба жігіттің өзі болып шықты. – Ал енді жаңадан келгендер, бірінші рет сүйіскен қыз секілді тұрсыздар, – деді жымиған қалпы, - бізде жаттығады немесе есік сыртында, таңдау өз еріктеріңде. Бұл дауыс...! Мен оны бір жерден естідім. Бірақ қайда? Қашан? Біздің аз ғана тобымыз киім ауыстыру бөлмесіне қарай асықты. Осы сәттен бастап, мидан шықпайтын ойлар сұрағына жауап сұраумен болды. Жаттығу барысында айналамдағылардан Сэнсэйдің қай жерден екенін сұрап көрдім. Бірақ ешкім жарытып ештеңе білмейтін болып шықты. Бұл мені одан сайын қызықтыра түсті. Асықпайтын Татьянаға қарағанда мен тез ақ кимономды киіп, сұрақтарымның жауабын табармын деп жаттығу залына беттедім. Бірақ ол жерде де қайтадан кезекті сұрақтар туындады. Бірінші кезекте мені таңғалдырғаны – бұл жерде шамамен 14 пен 50 жас аралығындағы әртүрлі адамдардың болуы еді. Мұның өзі біртүрлі көрінді. Мен мұндай жағдайды бірнеше спорт үйірмелеріне барсамда бірінші рет көруім. «Әртүрлі жастағы, ойлары мен өмір салты бөлек адамдарды не біріктіреді? Егер тек ұрыс өнері болса, онда адамдарды соншалықты қызықтырып құмартатын қандай мықты шебер әрі білгір психолог болуы керек?» деп ойладым. Екінші мені таңғалдырғаны – жаттығу басталғаннан бастап темірдей тәртіп пен бізді баураған достық атмосферасы. Бұл жерде ешбір адамды жаттығу жасауға мәжбүрлемесе де, жаттығу залындағы тәртіпті бұзу ешкімнің ойына келмеген. Әр адам барынша толық күшпен жаттығу жасауға тырысты, бұл жағдай біздің басымыздан өткен келеңсіз тәжірибелерімізден кейін таңғаларлықтай еді. Барлық жаттығушылардың өз-өздерін дамытып аянбай еңбек етіп жаттығуын көрген біздер де терлеп-тепшіп барынша тек жақсы жағымызды көрсетуге тырыстық. Бірақ осының өзінде (аз жаттыққан менің аяқ-қолыма азаптай көрінген жаттығулар) менен бір ой кетпеді: «Мұндай тәртіпті қалайша қамшы мен тәттіні (кнут и пряник) қолданбай орнатуға болады? Осыншалықты жаттығуды беріліп жасаған әртүрлі адамдар бұл жерден не біліп, не көре алады? Және неге адамдар үнсіз жаттығуда?» - деп менің әйелдік ақылым соңғы рет айқайлап ой тастады. Ең болмаса бір адам бір сөз айтса ше! Бұл жағдай көп сөйлейтін және қызығушылығы көп менің табиғатыма үлкен апаттай еді. Себебі мен жаттығу барысында аз да болса бірнәрсені білуге үміттенген едім. Қыздырыну жаттығуының соңына қарай сэмпайдің (аға жаттығушының) үш рет қатты соққан шапалағының дауысы естілді. Бұл өзінше бір дабыл белгісі (сигнал) еді. Жаттығушылар жиналып тізерлеп отырып шеңбер құра бастады. Барлығы өз орындарына жайғасып болған соң ортаға асықпай Ұстаз шықты. Ол «Жолбарыс» жауынгерлік стилінің тарихы туралы айта бастады. Аңқаулау шәкірттеріне емес, өзінің бұрыннан жақсы таныстарына айтып жатқандай түсіндірді. Мен ең алғаш рет «Жолбарыс» ұрыс өнері стилінің осы уақытқа дейін өзгеріске ұшырамаған жалғыз ұрыс стилі екенін білдім. Ол Қытай елінде пайда болған. Шаолин шеберлерінің бірі жолбарыс жануарының қозғалысын бақылап отырып, қауіпті әрі агрессивті өзінің жеке ұрыс өнері стилін құрған. Бұл ұрыс стилінің спорттық бастауы жоқ. Оның ұрыс рухы жолбарысша сезініп «ойлайтын» дәрежеде санасын өзгертіп, ұстазынан шәкіртіне беріліп отырады. Бұл стилдің даналығы тек ежелгі «Айдаһар» ұрыс стилінен ғана кем түседі. – Ал жарайды теория теориямен, енді аздап жаттығайық, - деді Сэнсэй. Татамиге денелі бойшаң үш жігітті шақырып, «Жолбарыс» стилінің бірнеше шабуыл және қорғаныс тәсілдерін көрсетті. Алдымен ол нағыз соққылар қандай қарқында жасалатынын көрсетті. Шынымды айтсам мен Ұстаздың соққы жасаған сәтін байқамай қалдым. Айналамдағылар да мүмкін мен сияқты оны байқамаған болар. Көзімнің көргені тек Сэнсэй үш жігіттің жанынан қолын секундқа жетпейтін уақытта сермеп өткені. Мен тіпті жігіттердің қалай құлағанын көрмедім. Осындай жағдай қорғану тәсілдерін көрсету кезінде де қайталанды. Маған соққы жылдамдығы шынайы еместей көрінді. Осының барлығына сенгісі келмеген менің миым: «мүмкін олар өздері әдейі, жасанды құлаған шығар?» деген ой салды, бірақ соққы ауырлығынан түрлері бұзылған, ауырсынуға шыдай алмаған жігіттердің жүздерін ешкім әдейі сала алмас еді. Сэнсэй жігіттердің қасына асықпай келіп саусағымен денелеріндегі белгісіз нүктелерді басып, тыныс алуларының дұрысталуына көмектесті. Кейін жігіттердің ауырсыну сезімі басылып, қалыпты жаттығуларына кірісіп кетті. Көрген көрермендер таңғалысын жасыра алмағандай. Содан соң Сэнсэй асықпай әр қозғалысын, соққы жасайтын орнын көрсетіп, «Жолбарыс» ұрыс стилі техникасы туралы айтып берді. Секундқа жетпес уақытта бұл қозғалыстарды жасау өте қиын деп ойладым. Жұптарға бөлінген жаттығушылар көрсетілген қимылдарды бар ынтасымен өз еріктерінше жасап жатты. Менен алыс емес жерде жасы елулердің шамасында аяқ-қолы қысқа семіздеу ер адам күлкілі қимылдайды. Үлкен ерінді іспек беті мұқият қырынған. Қалың көзәйнегінен ақылды көздері қарайды. Басының кішкене ғана таздығы мен ақтығы бар. «Оны мұнда қай жел айдап әкелді?», - деген ой келді маған. – Дене пішіміне қарап өмір бойы ұрыс өнерімен айналысты дегенге сену қиын. Оған бұл жерде не керек? Қартайған шағында кунг-фу меңгергісі келді ме?!» Ойымды қасымда тұрған мығым жігіттердің соққы жасау әдісін дұрыстап жатқан Сэнсэй дауысы бөлді. – Осылай кім соққы жасайды? Сіздер не істеп жатырсыздар, Валентин Леонидович! Сіз болашақ дәрігерсіз. Қай жерге соққы жасау керек, қалай соғу керек, соққыдан кейін не болады, осының барлығын білу керексіз. Сенің мақсатың қолыңды бос сермеу емес, ауырсыну сезімін (болевой шок) тудыру. Соққың нақты нерв жүйесінің күрмелген жеріне, бойына бағытталуы керек. Ол тез әрі жылдам жасалуы тиіс. Қаншалықты жылдамдықпен жасасаң, соншалықты жақсы. Не үшін? Себебі бұлшық ұлпасында құрысуды (спазм) тудыру үшін. Рефлекторлы нервті канал арқылы жіберілген нерв импульсі аса қуатты нерв жүйесінде (байланысында) аса қуатты тітіркендіру тудырады, бұл өз кезегінде мидың белгілі бір бөлімдерінің жұмыс жасауын тежейді. Демек адамда белгілі бір ауырсыну сезімі мен қимылында тежелу болады. Түсіндіру барысында айналасына адамдар жинала бастады. Сэнсэй әңгімесін жалғастырды: – Бірақ соққы әр адамның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты жасалуы керек. Сондықтан осы нүктеге жасалған қарапайым соққы әр адамда осындай жағдайға әкелмеуі мүмкін. Жүз пайыз сенімді болу үшін соққы тіке «цки» арқылы емес, денеге тиген кезде соққы терең батуы үшін қол буынын (киста руки) айналдыра соғу керек. Сол кезде «залал келтіру» аумағы үлкен болады. Бұл соққы диафрагма мен көкірек (солнечный сплетение) арасындағы нүктеге тиюі керек. Неге ол жерге? Себебі ол жерде он екі жұпты бас сүйек нерв жүйесі (черепной нерв) өтеді. Ол nervus vagus деп аталады, яғни вагус жүйке нерві (блуждающий нерв). Ол бұл жерден өтіп қана қоймай нервтік түйін түйеді, ол өз кезегінде өңештің (пищеводный отверстия) қасындағы диафрагмадан екі вагус нерв бөлігін құрады. (блуждающий нерв). Ал вагус нерві дегеніміз не (блуждающий нерв)? Ол бірінші кезекте тыныс алу ағзаларының, ас қорыту жүйесінің, қалқанша (щитовидный) және қосқалқанша бездерінің (паращитовидный), бүйрек пен бүйрек үсті безі иннервациясы. Және ол жүрек пен қан тамырлары инервациясына да қатысады. Сондықтан тура жасалған соққы салдарынан жүйке жүйесі қатты тітіркенеді де ми құрылысындағы мишық (мозжечек головного мозга) жұмысы уақытша бұзылады. Ал мишық сен білетіндей барлық қозғалыс жұмысының координациялау орталығы. Адам лезде кеңістікте қозғалудан, ойланып шешім қабылдаудан айырылады (дезориенация). Демек сенде белгілі бір шешім қабылдауға уақыт болады. Мысалға тағы бір мәрте ұруға немесе қашып кетуге болады. Сэнсэйдің соңғы сөзі баршамыздың жүзімізге күлкі шақырды. «Қалай қашып кетуге болады!», - деп армандап кеттім: «ия егер де мұндай жойқын соққым болса, мен барғо, мен барғо..., тіпті қорқып қашпас едім!». Осы уақытта күліп тұрған біздерге қарады да, Ұстаз байыпты түрде: – Ал неге қашып кетпеске, егер осы жағдайға ең дұрыс шешім осы болса? Кейбір жағдайларда бір адамның өмірін қиып, өлтіріп алғанша өзің он есе таяқ жегенің жақсы. Бұл сөздер үстімнен салқын су құйғандай әсер етіп, өзімшіл ойларым мен тәкаппарлығымнан ұяла қызарып кеттім. Ащы ақиқат сөздер мені сабама түсіргендей. – Шынында, адам өмірі еш баға жетпес қазына, – деп жалғастырды Сэнсэй. – Сіздердің мақсаттарыңыз келеңсіз жағдайды асқындырмау үшін бұлшық еттердің құрысуын, ауыру сезімін (болевой шок) тудыру. Бірақ ешбір жағдайда адамның ішкі ағзаларының бұзылуына, қабырғасын сындыруға және басқа да ауыр жағдайларға жеткізбеу керек. Сол үшін де біз көп уақытымызды соғу тәсілін дұрыс жасауға жұмсаймыз. Әйтпесе басқа жағдайда, өлшемсіз, бақылаусыз ауыр соққы жұмсайтын болсақ, адам ағзасына үлкен зиян келтіріп, тіпті өлтіріп алуымыз мүмкін. Ал одан не шығады!... Адам өмірін аса бағалауымыз керек, себебі оның орнында сен де болуың мүмкін... Ал мүмкін ол адам бір күндері сені өлімнен аман алып қалатын шығар. Сенің өміріңде қауіпті келеңсіз оқиғаның болып, тек сол адамның сенің жаныңнан табылып, қол ұшын созып көмекке келу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Өмірді болжау мүмкін емес, өзің ойламаған тіпті түсіңе де кіріп шықпайтын әртүрлі нәрселердің болуы мүмкін. Жаттығудың қалған бөлігінде мен үшін ерекше Сэнсэйдің терең анатомиясы мен философиялық лекциясынан өзгеше бір әсер алдым. Ол ойымды толық жаулап, естігенімді қайта-қайта ой саралауынан өткізумен болдым. Сэмпайдің үш рет соққан шапалағының дауысы жаттығудың аяқталғанын білдірді. Барлығы дәстүрге сай сапқа түзелген соң Сэмпай: – До-дзе, рей (жаттығу залының ұрыс рухына (боевой дух) иліп тағзым ету дегенді білдіреді)! – Сэнсэйге, рей! Ұстазда бізге әдеппен иіліп: – Келесі жаттығуымыз әдеттегідей мезгілде. Ал енді кім жаттығуды аяқтаса сол киіне берсін, қалғысы келгендер қалсын, – деді. «Ал керек болса! Кім қайда баруы керек? Кім қалады? Менде қаламын», – деп ойладым. Бірақ көпшілігі киім ауыстыру бөлмесіне қарай қозғала бастады. Мен де ағынмен бірге жүре бердім. Сэнсэйдің қасынан өте бере жаттығу барысында байқаған көзәйнек тағынған әлгі толықша адамның қасына жақындағанын байқадым. – Игорь Михайлович, - деп Ұстазға құрметпен сөзін бастады. – Мен алдыңғы әңгімеміз туралы. Міне бірнәрселер алып келдім, сізге... Қасымнан өтіп бара жатқан балалардың әзілі мен күлкі шуылынан қалған сөздерін ести алмадым. Ал қыздардың киім ауыстыру бөлмесінде жаттығу барысындағы жарқын сәттер мен Сэнсэйдің айтқан сөздері эмоционалды талқыға салынып жатты. Осының барлығы терлеген денемізге көп қатпарлы киімімізді тартып кию барысында айтылып жатқан еді. Жанымда ашық бұйра шашты қыз киініп жатты. Таныстықтан кейін: – Бұл жерде көптен жаттығу жасайсың ба? - деп сұрадым. – Жоға, бар болғаны үш-ақ ай. – Сонда Сэнсэй осындай нәрселерді жиі көрсетіп, айтады ма? – Енді, керек кезде көрсетеді... Ал көңіл-күйі жақсы болса, бұдан да артық нәрселерді көруге болады... Бүгінгі көрсеткені жәй гүлдері ғана. «Мәссаған, гүлдері, – деп ойладым. Сонда жемістері қандай болмақ?!» – Ол қандай ұрыс өнері стилін біледі, «Жолбарыс» ұрыс өнері ме? – Тек ол ғана емес. Осы жерде көптен бері жаттығатын үлкендерден естуім бойынша, Сэнсэй «Айдаһар», «Жылан», «Винь-Чунь», «Мысық», «Дәуіт» (Богомол), «Маймыл» және есімнен шығып тұрған тағы да бірнеше ұрыс стилдерін жетік біледі. Мен сенімсіздікпен қызға қарап: – Осының барлығын меңгеруге қалай үлгерген? Жүзіне қарасақ, жас жігіт. Адамдар кейде тек бір ұрыс стилін меңгеру үшін бар өмірін жұмсайды, - деп сұрадым. – Менде басында таңғалғанмын, - Бірақ балалар Ұстаздың «адам тәнінің жастығы – рухының шын жасын білдірмейді» деген сөзімен жауап береді, - деп жаңа танысым жауап қайтарды. – Ол соншама Кім?! – деп жаңа ақпаратпен бірге ескі ойларым жауап таппай мазасызданды. – Қарапайым адам – деген жауапты естідім. Киініп болған біздер сыртқы шығар есіктің жанында тұрып, жаттығу жасап жатқандармен бірге жаттыққан мығым денелі бірнеше жігіттердің ерекше шеберліктеріне таңырқай қарап тұрдық. Жасандылығы жоқ табиғи әдемілікпен шалып құлату, аударып лақтыру, соққыдан шеберлікпен жалтару әдістерін, тіпті кинолардан да көрмедік. Бірақ бәрінен бұрын қимылдарының жылдамдығы таңғалдырды. «Осындай жылдамдықта бағыт-бағдарды жақсы ұстау қалайша мүмкін» - деп ойладым. «Керемет! Араларында Сэнсэй қайда?» Ал Сэнсэй әлгі толықша ер адам беріп отырған әртүрлі құжаттар мен қағаздарды қарап жаттығу залының бір шетінде отыр екен. Ұстаздың түсіндірмесін мұқият тыңдап қасында тағы екі ер адам отыр. «Вареник» (лақап аты) сарғайған картаны ашып, барлығы қазына іздегендей картаға үңілді. Сэнсэй қарындашпен картадағы жерлерді белгілеп, бірнәрселерді түсіндіріп жатыр. Маған не болып жатқаны қатты қызықтырды, бірақ шығуға беттеген ұзын бойлы жігіттер артымыздан аздап итеріп жіберді. – Ау, балалар! Не істеп тұрсыңдар? Жаттығу залының заңын білмейсіңдер ме: «бұл жерде жаттығады, немесе есік сыртында». Қаласаңдар калыңдар, болмаса басқаларға кедергі жасамай сыртқа шығыңдар. Барлығымыз ұйымшылдықпен сыртқа шықтық. – Ия, қалғандарына болады, бізге болмайды ма? - деп іштей қызғанышпен ойладым. Әрине бұл ойымды дауыстап айтпадым. 5 Сол аймақта жүретін жалғыз автобусты күтіп, «аялдама» деп аталатын автобус бекетінің жерін аяқпен таптап бір сағаттай уақытымызды жоғалттық. Бірақ сол күйі автобус келмеді. Трамваймен баруға тура келді. Трамвай бекеті жергілікті халық үшін бар-жоғы отыз-қырық-ақ минуттық жаяу жүрісті жақын жерде екен. Шыны керек өзіміздің жергілікті жердің қонақжай шұңқырлары мен апандарын басымыздан өткеріп жолға бір жарым сағат уақытымызды жұмсадық. Бірақ бұл келеңсіз жағдайға ешкім мән берген жоқ. Барлығы өздерінің көрген әсерлері, ойларымен бөлісуде еді. – Ал енді келесі жаттығуға барамыз ба? – деп күлімдеп Костя сұрады. Барлығы келісіп алғандай бір ауыздан «Иә!» деп жауап берді. – Сендерді қайдам, өзіме осы кезеңдегі керектіні тапқан сияқтымын, - деп арамыздағы ұрыс өнеріне ең қызығушылығы мол Андрей шабыттанып жауап берді. – Керемет жаттығу! – Ия, бүгін мен бұрынғы үйірмелерден бір айда білмегенімді, бір күнде білдім, – деп Костя сөзін бөлді. Балалар растағандай бастарын изеді. Славик кілт тоқтап маңдайын алақанмен соғып қорқынышты үнмен: – Қап, біздер жаттығудың қанша тұратынын сұрамаппыз?! – деді. Славиктің иығына қолын қойып, Андрей салмақты үнмен: – Алаңдама шалым, мен сұрадым. Сэнсэйдің не айтқанын білесің бе: «Қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Бірақ бес рубльден артық емес, дұрысы патша алтынымен құйылғаны», - деді. Барлығымыз күлдік, ал Славик болса арқасынан ауыр жүк түскендей дем алды. Және ол түсінікті де еді. Ол негізі жақсы жігіт. Тек отбасының тұрмыстық жағдайы төмендеу. Басқа үйірмелерге қатысуға қалтасы көтермейді. Айына он бес - жиырма рубль ақша табу, ол үшін үлкен байлық табумен бірдей еді. Жаттығу барысындағы әртүрлі сәттер мен Ұстаздың әзілдерін еске түсіріп, трамвай бекетіне қалай келгенімізді байқамай да қалдық. 6 Жұмыс күндері басталды. Жаттығудағы жүйке жүйесі, (блуждающий нерв) ағзаның (организмнің) иннервациясы туралы айтылған әңгімелер бізді қатты қызықтырды. Сондықтан қалған күндері біздер анатомия және биология сабақтарынан беретін мұғалімдерімізден толығырақ білуге тырыстық. Бірақ олар айтылғандардың жоғарғы медицина оқу орындарында оқытылатын терең анатомияға жататынын айтып, жарытып басқа еш нәрсе айта алмады. Бұл біздің қызығушылығымызды одан сайын арттырып, таныстарымыз арқылы осы бағыттағы әртүрлі кітаптарды іздеуге итермеледі. Бұл кезде есте сақтау жадым «Сэнсэйді қайдан көрдім?» деген сұраққа жауап іздеумен болды. Мен тіпті ерінбей бар отбасылық фотоальбомдарды да ақтарып шықтым. Бірақ менің талпынысым зая кетті. Осылайша көптеген сұрақтарға жауап іздеумен өмір ағыны өтіп жатты. Келесі жаттығуды асыға күтіп, кешігіп қалмау үшін екі сағат бұрын шықтық. Жаттығу залына кірген кезде таңғалысымызды жасыра алмадық, өйткені жаттығуға жарты сағат бұрын келсек те, ерте келгендердің біріншісі емес екенбіз. Біздер секілді қызықты еш нәрсені жібергісі келмегендей отыз шақты адам тұр екен. Біздің жігіттер араларындағы бірнешеуімен танысқаннан кейін, бұл байғұстарға қарағанда біздің келуіміз оп-оңай екен деп әзілдеп қояды. Себебі алыс аудандарда тұратын олар, жолға жарты күн уақыттарын жіберіп, бірнеше көлік түрін ауыстырып, аяқ-киім өкшесін бірнеше километр жаяу жүріп тоздырып жетеді екен. Тек кейбіреулері ғана жеке автокөліктерімен келетін бақытты жандар. – Сондықтан балалар, осы жердің жергілікті тұрғындарымыз деп бар дауыстарыңмен айқайлап, төстеріңді көтере берсеңдер болады! – деп Андрей қорытынды жасады. Аздан соң жиналған топ балаларға Сэнсэйдің өзі де келді. Адамдардың жүзінде күлкі пайда болды. Әр жерде шашырап тұрған топтар бір ұжымға айналғандай. Ұстазбен барлығы есік алдында достарша амандасуда. Бізде осы жақсылық толқынына енгендейміз. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Қыздырыну кезінде жаттығу залына жақсы киінген екі ер адам кірді. Сэнсэйге келіп, өздерінше сыбырласып сөйлесе бастады. Кейін Сэнсэй сэмпайға жаттығуды жалғастыруды тапсырып, кимоносының сыртынан пальтосын киіп, олармен бірге сыртқа шығып кетті. Осыдан кейін біздің аяқ- қолымыздың бітпес азабы басталды. Сэмпай қыздырыну жаттығуын өзінің бұлшық етті денесіне сай есептеп, бізді алтын медаль алуға дайындағандай қызу қарқында өткізді. Осы жерде біз сэмпайдың Ұстаз келгенше бізді барлық медальға ие Олимпиада чемпионы секілді дайындаған жаттығуы мен Сэнсэйдің ауырлығы шектелген жаттығуының айырмашылығын түсіндік. Қыздырыну біткені туралы сэмпайдың даусынан кейін мен де, жаттығушылар да гүрс етіп жерге құлап, сэмпайдың «өлген адам» деп атайтын позасында айналамдағы адамдардың жерде жатқанын көрдім. Кейінірек сэмпайдың бұйрық трактовкалары оның ішкі істер органдарындағы жұмысымен байланысты екенін білдім. Осындай шаршататын жаттығудан кейін біздер жетекшіміздің басшылығымен негізгі соққылар, қорғаныс пен ұрыс тұрыстарын (стойка) қайталадық. Мен өзімді Жапон армиясында тұрғандай сезіндім. Солдаттар тура әрі бірқалыпты берген тапсырмаларды орындап, ана тілінде қатты дауыспен санағандай болып көрінді. Жаттығу залына Сэнсэй кірген сәтте мен жеңілдікпен дем алдым. Ол еш нәрсе болмағандай пальтосын шеше сала жаттығуды жалғастырып кетті. Бірінші қатардағы жас жігіттің қателігін көріп, қасына келіп дұрыстады. «Дұрыс соққы осы бөлігімен жасалады», - деп жұдырығының сұқ саусақ пен орта саусағының сүйегін көрсетті. – Міне былай... Қалған екі саусақ сүйектерін (3-ші, 4-ші) пайдалануға болмайды, себебі соққы дұрыс жасалмаса білек (запястье) сүйектерін зақымдап алуың мүмкін. Жаттығушыларға қарап: – Дұрыс соққы жасап қана қоймай, өзіңе зиян келтіріп алмау үшін ұзақ әрі табанды жаттығу қажет. Бұрынырақта айтқанымдай жұдырықпен тіке соққы жасау – ұрыс өнерінің негізгі әдіс-тәсілі. Мұқият дайындықсыз жұдырықты оңай жарақаттауға болады. Егерде сіздер күн сайын дұрыс соққы жасауға жаттықсаңыздар, осы жерде орналасқан саусақтарды қимылдататын бұлшық ет сіңірлері екінші және үшінші саусақтардың қапал буындарына (фланговых суставов) қарай ығысады да жұдырық тығыздалып әрі қорғалады. Сол кезде сіздер өздеріңе зақым келтіруге еш қорықпастан, соққы жасауларыңызға болады. Араларымыздан біреуі: – Буындарымыз осындай мықты болуы үшін бірден қатты нәрсені соғуымыз керек пе? – деп сұрады. – Ондай құрбандықтың не керегі бар? - деді Игорь Михайлович. – Ең бірінші бокс қапшығына соққы жасап үйреніңіздер. Ол болмаса қапшыққа құм толтырып жаттығыңдар, оны әркім үй жағдайында жасай алады деп ойлаймын. Бірақ ең бастысы соққыларыңды күн сайын жаттықтырып, біртіндеп жылдамдығын арттырыңдар. Ерінбей еңбек етіп бар ынталарыңмен жаттығыңдар. Нәтижесі сендерді көп күттірмейді. Жаттығу «Жолбарыс» ұрыс стилінің жаңа әдістерін көрсету және ескі соққыларды қайталаумен аяқталды. Жаттығу біткеннен кейін әлгі толықша келген ер адам «Вареник» Сэнсэйдің қасынан бір нәрселер сұрап жабысып қалғандай (басқаша айту мүмкін емес) шықпай қойды. Айналамызда Сэнсэйді тыңдап, әңгімелескісі келгендер көп еді. Бірақ әлгі ер адам өзінің шаруасы бәрінен маңыздырақтай жақын тұрған біздерді және көп адамды жарып өтіп Сэнсэйді бір шетке алып кетті. Әңгімелерінің соңына дейін күтуге шыдай алмай бәріміз үйге қайттық. 7 Бірнеше күн өткеннен кейін бізді жақсы жаңалық күтіп тұрды. Костя өзінің ата-анасының таныстары арқылы жоғарғы оқу-орындарына арналған анатомия кітабын тауып әкелді. Біздің қуанышымызда шек болған жоқ. Ең бірінші біздер өзіміз қызыққан кезбе жүйке жүйесі (блуждающий нерв) туралы, денемізді саусақпен түрткілеп, ағзамыздың қай жерлерінен жобамен өтетінін тексеріп алдық. Ал Костя болса өзінің диагнозы мен тәжірибесін Татьянаға жасап оның қытығына тиіп (писк), ал біздің күлкімізді келтірді. Кейін біздер қолдың құрылысы туралы мұқият қарап шықтық. Содан соң ғана асқан қызығушылықпен сүйектер, бұлшық еттер, сіңірлер, жүйке жүйесі, ішкі ағзалар мен бас ми құрылысын толығырақ қарадық. Осының барлығын бұрын білмедік деп айта алмаймын. Жалпылама барлығын анатомия пәнінен өткенбіз. Бірақ бұл жолы басқа көзбен қарадым. Және бірінші рет мектептегі баға үшін емес, өзім үшін білу қызықты болды. Мен өз денемнің бұлшық еттерінің, буындарының қозғалысы қалай және неліктен пайда болатынын зерттегім келді. Бұлшық еттер қыздырыну барысында қалай жұмыс жасайды және оның ішкі ағзаларға әсері қандай? Соққы кезінде не болады? Физиологиялық тұрғыдан ауырсыну сезімі дегеніміз не? Ал неге адам қиналады? Түптің-түбінде менің миымда не болып жатыр? Соңғы ой мен үшін барлығынан да ең маңызды болған секілді, себебі түпсанам (подсознания) осы сұрақты қайта-қайта қойып, ойымнан кетпеді. Бұл уақытта балалар да көргендерін өз түсініктері бойынша тамсанып айтуда еді. Бұл салада еш нәрсе білмейтінімізді мойындап, барлығымыз бірігіп, жіберіп алған білімді оқуға шешім қабылдадық. Бұл үшін аяқ астынан картамен ойналатын ойын түрін де ойлап таптық. Жеңіл жатталуы үшін әртүрлі бөлек карталарға сүйектер, бұлшық еттер, қан тамырлары мен жүйке жүйесі, лимфа, ішкі ағзалар және бас миының суретін салып қойдық. Барлығын біріктіріп, бір-біріне қосып, картадағы ағзаның атын, атқаратын жұмысын табуға тырыстық. Басында әрине қиын болды. Бірақ ойынға деген құмарлық атмосферасы мен әзілдердің көп болғаны соншалықты, қаласаң да, қаламасаң да есте сақтап қалатын едің. Жаңа жаттығу алдында соққыны ұру кезіндегі биомеханика қозғалысы туралы бірнеше сұрақтарды дайындадық. Сұрақтарымызды жаттығу біткесін Сэнсэйге қоямыз деп шештік. Негізі мұның бәрі жаттығудан кейін тағы да қалудың сылтауы ғана еді. Бірақ сол күні өмірдің өзі біздің «құпия келісіміміз-ақ» осы мүмкіндікті берді. Жаттығу соңында Сэнсэй спарринг ұйымдастырды. Адамдар үлкен шеңбер жасап жерге отырды да, ортаға Сэнсэйдің таңдауымен екі шәкірті шықты. Біздің Андрейді де бұл айналып өтпеді. Ұстаз қарсылас ретінде оған өзі секілді бұлшық етті әрі мығым, жаңадан келген тәжірибесі аз жігітті шығарды. Дәстүрлі бас июден кейін жігіттер төбелесті бастап кетті. Төбелес біршама уақыт тең дәрежеде өтті. Бірақ Андрей епті әрі жылдам болып соның есебінен жеңіске жетті. Сэнсэйдің қол шапалағының дауысы спаррингтің аяқталғанын білдірді. Біздің жігіт қарсыласына тұруға көмектесті. Бір-бірлеріне және Ұстазға бас игеннен кейін өз орындарына жайғасты. Ал біздің уақытша жасалған рингімізге анағұрлым мықты жігіттер шыға бастаған кезде Андрей шыдай алмады. Өзінің жеңісіне қанаттанған ол, өз еркімен ортаға шықты. Және... бірден жеңіліп қалды. Бұл жағдай одан бетер оның өзіне деген көңілі толмаушылығын күшейткендей. Оның көңіл- күйінен әсер алған біздер де, бар батылдығымызды жинап, Сэнсэйден қосымша жаттығуға қалуды сұрадық. Сэнсэй еш қарсылықсыз, жымиған қалпы біздерге: – Сендер жаттығу залының заңын білесіздер: «Кім жаттығу жасағысы келсе, сол қалып жаттығады», - деді. Бұл күні біздердің айымыз оңынан туған секілді. Себебі қосымша жаттығуға қалғанымыздан бөлек, берекетімізді алатын «Вареникте» (толықша келген ер адам) болмады. Сэнсэйге жол ашық болды, жаттығу барысындағы қызықты сәттерді еркін сұрауға болатын еді. Негізгі топ жаттығуды аяқтап жиналған кезде, қалғандарымыз соққы жасаудағы қателіктерімізді дұрыстап, әдістерді қайталаумен болдық. Біздер «жылдам жігіттер» деп ат қойған жігіттер өз деңгейінде, біздер өз деңгейімізде жаттығып жаттық. Бірақ Сэнсэй барлығымызды мұқият бақылап, қателіктерімізді түзетіп отырды. Ендігі бос қалған жаттығу залында Сэнсэй біздерге жаңа ката (көлеңкеңмен ұрыс немесе көлеңкеңмен жаттығу) көрсетті. Мұнда шалу әдісі жылдамдығы, соққылар, қорғаныс, соққыдан жалтару, аудару әдістері біріктірілген еді. Осының бәрін өз бетімше жасай бастаған кезде артқы жағымнан байқатпастан Сэнсэй келіп қолын иығыма қойды да: – Саған бұларды жасаудың қажеті жоқ, - деді. Мен таңғала қарадым да: – Неліктен? – деп сұрадым. Осы мезетте жақын қашықтықта көзқарастарымыз түйісті. Менде басымнан аяғымның ұшына дейін рентген арқылы ішкі жағымнан барлығын көргендей сезім пайда болды. Мұндай көзқарасты бұрын-соңды көрген емеспін. Ол соншалықты ерекше, өткір әрі біртүрлі түсініксіз еді. – Себебі сол. Бұл жауап мені аң-таң қылды. Мен не айтарымды білмей тұрып қалдым. Ол кішкене уақыт үндемей тұрды да: – Оның орнына мына катаны жаса , – деді. Сэнсэй, терең тыныс алып біртіндеп басталып ауысатын қимыл-қозғалыс түрлерін көрсетті. Осы уақыттың ішінде мен барлығын автоматты түрде қайталадым. Кейін Сэнсэй басқаларына көмектесуге кеткен кезде, басыма сан сұрақтар келе бастады. «Ол нені айтқысы келді? Шыныменде менің диагнозым туралы біледі ме? Бірақ қалай?! Мен ешбір досыма бұл туралы айтқан емеспін де, жаттығу барысында да еш білдірткен жоқпын. Осы ой толғау барысында өзімнен аяқ астынан таңғаларлық жаңалық аштым. Мектепте, үйде, би үйірмесінде кенеттен ұзаққа созылған бас ауруым пайда болса, бұл жерде денемді қанша «қинап» жаттығу жасасам да, бірде-бір рет басым ауырмағанын түсіндім. Неге? Себебі неде? Жаңа жаттығумен дайындық барысында өз ойларыммен жеке қалып, Ұстаз қасына бір топ балалардың жаттығуын тоқтатып жиналып қалғанын көрмей де қалыппын. Осының барлығын түсінген кезде, менде өзіме керекті маңызды ақпаратты жіберіп алмайын деп тыңдаушылар қатарына қосылдым. – Айтыңызшы, нағыз соққыны жасау әдісі тек бұлшық етті жаттықтырумен ғана келеді ме? – деп сұрады Андрей. – Жоқ, бұл бірінші кезекте мидың дайындығы, – деп жауап берді Сэнсэй. – Сонда қалай? – Енді, сендерге түсінікті болу үшін былай айтайын... Бұлшық ет – бұл өзінің қызметін атқаратын механизм. Оның мидан нейроимпульстар арқылы келетін арнайы бағдарламасы бар. Осындай бағдарламалар жұмысының нәтижесінде, бас миында бұлшық еттерді қозғалысқа түсіретін дабылдар (сигналдар) пайда болады. Осылайша аяқ-қолдың қимылы ғана емес, одан да күрделі қозғалыс актілері жүзеге асады. Демек біздің жаттығуымыз мақсатты түрде миымызды дайындағанымыз, сәйкесінше бұлшық еттеріміз де жаттығады. Мағынасы қаншалықты «жаттыққан» ми жақсы әрі тез жұмыс жасаса, соншалықты тез әрі жылдам бұлшық етте жұмыс жасайды. – Ал ұрыс өнеріндегі жоғарғы шеберліктегі спортшыларға келетін болсақ – деп Костя әңгімеге араласты. – Менің бір жерлерден оқығаным бойынша, ұрыс өнерінің шеберлері тіпті соққының қалай жасалатынын ойлап үлгермейді екен. Бұл қалай және неге олай болады? – Иә балалар. Сіздер күрделі тақырыпты қозғап тұрсыздар... Бірақ барынша қысқа түсіндіруге тырысайын... Оның құпиясы тек бұлшық етті жаттықтыруда емес, нақтылы оқиғаны, қарсылас бейнесін елестетуде. Және ең бастысы қай жерге соғатыныңды, қандай ұлпаға тиетінін, соққыдан кейін ағза ішінде не болатынын, соққы күшін нақты білуің керек. Егер адам соққыларын тек машықтау үшін ғана соқса, бар еңбегі зая кетеді! Нағыз жауынгер макиварада (Макивара - соққыларды орындауға арналған тренажер, ол жерге қазылған серпімді тақтадан бекітілген сабаннан, ағаштан тұрады. Ол ұрыс жекпе- жектерінде және садақ атуда қолданылады) жаттығу барысында бірінші кезекте ой бейнесімен жұмыс жасайды. Ол ойша қарсыласының ашылғанын, сол кезде соққы жасағанын және соққының не нәрсеге апаратынын шын елестетеді. Яғни, ол өз миын жаттықтырады. – Бұл кезде мида не болады? – деп үлкен жігіттердің бірі сұрады. – Ми өзінің бейнелерді қабылдау сезімі арқылы оқиғаға баға береді, талдайды және шешім қабылдайды. Кейін ол бұйрықты (команданы) қимыл- қозғалыс орталығына мишыққа жібереді. Одан жүйке жүйесі (нерв) арқылы бұлшық еттерге керекті дабылдар (сигналдар) түседі. Осы жұмыстың барлығы есте сақтау (жады) жүйесінде тіркеледі. Кейін төбелес кезінде шеберде күрделі талдау және бұйрықсыз осы жады іске қосылады. Қарсыласы енді ашыла бергенде шебер еш ойланбастан (еркінен тыс) әрекет жасайды. Былайша айтқанда бұл иннервацияның (Иннервация - мүшелер мен тіндерді нервтермен қамтамасыз ету, олардың орталық жүйке жүйесімен байланысын қамтамасыз етеді), психиканың, бас миының басқа жұмысы. – Физиологиялық тұрғыдан қарағанда осы процестердің барлығы түпсана (подсознания) деңгейінде өтеді ме? – деп өзінің білгіштігін көрсетіп Костя сұрағын қойды. – Өте дұрыс. Күрделі рефлекторлы қозғалыс реакциялары шартсыз рефлекс (безусловный рефлекс) деңгейінде жүреді, – деп Сэнсэй күлімдеп жауап берді де, соңынан, - анатомия бойынша мектеп бағдарламасында шартты (условный), шартсыз (безусловный) рефлекс деген ұғымдар бар. Шартсыз – табиғаттың өзі берген генетикалық рефлекстер. Осының арқасында өмірдің сақталуы, организмнің ішкі ортасының қалыпы ретке келуі жүзеге асып отырады. Ал шартты (условный) рефлекстерге жаңа нәрселерді (әдістерді) үйрену арқылы келетін тәжірибе нәтижесінде пайда болған рефлекстер жатады. Бірақ оларда шартсыз рефлекстер негізінде құрылады. Жалпы адамда жұлын (спинной мозг), артқы ортаңғы ми, ми қабы асты (подкоровый отдел), мишық және ми қыртысы (коры больших полушарий) арқылы іске қосылатын, байланыспен реакциялардан тұратын көптеген шартсыз рефлекстер бар... – Сонда сіздің басында айтып кеткеніңіздей бұл үлкен Өнер болғаны ма? – деп Андрей сабыр сақтай алмай сұрағын қойды. – Жоқ. Бұл нағыз шеберліктің алғашқы баспалдағы ғана... Үлкен ұрыс өнерінде негізгі жұмыс көрегендікке бағытталады. Бұл эпифиздың жұмысы. Ол мишық үстінде аралық ми қыртысының жоғарғы аймағында орналасқан. – Ал эпифиз жай ғана мидың ақ затты бөлігі ме? – деп Костя сұрады. – Жоқ. Ол салмағы бар-жоғы бір карат болатын қылқанжапырақты ағаштың бүріне ұқсайтын без (шишковидная железа). Бірақ ол адам ағзасының өмір сүруі үшін оразан зор қызмет атқарады. Ол адам миы мен адам ағзасындағы құпияға толы бөлшегі. Өкінішке орай оның нағыз қызметі туралы ғылымға әзірге ештеңе белгісіз. – Оны кім біледі? – деп қызығушылықпен Костя сұрады. – Кім білгісі келсе, сол біледі, – деп астарлы жымиысымен Сэнсэй жауап берді де, әрі қарай сөзін жалғастырды: «Осылай шебер көрегендік қасиетімен жұмыс жасау барысында түпсана арқылы қарсыласының ойын «ұстауға» үйренеді. Демек қарсыласы қай жерге соққы жасауды ойлаған мезетте, шебер сол жерге қорғаныс тәсілін қойып, керекті қайта шабуыл әдісін қолданады. Барлығы еш ойланбастан өте тез болады. – Қызық, осындай «лезде тез жылдамдық» құбылысымен тек ұрыс өнері шеберлері ғана кездеседі ме екен? – деп Андрей ойлана сұрады. – Неге? Тек олар ғана емес. Психиканың бұл құбылысымен өмірде көптеген адамдар жиі кездеседі. Біреулерінде ұзақ арнайы жаттығудың арқасында болады. Мысалы цирк әртістері аса жоғары жылдамдықтағы пышақтарды, садақ оқтарын тағы да басқа заттарды қағып үлгереді. Басқалары өмірде шартсыз рефлекстің жұмысын сезінеді. Былай айтсақ болады, адам бір нәрседен немесе біреуден қорыққан кезде. Мысалға итті алайық. Адам лезде бірнеше жалғасқан іс-қимылдар тізбегін жасауы мүмкін. Тек қауіп сейілгеннен кейін, ол өзінің қаншалықты тез қимылдағанын түсінеді. Бұл қасиет адамға әубаста берілген. Әйтпесе ежелгі заманда мамонттардан, азуы алты қарыс жолбарыстан (саблезубый тигр) және басқа да жыртқыштардан қашып, құтыла алмас еді. Барлығымыз Сэнсэйдің айтқан әңгімелеріне таңғала үнсіз тұрдық. Осы кезде сыртқы есікті біреу қақты. Аяқ-астынан болған дыбысқа денем бірер секундқа дір ете (құрысып) қалғандай болды. Кешкі серуендейтін мезгіл емес еді. Біздің мұқият қарауымызбен, Сэнсэй асықпай барып есікті ашты. Белгісіз ер адам Сэнсэймен амандасып жатып: «Сені тапқаным жақсы болды, әйтпесе үйіңе барсам ба деп отыр едім. Шаруа былай еді », - деді. – Бірер минут күте тұр – деді де, Сэнсэй біздерге: «Балалар, сіздердің жаттығуға он бес минут уақыттарың бар, сосын барлықтарыңыз үйлеріңізге», – деді. Жарты сағаттан кейін біздер соңғы шығушыларды күтіп сыртта тұрдық. Игорь Михайлович жаттығу залының есігін жауып, біздермен асығыс қоштасты да, әлгі ер адаммен көлікке мініп кетіп қалды. «Ал міне, – деп өз-өзіме ренжігендей сөйледім. Жаттығудан кейін Сэнсэйдің: «Саған болмайды. Себебі сол» деген құпия жауабын сұрағым келіп еді, бірақ болмады. Жаттығу залында сұрауым керек еді. Бірақ ол жерде тыңдаушылар көп. Бір қиын іс екен!» Барлығымыз үйге қайтар жолда, әркім өз ойымен болды. Осындай жаттығудан кейін ой түйіп ойлану таңғаларлықтай емес еді. Кейбіреуіміз іштей, біреулеріміз ой-толғанысын сыртқа шығарып айтып келе жатыр. Андрей болса жарты жол бойы өзінің бүгінгі спаррингтегі жеңілісі таза кездейсоқтық екенін айтып бізді сендірумен әлек. Андрей: «Қолымда нунчаки болмағаны қандай өкінішті. Бірақ еш нәрсе етпейді, келесі жаттығуға алып келемін. Сол кезде нағыз шеберлікті көрсетемін!», – деді. Андрейдің нунчакиді қалай епті қолданатынын білетін бізге, алда болатын жекпе-жек шыныменде керемет өтетіндей көрінді. Бұл оның мықты игерген қаруы (әдісі) еді. 8 Біздер бұл жаттығуды бұрын-соңды болмағандай асыға күттік. Дайындыққа уақытынан ертерек келдік. Жаттығу залы ашық болды. Кейбір балалар киімдерін ауыстырып жеңіл қыздырынып жатты. Сэнсэй шетте арықтау (долговязый) жасы келген ер адаммен ынталы әңгімелесіп тұрды. Бұл қарт адамның арық болғаны соншалықты, киген кимоносы киім ілгішке ілгендей салбыраулы еді. Алыс емес жерде бір топ жігіттер арасында «Вареникте» жүрді. Бірақ оның бет-әлпеті әңгімелесушілердің күлкілі әзілдерін естімегендей күйде еді. Оның құлағы Сэнсэй мен арықша үлкен кісі жақтан шығатын болмашы дыбысты еститін біртұтас эхолокаторға айналғандай. «Ух, - деп ашулана ойладым. – Ол тағы да осында!». Біздің артымыздан осы үйірмеде жаттығатын бірнеше жігіт шулы, жақсы көңіл-күймен жаттығу залына кірді. Олармен бірге жас шамасы қырықтарға таяу кірленген киімдегі, қырынбаған ластау ер адам да қадамын паңдана басып есіктен кірді. Жігіттер Сэнсэймен амандасты да, ерекше рахаттанып: «Біз қызықты адамды кездестірдік. Экстрасенс. Таныс болыңыздар Виталий Яковлевич», – деді. Осы сөздерден кейін әлгі ер адам абыроймен басын изеді де, тағы да өзінің тәкаппар тұрысына көшті. – Ол ерекше қабілеттерге ие, оны біздерге көрсетуге келісті... Сэнсэй сыпайы басын изеді де: – Көру өте қызықты болар еді, - деді. – Және өте пайдалы, - деп сұқ саусағын шошайтып Виталий Яковлевич жалғастырды. Айналамызға қызығушылық танытқан көп адамдар жинала бастады. Осы мезетте өз саласында теңдесі жоқ «экстрасенс», жыртылған қалтасының ішінен жалпақ лас шүберекке (матаға) байланған он шақты асхана қасығын шығарды. – Қалай ойлайсың, - деді Костя Андрейге сыбырлап, - бұл неандерталда адамзат өркениетінің заттары қайдан жүр? – Бір жерден ұрлап алған шығар, – деп Андрей жәй ғана жауап берді. «Қызық, бірақ ол бұл заттарды қалай қолдануды біледі ме екен өзі?» - деп Костя күліп жіберді. Дәл осы сәтте Виталий Яковлевич бәрінің көзінше беліне дейін шешініп, май біткен қарнын көрсетіп, құлшыныспен қасықтың теріс бетін кеудесіне жабыстыра бастады. – Мәссаған! Жабайының қолындағы техника дегеніміз - бұл үйінді металл деп бекер айтпаса керек! - деп Костя қосты. Біздің балалар күлді. Жиналғандардың арасында жеңіл таңғалыс пайда болды. Қасықтар шынымен де жабысып тұрды. «Экстрасенс» «ерлігі үшін» медальдары ілініп тұрғандай кеудесін көтеріп жүрді. – Сіз мұны қалай жасайсыз? Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?- деп балалардың арасынан біреуі сұрады. Виталий Яковлевичте осы сұрақты күткендей. Ол қуана-қуана адамның биоэнерго-ақпараттық өрісі, биологиялық магнетизмі, оның феноменальды пайда болуы тек таңдалған адамдар арасында болатынын, бұл құдіретті күштің әсері туралы айта бастады. Айтқан әңгімесі біртіндеп шарықтау шегіне жетті. Жалаңаш денесіне ілулі тұрған қасықтармен таңғалып тұрған топқа «экстрасенс» толқи мәнерлеп сөйлей бастады: – Әлемдік Ғарыштық Ақыл-Ойдың күшімен пайда болатын бұл күш импульсті флюид, рух жетілуінің соңғы сатысын бейнелейді. Ол өзінің аурасының күшімен адам санасын қоршай алады. Және Адамның денесінен бөлініп қана қоймай, сонымен қатар оның жанымен бірге денеден тыс өмір сүруге де жол ашады. Мен саналы түрде тылсым өмірді сүру деп айтар едім. Осы ғарыштық флюид энергиясын жинақтай отырып, мен өзімнен бұрын- соңды болмаған үлкен күштерді аштым. Мен магнитизм, көріпкелдік, ауруларды емдейтін баға жетпес қасиет алдым. Менің ғажайып еміме барлық аурулар жазылады. Мен ұлы ғарыштың бүкіл энергетикалық-ақпараттық өрісінің негізгі себебі болып табылатын екі жақты флюид ағынымен емдеймін. Мен өзімнің жағымды оң полюсім арқылы, адамның күшін, денесін, аурасын қалпына келтіремін, сондай-ақ көз тиюді, дуаны шешемін... Маған бұл өзінше дәріс мүлдем түсініксіз болса да, ойларымнан бұдан емделудің мүмкіншіліктерін іздей бастағанымды байқадым. «Ал шынымен Ол мені емдей алса ше?! Әрине, бұған сену өте қиын, бірақ кенеттен ... » Елес үмітпен шабыттана отырып, мен оның сыртқы келбетіне де мән бермей, «экстрасенстің» сенімді сөзін үлкен құлшыныспен тыңдай бастадым. – ...Менің күшім, өзімді дамытқан сайын күшейе түсті... Міне, өздерің көріңдер. Бұл оның бір көрінісі, - деп жабысып тұрған қасықтарды көрсетті. Бұл жағдайда біртүрлі көрініс байқалды. Тыңдаушы топты айнала жүрген сайын, ол пингвин секілді сәл артқа қарай шалқайып, қарнын көтерді. Мен Сэнсэйге қарадым. Ол басы сәл алға қарай иіліп, екі қолын айқастыра көкірегіне қойып тұр екен, бәлкім тыңдаудан жалыққан шығар. Жүзінде сәл жымиыс байқалады (ироническая улыбка). – ...Мен бұл кемелділікке жер бетінде таңдаулы адамдардан басқа ешкімге белгісіз құпия ілімдердің арқасында қол жеткіздім. Осы құпия ақпарат негізінде мен рухани дамудың өзіндік жүйесін жасадым. Бірақ оған әрбір қарапайым адам қол жеткізе алмайды. Тіпті күнәларынан тазару жолындағы ең ауыр еңбектің арқасында менің жетілу сатымның оныншы баспалдағына жеткендер де, осы білімнің ұлы құпиясына өз бетінше жете алмас. Себебі ол тек таңдаулылардың таңдаулысына ғана ашылады. Адам денесі мен ұлы рухты, Ғаламдық Сана Рухын біріктірген тек мен сияқты адамдар ғана Құдайдың құдіретті күшіне ие!!! Осы айтылған сөздерден кейін Сэнсэйдің жүйкесі шыдамаған секілді. Жеңіл толқынды қимыл қозғалысына қарап шыдамы таусылып бар күшімен соғатындай көрінді. Әлгі «келімсекті» (засланец) өзі «мақтаған күші» де аман алып қала алмайтындай. Бірақ менің болжамыма қарамастан, Сэнсэй әр сөзін нақтылап: «Құрметтім, сіз өзіңізге үлкен жауапкершілік алып тұрған жоқсыз ба? Сіздің сөзіңізді растайтындай әзірге бізге еш нәрсе көрсеткен жоқсыз», - деді. Виталий Яковлевич наразы түсінбеген күйде: «Қалай көрсетпедім? Сен не көрмедің бе?», - деді. – Иә, мұның бәрі бос нәрсе, - деп Сэнсэй сөзін жалғастырды. – Бұны кез-келген адам жасай алады. Және ерекше тылсым еш нәрсесі жоқ... Тек көбірек жуынып тұру керек. Жиналғандар жарылардай күлді. Ал Костя маңдайын шапалақпен соғып: «Дұрыс! Есіме түсті, мен бұл фокус туралы оқығанмын. Оның денесі жай ғана жабысқақ және дымқыл, сондықтан қасықтар жабысып қалады», – деді. «Ғаламның және бүкіл жердің құдіреттісі» одан сайын қатты ашуланып, Сэнсэйге қарап, бүкіл залға айқайлағандай: – Осындай Ұлы Ілімді талқылауға сен әлі жассың. Аяқ-қолыңды сермегеннен басқа сен не білесің ?.. – деді. Сэнсэй оған мұқият қарады. Сосын қасына барды да, кеудесінен сырғып бара жатқан бір қасықты алды. Жиналғандар тым-тырыс. Ұстаз қасықтың жіңішке шетінен ұстап, қолын алға қарай созып, терең дем алып, бірқатар тыныс алу жаттығуларын жасай бастады. Бірер минуттан кейін жүзі босаңсып, эмоциялары жоғалды. Меніңше көздері өзгеріп, түпсіз болып кеткендей. Ол қасыққа мұқият қарап бірнеше секунд тапжылмай тұрды. Оның сырт бейнесі ұлы мүсінге айналғандай. Және осы мезетте қасық жұмсақ сабан (шөп) секілді тез иіле бастады. Қасық қатты металлдан емес, иілгіш құрылым негізінде жасалғандай көрінді. Өз көзіме өзім сенбедім. Керемет, бірақ шынайы! Сэнсэй секундқа жетер-жетпес уақыт ішнде өзінің бұрынғы қалпына келіп, майысқан қасықты Виталий Яковлевичке ұсынып: – Сіз бізге ең болмағанда осындай фокус көрсетсеңіз, сол кезде біз сізді қуана тыңдаймыз, - деп жауап берді. Және жиналған топқа лезде бұрылып: «Киімін ауыстырып үлгермегендердің есіне. Жаттығу екі минуттан кейін басталады. Кім үлгермесе жерден қолмен серпілуді (отжимания) жасайды (біздерде жаза ретінде жиырма рет жерден қолмен серпілуді атайды). Осындай сөздерді естіген біздер ең қызықты жерін, жаңа пайда болған «бомж-кұдайдың», бұл қобалжудан (ступор) қалай шыққанын көрместен, бір- бірімізді басып озып, киім ауыстыратын бөлмеге қарай жүгіре жөнелдік. – Сэмпай! Неге жаттығу залында бөтен адамдар жүр? – деген Сэнсэйдің артымыздан даусын естідік. Қыздырыну жаттығуы кезінде: «Мен қалайша әлгі бомж маған көмектесе алады деген ойды қалай мойындадым?! Эх! Бірақ екінші жағынан, менің үмітсіз жағдайымда мен тек қана ғажайыпқа (кереметке) сеніп, мүмкіндікке үміт артуым ғана қалды. Бұл жағдайда тірі қалу үшін кез-келген нәрсеге жабысуға дайынсың. Сол себепті ішкі үрей қорқыныштан осындай ақымақ ойлар келеді. Жоқ. Өз-өзімді қолға алуым керек. Мен бәрібір аман қалатын бір амалын табамын. Мен тірі қалуға тырысамын. Тек үмітті жоғалтпай, соңына дейін күресу керек!» Ең таңғаларлығы, менің нық сенімділігім өзім қатты іздеген, қандай-да бір терең, түпсана сезімі, бір тылсым негізінде құрылғандай. Бірақ мұның бәрі анық емес болжам ғана еді. Осы кезде қыздырыну да аяқталып, сэмпайдың басшылығымен «негізгі әдістерді» пысықтауды бастадық. Сэнсэй спорттық орындықта әлгі арықша қариямен бір нәрселер туралы әңгімелесіп отырды. «Айтып жатқан әңгімелерін тыңдасам ғой», - деп ойладым. Бірақ мұндай ойлар тек менің басыма ғана келмеген сияқты. «Вареник» шашының ағы бар үлкен кісі болса да, жаттығу барысында кездейсоқ Ұстазға жақын жерге тұруға тырысты. Әрбір осындай қимылы менің айтып жеткізе алмайтын қызғаныш пен көреалмаушылығымды тудырды. Біздің жігіттердің көздеріне қарасақ, бұл ой тек менде ғана еместей. Негізгі әдістерді монотонды қайталау, оларды реттілігімен санау, қатты шулы дауыс кезінде мен тағы да өз ойларыма кеттім. «Сэнсэй қалайша қасықты майыстырды? Және неге бұл феноменді жәй ғана фокус деп атады? Менің түсінігім бойынша егер ол фокус болса, оны мұқият дайындау керек. Ал Ол тек бір ғана көзқарасымен майыстырып тастады». Мен бұған бір уақытта сендім әрі сенбедім деуге болады. Сенген себебім, бір жерлерден осындай қасиетке ие феномен адамдар туралы оқыған болатынмын. Есіме түсті, ол жерде магнит адамдар туралы жазылған болатын. Бірақ ол адамдарға қандай материалдан жасалса да әртүрлі заттар, металл, ағаш, пластмасса болсын жабысқан. Есіме түсті, мені таңғалдырғаны бұл адамдардың денелерінде он келіден астам салмақты ұстап тұруы еді. Бір қызығы, осының барлығын «тірілей» көрсем де, өз көзіме өзім сенбедім. Дәлірек айтсақ, сенімсіздігім осы жағдайдың шынайы екенін түсінуге байланысты болды. Барлығы жұмбақ. Барлығымызға қазір не болатынын айтып бізді гипноздаса түсінер едім. Бірақ Сэнсэй еш үндеместен алды да істеді. Қалай? Дей тұрғанмен, осы құбылыстың болуы, мен үшін аса маңызды еді. Бұл маған әлі белгісіз, Сэнсэйдің білімімен құрылған тұғырнама болды. Оған түпсанам да қатты жабысып, кері ойларға барынша қарсы тұрды. Неге екенін қайдам, бірақ мен осы құпияға толы, қызықты адамға сене бастадым. Қалай болғанда да ол адам ненің рас, ненің ойдан шығарылғанын білді. «Негізгі әдістерді» аяқтағаннан кейін біз күткен сәт те келіп жетті. Бұл жаттығудың кезеңін біздер «еркін бағдарлама» деп атадық. Өйткені бұл жерде адамдар жұптасып, әркім өз қалауы бойынша ескі әдістерді болмаса бұрынғы жаттығулардағы ерекше соққыларды пысықтайтын еді. Ұстазға қолында нунчакиі бар Андрейдің барғанын қызыға қарадық. – Нунчаки қаруына бір нәрсе қарсы қоюға болады ма? Сэнсэй жымиған қалпы: «Ал сен оны айналдыра аласың ба?», - деп сұрады. – Айналдырғанда қандай! Төрт жылдан бері қолымнан тастамаймын. Бірге ұйықтаймын десем де болады, – деді мақтанышпен өзіне риза болған қалпы Андрей. Андрей маған қиын көрінген бірнеше қозғалыстарды жасап көрсетті. Сэнсэй: «Жаман емес», - деді. Сэнсэйге анық тиіскісі келгендей Андрей: «Шыныменде нунчакиге қарсы әдіс бар ма», - деп сұрағын қайталады. – Әрине.... Әр Виджайға өз Раджасы бар (На каждого Виджая найдется Раджа). – Немене, немене? – деп түсінбеген қалпы Андрей қайталай сұрады. – Әр күшке қарсы күш болады деп айтып тұрмын. Нунчаки қаруыңа да табылады, – деді Сэнсэй. – Ал сіз оны көрсете аласыз ба? – Көрсете аламын.... Бірақ нунчакимен маған қарсы тұрғаның әділетсіздеу болар. Қасыңа тағы біреуді ал. Барлығымыз таңғала қарадық. Дей тұрғанмен Андрей өзіне серіктес іздеуге, ал біздер екінші қаруды табуға кірісіп кеттік. Өкінішке орай, ешкімде нунчаки қаруы болмай шықты. Есесіне спорттық жабдықтар сақталатын бөлмеден екі метрлік таяқтар таптық. Бірақ қаруды оңай тапқанымызбен, Андрейге серіктес табу анағұрлым қиынырақ болды. «Жоқ бала. Бұл жолы өзің бірдеңе қыл», - деп үлкен балалар бұл жекпе-жекке қатысу ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартты. Әйтеуір соңында Андрей жаңадан келген жігітті көндіре алды. Бұл кезде Сэнсэй ақ кимоно киген әлгі арық қариямен сөйлесіп тұрды. Андрей: «Міне таптым», - деп Ұстазға қуана хабарлады. – Таптың ба, жақсы. Сэмпай біздің секундатымыз болсын... Оның қол шапалағынан кейін толық шабуыл жасай беріңдер. Бәрі түсінікті ме? Андрей де осыны күтіп тұрды. Ынталы басын изеді. Сэнсэй ортаға шықты. Андрей Сэнсэйге қарама-қарсы, серігі Ұстаздың оң жақ артқы жағына тұрды. Қызықты сәт келді. Сэнсэйден басқа барлық қатысушылар ұрыс режимінде тұрды. Ұстаз өзін еркін бос ұстап, алтын әріптермен жазылған қара белдігінің шетін ұстап бір нәрсені ойға алып тұр. Сэмпайдың қол шапалағынан кейін, Андрей нунчакиін пропеллер қаңғалағы жылдамдығындай айналдырып бетпе-бет шабуылға көшті. Осы мезетте серігі тез секіріп таяғын айналдырып соқты. Ары қарай болғаны бір сәтте ғана өте шықты. Сэнсэй шабуыл басында өзінің терең ойлы тұрысынан қозғалмады. Бірақ қарсыластар оның денесіне маңызды қашықтыққа жеткен кезде, ол тұрысын өзгертпестен, қолын лезде алға жіберді. Әрине егер «жіберді» деп айтуға келсе, өйткені оның қолдары шабуылдаған жыландай ұмтылды. Нунчаки қолдарына оралып айналды да, екінші жігітке қарай ұшып кетті. Ұстаз қол буынын (киста руки) айналдыру арқылы ұшу траекториясын сәл өзгертті. Нунчаки қаруы әуеде жарты айналым жасады да, таяқ тәрізді түзеліп, шеткі жағымен арттан шабуыл жасаған жігіттің маңдайынан соқты. Нунчакидің екінші бөлігі ұшуын жалғастырып таяққа тиді. Таяқ та қозғалыс траекториясын өзгертіп, тура Андрейдің басына тиді. Нәтижесінде не болғанын да түсінбестен жерде екі байғұс тырайып жатты. Ал Сэнсэй болса осы болғанның барлығына еш қатысы жоқ адамдай ойланған күйі тұр. Кейін қалпына келіп, бұрынғы «қарсыластарынан»: «Ал, қалай, балалар, қатты жарақаттанған жоқсыңдар ма?», - деп қамқорлықпен сұрай бастады. Андрей маңдайындағы ісікті қатты ысқылап: «Жоо, бәрі жақсы», - деп есеңгіреген күйі жауап берді. Серіктес жігіті де басын изеді. – Кешіріңдер, аздап есептен қате кеттім, – деді де, ол өзінің бұрынғы сұхбаттасушысына ештеңе болмағандай: «Сіз білесіз бе? Менде керемет идея пайда болды. Ал егер былай... » Осы кезде жекпе-жекті бақылап тұрған топтың жылдам төбелеске таңырқаған, пікірлерімен күлкіге толы дауысы жаттығу залын алып кетті. Андрей серіктес болуға шақырған үлкен жігіттердің бірі қүліп тұрып: «Ал Сэнсэй дұрыс есептемеді ме, күт! Ештеңе етпейді жігіттер, мығым болыңдар. Біздер де кезінде өзіміздің ақымақтығымыздан талай «дұрыс есептемеулерден» бірнеше мәрте өткенбіз», - деді. Не болғаны ақыры Андрейге жеткен кезде, Костя мен Славикке бір сұрақ қоюмен болды: «Бұл қалай болуы мүмкін? Бір рет және бір қимылмен, тіпті соққы да емес?!». – Біз қайдан білейік. Сэнсэйдің өзінен барып сұра, – деді Костя да түсінбеген қалпы. Бірақ жаттығу аяқталғанға дейін Ұстаз жаңа әдістер көрсетіп, кейін үлкен жігіттердің күрделі соққыларымен жұмыс істеп, бітпес сұрақтарға жауап беріп, жаттығу соңында әлгі қарт адаммен сөйлесіп қолы босамады. Алайда Андрей бүгін қалай болғанда да барлығын білемін деп мақсат қойды. Және мұндай мүмкіндік бізге тек қосымша жаттығу аяқталғаннан кейін ғана бұйырды. Біздер тез киімімізді ауыстырып, мақсатымызға жетуге бел байлап, күзетшідей шыға беріс есік алдында күтіп тұрдық. Бірақ Игорь Михайлович және оның жігіттерімен бірге аялдамаға дейін жолымыз бір болып шықты. Жол бойы сұрақтарымызға көштік. – Осынша қаруланған екі қарсыласыңызды бір қимылмен қалай жеңдіңіз? – деп Андрей өзін мазалаған сұрағын қойды. – Бұл жерде қарудың еш қатысы жоқ. Бұл қарсыластың күшін пайдалану әдісі (техникасы). Айтпақшы, бұл көптеген ұрыс өнері стилдерінде қолданылады: мысалы, «Айкидо», «Джиу-джицу», «Винь-чунь» және тағы басқаларында. Тек керек сәтті ұстап, оны дереу пайдалану керек. – Негізі бұл түсінікті. Ал Сіз қандай ұрыс стилін қолдандыңыз? Сэнсэй иығын көтеріп: «Жай ғана, бәрінен аз-аздан», - деп жауап берді. – Ал шыныменде?- деп мойымаған Андрей сұрағын қойды. – Енді, бұл жерде тек физиканың инерция заңын, биомеханика бойынша ауырлық күшінің ауысуын, және аздап «Жылан» ұрыс стилін білсе болғаны. – Ого, – деп Андрей таңырқады (присвистнул). – Ал сен қалай ойлап едің. Ұлы нәрселердің барлығы, күлкің келетіндей қарапайым. Бірақ ол оңай жолмен келмейді. Андрей осы сөздерге ойланып тұрғанда, Славик лезде: – Қасықпен болған құбылысты түсіндіруге болады ма? – деп сұрағын қойды. – Әрине, болады,- деп Сэнсэй күлімдеп жауап берді: «Жер бетінде ешқашан ашылмайтын құпия жоқ». – Ал бұл сонда не болды? – Бұның барлығы бос нәрсе. Бұл жерде ерекше еш нәрсе жоқ, қарапайым цигун. Дәлірек айтсақ модификацияланған түрлерінің бірі. Мен: «Цигун дегеніміз не?», - деп сұрадым. – Бір жерлерден оқығаным бойынша, бұл жәй ғана демалу гимнастикасы, – деп Костя әңгімеге араласты. – Иә барлығы солай ойлайды. Бірақ іс-жүзінде цигун бұл тыныс алу- медитативті жүйесі. Онымен адам өзінде жасырынған психофизикалық мүмкіндіктерін аша алады. Шындығында бұл рухани практикалардың қарапайым бір түрі, - деп Игорь Михайлович жауап берді. Бұл сөзі біздерді қатты қызықтырды. Ал менде осы сөздерден кейін ішкі жан дүниемде бір нәрсе болғандай. Бірақ енді ғана сұрағымды қойғым келіп аузымды аша бергенім сол еді, Костя өзінің сүйікті мәнерінде сөзге араласа кетті. – Иә, Негізім қатты болса менің егер, Қолымды жеткізер ем көп нәрсеге. – О, Иоганн Вольфганг Гетемен таныссың ба, ендеше осындай өлең жолдарын да оқыған боларсың, - деп Игорь Михайлович жалғастырды: «...данышпан айтты: Рух әлемі қасыңда, есігі оның құлыпсыз, Бірақ сен өзің соқырсың, ішіңдегінің бәрі өлік. Таңғы шуақ нұрына теңізше жуын, Оян, - міне әлемің, барда енгін», - деп аяқтады. Бұл минутта Костяның өзгерген жүзін көру керек еді. Таңғалғаны соншалықты не айтарын білмеді. Өмірінде алғаш рет «Жоғары интелектуалды» деңгейіне соққы берген бірінші (әрине ата-анасынан кейін) адам болды. – Өзіне де сол керек, әйтпесе тақтаға шыққанда тек өзін ғана білімді санайды, – деп іштей масаттана ойладым. «Мен бірнеше кітаптар оқыдым», - деп «философ» өзінің әңгімесін тақырыптан гөрі өзінің мақтаныш сезімін қорғауға тырысқан күйі: «Ондағы рух әлемі – бұл жәй ғана баланың ертегісі». – Кім біледі, - деп Сэнсэй немқұрайлы жауап беріп, Гете өлеңін әрі қарай жалғастырды: Пергаменттер шөліңді баспаған. Даналықтың кілті кітап беттерінде жатпаған. Өмірдің құпиясына ойларымен ұмтылушы ғана, Қайнар көзін өз рухынан (жанынан) тапқан. – Хм, әрине «бұлақ көзін табу» деп айту оңай, - деді Костя жымиған күйі. Кішкене үнсіздіктен кейін: – Мольер айтқандай: Жаның қалағанның барлығы бола қоймас, Ойдан іске дейінгі жолың да қысқа болмас, - деп қосты. – Мен не естіп тұрмын? – деп Сэнсэй әзіл-шыны аралас айтты да: – Ақылдылық шектен шығудан қашады, Тіпті даналық та орнымен болады, - деп жалғастырды. – Таныс сөздер.... – Бұл да Поклен, «Мизантроп» шығармасынан алынған шумақтар. – Кім-кім? – Жан Батист Мольер. Оның шын тегі Поклен. Көше шамдарының жарығынан Костяның құлағының ұшына дейін қызарғаны көрініп тұрды. – Бір....Бірақ шығыс даналығы нағыз ақылдылық басталған істі соңына дейін есептеу (немесе болжау) демейді ме. – Өте дұрыс айтасың. Демек, адам ойлай алатын жаратылыс. Және оның негізгі күші оның ойында жатыр. Тіпті қазіргі заманауи әлемдегі ғалымдардың сөзімен айтатын болсақ, мысалы Циолковскийдің айтуы бойынша: «Әр орындалар нәрсенің алдында - ой, ал дәл есептеудің алдында- қиял (фантазия) тұрады». Өзің көріп тұрғандай ғасырлар бойы адами факторлар өзгерген жоқ. Неліктен? Себебі Валентин Сидоров айтып кеткендей: Ой табиғаты - ол сенің табиғатың. Өз ойыңның түбіне жетсең, өзіңе жетесің. Және өзіңді өзің басқара аласың. Барлығы ақылдың күшінде. – Иә, ақылсыз бас - жарығы жоқ шам секілді, - деп Костя жәй ғана қорытынды жасады. – Лев Николаевич Толстойдың керемет сөздері, - деген Игорь Михайловичтің сөздерін «философ» мүлдем күтпеді. «Егер сенің есіңде болса, оның тағы да әдемі өрнектелген мынадай сөздері бар: «Ой – әр нәрсенің бастауы. Және ойды басқаруға болады. Демек, жетілудің (жақсару) басты жұмысы - бұл оймен жұмыс жасау». Костик сенімсіздеу басын изеді. Бірақ бұл жағдай оның мақтаныш сезіміне одан сайын тигендей. Былайша айтқанда, қалған жиырма минут бойы тіпті көпшілігі бізге белгісіз отандық және шетелдік жазушылар, поэттер, философтар, ғалымдардың афоризмдері, дәйексөздерімен болған (цитата) үлкен шайқастың куәгері болдық. Осы уақытта мен барымша диалогқа араласып, өзімнің өмірлік маңызға ие сұрақтарымды қоюға асықтым. Бірақ Сэнсэйдің «философпен» полемикасы (ғылыми, әдеби, саяси мәселелерді нақтылау мақсатындағы пікірталас) еш тоқтаусыз жүріп, біртіндеп өзінің шарықтау шегіне жетті. Костяның өзінің мақтаныш сезімі мен білгіштігін қанағаттандыру үшін осыншама алтын уақытты алғанына қатты ашуландым. Бірақ ол осы процеске кіріп кеткені соншалықты, ол үшін осыдан басқа еш нәрсе болмағандай. Ақыр аяғында аялдамаға жақындай бере, Костя миындағы бар сөзін айтып шыққандай, өзінің негізгі сөзімен: – Мен барлығын білемін, тек өзімді емес, - Вийон айтқандай деп сөзін аяқтады. – Солай ма ...өзіңе зер салып ойланғын, Сен кімсің, қайдасың және – Кейін қайда бармақсың? – Ал бұл кім тағы, - деді өз-өзінен шығардай айқайлауға шақ қалған Костя. – О, – деді сөзін рахаттана созғандай Сэнсэй: «Бұл атақты парсы ақыны және философы Омар Хайям. Өз заманынан бұрын туған Ұлы ғалым. Оның толық аты Гиясаддин Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим Хайям Нишапури. Ол ХІ ғасырда өмір сүрді. Ол өзі Хорасандық, Нишапурға жақын ауылдан болса да, оның даналығына тіпті кейбір Иран селджук билеушілері де құлақ асқан. Оның өте қызықты философиялық ойлары бар. Оның көзқарасы бойынша адам рухы мәңгілік. Ол осы әлемге адам денесіне тылсым әлемнен келіп, өлімнен кейін кері қайтарылады. Бұл әлем ол үшін бөтен. – Қызық, - деп Татьяна сөзге араласты. – Рух, адам денесінің қай бөлігінде орналасқан? Ол философ жүректе немесе қай жерде деп ойлайды? – Жоқ. Ол, жүрек ең жақсы «рухталған» бөлігі болса да, ол осы әлемде жаратылған өлім дәмін татар адамның бір бөлшегі ғана деп санайды. Рух жүрек арқылы сөйлейді. Бірақ оның ойынша, жүрек тек осы дүниені ғана біледі... Оның жүректің Рухтан (немесе адам жаны) шексіз тылсым әлемі туралы сұрайтын керемет өлең жолдары бар. Сэнсэй кішкене ойланды да: – Жүрегім айтты: «Мені үйрет, құпия ғылымдарыңа Бірақ олар жасырады не құпия бойына?» Әліппені бастадым: «Алеф...» деген қарпімен Және естідім: «Жетеді! Өзінікін түсінер, тек әріппен меңзесең» – деген өлең шумақтарын оқыды. – Ал «Алеф» дегеніміз не? – «Алеф» өзінің ана тіліндегі бірінші әріпі және де сан жүйесінде «бір» санын білдіреді. Оның ойынша, бұл Біртұтастылықтың және Ғалам бірлігінің нышаны, - деп Костяға қарады да Сэнсэй құпия жымиысымен: «Бұл жерде тағы не айтуға болады?!» - деді. Костя толығымен шатасып, не айтарын білмей жауап бере алмады. Осы сәтті пайдаланып бір деммен: – Психофизикалық мүмкіндіктерді басқаратын жаттығулар жүйесін қалай үйренуге болады? - деп сұрағымды қойдым. – Өте оңай. Бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Ең бастысы үлкен ниет болса ал мүмкіндіктер өзі келеді демейді ме. – Демек, осыларды сізден үйренуге болады ма? – Әрине. – Қашан бастасақ болады? - деп мен секілді ойлаған Андрей де сұрағын қойды. – Енді, осыншама қызығушылықтарың болса, мархабат. Бұл сабақтарға аптасына екі рет бір жарым сағаттан уақыт бөле аламын. – Ал бұл қанша тұрады, - деп сұрады Слава. – Ал рухани білімді ақшамен есептеуге болады ма, - деп Сэнсэй таңғалды. – Балалар сендер бұл бір жапырақ қағазға қатты жабысып қалғансыңдар. Біздер өзіміз үшін жаттығамыз. Рухани дамуымыз үшін. Қаласаңдар жаттығыңдар. Біздер қай жерде, қашан кездесетінімізді мұқият келісіп алдық. Ұстаз: «Женя сендерді алып келеді», - деді. Женя Сэнсэймен бірге келе жатқан, ұзын бойлы, мығым денелі, аққұба шашты, біздер «жылдам» атап кеткен жігіттердің бірі болып шықты. Бәріміз үшін Андрей: «Біз міндетті түрде келеміз», - деп жауап берді. Осы тойғанымызбен қоштастық. Менің қуанышымда шек болмады. Ақыры өзім ұзақ іздегеніме жақын қалғандаймын. Мүмкін бір қадам жасасам болды, бұл тұңғиықты еңсеріп, Өмірдің дара жолына шығармын. Мен оны алтыншы сезімім арқылы сезінгендеймін. Дегенмен, менің санам оны құтқарылудың нақты мүмкіндігі ретінде көрмесе де, жаным (рухым) бәрін айтып тұрғандай. Жол бойы балалар бүгінгі жаттығу туралы, бүрсігүні болатын рухани сабақ жайында таңданыспен айтып келе жатыр. Костиктен басқамыздың бәрі қуанып келе жатырмыз. Ол үрілген күркетауық секілді қабағын түйіп түнерумен келеді. – Костя, сен барасың ба? – деп Андрей оны жанынан итеріп жіберді. – Менің ойымша, мүмкін бармағанымыз жөн шығар, - деді Философ наразы міңгірлеген дауысымен. – Біздер фокус үйренетін цирк әртістері емеспіз. Тек уақытымызды босқа жоғалтамыз. – Костя сен ақымақсың ба?! - деп Андрей «сыпайы» жауап қатты. – Сен тіпті қасықты көзқарасымен майыстыратын цирк әртісін қайдан табасың?! – Иә оның үстіне, оған тегін үйретсе, - деп Славик қоштады. – Міне, міне. Ал сен ақымақ екенсің. – Мен өкінемін, ақымақ. Шегі бар өз күшіммен сіздің қызығушылығыңызға баға бердім (Я каюсь, глуп. Однако в меру своих сил любвеобильность вашу оценил), - деп, көңілі толмаған қалпы сөйледі «философ». – Жақсы балалар, жанжалдаспаймыз, - деді Татьяна. – Оданша үйдегілерден осы сабаққа қалай сұранатынымды айтыңдар. – Қалай, қалай, әзіл әңгімедегідей (анекдот), - деп Андрей сөзін жалғастырды: - Қызы үйіне кеш келеді. Оны көрген әкесі: «Сонда бұның аты қалай?», - деп сұрайды. Ал қызы: «Қалай аталатынын білмедім, бірақ бұл менің ендігі хоббиім». Барлығымыз мақұлдағандай күлдік. Жаңа кездесуге келісіп, әркім өз үйіне кетті. 9 Біздер бұл күнді асыға күттік. Әйтеуір бейсенбі күні біздің топ жақсы көңіл-күймен, толық құрамда айтқан орынға келдік. Аялдамаға жақындай бере қараңғылықтан екі ер адамның бейнесін байқадық. – Әнекей, Женя, - деп Андрей көңілді айтты. Белгілі болғандай Женя өзінің досы Стаспен бірге екен. Амандасып болғасын белгісіз жаққа қарай қозғалдық. Дәлірек айтсақ, тұнық қараңғылыққа қарай. –Ең болмаса шамдарды іліп қоймады ма екен, - деді Татьяна тағы бір мәрте сүріне жаздап. – Иә, бұл жол емес, үздіксіз кедергілер жолағы секілді, - деп Костя да мақұлдады. – Үкіметтің электрэнергиясын босқа құртып не керек. Бұл жердің тесік- шұңқырын бес саусағымыздай білеміз... Бөтен адамдардың бұл жерге өз еркімен келуі екі талай, - деп Женька әзілдеді. – Ал неге олай? - деп Славик абайлап сұрады. – Бұл ерекше саңыраулы түпкі (глухое) жер. Адам түгіл кез-келген аң да жүре бермейді. Тіпті иттер де, естимісіңдер, басқаша ұлиды (воют). Шыныменде, жеке тұрғын үйлерден алыс емес жерде бір-екі иттің созылған үні естіледі. Татьяна сәл қысылып, қолымнан ұстады. – Иә, ит деген сондай оңбаған, бәрін сезеді, – деп жігіт сөзін жалғастырды. – Сен бізді ертегіңмен қорқытқың келеді ме! – деп Андрей әзілдегісі келді. – Ертегі емес. Осында тұрсаң қандай жаман нәрсенің болып жатқанын көрер едің... әрине егер тірі қалсаң. Осы айтылғандардан кейін жақсы көңіл-күйіміз су сепкендей басылды. Бірнеше уақыт бойы айналамызға жалтақтаумен үнсіз келеміз. Бірақ қаншалықты тырысқанымызбен қорқынышты қараңғылықтан еш нәрсе көре алмадық. Тек ескі үйлердің бұлдыр көлеңкесі. Бір қызығы еш жерде жарық болмады. Бұл қорқынышты жерде өмір бар екенін тек иттер ғана арызданған үнімен білдіретіндей. – Біз қайда барамыз? - деп мазасызданған Костя сұрады. Женька мазақтағандай: «Қайда, қайда, өздерің тапсырыс берген қара шалғынға барамыз», - деді. – Қайда?! - деп барлығымыз қорыққаннан айқайлап жібердік. Біздің айқайымыздан бітелген құлағын ысқылап Женька: «Тьфу сендерде, осынша қатты айқайлағандарың не, айтып тұрмын қара шалғынға барамыз...», – деді. Тағы бір шұңқырға шалынып құлай жаздаған мен: – Ал керек болса! Түнек күштері аяғымызды шалуға тырысып жатыр. Жан-жақтарыңа қарап қойыңдар, қалып келе жатқан біреуімізді сүйреп кетпесін, - деп ашуландым. Қолымнан ұстап келе жатқан Татьяна сенімділік үшін екінші қолымен Костяны ұстап алды. Оның сәл қалтырауы маған да берілді. Сәл артта келе жатқан Славик осы сөздерден кейін, тез қозғалып алдымызға шықты. Ал Андрей жан-жағына жалтақтаумен үнсіз келеді. Костя күдікпен: «Қайдағы түнек күші. Қайдағы қара шалғын (черная поляна). Ол бұл жерде қайдан болады. Алжыған әңгіме...», - деді. – Қайдан-қайдан? Содан, - деп Женька қолын сенімді түрде бір жағына қарай сілтеді. – Не үшін осы жерге келдік? Қазір үйде отыратын едік еш нәрсеге қиналмай, - деп Татьяна қорыққанынан үн қатты. Женька иығын көтеріп: – Өздерің қара сиқырмен танысқыларың келді, енді «неге келдік?» деп тұрсыңдар, - деді. – Немене?! - деп бәріміз бір ауыздан сұрадық. Женька таңғалған киіппен: – Қатырасыңдар, сендер Сэнсэйдің ең мықты сиқыршы екенін білмедіңдер ме? Ібілістің оң қолы деп айтуға болады! - деп сөзін аяқтады. Көзіміз бақырайып: «Немене? Кімнің? Ібіліс деген кім?», - деп сұрақтың астына алдық. Жаңа жолбасшымыз біздің сұрақтар ағынын тоқтатып: «Былай, нақты түсіндірейін. Біріншіден, Ібіліс аудармадан Жарық періштесі, Құдайдың оң қолы дегенді білдіреді. Ол адамдардың көпшілігі үшін әртүрлі атпен белгілі. Мысалға Шайтан немесе Жын, өздеріңе ұнағаны. Ол жер билеушісі. Екіншіден, Сэнсэй оның оң қолы деп қайталап айтамын. Және оның құдіретінің шегі жоқ. Ол үшін қасықты майыстыру, тьфу, жай ғана нәрсе. Сендердің ең қорқынышты түстеріңе де кірмеген нәрселерді жасай алады! Үшіншіден, сендердің мықты жолдарың болды. Өздерің қалаған құдіретті күшті осы жерде тегін дерлік алуларыңа болады... Тек өздерің сезбейтін, білмейтін жандарыңды (рухтарыңды) берсеңдер болғаны... Осы айтқандарымның барлығын қазір көресіңдер. – Ал керек болса! Біз неге тап болдық, – деп Татьяна шыныменде алаңдай бастады. – Міне! Мен сендерге не айттым?! Келмеу керек еді, мені тыңдамадыңдар. Бұл жерде бір гәптің барын сендерге бірден айтқанмын. Менің де оңып тұрғаным шамалы, ақымақ басым сендермен бірге ілесіп. Енді қайтпек керек? – деп Костя қатты айқайлап жіберді. Костяның дүрбелең қорқынышы Славикке де жұғып, сыбырлаған дауыспен: «Меніңше, бұл жерден қашу керек», - деді. – Қайда? Қанша рет бұрылғанымыз есіңде ме? Қаншама қуыс көшелермен жүрдік... – деп Костя айқайлай сөйледі. – Ал маған бәрібір! Сэнсэй сиқыршы болса болсын. Ол өзінің жеке мәселесі. Ең бастысы менен он есе көп біледі. Мен үйрену мүмкіндігін жіберіп алмаймын, – деп Андрей мәлімдеді. – Маған да, - деп жауап бердім. Ішімнен: «Егер менің тірі қалу мүмкіндігім болса маған да бәрібір. Ал егер олай болмаса жоғалтар ештеңем жоқ. Мүмкін көмектесер. », - деп іштей ойладым. Біздер жабық ұзын дуал бойымен айналмалы жолға шықтық. Осы мезетте түнерген бұлт арасынан ай жарығының сәулесі түсе бастады. Кенет биік дуалдан, көздері сарғылт-жасылдау, жарық шамдарындай жарқыраған, бір үлкен қара мысық секіріп алдымызды кесіп өтті. Сасқанымыздан айқайлаған күйі Татьяна екеуміз балалардың артына тығылдық. Бірақ біздің «қорғаныштарымыз» да бір түрлі сасып, қатып қалғандай тұрып қалды. Тек жолбасшымыз ғана еш қиналмай жүріп келе жатыр. Женька біздің «қатқан тұрысымызды» көріп, құпиялы сөздерімен: «Әлі тағы болар ма екен», – деді. Мысық біздерге еш назар аудармастан дуал бойымен, бізге қастық қылғандай біз жүріп келе жатқан бағытпен жүрді. – Тьфу, тьфу, тьфу, - деп Славик сол иығынан түкірді. – Одан да шоқынбадың ба? – деп Андрей қарқылдады. – Жаман болмас еді. Егер қара мысық жолыңды кесіп өтіп кетсе, түймеңді (ілгек) ұстау керек деседі. Сол кезде қара күштер байқамайды, - деді Татьяна кепкен еріндерін тілімен жалаған күйі. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші, қалтыраған қолдарыммен түймемді ұстап көрдім. Біздің топ қара мысық көлеңкесіне жалтақтаумен өзінің жолбасшыларына жетуге асықты. Қара жол бізді кішкене жазық алаңға алып келді. Қара бұлт арасынан үлкен қорқынышты толған ай көрінді. Жазықтық ортасында теріс қарап капюшонды қара жамылғы оранған бір адам тұр. Оның мүсіні бозғылт суық ай сәулесімен жарқырағандай (Фосфоресценция). Алдынан аздап түтін шығады. Айнала мысыңды басатын қорқынышты тыныштық. Бұл көріністен біздер сөйлеуден қалдық. Осы сәтте әлгі үлкен қара мысық біздің аяқ астымызға секіріп, шошынғаннан біздердің аяқ-қолымыз қозғалыссыз қатып қалды. Біздің қорыққан тобыр, инстинкті түрде өздерін сақтайтын түймелеріне жабысты. Осылай бассыздықпен секірген мысық, біздің айтып жеткізе алмайтын қорқынышымызға орай, тұрған қара мүсінді адамның аяғына сүйене бастады. Мұндай қорқынышты көріністен кейін, таңдайым кеуіп, денем суықтанып кетті. Басым ауған жаққа қарай қашқым келсе де, тіпті орнымнан қимылдай алмадым. Мен балаларға қарадым. Татьяна Костяны қатты қысып ұстағаны соншалықты, үстіне мініп кетейін деп тұр. Костя гипстен жасалған мүсін сияқты көрінеді. Славиктің де аузы ашылып, көздері бақырайып кеткен. Тіпті жаңа ғана жақсы көңіл-күйде болған Андрейдің аздап тістері дірілдейді. Жүзін тер басқан. Женья бізге қарады да, мойынсұнған басымен әлгі қара мүсінге барды. Екі қолын көтеріп, салтанатты түрде қатты дауыспен: – О, Ұлы сиқыршы, жер үстіне, суға, желге, отқа, Ғаламға күші таралған сиқыршылар мен бүкіл халықтардың Билеушісі. Сенің сенімді шәкірттерің өз қасиетті парыздарын орындады. Жер бетінде жеке өзіңнің әділ билігіңмен, құдіретіңді қалпына келтіру үшін, адасқан балаларды өзіңе қабылдай гөр!!! Женья беліне дейін иіліп тағзым етті. Әңгімесін айтып жатқан кезде, Сэнсэй таңғалыспен бұрылып қарады. – Немене, немене? Қайдағы құдірет? Қайдағы билік? Нені ойдан құрастырып тұрсың? Мырс етіп күлген Стаспен бірге Женька да күлкіні жіберді. – Не болып қалды? Соншама қуанғандарың не? Балалар қайда, сендер күтіп алдыңдар ма? – деп Сэнсэй темекісін тартқан күйі сұрады. Тұншыға күлген Женька біздер тұрған жаққа қолын бір сілтеп: – Әне тұр... Қатып қалған күйлерінен әлі шыға алмай, - деді. – Түсінбедім. Неге қатып қалған? Сен не шектіріп үлгергенсің бе!? – деп Сэнсэй қараңғылыққа қарады. Бірақ Женька күлкісін тия алмастан қолын бір сілтеді. – Қап, жерді жарғандай күлкісін-ай! – Сэнсэй, сен Женьканы білмейтін бе едің, - деп рахаттана күлген Стас жауап берді. Осы сапырылысқа қарап, Андрей бірінші болып не болып жатқанын түсінді. Ұялғанынан қолын түймесінен алып, арқасынан ауыр жүк түскендей бір дем алды. Андрей қараңғылықтан шыға бере: «Ал жігіттер, сендер де қатырдыңдар. Жақсы әзіл, бірақ енді шалбарды кім жуады!», - деді. Бұл сөздерден кейін олар одан сайын күлкіге қарқ болды. Сэнсэй жымиған қалпы: «Сайқымазақ (клоун) бұл жолы тағы не шығарды?», - деді. Біздерді мына Сусанин (Женька) «Таз тауға» қалай апарғанын, Андрей толық айтып берді. Біз де оған қосылып, әсерімізбен толықтырдық. Ақыр соңында, біздер Сэнсэймен бірге соңғы сезімдерімізді еске алып, шексіз күлкіге қарқ болдық. – Мен бүгін жай ғана ерте келдім. Поселкіде жарықтың болмауы бір жерлерде тоқ сымдары үзілген шығар, - деді көзінен жас аққанша күлген Сэнсэй түсіндірген қалпы. – Міне, әңгіме тарихы осы, Женькадан көргеніміз аз болғандай, мына мысық та! - деп Татьяна анық даусымен сөйледі. Бұл кезде біздің үлкен қорқынышымызды тудырған мысық, біздің күлкімізден шошынғандай шетте отырған еді. – Бұл Сэнсэйдің мысығы Самурай. Әрқашан қасында жүреді, - деп Стас қолын бір сілтеді. Андрей күліп: «Енді Стас мимикаңмен болса да бірнәрсе қылып айтпадың ба», - деді. – Қалай? Сендер әр нәрседен шошынып келе жатқанда, мен бетімді жыбырлата бастасам, онда сендерді бүкіл поселкіден ұзақ іздеуге тура келетін еді, - деп жауап берді Стас. Болған оқиғаны елестетіп бәріміз күлдік. Женька ақталған күйі: «Ал несі бар, әзіл-әзілімен. Остап Бендер айтқандай: «Ең бастысы – қарсылас тылында түсініксіздік (бұлыңғырлық) толқынын тудыру... Өйткені, адамдарды бәрінен бұрын белгісіздік қорқытады», - деді. – Иә, - деді Сэнсэй, - қиялдан туындаған қорқыныш оны тіпті мүлдем жоқ жерден көреді... Қорқыныш туралы ежелгі мынадай бір шығыс аңызы бар. «Кемеңгер, жолында Оба аурын кездестіріп одан сұрапты: «Қайда барасың?», - деп, ол жауап беріпті: «Үлкен қалаға. Ол жерде бес мың адамды ажал құштырамын». Бірнеше күннен кейін Оба ауруын қайта кездестірген Кемеңгер: «Сен маған бес мың адам деп едің, елу мың адам ажал құшты, - деп сөгіпті. «Жоқ, - депті Оба, - мен тек бес мың адамды жалмадым, қалғандары қорқыныштан өлді»... Осымен өзіміз үшін болған оқиғаның ұсақ-түйегіне дейін анықтап, болмаған қорқынышымызды әзіл мен күлкі арқылы сейілтіп, анағұрлым маңызды тақырыптарға көштік. Тобымызға тағы үш жігіт - Руслан, Юра және Виктор (сэмпай) қосылды. Кішкене уақыттан соң психотерапевт Николай Андреевичте келді. Бұл кезде цигун туралы айтып жатыр едік. Слава Сэнсэйден: «Цигун» сөзі нені білдіреді?», - деп сұрады. – Енді Қытай тілінен тікелей аударсақ, ауа энергиясымен жұмыс дегенді білдіреді. «Ци» бұл «жел», «газ», «тыныс алу», ал «гун» жалғауы «жұмыс», «әрекет», «ерлік» дегенді білдіреді. – Бұл жүйені де қытайлықтар ойлап тапқан ба, - деп Андрей күрсінді. – Олай емес. Жаңа дәуірдің басында Қытайға қоныс аударған Үнділік өзін-өзі реттеу жүйесі, - деп Ұстаз жауап берді. Өзінің білгіш сөздерін тыққыштаған Костя: «Мен цигун әртүрлі болады деп оқығанмын. Меніңше, ол жерде екі мектеп туралы айтылады», - деді. – Олар әлдеқайда көп, заманауи әлемде әр бағыттағы цигун мектептері көп. Мысалға конфуциандық, буддалық, медициналық, әскери... – Медициналық? Ал ол емдейді ме? – деп лезде сұрағымды қойдым. – Өте көп ауру түрлерін емдейді. – Сонымен тек дұрыс дем алу керек, - деп Андрей сөзімді бөліп жіберді. – Тек ол емес. Тағы да дұрыс ойлау қажет. Мынадай сөз бар: «ой Ци-ға әкеледі, Ци қанға әкеледі». Ал қан – барлық қажетті дәрі-дәрмектер жиынтығы бар ағзаның жедел жәрдемі екені белгілі. Ежелгі медициналық «Хуанди Нэйцзин» трактатында ой тыныштық күйінде және толқынды болса, Ци-ды өзіңізге бағындыра аласыз делінген. «Ойы сау адамның, дені сау». – Қысқасы, дені сау тәнде, сау рух бар, - деп қорытындылады Костя. – Олай емес. Жақсы ойда – жақсы рух, жақсы рухта – дені сау тән деп айтар едім. – Айтыңызшы, сіз әркез дұрыс ойлаудың жаттығуда, қазір де маңызды екенін айтып жүресіз. Бірақ мен бұрын тек дұрыс іс жасау керек деп ойлайтынмын. Ал ойлар әрекет ету үшін әртүрлі болуы мүмкін: жақсысы да бар, жаманы да бар ойлар, - деді Андрей байқампаздықпенен. – Міне осы тұста сен алтын уақытыңды өзіңмен күреске жұмсайсың. Сенде жақсы ой мен жаман ой арасында таңдау болмауы керек. Себебі сенің басыңда тіпті жаман ой болмауы шарт. Ең ұлы Өнер, Лотос Өнерінің мәні, жақсы дұрыс ойлауға үйрену, демек «ішкі Айдаһарыңды өлтіру», « Айдаһарды жеңу». Бұл сөздерді естуің бар ма еді? – Иә. – Бар мағынасы осында. Ең үлкен жеңіс – өз-өзіңді жеңуің. Ол нені білдіреді? Бұл жаман ойларыңды жеңу, оларды бақылауда ұстауды, өз эмоцияңды бақылауда ұстауды үйрену. Тағы да қайталаймын, сенің басыңда ешқандай жаман ой болмауы керек. Тек жақсы факторлар! Сонда саған өзіңмен күресу үшін уақытыңды зая кетіруге тура келмейді және жасаған істерің әрқашан игі болады. Бейбітшілік бірінші кезекте ішкі жан дүниеңде болуы керек. Бейбітшілік пен келісім. – Демек, адамның кез-келген ісі - ішкі ойының айнасы ма? – деп Андрей бір нәрсені ойлана сұрады. – Айнасы ғана емес, жасайтын ісінің басшысы. Өйткені, ой – материалды (материально). – Материалды? – деп таңғалды Николай Андреевич. – Әрине, бұл әлі жеткілікті түрде зерттелмеген, өте нәзік материя. Бірақ ол бар, нақты, оның қозғалысы тіркеледі. Тіпті бүгінгі күнге дейін ой феномені туралы көптеген нәтижелі тәжірибелер бар. Мысалы өзіміздің феномен отандастарымыздың тәжірибелерін алайық, Нинель Кулагина, Юлия Воробиева және басқаларын. Мен әлемдік тәжірибелерді айтпағанның өзінде. Әртүрлі айтылғанымен бұл ғылыми зерттеулер әлем бойынша жүргізілуде. Мысалы, Англияда бұл – психикалық зерттеулер, Францияда – метапсихика, Шығыс Европа елдерінде – психотроника, АҚШ-та – парапсихология, Қытайда – адам тәнінің ерекше функциялары және тағы басқа. Егер адамзат тарихына терең үңілсеңдер, бұл туралы ежелден белгілі болғаны жөнінде көптеген айғақтар таба аласыздар. Адамдардың барлық мифологиялық, сиқырлы, діни көзқарастарында және ілімдерінде қашықтыққа, уақытқа және кеңістікке қарамастан, біреуге немесе бір нәрсеге психикалық әсер ету қабілетіне деген берік сенімі бар. Яғни, бұл білім әрқашан болған. Николай Андреевич тағы да пікірталастырып: – Жақсы, сіз жақында ғана барлығына белгілі болған отандық феномендерді мысалға келтірдіңіз. Ендеше неліктен Кеңес Одағы кезінде ондай адамдар болмаған? Психотерапиямен айналысқаныма бір жыл болған жоқ. Бірақ әртүрлі адамдар психикасын зерттей келе, мен және менің әріптестерім бұл феноменмен бірде-бір рет кездескен жоқпыз. Бізге соңғы кезде мағынасыз сөйлеп, өзін экстрасенс санайтын адамдар кезігіп жүр. Тіпті бір нәрселерді көрсеткілері де келді. Бірақ түптің-түбінде олардың сандырақ қиялының ойыны болып шығады. Нағыз феномендер Кеңес Одағында болған жоқ. – Қалай болған жоқ? - деп таңдана қарады Игорь Михайлович. – Болды, және қаншама! Ғасырлар бойы Ресейде осындай адамдар көптеп болған. Тек оларға қалай қарады? Ежелгі қараңғылық замандарында сирек жағдайларда ғана олардың қасиетін құрметтеп көтерген, ал көп жағдайларда сол кездегі таққа отырған патшаның қалауына байланысты, шіркеуге бағынбағандарды отқа өртеп, найзаға түйреген. Тек ХVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ғылым Академиясы ашылғаннан кейін, Ресейде медициналық тұрғыда адамның психикалық өмірінің құбылыстары мұқият зерттеле бастады. Және жүз жылға жетер-жетпес уақытта, бұл салада көптеген көрнекті ғалымдар жұмыс жасаған. Мысалға сіздің ғылымыңыздың негізін қалаушылардың бірі Владимир Михайлович Бехтеревты алайық. Петербург Императорлық әскери-медициналық академиясының басшысы болған тұста, өз қаражатына, адам миы мен психикалық жұмысын зерттейтін толық зерттеу институтын салды. Ал Кеңес Одағы жылдарында ше? Мемлекеттің пайда болған жылдарынан бастап, мидың психикалық феномендерін зерттеуді және оның ең басты жұмбағы – ойды зерттеуді бірінші орынға қойған. Бұл жағдай туралы мынадай тарихи факті бар. Владимир Ильич Лениннің бұйрығымен, Феликс Эдмундович Дзержинскийдің жеке қадағалауымен, мемлекеттік құпияны қорғау және сақтаумен айналысатын бірінші арнайы бөлім ОГПУ айналысқан. Және бұл бөлімде арнайы нейроэнергетикалық зертхана да болған. Бұл элиталық арнайы бөлім өзінің жұмысында халық емшілерін, медиумдардың, шамандардың, гипнозшылардың барлығын қолданған. – Құдайым-ау, бұл «халық емшілері» оларға не үшін қажет болды? - деп Николай Андреевич шын таңғалды. – Барлығының себебі бір, олардың ерекше қасиеті үшін. Олар кез- келген техниканың мүмкіндіктерінен әлдеқайда асып кететін, адамның жасырын күштерін қалай басқаруға болатынын білді. Осындай құбылыстар мұқият зерттелді! Бұл білімдерді табу үшін үлкен ғылыми экспедициялар да жүргізілді. Ежелгі өркениеттердің құпияларын зерттеуден бастап, аты аңызға айналған Шамбаланы іздеуге дейін. – Шамбала..... Таныс сөз.... Андрей шыдай алмай: «Ал бұл не?», - деп сұрады. – Шамбала? Енді, бұл биік тауда орналасқан өзінше бір ғибадатхана. Бірақ ол, қазіргі заманғы адамзатты өзінің рухани, ғылыми және техникалық деңгейімен артта қалдырған сол жерде өмір сүретін ғалымдарымен танымал. – Есіме түсті, - деді Николай Андреевич. – Менің оқығаным бойынша, Шамбала – Кемеңгерлердің мекені. Бірақ бұл жерде ғылымның не қатысы бар? Бұл Кемеңгерлер нақтылы математика, астраномияны немесе жай ғана философияны зерттейді ме? – Шамбалада ежелгі негізгі ғылым «Беляо Дзы», яғни «Ақ Лотос» ғылымы зерттеледі. Ол өзіне нақтылы ғылымдарды да қосады. Оған қоса ол адамзатпен зерттелген барлық ғылымдардың жалғыз көзі болып табылады. Николай Андреевич Сэнсэйге сенімсіз көзбен қарады. – Ежелгі және жалғыз көзі дегені қалай? Өйткені, көптеген нақтылы ғылымдар екі жүз, жақсы үш жүз жыл бұрын пайда болған жоқ па! – Сіз қателесесіз. Адамзат өз өркениетін дамытуы үшін бұл ілімдер ежелгі заманда бірнеше рет берілген. Сіз білетін тарихқа дейін, қазіргі кездегіден әлдеқайда жоғары деңгейге жеткен басқа адамзат өркениеттері болған. Кейбіреулері құртылған да, кейбірі Абсолютке дейін жеткен. Бірақ олардың ізін күні бүгінге дейін тауып жатыр. Жұмбақ археологиялық олжалар, зерттеулер туралы оқыңыз және оған өзіңіздің де көзіңіз жетеді. Ал болашақта адамдар, Жер шарында өте ертеде болған қызықты нәрселерді табатын болады. Бұл ілімдердің болғандығы туралы ежелгі әдебиеттер де көп жазылған. Мысалы, ядролық жарылыстар туралы, салдарын ғалымдар ескі жер қабаттарынан табуда, жұлдызды аспанның нақты карталары, әлі күнге дейін ашылмаған планеталар туралы, «вимана» - ұшатын және соған ұқсас аппараттар туралы. Яғни, бұл білімнің бәрі бұрын адамдарға берілген және олардың бәрі бір көзден алынған, ол - Шамбала ғылымы. – Ал, бұл ғылым қазіргі адамзаттан қаншалықты алда? - деп сұрады Николай Андреевич, қолын кеудесіне айқастырып. – Көп, - деп жауап берді Сэнсэй. - Сіз ойлағаннан да көп. Бірақ сізге, ең болмағанда кішкене түсінікті болу үшін мынадай мысал келтірейін. Адамдар Жердің үш тіректе тұрғаны және Күннің Жерді айналатынына сенген замандарда, Шамбала ғалымдары Күннің өзінде ғылыми тәжірибелер мен түрлі эксперименттер өткізген. Ал қазіргі өркениетке ол деңгейге жетуге әлі өте ерте, және оған жету-жетпеуі әлі белгісіз... Сіз қалай ойлайсыз, биліктің шыңында тұрған адамдар неге сонша Шамбаланы ынтамен іздеді? Сізге белгілі адамзат тарихының бір кезеңін алсақ, мысалға Александр Македонский, Наполеон, Гитлер, Муссолини, Сталин және тағы басқалары. Себебі, әртүрлі халықтардың ежелгі аңыздары мен мифологиясына сәйкес, бүкіл әлем туралы ілімдермен және жойылған өркениеттер мәдениеттерінің қазыналары Шамбалада жасырылған. – Қызық, неге оны тек тирандар ғана іздеген? –Тирандар емес, әлемді шексіз билеуге ұмтылған адамдар. Жоғарыда тұрған және шынайы ақпаратқа ие адамдар осы ғибадатхананың және ондағы қуатты білімдердің бар екендігін біледі. Олар Шамбалада әлемді билейтін нақты күштің жинақталғанын да біледі. Сондықтан көбісі оны іздеді, әлі де іздеуде... Бірақ Шамбала ешқашан ешкімге әлемді жаулауға жол берген емес. Белгілі күштердің тепе-теңдігін сақтап отырған. Егер адам өзінің үлкен билік күшінің шыңында тұрып, әлемді билеу туралы өзінің арманын құлшыныспен орындауға тырысса, ол жай ғана өмір сүруін тоқтатқан... Билік басындағылардың көпшілігі өз қызметтері барысында Шамбала адамдарымен кездесіп олардың «өтініштерін» орындаған. Барлығы көмектесуге тырысқан, себебі адамзаттың білетінінен көбірек білу құмарлығынан бас тарту мүмкін емес... Сондай-ақ, қоғам жетекшілерінен басқа көптеген қарапайым адамдар да Шамбала білімін іздеген. – Сонымен, оны ешкім ешқашан таппады ма? – деп қызыға сұрады Костя. – Олай емес. Бұл жердегі парадокс: Шамбала ешқашан өзінің бар екенін жасырған емес. Егер бұл жалпы адамзат үшін, әсіресе Шамбала үшін жаһандық маңызды мәселеге қатысы болмаса, ол адамдардың ісіне белсенді араласпайды. Бірақ қажет болған жағдайда, оның ғылыми қоғамдастығы кіммен байланыс орнатуға болатынын өзі шешеді. –Ал солай дейік. Егер бұл данагөй ғибадатхана өзінің бар екенін жасырмаса, онда неге оны биліктің шыңында тұрған адамдар таба алмаған? Олардың қолында бәрі болды: технология, қаржы, адами ресурстар? - деп түсінбеген күйі Николай Андреевич сұрады. – Иә, сіз олардың қара жүректері мен ашкөз ойларынан басқаның бәрін тізіп шықтыңыз. Шамбаланың өзімен байланысқа түсетін адамдарға қоятын өзгермес шарты - олардың жоғары ар-ұяты және ой тазалығының болуы. Ең бірінше кезекте тек осы қасиеттерге ие адам ғана, өзін қызықтыратын білімді ала алады. Көрдіңіз бе, міне, біз тағы да бастапқы нүктесіне оралдық. Неліктен адам қолынан келсе де, өзінің бойындағы осындай керемет қасиеттерді саналы түрде дамыта алмайды? Себебі бойында эгоцентризм, бос әурешілік, ашкөздік, зұлымдық, қызғанышы жетерлік. Яғни, хайуан мінезі мен хайуани бастамасы тым көп. Егер ол психиканың оған түсініксіз осы бір ерекше құбылыстарымен бетпе-бет келсе, онда хайуани негізі өзінің логикасын іске қосып, санасында паразит ойлармен іске қосылған билік империясын жоғалтуға қорқады. Яғни, адамға жүргізген билігін сақтау үшін, қарапайым балалық сенім қажет жерге, қандай да бір мағынаны табуға немесе сыни тұрғыдан түсінуге тырысады. Әрине, кей жағдайларда, адамда аяқ астынан ерекше қабілеттері ашылады, мысалы, кез-келген жарақат алу, ауыр стресс немесе осыған ұқсас жағдайларда. Бірақ ... егер адамның санасында жаман қасиеттері басым болса, бұл неандертальдық адамның бұрағыш кілтін тауып алып, оның шын қолданылуын білмей, өзінің тайпаластарына қару ретінде пайдаланғаны секілді. Балалар күліп жіберді, ал Женька жымысқылана сұрады: – Немене, сонда басынан соғады ма? – Одан да жаман, аяқтың үлкен башпайынан. Сонда тайпаласы басын мүлдем ұмытып кетеді. – Ал егер сол сәтте адамда жақсы, мейірімді негізі басым болса ше? – деп қызыға сұрадым. – Егер адамда рухани негізі басым болса, түпсана деңгейінде жаңа ақпараттарды дұрыс қабылдап, өзінің ерекше қабілеттерін жақсы мақсат үшін пайдаланады. Себебі бұл жағдайда сенім білімді тудырады, ал білім сенімді күшейтеді. Сенімсіз әлемде ғажайыптар болмайды. – Қызықты ой, - деді Николай Андреевич, біраз үнсіздіктен кейін: - Біздің елде Сталиннің келуімен ерекше құбылыстарды зерттеу тоқтап қалды ма? – деп сұрады. – Керісінше, бұл зерттеулер одан сайын күшейе түсті. Және одан кейін де жалғасты. Бұған қызығушылық әлі күнге дейін сейілген емес. Бұл тақырыпта көптеген ғылыми институттар жұмыс жасауда. – Хм, бірақ мен әртүрлі институттардың белгілі ғалымдарының еңбектерін де, өз салам бойынша да зерттедім. Бірақ осыған ұқсас тақырыптармен кездескен емеспін. – Бұл таңғаларлық жағдай емес, өйткені бұл тақырып халықты басқарудың жасырын әдістерін зерттеуге қатысты. Осы жұмыстардың қаншалықты құпия сақталатынын менің ойымша сіз де жақсы білесіз. Мен сізге жоқ дегенде Владимир Михайлович Бехтерев атындағы Ленинград институтын мысал ретінде келтіре аламын. Айтпақшы, Бехтеревтың жұмысын немересі Наталья Петровна Бехтерева жалғастырды. Енді сол жерде миды зерттеумен тығыз айналысуда. Бұл институттың негізгі бағыттарының бірі - адам психикасының феномендерін зерттеу. – Бірақ Ленинград инситуты негізгі алдыңғы қатардағы..., - деп Николай Андреевич сөзінің ортасында бір нәрсені ұққандай тұрып қалды. Толқынысын басқаннан кейін, сөзін әрі қарай жалғастырды: – Ал жақсы, бірақ егер ол ұзақ уақыт зерттелген болса, оған әскерилер осыншама қызығушылық танытса және оған үлкен қаражат жұмсалса, демек психика феномендерін зерттеуде үлкен ғылыми жаңалық болуы керек. – Ғылыми жаңалық!? - деп Сэнсэй күліп жіберді. – Астары жасырылған нәрсемен қалай жаңалық болады? Олардың институты және әлемнің басқа ғалымдары да әлі күнге дейін ми деп аталатын салмағы бірнеше килограмнан сәл ғана асатын осы биомассаның феноменді құбылыстарын түсіндіре алмайды. Қаншама күш жұмсағанымен, бұл нәрсе жұмбақтардың жұмбағы болып қалды. Адамдар бас миына қарағанда, Ғарышты көбірек зерттеген. – Келісемін ... Бірақ сіз қазыналы ілімге тек адамгершілігі жоғары адамдар ғана қол жеткізе алады деп айтасыз. Бірақ ғалымдардың барлығы бірдей кеудесіне нан піскен, өзімшіл емес. Мысалы Бехтереваны алыңыз ... – Өте дұрыс. Егер сіз академик Бехтереваның адам және ғалым ретіндегі жұмысын мұқият қадағаласаңыз, өмір бойы адам миын зерттей келе, ми туралы, оның мүкіндіктері туралы аз ғана бөлігін білетіні туралы тұжырымға келгенін көресіз. Соған қарамастан ол миды қаншалықты терең зерттеген сайын, соғұрлым мидың ерекше күрделілігі және аса үлкен артықшылығына сүйене отырып, мидың шығу тегі басқа әлемнен деген қорытындыға, яғни негізгі ақиқаттың бастапқы көзіне келгенін көресіз. Және осы жайында көпшілікке жария ететініне үлкен сенімдемін. Мұны әлемдегі тек психиканы зерттеу саласындағы емес, басқа да жаратылыстану саласындағы ұлы ғалымдар да мәлімдеген. Мысалы, Эйнштейн, Тесла, Вернадский, Циолковский және басқа да есімдері үлкен әріптермен жазылған ғалымдар. Бұл тізім үлкен және оларды ұзақ айтып шығуға болады. Бірақ бұл адамдардың барлығы, адам бірегей және өте жұмбақ жаратылыс екендігі, Жер шарында қайдағы жоқ инфузория- туфелька, бір жасушалы организмдерінен эволюция арқылы пайда болмағандығы туралы тұжырымға келген! Біздер естігенімізге таңғала, үнсіз тұрдық. – Демек, ерекше қабілетке ие, феноменальді адамдардың күші олардың ойында жасырылғаны ма? – деп Костя қайталап сұрады. – Өте дұрыс. Ой - нағыз күш. Ол Адам өзі түсінгеннен де орасан зор. Адам ойы планеталарды жылжытып, тұтас Галактикаларды құруға және жоюға қабілетті, бұл басында Құдайдың өзімен дәлелденген. Николай Андреевич күлімдеді де, астарлы түрде: – Өте сенімді жауап, бастысы дауласа да алмайсың, - деді. – Ал, керек болса?! – деп Андрей өз кезегінде барлығымыздың таңданысымызды білдірді. – Ал неліктен біздер өзіміздегі осыншама орасан зор күшті сезінбейміз? – Себебі сіздер оған сенбейсіздер. – Осы-ақ па? Басы күрделі басталып, аяғы осыншалықты қарапайым біткені ме, - деді Костя. – Қайтесің енді, білімді танудың табиғаты осындай, - деп Сэнсэй күлімдеп жауап берді. – Жоқ, енді, бұл қалай, егер мен осындай зор күшті сезінсем, оған мен қалайша сенбеймін? - деді түсінбеген күйі Слава. – Барлығының мәні мынада жатыр, ең алдымен сенуің керек, содан кейін ғана сезінесің. – Ал егер мен сеніп, бірақ сезіне алмасам, онда не болады? – деп Слава тағы сұрады. – Егер сен шын ниетіңмен сенсең, онда міндетті түрде сезінесің, - деп Сэнсэй жауап берді де: - Ал жарайды, ұзақ уақыт сөз таластыруға болады, бірақ енді медитациямен айналысайық, - деді. – Медитация дегеніміз не? – деп Татьяна сұрады. - Мен бұл транс жағдайындағы психикалық жаттығу деп оқыдым. Бірақ бұл не, мен түсінбедім... – Қарапайым сөзбен айтқанда, жәй ғана медитация – бұл ойдың жаттығуы, ал тереңірек рухани жұмыс (немесе тәжірибе) – бұл рухыңды тәрбиелеу. – Сонда не, рух пен ой бір емес пе? – деп Костя тағы да шықты. – Жоқ. Алыс емес жерде тұрған мысық, ыңғайлы отыруға тырысып қимылдағанын байқадым. – Қазір біздер Ци энергиясын басқару үшін, ең қарапайым түрі адам назарын (зейінін) жинақтау (консентрациясын немесе бағыттау) медитациясын жасаймыз. Бірақ кешігіп келгендер үшін тағы бір мәрте қайталап кетейін. Материалдық тәннен бөлек, адамда тағы да энергетикалы тән болады. Энергетикалдық «дене» аурадан, чакран, энергетикалық каналдардан, меридиандардан, энергия сақтайтын арнайы резервуарлардан тұрады. Әрқайсысының өз атауы бар. Олармен сіздерді медитацияға байланысты жұмыс барысында таныстырамын. – Ал, чакран дегеніміз не?- деп сұрадым. – Чакран - бұл адам тәніндегі әр түрлі энергиялар кіретін және шығатын өте кішкентай нүкте. Оның жұмыс жасауы сіздерге түсінікті болуы үшін... Ол фотоаппараттағы диафрагма секілді жұмыс жасайды. Көрдіңіздер ме? Бәріміз мақұлдағандай басымызды изедік. Сол секілді чакран лезде ашылып және лезде жабылады. – Сонда қалай, барлық энергия сол уақытта шығып үлгереді ме? – деп Слава таңғалды. – Бұл енді бір шелек су құйғандай емес. Адам – энергоматериалды жаратылыс. Материя мен энергия өз уақыты мен заңдылықтарында жұмыс жасайды. Бірақ толықтай өзара байланыс пен өзара тәуелділікте болады.Тағы да сұрақтар бар ма? – Ешкім үндемейді ме? – Ендеше кірістік. Қазір сендердің міндеттерің, іштеріңдегі ауа қозғалысын сезіну, Ци қозғалысы. Барлықтарыңыз өзімізді керемет түсініп сезінеміз деп ойлайсыздар. Бірақ мысалға аяқтарыңыздың башпайларын көре алмайтындарыңызға мен сенімдімін. Неге? Себебі сіздерде ішкі көру түйсігі жоқ. Ал ішкі көру, ішкі сезім сияқты уақыт өте келе күнделікті жаттығулармен дамиды. Сондықтан біздер ең жеңілі әрі ең қарапайымынан бастаймыз. Ойымыз бен сезімімізді бақылауда ұстап: оларды тудырып және басқаруға тырысамыз. Сонымен ыңғайлырақ тұрыңыздар, босаңсыңыздар... Өз эмоцияларыңызды тыныштандырыңыздар. Еш нәрсе алаңдатпауы үшін көздеріңізді жұмсаңыздар болады. Барлық ойларыңыз бен дүниелік мәселелеріңізді бос кеңістікке ерітіп жіберіңіздер... Бұл сөздерді естіген бойда мен үйдегі ұсақ-түйек істердің бәрін есіме түсірдім. – Тьфу саған! Не деген бассыз ойлар, - деп ойладым. – Ерітіңдер деп айтып жатқан жоқ па. Мен тағы да еш нәрсе ойламауға тырыстым. – Назарларыңызды мұрынның ұшына аударыңыздар. Көзімді жұмып, ішкі сезімге сүйене отырып, мұрнымның ұшын «көруге» тырыстым. Көздерімнен жеңіл қысым сезілді. – Асықпай, біртіндеп терең дем аламыз. Бірінші қарынның төменгі жағымен, кейін қарын, сосын иығымызды көтеріп кеудемен... Демді аздап ұстаймыз... Демді баяу шығарамыз... Ішкі көзімізбен назарымызды тек мұрынның ұшында ұстаймыз. Сіз өзіңіздің мұрныңыздың ұшы әрбір дем шығарған сайын жанып тұратын кішкене шам немесе кішкене от секілді сезініп, елестетулеріңіз керек... Дем алу... дем шығару... Дем алу... дем шығару... Кішкене от барған сайын күшейе түсуде... Басында мұрнымның ұшы аздап қызып, жыбырлағанын сезіндім. Мені материалды, құдды бір су құйылған құмырамен толдырғандай сезімде болдым. Кейін маған мұрынның ұшы шамамен тұрған жерде, қараңғыда оның ішкі бөліктері алшақ орналасқан, қызғылт түсті кішкентай дақ тәрізді контур пайда болды. Бірақ бастапқы уақытта ойымды нақты жинақтай алмадым. Ақыры оны жинақтаған кезде, ол ішкі жағынан жарқырай бастады. Және дем алған кезде жарық тарылып, дем шығарған кезде күшейе түсті. Дем алуды енді ғана үйрене бастаған уақытта Сэнсэйдің дауысы естілді. – Енді назарларыңды медитацияның басқа бөлігіне аударыңдар. Алақандарыңды жерге қаратып, қолдарыңды сәл алға көтеріңдер. Дем алуды әдеттегідей жасаймыз: қарынның төменгі бөлігі, қарын, кеуде. Ал демімізді иықтарымыз арқылы қолдарымызға, қол чакрандары орналасқан алақан ортасына бағыттаймыз. Ал олар арқылы жерге жібереміз. Елестетіңіздер, қолдарыңызға бір нәрсе құйылып жатыр, Ци энергиясы, жарық немесе су секілді, кейін олар жерге төгіліп жатыр. Бұл ағын іштің төменгі жағынан кеудеге көтеріледі де, кеудеден екі ағынға бөлініп, иық, қол, алақан арқылы жерге ағып жатыр. Бүкіл назарыңызды осы қозғалыс сезіміне аударыңыз ... Дем алу ... дем шығару ... Дем алу ... дем шығару ... Менде: «Қолмен дем алу дегені несі? Сонда қалай?» деген ой жылт ете қалды. Тіпті аздап сасқалақтадым. Сэнсэй менің шатасып тұрғанымды сезіп, қасыма келді де, алақанын тигізбей алақаныма қойды. Бірнеше уақыттан кейін алақандарым от пеші секілді жылынып, өз ортасынан қызуын екі шетіне таратты. Және ең таңқаларлығы, мен иығымнан кішкене жылы ағындардың қалай ағып жатқанын сезіндім. Шынтақ аймағында олар жоғалды, бірақ мен олардың алақаннан шыққанын жақсы сезіндім. Жаңа ерекше сезімге батқан мен, Ұстаздың қалай кетіп қалғанын байқамай қалыппын. – Ал керек болса! – деп ішімнен ойладым да, - Ал мен бұны қалай жасап тұрмын? – деп өз-өзіме сұрақ қойдым. Өз ойларыммен арпалысып жатқан кезде ағындарды сезінуім жоғалып кетті. Тағы да ойымды жинақтауға тура келді. Жалпы сәттілік кезектесіп отырды. Тағы бір мәрте талпыныс кезінде Сэнсэйдің дауысын естідім: – Алақанымызды жабамыз, қолымыз алдымызда. Қол чакрандары жабылып, энергия қозғалысын тоқтату үшін қатты-қатты қысыңыздар. Екі рет тездетіп терең дем алыңыздар да, дем шығарыңыздар... Қолдарыңызды жіберіңіздер, көздеріңізді ашыңыздар. Медитациядан кейін өз әсерлерімен бөлісе бастағанда, мен әркім өзінше сезінгенін түсіндім. Мысалы Татьяна «жарықты» көрмеген, бірақ қолдарынан ағынды сезінген. Ал Андрейдің аяғы дірілдеп, басы айналған. Ал Костя иығын көтеріп: – Мен ерекше ештеңе сезбедім, тек кейбір тітіркену сезімі болмаса. Ал бұл ағзаның оттегімен қанығудағы қалыпты реакциясы. – Үшінші, төртінші рет дем алғанда солай, - деп жауап берді Ұстаз. – Бірақ бірінші Ци қозғалысының алдында мида ой фиксациясы (бекітуі) жүреді. Егер сіз өзіңізді тыңдап, босаңсып, терең тыныс алсаңыз, онда адам бірден басының жыбырлағанын немесе толғанын (распирание) сезінеді, яғни ол жерде белгілі бір процесстер жүре бастайды. Және дәл осы процессті сізге түсініп, ол жерде ненің қозғалғанын әрі оны басқаруды үйрену қажет. – Неге менен ештеңе шықпады? - деп киіген Славик сұрады. – Ал сен не ойладың? - деп Сэнсэй әзіл-шыны аралас сұрақ қойды. Одан әрі қарай жігіттің әңгімесінен белгілі болғандай, ол өзі бір белгісіз ғажайыпты іздегендей не күтерін білмеген. Оған Сэнсэй: – Дұрыс, себебі сен өз ойыңды өзіңмен жұмыс жасауға емес, бір ғажайыпты күтуге аударғансың. Бірақ оны өзің жасамай, ғажайып болмайды... Дұрыс тыныс алып немесе бір нәрсеге ойыңды жинақтағаннан ғажайыпты күтудің қажеті жоқ. Жоқ. Ең басты ғажайып – ол сен, Адам болуың! Ал үлкен рухани Өнердің барлығы неге әкеледі? Басында берілген ілімдерді есіне түсіріп, біртіндеп оянып адамнан Адамға өзгеруі (кіші әріппен жазылатын адамнан, үлкен әріппен жазылатын Адамға айналу). Бұл медитациялар – бұрын өзі білген және жасай алған, ұзақ уақыт бойы ұмытылған және жасырылғанды еске түсіріп, рухани ұйқыдан оянудың жәй ғана тәсілі. – Қалай білген? - деп Славик түсінбей сұрады. – Қалай? Мысалға, кез-келген адам жаза да, оқи да, санай да алады, әрине егер, психикалық ауытқулары болмаса. Солай ма? – Солай. – Бірақ оны алдымен үйрету керек. Ал кейін өзі еш қиындықсыз оқи да, санай да алады. Және сол сияқты. Яғни ол нақты біледі, мысалыға бірге бірді қосқанда екі, екіге екіні қосқанда төрт. Кейін оған ол соншалықты қарапайым әрі табиғи сияқты көрінеді! Бірақ басында оған бәрін үйретті, ал шындығында ол тек ұмытқанын есіне түсірді. Бұл түпсананың (подсознания) жасырын мүмкіншіліктері. Немесе физиологиялық деңгейге байланысты тағы да мынадай мысал бар. Жүзіп білмейтін адамды суға лақтырса, ол батады. Ал жаңа туған нәрестені бассейнге салса, кез-келген аң секілді жүзе алады. Және ол бірнеше рет дәлелденіп, суда босану арқылы расталған. Демек оның рефлекстері болғаны ма? Болғаны. Кейін тек ұмытылады. Осылайша адам өзінде біраз нәрсенің бар екенін білмейді. Бірақ... Мұның бәрі тек оң факторлар да ғана жұмыс істейді. Ал егер дүниелік мүдделерге басымдық берсе, мысалы біреуді немесе біреулерді қалай қашықтықтан энергия беруге болады деп алдаса, барлығының қасығын майыстырып, олар оған сол үшін ақша лақтырса, ол адамнан ешқашан ештеңе шықпайды. Тек адам өз ойларын бақылауда ұстап, өзінен үлкен әріптермен жазылған Адамды жасаған кезде ғана қолынан бір нәрселер келеді. – Демек, рухани практикалар (тәжірибелер) адамды ояту құралы болғаны ма? - деп сұрады Андрей. – Өте дұрыс. Рухани практикалар (тәжірибе) – өз санаңды ретке келтіретін жай құрал ғана. Ол құралды қалай қолдансаң, нәтижесі де солай болмақ. Яғни, бәрі шебердің өз қалауы мен шеберлігіне байланысты. Ал бұл құралды қолыңда ұстау үшін, ойыңды бақылауда ұстап, оны жинақтап, ішкі көзіңмен көруді үйренуің қажет. Біздің жағдайымызда өз тыныс алуымызды бақылауда ұстап, демді қол чакрандары арқылы шығаруды сезінуге үйренуіміз. Содан кейін ішкі, жасырын энергияны басқару үшін белгілі бір сезімдерді оятуды үйрену керек. – Меніңше бұл галлюцинация, - деді Костя. – Иә галлюцинация, егер галлюцинация ретінде қабылдасаң. Ал егер сіз бұл энергияны шынайы күш ретінде қабылдасаңыз, онда шын күш болады. – Біртүрлі. Неліктен? – Себебі, тағы да қайталап айтамын, козғалысты ой басқарады, ал энергия ол қозғалыс. Бары осы ғана. Бәрі өте оңай. Біздің кішкене үнсіздігімізден кейін, Николай Андреевич: – Ал психологиялық тұрғыдан осының барлығы объективті фактор ма, әлде субъективті сезім бе? Мысалы мен мұрнымның ұшындағы ой жинақтауымды анық сезіндім. Бірақ қолымдағы қозғалысты тек назарымды аударған жерлерде ғана сезіндім, - деп сұрағын қойды. Сэнсэй психотерапевтке мен үшін түсініксіз психология ғылымының термин сөздерімен түсіндіре бастады. Олардың әңгімелерінен түсінгенім бойынша, экстрасенсорлық мәселелерде, оның ішінде әртүрлі ауруларды емдеу және диагноз қою тақырыптарын қозғады. Соңғысы мені қатты қызықтырды. Осы талқылау кезінде, басқа балалар тыңдап жатқанда, Слава алақандарына мұқият қарап шықты. Әңгімеде ұзақ үзіліс пайда болған кезде Славик өзінің сұрағын қоюға асығып: – Мен чакран туралы мүлде түсінбедім. Сіз ол жерде ашылу нүктелері болады дедіңіз. Бірақ алақанда ештеңе жоқ! - деп сұрады. Үлкен балалар күлді. Сэнсэй: «Әрине, көзге көрінетін ол жерде ештеңе жоқ», - деп жауап берді. Славаның қасында тұрған Женька шыдай алмай, қолын бұрып дәрігер секілді мұқият қарап: – Сонымен пациент. Ал сіз сүйектер мен сіңірлерді көріп тұрсыз ба? – Жоқ, - деп әлі де түсінбеген күйі Слава жауап берді. Женька еріндерін қысып, өкінішті түрде: – Үмітсіз! – деді. Балалар күлді. – Түсінесің бе, чакрандар – адам денесіндегі белгілі бір аймақтар, - деп Ұстаз сабырлы түсіндірді. – Жылуға сезімталдық жоғары жерлер. Олар, әрине, көрінбейді, бірақ қазіргі заманғы құрылғылармен олардың бар екенін тіркеуге болады. Сен үшін де, ғалымдар үшін де бұл аймақтар әлі күнге дейін жұмбақ: жасушалары байланыстары да бірдей, ал сезімталдығы жоғары. Неліктен? Себебі бұл жерлерде чакрандар орналасқан. Ал чакран бұл адамның астралды денесіне жатады, яғни басқа, анағұрлым тереңдетілген физикаға. Ой адамның астралды және материалды денесінің байланыстырушы буыны. Сондықтан ойды басқаруды үйрену өте маңызды ... Сол кезде сен бойыңдағы Ци энергия қозғалысын басқара алатын боласың. Бұдан әрі үлкен балалар әңгімеге қосылып, медитацияның кейбір сәттерін талқылады. Кездесуіміздің соңында Сэнсэй Женя мен Стасқа біздерді аялдамаға дейін апарып, көлікке отырғызып жіберуді арнайы тапсырды. Ешқандай қылтың-сылтыңсыз (фокуссыз), - деп Сэнсэй Женьяға әзілдеп сес көрсетті. – Дәл солай, ешқандай қылтың – сылтыңсыз! (отрапортовал тот под козырек, – есть без всяких кусофов!) Сэнсэй үмітсіз қолын сілтеді. Тобымыз күлкімен жолға қарай қозғалған кезде, Ұстаз мысығын шақырды. Бірақ мысық басқа бағытқа кетті. Сэнсэй ұстап алғысы келіп еді, бірақ олай болмады. Тентек мысық бұталар арасына секіріп кетті. Сэнсэй тізерлеп отырып, оны шығарып алмақшы болды. Осы сәтті пайдаланып, Ұстазға көмектеспекші болып қасына келдім. – Ал сіз диагноз қоя аласыз ба..., - деп енді сұрай беріп едім, Сэнсэй сөзімді аяқтамастан жауап берді. – Сен басыңдағы жараны айтасың ба, күнім менің?.. Самурай! Тағы да өрмелейін дедің бе. Ой тентек. Ал қане, шық! – Оны қайдан біледі, - деп қатты таңғалдым. Үміттене отырып ішімнен: «Егер ол туралы білсе, мүмкін онымен күресуіме көмектесер», - деп ойладым. Игорь Михайлович сұрады: – Экскулаптар қандай диагноз қойды? (Экскулап – дәрігер (ежелгі рим мифологиясындағы емдік құдайының аты) – Ата-анам қорқатындай еш нәрсе жоқ, тамырларына бір нәрсе болған дейді. Бірақ анамның профессормен әңгімесін естіп түсінгенім, басымда қатерлі ісік бар. Және жақын арада өзін қалай көрсететіні белгісіз. – Үлкен аргумент, - деп айтты да, қолын сілкіп бұталар жаққа қарап: - Ал жарайды, қалағаныңша отыр. Тоңғасын өзің келесің! – деді. Сэнсэйдің мысықпен «алысқанын» көрген топ, аулау қызметін ұсынып қайта келе бастады. – Қоя беріңдер оны. Үйге өзі-ақ жүгіріп келеді, - деп Сэнсэй қолын бір сілтеді. Менің өкінішіме орай, сөйлесуге болатын аз ғана уақыт аралығын Сэнсэй екеуміз тыныштықта өткізіп, басқаларына қосылдық. Мен Сэнсэйден қандай да бір реакциясын, жанашырлығын, мүмкін емделуге деген үмітті күтіп едім. Менің, міне ол енді бір нәрсе айтады деген ойым босқа болып шықты. Барлығына жауабы үнсіздік болды. Балалармен ортақ әңгіме арасында, аз да болса ақыл-кеңесін, моральдік қолдауын еститін шығармын деген ішімде кішкене ғана үмітім жасырынды. Бірақ ол жәй ғана барлығымен қалжыңдасып, көпшіліктің күлкісімен әзіл әңгімелер айтып келе жатты. Бұл менің түпкілікті ызамды келтірді. 10 Жол бойы қатты ашуға ерік бердім. Ал үйде тіпті өзімді қоярға жер таппадым. «Бәрі бітті, бәрі бітті! - деп іштей ойладым. – Аз да болса шын үміт пайда болып еді: тағы да бәрі құрдымға кетті. Барлығы мені шаршатты, барлығынан шаршадым. Бұл әлемдегі барлығының еш мәні жоқ! Мен енді шыдай алмаймын, күшімнің бәрі сарқылды... Мына ақымақ сабақ пен өмір үшін күрес, еш мәні жоқ жаттығулар мен (сабақтармен) немқұрайлы Сэнсэй барлығы көгілдір жалынмен өртенсін. Барлығының соңы бір!» Бірнеше уақыттан кейін менің қиялым қорқынышты қылып өзімнің жаназамды, анамның, жақындарым мен достарымның жылаған ащы көз жастарының суретін салып жатты. Мен өзім жатқан табытты қалай шегелеп, ылғал тартқан қабірге түсіріп, топырақ тастап жатқандарын анық елестеттім. Айнала жанды қысқан қара түнек. Үмітсіздік пен шарасыздық. Бітті (и все)! Әрі қарай не болады? Ол жақта, жоғарыда өмір ағыны қайнап жатыр ма екен? Және осы мезетте санамда басқа бейне пайда болды. Барлығы бұрынғыша, еш нәрсе өзгермеген. Ата-анам әдеттегінше жұмыстарында. Достарым сабақтарына барып жүр. Жүздері жадыраңқы, бітпейтін әзілдеріне күліп, көңілді жүр. Ал Сэнсэй баяғыша қызықты жаттығуларын өткізіп, таңдана қараған балаларға олардың мүмкіндіктерін айтып, көрсетіп жатыр. Бұл әлемде еш нәрсе өзгермеген! Тек мен ғана жоқпын. Реніштісі де, қайғылысы да - осы. Бұл менің ғана трагедиям. Түптеп келгенде менің ойларым, менің бастан кешкендерім, менің білімім мен жеке өмірім, менен басқа ешкімге керек емес екен. Жалғыздықта өмірге келіп, жалғыздықпен өмірден өтіп барамын. Ендеше осылай бос өмір сүрудің не мағынасы бар? Адамдар неге туылады? Өмір оларға не үшін беріледі? Басымда өмір философиясы және көп бөлігі өлімнен қорқу философиясынан туған осындай «сорпа» қайнап жатты. Мені ауыр мұң басып, арты тез депрессияға ұласты. Бір күнге жетер-жетпес уақытта жаман ойларымның қысымына шыдай алмай тез «берілдім». Денсаулығым күрт нашарлап, жаман бас ауруым қайта басталды. Соның кесірінен сабаққа да, мектептегі үйірмелерге де, тіпті өзімнің жақсы көретін би үйірмесіне де баруымды қойдым. Маған бұл әлемде еш нәрсе керек емес еді. Бірақ... Жаңа жаттығудың уақыты келе жатты. Қанша жағымсыз эмоцияларым болса да, ішкі жан дүниемнің тереңінде (жүрегімнің түбінде) өз күшіме деген нық сенімділік пен мызғымас тыныштық қалғандай. Осының арқасында өзіммен-өзім жаттығуға бару-бармау туралы дауласқандаймын. Осы ішкі сезім неге екенін қайдам мені қатты мазасыздандырды. Күмәндарыма соңғы нүктені, үйіме іздеп келген достарым қойды. Оған дейін мен бару туралы тіпті ойлаған жоқпын. Олардың жұқпалы күлкісі, болмашы ұсақ-түйек мәселелерді талқылауы және үйде жасаған медитациядан алған әсерлері туралы бөлісуі, мені ауыр ойлардан алаңдатып, аз да болса көңіл-күйімді көтерді. Ақыр соңында балалар мені жаттығуға өз «зиратымнан» алып шығып, мені таза «алдаушы» деп жариялады. Ал Андрей болса өзінің шешен мысалдарымен осы тақырыпта тұтас дәріс оқып, соңында қорытынды жасады: – Мектептегі сабақты жіберсең түсінер едім. Іш пыстырарлығы белгілі. Бірақ жаттығу?! Бұл бірде-бір кітаптан оқи алмайтын, бірде-бір кинодан көре алмайтын нағыз шытырман оқиға емес пе! Және өте қызықты әрі танымды! Ал сен маубас «қаламаймын, бармаймын» дейсің. Осылай өміріңнің ең жақсы жылдарында ұйықтап, кейін айтатын еш нәрсең болмай өтеді. – Угу, әрине егер бұл «кейін» әйтеуір бір күні келсе, - деп ішімнен түнере ойға баттым. 11 Біздер әдеттегідей ерте келдік. Балалар Сэнсэймен амандасып, киім ауыстыру бөлмесіне кетті. Ал мен басым салбырып арттарынан еріп келемін. Кенет жақын жерден Сэнсэйдің дауысын естідім. – Жарайсың! Өзіңді жеңдің. Мен аяқ астынан айтқан сөздеріне не істерімді білмей, көзіне таңғала қарадым. Оның мұқият қараған көзқарасынан мейірімділік пен жылылық (участие) сәуле шашады. Және әдеттегідей толық ес жиюға мүмкіндік бермей: – Ал енді жүгір, киіміңді ауыстыр, - деді. Осы кезде Ұстазға жаңадан бір топ балалар келіп амандасты. Сэнсэйге өздерінің кейбір мәселелері туралы айта бастады. «Ал керек болса, - деп басымда бір ой жылт ете қалды. – Ол шынымен де менің барлық ойларым, күмәндарым, қиналғаным туралы біледі ме?! Егер білген болса, бұл қалыпты шығар, мүмкін осылай болуы керек шығар? Ол маған жарайсың деді, ендеше әлі де кеш емес». Дегенмен Сэнсэйдің айтқан сөздері маған, кемпірге жастық элексирін бергендей әсер етті. Аз уақыт бұрын ғана еңсемнің суға кетіп, сынып, өмірден шаршағанымды ұмытып, лезде киім ауыстыру бөлмесіне қарай жүгірдім. – Қайда асығып барасың? – деп Татьяна менің кимономен жүгірген сұмдық жылдамдығымды түсінбей сұрады. - Сен де қатырасың. Жаңа ғана құлағалы жүр едің, ал енді жаттығу залының шаңын шығарып жүгіріп жүрсің. – Эх, Татьяна! Андрей айтпақшы, бізге мұңды болу жарасады ма, - деп күлімдедім. Таңырқай қараған жүзіне қарап тағы да: – «Мақсатсыз өткен жылдарға, жанды қинайтын ауыртпашылықтың болмауы үшін» өмір сүруге асығамын, - деп қостым. Татьяна күлімсіреді, ал мен кеудемді толтырған, қайнаған сезіммен жаттығу залына атып шықтым. Шынымды айтсам, шаршаған денемнен мұндай ептілікті күткен жоқпын. Ол қайдан пайда болды? Жаттығудың басталуына бес минут қалған кезде, Стастың қасында жаттығып жатқан Женька есік жаққа қарап, голливудтық күлкісімен жарқырап сала берді. – Ба, мен кімді көріп тұрмын! Біздің жақта қандай адамдар жүр, - деп қолын жайды. Жаттығу залына бойы ұзын емес, мығым денелі, жүзі жігерлі әскери киімдегі жігіт кірді (военный выправка). Женьканың таңғалған даусына басқа жаттығушылар да бұрылып қарады. Сэнсэй үлкен балалармен қасына барды. – Володя, сәлем! – Оралуыңмен! – Сені көргеніме қуаныштымын! Кездесудің көңіл-күйі біршама басылған соң, Сэнсэй: – Ал жылы өлкеге жұмыс сапарың қалай өтті? Шипажайда сүйектеріңді қыздырдың ба?! –Угу, қуырылғандаймын. Мұндай жұмыс сапарларының адырамы қалсын. Бұл басыңда мұң болмаса, басшылық оны табуға көмектеседі деп аталады. – Ал ол жерде не болды? – деп Женя қызығушылықпен сұрады. – Сен не теледидар көрмейсің бе, ауылбай? – деп Стас күле сөйледі. – Немене, немене? Қандай-мандай теледидар? Есіңде болсын, біздің ауылда жаңалықтар тек бір ғана жолмен – өсекпен таралады. Ал егер біреу сөзді түсінбесе немесе ойлана алмаса, жұдырықпен құлақ шекеден бац, осылай бауырлардың басына ақыл кіреді. Солай! Жігіттер күлді. Ал Женя болса діни поп қызметкеріне айналып: – Ал сен ұлым, теңіздің арғы жағындағы қиыншылықтарыңды, тамұқтағы қайғылы істеріңнің маңыздысын айтып, шеріңді тарқат. Жеңілденіп қал, – деді. – Ой, Женька! Сені тіпті қабір де дұрыстай алмайтын шығар, - деп Володя барлығымен күлді де: - Не айтатыны бар. Чуркаларды шайтан ұрғандай, бір жапырақ жерді бөлісе алмай. Қандай шипажайды бүлдірді! – Олар лап етуге құмар, – деп Витя да қоштады. – Бұл олардың қанында бар. – Иә, – деп Женя созғыштап айтты. – Халық қанды қырғыннан құтыла алмады, құтыла алмады... Сенің де тісің тісіңе тимей қорыққан шығарсың? – Қартым, біз бұлай үйренісе алмаймыз. Шай бірінші емес (берілмейді), - деп Володя оны күлкілі мазақтады. – Жарайды, жігіттер, тағы да айта жатармыз, - деп Сэнсэй алған әсерлерді бөлісу мен әзіл әңгімелерді тоқтатты. – Жүгір, киіміңді ауыстыр, жаттығуды бастау қажет. Қыздырыну белсенді, орташа қарқынмен жүргізілді. Менің байқағаным, Володя денесі жалпақ жігіт болса да, қар барысы секілді жұмсақ әрі жеңіл қозғалады екен. Негізгі топ басты әдістерді қайталауды аяқтаған кезде, Володя «жылдам жігіттермен» бірге Сэнсэймен эмоционалды әңгіме айтып жатты. Жаттығуларымызды аяқтап, біздер де оларға қосылып әңгіменің мәнін білуге асықтық. – Ол жерде бір нәрсе жасау мүмкін болды ма? – деп Володя қызулы сұрады. – Негізгі жұмыс түн мезгілінде болды, тас қараңғылықта, көбіне жертөлелерде. Ол жерде фонарик шамын жақпақ түгелі, темекі тарта алмайсың, лезде басыңа қорғасын оғын аласың. Осының кесірінен қаншама жігіттер ажал құшты. Ол жерде кез-келген дауысты атуға тырысасың. – Бірақ, сендерде арнайы қараңқылықта көретін құрылғы болуы керек емес пе, – деді Стас. – Иә, оны тек кинодан көрсетеді. «Альфа» тобында болса болған шығар, ал бізде ол қайдан болсын. – Саған арнайы құрылғының не керегі бар? – деді Сэнсэй. Адам мүмкіншіліктері кез-келген теміріңнен артық. Володя сәл ойланып, аздан соң: – Иә, мен не істемедім. Басында қараңғылыққа тез үйрену үшін, көзімді де қатты қысып жұмып-аштым. Жігіттермен бірге қараңғылықта есту қабілетін де жаттықтырдық. Бірақ бәрі зая болды. Қаншалықты дайын болғанымызға қарамастан, бәрібір көп жағдайларда кенеттен болған факторлар жұмыс жасап кетті. – Көру мен есту қабілеттерінің бұл жерде абсолютті қатысы жоқ, - деді Ұстаз. – Адамда басқа сезімдік қабылдау бар, соның арқасында сен айналаңдағы, өзің қалаған қашықтықтағы бар кеңістікті бақылауда ұстай аласың. Володя Сэнсэйге таңғала қарады: – Сэнсэй көрсетші, - деп алақанын жүрегіне қойып, күлімсіреп: - Сіздің мысалдарыңызды жанымыз қатты аңсады (шөлдеді), - деді. Сэнсэй күліп, қолын келіскендей сілтеді: – Ал жарайды, камикадзе, кеттік... Володя жігіттермен бірігіп, Сэнсэйді қалай бағытынан шатастыру үшін толыққанды жоспар құрды. Бұл мезетте болғалы жатқан ерекше көрініс құмарлығы (азарт) барлық жаттығушыларды жайлады. Біреуі Сэнсэйдің көзін байлау үшін қалың шарф әкелді де, оның жарықты өткізбейтінін бірнеше мәрте өзіне тексеріп көрді. Басқалары шулы кедергілері мен ауа дірілдерін қалай жасау керектігін талқылап жатты. Ал біздер Стастың қасында осы қызықты процесті қызығушылықпен бақылап тұрдық. – Ал бұл Володя деген кім? – деп сұрады Андрей. – Володя? Ол Сэнсэйдің досы. Алғашқы шәкірттерінің бірі. – Ол Сэнсэйде қашаннан бері жаттығады? – Енді бес жылдай. Сэнсэйге келген уақытымда, ол енді ғана әскерден келген. Ал былай жалпы әскерге кеткенге дейін Сэнсэйдің қол астында жаттыққан. – Байсалды жігіт, спортшы, - деді Андрей. – Иә, менде солай ойлаймын. Володя самбодан спорт шебері. Теңіз күштерінде, барлау қызметінде әскери борышын өтеген. Әскерден соң – Ішкі Істер Министрлігінде. – Кім болып жұмыс жасайды? – деп сұрадым мен. – Қазір, жаңадан құрылған арнайы жасақтың дайындығымен айналысады. Кішкене үнсіздіктен кейін: – Тегін адам емес! (Этот гусь еще тот!) – деп қосты. Володяның басшылығымен біздің үлкен коллективіміз, жаттығу залының шетіне жайғасып, үлкен шеңбер құрды. Сэнсэй ортасына шықты. Володя өз қолымен шарфты көзіне байлады да, ашық болуы мүмкін барлық жерді мұқият жапты. Осындай дайындықтан кейін топ арасына сіңісіп кетті. Осы мезетте Сэнсэй біртүрлі тұрысқа ауысты. Ол қиялындағы таяғына сүйеніп, демалып тұрған жолаушыға ұқсады. Женя бір нәрсені күткендей екі қолын бір-біріне ысқылай, қуана: - Қазір бір қызықтың болайын деп тұрғаны анық, - деді. Сэнсэйге мұқият қарап тұрған Стас: - Бұл нақты, - деп растады. – Бұл қандай ұрыс тұрысы (стойка)? – деп сұрады Андрей. – Егер мен дұрыс түсінсем, бұл «Ескі Лама» (Старый Лама) ұрыс стилінен, - деп жай дауыспен жауап берді. – Бұл ұрыс стилі туралы ешқашан естімеппін. – Хм, енді естуіңде екі талай. Бұл ежелгі жоғалған ұрыс стилі. Оны, Сэнсэй айтпақшы, Иса пайғамбар дүниеге келмей тұрып ұмытқан. Бүгінгі күнге дейін тек бейшара көшірмелері ғана бар мектептері жеткен. Қытай елінде бұл «Айдаһар» ұрыс стилі деп аталады. – Ал керек болса! – деп таңғалды Андрей. – Бейшара көрініс! Менің білуімше «Айдаһар» ең мықты ұрыс стилі, өйткені ол өзіне барлық ұрыс өнері мектептерінің даналығы мен күшін біріктірген... Сэнсэйге қарады да, тағы да: – Ал сен осы ескі ұрыс өнері стилі туралы қайдан білесің? – деп сұрады. – Иә, екі жыл бұрын оны көру бақыты бұйырды. Бұл жерге бірнеше туристер келген. Сэнсэй қонақжайлылықпен «Ескі лама» ұрыс стилімен қарсы алды. Сендерге айтайын, көз алмас керемет көрініс болды! Осындай жарнамадан кейін өзіміз үшін ерекше әсерлі сәттерді жіберіп алмау үшін, екі көзіміз Сэнсэйде болды. Осы мезгілде Володя сигнал беріп, жиналған барлығымыз құлақ тұндырар шу мен берекетсіз қол шапалақтап, аяқтарымызбен жерді тепкілеп қатты дауыстар шығардық. Осы сәтті пайдаланып, Володя Сэнсэйге сағат тіліне қарсы бағытпен айналып жақындай бастады. Оның (арнайы жасақ жауынгерінің) қимылы жеңіл әрі жұмсақ болды. Шабуыл секірісіне оқталған қабылан секілді, шартты қарсыласына жақындай түсті. Володя Сэнсэйдің артқы оң жағына кіріп, тез әрі жеңіл қадамымен басына маваши-гэри соққысын бағыттады. Дәл сол мезетте Сэнсэй оң аяғын артқа қойып және айналған кезде оның оң қолы доға секілді айналып, алақанының шетімен Володяның бетін сәл ғана сипап өтті. Сэнсэй мен күткендей соққы жасаған жоқ, тек жәй ғана қауырсын секілді сипап өтті. Бақылап көріп отырғандардың бақырайған көздеріне қарасақ, бұл кездейсоқтық немесе қате болған жоқ. Сэнсэйдің барлық қимылдары оңай, бірқалыпты (плавно), ерекше мұқияттылықпен жасалды. Ал Володя жәй ғана жанасқан соққыдан, зеңбірек оғы тигендей ұшып кетті. Аяқтары лезде жоғары көтеріліп, басынан аса айналып, еденге бар күшпенен гүрс ете құлады. Жаттығу залында тұнық тыныштық орнады. Володя қимылдап, еденге отырды. Адамдар арқасынан ауыр жүк түскендей дем алып, болған көріністі талқылап, шу ете түсті. – Ол қалай құлап үлгерді? – деп Андрей Костядан сұрады. Ол иығын көтерді. – Мүмкін жәй ғана тепе-теңдігін жоғалтқан шығар. Бір аяқпен тұрды ғой. Сірә, солай шығар, соққы жеңіл болған сияқты. Тіпті соққы деп айтуға келмейді. Сэнсэй шарфты шешіп, Володядан: – Суицидник (өзіне қол жұмсаушы), тірімісің? – деп сұрады. Оң көзін қолымен ұстап: – Тірімін. Түсінбедім, қай жерден қате жібердім? – деді. – Сенің қателігің, өзіңнің ойыңша ең қорғалмаған осал жерден шабуыл жасауыңда. – Иә, солай! – Сондықтан сен қақпанға түстің! Егер сен бірден бетпе-бет шабуыл жасаған кезде, оң жақтан немесе артқы жақтан шабуыл жасағаннан гөрі ұрыста жеңу мүмкіндігің көбірек болар еді. Ал егер артқы сол жақтан шабуыл жасасаң, онда жағдайың мүлде қиын болар еді. – Бірақ, неліктен? – Себебі сен, көре алатын, есту қабілеті бар адам секілді ойлайсың. Саған қаншама рет айттым, қарсыластың ойын есептеу керек деп. Егер мен ешнәрсені көрмесем немесе естімесем, онда менің санам (ақылым) осал жерлерді әлдеқайда жақсы және күшті қорғайды деп логикалық болжауға болады. – Ал, алдыңғы шеп ше? – Ал алдында бақылау әлсіз болады, себебі алдыңғы жақта дененің дайындығы бірінші орында тұр. Көру, есту сезімдерінен айырылған адам, бетпе-бет шайқасқа физикалық дайын, ал артқы жақтан шабуылға рухани дайын болады, ал бұл әлдеқайда қауіптірек. Демек, қарсыластың ең әлсіз тұсы оның ең жақсы қорғалған және сәйкесінше қарсы шабуылы да күтпеген жерден болуы мүмкін. – Ал егер мен «от қарумен» болсам ше? – Егер сен «от қарумен» болсаң, онда бізге бүгінге қарағанда, ертеңгі күні көбірек пайдаң тиетін еді. – Қандай мағынада? – Тікелей. Барлығымыз бауырсаққа тояр едік. Володя Сэнсэйдің мысқыл әзіліне жауап ретінде күліп: – Жарайды, жарайды. Сендерге онсызда бәліш әкеліп беремін... - деді. Володя қолын көзінен алған кезде, біздер таңғалдық. Көзінің асты көгеріп ісіп кетіпті. Көгерген деп те айтуға келмейді. Көзінің айналасындағы терісі күйік шалғандай үлбіреп, қара-көк түске боялған. Тобымыздың қыздар жағы тез қимылдап, Володяға салқын суға малынған орамал әкеліп берді. Бірақ бұл компресте оған көмектеспеді. Десе де Володяның өзі, көзіне басқаларынан аз алаңдайтындай көрінді. Орнынан тұрып, киімін қағып, Сэнсэймен әзілдесіп кетті. Ал қалған барлығымызға, әдістерді қайталау бұйрығы естілді. Жаттығудан кейінгі қосымша жаттығу соңында, біздер тағы да қызықты ақпараттарды естідік. – Сэнсэй, қоршаған кеңістікті бақылауда ұстау техникасының қарапайым жаттығулары бар ма? Былайша айтқанда, менің бөлімімдегі жігіттер түсініп және жасай алатын? - деп Володя сұрады. Ұстаз бір сәт ойлана, жауап берді: – Иә, жаттығуы бар. Бірақ көмекке серіктес керек. Ең жақсысы «лотос» позасында жасаған дұрыс... Бұл жаттығудың мәні келесідей. Бас деңгейінде жұмсақ теннис добы жіпке ілініп тұрады, сонда сіздің серігіңіз допты шайқағанда немесе итергенде оның ұшу жолы сіздің басыңыздың орналасқан жерімен сәйкес келуі тиіс. Сенің міндетің айнала кеңістікті басқаратын әдеттегі көру-есту қабілетінсіз, ішкі түйсігіңе көбірек сеніп доптан жалтару. Барынша ішкі түйсігің арқылы, басыңа артқы жақтан келе жатқан затты сезініп, дәл уақытында алып үлгеру. Ең бастысы – санаңды жаттықтыру және тағы да өзіміздің қойларымызға келдік, - деп Сэнсэй күлді. – ...Ал егер күлкісіз айтар болсақ, сен санаңды толық тыныштандырып, тыныш көл беті секілді күйге жеткізуің керек. Және осы санаңның толық тыныштығында, сенің жағдайыңдағы жақындаған допты, тыныш көлге лақтырылған, толқынша тудырған қамыс немесе қайық, катер деп өздерің қалаған атаумен атасаңдар болады. Бірақ ол сенің кеңістігіңді кесіп өтеді. Ал алыс тұрғандардың барлығы, мысалы шеңберде тұрған адамдар – жағада тұрған адамдар немесе ағаштар деп санауыңа болады. Өзіңе ұнағанын аларсың. Ал сен - көлдің ортасы боласың. Сен бетіндегі (көл бетіндегі), кеңістігіңе енген кез-келген тербелісті ұстап үйренуің керек. Ақыр соңында сен басқа заттың жақындағанын, айналаңда болып жатқан барлығын сезінетін боласың. Біздермен бірге Сэнсэйдің қасында тұрған Андрей: – Бізге де осылай жаттығуға болады ма? – деп сұрады. – Қаласаңдар жаттығыңдар, - деп Сэнсэй жауап берді. – Бұл жерде қандай қабылдау сезімі жұмыс жасайды? – деп Володя сұрады. – Жаңа көрсеткенімдей. Бұл жерде ең бастысы – санаң мен тәніңнен шығу. – Ал бұл қалай сонда? – деп Андрей түсінбеді. – Енді, қарапайым бір мысал келтірейін. Кез – келген адам ойлауды доғарады, яғни жәй ғана отырады, босаңсиды және максималды түрде ойын тыныштандыруға тырысады, санасының кеңейіп, тәнінен әлдеқайда алысқа шыққанын сезе бастайды. Санаң көлемді болады. Ол үлкен кеңістікке жайылады. Ал мұнда сіз белгілі бір жермен шектелесіз. Мен көрсеткен мысалда жаттығу залы болды. Бірақ, егер талмай жаттықсаңыз, ауданның арғы шетінде не болып жатқанын да сезе аласыз. Негізінде, ол қиын емес. – Демек доппен жаттығудағы ең бастысы – сіз көлмен мысал келтіргендей, сананың толық тыныштығына жету ме? – деп Андрей қайта сұрады. – Өте дұрыс және сенің бірде-бір ойың бұл кеңістікке енбеуіне тырысуың керек. – Бұл қиын. – Қиын, бірақ мүмкін. – Айтыңызшы, Стас «Ескі лама» өте ежелгі ұрыс стилі деп айтты. Бұл рас па? – Иә. – Оны меңгерген адамдардың тарихта есімдері қалған ба? – деп Костя сұрады. Сэнсэй күліп, ойлана жауап берді: – Сен танитындардан тек Будда болмаса және әрине оның алғашқы шәкірттері. – Будда? Бірақ оның басқа философиясы, мейірімділік философиясы болды емес пе. Бұл жерде жұдырықтың не қатысы бар? – деп Костя таңырқады. – Мейірімділік те жұдырықпен болады. Бірақ бұл Өнерді меңгеру біреуге шабуыл жасау дегенді білдірмейді. Олар үшін бұл рухани ізденістің бір сатысы болған... Осылайша қосымша жаттығуымыз аяқталды. Біздің ойымызша, біз осы жолы да Сэнэйдің өте құнды білімі мен ерекше қабілеттеріне куә болдық... Таңданысымыздың шегі болмады. Киімімізді ауыстырып, қалғандарын жаттығу залының жанында күттік. Топ көшеге шыға бастаған кезде, Женя кездейсоқ Володяға қарап үрейлі үнімен: – Құдайым-ау! Ұсқының бар болсын, Шарапов... – деді. (– Мама моя родная! М-да… Ну и рожа у тебя, Шарапов…) Осы сөздерден кейін барлығы Володяға қарады. Көздері мүлдем жұмылып, үлкен қара даққа айналған. – Ештеңе етпейді, Көгеру – еркекке сән береді! – деп Женька кеудесін көтеріп, маңғаздықпен сөйлеп оны қолдауға тырысты. – Ал сен әдемі болғың келмейді ме? – деп Володя күліп, жауап берді. Барлығымыз күлкіге қарқ болдық. – Келеді, келеді. Әлгі бір әзіл әңгімедегідей мен куәгер боламын, - деді Стас әңгімені жалғастырып. – Біреуден сұраған екен: «Басынан соққанын көрдің бе?» - деп. Ол: «Көруін көрмедім, бірақ іші бос нәрсені соққандай дауыс шыққанын естідім», - депті. – Мен де екінші куәгер боламын, - деді. Егер менен төбелесте жапа шеккенге неге көмекке келмедің десе, таза ұятыммен жауап беремін: «Олардың қайсысы жапа шеккенін қайдан білемін, егер бір-бірлерін соншама ұрып жатса», - деді. Айналаны күлкінің жаңа толқыны жарып өтті. – Ой, ой, ой, - деді Женька бәрін мазақтағандай. – Сендердің күлкілеріңнен солдаттар да алыстан жүреді... Жоқ, Сэнсэй көрдің бе, адам сөз бастамай жатып, оны істі қылады!... 12 Осылай көңілді күйде балалар бір-бірімен қалжыңдасып, әзілдесіп жолға шықты. Ауа райы тыныш еді. Түнгі аспан жұлдыздармен толтырылған. Қарқынды жаттығудан кейін, біздің топ кешкі самалмен қалай созылып кеткенін байқамай қалды. Костя мен Татьяна біраз алға ұзап кетті. Володя, Женя және Стас артқы жақта келеді. Ал Виктор, Андрей, Слава мен Юра және мен Сэнсэймен бірге, болмашы әңгімелер айтып топ ортасында келеміз. Бұрылыстан біздерге қарама-қарсы сегіз масайған кеншілер тобы шықты. Олар Костяның мақтаныш сезіміне қатты тиген секілді, себебі біздер жақындаған кезде, баланың жүзі ашудан қып-қызыл болып кетіпті. Ол бар күшімен сөз таластырып, масайғандардың ашуын тудырған секілді. Андрейде де отқа май құйғандай досына көмекке келді. Ішіндегі сотқар біреуі төбелесе кетті. Андрей Костямен бірге оған тарпа бас салды. Бірақ Сэнсэй дер кезінде тоқтатып, кеншілерге: – Жігіттер, тынышталайық! Мұнша боқтық сөздер айтқандырың не, арамызда қыз балалары бар... Бұл еркектікке жатпайды... - деді. – Ал мұнауың кім тағы?! Сенің барлық сүйегіңді сындырмай тұрғанда, өз жолыңмен жүр! – деп ашуланған біреуі Сэнсэйдің жағасына жабысты. Осы сәтте барлығымыз шыдай алмай, әлгі адамға тұра ұмтылдық. Тіпті мені де қатты ашу қысып, әлгі маскүнемдердің талқанын шығаруға дайын едім. Артымыздан үлкен балалар жүгіріп келді. Бірақ Сэнсэй күтпеген жерден барлығымызды тоқтатып, Володяға бәрінің алшақ тұруын ымдады. Бәріміз қарсыласып тұрдық. Бірақ Виктор Стаспен бірге, Женя және Володя қой айдаған әккі қойшылар секілді, бір орында тұрғызбай бізді жолдан әрі алып кетті. Қайта-қайта артыма қарап, Ұстаз сегіз қарсыласына өзінің өте мықты әдістерінің бірін қолданады деп күттім. Бірақ Сэнсэй жәй ғана тұрды. Оларға күлімдеп бір нәрсені түсіндіріп жатты. Қимыл – қозғалысына қарағанда ақталып тұрған адамдай. Енді бір қарағанымда, жақсы достар секілді қоштасып, бауырласып жымиып тұрған кеншілерді көрдім. «Ал керек болса! Онда осыншама жыл кунг-фумен айналысудың не қажеті бар?», - деп ойладым. Достарымның айтқан сөздеріне қарағанда, олай тек мен ғана ойламаған секілдімін. Сэнсэй бізге қосылғаннан кейін, Андрей ашулы түрмен: – Сіз олардың алдында неге ақталдыңыз. Өздері бірінші тиісті, өздері бәрін былықтырды. Келесі жолы сабақ болуы үшін, мұрындарын бұзу керек еді. Егер сіз мені тоқтатпағанда, мен оларды..., - дей бергенде Сэнсэй: – Әрине, - деп Сэнсэй сөзін бөлді. Егер сені тоқтатпағанда, олар ең аз дегенде ауыр жарақат алар еді. Жұмсақ тіндері ғана емес, ішкі ағзалары да жарақаттанып, тіпті миы шайқалуы мүмкін. Ал сен бұл жігіттердің үйлерінде отбасы бар, олар отбасының жалғыз асыраушысы деп ойламадың ба?.. Сен бұл адамдарды кеншілер деп ойладың. Сен өзі өміріңде бір рет болсын шахтада болып көрдің бе? – Жоқ, - деп Андрей жауап берді. – Ал мен болғанмын... Сен қабырғасын сындырғың келген осы жігіттер, тереңдігі бір километр және одан да терең тозақ секілді шахтаға түседі. Олардың ағзасына қаншалықты қысым түсетінін елестетіп көрші. Сэнсэй саусақтарымен санай бастады: - Оның үстіне, ол жерде ыстық, оттегі өте аз, адам денсаулығына зиян көптеген, метан, көмір шаңдары... Онымен қоса, олар әр секунд сайын өз өмірлерін қатерге тігетінін түсінеді. Кез-келген уақытта шахта бітеліп немесе бір нәрсе құлап, тіпті өліп кетулері мүмкін. Ал шахтада жарақат алу жиі болып тұрады. Осының бәрі адамды қатты уайымға салады. Яғни психикасы шегінде жұмыс жасайды деп айтуға болады. Бұл жағдайды соғыста алдыңғы шепте жүрген солдаттың күйімен салыстыруға болады. «Шахта – екінші соғыс шебі», - деп Сталин бекер айтпаған (Шахта – второй фронт). Сен қалай ойлайсың, олар не үшін арақ ішеді? Себебі күйзелісін, ішкі шиеленісі мен үнемі болатын қорқынышын басу үшін. Ал бұл психологиялық кедергіні жеңу үшін, кеншілермен психология және медицина саласындағы жоғары дәрежелі мамандар үнемі жұмыс жасауы керек. Бірақ, әрине оларға бұл көмек көрсетілмейді. Сондықтан көбісі ішеді. – Иә, - деп күрсінді Костя. - «Білмес еді құлдықты адамың! Ішпесе ғасырлап, арағын». – Өте дұрыс... онымен қоса, шахтада ұзақ жасаған кез-келген кенші өзінің ешқандай болашағы жоқ екенін жақсы біледі. Сенің болашағың бар, институт бітіріп, мансап жасай аласың. Ал олардың болашағы жалғыз-ақ: шахтада өлу немесе сол жерден тапқан аурулардан ажал құшу. Осының барлығын олар біледі, түсінеді. Бірақ, сенікі секілді олардың да тәкаппарлығы, үлкен өзімшілдігі бар. – Менде қайдағы үлкен өзімшілдік, - деп Андрей қолын бір сілтеді. – Ол менде мүлдем жоқ. – Қалайша жоқ?! Осы қазір ғана саған тиіскені үшін оларды сабағың келген... Бұл сенің тәкаппар өзімшілдігің, сендей патшаға тіл тигізді... Сенің тәкаппарлығың оларда да бар. Бірақ, сенен айырмашылығы олардың болашағы жоқ. Ал оларды соңғысынан айырғың келеді ме?! Өзің ойлап көрші, ауыр күйзеліс, уайым, орындалмаған армандар мен жіберіп алған мүмкіндіктеріне қоса ауруханада, реанимацияда таяқ жеген күйі оянса... Бұл физикалық ауыруға қарағанда, әлдеқайда күшті, тағы да қосымша азап болар еді. Не үшін?! Бәріміз кінәлідей басымызды түсірдік. Сэнсэй балаларға айтып жатса да, осының бәрінің маған да қатысы бар еді. Оның сөздері мені таңғалдырды. Сәл бұрын ғана болған ызалы ойларым үшін, ішімде бір ыңғайсыздықты сезіндім... Өзімнен өзім қатты ұялдым... Күтпеген жерден мен Сэнсэйдің ойларының қаншалықты терең екендігін, оның адамдарды қаншалықты түсініп, сезетінін білдім. – Не үшін?! – деп қайталады Ұстаз. – Сен олардан кешірім сұрап, сабырға шақырып, кетіп қалғаныңнан жапа шектің бе?.. Жоқ. Саған еш нәрсе болған жоқ. Сен оларды жалғыз аяғыңмен-ақ мұрындарын бет қылатыныңды жақсы білесің. – Әрине, мен оларды... – деп Андрей тағы да ашулана бастады. – Көрдің бе, тағы да өзімшілдігің айтып тұр. Ал мен саған аяғыңмен тебуді, көшеде адамдарды сабасын деп үйретпеймін. Ұрыс өнерінің мән- мағынасы мүлде басқада, бұл үйренген әдістерің өмір бойы саған керек болмауы да мүмкін. Оларды қолданудан Құдай сақтасын... Сенің міндетің жағдайдың себеп-салдарын, мәнін терең түсініп, оны бейбіт жолмен шешу. – Ал сіз оларға не айттыңыз? – деп Костя сұрады. – Бәрі қарапайым. Мен сендер секілді олардың да балалары бар екенін айттым. Өздерің секілді көшеде қыдырған бөтен ер адамдарда, балаларыңа тиісіп, соққыға жығуы мүмкін дедім. Бұл оқиғаны таза адами тұрғыдан бейнеледім. Және бұл жағдайда олардың тәкаппарлығына тіл тигізбедім. Және ең бастысы олар да сабасына түсіп, өздеріңдей балаларды қорғап жүреміз деген нық сеніммен кетті. Демек, барлығы анағұрлым оңай, бейбіт жолмен шешіледі... Кішкене үнсіздіктен кейін тағы да: – Жұдырығын кез-келген ақымақ сермей алады... Өздеріңнің хайуани сезімдеріңе бірден берілудің қажеті жоқ. Ең бастысы, кез-келген сәтте адам болып қалу. Бұл агрессияның не үшін және не себепті пайда болғанын түсіну. Дауды дұрыс шешіп, өзіңе жау емес, дос табу... Аялдамаға жақындай бере, Сэнсэй: – Естеріңде болсын, ашумен жұмсаған кез-келген соққыларың, түбінде өздеріңе оралады, - деді. Біздер Сэнсэйге ұяла қарап, үнсіз тұрдық. Соңында жаңа кездесуіміз туралы келісіп, тарастық. 13 Жол бойы үнсіздікпен жүріп келеміз. Орталыққа жақындаған сәтте терең ойда тұрған Андрей: – Ал, керек болса, Сэнсэйдің сөздерінің әсерлі болғаны соншалықты, өз- өзімнен ұялып тұрмын! – деді. Костя келіскендей: «Айтпа! Неге осы ер адамдармен байланыстым екен? – деп ойлап тұрмын. Үндемей қалу – алтынмен тең деп айтпаушы ма еді», - деді. – Ештеңе етпейді, - деді Андрей сабырға шақырып. – Көрдің бе бәрі қалай айналғанын. Жаман айтпай-жақсы жоқ. Иә, Сэнсэй миымызды дұрысынан қозғады... «Осының барлығын електен ұзақ өткізу керек», - деп ойладым. Жолдың қалған бөлігінде, болған оқиғаны емес, өзімді ойлап қиналдым. Менің тұрақты ішкі күйімде бір нәрсе дұрыс болмады. Бірақ не нәрсе? Ұстаздың айтқан сөздерін бірнеше мәрте басымда айналдыра бастадым. Тағы да сол ішкі ыңғайсыздық... Тоқта! Кенет бәрін түсіндім. Әрине, бұл жаңа сезім! Бұл өзімшілдік пен надандық тауын дірілдеткен осы қуатты соққы болған кезде, менде кенеттен әлдеқашан ұмытылған, терең сезім пайда болды. Мен оны толық түсіне алмадым. Бірақ оның санамда пайда болуымен, Сэнсэйдің не айтқысы келгенін түсінгендеймін. Бұл жағдай менде бірінші рет. Мен оның қарапайым ақиқатын анық түсіндім. Менің ішкі әлемім үшін, бұл үлкен жаңалық болды. Өзім мен өзім татуласқандай, қатты қуандым. Үйге жақсы көңілді-күймен келдім. Ол жерде де мені тосын сый күтіп тұрған екен. – Ал бізде жақсы жаңалық, - деді анам өзінің сүйкімді күлкісімен. – Бүгін Мәскеуден атаң Витя хабарласты. Ол сол клиниканың ең жақсы профессорымен келісе алыпты. Тек уақытын белгілеу ғана қалды. Егер маған осы жаңалықты бұрынырақ айтса, менің қуанышымда шек болмас еді. Бірақ қазір, денем мен басымда не болып жатқаны мен үшін еш мәнге ие емес екендігін ойымнан ұстадым. Ең бастысы іштей түсінгенім. Бұл тәніме қарағанда жаныма жақын басқа бір сезіну деңгейі еді. Бірақ, ата- анамның көңіл-күйін түсірмеу үшін: – Керемет! Менің еш күмәнім болмаған. Таныстары мен жағдайы мықты Витя атамның қолынан келетініне сенгенмін. Керек болса қамалды да жарып өтетін біздің атамыз күшті! - дедім. Келесі күні мен тек жаңадан пайда болған сезімім туралы ойда болдым. Мен тағы да өзімнің тәніммен, әсіресе жаныммен толыққанды өмірге оралдым. Ал медитация сабағының уақыты келген кезде, оған тезірек баруға тырыстым. Мен бұл жолы Татьяна тез жиналсын деп оны асықтырдым. Біздерді күтіп тұрған балаларға, трамвай аялдамасына келдік. – Ойлап көріңдерші қыздар, - деп Костя күлді. – Сэнсэй Андрейді бүлдіруге аз қалған екен. – Не болып қалды? – деп сұрадық. Андрей үнсіз жымиып тұр, Костя ерекше құмарлықпен әрі қарай сөзін жалғастырды: – Сендерді шығарып салғаннан кейін, біздер де үйге қайттық. Енді жете бергенде, түнде темекі сұрап белгісіз балалар тиісе бастады. Тіпті он екі жылдық салықты сұрағандай талап етті. Ал Андрей нағыз жігітше темекі шекпейтінін, денсаулықтары үшін оларға да кеңес бермейтінін айтып түсіндіре бастады. Естідіңдер ме, денсаулық министрлігі ескертеді... Соңында бұл пәлекетпен өкпені ластағанша, әркімге бір тиісіп, көшеде бос жүргенше, спортпен айналысқан жақсы. Мысалға кунг-фуды деп толықтырды. Жанға да тәнге де көп пайдасы тиеді. – Әрі қарай не болды? – деп Татьяна тағатсыздана сұрады. – Ал олар тіміскілей бастады. – Ал Андрей ? – Ал біздің Андрей, өздерің елестетіп көріңдер, оларға өздерінің мағынасыз өмірлерінің мәні туралы, айтқан сөздері өздеріне қайта оралатыны туралы лекция оқи бастады. Болды, бала құрыды деп ойладым. Ал кейін қарасам... – Кейін не болды? – Енді, жағдай одан сайын қыза түсті. Андрей балағаттарына барынша шыдады да, сөзінің растығы үшін мұрындарын бұзды. Әрі сабақ болатындай: «Көрдіңдер ме, кез-келген жаман сөздерің, өздеріңе сол күшпен қайта соғады» деп қорытындылады. – Қатырған екен, - деп таңғалдым. – Бәрі немен аяқталды? Зардап шеккендерсіз аяқталды ма? – деп Татьяна жымиып сұрағын қойды. – Иә, бәрі де жақсы, - деп Костя қолын сілтеді. – А! Ең басты әзілін айтуды ұмытып кеттім. Олар кейін шәкірті болуға сұрана бастады. Барлығы күліп жатты, ал мен өзімді қоярға жер таппадым. Біріншіден, мен мұндай ақымақтықты Андрейден күтпеп едім. Ал екіншіден, Сэнсэй үшін ренішті болдым. – Ой Андрей, сен нағыз тентектің өзі екенсің, - деді Татьяна. – Дәл айттың, дәл, - деп Костя да әзілдей күлді. – Қауіпті адам, рецидивист деп айтуға болады. Ол менің ұлы сөздерімді де басын аяғына қаратып, ыңғайсыз қалыпқа қояды... – Иә саған, ұлы сөздер, - деп Андрей мазақтады: - Өзінше Сократ. – Неге бірден Сократ, оданда өткен атақты адамдар болған... Бұл күлкілі сұхбат шексіз жалғасар еді, бірақ трамвайымыз келді. 14 Жаттығуға (сабаққа) ертерек шыққанымызбен бәрі еш кетті. Андрей жолды есімде сақтап алдым деп, өзіміздің алаңға апармақшы болды. Жарты сағат бойы ауыл ішінде адасып, ауыл иттерінің мазасын алдық. Қайда бұрылу жөніндегі дауласуымыздан кейін, ақыр соңында әскери бір жерге тап болдық. – Ал Сусанин! Алаңың қайда? – деді Костя. – Теориялық тұрғыда осы жерде болу керек, - деп Андрей иығын көтерді. – Иә, бірақ іс жүзінде оны су тасқыны екінші жағына алып кетті. Кері қайттық. Кері қайтар жолда Женямен бетпе-бет кездестік. – Әйтеуір бір тірі жанды кездестірдік-ау, - деп Костя арқасынан ауыр жүк түскендей дем алды. – Біздің Шанхайда адастыңдар ма? – деп Женя күліп біздерге қалжыңдады. – Иә, мына Сусаниннің есте сақтау қабілетіне сенім артып едік. – Ал алаң қай жақта? - деп Андрей сұрады. – Ол мына жақта, - деп жігіт басқа жаққа қолын сілтеді. – Басқа жаққа барамыз деп саған айттым! Мұндай еңіс ол жақта болған жоқ, - деп Костя Андрейді айыптады. – Ал сіз бұл жерге қайдан келдіңіз? – деп Женядан Татьяна сұрады. – Ал сендер білмейсіңдер ме? Мен кез-келген адамның орналасқан жерін энергетикалық түрде анықтаймын, сәл ойлансам болды. – Халықты алдамай-ақ қой, - деді Костя. - Шыныменде бұл жерде не істеп жүрсің? – Сұрап қоймағандарың не. Осы жерде тұрамын, осы жерде, - деп Женя күлкілі айтты. – Қақпадан енді шыға беріп едім, сендер әскери жаққа қарай беттеп, қасымнан өте шықтыңдар. Тіпті аузымды ашуға үлгермедім. Шаң басылғасын кері артқа қайтар деп ойладым. Дәл айтыппын! Бес минуттан кейін қарасам, сіздер де қайтып келе жатыр екенсіздер. Мені кезекті бағанамен шатастырмау үшін, жолға шықтым. Бәріміз жымиып, сәтті кездесуге риза болып, алаң жаққа қарай беттедік. Табиғаттың сүйіспеншілігімен жаратылған сол бір тыныш жерде Сэнсэй мен Володяны қосқанда барлығы жиналып қалыпты. Біздер ортаға шулы кіріп, барлығымен амандастық. Біздерді Женяның тағы әкелгенін көріп Сэнсэй: – Бұл Сусанин сендерге тағы да экскурсия ұйымдастырды ма? – деп сұрады. – Жо-жоқ, ондай өзімізде бар, - деп Андрейге қарап Костя басын изеді. – Бұл тіпті Женядан асып түсті... Әрі қарай Костя біздің оқиғаларымызды баянды түрде айта бастады. Қоршаған адамдардың айқай-шуынан арқасы қозып, Сэнсэйден жасырып қалуға тырысқан артық нәрселерді де айтып қойды. – Солай де. Осыдан кейін шәкірттерді қалай сеніп тапсырасың. Бір қуысқа апарып, қалай шығу керектігін өзі де білмейді. – Қандай шәкірттер? – деп осыған дейін мән бермегендей көрінген Сэнсэй сұрады. – Иә, - деп Костя тартқыншақтады. – Бір оқиға болды... – Қандай оқиға? - деді Сэнсэй. Барлығын айтудан басқа Костяда еш амал қалмады. Андрей де әңгімеге араласып, өзінің істерін жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сэнсэй мылжың әңгімені соңына дейін тыңдады да, басын шайқап: – М-да… Білесің бе, мынадай өте ежелгі әңгіме бар: «Бір патшаның жалғыз ұлы болыпты. Патшалар арасында өзінің кемеңгерлігімен аты шыққан ұрыс өнерінің асқан Шебері бар дегенді патша естіпті. Айтуынша, ол небір керемет ғажайыптар жасаған. Қарапайым ауыл баласынан жыл ішінде мықты Шебер жасаған деседі. Патша өзінің жалғыз ұлын сол ұлы Шеберге оқуға жіберіпті. Жыл өткесін патша сұрапты: – Қалай? Жауынгер жолынан өтті ме? – Өткен жоқ, - деп жауап беріпті Шебер. – Тым менменшіл, уақытын тәкаппарлығына босқа жұмсауда. Бес жылдан кейін кел. Бес жылдан кейін патша Шеберден тағы да сұрапты. – Әзірге жоқ. Көзқарасы жеккөрінушілікке толы. Күш-қуаты сыймай тасып тұр. Тағы да бес жыл өтіпті. Шебер патшаға: – Ал енді дайын. Оған қараңыз! Тастан жасалғандай. Рухы мінсіз. Ішкі қасиетерінің толықтығы шыңына жеткен. Оған қарсылас болуға бірде-бір жауынгер бата алмайды. Бір қараған көзқарасынан-ақ қорыққанынан қаша жөнеледі. Патша Шеберден: «Баламның жолының ұзақ болуының себебі неде? Өйткені, ол ауыл балаларына қарағанда анағұрлым ақылды болды емес пе?!», - деп сұрапты. Бұл сұраққа Шебер: – Мәселе адамның тек ақылында емес, оның жүрегінде. Егер жүрек көзің ашық, ойың таза болса – рухың мінсіз. Ал бұл жауынгер Жолының негізгі мәні... Ауыл баласы маған мінсіз рухпен келді, маған оны тек әдістерге үйрету ғана қалды. Ал сенің ұлың осы даналыққа жетуге жылдарын жұмсады. Бұл қуат көзінсіз жауынгер Жолында бір қадам да жасай алмас еді. – Тағыма отыруға лайықты екеніңді енді көрдім, - деп ұлының жетістігіне патша қуаныпты. – Жоқ, әке, - депті сол кезде жас жауынгер. – «Мен одан да үлкен байлық таптым. Бұрын ақылым тек тән қалауымен ғана шектелетін. Қазір ол рухты – тану үшін шексіз. Бұның қасында ең құдыретті билік пен бар әлемнің алтыны, жолаушының табанының астындағы щаң секілді. Ал жолаушыға табан астындағы шаң қызықты емес, оның бар ойы әр қадам басқан сайын ашылатын көкжиекте». Андрей ұялғаннан басын төмен түсірді. Ұзақ үнсіздік орнады. Бірақ, осы мезгілде тобымызға Николай Андреевич келіп, әңгіме басқа мәселелерге, соның ішінде өз бетімен үйде орындалған медитациялар туралы болды. – Менде тағы да тітіркенулер болды, - деді Костя. – Бұл қалыпты жағдай ма? – Әрине. Мәні неде? Алғашқы тыныс алу кезіндегі өз басыңда болған осы тітіркенулерді сезінуге тырысу керек. Қолыңнан қалай «ағынмен» өткенін, ал ең бастысы алақан ортасынан жерге қалай «шыққанын» сезіну. Яғни қалай дем алғаныңды, қалай дем шығарғаныңды сезіну. Бұл жағдайда басқа ойлар мүлдем болмауы керек. – Міне осыны жасау ең қиыны. Мұрын ұшына енді назарымды жия бергенім сол еді, бірінен кейін бірі басыңа келе береді. Ең таңқаларлығы, мен тіпті олардың қашан пайда болатынын байқамай да қаламын. – Өте дұрыс. Бұл сіздің күнделікті өмірде ойыңызды бақылауда ұстамайтыныңызды көрсетеді. Сол себепті «логикалық» тізбектерімен шатастырып, біздерді қалай басқарғысы келсе, солай басқарады. Ал бақыланбайтын ой негізінен жаманшылыққа әкеледі, себебі оны адамның хайуани жағы басқарады. Сондықтан әр түрлі рухани практикалар мен медитациялар алдымен ойды бақылауды ұстау үшін берілген. Біздер үйде орындалған медитация кезіндегі бізді толғандыратын сұрақтарды аздаған уақыт талқыладық. Содан кейін кезекті медитацияны орындауға кірістік. – Бүгін біздер медитацияның екі бөлігін біріктіреміз, - деді Сэнсэй. – Оның қалай жұмыс жасайтынын білу үшін, оған өздерің жеке жасайтын медитацияларыңда жету үшін және сіздерге түсінікті болу үшін. Енді ыңғайлырақ тұрыңыздар... Әрі қарай Ұстаздың басшылығымен, әдеттегідей босаңсып, медитация жасауға көңіл бөлдік. Басында бұрынғыша назарымызды мұрынның ұшына аудардық. Кейін Ұстаз: – Назарымызды мұрынның ұшынан алмай, қарынның асты, қарын, кеудемен дем аламыз... Дем шығару – иығымыз, қолдарымыз арқылы, алақан чакрандары арқылы – жерге. Демді шығарған кезде жарығымыз одан сайын жарқырайды. Дем алу... дем шығару... Дем алу... дем шығару... назарымыз мұрынның ұшында. Дем алу... Осы жерде мен толық шатастым. Енді ғана «ағынға» назарымды аударып, қолдарымның қозғалысын анық сезіне бастағанымда, мұрнымның ұшындағы назарымды жоғалтып алдым. Ал енді «жарқыраған» мұрын ұшына назарымды сала бере, «ағынды» сезбей қалдым. Осының барлығы менде «артық ойлар» келген кезде болды. Жалпы, екеуін біріктіру қолымнан келмей қойды. Тағы бір кезекті талпынысым кезінде, медитацияның біткені туралы Сэнсэйдің даусы естілді. Кейін белгілі болғандай, осындай жағдай тек менің басымда емес, достарымда да болған екен. – Бұл табиғи нәрсе, - деді Сэнсэй. – Сендер ойламай, жәй ғана бақылау керексіңдер. Сол кезде қолдарыңнан келеді. Маған бұл мүлдем қол жетпейтіндей көрінді. Бірақ мені, Николай Андреевич пен үлкен балалардың медитацияны еш қиындықсыз жасағаны жігерлендірді. «Демек, әлі де үмітсіз емеспін, - деп өзімді жұбаттым. – Егер олардың қолдарынан келсе, менің неге қолымнан келмейді? Тек талмай жаттығу керек. Барлық мәні осы». Осы сәтте мен, ойымда да Сэнсэймен сөйлесетінімді түсіндім. Мен ойланып тұрғанда, балалардың біреуі сұрақ қойды. – Өзіңді тану - өзіңді, ойларыңды бақылаудан басталады деп айтқыңыз келеді ме? – Әрине. Өз-өзіңді және ойларыңды бақылау, күнделікті жаттығулар арқылы пайда болады. Ол үшін бізге қарапайым білім негізі керек. Бұл физикалық немесе рухани болсын кез-келген жаттығуды бастаудың табиғи жолы. Қарапайым мысал келтірейін. Адам жиырма келілік кір тасын көтереді. Егер ол жаттықса, бір айдан кейін жиырма бес келіні еркін көтеретін болады және сол сияқты. Рухани деңгейде де осы секілді. Егер адам дайын болса, күрделі техникаларды игеру әлдеқайда оңай болады. – Бірақ әлемде, көптеген медитациялар және олардың өзгертілген түрлері бар. Қайсы түрі шыңға шығаратынын түсіну қиын, - деп Костя тағы да өзінің білімділігін көрсетті. – Шың басына шығуға әлі тым алыс. Әлемдегі барлық медитациялар – ешкім ешқашан жасырмаған «әріптер әліппесі». Нағыз шыңға жеткізер білім, осы әліппе әріптерінен «сөз» жасап және олардың мағынасын түсіну. Ал «кітап» оқу – таңдаулылардың ғана қолынан келеді деп айтсақ болады. – Мәссаған! Бәрі өте қиын, - деді Андрей. – Бұл жерде қиын ештеңесі жоқ. Тек шын ниет болсын. – Ал егер адамда ниеті болып, бірақ күмәнданса? – деп Слава сұрады. – Күмәнданса, онда басынан ауыр балғамен ұру керек. Ауруды сезініп – ауыр балға оның материяға, өзімшіл ойы мен логикасына өзінің ақылына... егер ол болса әрине, батқанын көрсетеді. Бұл сөздерді естіген балалар күлді, ал Сэнсэй сөзін жалғастырды: – Егер адам шын ниетімен өзін тануға ұмтылса, жүрегінде кіршіксіз таза сенімі болса, сөзсіз барлығы болады. Бұл табиғат заңы... Оның үстіне тұлғаның рухани жетілуі болса. Андрей ойланып сөз бастады: – «Әліппемен» түсінікті, «сөз» құрауды онша түсінбедім. Бұл да медитация ма? – Былай айтайық. Бұл әлдеқайда жоғары – рухани жұмыс. Ежелгі негізгі әдістеме, Ол санамен ғана жұмыс жасап қоймай, ең маңыздысы түпсанамен де жұмыс жасауды қамтиды. Бұл жерде тиісті рухани деңгейге шығаратын арнайы медитациялардың түрлері жүреді... Барлығы қарапайым. Ең бастысы – адам өзінің бірінші кезекте Сақшысын (Стража), мешкей қарнын тойдыруды ойлайтын дүниелік ниетін, әдемі шүберекке оранып, әлемді жаулағысы келетін пиғылын жеңуі керек... Сол баяғы мәңгілік өзгермес ақиқат, сол баяғы сүріндірер мәңгілік тасың. Тұлға осылардан аттап өтсе – Адам болады. – Қызық, ал тәніңді дамыту арқылы жету жолы, бұл қайсына жатады? – деп Юра сұрады. – Бұл «әліппеге» жетудің жолдарының бірі. – Жақында Юра екеуміз ұрыс өнері туралы кинофильм көрдік, - деп әңгімеге Руслан араласты. - Оның алдында адамның тәнін жетілдірудегі жетістіктері туралы деректі фильм көрсетті. Елестетіңізші, ер адам найзаның өткір жағын тамағына тақап, ал келесі жағын шағын жүк көлігіне қойып, қолдың көмегінсіз өзіне еш зиян келместен итеріп жіберді. Тағы біреуі ауыр заттардың астында жатты. Ең болмағанда бір нәрсе болсайшы! Ал үшіншісі тіпті бір алақанының соққысымен кірпіштерді сындыра бастады. Бірақ ең қызығы соңында болды. Кәдімгі бұқа сүйегін алып, сүйекке белгісіз қатты консентрациялы қышқылды құя бастады. Әрине ол сүйекті езіп жіберді. Кейін осы қышқылды адамға құйды. Ол лезде адам үстіндегі киімін жоқ қылып жіберді, бірақ тәніне еш зиян келтірмеді. – Мәссаған! Ал керек болса! – деп Андрей таңғалды. – Жәй қалыпты құбылыс, - деді Сэнсэй әдеттегі салмақты үнімен. – Адамның мүмкіндігі – оның қиялымен ғана шектелген. – Ал бұл цигун болғаны ма? – Былай айтсақ болады, цигуннан басқа бір-біріне ұқсас көптеген техника түрлері бар. Бірақ цигунның да, басқаларының да негізгі қайнар көзі бір. Яғни ци энергиясымен жұмыс – ауаның құрылыс энергиясымен жұмыс. – Бір жерлерден оқығаным бойынша, «Ци» - өмірлік энергия деп аталады. Ал сіз құрылыс энергиясы деп атайсыз. Неліктен? – Себебі энергия да, чакрандар да, каналдар да тіпті энерго-орталықтар да әртүрлі ілімдерде әртүрлі аталады. Мысалы, йогадағы «Чи» энергиясы асыл, қалпына келтіретін энергияны білдіреді. Бірақ «Лотос» ғылымында бастапқы «Чи» энергиясында, жойқын қиратқыш күш жасырынып жатыр. «Ци» менде солай. Кішкене үнсіздіктен соң Ұстаз: – Адамдар тек болжай алады, бірақ осы білімдердің шын табиғаты туралы тура ақпаратты білмейді. Сондықтан аттарынан шатасады. Ауада қалықтағанша, баспен жерде тұрған жақсы деп айтқандай. – Хм, дөп тидің, - деп Володя келісті. Егер он жыл бойы үйімнің қасында ілулі тұрған сүйікті плакатымды өзгертіп айтатын болсақ: «Біз өзімізге жасай алмайтын ешқандай кедергі жоқ!». Балалар күлді. – Айтыңызшы, Лотос Өнерімен салыстырғанда цигун қандай дәрежеде? – деп Андрей тағы да маңызды тақырыпқа ауысты. – Енді, саған түсінікті болу үшін, цигун – балабақша секілді. Ал Лотос Өнері – академия. Ұлы өнердің бастапқы кезеңдерінің бірі, ойды толық бақылауда ұстау болып есептеледі. Егер ойыңды басқарсаң, барлығын бағындырасың. – Ал бұл ол жерде болады ма..., - деп Слава толқи сөйледі. – Болмайды, себебі сен ойыңды бақылауда ұстайсың. Яғни сен, жаман немесе дұрыс емес іс жасай алмайсың. Және бар мәні осында. Егер біз цигунда, зерттеп жаттықсақ, ал Лотос Өнерінде біз жаттықпаймыз, рухымызда барды есімізге түсіреміз. – Ал теледидардан көрген тән феномендеріне біздер шыныменде үйрене аламыз ба? – деп Руслан өз ойлағанын сұрады. – Әрине. Егер энергияны дұрыс пайдалануды білсең, барлығы қарапайым жасалады. – Ол үшін не керек? – Қарапайым дағдылар, дем алу консентрациясы, құбылыстың мәнін аз ғана түсіну... – Түсінсем бұйырмасын, - деп Юра ойлана сөйледі. – Әлгі ер адам алақанымен қалай кірпішті сындырды? – Ал сен қалай қалап едің, тәнінің басқа жерімен сындырсын ба? – деп Женя әзілдей тиісті. – Басқа жерімен де болады, - деп Сэнсэй жымиды. – Егер қатты қаласаң. Мәселе мынада, ойыңды жинақтап арнайы дем алу жаттығуларымен ци энергиясын тәннің кез-келген жеріне жинауға болады, бұл жағдайда қолыңызға. Соққы уақытында алақандағы чакрандар ашылып, бар қуатты күш шығады да, затты сындырады. Тағы да айтамын бұл жердегі ең маңыздысы, ойды жинақтау процесі. Яғни жинақталған консентрация. – Бұл ми жұмысының процестерінің өзгеруіне әсер етуі мүмкін бе? – деп Николай Андреевич сұрады. – Сөзсіз. Оның үстіне мида өте қызықты процестер жүреді. Егер медицина тілімен айтар болсақ, соққыны дайындау кезінде, ойдың толық жинақталған уақытында, мида бета-ритмдерді тіркеуге болады. Соққыға бірнеше секунд қалғанда, адам не істеп жатқанын ойлауды толық доғарады. Осы сәтте мидың белсенділігі бета-ритмнен, альфа ритмге ауысады. Бұл есеңгіреу (шок) күйіне ұқсас. Міне осы күйде соққы жасалады. Бұл уақыттың тоқтауы секілді бірнәрсені еске түсіреді. Бұл жерде қиын ештеңе жоқ. Тек сәл басқаша физика. Бары осы ғана. – Біздің взводта осындай кірпіш сындырғыш бір «кадр» бар, - деп сөзге Володя араласты. – Басқалары еліктеп қайталауға тырысты, бірақ тақтай сындырудан әрі аса алмады. – Бұл табиғи нәрсе, - деді Ұстаз. Көбісінің қателігі, олар өте көп ойланады, жағдайды талдауға тырысады. Сол себепті олардан еш нәрсе шықпайды. – Ал сіз кірпіш сындыра аласыз ба? – деп Андрей барлығын өз көзімен көру құмарлығымен шыдамсыздана сұрады. – Кірпішті сындырудың не қиындығы бар, балғаны ұста да алға, - деп Сэнсэй әзілдеді. – Жо-жоқ, мен алақанмен дегім келген, - деп жігіт нақтылады. – Қолыңды ластап қайтесің, қағаздың бір қиындысы тұрғанда. – Қағаздың қиындысы? – Иә, кірпішті сындыра алатынына кепілдік бермеймін, бірақ ағашты еш қиналмастан. Біздер қалтамызды асыға ақтара бастадық. Володя қол дәптерінен ені бес сантиметрдей болатын қағазды жұлып алды. Осы мезгілде Юра диаметрі үш- төрт сантиметрдей болатын құрғақ бұтаны тауып әкелді. – Ешкім байқап көргісі келмейді ме? – деп Сэнсэй ұсыныс жасады. Балалар кезекпен бір жапырақ қағазды жыртылғанша, картаның құмар ойыншылары секілді бұтаға соғумен болды. Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ. Володяға тағы бір жаңа қағазды жыртуына тура келді. Сэнсэй қағаз бетін Татьяна мен маған ұсынды. – Жоқ, жоқ, - деп қолымызды сілтедік. Егер мынадай жігіттердің қолынан келмесе, біздің бұлшық етімізді айтпай-ақ қойса да болады. – Бұлшық еттің бұл жерде еш қатысы жоқ. Егер мүмкіншіліктеріңе күмән келтірмесеңдер, араларыңдағы кез-келгендеріңнің қолынан келеді. Ұстаз осы сөздерді айтып, қолын алға қарай созып, қағазды сұқ және үлкен саусағымен қысып ұстады. Ойын жинақтап, бірнеше тыныс алу жаттығуларын жасай бастады. Осыдан соң қағаз жайлап тербеле бастады. Тербелісі біртіндеп азайып, кейін түзеу таяқ секілді қатып қалды. Бір минут уақыт өтер-өтпесте, Сэнсэй баяу қолын көтерді де, бірқалыпты қимылымен бұтаны кесіп тастады. Және кесілген жері өткір, болаттан жасалған затпен кесілгендей. – Ал керек болса, ғажап! – деп біздер таңғалыстан айқайлап жібердік. «Мұны қалай жасады?» деген іштей сұрақпен бұтаға, кейін Сэнсэй мен қағазға қарадық. Николай Андреевич күмәнданып, өзінің ойын айтты: – Бұл фокус?! Сіз мүмкін соңғы сәтте бұтаны саусақтарыңызбен сындырған шығарсыз. – Солай ма? – деп Сэнсэй таңдана қарады. – Ал мынадай фокус көріп пе едіңіз? Қолындағы қағазды лақтырды. Қағаз өткір пышақ секілді металл үнімен жақын жерде тұрған ағашқа (тал) қадалды. Бірнеше секунд өткеннен кейін, таңданыстан ашылған аузымыз, орнына әрең келді. Бәріміз Шекспирдің: «Болады немесе болмайды?» (Быть или не быть!) деген сұрағы шешілетіндей ағашқа қарай жүгірдік. Николай Андреевич өз қолымен «қағаз-пышақты» суырып алды. Тіпті оның дәмін де татып көрді. Кейін бәріміз ұстап көрдік. Шыныменде, әлгенде ғана қағаз болған зат, енді барлық сипаты мен белгілеріне қарағанда кәдімгі болат пластинасы болып шықты. Өз көзімізге өзіміз сенбей, бәріміз аң-таң болып тұрдық. Кенеттен Славаның қолында тұрған болат пластина, біртіндеп қалыбын жоғалтып, қарапайым қағазға айналды. Осыны байқаған Слава, қағазды ауаға лақтыра сала, лезде бір шетке қарай секіре кетті. Бұл көрініс тек біздердің ғана емес тіпті үлкен жігіттердің де жауапты реакциясын тудырды. Ең бірінші болып Володя есін жиды. Ол бұрынғы қол дәптерінің бетін жерден абайлап көтерді де: – Неге шу шығарып жатырсыңдар? Кәдімгі қағаз. Бәріміз Ұстазға қарадық. – Бәрі дұрыс. Тек қуаты таусылды. Эмоцияларымыз басылып, бәріміз тынышталғаннан кейін Сэнсэй: – Сіздер «Ци» энергиясының металл иондарын жинақтайтын тағы бір мүмкіншілігін көрдіңіздер. Шыныменде «Ци» энергиясы – құрылыс энергиясы, бірге жүретін деп айтсақ болады. Мен ойша металл иондарын осы қағазға шоғырландырдым. Ал менің ойымды «Ци» энергиясы тыныс алуым арқылы, ауадағы иондарды қағаз бетіне жеткізді. Осылай қағаз беті бірнеше уақытқа темір пластинасына айналды. Ци – еркін энергия, сондықтан бірнеше минуттан кейін кеңістікке сіңіп, затты бастапқы күйіне қайтарды. – Керемет! – деп таңғалды Руслан. - Бір-екі келі алтынды «бір-ақ ұруға» болады ма? Балалар күлді. – Теориялық тұрғыда мүмкін, - деді Сэнсэй жымиып. – Бірақ іс жүзінде Винни – Пух мультфиліміндегі бал туралы айтылғанмен бірдей. «Егер бал болса, онда ол жоқ». Физиканы есіңе түсір: металл иондарын ұстап тұру үшін берік молекулалық қосылыстар керек. Ал бұл иондар психикалық энергиямен араласқан Ци энергиясымен біріктірілген. Яғни Ци энергиясы металл иондарын байланыстырушы буын, ал психикалық энергия аз уақытқа заттың көлемін құрайды. Бірақ алып бара жатқан тығыздығы болмайды. – Ал керек болса, - деп тобымыз гуілдесіп кетті. – Демек, бұл іс жүзіндегі қолданылуы! – деп Костя түсінгендей сөйледі. – Ал мен бұның бәрі не үшін қажет деп ойлап едім? Бұл дегенің керемет емес пе! – Осымен қаншама іс жасауға болады, - деп Руслан да күле сөйледі. Бәрінің көзі жалтырып, адамдар бұл білімді қалай басқаруға болатынын қызу талқылай бастады. Біздің сапырылысымызды Сэнсэй үнсіз, сырттай бақылап тұрды. Әзіліміз жағдайды ұлғайтқан сайын, Ұстаздың жүзі түнеріп, салмақты бола түсті. Ақыр соңында: – Балалар, сендерге қарасам хайуани негіздерің басым сияқты, - деді. – Біздер тек әзілдеп қана, - деп Руслан бәріміз үшін ақталғандай айтты. – Әр әзілдің астында бір шындық бар. – Дұрыс, - деп біздің күлкімізді тыныш бақылап отырған Володя да қоштады. – Әйтпесе нинзялармен болған тарих қайталанады. Біз оның шын немесе әзіл айтып отырғанын түсінбедік. – Қандай мағынада? – деп Андрей сұрады. – Тура мағынасында, - деп жауап берді Володя. Барлығымыз Сэнсэйге сұрақ көзімен қарадық. – Иә, осындай оқиға болған, - деді Сэнсэй. – Бір кездері рухани білімді жаман мақсаттарына пайдаланғаны үшін нинзя кланы толық жойылған. – Біз бұл туралы естімедік, - деді Руслан. – Иә, айтыңызшы, - деп бізде қоштадық. Айтатын несі бар... Нинзялар тәнін жаттықтырып, шеберліктерін шыңдаған кезде, олар өркендеді. Оларда ешкімнің шаруасы болмады. Олар жәй ғана жалдамалы жандайшаптар еді. Бірақ нинзялар рухани тәжірибелерді игеріп, ерекше мүмкіншіліктерді үйрене бастағанда, осы білімдерді дүниелік бас пайдасы үшін пайдалана бастады. Бұл уақыт нинзялардың жұлдызды сәті болды. Лезде өте мықты жендеттер деген атаққа ие болды. Нинзялар рухани білім мен жұмыстың негізінде, ерекше қасиеттерін дамытты. Олар кез-келген затты қаруға айналдыра алатын еді: кез-келген бір жапырақ қағазды, матаны, яғни кез-келген нәрсені. Қалай жасырынуды, өз денсаулықтарына еш зиянсыз үлкен биіктіктер мен биік жерлерден секіруді үйренді және тағы сол сияқты. – Не деген керемет! – деген сөздер Славаның аузынан шығып кетті. – Оларға таңқалудың қажеті жоқ, - деді Ұстаз Славаның реакциясына қарап, - оның үстіне олардан пір жасауға. Олар ту сыртынан, артынан, жасырын түрде адам өлтіргіш жәй ғана қанішерлер тобыры. Олар нағыз оңбағандар, басқаша айту мүмкін емес. Оларды хайуани негіздері басқарды... Нинзялардың ар-ұяты, ожданы болмады. Ал ар-ұят – тек жауынгердің емес, адамның рухани деңгейінің негізгі көріністерінің бірі. Яғни жоғары адамгершілік құндылықтарымен өмір сүруі. Ар-ұяты жоқ адам – ешкім емес. – Ал нинзялармен не болды? – деп Юра қызыға сұрады. – Әдеттегі осы жағдайда болатын нәрсе болды. Рухани білімді өздерінің қара басы үшін пайдалана бастаған кезде, олар құртылды. Осы кезде Сэнсэйді балалар сұрақтың астына алды, бірақ барлығынан Руслан табанды болып шықты. – Егер олар өздерінің мақсаттары үшін пайдаланса, рухани білімді қалай алған? – Олар рухани білімді алмаған. Нинзялар ұрлаған, нақтырақ айтсақ алдау арқылы медитация техникасын меңгерген. Алған білім дәнін әрі қарай өздері өсірген. Бірақ олар осының барлығын зұлымдыққа пайдаланған. Сол себепті жазаланған. – Ал оларды кім жазалады? Сіз өзіңіз айтқандай олар жоғары деңгейге жетіп, адамдар үшін оқ дарымайтын болды емес пе? - деп Андрей сұрағын қойды. Сэнсэй күлімдеп өзінің сүйікті мәтелін айтты: – Түсінесің бе, кез-келген Виджаға өз Раджасы табылады... (на любого Виджая найдется Раджа) Мысалы егер әскери іс болса, оны біреу басқарады. Рухани ілім мен тәжірибесі (практикасы) болса, яғни оны қолданатындарды бақылайтын біреудің бары хақ... Бұл ілімдер сондықтан рухани деп аталады. Себебі ол дүниелік емес, оның үстіне Адамдарды өлтіруге емес, жеке адамды рухани байытуға арналған. – Нинзя мектептерінің әлі де бар екенін оқыдым, - деді Костя өзінің байқағыштығын көрсетіп. – Білесің бе, қазіргі нинзя мектептері – ертеде болған мектептердің жәй ғана бейшара пародиясы. Иә, нинзялардың әдістері мен қарулары қалды. Бірақ мұның барлығы физикалық деңгейде ғана. Әрі қарай жетілдіруге есік жабық. Себебі рухани тек руханиятқа деген заң бар... Егер сендер Өнерді дүниелік пайда табу үшін немесе өзімшіл мақтаныш сезімдеріңді қанағаттандыру үшін білуге ұмтылсаңыздар, - Сэнсэй басын шайқап, біздерге мұқият қарады да, - арты жақсылықпен бітпейді... - деді. – Неліктен? - деп Слава сұрады. – Біріншіден, сіздер ешқашан ештеңе үйренбейсіздер. Ал екіншіден, әрине жолдарың болса, жоқ дегенде шизофрения ауруын аласыңдар. – Иә, керемет болашақ, - деді Руслан жымиып. – Ол саған ешқандай қауіп төндірмейді, - деді Женя әзілдеп. – Бірақ біздер ешкімді өлтірейін деп жатқан жоқпыз, - деп Андрей ақталды. – Физикалық олай емес шығар. Бірақ ойларыңның хайуани жағы тым басым. Ал бұл - агрессия мен зорлық-зомбылыққа алғашқы қадам. – Енді не істеу керек? – Әр секунд сайын өз ойларыңды бақылауда ұстаңдар. Біраз үнсіздіктен кейін Сэнсэй Андрейге қарап: – Сен бір күні болсын шындығында өзіңнің кім екендігіңді ойладың ба? Өзіңнің шын болмысыңда кімсің? Қоршаған әлемді қалай қабылдайтыныңды ойлап көрдің бе? Физиологиялық тұрғыдан емес, өмір көзқарасымен... Сен кімсің? Сен қалай көресің, сен қалай естисің, неліктен сен сезінесің, ішіңдегіні кім түсінеді және кім қабылдайды? Өзіңнің ішкі жан дүниеңе үңіл. Және балаларға қарап, Сэнсэй: – Сендер тіпті саналарыңның шексіздігі туралы ойлап көрдіңіздер ме? Ой дегеніміз не? Ол қалай пайда болады, қайда жоғалады? Сіздер өз ойларыңыз туралы ойланып көрдіңіздер ме? – Енді қалай, - деп тартыншақтады Андрей. – Мен үнемі ойда боламын. Бір нәрсе туралы ойлап жүремін. – Әрине саған өзің ойланып жатқандай көрінеді. Ал сен ойларыңның өзіңдікі екеніне сенімдісің бе? – Басқа кімдікі болушы еді. Тән – менікі, демек ойда менікі. – Ал егер ой сенікі болса, бір күн болса да ойыңды бақылап көрші. Олардың қалай пайда болатыны, қайда кететіні. Егер мұқият ойыңа тереңдесең, ол жерден боқтан басқа не көресің? Ештеңе. Тек зорлық-зомбылық, ластық, қарын тойдыру, сәнді шүберекке орану, ұрлау, пайда табу, сатып алу, өзімшіл мақтаныш сезіміңді көтеру. Осымен бітті! Тәніңнен туған ойларыңның – айналаңды дүниемен толтырумен аяқталатынына өзіңнің көзің жетеді. Бірақ сенің ішкі жан дүниең солай ойлайды ма? Өзіңнің рухыңа үңіл... Әдемі және мәңгілік өзіңнің шын «менің» мен кездесесің. Себебі осы әлемнің бар сыртқы бос сапырылыстары – секундтар ғана... Сен осыны түсінесің бе? Біздер үнсіз тұрдық. Кенет маған бұл бейне қатты таныс болып көрінді. Бәрі болған сияқты, ұсақ-түйегіне дейін: дәлме-дәл сол әңгіме, мына алаң, аспандағы жарық жұлдыздар және ең бастысы жанымды терең тебіренткен жұмсақ дауыс, мейірімділік шашқан жүзі... Осының барлығының болғанын нақты білем. Бірақ қашан, қайда? Қанша тырыссам да, жадымды қанша қинасам да, ойыма ештеңе түспеді. Санамды жалт етіп шыққан ақпараттардан тығырыққа тірелген жағдайдан шығу үшін аздап басымды шайқадым. Ал Сэнсэй сөзін жалғастырып жатты: – Міне сіздер 16, 22, 30 жас, тіпті 40 жас өмір сүрдіңдер дейік. Бірақ қайсыларыңның өткен өмірі есінде? Жоқ, жәй ғана эмоционалды толқулармен байланысты болмашы сәттері ғана. – Иә, - деп Николай Андреевич ойлана сөйледі. – Оны байқап үлгергенімше, өмір зырылдап өте шықты. Барлығы оқуда, жұмыста, болмашы отбасылық ұсақ-түйек, таусылмайтын тіршілік... Өзекті мәселелер бітпей, өзің туралы, рухың жайлы ойланатын уақыт жоқ. – Міне осылай, - деп Сэнсэй растады. Сіздер болашақ пен өткенді ойлайсыздар. Бірақ лезде өте шығатын осы шақта өмір сүресіздер. Ал осы шақ дегеніміз не, бұл - өмірдің баға жетпес әр секунды, Құдайдың берген сыйы, оны ұтымды пайдалану қажет. Өйткені, ертеңгі күн-белгісіздікке қадам. Осы өмірдегі соңғы қадамыңыз, тұңғиық пен шексіздікке апарар қадамыңыз болуын жоққа шығаруға болмайды. Ол жерде не болмақ? Әрқайсыларыңыз Жердегі уақытым жетеді деп ойлайсыздар, себебі өлім туралы ойланбайсыздар. Бірақ шынымен бәрі солай ма? Бір жағынан биологиялық тіршілік иесі ретінде сізге тәуелсіз кез-келген себеп-салдардан, әрқайсыларыңыз кез-келген секундта ажал құшуларыңыз мүмкін. Бірақ тағы бір жағынан сіздер жәй ғана биологиялық тіршілік иесі емессіздер, сіздер мәңгіліктің бөлшегі бар Адамсыздар. Осыны ұқсаңыздар, Тағдырларыңыз өз қолдарыңызда екенін және ондағы өте көп нәрсенің сіздерге байланысты екенін түсінесіздер. Тек бұл жерде емес, ол жақта да солай. Ойланыңыздар: сіздер кімсіздер, жетілген биоробот немесе Адам, хайуан немесе рухани болмыс. Кім? – Енді, адам... шығармын, - деді Руслан. – Міне, көріп тұрмысың, «шығармын» дейсің. Ал шындығына келгенде Адам деген кім, сен ойландың ба? Осы сұрақтың түбіне енші. Бойыңдағы кім сезінеді, кеңістікте қалай қозғаласың, аяқ-қолыңды кім қимылдатады? Сенде эмоциялар қалай пайда болады, олар неліктен пайда болады? Барлығын біреуге жаба салма, бір жерде біреу қағып кетті, ренжітті немесе керісінше сен қызғандың, мысқылдап қуандың, өсек айттың. Осылардың барлығын руханиятың айтып тұр ма? Өзіңнен рухыңның мөлдір таза бұлағын ізде. Сол кезде сырты жылтыраған барлық дүниең – көліктер, пәтерлер, саяжайлар, қоғамдағы жоғарғы жағдайың – сен саналы бүкіл өміріңді жұмсаған осы барлық дүниелік заттарың шаң-тозаңға айналады. Қайнар көзіне түскен кезде (рухтың) лезде жоғалатын дүниелік шаң-тозаңың. Ал өмір өтуде. Даналықтың шексіз мұхитына айналуға болатын Өмірің. Ал шындығында өмірдің мәні неде? Сен осы туралы ой толғап қөрдің бе? Кез-келген тұлғаның өмірінің ең үлкен мәні – өзінің рухын тануы. Қалғандары уақытша, өте шығатын сағым мен бос шаң-топырақ. Жаныңды танудың жалғыз-ақ жолы – тек ішкі Махаббат арқылы, ниетіңді ар-ұжданыңмен тазарту, мақсатыма жетемін деген мүлгімес қатты сенімің, яғни ішкі сенімің... Бойыңда жаның барда, өзіңді тану, бойыңдағы негізіңді, өз сәуле жарығыңды, жаныңның қайнар көзін іздеу ешқашанда кеш емес... Өзіңе терең бойла, нағыз шынайы кім екеніңді сол кезде түсінесің. 15 Осы медитациядан көрген және естігенімнің бәрінен кейін, әсіресе өлімге бір қадам жақын қалған мен үшін жақсылап ойланатындай еді. «Құдайым, бұл менің өте ұзақ іздеген сұрақтарымның жауаптары. Шыныменде мәңгілікке жетудің керемет формуласы осыншалықты қарапайым болғаны ма: өз ойыңды бақылауда ұстап, Сену мен Сүю ғана ма (Махаббат)? Мен шынымен де осының көмегімен шексіздіктің өзін таныған, құдіретті болмысын түсінген мәңгілік иелері тұрған құтқарушы жағалауына жете аламын ба?! Шыныменде өзімнің «шын менім» кәрі ажалдың құрсауынан құтыла алады ма екен? Өз тәнімді «қорғай» алмасам да, бәрібір еркін бола аламын, жоқ дегенде Белгісіздікпен кездесуге дайын боламын». Осы ойлардан кейін менде бұрын-соңды болмаған шабыт, ішкі күш-қуат сезімі пайда болды. Барлығын ертеңге қалдырмай, жұмысты осы бойда бастаймын деп шештім. Себебі кім біледі, ертеңгі күннің маған не дайындағанын. Бірінші кезекте өз ойларымды саралауға тырыстым. Бірақ менде соншалықты ынта мен шабытты болғанымнан, нақты бір нәрсеге тоқтай алмадым. Себебі осындай ағынға барлық дүниелік ойларым бір жерге жоғалып кеткендей. Кейін мен өз сезімдерімді талдай бастадым. Тек осы жерде ғана ішкі мазмұныма соншалықты сіңіп, қоршаған әлемге басқаша көзбен қарағанымды байқадым. Ескі, тесілгенше тозған мәселелеріме, маған белгісіз тұспен қарайтын көзқарас еді. Қоршаған әлемге жаңа көзқарасым, менің санамдағы сұрғылт күнделікті өмірі мен өзінің кішкене алаңдаушылықтарын кокон секілді итеріп, мені қоршап алды. Әлем өзімен-өзі, мен өзім бөлек өмір сүргендей сезім қалыптасты. Оның үстіне мен алғаш рет тәнімнің жұмысын сырттай көрдім (бақыладым). Ол автопилот секілді күнделікті таныс әрекеттерді орындап жатты: автоматты түрде үйге келді, душ қабылдады, автоматты түрде тамақ ішті, өзінің бөлмесіне автоматты түрде барды. Ал осы уақытта өзімнің шын «менім» сыртынан бақылап, өзінің құтқарылуын ойлауда еді. Бұл кішкене ғана ашылған жаңалық, маған қатты әсер етті. Менің бойымда өзімнің шын «менім» және тәнімде «автопилот» бар екен. Бірақ, әрі қарай одан сайын көбірек болды. Басымда Сэнсэйдің айтқан сөздерін тағы бір мәрте айналдырып: «кеңістікте қалай қозғалатындарыңды, аяқ-қолдарыңды кім қозғалысқа келтіретінін ойлап көрдіңіздер ме?» деген сөздерін есіме түсірдім. Өзімді басқа көзқараспен қарап: «шыныменде, менің аяқ-қолдарымды «мен» әлде «автопилот» қозғалтады ма?», - деп ойландым. Мен ашық алақаныма қарадым да, кішігірім тәжірибе жасаймын деп шештім. «Саусақтарымды ашып-жұмуым керек», - деп ойладым. Менің қолым айтқанға бойұсынды. «Ал енді саусақтарымды қимылдатпаймын». Бірақ, кенеттен маған бір ой келді: «Ал мен бәрібір жұмамын». Менің саусақтарым осы «бұйрықтың» айтуымен тағы да ашылып-жұмылды. «Опа! – деп таңғалдым. Бұны менің ішімде кім ойлады? Менің ойларымды кім басқармақшы?! Күш-жігерімді жинап, тағы бір мәрте, бірақ бұл жолы табанды әрі мақсатты түрде: «Мен саусақтарымды қимылдатпаймын. Қалай қаласам, солай болады», - деп ойладым. Қызық, бірақ қолым тіпті қимылдаған да жоқ. Ал әлгі қаңғыған ой тіпті болмағандай. «Ал керек болса!», - деп одан сайын таңғала түстім. – Демек ойымды босаңсытқан сәтте біреу менің сыртымнан ақыл-ойым мен денемді өз қалауы бойынша басқара бастайды. Ал егер ойымды қатаң қадағаласам, олар ізсіз жоғалады. Ал керек болса!» Бірақ дей тұрғанмен, ашылған жағдайға, мен ұзақ жылдар бойы менің құпия бөлімімде мұқият жасырынған тыңшыны тапқандай қуандым. «Иә, бұл «ақылдысымақ» ақымақ «автопилотқа» қарағанда анағұрлым қауіпті. Өте қырағы болу керек!» Айтуға оңай, жасау қиын. Медитацияны жасай бергенімде, босаңсып медитацияға ойымды жинақтаған сәтте, бұл «қуың» ойыма бірнеше мәрте келіп, назарымды басқа тақырыптарға аударатынын түсіндім. Осының барлығын қисынды етіп, логикаға сай қылып жасағаны соншалықты, назарымды қалай аударып алғанымды өзім де түсінбей қалдым. Медитацияға терең бойлап, ойымның консентрациясын нақты ұстаған кезде, бұл «қуың» жоғалып кетті. «Бүлдіргіш. Бассыз, мазаны алғыш», - деп медитацияға назарымды тағы бір мәрте жинақтап жатып ойладым. Медитациямды аяқтаған кезде, бұл нөмері бірінші жаумен күресу оңай еместігін ұқтым. «Бұл «қуды» қалай басқару керектігін Сэнсэйден сұрау керек», - деп ұйықтар алдында ойладым. «Әйтпесе, ол мен үшін бәрін құртады». Келесі күні таңертең, эмоцияларымның толқыны басылған кезде, өзімді тағы да сырттай бақылай бастадым. Денем әупірімдеп жылы төсектен тұрды да, сабаққа бару үшін күнделікті серуенін (моцион) автоматты түрде жасай бастады. Санам әлі де тәтті ұйқысынан тұрмағандай көрінді. Сондықтан ешнәрсе ойлағысы келмеді. Әдеттегі мектепке баратын қала саябағымен өтетін жолыммен келе жатып, айналадағы тыныштық, таңғы сергектік пен түскен жапырақтардың даусынан ләззат алып келемін. Маған бұл тыныштық (жайбырақат) күйі қатты ұнады. Санам ұйқыда, ал денем берілген бұйрық бағытында жүріп келеді. Ал маған ішкі жай-күйім жақсы әрі жайлы болды. Және бұл өзімнің шын «менім» екендігін сезіндім. Бірақ мектепте жағдай күрт өзгерді. Оқиғалар, ақпараттар, эмоциялар ағынына менде еніп кеттім. Нәтижесінде, ойларымның табиғатына толығымен шатастым. Себебі олар ағынмен келе бастады. Олардың қайсысы өзімдікі, қайсысы бөтен екенін айыру қиын болды. Осындай қатты ырғақпен бір күнім өте шықты. 16 Кешкі мезгілде балалармен аялдамада кездесіп, олармен өзімнің жеткен «жетістіктеріммен» бөлісуге асықтым. Сөз соңында: – Ал сендерде қалай болды? Кешегі сабақтан кейін ойландыңыздар ма? – деп сұрадым. – Не ойланатыны бар, - деді Костя менмендікпен. – Мен – ол мен, біртұтас бөлінбейтін... Екіге бөлінетін маньяк емеспін. – Иә, сен маньяк емессің, сен біздің алтыншы палатадағы данышпанымызсың... Наполеон сізді қатты мазаламайды ма? - деп Андрей күліп, оны сөзбен түйреді. – Қойшы сені... Есіңе салайын менде үрілген өзімшіл мақтаныш сезімі жоқ. Кішкене уақыттан кейін: – Ұлы адамдар онымен қиналмайды, – деп қосты. – Әрине, – деп Андрей күлді. – Басқа жауапты күткенде жоқпын. – Жарайды балалар, әйтпесе бастысы туралы ескі әндеріңді қайтадан созасыңдар. Сендер маған мәні бойынша айтыңдар, – деп шыдамсыздана айттым. – Не айтатыны бар, - деп Андрей жауап берді. - Сэнсэй кеше көптеген пайдалы нәрселер айтты. Бұл жерде миға жұмыс бір жылдан да көбірек. Мен кешелі бері ойланумен болдым, болашақ мақсаттарымды дұрыс қойдым ба, әлде ішінара жаңа ақпарат негізінде түзету қажет пе деп. – Ал сен, кәдімгідей дұрыс сөйлей бастапсың, - деді таңғала жымиды Слава. – Сен кездейсоқ ғылым академиясына баруға оқталған жоқсың ба? – Жо-жоқ, маған Сэнсэйдің өзі жеткілікті. – Бұл сөзсіз, ал сенде медитация қалай болды? – деп сұрадым. – Білесің бе, кешегі күнге қарағанда анағұрлым жақсы. Бірден консентрациям жақсарып, сезімдерде анық біліне бастады. – Ал сенде Татьяна, бір нәрсе шықты ма? – Егер шынымды айтсам, медитацияны жасамақ түгелі ойлаған да жоқпын. Кеше шаршағаным соншалықты, кереуетіме әзер жетіп құладым. Таңертең інімді балабақшаға апарып, одан кейін сүтке барғанша, сабақта болып қалды. Осынша жұмыс тұрғанда, ойлануға уақыт жоқ! – Дұрыс, - деп ақталуын Костя да қоштады. – Ойланудың қажеті жоқ, бірден әрекет ету керек. Жастық іске, ал қарттық кез ойлануға берілген. – Ага, - деді Андрей екеуін мазақтағандай. – Қартайған шағыңда қалған миыңмен: «егер жастық шақ білсе, қарттық шақ істей алса», - деп қарлыққан даусыңмен айтатын боласың. Балалар Костяға әзілдеп тағы да күлді. – Ал сенің жағдайың қалай? – деп Славадан сұрадым. – Жақсы. – Жақсы, сонда қалай? – Барлығы сендердікі сияқты. – Барлығы түсінікті, - деп Андрей Слава жаққа қарай қолын бір сілтеді. 17 Келесі дайындықта біз әдеттегідей жаттығу алдында қыздырынып жаттық. Жаттығу залына Володя бастаған түрлері сесті көрінетін бір топ ер адамдар кіріп келді. – Ого, қаншама адам деп! – Андрей таңғалды. Виктор күлімдеп Стасқа: – Бұл «бір-екі адам» деп аталады, - деді. –Түсінбедім? – Иә, кеше Володя маған бір шаруалармен телефон соғып, соңында жаттығуға бір-екі жігітпен келетінін айтқан. – Ал керек болса, бұл жерде жарты взвод бар шығар, - деп Стас күлді. – Міне-міне, менің де айтқым келгені осы. Бізден алыс емес жерде тұрған Сэнсэйге Володя амандасуға келді. Үлкен балалар оларға қосылуға асықты. – Сэнсэй қарсы емессің бе? – деп Володя жігіттері тұрған жақты басымен нұсқады. – Қандай мәселесі бар, - деп Сэнсэй әдеттегіше жауап берді. – Кеше кешкісін теледидар көрмегенсің бе? – Қашан? Онсыз да уақыт жоқ. – Кеше кімді көрсеткенін білесің бе? Біздің Сан Санычты! – Біздің Сан Санычты?! – деп Женя таңырқады. – Хабарсыз кеткеніне қанша жыл, қанша қыс. – О! Қазір керемет болып алған! Айтуынша, үңгірлерде өмір сүріп, орыс ұрыс өнерін меңгерген. Қазір өзін орыс нинзясы деп атайды. Ең қызығы, Сэнсэй сіздің әдістеріңізді көрсетті. Тек бір айырмашылығы, оны ескі ұмытылған ежелгі славян ұрыс өнері деп атап, өзінің оны қайта жандандырғанын айтты. Қатырады! – деп күлді Стас. – Иә Володя, сол жолы қатты ұрмағаныңда, қазір онымен бірге үлесте болар едің. – Жоқ, болмас еді, - деп Женька жымысқылана айтты. – Неліктен? – Неліктен? Егер сол жолы Володя дұрысынан сілкіп алмағанда, оның көзі ашыла қоюы екі талай еді. Жігіттер рахаттана күлді. – Сен оны босқа олай айтасың. Қанша дегенмен үлкен кісі. Ал қарттықты сыйлау керек, - деді Сэнсэй. – Жоқ ол өзі кінәлі, босқа әуреленіп, - деп Володя ақтала бастады. Кейін сөзін жұмсартып: - Мен оны ұрмадым десемде болады, тек байқаусызда тиіп кетті. – Дәл, Сэнсэй, дәл солай болды, - деді Женя. – Қазір есімде, Володя қойған жұдырығына, ол бес минут бойы өз басын өзі соқты... Есесіне пайдасы тиген! Көрмейсің бе, адамның көзі қалай ашылғанын, орыс нинзясына айналған. Жігіттер тағы да күлді. – Өзіне ермек болса айналыса берсін, - деп Сэнсэй жақсы ниетімен қолын сілтеді. – Адам өз қалағанын тапты. – Кеше біздер казармалық жағдайда, кезекшілікте болдық, - деп Володя сөзін бастады. – Жігіттермен теледидардан Санычтың аяғын сілтеп, адамдарды құлатқанын жеткілікті көрдік. Менің жаңадан келген жігіттерімнің өзі одан анағұрлым мықты... Міне бүгін нағыз ұрыс Өнерін жетік білуге келдік. Өзіміздің білімімізді толықтыруға деп айтсақ болады. – Ізгі іс, - деп Сэнсэй сөздерін мақұлдады. Әрі қарай өткен жаттығулар туралы естеліктер және олармен байланысты көптеген қызықты жағдайларды еске түсіріп айтумен болды. Соңында Володяның жігіттері де әңгімеге араласып, тақырып ұрыс өнерінен асып адамдар арасында философиялық пікірталасқа көшті. – Иә, мен оларға өз принципім бойынша жасадым, - деп Володяның жігіттерінің бірі өз көзқарасын қызу қорғауда еді. – Принцип – бұл шындыққа қарсы тұру, ақымақтықтың туысы. Принцип... Сэнсэй сөзін аяқтамай жатып, үлкен балалар бір ауыздан хорменен: – Тек нақты ғылымдағы аксиоманың синонимі секілді жақсы, - деп Сэнсэйдің ойын жалғастырды. – Міне, міне, - деп Сэнсэй де растады. Володя кішкене ұялыңқырап: – Мен оларға барынша түсіндіруге тырыстым. – Демек, аз тырысқансың. Ақылына жетпесе... – ...аюға намаз үйреткен таяқ! – Егер бәрін жақсы білсеңіздер, бекерге күлесіздер... Сэнсэйдің айтқан соңғы сөздерін жаттығу басталған кезде ғана түсіндім. Сэнсэй бүгін бар күшімізбен жұмыс жасайтынымызды айтып, егер кім шыдай алмайтын болса, ешкімге кедергі болмай жаттығу залының сол бұрышына барып, сол жерде соққыларды қайталасын деп ескертті. Бір-бірімізбен торғайша сықылықтаса күле, танауымызды көтеріп: – Біздер шыдай алмайтын болсақ! – деді жәй даусымен Андрей. – Айтпа! Біздің қолымыздан не келетінін қазір көрсетеміз! - деп Костяда сөзін іліп әкетті. Мен де сэмпайдың жаттығуын есіме алып: «Бірінші рет емес», - дедім. Бірақ біздің менмендігіміз қыздырынудың бірінші минутынан-ақ су сепкендей басылды. Мен мұндай ауыр жаттығуды ешқашан көрген емеспін. Бұл тірі қалу мектебі секілді болды. Жиналған адамдарды қызу қарқынмен үнемі өзгеріп тұратын кедергілер арқылы жаттығу залында жүгірткізді. Қырық минут өтпей жатып-ақ жаттығушылардың көбісі, оның ішінде менде бар төрт аяқтап шетке шықтық. Әлі құрыған Татьяна: – Сұмдық! Әзіл-оспақтағыдай «Құрметті ханымдар мен мырзалар! Жолдастар мен жолдастар! Коряктар мен корячкалар...» соңғысы тура бізге айтылғандай. Қазір өзімді сол облыстың жергілікті тұрғыны секілді сезінемін. Жаттығу залының сол бұрышында алғашқы «құрбандар» пайда бола бастады. Бірақ біздің топ табанды түрде жаттыға берді. Әрі қарай одан бетер қиындай түсті. Әртүрлі жаттығулармен араласқан марафондық жүгірістен кейін, біздер еденнен қолмен көтерілу жаттығуын (отжимание) жасай бастадық. Неше рет жасағанымызды білмеймін, бірақ жүзден әлдеқашан асып кетті. Қолдарым соққыш балға (отбойный молоток) ұстағандай дірілдеп, денем көбелек құрты секілді иіліп, «дірілдегендердің» (қолдарымның күшімен емес) есебінен емес, артымның күшімен секіріп тұруға тырысты. Себебі маған сол жерде ғана аз да болса күш қалғандай көрінді. Жаттығу залының сол бұрышы құтқарушы «оазиске» жетуді қалағандар көбейген жаққа, менде қайта-қайта жалтақтаумен болдым. Оның үстіне Татьянада сол бұрыштағы сатқындарға қосылып, мені шақырғандай қолын бұлғайды. Бұл кезде сэмпай қолмен еденнен көтерілу жаттығуын (отжимание) санап жатты. Адамдардың көңіл-күйін көтеру үшін асаба секілді әзілдеп: – Сэнсэйдің иті (овчаркасв) бар, ол үйіне барша адамды кіргізеді, бірақ ешкімді ол жерден шығармайды. Осыншалықты тапқыр, өз нанын өзі тауып жүрген иттің құрметіне он рет тағы да қолмен еденнен көтерілуді (отжимания) жасайық, - деді. Барлығы санаумен «буларын» шығарып жатқанда, Сэнсэй осы терлеп- тепшіген адамдардың үлкен шеңберін айнала жүріп, кейбіреулеріне қосымша салмақ ретінде алақанымен иықтарынан басты. Ал оның алақаны Андрей айтпақшы, ауыр жүк көлігі басқанмен бірдей. Екінші рет шеңберді айналып менің қасыма келген кезде, аяқ-қолым дірілдеп жаттығу жасап жатқан мен, «біткен жерім осы шығар! Егер ол «қолын» қойса, қоңыз секілді әйнекке жабысамын», - деп ойладым. Күтпеген жерден Ұстаз желкесінен ұстаған марғаудай, менің кимономның сыртынан тартып еденнен қолмен көтерілу жаттығуыма (отжимания) көмектесті. Бұл көрініс айналадағы балалардың күлкісін келтірді, ал Виктор: – Сэнсэйдің соншалықты өзіне сенімді, иттерге тиісетін Самурай атты мысығы бар. Оның қалауы мүмкіндіктеріне сәйкес болу үшін және тағы бір мәрте он рет қолмен еденнен серпілуді (отжимание) жасап жіберейік, - деп жалғастырды. Мұндай шектен тыс ауыр жаттығудан сүйектерім қақсады. Ал Виктор өзінің әзіл әңгімелерін жалғастыра берді. Ал мен Сэнсэйдің Самурай мысығының үстіндегі алысқа секіретін Маша бүргесін, сарайында тұратын әрі тез жүгіретін тышқанын, найзағайдай жылдам және пирания секілді «төбелескіш сиям» балықтарын, жалпы үйіндегі бар тіршілік иелеріне қарғыс айтумен болдым. Ақырында, бес құсты тудырмақ болған Кеша попугайының еркектігі үшін еденнен қолмен серпілуді (отжимания) соңғы рет жасап, шаршағаннан еденге сұлқ еттік. Бірақ бір минут өтпей жатып, қатарластырып жатқызып, топ адам «қиналған бауырларының» үстінен, байқаусызда аяқ-қолдарын жаншып секіре бастады. Жаттығу залының әр жерінен «Ос!» деген айқайлар шығып жатты. Мен бұған шыдай алмай, сол бұрыштағы «әлсіздерге» келіп қосылдым. – Баяғыдан солай жасамайсың ба, - деді Татьяна. Бірақ біздің демалысымыз ұзаққа созылған жоқ. Қыздырыну біткеннен кейін, негізгі техникалар, соққылар мен әдістерді пысықтау бойынша қарқынды жаттығу басталып кетті. Сэнсэйдің Володяның жігіттеріне көп уақыт бөлгенін байқадым. Оларға бірнеше жаңа әдіс түрлерін көрсетіп, түсіндіріп жатты. Мен олардың соққыларды бір-бірлерін қалай жасап жатқанын көріп, төзімділіктері мен таусылмас күштеріне таңғалдым. Осыншалықты ауыр қыздырыну жаттығуының салдары болмағандай. Екі жарым сағаттық қарқынды жаттығулардан кейін бізде қосымша жаттығудан қалай аман қаламыз деген ойды ойлауға ғана күшіміз қалды. Әрине бізді ешкім ұстап тұрған жоқ, қаласаң – жүре бер. Бірақ біздің қызығушылығымыз, денеміздің қиналғанынан басым түсті. Володя жігіттерін әкелген екен, демек қызықтың бәрі алда. Және біз қателескен жоқпыз. 18 Негізгі топ тарағаннан кейін, Сэнсэй қарсыластың күшін пайдаланатын арнайы әдістерді көрсете бастады. Жігіттер екіге бөлініп, оларды қайталай бастады. Татьяна екеуміз де қайталауға тырыстық. Бірақ әлсіз денелеріміз, соңғы раундтағы шаршаған боксшылар секілді бір-біріне ілініп тұрумен болды. Бұл спаррингке жасаған пародиямызды Сэнсэй көріп, екеумізді бөліп, басқа балалармен қойды. Менің дереу бар күшім жинақталды. Бұл «бір жерден табыла қалды» деп аталады. Женямен бірге соққысын пысықтап жатқан Руслан, оның қасында арық құмырсқадай көрінеді. Ол Сэнсэйге: – Осындай дәуді қалай сұлатуға болады. Ол соққы өтпейтін тегіс қалқан тәрізді. Жарайды, сіз айтқандай егер ол маған шабуыл жасаса, оның күшін өзіне бір нәрсе қылып пайдаланармын. Ал шабуыл жасау керек болса ше, бұл қыңыр мүйізтұмсыққа маған жету қайда. Таудай бұлшық еттер! – Таудай бұлшық еттер – ешнәрсе емес. Ұрыс өнерінде бұлшық ет ең маңыздысы емес. Шығыста мынадай сөз бар: «қол мен аяқ тәннің жалғасы ғана, ал тән өз кезегінде – ақылдың жалғасы». Яғни ең бастысы – білім мен әдіс (техника). Сол кезде ең әлсіз әйел адамның өзі бір ғана саусағымен, әлемнің ең мықты спортшысын құлата алады, тіпті өлтіруі де мүмкін. – Енді, теориялық тұрғыда мүмкін, - деді Женя. – Әсіресе әдемі болса, бір көзқарасының өзі жеткілікті... Ал шындығына келсек, меніңше бұл мүмкін емес. – Мүмкін, - деп Сэнсэй жауап берді. – Спортшыны ма? – Спортшыны. – Бір саусақпенен? – Бір саусақпен. – Еш күш салмай? – Еш күш салмай. – Сенбеймін... Женя сөзін аяқтамай жатып, Сэнсэй сол қолының ортаңғы саусағының жеңіл қимылымен, жігіттің оң жақ құлағының сәл астындағы мойын етіне тигізді. Бәрімізге күтпеген жерден, Женяның беті мен аузының оң жағы он шақты лимон жегендей қисайып кетті. Лезде оң аяғы істен шығып, жерге құлады. Ол не болғанын ойланып үлгерген де жоқ. Оң қолы жасамай, еден жуатын шүберекке айналғандай. Женя денесінің сол жағымен тырмысып Сэнсэйге қорыққан көздерімен қарады: – Не шиха шехе, – деп жігіт бір нәрсе айтқысы келді. Жас әрі ірі жігіттің лезде денесі жартылай сал болған «шалға» айналғанын көріп біздер есімізден танып тұрып қалдық. – Інди настэймм? Сэнсэй «тірі өлікке» Женяға еңкейіп, арқасы мен қарнындағы белгісіз нүктелерді басты. Тез әрі оңай жасағаны соншалықты, қай жерлерді басқанын көрмей де қалдық. Женя біртіндеп өз-өзіне келіп, зардап шеккен аяқ-қолдарын ысқылап: – Ал кэрэк боса! – Ал қалай, сенбеуші? – деді Сэнсэй. – Шеншей! Сен эң болмағанда эскертсеңш. Эйтпесе төбэм өртэніп кете жаздады, - деп Женя сынған тілінде әрең сөйледі. – Өкінішті, - деді Ұстаз әзілмен. – Ол кезде кенелерінің бәрі қырылатын еді. Профилактика үшін бұл кейде пайдалы. – Сэнсэй мына уыңның рецептісімен бөлісші, - деп әңгімеге Стас араласты. Сірә көргенінен бірінші болып есін жинаған шығар. – Қарапайым рецепт. Тек қай жерге, қашан, қалай екенін білу керек. – Логикаға сияды, ал толығырақ? – деп Володя білгісі келді. – Толығырақ дейсің бе? Адам денесінде көптеген ББН нүктелері бар. – Нә? – деп Женя түсінбей сұрады. – ББН – биологиялық белсенді нүктелер. – Қэндэй нуктэлер. Болиштикэлык томоховки мэнауэн, - деді жігіт наразы үнімен. – Жэнэ автопылотпэн. Жігіттер әрең сөйлеген сөзіне күлді. – Өте дұрыс. Бұл кез-келген білімді қаруға айналдыруға болатынын тағы бір мәрте көрсетеді... Сонымен, «баллистикалық автопилоттық томахавкалардың» бұл әсері адам ағзасының биологиялық белсенді нүктелеріне тура әсер етумен байланысты. – Бұл қандай нүктелер? Олар қалай жұмыс жасайды? – деп жігіттердің біреуі сұрады. – Енді, бұл ортақ инервациясы бар терінің белгілі бір аймақтары. Осы аймақта орналасқан рецепторлардан дабыл (сигнал) келетін нерв, әрі қарай дабылды (сигналды) тек жұлынға емес, орталық және экстраспинальды жолмен (центростремительным путям, и по экстраспинальным путям) жоғарғы бас миына да жібереді. Ол жерде пайда болған шартсыз рефлекстердің өзінше түйінделуі (замыкание) болады. Онымен қоса бұл процесс шартты рефлекторлық байланыс қалыптастырып ми қабатының талдағыштарында да көрінеді (корковых анализаторах). Яғни, жалпақ тілмен айтқанда ағзада белгілі бір бұйрықтар пайда болады. – Сонымен, осындай әсері болады ма? – Тек ол ғана емес. Адамды белгілі бір уақытқа қозғалыссыз немесе «есінен» айыруға болады. Немесе ақырында физикалық өмірін тоқтату үшін белгілі уақытқа есептеп, бағдарлауға да болады. – Демек сол нүктені қатты соғу керек пе? – Олай емес. Ағзаның барлық процестері өте аз ғана энергиямен жүреді. Бұл нүктелерге әсер етудің шегі аз ғана күш арқылы, яғни әлсіз, (тітіркендіруіштер) күшті күшке (тітіркендіруіштер) қарағанда ағза функциясына анағұрлым мықты әсер етеді . Осы уақытта Женя орнынан тұрып, оң аяғы ақсақтап, оң қолын салбыратып, жүруге тырысты. – Ойпэрмай, он зағым түгэл ұйэп калатындэй не дегэн шэншулар – деді. Бұл жатқышың, жалқау, - деді Сэнсэй әзілдеп. – Бұған пеш түбіне жатып алып нанды жесе болғаны... Көбірек жаттығу керек! – Мэндэ барлиғимэн бэрге тэрлэген сияқтэмэн. – Осындай ыңғайсыз жағдайларға тап болмау үшін, ақылыңды жаттықтыру керек деп айтқым келген. – Оны қалайша осыншалықты жеңіл сұлатып түсірдің? – деп Володя сұрады. – Бұл Боткина-Эрба деп аталатын нүкте. Егер мен сәл басқаша бассам, әсері мүлдем басқаша болар еді. Егер алыс емес жерде орналасқан ішкі нервтің байланысына осынша күшпен әсер етсем, қалқанша артерияларының спазмын тудыруым мүмкін еді. Ол өз кезегінде қалқанша безінің жұмысын бұзады. Бұл жағдай иммунитеттің әлсіреуіне немесе оның толық істен шығуына әкеледі. Бұл кезде ол кез-келген инфекциядан өзі-ақ ажал құшатын еді. Осы әңгімені естіген Женя тұра қалып: – Рахмэт, осэни айтэп көнэлимди орнэна кэлтирдинэз, - деді. – Ал сіз «қайда, қашан, қалай» деп айттыңыз. Бұл нені білдіреді? – деп Володя жігіттерінің бірі сұрады. – Мәселе, мынада. Бұл нүктелердің нақты орналасқан жерінен бөлек, нүктені қандай күшпен басу керек, бұл нүктенің қай мезгілде белсенді болатынын білу қажет. – Хм! Барлығы осы-ақ па,-деп Володя жымиды. Женя осы жерде өзінің сынған тілімен: – Айтэнызсы, буган тағи ғаламниң жулдызди картаси косип берилмей ме?- деп әзілін айтатын сәтті жібермеді. Сэнсэй жымиып: – Кімге екеніне байланысты. Ақымақтарға осының өзі жеткілікті. – Ал осы нүктелердің барлығын қалай біліп, түсінуге болады? – деп Стас сұрады. – Түсінудің ең оңай жолы – бұл әрине өзіңе зерттеп байқап көру. Әсіресе нүктеге басу импульсін, бұл өте маңызды. – Ага, егер біз өзімізге зақым келтіріп алсақ, - деп Виктор әзіл-шыны аралас айтты. – Зиян келтірмейсіңдер. Ол үшін денелеріңде осы нүктеден болған спазм мен қозуды бейтарап күйге түсіретін антагонист-нүктелер бар. Табиғатта барлық нәрсе тепе-теңдікте болады. – Оданша басқаларды сынап көрген жақсы, - деді Костя жымиып. – Олай еш нәрсе шықпайды, - деді Сэнсэй. Басқаларына қаншалықты тырысып басып көргендеріңмен, әсер ету күшін өздеріңе сезінбейінше керекті әсер етуге жете алмайсыңдар. – Дәл қазір ұрыс жағдайында байқап көруге болады ма? – деп Володяның жігіттерінің бірі сұрақ қойды. – Болады. – Ал біздерге? – деп сол топтағы біреуі қызығушылық танытты. – Иә, әрине. Сэнсэйге қарсы Володяның үш жігіті және Руслан шықты. Стаста оларға қосылып, Володяға қосылуын сұрады. Ол: – Мен сендерге макиварамын ба? – деп жауап берді. – Жақсы, жақсы. Володяның қасына спорттық орындыққа жайғаса Женя: – Кәне, кәне, бірақ өздерің кінәлі боласыңдар, - деп мазақтады. Барлық сұранушылар осында ма? – деп Сэнсэй Володяның жігітеріне қарады. Осы кезде мен бар батылдығымды жинап алға шықтым, оған айналамдағы жігіттер күле бастады. – Ал сен қайда барасың? – деп таңырқады Сэнсэй. «Шыныменде не үшін шықтым?», - деген қорқақ ой пайда болды. Бірақ артқа шегінуге кеш еді. – Маған байқап көруге болады ма? – Ал сен қорықпайсың ба? – Тек, қыдықтаудан ғана, - деп сасқанымнан әкемнің әзілін айттым. – Ал жарайды, камикадзаларға қосылғың келсе, мархабат. Басқа еріктілерге қарап: – Нағыз соққылармен толық байланыста жұмыс жасаймыз. Сендердің мақсаттарың – қандай жолмен болса да осы ұрысты (мені) жеңу. – Ал топпен болады ма? – деп Володя жігіттерінің бірі сұрады. – Болады. Қалай жасаймыз десеңдерде толық еркіндіктерің бар. Сэнсэй бұрылып тұрғанда, Володя жігіттері жиналып, өздерінің «әскери» тілдерінде ақылдасып жатты. Руслан мен Стаста бір-бірімен сыбырласып жатыр. Ал мен алпауыттар арасында тышқан секілді әлсіз мүмкіншілігіммен дауыл желіне қарсы не істерімді білмей тұрдым. Қастық қылғандай басыма да ешнәрсе келмеді. «Жарайды не болса, сол болсын», - деп ойладым. Ақыр соңында барлық жігіттер Сэнсэйді қоршап, ұрыс тұрыстарына тұрды. Жалғыз мен ғана өз орнымда қалдым. Ұрысты бастауға сэмпайдың бұйрығы келгенде, Володяның жігіттері Сэнсэйді шеңберлі қоршап, бір мезетте әртүрлі деңгейде шабуыл жасай бастады. Бірақ бір таңғаларлығы, Сэнсэй барлық соққылардан оңай сырғып кетті. Ал кейін қарсы шабуылды тез жасағаны соншалықты, мен тек денелердің бейберекет құлағанын ғана көрдім. Қорыққаннан екі тізем дірілдеп кетті. Осы сәтте Ұстазға Стас пен Руслан шабуыл жасауға тырысты. Сол кезде олармен төбелісе Сэнсэй маған қол жететіндей қашықтықта арқасымен тұрды. Тез арада бір нәрсе жасау керек деген ой келді. Арқасына кене секілді жабысқаннан басқа басыма ешнәрсе келмеді, ең болмағанда осылай соққыдан аман қалармын деп ойладым. Бірақ осы ойымды жүзеге асырамын деп бір қадам жасай бергенде, Сэнсэйдің орнына менің қолдарым бос ауаны сермеді. Мен өз көзіме өзім сенбедім, жаңа ғана осы жерде тұрған! «Сэнсэйді ұстағаннан, елесті ұстау оңай шығар», - деп ойладым. Бірақ Сэнсэйдің барлық жігіттерді жайратып жатқанын көріп, бүкіл ойларым «жаныммен» бірге табанымның астына түсті. Мен бұрылып қарама-қарсы жаққа қарай қашқым келген. Бірақ екі қадам жасамай жатып, мойын омыртқамның бірінші, екінші тұсынан аздап жеңіл соққы алдым. Сарғыш- қызғылт жарық сәулесі мен күшті прожекторды жаққандай, екі көзім жарқ ете қалды. Бар денем, сілтемек болған қолдарым сілейіп, денем алға қарай еңкейіп, оң аяғым жартылай көтеріліп құрысып қалды (немесе қатып). Қалай тепе-теңдік сақтағанымды өзім де түсінбедім. Бірақ осы бәрінен бұрын мені аз алаңдатты. Мен бұлшық еттерімде не болып жатқанын қорқынышпен бақыладым. Менің тілегім мен жігеріме қарамастан, барлығы бір механизмдей құрыса бастады. Бұл құрысулар денемнің бүкіл жеріне тарады. Құрысулар секунд сайын күшейіп, оны тоқтату мүмкін еместей көрінді. Денемді үлкен күшпен басқаны соншалықты, омыртқамның сықырлағанын естігендеймін. Және бұрын-соңды болып көрмеген, ішкі ағзаларымның қиналысын сезіндім. Бұл жағдай менде ешқашан болған емес. Тіпті ең қатты ауырған бас ауруларымның өзі, мына шыдатпас ауырсынудың қасында ешнәрсе болмай қалды. Бетімнің мимика бұлшық еттерінің құрысқаны соншалықты, жүзім қорқынышты бұзылды. Бір таңғаларлығы, тәнімнің ауыр құрысуына қарамастан, есімді анық (санамды) білдім. Барлығын анық естіп, анық көруімді жалғастыра бердім. Біздің балалардың қатып қалған денелерімізді көріп, қорыққаннан жүздері өзгергенін байқадым. Костяның маған: – Ал керек болса! Көз алмайтын қас сұлуға айналдың, - деген сөзін естідім. Оған қарсы сөз айтайын деп едім, бірақ сөз айтпақ түгелі тілімді қозғалта алмадым. Ұстаз бізді «тірілткенше» уақыт мәңгіліктей көрінді. Сэнсэй бізді қайтадан «тірілтті». Бірақ кейін білгенімдей құрысқан тұрысымда мен бір минутта тұрмаппын. Тұла бойымды ұсақ инелермен тескені соншалықты, бір мезгілде көп инеге құлағандай күйде болдым. Менің «серіктестерім» денелерін ысқылаумен болды. Менде эмоциямды олар секілді баса алмасамда, жасағандарын көріп, қайталауға тырыстым. Денем қатты сынып, ауырсынды. – Ештеңе етпейді, екі күннен кейін, әрі кетсе үш күннен кейін бәрі кетеді, – деді Сэнсэй бізді сабамызға түсіріп. Қосымша жаттығудың соңына дейін алтауымыз, балалардың бізге әзілдеуімен аяқ-қолымызды қатты ысқылап сипаумен болдық. Біздің «мүгедектер» тобы сыртқа шыққан сәтте, Сэнсэйдің қасында тұрған Володя: – Керемет! Бүгін жақсы жаттығу болды. Бұлшық еттеріме жақсы, - деп рахаттана сөйледі. Аяғымды әрең қозғалтып, «қайдағы жақсы!», - деп ойладым. – Егер осылай жалғаса берсе, онда жақын арада арнайы мүгедек арбамен келетін шығармын. Біздің «бейшара-төбелескіштер» халықтың әзілдерімен жолда баяу жылжып барады. – Әзіл әңгімедегідей жаман көрінбейсіңдер, - деп Виктор әзілмен айтты. – Қай әзіл? – Жәрдем бөлмесінде басынан аяғына дейін гипсталған екі жігіт кездеседі. Біріншісі екіншісінен: «Осыншама жарақатты қайдан алдың?» «Гаражға түйісіп қалдым». «Машинадан түк қалмаған шығар», - деп біріншісі көңіл айтыпты. «Жоқ, мен жаяу түйістім!» - депті. – Күлкі-күлкісімен, бірақ денем ауырсынып тұр. – деп Сэнсэйге шағымдандым. – Ал сен ауру туралы ойлама. Өйткені ауру дегеніміз – иллюзия. – Қайдағы иллюзия, егер оны шын сезінсең? – Ауруды сезінуің, саған жәй ғана солай көрінеді. Егер шын қаласаңыз, кез-келген ауырсынуды мүлдем сезінбеуге болады. – Қалай, тіпті пышақпен кесіп жатса да ма? – деп Слава сенімсіз сұрады. – Тіпті қуырып жатса да, - деп Сэнсэй күлкімен жауап берді. Кейін байсалды түрде: – Ауырсыну дегеніміз – тітіркенулерге миға дабыл (сигнал) жіберетін арнайы нервтердің реакциясы. Егер адам тәні мен санасын аса жетік басқара алса, ауырсыну шегін реттей алады. Айтпақшы ұрыс өнері стилінде «Катэдо» мектебі бар, оның шеберлері шәкірттерін ауырсынуды сезбеуге арнайы үйретеді. – Олардан үйренетін жігіттер бақытты екен, - деді Руслан. – Қайдағы бақытты, - деп Сэнсэй әзілдеді. – Үйренер алдында ең жоқ дегенде жүз рет бастарынан таяқпен соққыласа. Осы сәтте Юра досына мақұлдайтын бір нәрсені айтқысы келгендей. Бірақ енді ғана аузын ашып, Русланның иығынан қаға беріп еді, ол: – Ааа! Бейшара денемді соқпа! -деп бар даусымен айқайлап жіберді. Осындай келеңсіздікті көрген барлығы күлкіге қарқ болды. – Әдейі жасай алмайсың деп аталады, - деді Стас та күле. – Осындай жаттығулардан кейін адамдар жаңа тіл ойлап табады, - деп Женя жалғастырды. – Ага және түсініксіз әріптермен сөйлейтін болады, - деп Викторда іліп әкетті. Жалпы, әрі қарай кезекті жаңа әзіл әңгімелермен, аяқ-қолымыздың ауырғанын ұмытып, көңілді кеттік. Тек күлкіден ішіміз түйілді. Осы уақытта Андрей ортақ әңгімеге араласпай, ой толғауында келе жатты. Біздің күлкімізге еш назар аудармай Сэнсэйден: – Сіздің көрсеткен ұрыс стиліңіз, яғни нүктелерді басу, «Ескі лама» ұрыс стилі ме? – деп сұрады. – Жолдағы тас пен Гималайды шатастырмасаңшы. «Ескі лама» ұрыс стилінде Өнер шырқау шегіне жеткен. Ол жерде адамға кез-келген нәрсені жасау үшін бір ғана қол алысу немесе делдал адамның болуы жеткілікті. – Мәссаған! - деп таңғалды Андрей. – Бұл жәй ойыншығы ғана. Бұдан да үлкен нәрселері бар. Оны кейін тағы бірде айтып берермін. Аялдама жанында қоштасып, бәрімен қол алысып, Сэнсэй күтпеген жерден Костяны бір шетке шақырып алып, сыбырлап бір нәрселерді айта бастады. Қанша тырысқанымызбен ешнәрсе ести алмадық. Кейін Сэнсэй бастаған топ жолдан ұзай бергенде, Костяны сұрақтың астына алдық. Бірақ ол жеке құпиясы екенін айтып, әзілдеп сұрақтан қашумен болды. Үйге үнсіз келдік. Жалғыз Костя ғана әзілін айтып, біздердің көңілімізді көтеруге тырысты. Мен ауырсыну туралы ойларыма еніп кеттім. Және ең бастысы осыны мақсатты ойлай бастаған кезде, денем жаңа күшпен қайтадан ауыра бастады. Менде үйге тезірек жетсем деген жалғыз арман болды. Құдайға шүкір, әйтеуір үйім аялдамадан бес-ақ минуттық орталықта еді. Бірақ мені кіреберіске дейін шығарып салып, балалар кетуге асықпады. Нақтырақ айтсақ, әзіл-қалжыңдары мен күнделікті өмірдегі түрлі күлкілі бастан кешірген оқиғаларын айтып Костя кетпеді. Мен бір аяқтан екінші аяққа салмағымды ауыстырып, бірқалыпты жәй ғана жымиып, жүзіммен тарау керек екендігін көрсеттім. Бірақ Костя мұның бәрін байқамай, тек кейде сағатына қарап, өзінің әзілдерін жалғастыра берді. Әңгімемізге он минут болмай жатып, бәріміз үшін аяқ астынан Андрей қатты ауырсынудан айқайлап, құрысқан күйі екі бүктелді. Егер қасындағы Костя болмаса жерге ыңғайсыз құлар еді. Бірақ Костяның өзі де тепе-теңдікті сақтай алмай, досын өз денесінде ұстап жерге бірге құлады. Біз қорыққаннан Андрейге еңкейіп, көмектескіміз келді. Тіпті мен де қорыққаннан бұлшық еттерімнің сыздап ауырғанын ұмытып кеттім. Тек Костя ғана сабырлы болып көрінді. Андрейді орнынан тұрғызып жатып: - Ештеңе етпейді, тек жәй ғана самайын сипаңдар. Қазір бәрі басылады, - деді. Дәрменсіз жігітті көтеріп, ыңғайластырғанша, Костя сағатына қарап ойлана: – Дәл. Сэнсэй айтпақшы...Нағыз күш! – деді. Біздер түсінбей Костяға қарадық. – Не айтты? – Кейін айтамын, - деп Костя тез қимылдап Андрейдің самайын уқалауға кірісті. Біртіндеп жігіттің жүзі қалыпты түсіне келе бастады. Сары-көк дағы жоғалып, сәл қызару пайда болды. Тыныс алуы қалыпты жағдайға келді. Біз үшін шексіздікке созылған бір минут өткеннен кейін, Андрей өз қалпына келе бастады. Басын ұстап: – Не болғанын түсінбедім... Бұл жағдай менде ешқашан болмаған... Мүмкін көп жаттығып қойған шығармын әлде ағзама бір нәрсе болмаса... Әлі жас сияқты едім. Костя күліп, басын шайқады: – Ал Сэнсэй қатырады, тіпті сөзіне дейін дәл болжады... Қалай бала тірілдің бе? Біздер түсінбеген күйі: «Қандай сөздер?», - деп сұрадық. Бірақ Костя Андреймен беріліп әңгімелесіп жатты. – Саған болған жағдай ұнады ма?! - деп Сэнсэй сұрауды өтінді. – Не? - деп Андрей Костяға таңырқай қарады. – Саған айтып тұрмын, осы құлағаның ұнады ма деп? Осы сөздер санасына жеткен соң, Андрей: – Ұнады дейсің бе? Кетші әрі! Сені асфальтқа жалп еткізсем, саған ұнайтын ба еді?! – деп ашудан қызара сөйледі. – О! Егер көрінгеннің бәрін боқтаса, онда тірілгені, - деп Костя күлімдеді. Кейін: – Қайнаған құман секілді пысылдама. Басыл. Бұл жәй құлау емес, ойларың үшін Сэнсэйдің жазасы. – Немене?! – деп одан сайын Андрей таңғалды. Осы сәтте «жаза дегені несі?!», - деп ашуландым. – Адамды қалайша осылай бейшара күйге түсіруге болады. Сэнсэйдікі жарамады! Егер осылай жасаса, қалай мейірімді болмақ. Жақыныңды жақсы көр деп айтады да, өзі осылай жасайды! Ойыма жаттығу кезіндегі қатігездікпен дөрекі түрде соққыларды спаринг серіктесіне жасаған бірнеше көріністер есіме келді. Лезде бойымды үмітсіздік пен ашу басты. Осы мезгілде Андрей: – Не!!! Менің ойларым үшін Сэнсэйдің жазасы?! Қандай ойлар үшін? Сенің есің дұрыс па? Және сен білесің бе, осы уақыт бойы маған ешнәрсе айтпағаныңды! Ал керек болса, өзін тіпті дос санайды. Ал мен сағатына қарап неге сағызша созылып тұр деп ойласам. Сэнсэйдің сөзін уақытында жеткізу үшін тұрған екенсің. Ал, қалай жеткіздің бе?! Көргеніңнен ләззат алдың ба, оңбаған?! Енді Костяның қызаратын уақыты келді. – Ақымақсың ба! Сэнсэй қасыңда болуды өтінді, асфальтқа құлап ми жоқ басыңды зақымдап алмауың үшін. Кейін тыңдайтын жағдайың болса, осы сөздерді жеткіз деп айтты. Андрей үстіне суық су құйып жібергендей абдырап қалды. Екеуі бір- бірінің көздеріне тесіле қарады. Шиеленісті үнсіздік пайда болды. Біздер бұл жағдайда не істерімізді білмей тұрып қалдық. – Иә, сонымен Сэнсэй нені айтуды сұрады? – деп Андрей ашулы, бірақ бұл жолы өзін ұстай сұрады. – Адам ойы да материалды қасиетке ие, сондықтан Өнерді адамдарға қарсы қолдануға болмайды деп Сэнсэй айтып жіберді. – Бұл жерде Өнердің не қатысы бар? Қайдағы ой? Сен не?! – деп Андрей түсінбеді. – Қандай ой екені саған белгілі. Жол бойы ойға батқан мен емес, сенсің. – Қашан?! – деп одан сайын таңғалды. – Мен, мен, мен... трамвайда бар жаттығуды басынан аяғына дейін басымда талдап шықтым, - деп Андрей наразылықтан тұншыға сөйледі. – Трамвайдағы емес. Сэнсэймен бірге келе жатқанда жол бойы нені ойладың? Андрей сол уақыт бөлігін есіне алу үшін, қабағын түйіп барынша тырысты. – Енді, сендер күліп, әзіл әңгіме айтып жаттыңдар... – Ол біздер, ал сен ше? – Мен, мен... ал мен... Не ойладым екен, хм... Біраз уақыт ой толғаныстан кейін Андрей таңғалыспен: – Ал керек болса! Шыныменде сол үшін... Сөзінің жартысына келіп тоқтады. Ашулы наразы күйі, керемет жаңалық ашқандай ойлануға ауысты. Бұл жағдай біздің қызығушылығымызды одан әрмен күшейтті. Қызығушылығымыздың шегі болмады. – Не үшін? Не үшін? – деп Андрейді сұрақтың астына алдық. Басында жігіт бой бермеп еді, бірақ ызыңдаған шыбын секілді сұрақтарымызды қоймаған соң ақыры: – Бұл ескі әңгіме... Бес жыл бұрын мені сабаған оңбағандарды тауып алып едім. Костя әлгі дәулер есіңде ме? – Кегімді алмай қоймаймын деп өз өміріңмен ант еткен, сол балалар ма? – Бұл енді артық айтылған. – Өзіңнің сөздерің емес пе. – Өз сөзім, өз сөзім. Осының арқасында каратэмен мұқият шұғылдана бастадым деп айтсам болады... Енді былай... келе жатқанда... мен ойландым... Андрей ұялшақтап, басын төмен түсірді. Мойындау оңайға түспеген секілді. Бірақ бар ерік-күшін жинап: – Осы Өнердің көмегімен... олар менің кегімнен ешқайда құтыла алмайды... деп ойладым. Осы сөздерінен кейін үнсіздік орнады. Костя күрсініп: – Иә солай де... Көріп тұрсың ба, қайдағы жоқты армандайсың, бәрі өзіңнен, ал кінәлі мен болып шығамын. – Бұл сөздеріңді де Сэнсэй айттыма? – деп Слава әзілдегісі келіп күлді. Костя оған тесіле қарағаны соншалықты, ол не істерін білмей сасып қалды. Костя Андрейге қарап: «Ал енді ойлап көрші, әлгі дәулердің қандай жағдайда болатынын. Олар да біз секілді кемшіліктері мен жақсы қасиеттері бар қарапайым адамдар. Ал сен ойша болса да дайынсың, дәлірек айтсақ бұл күштің не екенін білесің. Ал олар ше?... Тіпті біреуі тірі қалғанның өзінде, осы қорқыныштан кейін оларға не болатынын ойлап көрші? Әрқайсысы жоқ дегенде өзін эпилепсиямен ауырамын деп ойлаушы еді... Саған жақсы болған жоқ, ал оларға қалай әсер ететін еді?! Сэнсэй естеріңе түсіруімді сұрады, ашумен сілтеген кез-келген соққың, түптің-түбінде өзіңе қайтарылады... Және тағы да: «біреуге ойша болса да зұлымдық тілеуге болмайды. Әйтпесе ой күшіңмен өзіңе, санаң мен тәніңе өзің қақпан құрасың. Ол туралы қаншалықты көп ойласаң, торы да соншалықты қатайып, арқаны да (жібі) қыса түседі. Шығар жол біреу-ақ: жауыңа дос бол, істеген жаманшылығын кешір, себебі сен де кемшіліксіз емессің». Костя тағы да біраз ойланып: – Меніңше еш сөзді ұмытпаған сияқтымын... Ал болды, енді сен еркін бола аласың. – Қандай мағынада еркін? Сэнсэй не мені қуып шығайын деп жатқан жоқ па? – деп Андрей түсінбей сұрады. – Енді ол туралы маған ештеңе айтқан жоқ... Бірақ мен сені жіберемін. – А, - деп күлімдеген Андрей қолын созып Костямен бірге жерден тұра бастады. – Ал сен несіне ашуландың? – Немене, немене. Тамақты аз жеу керек. Мен саған сендей бұқаны ұстайтын Рембомын ба? Бәріміз күліп, жақсы көңіл-күймен тарқастық. Барлығының жақсы аяқталғанына қуанышты болдым. Рухымда тағы сезімдердің революциясы болғандай. «Шыныменде, айналамызда осыншалықты зұлымдықтың болуына кім кінәлі? Әрине біз өзіміз кінәліміз». Біздер өз қалауымызды бақылауда ұстай алмаймыз. Міне, осыдан кейін лайықты нәрсені аламыз. Және не үшін? деп наразы боламыз, айқайлаймыз. Жақсылықты көп ойлау керек, адамдарға көп жақсылық жасау керек. Сол кезде әлем де өзгереді. Жоқ дегенде сенің түсінігіңде. Ал сенің түсінуің – бұл сенің шын әлемің... Осының бәрін ертерек білсем, денсаулығым мен өмірімді, жаман тәкаппарлығым мен өзімшіл мақтаныш сезімім үшін сарп етпес едім... Эх! Осыны бұрынырақ білгенде, ертеңгі күнге сенімім көптеу болар ма еді. Бірақ тағдырдың жазғаны осы болар, ең болмаса өмірімнің соңын адамгершілікпен сүру керек... Сэнсэй дұрыс айтады: «Ең бастысы – өмір сүрген жылдарыңның саны емес, олардың сапасы. Қанша емес, қалай сүргеніңде». Иә, не ойласақ та, не істесек те барлығына жауаптымыз. Не үшін Сэнсэйге ашуландым? Бәріне өзіміз кінәліміз. Ол жәй ғана біздің шын дүниемізді, өзіміздің салғырттығымыз бен немқұрайлығымыздың сырттай бақылаушысы. Ол өзінің ішкі жан дүниесімен, өз білімі және өзінің жоғарғы адамгершілік құндылықтарымен қарайды. Алдымен оны түсіну үшін, ең болмағанда Адам болуым керек. 19 Үйде жаңа ғана болған оқиғаны ой толғанысына салдым. Кейін денем туралы есіме түсті. Осы уақыт бойы, ойым басқа жақта болған кезде, ауырсынуым басылып, ойымның үшінші қатарында болғандай. Бірақ қиналған бұлшық еттерімді ойлай бергенім сол еді, иесінің даусына келетін сенімді иті секілді үріп, бірден ауырып сала берді. Денем қайтадан сыздап, сына бастады. Ал санам бейшара денемді аяп, болған жағдайға өзімнің шын «меніме» шағымданып, аяқ-қолдарыма жанашырлық білдіре бастады. Мен өзімді «лотос» отырысына отырғызып, медитациямен айналысуға мәжбүр еттім. Денені босаңсыту қиын, ал ойды жинақтау одан бетер қиын болды. Бірақ менің табандылығым аз да болса жеңіс әкелді. Мақсатты түрде ойымды жинақтаған сәттерімнің бірінде, ауырсынуым өзінен-өзі жоғалып кетті. Медитация ойдағыдай өтті. Тек басымда бөтен ой жылтың қаққанда ғана ауырсынуым қайтадан басталды. Осы сәтте қолымнан «ағынды» (немесе бұлақ суын ) анық сезіндім. «Мына қолымның бұлшық еттері бәрінен қатты ауырады деген лезде ой келді. Стоп! Ага, қолыма түстің бе жанжалдың бастаушысы? Тағы да барлығын бүлдіргің келеді ме. Ештеңе етпейді. Сэнсэймен сен туралы әңгімелесе алмасамда, медитацияда саған міндетті түрде құрығымды ілемін». Медитациядан шыққаннан кейін, логикама салып ойлана бастадым: «Қызық, менде кездейсоқ шизофрения басталған жоқ па? Өзіммен өзім сөйлесіп, ішімнен біреуді ұстағым келеді. Осындай оқиғалардан кейін мүмкін сәл есім ауысқан шығар?» Және тағы да бір ой шыға келді: «Бұл жақсы «ауысу». Осылай көп ойлансаң, мақсатыңа тез жетер едің». Ішкі жан дүниеммен маған белгісіз деңгейде не айтып жатқанын түсіндім. Бірақ ақылым: «Тағы қандай мақсат? Кім сөйлеп жатқан?», - деп айқайлайды. Кімнің кім екенін, нені қалайтынымды білмей, түпкілікті ойларыма шатасып, азапталған тәнімнің жетегіне ұйқыға кеттім. Келесі күні денем мүлдем бөтен болып кетті. Ауырсынғаннан бөлек, дат басқан робот секілді қимылдайды. Маған тіпті қызық болды, себебі өзімді осындай жағдайда алғаш көруім еді. «Автопилот» анық өшкен секілді. Денемді басқарудың жаңа тәсілін ойлап табуға тура келді. Менің күлкілі түрімді көрмей, ата-анам жұмысқа кетіп жақсы болды. Үйде осы «машинамен» арпалысып жүріп, сабаққа кешігіп қала жаздадым. Сабақта аз да болсын басылғандай, бірақ «роботша» сезінуді ұмыту мүмкін емес еді. Соңғы пән дене шынықтыру сабағы болды. Бұл барлығының біткені еді. Мен мұғалімнен сұрануға тырыстым. Бірақ ол ескі заманның адамы еді, оның үстіне қыңыр бюрократ болатын. Біздің ауруымыз оны алаңдатпады – үстел бетіне анықтамаңды қой да, қалаған жағыңа жүре бер. Менде дене шынықтыру сабағынан босататын ресми анықтама да болды, бірақ ол ата- анамнан жасырылып үйде жатқан еді. Себебі мен дене шынықтыру сабағын жақсы көретінмін. Дәрігерлердің айтқанына көніп, сабақта ағаш секілді отырғым келмеді. Оның үстіне менің ойымша бұл жерде аса бір қатты ешнәрсе болған жоқ. Жаттығу залында көбірек тәнімізді қинайтынбыз. Бірақ алғаш рет анықтама қағазымды алмағаныма өкіндім. Күні бойы аздап өзіме келсемде, қыздырыну маған қиынға түсті. Ал бүгін қас қылғандай қолмен сірпіле көтерілуден (отжимания) бағалау сынағы (зачет) болды. «Мен оған нақты шыдай алмаймын. Кешегіден кейін бір рет болса да жасай алмаймын», - деп ойладым. «Міне бюрократ, қағазына жабысты да қалды...» Мұғалімді бар жаман ойларыммен барлық жағынан пісіре бастадым. Тағы бір мәрте одан өткен жаман сөздерді ойлар алдында, есіме Сэнсэйдің: «біреуге ойыңмен болсын жаманшылық тілеуге болмайды» деген сөзі түсті. «Қап! Мен не істеп жатырмын? - деп өзіме келдім. – Өзіңе-өзің қақпан құрудасың...» Кішкене басылғаннан соң: «Ойша жамандап, топырақ шашқаннан не ұтамын? Босқа көңілім түседі. Ал тіпті сынақ кезінде дөрекі сөйлеп жіберуім мүмкін. Ол да қарап қалмайды, екісін қояды, ата-анамды шақыртады. Сабаққа анықтаманы апармағанымды біліп, ата-анам да ренжиді. Осының бәрі маған неге керек? Ал егер Сэнсэй айтқандай мұғалімнің көзқарасымен қарап көрсем не болады? Менің шаршаған күйде сабаққа келгеніме ол кінәлі болғаны ма? Жоқ. Ол кеше менің сынақтарына қара тер болып дайындалғанымды біледі ме? Білмейді. Онда мұғалімге неге ашуланамын? Ол жәй ғана өз міндетін адал атқарып жүр. Қазір аяқ астынан директор немесе комиссия келсе ше. Мұғалімді де түсінуге болады». Осылай барлығын өз орнына ойша қойып, ашуымның кеткенін байқадым. Енді осы жағдайды «бейбіт» түрде қалай шешуге болатынын асықпай ойлану қажет. Қыздырынудан кейін мен тағы да мұғалімге барып, асықпай жағдайдың бәрін түсіндірдім. Кеше қатты жаттығып, бүгін соның зардабын шегіп жатқанымды, келесі сабақта міндетті түрде тіпті екі есе көп қолмен серпіле көтерілуді (отжимания) жасайтынымды айттым. Сонымен қоса, біздердің әртүрлі «сылтауымызға» шаршап қиналатынын, оны жақсы түсінетінімді айттым. – Енді не істейсіз, өзіңізде жас болдыңыз. Айтқан соңғы сөзім, мұғалімнің жастық шағындағы жағымды сәттерді есіне түсірсе керек. Себебі келесі он бес минут бойы, мұғалімнің жастық шағындағы спорттық мансабын тыңдаумен болдық. Әйтеуір сынақты (зачет) тапсыра бастаған кезде: – Маған жасау керек пе? – деп сұрадым. – Жарайды, - деп жұмсақ үнмен мұғалім қолын сілтеді, - келесі жолы жасарсың. Бүгін үлгермей қалдың деп есептейік. Басқаларының үлкен қуанышына орай, менімен бірге жарты сынып сынақ тапсыруға үлгермей қалды. Қоңырау соғылған сәтте, сыныптастарым: – Керемет! Тыңдашы сен басқа сабақтарда да мұғалімдердің ерте жастық шақтарын есіне түсірерсің, көріп тұрсың ба, сабақ сұрап та үлгермейді. Керемет болады! - деп әзілдеді. – Мен сендерге сиқыршы емеспін, - деп әзілмен жауап бердім. – Жәй ғана сабақ оқимын. Осы жағдайдан кейін ішкі жан дүниемді жақсы сезіндім. Ешкім моральді зиян шеккен жоқ, қайта барлығы риза болды. Бұл менің тәкаппарлығымды көтеріп, «кішкене» өзімшіл мақтаныш сезімім тез өсе бастады. Оған тек кешкісін мені тыңдап отырған достарым: – Сен бұл әңгімеңді сабын көпіршігі секілді үрлеп жібердің, - деген Андрейдің сөзінен кейін ғана ұқтым. – Бұл жерде соншалықты не бар? Менде әр сабақ сайын осындай «сылтаулар» болады. Тек әзілмен ерекше жеткізу керек. – Солай ма? Бірақ сен әр сабақ сайын ашуыңды «сәндейсің». Андрей ойлана: – Не шын болса, сол рас... Бірақ әзіл мұғалімдермен сөйлескен кезде ешқашан сәтсіздікке апарған жоқ. – Тыңдашы! – деп Костя иығынан қақты. – Бұл ашуды жеңудің керемет тәсілі емес пе... Сэнсэйдің жігіттерін есіңе түсірші: Женя, Стас басқалары. Ауыздары күлкіден жабылмайды. – Дұрыс! - деп Андрей де растады. – Көріп тұрсың ба, Сэнсэйдің сөзімен айтсақ бәрі қарапайым. Ал сен түні бойы қалай өз ашуымды басамын деп ойланумен болдың. Міне саған жауабы... өз ақылыңмен өмір бойы әзілдесіп өтуге тура келеді. Кейін Костя «жұбататын» үнмен: – Бірақ сен алаңдама. Біз саған «ақымақтығыңа» тәтті бәліштер әкелеміз... – Қойшы сені! Әрдайым басынан кері жүресің. Балалар күлді. Біздер гуілдеген күйі, адам толған трамвайды «шабуылдауға» кеттік. Трамваймен келе жатқан кезде Костя Андрейге: – Менде осы түнді бекер өткізбедім, - деді. – Кімге, - деді Андрей күлген қалпымен. – Ұятсыз! Кімге емес, неге. Терең ойларыма. Мен керемет жаңалық аштым! – Өзіңді жақсы көруден бе? – Жоқ, шыныменде. Тыңдап көрші, мынадай тізбектер пайда болады. Егер сені бес жыл бұрын әлгі дәулер ұстап алып ұрмағанда, сен каратэмен айналыспас едің. Егер сен ұрыс өнерімен айналыспағанда, мені де бұл шаруаға әкелмес едің. Егер мені тартпағанда Сэнсэймен таныспас едік. Және қазіргі үйреніп жүргенімізді білмес едік. Осы ақпараттарды естігеннің өзінде, барлығын сандырақ деп есептейтін едік. Осылай бәріне көзім жетті. Қысқасы егер сені сол кезде соққыға жықпағанда, осындай рухани тамырды кездестірмес едік! Міне осылай! – Келісемін. Бірақ сенің арқаңда Сэнсэймен таныстық дегенді қайдан шығардың? Мекен-жайын бізге мүлде бөтен, алдыңғы у-шу үйірмесіндегі бала берген. Сен де, мен де жарытып ештеңе білмедік. Ол кезде жәй ғана феномен адамдар туралы әңгіме болған, кейін ғана Сэнсэй туралы болған. – Иә, бірақ сендерді осы жаттығуға апарған мен емес пе, - деп Костя өзінің теориясын қорғаштады. – Қарсы болып, барғыларың келмеген, есіңе түсір. Ал әлгі жігіт сол күні кездейсоқ сол жерде болған. Ол өзінің досын киім ауыстыру бөлмесінде күтіп тұрған. – Күтіп тұрды. Бірақ ол үнсіз тұра беретін еді, егер біздің феномен адамдар туралы журналымызды көрмегенде? – Қандай журнал? – Есіңде ме, Татьяна сол күні үйінен алып келген. Екеуміз кешке беру үшін, күні бойы бұл «ауырды» арқалап жүреміз деп наразы болғанбыз. – А! Дәл! – деп Костя есіне түсірді. – Мен оны терезе алдына қойғанмын. Ал әлгі жігіттің іші пысқан болуы керек, оқуға сұрады. Әрі қарай өзің білесің, сөзбе-сөз, міне саған Сэнсэйдің мекен-жайы. – Дұрыс дәл солай болды, - деп Костя арқасынан ауыр жүк түскендей дем алды. – Бәрі әдеттегідей: осындай ұсақ-түйектер әдемі гипотезаны құртады... Ештеңе етпес, демек менің теориям осылай болады. Егер сен мені ұрыс өнеріне әкелмегенде, мен сендерді сол жаттығуға апармас едім, әрі қарай жақшаның ішінде (және Татьяна журналды әкелмес еді), жақшаны жабамыз, сол кезде біздер Сэнсэймен таныспас едік, әрі қарай кете береді. – Дей тұрғанмен барлығы журналдан басталды, - деп Андрей өз айтқандарына нұсқады. – Мақала кесірінен. Ал бұл мақаламен қызыға бастағанымыздың себебі... Себебі? – Қалай себебі... Себебі А...! Осы емес пе бізге феномен адамдар туралы айтып бәрімізді еріткен, – деп Костя маған қарай басын изеді. – Дәл! Балалар маған қарады: – Ал сен бұған қалай қызықтың? – Мен? - аздап қобалжып, бірақ сол бойда: - Мен... ал маған кинофильмдер шабыт берді. – О! Ал кинофильмдерді кім шығарды... Әрі қарай балалар өздерінің қиялдан туған оқиғаларының тізбектерін құрастырумен кетті. – Иә, сендер бұл күйлеріңмен жер бетіндегі алғашқы адамға да жетерсіңдер, - деп Татьяна күлді де: - Егер ол адамды азуы алты қарыс жолбарыс (саблезубый тигр) қуып жетіп ұстап алса, сендерде өмірге келмейтін едіңдер. Сәйкесінше Сэнсэймен де таныспайтын едіңдер, - деп олардың сөзін қайталады. – Несі бар, ой-ақ екен, - деді Костя күлімдеп. – Ал еркектер қатырасыңдар, логикаларыңмен бір шетіне болса да жыбысуға тырысасыңдар. Сэнсэймен таныстық. Бұл жақсы. Демек осылай болуы керек болды, бұл – тағдыр. Осымен бітті. Не дауласатыны бар? - деп Татьяна ақылын айтты. 20 Біздің топ алаңның орналасқан жерін енді қатесіз тауып келді. – Естимісіңдер, ешкім жоқ секілді, - деп Слава күмәнданып айтты. Мүмкін біздің алаң емес шығар? – Жоқ осы жер. Мен оны өткен жолы жақсы есімде сақтап қалдым, - деп Андрей сенімді басын изеді. – Сақтамағанда! – деп Костя жымиды. Біздер өткен жолғы адасқанымызды еске түсіріп бір күліп алдық. Бес минуттан кейін үлкен балаларда келіп, біздің жақсы көңіл-күйімізге қосыла бастады. – О, қазір Ұстаз келеді, - деп Виктор жадырай сөйледі. – Оны қалай анықтадың? – деп басқа жаққа, жұлдыздарға қарай сұрадым. – Самурайға қарап, - деп сэмпай күліп жауап берді. Мен айналаға көзімді салып, дуал бойымен алыс шамның жарығымен маңғазданған мысықтың келе жатқанын көрдім. Аяғы тайғанақтап, тепе- теңдікті ұстаумен келеді. – Дәл медитацияға келе жатыр. Жайбырақат транста отырады да, біздің әңгімеміз бен әзілдерімізге еш назар аудармай өз жөнімен кетеді, - деп жігіт сөзін жалғастырды. – Ал біздер бірінші рет келген кезде, соңына дейін отырды. Сэнсэй бұталар арасынан ұстамақ болды, - дедім мен. – Енді, мүмкін өзінің тәртібінен кішкене ауытқу болған шығар. «Ал керек болса, барлығы қалай сол кезде үйлесім тапқан», - деп ішімнен ойладым. – Тіпті мысықтың өзі тікелей қатысты. Әңгімемізге балалар да араласты. – Неге Сэнсэй осы қара мысықты асырады екен? – деп Татьяна сұрағын қойды. – Ол оны арнайы асырап алған жоқ. Тек Самурайды марғау кезінде көрші ауылдың балалары таспен ұрып тастаған. Ал Сэнсэй оны көшеден тауып алып емдеген. Содан бері мысық Сэнсэйдің қасынан бір елі шықпайды. – Ал құлағын сонша жарақаттаған кім? – деп Андрей жымиыспен сұрады. – Иә, ол иттермен төбелескен. – Иттермен? – Иә, Самурай тек рухымен жұмыс жасамайды, ол сонымен бірге ұрыс өнерімен де айналысады, - деп Виктор барлығының көңілін мысыққа аударды. – Сэнсэй оны кішкене кезінен «Винь-чунь» ұрыс стиліне үйретті деп айтуға болады, ол «Мысық» стиліне қарама-қарсы ұрыс стилі. Сол себепті ол мысықтарға да, иттерге де тиіседі. – Сен не әзілдеп тұрмысың? – деп Андрей шын таңғалды. – Мысыққа қалай кунг-фу үйретуге болады? Оны кез-келген адамың түсіне алмайды, оның қасында ақымақ жануар қайдан түсінсін. – Қалай айтуға байланысты, - деп әңгімеге қараңғы жерден шығып келе жатқан Ұстаз араласты. - Кейде ақымақ жануарыңның өзі кейбір Homo Sapiens-тен ақылды болып шығады. – Ал шыныменде, сіз оны қалай үйреттіңіз? – деп Николай Андреевич сұрады. – Бәрі қарапайым, ойын түрінде. Бірінші саусақтарыммен аяқтарын ұстап алдым, - деп Сэнсэй қарапайым нәрсе туралы айтып жатқандай айтты. – Кейін осы ұстағаннан қалай шығатынын көрсеттім. Осылай үйренді... Енді мысықтармен төбелескенімен қоймай, иттерге де тиіседі. Көріп тұрғаныңыздай тышқандар оны қызықтырмайды, оның деңгейі емес. Үйреткенім өз басыма пәле болды! Енді қақпан құрып өзім жүгіремін. Барлығы күлді. Ал мен айтқан сөзінің шын немесе әзіл екенін түсінбедім. Егер әзіл болса неге соншалықты салмақты, ал егер шындық болса онда мысықты да үйрететіндей қаншалықты талантты болу керек. Әңгімесін айту барысында Сэнсэй барлығымен амандасып шықты. Кезек Андрейге келгенде Андрей қолын бермей, изетпен басын иді. – Саған не болды? – деп таңғалды Сэнсэй. – Өткендегі жағдайдан кейін сізге қолымның ұшын тигізуге қорқамын, - деп Андрей әзіл-шыны аралас жауап берді. – Бұл жерде менің не қатысым бар, - деп Сэнсэй жымиып иығын көтерді. – Сен менен емес одан қорқу керексің. Қасыңда мен емес, ол болды. Сэнсэй басқа балалармен әңгімелесіп жатқанда, Андрей Костяны шынтағымен бүйірінен жеңіл итеріп қалды: – Осының бәрі сен арқылы екен! – Немене?! Мен әрине ақылдымын, бірақ ондай дәрежеде емес. – Мен сенен ойынсыз сұрап тұрмын. – Менде де ойынсыз жауап беріп тұрмын. – Шынымен бе? – Шынымен. Андрей, Сэнсэй кезекті сұраққа жауап беріп болғасын: – Ал сіздің қол беріп амандасу арқылы жасағаныңыз шын ба? – деп сұрады. – Жоқ әрине. Бұл туралы тағы бірде айтып берермін. Кейін әңгіме үйде жасалған медитацияларымыз туралы болды. Басында Сэнсэйді оңаша шығарып алып, өз ойларым туралы әңгімелескім келген. Себебі үлкен балалардың реакциясынан қорықтым. Кім біледі, оларда достарым секілді өткір әзілдерімен мазақтаса. Бірақ Сэнсэй балалардың болған әр жағдайын асықпай талдап жауап берді. Юрадан өзіме ұқсас әңгімені естідім, бірақ менікі секілді шиеленіскен емес. Барлығының мұқият дайындалғанын көріп, менде барлығының көзінше Сэнсэйге толық айтамын деп шештім. Әңгіме арасында үзіліс пайда болған кезде, өзімнің «жетістігіммен» дереу бөлісе бастадым. Кейін қорқынышым толық жоғалған кезде, өзімнің «әккім» туралы барлығын айтып бердім. Менің әңгімемнен кейін аздаған тыныштық орнады. «Бәрі бітті, қазір Николай Андреевич маған жоқ дегенде шизофрения диагнозын қояды. Бәрінің көзінше не үшін айттым екен?», - деп ойладым. Бірақ, менің таңданысыма қарай, Сэнсэй келесідегідей айтты: – Бұл жақсы нәтиже. Өзіңнің хайуани негізіңнен болған ойларыңды ұстау қиын, ал онымен күресу тіпті қиын. Бұл санаттағы ойлармен күресу мүмкін емес. Себебі зорлық-зомбылық, зорлық-зомбылықты тудырады. Қаншалықты оны құртқың келсе, соншалықты күшейіп өзіңнен көрінеді. Олардан ең жақсы қорғану – арнаңды жақсы ойларға өзгерту. Яғни бұл жерде айкидо жұмсақ жалтару принципі жұмыс жасайды. – Ал егер олар күні бойы артымнан қалмаса? Қандай да бір қатты сөзбен тия алмаймын ба? – деп Руслан сұрады. – Жаман ойларыңды қаншалықты «тиғаныңмен» қозғалыс-қарсы қозғалыс заңына сәйкес жаман ойлар күшейе түседі, яғни әрекетке – қарсы әрекет, акцияға – реакция. Сондықтан сіздер олармен күреспеулеріңіз керек, олардан кетіп өздерің жақсы ойларыңызды дамытуларыңыз керек. Яғни жақсы ойлау немесе жақсы нәрсені еске түсіру. Тек жұмсақ кету жолымен ғана өздеріңнің жаман ойларыңды жеңесіңдер. – Неліктен ойлар мүлдем бір-біріне қарама-қайшы болады? Менде кейбір кезде осылай болады, өз ойларыма шатасамын. – Былай айтсақ болады, адам тәнінде рухани негізі немесе рухы және материалды негізі немесе хайуани болмысы болады. Қалай атағыларың келсе де өздерің біліңдер. Адам санасы осы екі негіздің соғыс алаңы. Сондықтан әртүрлі ойлар пайда болады. – Ал егер ой бөтен болса, сонда «мен» кіммін? – Ойлар бөтен емес, өзіңдікі. Ал сен сол ойларды тыңдаушысың. Қайсысына басымдықты берсең, сол боласың. Материалды, хайуани жағыңа берсең – ашулы әрі зиянды адам боласың, ал егер рухыңа берсең – жақсы адам боласың, сенімен бірге болу адамдарға жайлы болады. Таңдау әрқашан өз қолыңда: зұлым немесе әулие. – Ал менің ашуымды тұзақтағаныма таңғалғаным, тәкаппарлығым мен өзімшіл мақтаныш сезімінің күшеюіне әкелді... Жақсы іс жасаған секілдімін, бірақ ойым басқа жаққа кетті? – деп сұрадым. – Сен рухыңа бет бұрдың – тілегің орындалды. Өзіңді бақылауды әлсіреттің – сені хайуани негізің басты. Және саған білдіртпей, өзіңнің сүйікті өзімшіл ойларың арқылы жасады. Барлығы жан-жағыңнан мақтап, өзіңді соншалықты ақылды, барлығын түсінетін және тағы басқа да келген ойлар саған ұнады... Сенің санаңды билеу үшін үздіксіз екі негізің соғысып жатыр. Болашағың қай негізді таңдауыңа байланысты. Аз уақыт ойланып: – Демек ауруымды еске салып, ойымды жинақтауға маза бермеген әнші «әккім», өзімшіл мақтаныш сезімімді де күшейткен... – Өте дұрыс. – Бірақ ол жерде ойлар өте көп! – Иә, - деп растады Сэнсэй. - Олар легион, сондықтан олармен күресу мүмкін емес. Бұл сендерге кунг-фу емес, бұл әлдеқайда салмақтырақ. Қарсыласқанмен ғана күресуге болады. Бірақ вакууммен күресу – бос әурешілік. Жаман ойлар вакуумы үшін, тек сол сияқты жақсы ойлар вакуумын жасау керек. Яғни, тағы да қайталап айтамын, санаңды жақсылыққа бұру, жақсы ойларды ойлау. Бірақ әр кез миың не туралы ойлап жатқанын бақылауда ұстау. Өздеріңді сырттай бақылап көріңдер. Егер сіз қиналмасаңыз да, басыңызда ойлар қайнап жатады. Осы мәселеге көңіл аударыңыздар. Ой жалғыз емес. Ол бірден екі, үш, тіпті одан да көп болуы мүмкін. – Христиан дініндегідей, адамның сол жағында шайтан, оң жағында періште отырады деген сияқты. Олар әр кез сыбырлаумен болады, - деді Володя. – Өте дұрыс, - деп Сэнсэй растады. – Тек неге екенін қайдам, шайтан қаттырақ айқайлайды... Мүмкін даусы зор шығар... Яғни христиан дініндегі шайтан немесе жын, біздің хайуани жағымыздың көрінісі. – Мен өзімде осы ойлардың бөлінуін байқағанда, өзімде шизофрения басталған шығар деп ойладым. Ол жерде де сананың бөлінуі туралы айтылмай ма, - дедім, қорқынышым толығымен басылып. Сэнсэй жымиып, әзілмен: – Ессіздік белгісі болмай, данышпандық жоқ, - деп жауап берді. Николай Андреевич күліп: – Иә, иә, иә. Айтпақшы, осы ұқсастықты өзімнен де байқаймын, - деді. Осы сәтте Стаста әңгімеге араласып, өзінің ойын айтты: – Егер адам санасы, екі негізінің соғыс алаңы болса, менің түсінгенімше олардың қаруы – ой. Кімнің-кім екенін қалай ажыратамыз? Ойда рухани және хайуани негіздер қалай көрінеді? – Рухани негізі – Махаббат күшімен туындаған ойлар (Махаббат сөзінің кең мағынасында). Ал хайуани негізі – бұл тән туралы ойлар, біздің инстинктеріміз, рефлекстеріміз, өзімшіл мақтаныш сезіміміз, тілек-қалауымыз, дүниеқорлығымыз және тағы басқалары. – Жоқ, еш нәрсең болмау үшін, еш нәрсе қаламау үшін, олай болса үңгірде өмір сүру керек шығар, - деп өз ойын Руслан білдірді. – Осындай басыңмен саған үңгір де көмектеспейді, - деді Женя мазақтап. – Осының барлығын иемденуге саған ешкім қарсы болмайды, - деді Сэнсэй жалғастырып: - Қаласаң мінекейің, барда өркениеттің барлық игіліктерін пайдалана бер. Бірақ осы үшін өмір сүріп, дүние – байлықты жинауды Жер бетіндегі өміріңнің мәні ету – ақымақтық. Және руханиятқа жат нәрсе. Бұл мақсат адамда хайуани негізі басым екендігін көрсетеді. Бірақ ол дегеніміз үйсіз үңгірде тұру дегенді білдірмейді. Жоқ. Мен сендерге бірде айтқанмын, адамзатқа берілген осы жоғары технологиялардың барлығы, өзінің рухани жетілуіне көбірек уақыт бөлу үшін берілген. Бірақ осы темір-терсекті жинап, осы күлге (шаңға) ие болғанымен өзімшіл мақтаныш сезімін күшейту үшін емес. Және кішкене үнсіздіктен кейін Сэнсэй ойлана: – Адам - бұл рухани және хайуани негіздердің күрделі синтезі. Санамызда Құдайдан гөрі, хайуани негіздің басым болғаны өте өкінішті... Мен бірер күн ойланып сендерге ежелгі рухани практиканы беремін деп шештім. Ол сендердің екі негіздеріңді тепе-теңдікте ұстап, «хайуани» жақтарың қатты ауыртпалық түсірмеу үшін көмектеседі. Ол адам пайда болған кезден бері бар. Бұл рухани практика өз-өздеріңмен жұмыс жасау ғана емес, сонымен бірге ойларыңмен жұмыс жасауға, ал ең бастысы рухтарыңды оятуда өте маңызды. Оны өмірге қатысты динамикалық медитациямен салыстыруға болады, себебі адам қай жерде болмасын, не жасамасын ол үнемі әсер етіп отырады. Адамның бір бөлігі осы күйде әрқашан болады, ішкі жан дүниесіндегі және айналасындағы барлық болып жатқандарды бақылауда ұстайды. Бұл рухани практика «Лотос гүлі» деп аталады. Оның мәні келесідегідей. Адам өзінің ішіне, көкірек тұсына (солнечного сплетения) дән еккенін елестетеді. Осы кішкене ғана дән, Махаббат күшімен, одан пайда болған жақсы ойлар есебінен өсе бастайды. Осылай адам гүлінің өсуін бақылай отырып, басында үздіксіз қайнап жатқан жаман ойлардан жасанды түрде арылады. – Ал біз әркез жаман ойлаймыз ба? – деп Руслан сұрады. – Әрине, сіздер өздеріңізді мұқият бақылаңыздаршы. Адам көп уақытын әртүрлі ұрыс-жанжалды жағдайлар, өткен өміріндегі жаман сәттерді, біреумен жанжалдасып жатқанын, біреуге бірнәрсе дәлелдемек болғанын, қалай алдап жатқанын, қалай есесін жібермегенін, өзінің ауруын, өзінің дүниесінен айырылуын және тағы басқаларын ойлаумен өткізеді. Яғни, үнемі жаман ойлар жиынтығының көрінісін ұстайды. Ал бұл жерде адам арнайы ішкі бақылауы арқылы, жаман ойларынан арылады. Және қаншалықты жақсы ойда болса, соншалықты тез Махаббат дәні өсе бастайды. Адам ең бірінші дәннің өскенін елестетеді, кішкене сабағы пайда болады. Кейін сабағы өсе, алғашқы жапырақтары шығады. Ары қарай кішкене гүл бүршігі пайда болады. Ақыр соңында Махаббат күшімен нәрленген гүл бүршігі, лотос гүліне айналады. Лотос гүлі басында алтын түстес болады, бірақ кейін өсе келе көз шағылдырар ақ түске айналады. – Ал оның өсуіне қанша уақыт керек? - деп сұрадым мен. – Әр адамда әр қалай болады. Біреулерінде жылдар өсуі мүмкін, басқаларында өсіруге айлар, үшіншілеріне – санаулы күндер, ал төртіншілеріне – тіпті бір ғана сәттің өзі жеткілікті. Барлығы адамның ниетіне, өзімен қалай жұмыс жасауына байланысты. Гүліңді өсіріп қана қоймай, солып және өліп қалмауы үшін әрқашан өз Махаббат күшімен үнемі қолдап отыруың керек. Гүлін өсіру сезімін адам түпсана деңгейінде ұстайды, немесе нақтырақ айтсақ бақыланатын алыс сана деңгейінде. Адам қаншалықты гүліне Махаббатын берсе, яғни ойша гүлін аяласа, қамқорлық жасаса, сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғаса, соншалықты гүлі өсетін болады. Бұл гүл Махаббат энергиясымен сусындалады, яғни ішкі Махаббат энергиясымен. Адам қаншалықты әлемге, өзін қоршаған ортаға Махаббат күйінде болса, гүлі соншалықты үлкейе түседі. Ал егер адам ашуланса – гүлі әлсірейді. Қатты ашуға ерік берсе – гүлі солып, ауырады. Ол кезде қалпына келтіру үшін барынша күш жұмсау керек. Бұл бақылаудың өзінше бір түрі. Енді осы гүлің гүлдеген кезде, көлемі үлкейіп, жұпар иісінің орнына левитон және гравитон деп аталатын вибрациялар тарата бастайды. Қалай атағыларың келсе, солай атай беріңдер, яғни Махаббат энергиясын. Адам бүткіл тәніне жайылған осы гүлінің дірілін, сезіне бастайды. Айналасына Махаббат пен Үйлесімділік шуағын шашады. – Бұл физикалық деңгейде қалай сезіледі? – деп Женя сұрағын қойды. – Иә, Лотос гүлінің сезілуі, көкірек аумағында (области солнечного сплетения) қызған, таралған жылу секілді сезіледі. Яғни, сезім көкірек тұсында болады (солнечного сплетения). Жеткен аңыздарға сүйенсек ол жерде адамның рухы орналасқан. Сол жерден жылу шыға бастайды. Барлығының мәні мынада, қай жерде болмасын, кіммен болсаңыз да, не ойлап не істесеңізде, сіздер әрдайым осы жылылықты сезінулеріңіз керек. Бейнелі түрде айтсақ, сіздердің тәндеріңізді жылытып қана қоймай, жаныңызды да жылытады. Бұл Махаббат консентрациясы гүлдің өзінде орналасқан. Соңында адам қаншалықты қамқорлық танытса, Махаббатын арттырса, соншалықты гүлінің өскенін, денесін жапырақтарымен қоршағанын, үлкен лотос гүлінің ішінде екендігін сезінеді. Және осы кезде ең маңызды сәт болады. Адам лотос гүлінің жапырақтары тәнін жан-жағынан қоршаған кезге жеткенде, ол екі гүлі бар екенін сезінеді. Біреуі ішінде, жүрек тұсында ішкі Махаббат сезіміменен үнемі жылулық беріп тұрады. Тағы бір үлкені, ішкі гүліңнің астральды қабығы (немесе бұлты) секілді адамды қоршап, әлемге Махаббат вибрациясын шашып, екінші жағынан адамның өзін басқа адамдардың жағымсыз әсерінен қорғайды. Міне осы жерде себеп-салдар заңы іске асырылады. Физика тілімен айтсақ толқындық байланыс орын алады. Қарапайым сөзбен айтқанда, адам мейірімділік толқынын шашады. Оны рухы арқылы бірнеше есе күшейтіп, жақсы толқынды өріс құрады. Адам өзі әрдайым сезінетін және өзінің Махаббат дірілімен қолдайтын бұл өріс күші, адамның өзіне ғана емес, қоршаған әлеміне де жақсы әсер етеді. Күнделікті осы рухани жаттығумен айналысқанда не болады? Біріншіден, адам өз ойын әрқашан бақылауда ұстайды, жақсылыққа ойын жинақтауды үйренеді. Сондықтан ол автоматты түрде ешкімге зұлымдық ойлап және жаман бола алмайды. Өйткені, бұл рухани практика күнделікті, әр секунд сайын жасалады. Және осының барлығы өмір бойы. Бұл назарыңды аударудың өзінше бір методикасы. Себебі жаман ойлармен күшпен күресуге болмайды. Мәжбүрлеп жақсы бола алмайсың. Сондықтан назарыңды аударуың қажет. Келеңсіз жаман ой келсе, адам ойын гүліне аударады, оған Махаббатын бере бастайды. Демек жаман ойларды жасанды ұмытады. Немесе ақылын басқа жақсы нәрсеге аударады. Бірақ әр кез гүлін сезінеді: ұйықтаса да, ұйқыдан тұрса да, күндіз де, түнде де, сабақ оқыса да, жұмыс жасаса да, спортпен шұғылданса да, қандай шаруа жасаса да. Адам ішінде Махаббатының қайнағанын, Махаббат энергиясы кеудесінен денесіне тарағанын сезінеді. Гүлі ішінен жылыта бастайды. Және ерекше жылулықпен, керемет Махаббат жылулығымен. Неғұрлым көп берсе, соғұрлым өзінде көбейеді. Үнемі Махаббат нұрын шашқан адам, адамдарға да Махаббат көзімен қарай бастайды. Екіншіден ең маңыздысы – адам жақсылық жиелігінде болады. Ал жақсылық – бұл сәттілік, жолың болғыштық, бұл денсаулық! Бұл барлығы! Адамның көңіл-күйі жақсарады, ол психикасына жақсы әсер етеді. Дәлірек айтсақ, Орталық Жүйке Жүйесі ағзаның өмір сүруінің негізгі реттегіші болып табылады. Сондықтан рухани практика бірінші кезекте денсаулықтың жақсаруына әсер етеді. Сонымен қатар адамның өмірі жақсара бастайды, себебі ол барлық адамдармен тату қарым-қатынаста болады. Ол ешкіммен жанжалдаспайды, барлық жерде қалаулы. Үлкен мәселелері болмайды. Неліктен? Себебі, өмірінде қандай жағдай болсада, ал өмір болған соң бәрі болуы мүмкін, жай адамдарға қарағанда барлығын басқа көзбен көреді. Өмірге басқа көзқарасы пайда болып, ол сол жағдайда ең дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Өйткені ол адамда даналық оянады. Және үшіншісі әрі ең маңыздысы – адамның рухы оянады, өзінің Адам екенін сезіне бастайды, Құдайдың кім екенін, барлық жерде Құдайдың барын (Бог есть вездесущая субстанция), бірнеше ақымақтардың қиялы емес екендігін түсінеді. Өзінде Құдайдың берген күші бар екенін сезініп, жақсы ойлары мен сезімдері арқылы сол күшті өсіре бастайды. Ол енді өзін осы әлемде жалғыз сезінбейді, себебі Құдай онымен бірге. Және оның шын қасында екенін сезеді. Мынадай сөз бар: «кімде Махаббат болса, сол Құдайдың қамқорында, Құдай да оның қасында, себебі Құдай – Махаббаттың өзі». Және адам өзінің ішіндегі және сыртындағы гүлінің аурасын сезіну де маңызды. – Денені қоршаған аураны қалай сезінуге болады? – деп Стас сұрады. – Уақыт өте айналаңдағы вибрацияны кішкене жарық сәулесі көрінісінде көретін боласың, - деді Сэнсэй. – Ауа ерекше мөлдір әрі жарқырайды, көзіңе айнала қоршаған орта түрлі-түсті реңдермен толығады. Және ең таңғаларлығы осы өзгерісті адамдар да сенен байқай бастайды. «Адам жанып тұр», «сәуле шашып тұр» деген халық сөздері бар. Осы сәулелердің барлығы адамның Махаббатынан туындаған толқынды өрістің нұры. Оларға осы Адамның жандарында болғаны жақсы әсер етеді, оларда қуаныш пен ішкі оянуды сезіне бастайды. Көпшілігі ауруынан айығады. Қаншалықты ауырса да, қасында болғаны жағдайын жеңілдетеді. Бұл адамға барлығы ішкі жан дүниесін ашып, тартылады. Былайша айтқанда адамдар Махаббатты сезінеді. Бұл Құдайға барар жолда, өз жүрегіңнің қақпасын ашу. Ол туралы барлық Ұлылар да және Иса да: «Өз жүрегіңе Құдайды жібер» деп айтқан. – Бұл «Лотос» рухани практикасы әлімсақтан бері қолданылып келеді. Ертеректе «Лотоста» Құдайлар дүниеге келіп, «Лотоста» Құдай оянады деп сенген. Яғни «Лотос гүлінде» ішкі жан дүниеңде Махаббат пен Үйлесімділіктен болған Құдайы жаратылыс – рух оянады деген мағынада. Себебі адам гүлін әркез қамқорлықта, «Лотос гүлі» солғын тартпас үшін, сезімдері мен ойын үнемі бақылауда ұстайды. – Осылайша ол жерде шыныменде нағыз гүл өсіп шығады ма? – деп Слава таңғала сұрады. – Жоқ. Әрине материалды гүл ол жерде өспейді. Бұл өз қиялыңмен ойын секілді. Бұл процесті басқаша атауға да болады: құдайы Махаббаттың оянуы, әулиелікке жету, Құдаймен қосылу (жету) – «мокша», «дао», «синто». Қалай атағыларың келсе өз еркілерің білсін. Бірақ осының барлығы сөздер мен дін ғана. Ал бұл жай жақсы ой мен Адамның Махаббат сезімі арқылы белгілі бір күш өрісін құруы. Ол өз кезегінде қоршаған ортаға әсер етіп, екінші жағынан адамның өзінің ақылының ішкі қабылдау жиелігін өзгертеді. – Ал рух? – деп сұрадым. – Ал рух деген, ол сенсің. Құдайы күшті шексіз беретін өзінше бір генератор. Әрине егер қаласаңдар, бірақ ол үшін ең бірінші Махаббат туралы ойларыңмен іске қосуларың қажет... Тағы бірде рух туралы, оның мақсаты туралы айтып беремін. Осы кезде әңгімеге Костя қосылды. – Ал сіз бұл рухани практика өте ежелгі деп айттыңыз. Қаншалықты ежелгі? – Мен айтқанмын, адам саналы субьект ретінде өмір сүргелі, бұл рухани практикада бар. – Жоқ енді қанша, жеті, он мың жыл бұрын? – Сен аз ғана уақыт аралығын алып тұрсың. Бұрындары адамзат өркениетті нұсқада бірнеше мәрте өмір сүрген. Және қазіргіге қарағанда анағұрлым жоғары технологияларымен озық болған. Ал сол өркениеттердің жоғалуы, ол басқа сұрақ. Бұл туралы сендерге тағы бірде айтып берермін. – Бірақ, егер бұл практика соншалықты ежелгі болса, біздің өркениетке аз да болса жұрнағы (дәстүрі) жетуі керек емес пе. – Сөзсіз. «Лотос гүлі» рухани практикасының ертеден болғандығын көптеген ежелгі көздер растайды, мысалы ежелгі Мысырдың таңдаулы фараондарына бірілген. Егер сен осы сұрақпен әдебиетті ақтаратын болсаң, мысырлық аңыздар да тіпті Күн Құдайы Ра Лотос гүлінде туылған деп айтылғанына көзің жетеді. Исила, Осирис, Гор құдайларына лотос гүлі отырған тағы ретінде қызмет еткен. Ежелгі ерте санскритке жазылған үнді «Веды» кітаптарында, Лотос негізгі басты тақырыптардың бірі. Атап айтсақ, Құдай өзінің үш еркектің бастауы – Брахма-Құрушы, Вишня-Қорғаушы, Шива-Бұзушы туралы келесідегідей айтылады: «Вишня Құдайының тәнінен «лотостан туылған» жаратушы Брахма орналасқан өте үлкен алтын түстес Лотос гүлі пайда болады. Алтын Лотос мыңжапырақты болып өседі, онымен бірге Ғаламда өседі». Қытай елінде де Үнділер секілді Лотос гүлі тазалық пен пәктікті (целомудрие) бейнелейді. Адамның ең жақсы қасиеттері мен ұмтылыстарын лотос гүлімен байланыстырған. Қытайда «батыс аспанында» ерекше лотос көлі бар деген түсінік бар. Ол жердегі әрбір лотос гүлі дүние салған адамның рухымен байланысты деп есептейді. Егер адам ізгі болса – гүлі гүлдейді, ал жаман болса – гүлі солады. Грецияда лотос гүлі Гера құдайына арналған өсімдік деп саналады. Лотос гүлі кейпінде жасалған күндей алтын түстес қайығымен, Геракл саяхаттарының бірін жасаған. Бірақ осының бәрі аңыз-әңгімелер мен ертегілер болса да, негізінде ойдан шығарылмаған. Олар осы ежелгі рухани практика арқылы өздерін тәрбиелеген адамдардың шын (нақты) оқиғаларынан туған. Тек ертеректе адамдардың көпшілігінің болмысында хайуани негізі басым болған тұста, «Лотос гүлі» барынша аз да болса рухани дамыған тұлғаларға, тек таңдаулыларға ғана берілген. Және бұл қалыпты нәрсе, өйткені басқа адамдар бұл тұлғаларды Құдайы киіпте таныған. Себебі өзінің бойындағы «Лотос гүлін» өсірген және рухын оятқан адам шындығында Құдайы кейіпке айналады, өйткені ол Махаббатымен, жалғыз-ақ ойының күшімен ғажайыптар жасайды. Көптеген адамдардың рухани білімді алу уақыты келген кезде, Шамбала Бодхисатвалары осы рухани практиканы Буддаға берген. «Лотос гүлін» жасаудың арқасында Сиддхартха Гаутама бодхи ағашының астында отырып әулиелікке жеткен (достиг просветления). Осы рухани практиканы көпшілікке тарату үшін, Будда Ригденнің рұқсатымен өз шәкірттеріне берген. Өкінішке орай адамдар уақыт өте, Будданың ілімдерін бұрмалап, осы рухани практика негізінде тұтас бір дін құрды. Бұл осы дінді ұстанған тіпті буддистердің өзінің жұмақты ерекше жер, ол жерде адамдар құдайы киіпте лотос гүлінде дүниеге келеді деп ойлауына әкелді. Олар ол жерді іздейді, ал шындығында ол жер олардың жүрегінде. Олар Буддадан Құдай жасады, ал шындығында ол осы рухани практиканың көмегімен ақиқатты таныған қарапайым Адам. Осыдан лотос гүлі буддизмнің символына айналды. «Будда лотоста отырады» немесе «Будда лотоста тұр» деген сөздер бар. Ол өзінің өмір жолымен, қарапайым адам өз хайуани бастамасын жеңу арқылы қандай дәрежеге жетуге болатынын көрсетті. Ол шыныменде осы рухани практиканы бастапқы қалпында жеткізу арқылы, адамзаттың рухани дамуы үшін көптеген пайдалы істер жасады. Құдайы Махаббатты оятатын осыған ұқсас дұға да Иса пайғамбармен жеткізілген. – Ал медитация мен дұға екеуі бердей ме? – деп Татьяна сұрады. – Негізінде солай. Исаның «Біздің Әкеміз» (Отче Наш) дұғасы да дәл солай. Тек ол жерде бәрі өте қарапайым, адамдар нан сұрайды және сол сияқты, бірақ мағынасы сол қалпында: адам өзін рухани тәрбиелейді, ойларын, тілек- қалауын бақылауда ұстап, мықты Сенімі мен Махаббаты арқылы өзінің рухын өсіреді. Жалпы, Будда, Иса, Мұхаммед және басқа да Ұлылар барлығы осы практиканың ілімін білген, себебі олардың ілім алған қайнар көзі бір. Ол өздерінің жетілуіне ғана емес, сонымен бірге басқа адамдарға өзінің құдайы берген бейнесін тануға көмектесті. Неліктен Будда, Иса, Мұхаммедтің қасында болу барлығына жақсы болды? Неліктен халық арасында «әулие адамдар» жарқырайды дейді? Неге біздер танымайтын адамдармен кездесіп, олардың қасынан кеткіміз келмейді? Себебі олар Махаббат нұрын шашып тұр. Себебі олар мейірімділік күшін, Махаббат күшін, Құдайдың берген осы кереметін әр кез өсірумен болады. Олар туралы жүрегінде Құдайы бар деп айтады және ол шыныменде солай. – Демек осы гүлге Махаббатпен қараса жеткілікті ме? – деп Андрей сұрады. – Жоқ. Жай ғана ойыңды жинақтап ойлау ғана емес, ең бастысы – көкірек (солнечный сплетения) тұсыңдағы жылулық сезіміңді оятуың керек және оны үнемі жақсы ойларыңмен қолдап отыруың қажет. Адамдардың көбінде бірден болмауы мүмкін. Себебі осының бәрінің мәнін тереңірек ашып, шын елестетіп, тағы да қайталап айтамын осы сезімдерді оятуың қажет. Неге назарларыңызды осыған салып тұрмын? Себебі адам осы сезімдерді шақырған кезде, тек санасымен қолдап қоймай, түпсанасыменде (подсознания) қолдайды. Бұл рухтың оянуына әкеледі. Оянбауы мүмкін емес. Өзіңнің Махаббатыңмен қаншалықты суарсаң, соншалықты оянады, өз-өзіңе келе бастайсың. Сыртқы уақытша тәнің емес, ішкі шын «өзіңе» айналасың. Сэнсэй кішкене үнсіздіктен кейін: – Өмір өте қысқа және жүрегіңдегі рухани жаратылысыңды өсіріп үлгеруің қажет, - деді. Біздің әр жастағы тобымыз, Сэнсэйдің айтқан сөздеріне үлкен мән бере ойланып тұрды. Ал менде аяқ астынан пайда болған шабыт пен таңғалыс сезімдерімнен денем тітіркеніп кетті. Күтпеген осыншама кең ақпаратты естігеніме таңғалғаным соншалықты, осының бәрін қарапайым адам айтып тұрғанына сене алмадым. Менің көзқарасым бойынша соншалықты терең білімі, осы әлемнен емес екендігі туралы сезім пайда болды. Осы туралы сұрағым келді, бірақ мені бірнәрсе ұстап тұрды. Бұл «бірнәрсенің» барлығын түсінетінін сездім, себебі бар жан-тәніммен осы Жаратылысқа тартылып тұрдым. Бірақ осыны ойлай бергенімде ақылым тағы да дауласа бастады. Ол философияны, дінді, психологияны, тарихты, физиологияны, медицинаны, физиканы аса жетік игерген, білімді жай ғана адам... «Тоқта! Мен қайда кетіп бара жатырмын», - деп ойладым. – Ал екінші жағынан неге олай болмасқа? Ломоносов секілді дарынды адамдар болған... немесе өз заманын білімімен артта қалдырған Леонардо да Винчи... Бірақ олардың рух туралы айтқандары есімде жоқ... Неге мен оның шын кім екендігін анықтауға басымды қатырып тұрмын? Ең бастысы – өзімді көптен бері мазалаған сұрақтарыма жауабымды алдым. Кім шын ниетімен іздесе – әрқашан табады деген рас екен». Мен шын ниетіммен балаша қуандым: «Бұл нағыз керегі! Ұлылар мекендеген Мәңгілік өмірдің шетіне жетуге мүмкіндік! Бұл менің жалғыз мүмкіндігім, жалғыз қамысым! Қайдағы қамыс, бұл тәнімнің өлімі де қорқынышты емес шексіздікке қорықпай жүзетін үлкен құтқарушы қайығым». – Ал, басқа сұрақтарыңыз жоқ па? – деп Сэнсэй сұрады. Біздер таңғалған көздерімізбен үнсіз тұрдық. Арамыздағы «дұрыс ойлайтын» Николай Андреевич қана: – Ал солай дейік, бірақ әрине мен Құдайға сенбеймін. Егер психология тұрғысынан қарасақ, өте қызықты нұсқа екен. Барлығын миға салу керек... Ақпарат өте көп, барлығын талдау қажет. Сұрақтар кейін болады, - деді. – Ал өздерің біліңдер, - деді Ұстаз жұмсақ үнімен. – Ендеше бүгінге осы да жетер, тарасайық. 21 Мен жақсы көңіл-күйде болдым. Жол бойы естігендерімнің барлығын ойыма алып, әр жағынан талдаумен келемін. Кейін өзімнің жақсы көңіл-күйіме назар аудара бастадым. Бұл жерде бәрі анық болмады, себебі өзімді толық дені сау адамдай сезіндім. Сезімдеріме біраз үңіліп, не болғанын түсіндім. Бұрын мәңгілікке оралатын рухым, яғни өзімнің шын «менім» басымда, материалдық миымда орналасқан деп ойлайтын едім. Және мен онымен ойланып, барлық ойларым мида пайда болады деп санайтынмын. Бірақ соңғы кездері дәрігерлер айтқандай миыммен күрделі мәселелер пайда бола бастады. Бұл мені физикалық жағынан емес, рухани жағынан қатты мазалады. Егер менің миым жарақаттанса, онда рухыма да бір нәрсе болған деп ойлайтынмын. Үйге тез жетіп өзімнің дәнімді егуге асықтым. Сэнсэй әрине кез-келген жерде рухани практикамен айналысуға болады деп айтқан. Бірақ мен бұл асыл істі үйде, толық тыныштықта бастағым келді. Үйде ұсақ-түйек шаруаларымды тез бітірдім. Ата-анам теледидар көруге отырған кезде, менде ыңғайланып «Лотос» отырысына (позасына) отырдым. Көптен күткен минуттар да келді. Ойымды жинақтап: «дәнді егуден бастаймыз» деп ойладым... Бірақ осы жерде сасқалақтап қалдым. Біріншіден, лотос гүлі дәнінің қандай екенін білмедім. Гүлін кітаптардан көргенмін, ал дәнін жоқ. Ал бұл егудің өзі қалай болады, және нақты нені егуім керек? Дәндердің жерден өскенін көргенмін. Бірақ рухымда жерді елестету, менің мәңгілік туралы ұғымыма сәйкес келмей, бұған қанағаттанбадым. Біраз ойланып, одан шығудың оңтайлы жолын таптым. Бір кездері анамның бұршақты сулы мақтаға салып өсіргенін көргенмін. Бұл нұсқа маған ұнады. «Бұршақ болса, бұршақ болсын», – деп ішімнен ойландым. – Сайып келгенде бұл менің қиялым. Және ең бастысы – Сэнсэй айтқандай түпкі мәні. Қайтадан ойымды жинақтап, көкірек тұсыма (в районе солнечного сплетения) ақ бұршақ дәнін, өте жұмсақ әрі жылы нәрсеге орап ішіме салғанымды елестеттім. Содан соң дәнімді мәпелеп, жылы сөздер айта бастадым. Бірақ ешқандай сезім болған жоқ. Осы кезде бар білетін жақсы сөздерімді есіме түсіре бастадым. Және сол сәтте жаман боқтық сөздерге қарағанда жақсы әдемі сөздерді аз білетініме таңғалдым. Көшеде, мектепте барлық жерде естіген сөздер, менің сөздік қорымды жиі толтырғанын байқадым. Менің ойларым бірінен соң бірі қисынды түрде созылатын кейбір тұжырымдар туралы ойлануға көшті. Осыны түсініп, тағы да ойымды лотос гүліне жинақтауға тырыстым. Бірақ онымнан түк шықпады. Жиырма минут бойы қанша тырысқаныма қарамаста еш нәтиже болмаған соң, бір нәрсені дұрыс жасамадым деген ой келді. Ақыры Сэнсэйден қателігім туралы толығырақ сұраймын деп ұйқыға жаттым. Бірақ мен ұйықтай алмадым. Айнала тұнған қараңғылыққа батқан. Бөлмедегі заттар мен жиһаздар өзінің табиғи бояуын жоғалтқан. «Шыныменде біздің әлем қаншалықты бұлыңғыр елес. Бізге шынайы өмір сүріп жатқандай көрінеді», - деп ойладым. Ал турасына келгенде, кішкене балалар секілді өзіміз ойша ойын құрамызда, өзіміз сол ойынмен ойнаймыз. Тек балалардан айырмашылығымыз, үлкендер есеймейді. Себебі өзінің құрған ойша бейнесіне енгенші соншалықты, басқалары да ол секілді шынайы деп ойлай бастайды. Осылайша ойдан шығарылған бекершілікте өміріміз өтеді. Ал Сэнсэй айтпақшы: «нағыз сен – ол сенің рухың, қазір бойыңда бар шексіз болмысың. Бұл жалған дүниенің иллюзиясынан ояну ғана керек. Сол кезде бүкіл әлем өзгереді...» Шексіздікті терең ойлаған сайын өзімді жеңіл әрі жақсы сезіне бастадым. Осы сәтте кеудемнің жылып, тіпті жағымды қытықтағанын сезіндім. Аяғымның ұшынан басыма дейін бүкіл денем тітіркене бастады. Бүкіл әлемді құшақтағым келетіндей сондай жағымды керемет сезім пайда болды. Осындай тәтті сезіммен ұйықтап қалдым. Ұйқым ертегідей болды, себебі таңертең ояна сала, өмірімде бұрын-соңды сезініп көрмеген шабыт және үлкен жеңілдікпен тұрдым. Мектепте кешегі сезім күйін ойша шақыруға тырыстым. Бірақ мектептегі ақпарттар ағыны мен қарама-қайшы эмоциялардың әсерінен ойымды жинақтай алмадым. Тек соңғы сабақта, ұстаз өзінің жаңа тақырыбын созғыштап айтып жатқан кезде ғана қолымнан келді. Жарты сынып «мұқият» бұлбұл көздерімен тыңдап отырса, қалған жартысы ұйқымен күресуде еді. Осы сәтте мен тағы да кеуде тұсыма ойымды жинақтап, бар назарыммен жылулық пен қуаныш сезімін оятуға тырыстым. Менің жақсы ойларым екінші деңгейде қалғандай. Маған ең бастысы ішкі жан дүниемде болып жатқаны еді. Денемнің босаңсығаны, кеудемнен жылуға айналған жеңіл қызуды сезінгенім маған ұнады. Осыдан кейін мен жай ғана осы күйден ләззат алып, әрі қарай жаңа сабақты тыңдап отырдым. Айтпақшы, осы сәттен бастап Мұғалімнің айтқандарын еш қиындықсыз есте сақтағанымды бірнеше күн өткеннен кейін барып түсіндім. Бұл менің ақылым үшін жағымды жаңалық еді. Сабақтан кейін лотос гүлі туралы білімімді толықтыру үшін кітапханаға қарай жүгірдім. Ол жердегі әртүрлі дереккөздерден оқығаным мені қатты таңғалдырды. Ол жерде мен келесідегідей ақпараттарды оқыдым: «Лотос гүлі – ұзын сабақтарымен және диаметрі 30 сантиметрге жететін үлкен гүлдерімен және үлкен жапырақтарға орналасқан көпжылдық шөптесін өсімдік... Лотос жапырақтарының (гүлдерінің) ерекшелігі бар: олар арнайы балауыз жабындысымен жабылған, сондықтан су оларға жұқпайды». Мен оны өз жағымнан рухты жаман ойлар ластай алмайды, яғни хайуани негізі бүлдіре алмайды деп түсіндім. Ол тек әрі қарай «ұйқысын» жалғастыра береді. «Лотос гүлінде 22-ден 30-ға дейінгі түбі ашық қызғылтты және үстіңгі жағы ашық түстес жапырақтары бар. Олар тұқым қорапшасын спиральды айнала қоршаған». Мен гүлдің фотосуреттеріне қарадым. Тұқым қорапшасы гүлдің нақ ортасында орналасқан. Көптеген талшықтары бар барлығы алтын түстес тығынға (пробка) ұқсайды. «Қызық, лотос гүлі әрқашан бетін күнге бұрып тұрады екен: Гүл мен гүл астының байланысқан жерінде «жарық аулағыш» деп аталатын сезімтал аймағы орналасқан. Ал оның дәндері туралы тіпті таңғаларлық ақпарат естідім: «Лотос дәндері ерекше қасиетке ие, олар жүздеген жылдар бойы (кейде тіпті мыңдаған) өзінің өсу қабілетін сақтай алады екен. Мүмкін осы қасиетіне қарап, ежелгі заманнан бері мәңгілік пен қайта тірілудің символы ретінде қолданумен байланысты шығар. Және мен тағы да қызықты мәліметті таптым: «Лотос гүлінде гомойотермия бар. Ол дегеніміз гүл өз ішкі температурасын сақтай алады, мысалға құстар, сүтқоректілер, және адамдар секілді»... «Лотос гүлі көптеген халықтардың сенімінде маңызды орын алады». Менің бар тапқаным осы болды. Бірақ осының өзі, Сэнсэй үнемі айтып жүретін Лотос Өнері неге осы гүлдің құрметіне аталғанын кішкене болса да түсінгендеймін. Дегенмен шын мәнін өзімнің ішкі жан дүниемнен, өзімнің шын «менімнің» ең терең тұңғиығынан сезінгендеймін. 22 Бірнеше күннен кейін барлығымыз шуылдасып жаттығуға келе жатқан сәтте, балалар өздерінің әсерлерімен бөлісті. Әрқайсысы Сэнсэйдің айтқандарын өзінше түсініпті. Және ішкі Махаббатты өсіру де әрқалай болған. Костя лотос дәнін еккенін, оның сөзімен айтқанда «Ғаламның тірі субстанциясын» елестеткен. Және кеше ғана жасапты. Ал басқа күндері Сэнсэйдің сөзіне дәлел іздеп әдебиеттерді ақтарумен болыпты. Процесті ешқандай сезінбепті, тек бәрін ойша жасап енді нәтежесін күтуде. Татьяна бұл Махаббатты жүрегінде Исаның пайда болуымен елестетіпті. Себебі ол христиандық сенімде болған әжесінің қолында тәрбиеленген. Татьяна қуаныш сезімі, ішкі таңғалыс, жүрегінің аумағында жылылық пен аздап жеңіл қысымды сезінген. Бірақ жүрегі аздап ауыра бастаған. Андрей осы күндердің барлығында көкірек тұсына бар ойын жинақтап, лотос гүлін ойлап белгілі бір нәтижеге жеткен. Тек үшінші күні ғана білінер білінбес жылулықты сезінген. Тіпту жылу деп айтуға келмейді, «қауырсынмен қытықтағандай сезім». Ал Слава да «ішкі ағзаларында» осының бәрінің қалай болатынын тіпті елестете алмай, еш нәрсе шықпаған. Біздің топ жаттығу басында, Сэнсэйдің қолы бос болған сәтті пайдаланып сұрақтарымен қасына келді. Біз өзіміздің алған әсерлеріміз туралы айта бастадық. Кезекті күтпей Татьяна араласып, Сэнсэйге өзінің жүрегінің ауырғанын айтты. Ұстаз кәсіби дәрігер секілді қолын ұстап, тамырының қағысын тексеріп көрді. – Иә, тахикардия. Не болды? – Білмеймін. Осының бәрі Құдайды жүрегіме салып елестете бастаған кезден басталды... – Бәрі түсінікті. Сен ойыңды ішкі ағзаға, жүрегіңе аудардың. Ал ішкі ағзаға ойыңды (немесе назарыңды) жинақтауға болмайды. Жүрек – ол жүрек. Ол жәй ғана бұлшық ет. Организмнің сорғысы (насос). Оған ойыңды (немесе назарыңды) жинақтап, соғу ритмін бұзып, жұмыс жасауына кедергі келтіресің. Өзіңді басқаруды үйренген кезіңде, тәнің мен ішкі ағзаларыңның жұмысына осылай ойыңды жинақтай аласың. Ал қазір тек зияныңды ғана тигізесің. Назарыңды тек көкірек тұсыңа (солнечный сплетения) ғана аударуың керек. Барлығы сол жерден пайда болады. Ол «Лотостағы» негізгі чакран, Кундалини деп аталады. – Куандалини оянған сәтте, омыртқа бойынан жылан қозғалады дегенді оқығанмын, - деп Костя өзінің білгіштігімен мақтанды. – Бұл йогадағы түсінік, - деп жауап берді Ұстаз. – Уақыт өте шатастыру адамдарға тән. Бастапқы «Лотоста» Кундалини – көкірек тұсында (солнечный сплетения) орналасқан чакран... Ал мен айтқан лотос гүлі, сендерге түсінікті болу үшін, әрі қабылдап сезінулерің үшін айтылған жай ғана ойша бейнелер, одан артығы емес. – Ал шын мәнінде қалай көрінеді, асқан топастар үшін тағы бір мәрте айтыңызшы өтінемін, - деп әзілмен Андрей сұрады. – Бұл жерде ішкі Махаббатты күшейтетін жай ғана дірілдер жүреді. Былай айтсақ болады, сенде бір керемет жақсылықты күткендей сезім пайда болады. Мысалға, өзің көптен күткен, үлкен, армандаған, тілеген сыйлығыңды күткендей. Міне сен оны алдың, сен бақыттысың, ризашылыққа толысың. Денең тітіркеніп, өзіңнен бір керемет жақсылықтың шығып тұрғанын көкірек тұсыңнан (солнечный сплетения) сезінесің. Көкірек тұсыңды (солнечный сплетения) ойша оятып, қолдаған кезде сенде осындай сезім болуы керек. Соңында ол сен үшін табиғи нәрсеге айналады. Және адамдарда оны сезіне бастайды. Яғни сен қуаныш нұрын шашасың... Бары осы. Ол жерде гүл немесе басқа нәрсенің болуы міндетті емес. Бұл жәй ғана қабылдауды жеңілдететін бейнелер. – Ал денені қоршаған гүл, бұл қалай? – Енді, сен астралды, психикалық (ментальное) және энергетикалық дене, бір сөзбен айтқанда адамның көпқабатты аурасы деген түсініктермен таныспысың? – Иә. – Ендеше былай, сенің мейірімділік өрісің күшейген сәтте, гүл жапырақтарының көпқабаттылығы сезімі пайда болады. Сен өзің қоршалған, қорғалған, лотос гүлінде құлпырғаныңды сезінесің. Және сонымен бірге, күн секілді әлем үстінен, бар үлкен Махаббат жылуыңмен төгетініңді сезінесің. Бұл әрдайым жасалатын медитация. Қай жерде болсаң да, не істесеңде, осы дірілдерді, энергия ағынын шақырасың. Мәні, сен қаншалықты жасасаң, соншалықты күшейеді. Ақыр аяғында бұл процесс материалдық күйге енеді. Және сол кезде сен адамдарға жақсы жағынан әсер ете аласың. Яғни осының барлығын өзіңнің: ішкі ойларың, сыртқы істерің, өзің түбегейлі өзгерген кезде ғана жасай аласың. – Андрей тағы сұрағын қойғысы келіп еді, жаттығу залының сыртқы есігінен арықша қария кіріп келді. – Жарайды балалар, - деп Сэнсэй Андрейден бұрын сөйледі. – Кейін әңгімелесеміз. Біздер бір шетке жылжыдық. Қарт кісі Сэнсэймен амандасып, оны бір шетке апарып: – Сіз білесіз бе, бүгін Ленинградтан академик қоңырау шалды, Жорж Иванович. Міндетті түрде үш күннен кейін осында болатынын сізге айтуымды өтінді... – деді. Әрі қарай әңгімелерін дұрыс ести алмадым. Себебі әлгі «арықша» (Долговязый) қарт кісі өзінің толқуын басып, тыныш әңгімеге көшті. Бұл жаңалықты естіген мен қатты таңырқадым: «Академик бұл жерде не жоғалтты? Оның үстіне Ленинградтан? Сэнсэй оған не үшін керек болды?» Менің қатты қызығушылығым оянды. Бірақ осы кезде жаттығу басталып, Сэнсэй оны жүргізуді сэмпайға тапсырды. Бұл кезде қызығушылығымды қанағаттандыруға уақыт болмады. Жаттығу барысында, Сэнсэйдің айтқан бейнелі «үлкен сыйлық күту» мысалын тексеріп көріп, сезімдерімнің анағұрлым жақсы болғанын сездім. Себебі мен оны бала кезден жақсы білетін едім. Және осы ұмытылған ескі сезімді жандандырғанда, кеудемнің ортасынан (центре солнечного сплетения) жан-жағына толқынды ағындармен бөлінген жағымды қыдықтауды сезіндім. Шыныменде осы сәт өте жағымды әрі қуанышты сезімін сыйлады. Өзімнің ішкі күйіме батқаным соншалықты, жаттығудың аяқталғанын сезбей де қалыппын. Айтпақшы тәнім әлгі есте қаларлық жаттығудан кейін ауырған жоқ, ал ауырсынуым Сэнсэй айтқандай тура үш күннен кейін кетті. 23 Келесі күндері мен әртүрлі істермен айналыса жүріп осы сезімдерді шақыруға (сезінуге) тырыстым. Бірақ менде бар ойымды «Лотос гүліне» жинақтап, физикалық жұмыс жасаған кезде ғана жақсы сезілді. Оның үстіне ойларымды аз да болса бақылай бастадым. Бірде, үйде сабақ оқып отырған кезімде, бүгіндікке не ойлағанымды еске түсіруге тырыстым. Бірақ ойларымды еске түсірмек түгелі, өзімнің әрекеттерімді де еске түсіре алмадым. Барлығы жалпылама болды, ал ұсақ-түйектер қиындықпен еске түсті. Және ең бастысы – жақсы істер «солай болуы керек» санатында өтіп, есімде аз қалды. Ал жағымсыз сәттер мен жаман эмоциялар кішкентай бөлігіне дейін жадымда сақталды. Міне осы кезде өзімде хайуани негіздің күшін сезіндім. Басымда Сэнсэйдің сөздері: «Ой материалды, себебі материалды мида дүниеге келеді. Сондықтан жаман ойлар – қиналтады. Бұл әрқашан адамды жеңгісі келетін бірінші Күзетші (Страж). Бұл біреуді күзететін күзетші туралы, ойлар қалай пайда болады, неліктен сендерге мықты билік күшін жүргізеді, ол туралы сендерге кейінірек айтып беремін. Мен ішімнен: «Неліктен Сэнсэй барлығын бірден айтпайды, бәрін белгісіз «кейінге» қалдырады. Кейбіреулері үшін ол «кейін» ешқашан келмеуі де мүмкін... Бірақ екінші жағынан алғашқы жаттығулар мен қазіргі кездегі оның сөздерін қабылдауым «жер мен көктей». Бұрын мен жай ғана тыңдағанмын, уақыт өте аздап түсініп келемін, себебі өзіммен жұмыс жасай бастадым. Кейбір нәтижелер, тәжірибе, кейбір түсініктер, сәйкесінше нақты сұрақтар да пайда болды. Ал нақты сұрақтарға, Сэнсэй нақты жауап береді», - деп ойладым. Осы кезде мен түсіндім (осенило): «Оның сөздерін түсінгенімізді, былайша айтқанда өзімізден өткізіп, санамыз барлығын өздігінен түсініп, рух жағын қабылдағанды ол жай ғана күтіп жүр. Әйтпесе осыншалықты құнды білімдер, Сэнсэй айтпақшы біз үшін басымыздағы бос сөз болып қалар еді. Сэнсэй әрқашан өзіңді тәрбиелеуің керек, әр минутың қымбат, оған Құдайдың берген сыйы деп қарап, рухыңды дамыту үшін қолдануың керек», - деп айтатын. Бұл сөздері маған сенімділік пен оптимизм берді. Кейін менің тәнімде бос немқұрайлылық пайда болған кезде осы сөздерін жиі еске алып тұрдым. 24 Нашар ауа райына, алғашқы қардың түсуіне байланысты көліктердің үзілуіне де қарамастан, медитация сабағына барлығы уақытында келді. Сэнсэй уақыт жоғалтпай біздің «Лотос гүлін» өсіруімізге тырысқанымызды талқылады. Николай Андреевич өзінің психотерапевт көзқарасымен қарағанда, ойды бақылауда ұстаудың ең жақсы тәсілі екенін айтып, өзінің нәтижелерімен қуана бөлісті. Әңгімесінің соңында ойлана: – Сіздің айтқандарыңызды бос уақытымда мұқият талдап шықтым, менде мынадай сұрақ пайда болды. Сіз Махаббат вибрациясы (дірілі) басқа адамдардың жағымсыз әсер етуінен қорғайды деп айттыңыз. Нақты неден қорғайды және қалай білінеді? – Теріс әсерлер әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жаман көзқарас, көз тию, халық айтпақшы дуалау... – Көз тию, дуалау? – деп Николай Андреевич шын таңғалды. – Мен көз тию мен дуалауды халықтық фольклор және кейбір пысық адамдар санаты үшін жақсы кіріс әкелетін шаруа деп есептейтін едім. – «Халықтық фольклор» сондықтан да бар, себебі бұл ойлардың болуы тектен тек емес. Онымен қоса осылардың барлығы нақты ғылыми расталған. Ал жаман ойлардың болуы рас. Ой материалды деп бірнеше рет айтқанмын. Және оны заманауи деңгейде дәлелдеуге тырысуда. Қаншалықты тереңдесе, соншалықты ғылыми дәлелдер табатын болады. Ой – бұл ақпараттық толқын. Оның ақпараты белгілі бір жиелікке кодталған (закодирована) және біздің материалдық миымызды, дәлірек айтсақ оның терең құылымын қабылдауға арналған. Адам сенің жағыңа жаман нәрсе ойласа, сенің миың түпсана деңгейінде оны қабылдайтыны табиғи нәрсе. Және осы кодты ашқан кезде (расшифровка), ми осы келеңсіз жағдайды саған модельдей бастайды. Кейін түпсанаңа осы ессіз бұйрық беріледі де, ол өміріңде пайда болады. Өміріңде ауру немесе басқа да жағымсыз нәрсе болып келетін, яғни бұл дуалау. Бұл бір жағынан. Бірақ екінші жағынан тұлға айналасына белгілі бір жиілік сипаттамада толқындық өріс құрса, қарапайым сөзбен айқанда Махаббат аурасын, онда барлық физика заңдарына сәйкес, күш өрісінен, жағымсыз ақпараттар сіздің миыңызға бұйрық ретінде кіре алмайды. Неліктен? Себебі бұл күш өрісі әлдеқайда күштірек... Адам социалды - біршама күрделі құрылым. Оның ақпарат алмасуы тек мимика, іс-қимыл, дауыс арқылы ғана болмайды. Тіпті дауыс дегеніміз не? Оларда біз ести алатын диапазондағы толқын вибрациялары (дірілдері), басқаларынан, ойдан айырмашылығы тек басқа жиелікте. – Демек біздің дыбыстарды қабылдау мүмкіндігіміз, санамыздың өзінше бір иллюзиясымен шектелген бе? – деп Николай Андреевич бір нәрсені ойлана сұрады. – Әрине. Мәселен ғылым, адамның есту қабілетінің диапазон жиелігімен шектелгенін, яғни тек 20 герцтен 18 килогерцке дейінгі аралықта еститінін дәлелдеген. Бірақ неліктен адамдар ултрадыбыс әлемін ашты, дельфиндермен «әңгімелесуді» үйренді. Бұл кезекті рет адам өзін қоршаған сан-қилы әлемнің тек аз бөлігін қабылдайтынына тағы бір дәлел. Есесіне оның түпсанасы (подсознания)... ол қоршаған орта туралы ақпаратты анағұрлым көп тіркейді. – Ал оны адам сезінеді ме? – деп Стас сұрағын қойды. – Иә. Бірақ қарапайым адам оны интуитивті деңгейде сезінеді, яғни халық айтпақшы «алтыншы» сезімімен. Ал рухани жетілген тұлға, оны анағұрлым саналы түрде қабылдайды. Өзіне Махаббат вибрациясынан (дірілінен) күш өрісін құрып, теріс ақпараттар ағыныны үшін мызғымас қорғанға айналады, бір сөзбен айтқанда жаман ойларға. Сәйкесінше күреске алаңдамай, қымбат уақыты мен күшін өзіне жұмсайды. – Бұл өмірде қалай білінеді? Себебі адам өмірінде барлығы жақсы бола бермейді, ағы да, қарасы да болады, - деп Виктор сұрады. – Ақ пен қара тек сенің санаңда ғана өмір сүреді, оны қиялыңмен жасаған өзіңсің. Егер сенде барлығы жақсы болса, түпсана деңгейінде (подсознания) бір жағымсыз жаманшылықты күтесің. Ал егер күтсең, түбінде аласың. Біз өзіміз басымызға пәле тілеп, осындай ойын ойлап табамыз. Ол табиғатта жоқ нәрсе. Жақсы демек жақсы. Жаман болса демек сен ақымақсың. Дәл солай. Барлығына артығымен жауап берген бұл сөзді естіген балалар күлді. – Ал осы рухани практикамен солардан тазаруға болады ма, енді... күнәдан болсын, жалпы осы өмірде жасап үлгерген жаман нәрселерден, – деп Женя іркіле сұрағын қойды. – Әрине. Адам сен айтпақшы «күнәларынан арылады», себебі жасаған ісіне өкініп қана қоймай, ең бастысы бұл істі жасамайды және жасағысы да келмейді. Өйткені ол қылығы оған бөтен болады. Ол жай ғана барлық жамандықты өзінен лақтырып, сана және түпсана (подсознания) деңгейінде ұмытады. Егер оны өткен шағындағы істері мазалап қинаса, олардан өзіндегі Махаббат күшін күшейту арқылы, өзінің рухын оятуға жұмыс жасаумен автоматты түрде тазарады. Андрей: – Ал неліктен «Күнә сені құртады» деп айтады ? – деп сұрағын қойды. – Иә, құртады. Егер адам бір жаманшылық жасаса, құрт секілді миын жеп, сана және түпсана деңгейінде маза бермейді. Ақыр соңында асқазан жарасы, инфаркт, инсульт түрінде шығады. Яғни, қанша тырыссаңда, егер бір нәрсе жасамаса, бұл жамандық адамды іштей жейді. – Адам жақсы немесе жаман жасағанын қалай біледі? – Кез-келген адам өзінің жақсы немесе жаман жасағанын жақсы түсінеді. Қанша қымданса да, басқаларға көзбояушылықпен қаншалықты мықты, жақсы адам, супермен бөліп көрінгісі келсе де, шындығында өзімен-өзі қалған кезде өзі үшін қорқады. Оған түнде төсекке жатарда, әсіресе қараңғы жолмен жалғыз өзі жүрсе қорқынышты. Біреудің өзін қарап, бақылап тұрған көзқарасты өзінен жақсы сезінеді және ол оны қинайды. Ол өлімнен қорқады, себебі ол жерде, жұмсақтау айтсақ оған жақсы болмайды. – Ал өлімнен кейін не болады? – деп Стас сұрады. – Егер кім жақсы болса, кім тазарса, жүрегінде Құдайы болса, оған қорқатын ештеңе жоқ, ол жерде бәрі жақсы болады деп айтсақ болады. Үлкен рухани деңгейге жетпесе де, рухының түпкілікті Еркіндігіне жете алмаса да, қарапайым сөзбен айтқанда шексіз Махаббатқа, Құдайға, Нирванаға қосыла алмаса да, өздерің қалай атағыларың келеді солай атаңдар, дін түсінігімен айтқанда жұмаққа, Құдай патшалығына кіре алмаса да, ол өзінің рухын дамытты, ол оған ұмтылды... Жұмақ – сен секілді шіркеуде дұға тілеген, себебі оны сән санаған, өздерін әулие санайтын, достарыңмен физикалық күйде қыдыратын жер емес. Осылай өмір бойы дұға тіле, бәрі босқа кетеді. Ең бастысы – сенің сыртқы көзбояушылықпен айналысқаның емес, сенің не ойлағаның, не істейтінің. Ең бастысы сенің шын мәнінде кім екенің, өзіңді қалай тәрбиелегенің, рухани жетілуіңмен қалай айналысқаныңда. Егер сен белгілі бір Еркіндікке жетсең, міне сен сол кезде Құдайға рухани жетілген тұлға ретінде келесің. Түсінікті ме. Бұл сені тартатын, негізгі мақсатың. Сен кеттің, сен еркінсің. Алдыңда жұлдыздар, жетілудің шексіздігі. Бірақ сендерге бұл күйді түсіну қиын. Ал егер сен жаман, жағымсыз субьект, дүниелік (материалдық) болмысың басым болса, басқаларға қиындық көрсетіп дүние-байлық жинағың келсе, яғни басқаларға жамандық жасап және оны дұрыстауға мүмкіндігің болмаса, ол жақта саған жақсы болмайды. – Ол жерде несі бар, Құдай ризалығы үшін шіркеу поптарына (қызметкерлеріне) пара берсең болғаны, күнәңді бірден кешіреді, - деп Женя әзілдемекші болды. – Шіркеу поптары кешірсе кешіретін шығар, бірақ Жаратушының кешіруі екі талай. Түптеп келгенде егер сен шіркеу салып бейшара түрмен құтылғың келсе, бірақ жасаған ісіңе тәубе қылмасаң, ар-ұятыңмен басқаша өмір сүрмесең, сенің жасаған бар «сыйың» мағынасыз әрі ақымақтық болады. Себебі Жаратушы адам рухын сынау үшін жаратқан материалдық дүниесін сенің «сый» қылып бергеніңді емес, сенің рухыңды өсіргеніңді қалайды, яғни бойыңдағы Құдайы бөлшегіңді. – Ол жерде жақсы болмайды деген қалай? – деп Андрей сұрады. – Сендерге түсінікті айту қиынырақ. Бірақ жобамен осылай. Сіздермен болатын ең жаман, жексұрынды нәрсені ойлап табыңыздар... Ойлап таптыңыздар ма? – Таптық. – Енді былай, осы тапқандарыңыз ол жақта ең жақсысы болады және біршама ұзақ уақыт... Мен сіздерді қорқытып отырғаным жоқ, тек турасын айтып отырмын. Әр адам өзі жасаған ісі үшін жауап береді. Жауап беретінін тіпті елестете алмайтын шығар, бірақ түпсана деңгейінде (подсознания) не жасап жатқанын түсінеді. Ол бәрінен жасырын қалғанда арам ойларына ерік береді, дүниелік болмысы басады, ұрлайды, алдайды, өзімшіл мақтаныш сезімін қанағаттандырады. Тиынын қимай: «Менде ақша көп, мен патшамын!» деп ойлайды. Қайдағы патша? Ертең сен өлесің, ал ол жақта сенің кім екеніңді көреді... Және ең қызығы осыны әр адам сезінеді, түсінеді. Себебі адамдар маяк добы секілді өмір бойы тербелумен жүреді, бір шеттен екінші шетіне, бір діннен екінші дінге. Бірақ шындығына келгенде ешкім сіз үшін, күнәларыңды өтей алмайды. Ішкі әлеміңізге байланысты нақты қадамдарыңыз, рухыңыздың шын жетілуі керек. Жай ғана өзін-өзі алдау елесі мен ақымақ үміт, ешкім білмей қолымнан келеді деген ісіңіз емес. Күзетші (Страж) сіздің жасаған ісіңізді айтпағанда, кез-келген ойыңызды тіркеп отырады. Және оның «жады тақтасында» рухыңыздың болашақ тағдыры шешіледі. – Демек бай болу жаман, - деп Слава өз шешімін айтты. – Жоқ, бай адам – бұл жақсы, керемет. Ал әлі күнге дейін бізде кедейлердің болуы – міне бұл жаман, өкінішті. Ал бай адамдар – жақсы, өздері үшін, өздерінің дамуы үшін бос уақыттары бар. Әрине егер оны дұрыс пайдаланса. – Айтыңызшы, - деп әңгімеге тағы да Николай Андреевич араласты, - «Лотос гүліне» оралсақ, адамдардың барлығы осы Махаббат дірілін жағымды сезіне алады ма? – Айтарлықтай көбісі. Бірақ осы Махаббат вибрациясын өте жағымсыз қабылдайтын тұлғалар да бар. Бұл оларды қорқытып, одан бас тартады. Бұл олардың санасының бұзылғандығын көрсетеді. Яғни сәуле жарығымен байланысып рухы оянбас үшін, ақылы (санасы) бойындағы бар жаманшылықты сыртқа шығарады. Демек бұл тұлға өте жаман, жиіркенішті деп есептеуге болады. Бірақ ол өзі туралы жақсы ойда, өзін соншалықты керемет, оны бүкіл адамдар тобы мақтайды деп ойлауы мүмкін. Ал шындығында ол боқ. Не үшін солай? Себебі ол барлығына өте теріс көзбен қарайды. Бойындағы рухын хайуани негізі басып кетеді. Біздер кішкене үнсіз тұрдық. – Сіз білесіз бе, жақында әдебиеттерді қарап отырып, Елена Блаватская өзінің қолжазбаларында ерекше «Әлем Раушаны» деп аталатын ерекше рухани практика туралы айтқанын кездейсоқ тауып алдым. Ол «Лотос гүліне» ұқсас, - деп Костя тапқанымен мақтанды. – Иә, ол «Лотос гүлі» рухани практикасының жаңғырығы. Тек Блаватская ол жерде көп нәрсені шатастырды. Бірақ ол таңғаларлық жайт емес, себебі ол шын қайнар көзінен емес, әртүрлі ламалар айтқан әңгімелерден жазған. – Ал мен тағы да, «Лотостың» оянуы, буддизмде ең үлкен жетістік деп оқыдым. Бірақ ол жерде алдымен көптеген бастамалар, сатылар және қиыншылақтардан өту керексің... – Бұның бәрі бос әурешілік. Кейінірек өзіне тегін тамақ жасау үшін дінді құрған адамдардың ойлап тапқаны. Алғашқысында Будда көпшілік адамдарға қарапайым, қолжетімді, рухыңды оятатын «Лотос гүлі» рухани практикасын кіршіксіз таза күйінде берген. Барлығы өте қарапайым еді. – Ал өзінің ізбасарларына? – Өзінің ізбасарлары үшін де бастапқы да осы рухани практиканы берген. Кейін рухтарының ояна бастаған деңгейіне қарап, нәзік білімдерді де (тонкие знания) бере бастаған. – Өткен жолы, сіз Будданың ілімдері жартылай жоғалып, өзгертілген дедіңіз, - деп Костя еш тыныштала алмады, - оны Далай-Лама игерген, және шәкірттеріне береді. Ол буддизмнің негізгі бағыттарының бірі ламаизмнің «ұстанушыларының» ең жоғарғы басшысы, құрметті Бодхисатваның жердегі бейнесі... Аволокашевары… Жоқ олай емес. Аволокитешвары, - деп Костя әрең айтты. – Яғни өздерінің айтуы бойынша тірі Құдай. Сонымен қоса ол жерде осы тірі құдайдың өлімі, жер бетіне қайта келуінің басы делінеді. Және арнайы жоғарғы шенді ламалардан құралған комиссия Далай-Лама өлгеннен кейінгі бір жылда туылған балалар арасынан оны «іздейді» екен. Егер Бодхисатва әрқашан қайтадан туылып жерге оралса, ілім қалай жоғалады? – деп ойлаймын. – Кім? Далай-Лама Бодхисатва?! Оны тіпті Бодхисатваға пародия деп те айтуға келмейді. Ал Далай-Лама шын болмысында кім... Сонымен, сіздерге түсінікті болу үшін тарихты басынан бастайын. Будда ілімі бастапқыда ауызша болған. Бірақ адамдар арасында рухани практикасының қарапайымдылығы мен қолжетімділігіне байланысты, әсіресе «Лотос гүлі» практикасы, үлкен резонанс тудырған. Оның философиялық ілімі, өздерің ойланып көріңдер, дүниеден өткеніне 600 жылдан кейін, ізбасарларының аузынан біздің заманымызға дейінге 29 жылы пальма жапырағына (Трипитака) жазылған. Бұл ең ежелгі ерте буддалық әдебиеттер жинағы. Оның үстіне шын Будда Іліміне қарағанда бұрмаланған нұсқада жазылған. Осы біліммен дүние жинау мақсатында, дәлірек айтсақ осының негізінде дінді құрған адамдар жазып шығарған. Сонымен қатар Будда дүниеден өткеннен кейін, шәкірттері арасында алауыздық пайда болады. Бір бөлігі дәстүрлі, хинаяна бағытын ұстанған. Санскритте «кіші арба», құтқарылудың «тар жолы» дегенді білдіреді. Бұл бағыт бастапқы негізіне, ақиқатына аз да болса жақынырақ. Себебі адамның жеке күшімен сансарадан шығуына талпынысы (жанның бір тәннен келесі тәнге өтуі), соңғы құтқарылуына (нирвана) басты мән берілген. Оның өзінде уақыт өте адамдармен қатты бұрмаланған, оны күрделі әрі керемет табынуға айналдырған. Ал екінші махаяна бағыты, санскриттен «үлкен арба», «құтқарылудың кең жолы» дегенді білдіреді, Далай-Лама тарихының басы. Махаяна бағыты будда іліміне барлық жағынан реформа жасады. Будданы кемеңгер Ұстаздан Құдайға айналдырды, ол Бодхисатваны – өзінің эманациясы қылды. Олардың ойынша осы діннің билеуші элитасына жеткен кез-келген адам Бодхисатва бола алады. Бірақ Бодхисатва сөзінің өзі мүлдем басқа мағынаға ие. Бұл сөз Шамбаладан шыққан. «Бодхисатва» санскриттен дәл аударғанда: «болмысы – білім» дегенді білдіреді. Будда бұл сөзді сол кездегі адамдардың рухани деңгейіне қарап енгізген. Бірақ оның анықтамасында да бұл: «Бодхисатва – Кемелдіктің шыңына жеткен, нирванадан шыққан, бірақ оған қайтадан ене алатын, бірақ тірілерге Махаббаты мен жанашырлығынан, өздерін жетілдіруге көмектесуге талпынысы үшін бас тартқан – Шамбаладан келген Рух». Сонымен, бұл жалған «бодхисатвалар» не істеді? Олар Будданың анықтамасынан бірнеше сөздерді алып тастады: «Шамбала», «нирванадан шыққан», «таңдау еркі бар», сонымен бірге «шыңдалуға көмектесу», және оларды өздерінің түсіндірмелерімен (трактовка) ауыстырды. Соның арқасында өздеріне ыңғайлы қылып сөздердің мағынасын толық өзгертті. Олар бұл туралы әлем ешқашан білмейді деп үміттенді. Бірақ бұл жағдай олардың шынайы ілімге деген ақымақтықтарын көрсетеді. Шын рухани ілім қанша бұрмаланса да, қанша жасырылып, жойылса да, бәрібір керек уақытында адамдарға Шамбаламен кіршіксіз таза күйінде беріледі. Себебі барлық Ілімдер нәр алатын Жердегі рухани ілімнің жалғыз, таза қайнар көзі. Адамдарға Бодхисатва болу мүмкін емес. Дегенмен адамзат тарихында, рухымен Бодхисатва деңгейіне жеткен ерекше тұлғалар болған. Бірақ бұл бірегей адамдарды, сіздер білетін кішкене уақыт аралығындағы тарих емес, адамзат пайда болғаннан бері тарихты есептесек, бір қолдың саусағымен санап шығуға болады. Енді, адамның рухани тұрғыдан жасай алатыны, тағы да қайталап айтамын өзінің рухын Махаббат арқылы өлім үстемдік ете алмайтындай дәрежеде өсіру. Яғни қайта туудың шынжырынан босап, құдайы Махаббатпен нирванамен қосылу, қалай атағыларың келсе өздерің біліңдер. Қазір сіздерге «нирвана» сөзінің мәнін түсіну де қиын. Бірақ жердегі кез-келген бақытыңның өзі, ол күйдің мыңнан бір бөлігіне де жетпейді. – Демек, Бодхисатва – Шамбаладан келген жаратылыс болғаны ма? – деп сұрады Андрей. – Иә. Олар адамдар арасында «қасиетті Мекен» (Обитель) деген атпен танымал өздерінің кішкентай әлемін құрды. Міне сол жерден, адамдар рухын жетілдіріп, жанын дамыту үшін ғылыми болсын, рухани болсын білім беріледі. – Ал Пайғамбарлар (Мессия) – оларда Бодхисатвалар ма? – деп сұрады Стас. – Кей жағдайларда, негізгі ілімді бере отырып Пайғамбар болуға мәжбүр болады. Бірақ өте сирек. Көбіне Пайғамбарлар (Мессии) олардың қарапайым адамдардан шыққан шәкірттері болады. – Қандай мағынада? – Бұл туралы сендерге тағы бірде айтып берермін. Әйтпесе біз бастаған тақырыптан тым алысқа кетіп қалдық... Сонымен Бодхисатва өзінің кім екенін ешкімге дәлелдемейді және тіпті дінде құрмайды. Бодхисатва адамға рухани болмысы туралы, оны қалай дамыту туралы Ілімді бере алады. Бірақ ешбір жағдайда дінді емес... шын мәнінде кез-келген дін – өзімшіл мақтаныш сезімі билеген басшыларының ақымақ тобырдан ақша соратын жай ғана үлкен шоу бизнесі. – Неге бірден ақымақ, - деп Руслан ренжей сөйледі. – Себебі бұл адамдар, білім игеруде, әлемнің заңдылықтарын түсіну танымында өте шектеулі. Оларға әркез өздерінің діни басшыларының сөзін ғана тыңдауды, тек өздерінің ғана кітаптарын оқуды, әрқашан өздерінің тобырында болуды, басқа діндердің қате екендігін бастарына құюмен болады. Мысалға алысқа бармай-ақ, өзіміздің тақырыпқа оралып, бұл «шоумендердің» Будда Ілімімен не жасағанын қараңыз. Біріншіден, өздеріне ыңғайлы қылып, және көпшіліктің сұрағы аз болу үшін Будданың өзінен Құдай жасады. Екіншіден, күрделі діни жоралғылар ғибадат жасау, дұғаларды енгізді. Өздерінің «бодхисатва-тәлімгерлерінің» арқасында көпшілікке «кең әрі жеңіл құтқарылудың» жолын көрсетті. Енді қарапайым адам олардың ойдан құрастырылған діни жоралғылары, керемет сөздері, анттары және басқа көпқабатты сандырақтарын бұлжытпай орындап қана қоймай, «құлаққа лапша ілгені» үшін сыйлап, мүлтіксіз бағынып, айтқанынан шықпау керек. Қысқаша айтқанда бұл өтірік «бодхисатваларың», шын мәнінде аса айлакер әрі ақылды адамдар, өздерін асырайтын тағы бір дінді құрды. Ал енді Далай-Лама сұрағына оралсақ. Буддизмге реформа жасап былықтырған ІІ ғасырда өмір сүрген Нагарджуна еді. Ол өте ақылды, бірақ ашкөз ойлы арам адам болған. Ол үнді философы, дінтанушы, шуньявада (мадхьямика) мектебінің негізін қалаушы. Енді ең бастысы. Қарапайымнан күрделі жасағаны үшін, Будданың көпшілікке арналған ілімін өзіне ыңғайластырып қатты бұрмалағаны үшін, Нагарджуна Ригден Джаппомен мәңгілік саналы түрде қайта өмірге келетіндей қатты жазаланған. – Ал Ригден Джаппо деген кім? – деп Костя сұрады. – Ригден Джаппо, Шамбаладағы Бодхисатва қауымдастығын басқарады... Енді былай, кейін Нагарджун тұлғасы тарихта әртүрлі атпен белгілі болды. Соңынан 1391 жылы оның тұлғасы бірінші Далай-Лама болған Гэндундуба болып қайтадан туылды. Ол бір кездері оған барлығының тағзым еткенін, өзінің керемет ұлы басқарушы болғанын қалаған... Оны дүние-байлық пен жұрттың оған тағзым еткені қызықтырды. Енді Далай-Лама байлығы басынан асады, сән-салтанатқа толы, оған әлемнің төрттен бірі тағзым етеді. Бірақ басқа жағынан ол ешқашан бақытты бола алмайды. Мәңгілік саналы қайта туылып, ішкі жан дүниесі мәңгілік азапта болады. Ол нирванаға кете алмайды, саналы қайта туылудың қамытын таққан. Оны жай ғана осы жердегі өмірінен ешкім жібермейді. Әрқашан өмір шынжырындағы жасы 13-ке толған кезде, яғни жыныстық жетілу кезеңінде, өмірлік энергияның оянып Ғалам мен адамның байланысы орнаған кезде, тұлға ретінде ояна бастайды. Бұл ол үшін өмір бойы үлкен ауыртпашылық. – Ал керек болса, мұндай ауыртпашылықтан! – деп Костя айтып қалды. – Бұл Далай-Ламада барлығы бар! Әрқашан қайта туылу үлкен бақыт емес пе. Мұндай өмір қалай шаршатады?! Ұстаз балаға шаршаңқы түрмен қарады: – Саған қалай түсіндірсем екен... Мысалға сен «Шөлдің ақ күні» (Белое солнце пустыни) кинофильмін көрдің бе? – Иә. – Есіңде ме, кеден қызметкері Верещгин тамақ ішуге отырып, әйелі алдына үлкен ыдыспен қара уылдырықты қойғаны. Ол оған қарап: «Тағы да уылдырық па! Мен бұл қарғыс атқырды енді жей алмаймын. Нанға барып ауыстырып келесің-ау». Яғни барлығы шаршатады және өте тез. Ал өмір үш есе тез жалықтырады. Егер сенің басқа тәндегі көргендеріңнің бір бөлігі есіңде болса, бұл денедегі бірқалыптылықтан жүрегің айныр еді. Саналы қайта туылу және оның өзіңнің мәңгілік құрсауың екенін білу – өте қорқынышты. Қаншалықты қорқынышты екенін тіпті елестете де алмайсың. Иса Агасферді (мәңгілік өмір сүруші) мәңгілік өмір сүрумен босқа жазалаған жоқ. Ол тарихты білемісің? Костя сасқалақтап: «Жоқ», - деп басын шайқады. – Исаны Голгофке қудалаған кезде, Оған өте жаман, ауыр болды. Оны қатты шөл қысты. Және Агасфер атты бір еврейдің үйінің алдына келген кезде, су сұрады. Жазалайды деп өзінің өміріне қорыққан ол айқаймен Исаны қуып жібереді. Иса оған: «Сен өз өмірің үшін қорқады екенсің, ендеше мәңгілік өмір сүретін боласың!», - деген. Сол заманнан бері Агасфер қанша жалықтырсада, бүкіл әлемді аралап, ешқашан өле алмайды. – Ол бір кездері болсын кешіріледі ме? - деп Татьяна жанашырлықпен сұрады. – Жалпы кешірім болмайынша, бүкіл әлем тәубе етпейінше олай болмайды. Бірақ бұл енді басқа тарих. Сэнсэй сағатына қарады. – Жақсы балалар, медитация жасайтын уақыт келді, әйтпесе әңгімеміз ұзаққа созылатын түрі бар. Бүгін біздер кейбіреулерің үшін қайталаймыз. Басқаларымыз «Хара» чакраны мен аяқ чакрандарымен жұмыс жасап көреміз. – Олар қай жерде орналасқан? – деп сұрады Слава. – Аяқ чакрандары табанның қақ ортасында орналасқан. Ал «Хара» чакраны «Дан-Тьянь» нүктесі орналасқан кіндіктен үш саусақ төмен орналасқан... «Хара» Жапон тілінен аударғанда қарын (немесе іш) дегенді білдіреді. Адамның бұл ортасы ауырлық нүктесімен тура келеді және физикалық-геометрикалық мәнде де. Бұл медитацияда өткен жолғыдай ойыңды жинақтау мен назар аудару консентрациясына арналған... Ал қазір ыңғайлы тұрыңдар, денелеріңді босаңсытыңдар, аяқтарыңды иық деңгейіне қойыңдар... Біздер ыңғайлы тұрып, денемізді босаңсытып, ойымызды медитация жасауға жинақтадық. – Қазір біздер әдеттегідей тыныс аламыз, яғни өздігінен, ал дем шығарған сәтте, тостаған секілді «Харамызды», жеңіл ауырлық сезімі пайда болғанға дейін «Ци» энергиясымен толтырамыз. «Хара» толған кезде, сіздер «Хара» арқылы «Ци» энергиясын аяқтарыңызға, табаныңыздың ортасымен жерге жіберулеріңіз керек... Бірнеше уақыт мен бұл энергияны тек ойша ғана «жібердім». Бірақ кейін менің қиялым ішіме шыныменде су құйылғандай ішімнің жыбырлағанын анық сезіне бастады. Осы сәтте Сэнсэй: – «Хара» толған кезде, сіздер бұл энергияны аяқтарыңыз, табандарыңыздың ортасы арқылы жерге «төгулеріңіз» керек, - деді. – Мен тағы да қиялым арқылы, тәніммен ойша жұмыс жасауға тырыстым. Біртіндеп кішкене ағынмен білінер-білінбес жылулық сезімі пайда болды. Бірақ ол толық емес ішінара сезілді. Әсіресе тізе аймағы мен табанда жақсы сезілді. Дала біршама салқын болғанымен, етіктегі аяғым біртіндеп жылына бастады. Мен оны өзімнен байқаған кезде, қалай қолымнан келгені туралы ойға салындым. Логикаға берілген санамның кесірінен сезінулерім білінбей жоғалып кетті. Енді тағы да қайтадан ойымды жинақтай берген кезде, Сэнсэй медитацияның аяқталғанын айтты. – Екі рет терең тыныс алып, дем жіберіңдер. Алақандарыңызды тез жұмыңыздар, көздеріңізді ашыңыздар. Мен сағатыма қарадым, он минут қана өтіпті. Маған ұзақ болғандай көрінді. Осы кезде аяғымыздың астындағы қардың ерігенін байқадым. Біздер айналаға таңдана қарадық. Шынында да, кейбір үлкен балалардың астында еру радиусы шамамен 40 сантиметрдей, ал бізде әдеттегідей төмен болды. Женя Стасқа қарап: – Көріп тұрмысың, ал сен наразы болғансың: салқын, салқын, қазір Африкада болсақ деп. Саған Африкаға барудың еш керегі жоқ. Көрмеймісің аяғымыздың астынан пальмалар өсе бастады. Сэнсэйге бұрылып: – Мен оның шыққан тегіне бұрыннан күмәнданатынмын, әрқашан папуастарға тартады да тұрады. Кезекті әзілдер сериясынан кейін, барлығы аздап тынышталған кезде, Сэнсэй бұл медитацияны біздерге үйде өз бетімізше жасай алатынымызды айтты. – «Лотос гүліменде» солай ма? – деп Костя сұрады. – Әрине. Онымен әр бос минутыңда айналысқан дұрысырақ. – Ал нәтижесі қашан болады? – Алаңдама. Егер ерінбесең, нәтижесі сені көп күттірмейді. – Кешіріңіз, мен медитация алдындағы әңгімеге кішкене оралсақ деп едім. Сіз әлемге ғылыми білімнің барлығы Шамбала арқылы беріледі дегенсіз. Мен дұрыс түсінбедім, қалай беріледі? – деп менмендік даусымен Николай Андреевич сұрады. – Мен адамды барлығын өзі ойлап табатын, оның ішінде ғылыми жаңалықтарды да өзі ашатын, жеткілікті ақылы бар жаратылыс деп әлі күнге дейін есептеймін. – Енді сізге қалай айтсам екен, адам бір кездері кемел тіршілік иесі болатыны сөзсіз... Бірақ қазір басында хайуани негізі басым болып тұрғанда, ол тіпті қарапайым орындықтың өзін егер қалай жасалатынын айтпаса өзі ойлап таба алмайды. – Сонда қалай? – Бәрі қарапайым. Қазір адамдар ақылды, себебі ата-бабаларының білімін пайдаланады. Ал олардың ата-бабалары оларды қайдан білген, сіз ойланып көрдіңіз бе? Тіпті ең ежелгі Шумер өркениетінің балшық тақтайшаларға жазылған аңыздарында, «аспаннан келген адамдар» қалай өмір сүру керектігін, үйді қалай салу керектігін, балық аулауды, өсімдік тағамдарын қалай өсіру және соған ұқсас нәрселерді айтқаны туралы естеліктер бар. Ал оған дейін адамдар кез-келген жануарлар секілді топтасып өмір сүрген... Қазіргі әлемді алайық. Ғалымдар жаңалықты қалай ашады? – Тақырыппен талмай жұмыс жасау арқылы. – Әрине, сырттай дәл солай көрінеді. Бірақ ашылудың сол сәті, табу - түсіну сәті ше? Николай Андреевич иығын көтерді. – Ашылған ұлы ғылыми жаңалықтарды есіңізге түсіріңіз, - деп Сэнсэй жалғастырды. – Тіпті барлығына белгілі Дмитрий Иванович Менделеевтің периодтық кестесін алайық. Оған дайын күйінде түсіне енген, бірақ сол кездегі адамзат қабылдай алатындай деңгейде толық емес бір бөлігі ғана берілген. Нильс Бордың атом құрылымы, Фридрих Август Кукле ғалымының формуласы, Никола Тесла ашқан жаңалықтардың барлығының тарихы ұқсас. Адамзаттың барлық ғылыми ойлары мен теориялары, аяқ астынан түсіну (озарение), түйсік (интуиция) және көбіне «жоғарыдан берілудің» арқасында болған. Яғни жаңалықтар, ғалымдармен түпсана қорларынан алынған. Ал түпсана іші (қоры) – бір жағынан да, екінші жағынан да ашыла алатын «есік», «қақпа» деп аталатын чакран, өздерің қалай атағыларың келеді, солай атаңдар. Бұл жай ғана мүлдем басқа сфераға, басқа өлшемге, басқа ақпараттық өріске, өту. Атауын қалай атауды өздерің біліңдер. Сонымен, керекті жағдайларда, ғалымның миы жауапты сол жақтан дайын күйінде ала алады. – Ал оны кім береді? – деп Костя сұрады. – Арғы жағында кім тұрса, сол береді. Оны әр адам өзінше қабылдайды: біреулері Абсолют деп ойласа, кейбіреуі Ұжымдық Сана (немесе Ақыл) немесе Шамбала, Құдай деп ойлайды... – Қызық, Шамбала мен Құдай бір ме? – деп бірнәрсе туралы ойланған Руслан сұрады. – Жоқ. Құдай ол Құдай. Ал Шамбала – Оның жай ғана жаратылыстарының бірі. – Шамбала адамзатқа қатысты нені білдіреді? - деп сұрады Николай Андреевич. – Ол – білімнің қайнар көзі. Қазіргі тілмен айтқанда – ақпараттар сақталған «банк», оған кіру әр адамның түпсанасы арқылы болады. – Демек, Шамбалаға бөлмеден шықпай-ақ кіре аламыз ба? – деп өзінің тапқанына таңғалды Стас. – Өте дұрыс... Сэнсэй кезекті рет сағатына қарамай тұрған кезде біздер өзімізді мазалаған сұрақтармен тағы да кішкене әңгімелестік. – Жақсы балалар, кеш болды, кетуіміз керек. Шынымды айтсам менде басқалары секілді кеткім келмеді. Кейінірек баршамыздың ойымызды дәл тапқандай Женька: «Жанымыз банкеттің жалғасын қалайды», - деді. Бірақ, өкінішті, ұзақ уақыт тәндеріміздің болмауынан жақындарымызды алаңдатпас үшін, үйге қайту керек еді. 25 Келесі күндер көз ілеспес жылдамдықпен зымырап өте шықты. Кезекті жаттығуда бәрі әдеттегідей болды: қыздырыну, база, жаңа материал. Жаңа материалда біздер «Маймыл» ұрыс стиліне жеттік. Алдамшы соққы немесе әккі әдіс жасау үшін, осы жануардың қылығын көшіруге тырыстық. Бұл соншалықты қызықты әрі күлкілі көрінді. Женя әдеттегідей өз сөзіне салып, осындағы көбісіне маймылды көшірудің қажеті жоқтығын және өздерінің қылықтарымен түпнұсқасынан асып түсетінін айтып әзілдеді. Қысқаша айтқанда жаттығу көңілді әрі қызықты өтті. Қосымша жаттығу кезінде көпшілігі тарап, біздер Сэнсэй жеке жұмыс жасауға көрсеткен жаттығулар жиынтығын қайталап жаттық. Жаттығудың соңында, жаттығу залына жақсы киінген жасы алпыстардың шамасындағы салмақты бір ер адам кіріп келді. Сэнсэй оны көріп күлімдеп: – Біздің жақта қандай адамдар жүр! Қалай жеттіңіз, Жорж Иванович? – деді. – Жеткені құрысын, сізді іздеп жарты қаланы кезгеніме екі сағат болды, - деп аздап наразылық танытты. Сэнсэй күлімдеп: – Кешіріңіз, академик мырза, сізді алдыңыздан күтіп алатын қолым тимеді, - деді. Өздерінше саулық сұрасып болғасын, жаттығу залының ең шетіне барып, спорттық орындыққа отырып, бір нәрсе туралы әңгіме айта бастады. «Академик» сөзін естігеннен бері менің қызығушылығым бойыма сыймады. Бірақ басқалары келген қонаққа еш мән бермеді. Үлкен балалар ешнәрсе болмағандай бар ойлары соққыларды қайталауда болды. Біздің балалар да олардан қалыспады. Татьяна екеуміз де «жұрттан қалмауға» тырыстық. Бірақ бұл адамның келуімен, бар ойым әңгімелеріне ауды. Сэнсэйдің қонаққа қарап, қимылымен бірнәрселерді қатты күймен айтып жатқанын көргенде шыдай алмадым. Татьянаның соққыларынан қашып, біртіндеп әңгімелесушілерге қарай жақындай бастадым. Және келген адамға Сэнсэйдің айтып жатқан сөздерін естідім: – Осыдан жиырма жылдан аса уақыт бұрын сен тек өзіңді керемет ғалым ретінде әлемді мойындатып, атақты болуды ғана армандап едің. Сені ғылымның көшбасшысына айналдырған нақты білімге, біздерге өзіңнің қызметіңді айырбастауға ұсынып келген бірінші өзіңсің... – «Ал керек болса», - деп таңғала ойландым. – Сэнсэй онымен «сен» деп сөйлесіп жатыр. «Біздері» кім тағы? Және қандай қызметтер? Сэнсэй ары қарай сөзін жалғастырып: – ...Біздер өз тарапымыздан келісіміміздің талаптарын толық орындадық. Жартылай өткізгіш гетеролазердан бастап, күн энергиясын түрлендіргішке дейінгі нақты ақпаратты сен бізден алдың. Осы саған аз ба? Ал келесі мерейтойыңа дейін Нобель сыйлығын аласың. Несі жаман?! Мен түсінбедім, не мәселесі бар? Осы уақыт бойына ер адам басын төмен салбыратып отырды. Сэнсэй сөзін аяқтаған кезде, әлгі көзіне қарады. Қатты толқығаннан жүзі қызарып кетіпті. – Қандай мәселе дейсіз бе. Сіз мені ақымақ көресіз бе?! Кейін үнін жұмсартып: – Мен барлығын жақсы түсінемін. Және өз айтқан сөздерімнен бас тартпаймын... Бірақ өтінемін, маған түсіндіріңізші, керекті қуаттағы энергия көзін қайдан аламын?! Маған берген сызбаңыздағы қондырғыны іске қосу үшін жоқ дегенде Ленинград облысын жарықсыз қалдыруым керек. Ал сіз бұл қондырғы тамыз айынан желтоқсан айына дейін жұмыс жасағанын сұрайсыз. Осы айлар арасында Ленинград және басқалары жарықсыз отырады ма? – Энергия көзі үшін сіз алаңдамаңыз құрметті Жорж Иванович. Онымен сізді біз қамтамасыз етеміз. – Сіздер немене, менің институтыма атом генераторын әкелгілеріңіз келеді ме?! Оны қалай елестетесіздер? Және неліктен институт аумағына? Басқа жерде жасауға болмайды ма, мысалға Мәскеуде? – Болады, әрине. Бірақ біздер сіздің институтыңызды ыңғайлы орын деп есептедік... Ал энергия көзімен біз сізді қамтамасыз етеміз. Алаңдамасаңыз болады, көлемі өте кішкентай, чемоданнан үлкен емес. Орынды да көп алмайды. Бойындағы энергия қуаты, қондырғы керек уақытына дейін жұмыс жасауға жетеді. – Кешіріңіз, бірақ сіз миллион киловатт туралы айтқансыз. Сонда барлығы жай ғана чемоданда болады ма? Және ол атом энергиясы емес пе?! – деп академик таңғалды. Сэнсэй күлімдеп: – Ұсақ-түйекпен басыңызды қатырмаңыз. Сіздің қызығушылығыңызды ішін-ара қанағаттандыру үшін айтайын, бұл вакуумді энергия таратушы (вакуумный излучатель энергии). Онымен қоса сізге уәде еткендей, бұл қондырғыға жиелік түрлендіргішті (частотный преобразователь) де береміз. Бірақ бірден ескертемін, бұл құрылғыны ашып қарауға кеңес бермеймін. Әйтпесе Хиросимадан миллион есе жаман болады. Ал сырттай еш зиянсыз көрінеді. Бірақ есте сақтаңыз, қондырғының тұрақты режимде жұмыс жасауы тамыздың 15 –нен кеш болмауы керек. – Жақсы. Маған оны қашан жеткізесіздер? – Рождестводан кейін берден сізге жеткізеді деп ойлаймын. – Жақсы... тек... Академик сәл тартынды. –Тағы не? – Мені тағы да бір сұрақ мазалайды. Сіз біздердің ісімізге араласпайтыны туралы айтасыз. Бірақ бұл қондырғы олай емес екендігін көрсетеді. – Біздер араласпаймыз да. Егер аралассақ келе жатырған оқиғалардың алдын алатын едік. Бірақ біздің құқымыз жоқ, ерік өздеріңізде. Нені қаласаңыздар соны жасаңыздар. Бірақ біздің жалғыз қаламайтынымыз, бұл жерде атом қаруымен үшінші дүниежүзілік соғыстың болуы. Сондықтан біздер жай ғана болған оқиғаның салдарын жеңілдетуді қалаймыз. – Ал толқынның ешкімге зиян келтірмейтініне кім кепілдік береді? – Біз кепілдік береміз. Ол мүлдем зиянсыз. Тек адамдар салмақты әрі қонымды дұрыс ойлайтын болады. Сондықтан олардың қарсы жауаптары да жұмсақ болады. Бұл бір ғаламдық дауға ұласпайды... Бірақ тағы да қайталаймын, бұл оқиғаларды тоқтатуға біздің құқымыз жоқ. Қаласаңыздар тоқтатыңыздар, бұл сіздердің шаруаларыңыз. Академик орындықтан ауыр көтеріліп, қоштаса бастады. Сэнсэй сыртқы есікке дейін шығарып салып, уақытын тағы бір мәрте айтты. Бір-бірімен қол алысып тарасты. Сыртқы есіктен қайтқан Сэнсэй күлімдеп өз-өзіне: – Хм, кез-келген ақымақ өзін дана санайды, бірақ тек ақылды ғана өзін ақымақ дей алады, - дегенін естідім. Бұл естіген әңгімеге мен есім шыға таңғалдым. «Сэнсэй сонда кім? Оның физик болғаны ма? – деп ойладым. - Мүмкін қандай-да бір ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейтін шығар. Сэнсэй бізге де тереңдетілген физика туралы бірдеңелер айтқан. Бұл жағдай оның білімінің кеңдігін біраз түсіндіреді». Бұл басыма келген аз да болса қонымды нұсқа еді. Себебі басымдағы қалған «мың сұраққа» шатасып, дұрыс түсіндірмесін таба алмадым. Менің көз алдымда Сэнсэйдің ғылыми беделі өсті, себебі оның сөзіне академиктің өзі құлақ асты. Бірақ Сэнсэй өзін көпшіліктен бөліп көрсеткісі келмеді. Үйге қайтар жолда, ол әдеттегінше барлығымен әзілдесіп, «маймыл» жаттығуынан кейінгі көңілді-күйімізді қолдап келе жатты. Дегенмен үйге келгесін мен бұл ерекше әңгімені, өз күнделігіме үлкен әріптермен жазып, соңын «Ал Ол – физик екен», - деп аяқтадым. 26 Бірнеше күннен кейін, анам екеуміз кезекті сатып алулар үшін дүкен аралаған кезде, мен Сэнсэйге бүгінгі жаттығуда қоятын сұрақтарым туралы ойланып, кешке жоспар құрдым. Көшеге кешегі жаңбыр мен түнгі аяздан кейін мамық қар түскен. Айта кету керек, бұл жақтағы қыс мезгілі біз өмір сүрген Кеңес Одағының басқа аймақтарымен салыстырғанда айтарлықтай жылы еді. «Кеншілер» қары тек бірінші күні ғана қар болатын. Себебі екінші күні қар көмір шаңымен сұр түске айналатын. Ал үшінші күні тіпті еріп, дымқыл тартып, батпақты сазға айналады. Тіпті бұл жерде Жаңа жылдың өзін әдеттегі: «Жаңбырлы, арты ылғалды қарға ұласады» деген ауа райы болжамымен қарсы алатынбыз. Сондықтан көптен күткен ақ ұлпа қар мен аязды көргеніме қуандым. Бұл үш апта қалған кезекті Жаңа жылды шынымен нағыз қыс мезгіліндей қарсы алып, шын жүрекпен көңіл көтереміз деген аздаған үміт берді. Осылайша жақсы болашақты армандап, біздер кезекті дүкенге кірдік. Осы кезде кенеттен анам аяғы сырғанақтап артқа қарай қатты құлады. Құлағаны соншалықты аяқтары жоғарыға қарай көтеріліп кетті. Секундтан да аз лезде болғаны соншалықты, мен тіпті ұстап қалуды ойлап үлгермедім. Қасымыздан өтіп бара жатырған белгісіз ер адамдар орнынан тұрғызуға асықты. Қатты қорқып кеткен мен де, көмектесуге тырыстым. Адамдарға рахметін айтып, анам маған сүйеніп тұрды. – Мама қалайсың, жүре аласың ба? – Ой, күте тұршы, белім қатты ауырып тұр, бір нәрсе сықырлады. – Мүмкін ауруханаға барармыз? – Жоқ, кішкене күте тұрайық, қазір кетеді. Біздер кішкене тұрдық та, жаймендеп үйге кеттік. Анам аздап ақсақтады. Үйдегі жағдайы тіпті нашарлап кетті. Барлығымыз жұмыстағы әкемізді алаңдатпайық, өзі кететін шығар деп ойладық. Бірақ қанша дәрілер қабылдаса да, ауырсынуы күшейе берді. Біздер не істемедік: әртүрлі жақпа майлармен сыладық, компресс жасап тіпті жылытып та алдық. Бірақ соңғы процедурадан кейін жағдайы тіпті нашарлап кетті. Медитация сабағына мен әрине барған жоқпын. Кешке әкем келгенше ауырсынуын басатын барлық емді жасап көрдік. Шешім біреу – тез арада ауруханаға бару керек болды. Әкем бірнеше қоңыраулар шалып, анамды облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінің доцентіне қаратуға келісті. Таңертең жағдайы одан сайын нашарлады. Өткір қатты ауырсынуы аяғына көшті. Аз ғана қимылдың өзі қатты ауырсыну тудырды. Тіпті аурухананың өзіне жартылай жатқан күйі жеткізілді. Неврология бөлімінде бірнеше рентген мен компьютерлік томографияға түсірілгеннен кейін, анамда біраздан бері омыртқа остеохондрозы болғанын анықтады. Ал құлаған салдарынан фиброзды сақина (фиброзное кольцо) жарылып, 7 миллиметрлік омыртқа грыжасы пайда болған. Осының кесірінен, құйымшақ нерві (седалищный нерв) қысылып, аяқтары қатты ауырсынған. Мұқият тексерістен кейін дәрігер, нейрохирург маманына кеңес алуға жіберді. Әкем тағы да жақсы нейрохирург маманын тапты. Тексеріс нәтижесімен танысқаннан кейін, міндетті түрде ота жасау керек деген тұжырымға келді. Бұл біздің отбасымыз үшін нағыз апат болды. Нейрохирург кабинетін іздеп жүріп төсекке таңылған ауруларды көргеніміз аз болғандай, анам неврология палатасында бірге орналасқан, екінші отаны қажет етіп жатқан көршісінен, көптеген қорқынышты әңгімелерді естіген. Алдағы отадан анамның қорыққаны соншалықты, кеңес алып болғаннан кейін, тура мағынасында нейрохирургия бөлімінен қашып шықтық. Әрине біздің жүрісімізді солай атауға келсе. Осылайша барлығымызға күтпеген жерден болашағымыз бұлыңғыр, қара түсті болып көрінді. Біздер дәрі-дәрмекпен емделеміз, бір сөзбен айтқанда соңына дейін күресеміз деп шештік. Анамды неврология бөліміне ауруханаға жатқызған күннен бері өмірім қатты өзгерді. Таңертең мектепке барып, кейін облыс емханасына баратын болдым. Анамның жанына демеу болу үшін осы уақыт бойы әрқашан қасында болдым. Маған бұл ол үшін маңызды секілді көрінді. Рас дәрігерлер «бөтен адамның» жүргеніне қарсылық танытты, бірақ әкем бұл шаруаны да оңтайластырды. Аурухана мен үшін уақытымның көп бөлігін өткізетін жерге айналды. Отбасымызға бірінің артынан бірі келген бақытсыздыққа анам қатты қайғыруда еді. Оның үстіне Мәскеуден жаңа жылдық мерекелерден кейін барлығы мақұлданып, мені ота жасауға күтетіні туралы хабар келді. Анам қатты алаңдады. Мен сүйікті үйірмелерім мен жаттығуымды тастап кеттім. Анам менің өз қалыпты өміріме оралуымды да сұрады. Бірақ мен бұл туралы тіпті де естігім келмеді. Маған анама өзімнен басқа ешкім дұрыс қарамайтындай, егер мен болмасам ол өзінің жаман ойлары мен палатадағы көршілерінің ауыр атмосферасына шыдай алмайтындай көрінді. Бастапқы күндері мен және отбасым болған жағдайға аздап шошынумен болдық. «Осы жағдайдың болуын қарашы», - деп ойладым. – Осылайша күтпеген жерден, болжаусыз және анаммен. Қалай болғанда да өміріңді болжай алмайсың! Бізге тек барлығын қарап, жоспарлап, алдын-алып және барлығы солай болатындай көрінеді. Ал шындығында әр күнің сынақпен өтеді. Ішкі жан дүниеміздің әртүрлі жағдайларға, қуаныш болсын, қайғы болсын, шыдамымыз бен мықтылығымызды Біреу тексергісі келетіндей. Мүмкін біз куәгері мен еріксіз қатысушысы болған осы жағдай, бізге жоғарыдан өмірдің соншалықты сынғыш нәзік екенін және ең басты нәрсені жасап үлгере алмай қалуымыздың мүмкін екендігін ескертіп, еске түсіретіндей. Шыныменде біздер рухымыздың ісін «белгісіз уақытқа» кейінге қалдыруға үйренгеніміз соншалықты, өмірдің қалай тез өтіп жатқанын, дұрыс іс бітіріп те үлгермейтінімізді байқамай қаламыз. Неліктен біздер өмірдің шын бағасын тек қайтарымсыз бір нәрсесін жоғалтқанда ғана түсінеміз: кәрілікте – жастық шақты, аурухана төсегінде – денсаулығымызды, өлім аузына жеткенде – өмірді? Неліктен? Мүмкін осындай аяқ астынан болған оқиғалар, біздің өміріміздің бос елес екенін еске түсіруге мәжбүрлейтін шығар. Жалқаулығымыздан туған орындалмас қиялымыздан оятып, шын өмірге қайтаратындай. Ал шындықтың мәні – ешкім өзіне бір минуттан кейін не болатынын жарытып білмейді. Ендеше Тағдырды сынаудың керегі жоқ шығар, мүмкін әр сәтімізді бағалап, осы секундтан бастап оны ажалды адамдарша сүрерміз? Мүмкін сол кезде өмірдің мәнін терең ұғынып, рухымыз үшін де, өзімізді қоршаған адамдар үшін де мың есе көп жақсы іс жасармыз. «Ертеңгі күн менен қашып құтылмайды деп ойлау ақымақтық, ол күнге жетпеуің де мүмкін». Енді ғана бұрын әзіл ретінде қабылдаған Сэнсэйдің: «Егер Құдайды күлдірткіңіз келсе, оған өз жоспарыңызды айтыңыз» деген сөздерінің мәнін түсінгендеймін. Алғашқы кездері анаммен бірге палатадағы көршілердің өмір тарихын тыңдай келе, Тағдыр сынағынан ешкімнің сақталмағанына көзім жетті... Терезе жақта жатқан әйел адамның есімі Валентина Федоровна. Бір ғана сәт бүкіл өмірін өзгерткен. Барлығы аяқ астынан, күтпеген жерден болған. Көпшілігі секілді басында күйеуі екеуі айлықтан айлыққа зорға жетіп өмір кешкен. Ал кооперативтер толқыны басталған кезде, күйеуі фабрикадағы жұмысынан шығып, өз атына жиһаз дайындайтын кооператив рәсімдеген. Күйеуі пысық әрі еңбекқор болғандықтан, шаруалары оңға басқан. Бір жылда тапқан ақшалары көп болғаны соншалықты, әйелімен бірге кооперативті пәтер, автокөлік, тіпті саяжай жерін де сатып алған. Барлығы жақсы болып, жаманшылық болмайтындай көрінген. Бірақ екі ай бұрын Валентина Федоровна күйеуімен өзінің туысқанының туған күнінен келе жатып ауыр жол көлік оқиғасына тап болған. Бұл бірнеше секундтар ішінде болған. Қарсы жолаққа шығып кеткен мас жүргізушінің кесірінен, үш автокөлік бір-біріне үлкен жылдамдықта соғысқан. Күйеуі бірден қаза тапқан. Ал ол қауіпсіздік белдігін таққанының арқасында, ғайыптан тірі қалған. Бірақ оны қатты тартқаны соншалықты, кейін дәрігерлер омыртқаның мойын бөлімінің ұясынан шығып, үлкен ісікке айналғанын анықтаған. Осы жағдайдан кейін, қолы дұрыс жасамай, аяғын тіпті сезінбеген. Ұяшығынан қозғалғанын нейрохирургтар емдеп жазған. Бірақ жұлынға зиян тигеніне байланысты ісігі қалған. Валентина Федоровнаны нейрохирургиядан, неврология бөліміне ауыстырғанына бір айдай болып қалған. Бірақ ол маған физикалық жағдайы емес, моральді жағынан қатты қиналғандай көрінді. Осы апаттан кейін өмірі құрдымға кете бастаған. Бар ақшасы емделуге, күйеуінің аяқ астынан шыққан қарыздарына кетіп, мүлкінің бір бөлігін кепілге қойған. Осы жағдайдан кейін таныстарының оғаш көзқарасын көріп таңғалған. Валентина Федоровнаның айтуы бойынша отбасының достары, тума- туысы, жақын таныстары көп болған. Бірақ осы жағдайды, күйеуінің қаза тапқанын, өзінің мүгедек болып жалғыз қалғанын естігендер, бір сәтте оны ұмытып кеткен. Енді міне оған екі айдан бері тек кәрі анасы мен туған сіңілісі келеді. Олар қаншалықты жұпыны өмір сүрсе де, барынша тәтті тағамдарын алып келуге тырысатын. Валентина Федоровна кімнің-кім екенін енді ғана ұққан. Бірақ өте кеш еді. Сол күні кешке кәрі анасының сатқын достар туралы айтқан қызықты мәтелін жазып алдым: «қазаның қайнаса үйің досқа толы, қазаның болмаса үйің де бос» (Когда горшок кипит, то и друзей полон дом кишит. А как горшка не стало, то и в доме пусто стало). Валентина Федоровна өзінің қайғысына дауа таппай, өзінің бұрынғы таныстары мен достарына ашуланып жаласын жапты. Ол кейде маған өзгеше күйге енетіндей көрінді. Жаман сөздері мен өзінің көңіл-күйін түсіріп қана қоймай, ұсақ-түйекке ашуланып, өзіне жеккөрушілік сезімін тудырды. Және айналасындағылар да бұдан зардап шекті. Басқа әйел адам Анна Ивановна өте мейірімді болды. Денсаулығы еш жақсы болмаса да, ол өз Тағдырына еш налымады. Оның ауруы да анамның ауруымен бірдей. Тек бір «керемет сәтте» белі қатты ауырған. Ақыр аяғында дәрігерлер омыртқа грыжасын анықтаған. Ота жасап омыртқа грыжасын алып тастаған. Осыдан кейін жағдайы аздап жақсарған. Бірақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін, жағдайы одан сайын нашарлаған. Дәрігерлер қайта ота жасауды тағайындаған, бірақ енді ота жасатсам мүлдем жүре алмай қаламын ба деп қорқады. Анна Ивановна өз тарихын барынша өзін ұстап, салмақты айтса да, бірақ ота жасағаннан кейінгі жағдайы туралы егжей-текжейлі әңгімесі анамды қорқытып қана қоймай, белгілі бір деңгейде мені де шошытты. Себебі мені де нейрохирургтармен кездесу күтіп тұрды. Анна Ивановна өте нашар қозғалды. Оған мықты әрі көңілді күйеуі жиі келетін. Балалары баяғыда есейіп, өз отбасыларымен басқа қалаларда тұрады. Анна Ивановнаның өз қайғысы болды, ол бәрінен төсек тартып жатып қалудан қорқатын. Себебі жасы небәрі елуде болатын. Өзінің ауруымен күйеуінің мойнына ауыр жүк болып, балаларын мазалауға қорқатын. Сондықтан ол әйел барынша емделуге тырысып, тағайындалған барлық дәрі-дәрмектерді түгел ішіп, дәрігер жазған емдік шараларын жасауға толық тырысты. Бірақ уақыт өте ауырсынуы жанын шыдатпаған кезде, оптимизмі жоғалып, ащы көз жасына ерік беріп «Не үшін?!» деген сұрағын қайталаумен болды. Үшінші көрші, Лена, өте жас, менен бес жастай үлкен қыз бала еді. Оның ауруы босанудан кейінгі жарақаты. Жүктілік кезінен бастап белі ауыра бастаған. Оң аяғы мүлдем тыңдауды қойған. Тіпті аяқ башпайларын да қозғалта алмаған. Белгілі болғандай оның екі омыртқа дискісінің протрузия ауруы бар болып шықты. Үйінде зейнеткер енесінің қарауында еметін баласы қалған. Оған да күйеуі келеді. Ол табиғатынан тыныш, салмақты жаман емес жігіт. Есесіне енесі дауыл секілді ұшып, ұсақ-түйекке өмірі көңілі толмай жүретін. Босанудан кейінгі бұл асқынудың ешкім алдын-ала алмады. Бұл жағдай жас отбасыны күйреудің сәл алдына әкелді. Ленаның денсаулығымен мәселе аз болғандай, ол өзі денсаулық жағдайымен баласын күтіп қамқорлай алмады. Оның үстіне енесі де баласына мүгедек келіннің керегі не, өмір-бақи басыңа ауыртпашылық болады деп алауыздыққа итермелеп, ажырасуын талап етті. Ал Ленаның өзінің кішкентай баласымен арқа сүйер жалғыз анасынан басқа ешкімі болмады. Бірақ ол алыста, басқа қалада тұратын. Себебі, бір айдан екінші айға әрең жетіп таңертеңнен кешке дейін зауытта жұмыс жасап, өте сирек келетін. Бір сөзбен айтқанда, Ленаның өмірі өмір емес, үзіліссіз трагедия еді. Осы айтылған барлық өмір тарихын ести отыра, ешқайсысы осындай соңы болатынан күтпегенін, әрқайсысы өз армандарымен өмір сүргенін және осы оқиға оларға ашық күнде найзағай ойнағандай әсер еткенін ойладым. Осы жағдайдың не үшін олармен болғанына барлығы наразы шағымданады... Естігендеріме таңғала кешкісін күнделігімнің кездейсоқ бетін ашып, біркездері әңгімеде айтылған Сэнсэйдің бірінші кездескен сөздерін оқи бастадым: «Кездейсоқтық – болмайды. Кездейсоқтық – бұл жай ғана бақылаусыз ойларымыздың салдары». «Ал керек болса! Бұл сөздерге неге бұрын көңіл аудармағанмын». Өзіме әрі қарай «көрініп» тұруы үшін күнделігіме осы сөздерді қалың етіп белгілеп қойдым. Cэнсэйдің рухани сабақтары мен жаттығуларына қатты барғым келді, бірақ осы айналған қарбаластан қашып кетуге ар-ұжданым жібермеді. Дегенмен балалармен әрқашан телефон арқылы хабарласып тұрдым. Балалар өздерінің жетістіктерімен бөлісіп жатты. Үйде «Лотос гүлі» медитациясын жасауды жалғастырдым және әр бос минутымда жасауға тырыстым. «Қалаған сыйлық» туралы ойлаған кезде менде сезімдер жақсы сезілді. Және осы жағдайда көкірек тұсымда (солнечном сплетении) аздаған тітіркенулер пайда болып, ол бүкіл тәніме тарайтын. Бұл сезім өте жағымды болды... Сэнсэйдің қасында болмасам да, күнделіктен оқыған сөздері үнемі басымда еді. Мен аурухана палатасындағы ауру, жүйке жұқартар атмосфераны қалай болғанда да өзгерту керек деп шештім, себебі аурулары мен қиын тұрмысы туралы әңгімелерін естіген сау адамның өзі тез қисайып қалатын еді. Анамның жанында болған кезде мектеп өмірінен бастап, әдебиеттегі ең күлкілі оқиғаларға дейін айтуға тырыстым. Бірақ бұл әдіс тиімді болмады, себебі әйел адамдардың бар ойы өздерінің мәселелерінде еді. Бірде Ленамен әңгімелесіп отырып, Сэнсэйден естігендерімді, жақсы жаман ойлар туралы, рухтың шын болмысы мен өзіміздің өміріміз туралы айта бастадым. Айтпақшы бұған анам қатты таңғалды. Таңғаларлығы, әйел адамдар сөзіме құлақ аса бастады. Және Сэнсэйдің сөзін жалпылай емес, жеке әрқайсысына қатысы бар уағыздай тыңдады. Анам мен кеткеннен кейін айтылған сөздерді ұзақ талқылағанын, өздерінің өмірден алған тәжірибелеріне сүйеніп, мәніне ойланғандарын айтты. Таңғаларлық жағдай, менің бір апта бойы айтқан әңгімелерімнен кейін күтпеген нәтижелер пайда бола бастады. Бәрінен қатты қайғыға батқан Валентина Федоровна, өз өмірін мықты басқарушы мүлдем басқа адамға айналып шыға келді. Анамның айтуы бойынша осындай әңгімелерден кейін, қатты ойланатын болған. Және шешімінің нәтижесі күткенін де асып түскен. Ол Ленаның күйеуіне өзінің жиһаз жасайтын кооперативіне жақсы айлығы бар ресми директор қызметін ұсынған. Бұл жағдай жас отбасыны ғана емес, тіпті енесін де естен тандырған (шок). Олар Тағдырдың бұл сыйын ұсынған Валентина Федоровнаға қалай алғыс айтарларын білмеген. Ленаның күйеуі тыныш салмақты болғанымен, бірақ өзіне маңызды іс тапсырылған кезде, бойынан жұмысты жақсы басқара алатын талантын ашқан. Енесінің айтуы бойынша ол жұмысқа бар ынта-күшімен кірісіп, тәуліктеп жұмыс жасаған. Осының арқасында жиһаз өндірісі бар-жоғы екі апта ішінде дұрысталып, тіпті алғашқы үлкен табыс та пайда болған. Енесінің бақыттан басы айналып, әп сәтте Ленаға көзқарасы жақсы жаққа өзгерген. Сонымен қатар Валентина Федоровна мемлекеттік мекемеде қарапайым бухгалтер болып жұмыс жасап, мардымсыз жалақы алатын туған сіңілісін, өзінің кооперативіне қомақты айлығы бар бас бухгалтер қылып жұмысқа тұрғызған. Сіңілісі адал, ұқыпты әрі жинақы болғандықтан, тәртіптің болуына кепіл еді. Жалпы айтқанда Валентина Федоровнаның мәселелерді осылай қарапайым әрі ақылды үйлестіргеніне барлығы риза болды. Әсіресе мен. Оның денсаулығы да, бүкіл өмірі де біртіндеп реттеле бастады. Тіпті бұрынғы «достары» да келіп, қолынан келетін қызметтерін ұсынып жатты. Бірақ Валентина Федоровна мүлдем ашусыз олардың қызметіне де, көмегіне де еш мұқтаж емес екендігін түсіндірді. Содан бері палатадағы көңіл-күй біраз жақсарып қалды. Енді әйелдер жиірек күліп, әзілдеп, бір-бірін қолпаштаумен болды. Бұл палатада болу барлығына жағымды еді, тіпті медицина қызметкерлерінің өзі біздің күлегештермен әңгімелесу үшін әдеттегіден ұзағырақ қалатын. Және ең таңғаларлығы палатадағы әйел адамдардың көңіл-күйі ғана жақсарып қоймай, денсаулықтары да тез оңала бастады. Қатты ауырсыну, ең бірінші кезекте, біздің қиялымыздан, жаман ойларымыз бен белгісіздіктен қорқуымыздан болатынын түсіндім. Ол құрт секілді ішімізден мүжіп, тәніміздің ауырғанын еселеп күшейтеді. Әйел адамдар бұдан назарын аударғаннан кейін, тек айналасындағы адамдарға ғана емес, өздеріне де жағымды бола бастады. Олардың байсалды ойлап қана емес, адамдармен қарым-қатынасын дұрыстауға, өмірдің жаңа талаптарына бейімделуге мүмкіндіктері болды. Бұл ашылған жаңалық мені қатты таңғалдырды, себебі қайғыға ұшыраған әйелдерге, Сэнсэйдің айтқан сөздері, олардың ойлары мен сезімдеріне осыншама революция жасайды деп тіпті күтпеген едім. Шынында да бір ғана адамның жақсы ойы, бірнеше адамның тағдырына бақыт пен байлық әкелген оқиғалардың толық тізбегін тудырды. Бұл Сэнсэйдің ойымыздың қаншалықты мықты екендігін және олардың бізге, біздің тағдырымызға қаншалықты әсер ететіндігі туралы сөздерінің дұрыс екеніндігіне менің тағы бір мәрте көзімді жеткізді. Және тағы бір байқағаным палатада «Лотос гүлі» медитациясын жасау анағұрлым жеңіл бола бастады. Мен барымша күн сайын өсіп келе жатқан оптимизмнің рухын қолдауға тырыстым. Кітапханадан әзілді әңгімелері мен соңы жақсылықпен бітетін ұлы классиктердің кітаптарын алдым. Әйел адамдар оны қуана оқып, бір-бірлеріне толғанысты сәттерін айтты. Және Сэнсэйдің айтқан көптеген сөздері, әр дәуір классиктерінің шығармаларында да өз растауын тауып жатты. Осы кезде мен Сэнсэйдің шыныменде әуел бастан адамзаттың барлығына белгілі, мәңгілік ақиқаттар туралы айтқанын ұғындым. Және Сэнсэй осының барлығын қарапайым әрі анық түсіндірді. Тағы да бір қызықты сәт менің есімде қалды. Жиырма жыл университетте әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен Анна Ивановна бұл шығармалардың көбісін жатқа біледі екен. Бірақ оның айтуы бойынша тек қазір ғана осы кітаптарды ерекше ынтамен оқып, мүлдем басқаша қабылдаған. Ол өзі үшін, рухы үшін, кейінірек, бұрын-соңды мүлдем назар аудармаған кітаптардан қызықты жаңалық ашқанын мойындады. Кей кездері біздің кітап оқуымыз толық әдеби кештерге айналды. Таңғаларлығы, әйел адамдарға Сэнсэйдің ойларымызды бақылауда ұстау теориясын айтқанымда, сөздерімді ерекше ынтамен тыңдады. Бастапқыда мен ұялатынмын, себебі өмір туралы қойған сұрақтарына жауап бере алмай қалатынмын. Бірақ үйде күнделігімнің беттерін ақтарып, менің ойымша сұрақтарына аз да болса келетін Сэнсэйдің сөздерін тауып отырдым. Біртүрлі болсада әйел адамдар өздерінің өмір тәжірибесіне қарай айтылған сөздерді өздерінше түсінді, және ең бастысы – бұл жауаптар оларды толық дерлік қанағаттандырды. Сондықтан Сэнсэй қасымызда болмаса да, біздер қайта-қайта оралатын оның терең ойлары арқылы әрқашан жанымызда болғандай еді. Жаңа жыл жақындап келеді. Әйел адамдар өздері үшін палатада мереке ұйымдастыруды шешті. Әкем барлық сұрақтарды бас дәрігермен шешіп берді. Біздер үлкен емес, бірақ тірі шыршаны орнатып, әртүрлі ойыншықтармен безендіріп, күлкі үшін шприцтар мен тамызғы құрылғыларымен (капельница) де безендірдік. Сонымен біздің отбасымыз Жаңа жылды анамның палатасында, ондағы әйелдермен олардың жақындары және туыстарымен бірге қарсы алды. Көңілді болғаны соншалықты, барлығы бір-бірлеріне жақсы қарап, маған үлкен тату отбасы жиналғандай көрінді. Менің жадымда Ленаның енесі айтқан қызықты тілек қалып қойды: – Жаңа жылды қалай қарсы алсаңыз, жыл бойы солай болады деп айтпаушы ма еді. Және ауруханада қарсы алып жатқанымызға қарамастан, ең бастысы – осындай керемет адамдармен бірге қарсы алудамыз. Менің ұлыммен болған барлық бақытсыздықтардың осылай жақсы аяқталғанына Құдайға шүкіршілік айтамын. Сізге үлкен рахмет құрметті Валентина Федоровна, сіздің мейірімді әрі сезімтал жүрегіңіз үшін. Егер сіз болмағанда біздер бұл қорқыныштан ешқашан құтыла алмас едік. Ендеше сіз үшін, осы ерекше жерде бізді қосқан болжай алмайтын Тағдырымыз үшін көтерейік. Сіздің денсаулығыңыз үшін! Бұл кеште жақсы әрі әдемі сөздер көп айтылды. Ал түнгі сағат екі шамасында, біздерге тіпті жұбайымен қонақтан келе жатырған бас дәрігердің өзі келіп қосылды. Бірақ кейін түсінгенімдей, біздерге қарағанда әкеммен көбірек сөйлесу қызықтырған секілді... Масайған әйелдер бір-бірлеріне ішкі жан дүниесін ақтара бастады. Мені осы кезде, Валентина Федоровнаның өмірлік маңызды шешім қабылдау сәті туралы айтқаны қатты таңғалдырды. – Қыздар білесіздер ме, менімен болған осы жағдайды, осы ластықтан қалай шығуды ұзақ ойландым. Бір күні осындай ауыр ойлардан кейін мен біртүрлі түс көрдім. Маған әдемі, аққұба шашы иығына төгілген жас жігіт жатын төсегіме келіп, әдемі әуенді даусымен: «Сен не үшін қиналасың? Айналаңа қарашы, қандай адамдар жүр. Олардың тек жақсы жағын көрген кезде, сенің қиын мәселелерің жоғалады», - деді. Осы түстен кейін мүлдем басқа көзбен тұрғандаймын. Мен ойлана бастадым. Шыныменде артынан белгілі болғандай, осы жерде тапқан адамдарым менің өндірісімді көтеруге ең жақсы кандидаттар болып шықты. Бұдан жақсысын таба алмайсың. Дегенмен, шынымды айтсам, басында күмәным болған. Себебі қанша дегенмен бұл үлкен тәуекел. Бірақ осы түс есіме келіп, түпкілікті шешім қабылдауға бір күш итермелегендей... Құдайы үшін қыздар, бұл – шын ақиқат! – деп шоқынды. – Сенесіздер ме, менің де түсіме аққұба жігіт енді! - деді Анна Ивановна. – Тек сіздерге айтуға ұялғанмын. Ол маған жағымды даусымен бірнәрселер айтқан. Бірақ таңертең айтқан сөздерінің ешқайсысын есіме түсіре алмадым. Тек осыдан кейін жаным жәй тапқандай болды. Бұл тыныштық күйін әлі де өзімнен сезінемін. Бұл нені білдіреді екен? – Бұл біздерге аспандағы періштелердің көмектескені, - деді Құдайға сыйынған енесі. – Олар сіздерге, қымбаттыларым, дұрыс жолды көрсетуде... Әрі қарай шіркеу ілімінің толық уағызы басталды. Бірақ бұл жағдай мені қатты қызықтырды. Үйге келе сала ең бірінші осыны күнделігіме жаздым. 27 Жаңа жыл мерекелерінен кейін көп ұзамай, анамның жағдайы анағұрлым жақсарып, ауруханадан шығарды. Әйел адамдармен қоштасуы өте жылы болды. Олар да ауруханадан шығуға дайындалып жатты. Бұл күндері менің бос уақытым көбейіп, жаттығуға баруды шештім. Бірақ достарым Сэнсэйдің бір жаққа бірнеше аптаға іс-сапарға кеткенін айтты. Солай біздің кездесуіміз белгісіз уақытқа шегерілді, себебі үш күннен кейін анам екеуміз Мәскеуге ұшып кеттік. Жолға өз күнделігімді ала шықтым. Анам ұшақта ұйықтап жатқан кезде күнделігімді тағы бір мәрте қарадым. Әрине алдағы болатын нәрсеге қатты қобалжыдым, бірақ Сэнсэйдің сөздері жүрегімді жылытып, өмір бальзамы секілді жанымды тыныштандырды. Әуежайдан Витя көкем жақсы жаңалықпен, бізді қолдауға Сібірден атамыздың келгенін айтып күтіп алды. Атам шын мәнінде, барлық туысқандар арасында ең құрметті де сыйлы әрі дана адам еді. Туысқандарымыздың ішінен оның келуі мен үшін мәртебе болды. Атамның маған соншалықты қамқорлықпен қарағаны ұнады, себебі оның жасында ұшақпен болсада бес мың километрді артқа тастап келу оңай емес еді. Атаммен қуанышты қауышу минуттары өткеннен кейін, дәстүрлі дастархан басына жиналдық. Анам біздің отбасымызға түскен барлық бақытсыздықты айтты. Олар мәселелерді әлі ұзақ талқылады, ал мен жолдан қатты шаршап, ұйықтауға кеттім. Өйткені ертең ауыр күн күтіп тұр еді. Кешкісін күнделігімді қайталап оқып отырғанымда есік қағылды. Бұл атам еді. Қасыма отырып, әртүрлі ұсақ-түйектерді сұрай бастады. Әңгімеміз біртіндеп маңызды тақырыптарға ауысты. Атам мені алдағы болатын жағдайға жұбатуға тырысты. Қайта тексерудің нәтижесі қандай болмасын, еш көңіліңді түсірудің қажеті жоқ деп айтты. Себебі қандай қиын жағдайға түссе де көптеген адамдар, өздерінің ерік-жігері мен күшін жоғалтпай соңына дейін күресіп, осының арқасында жеңімпаз болып шыққан. Атам өзінің майдандағы өмірін тапқыр мысалдарымен келтіре бастады. Ал сөздері сенімді болу үшін, өзінің сүйікті: «Бойыңда өмір жылуы бар кезде, үміттің де шырағы жағулы» (Пока жизнь в тебе теплится, надежда еще светится) деген өзінің сүйікті мәтелін айтты... Осы уақыт бойы атамды тыныш әрі мұқият тыңдадым. Ал сөзін аяқтап болған кезде, шын жүрегіммен ойлайтынымды және ішкі жан-дүниеммен сезінетінімді айтып жауап бердім. Сэнсэйдің ілімінің арқасында ішкі жан- дүниемде қалыптасқан, өзімнің бір бөлшегіме айналған өмірге деген көзқарасымды айттым. Атам естіген қарапайым ақиқатқа таңғалғаны соншалықты өлімнен шыныменде қорықпайтынымды қайталап сұрады. – Әрине, - деп салмақты жауап бердім. – Мен үшін өлім – жай ғана жағдайдың өзгеруі, бір күйден екінші күйге өту. Сізбен туыстарыммен әрқашан бірге болатынымды білемін, себебі Махаббат менде, менің рухымда. Қай жерде болмасын, қандай күйде болсамда, мен және менің Махаббатым – мәңгілік... Өмірімде осы сезімді бәрінен жоғары бағалай бастадым. Себебі мағынасыз сүрген жылдарыңнан, қас-қағым сәттеріңнің сапасы анағұрлым маңыздырақ. Бұл сөздерім атамның кейбір сезімдеріне әсер еткен секілді, себебі оның ішкі жан-дүниесі тебіреніп кетті. Және кез-келген адам, тіпті жаужүрек менің атам да өлімнен қорқады деп ойладым. Әрине оның өлімнен кейін болатын белгісіздіктен қорқуы белгілі. Бірақ ол бұл туралы ешкімге айтпады... Атам біраз ойланып, кейін: «Иә шыныменде даналық – адам жасының емес, рухының байлығы шығар», - деді (Да, наверное, все-таки мудрость – это достояние души, а не возраста). Келесі күні атамнан өзгерістер байқадым. Ол жылдап мазалаған сұрақтарына жауап тапқандай, көңілді әрі жақсы көрінді. Барлығымыз бірге клиникаға беттедік... Мені бір аптаға жуық тексерді, рентген, түрлі сынамалар алды. Ақыры белгіленген күні анамыз екеуміз профессордың, жасы келген жағымды ер адамның алдына келдік. Бірақ ол бізді аздап шатасқан күйде қарсы алды. Оған қарап, тәнімнің өмір сүруіне мүлдем аз қалды деп ойладым. Ауыр үзіліс пайда болды. – Сіз білесіз бе, - деп менің тексеріс қорытындыларымды қарап отырып сөзін бастады. – Мен ешнәрсе түсінбей тұрмын. Маған әкелінген қыркүйек айындағы медициналық түсірілім суреттерінде анық патология, ісік біртіндеп дами бастаған. Ал қазіргі көріп отырғанымда бәрі таза. Мен тіпті қайтадан түсірілім жасаңдар деп ескертіп қойдым... Немесе бірінші түсірілімдегі қате, әрине олай болу мүмкіндігі аз, себебі құжаттама бойынша, қызды бірнеше рет тексеруден өткізген. Немесе... не ойлау керектігін де білмей тұрмын. Маған бұрылып, профессор: – Соңғы бас ауруы сенде қашан болды? – деп сұрады. – Менде?... Енді, - деп есіме барынша түсіре бастадым. – Мүмкін қазан айларында сияқты, нақты білмеймін. Ал кейін... – деп иығымды көтердім. Шыныменде, басымның соңғы рет қашан ауырғанын мүлдем ұмытып кетіппін. Оқиғаларға толы өткен айларда, әсіресе анаммен болған жағдай өзімді де, өзімнің ауруымды да ұмыттырып жіберді. Ол кезде маған ең маңызды нәрсе – рухани сабағым (практикам) және анама қамқорлық еді. – Біртүрлі... Өте біртүрлі, - деді дәрігер. – Біздің медициналық түсірілімдер бойынша қыздың денсаулығы өте жақсы. Егер ескі медициналық суреттерге қарасақ, оны қазір жоқ дегенде төсек тартқан күйінде жеткізер еді... Дәрігерлер ұсынғаннан басқа қандай да бір жолмен емделдіңіз бе? – деп профессор анық қызығушылықпен сұрады. – Жоға, - деп қобалжыған анам жауап берді. – Бізге нені жазып берсе, соны жасадық. – Бірақ әріптестерімнің тағайындағаны рак клеткаларының өсуін бәсеңдеткенімен, оларды толығымен жоя алмайды ... Парадоксально! Бұл менің көп жылдық тәжірибемдегі алғашқы осындай қайталанбас ерекше жағдай... Шамасы бұл жерде Құдайдың көмегінсіз болмаған-ау, - деп менің медициналық түсірілімдерімді, талдау деректерімді қарады. – Сонымен, - деп анам қорқаншақтап, естіген сөздеріне сенбей, - диагноз расталмады ма? – деп сұрады. Профессор алаңдап, анама таңдана қарады да: – Әрине, сіздің қызыңыздың денсаулығы өте сау! Анам тағы да бір минут орындыққа жабысып отырды. Ал кейін профессордың жауабы толық жеткен кезде, алғысын білдіріп, қолын алуға асықты. Дәрігер құдды бір қанаты бар періштедей. Менде бақытты едім. Бірақ анамнан айырмашылығым, менің құтқарушы-періштемнің кім екенін ішкі жан-дүниеммен анық білдім. Бұл қорытындыма тіпті санамда қарсы болмады. Санамды тек сол кезде жалғыз сұрақ қана мазалады: Сэнсэй МҰНЫ қалай жасады? Осындай жаңалықтан кейін, біздер клиникадан жай емес, «ұшып» шыққандай болдық. Төменде бізді туыстарымыз бен атам күтіп тұрды. Олардың қуаныштарында шек болмады. Анам тіпті шоқынып, Құдайға шүкіршілік етті. Және бұл мені таңғалдырды. Мен өмірімде бірінші рет, коммунизм мен атеизм идиологиясында тәрбиеленген, майор шеніндегі офицер анамның осылай жасағанын көрдім. Кез-келген адам, кім болмасын ол бірінші кезекте өзінің қорқынышы, қайғысы мен ұлы жоғары күшке сенімі бар жай ғана адам болып қалады деп ойладым. Біздер тағы бір апта бойы «екінші рет туылғанымды» тойлаумен болдық. Осы күндердің барлығында қуаныш пен таңғалыс сезімдері және бір ғана сұрақ күнделік беттерін толтырды. «Сэнсэй мұны қалай жасады? Неліктен менің өмірім қатты өзгерді? Бұл оның қатысуымен болғандықтан ба? Ол шынымен де кім? Мен оны бұрын қайдан білдім?» Бір сұрағым басқа сұрақтар тізбегін тудырды. Бірақ мен Мәскеуден, осы сұрақтардың жауабын табуға бірнеше жыл уақытым кетсе де, барлығын соңына дейін білемін деген мықты ниетпен кеттім. 28 Үйде алдымен достарымнан жаттығудың қашан болатынын сұрап алдым. Жаттығу бүгін кешке болатын болып шықты. Біздер балалармен әдеттегідей уақытта трамвай аялдамасында кездесеміз деп келістік. Жаттығуға өзімнің барлық медициналық түсірілімдерім мен анықтамаларымды алып, белгіленген сағатты асыға күттім. Достарым мені қатты қуанышпен және көптеген жаңалықтарымен қарсы алды. Ал трамвай келген кезде олар мені әрең ұстады. – Енді біздер басқа трамвай жолымен жүреміз, - деді күлген Татьяна. – Қалай?! – Тосын сый! – деп барлығы хормен айқайлады. – Біздер енді басқа жаттығу залына көштік, - деп Андрей мақтанышпен айтты. – Анағұрлым жақсырақ, әрі ыңғайлы, айнасымен. Және екі есе жақын жерде орналасқан. – Керемет жаңалық! - деп таңғалдым. Жол бойы мен жіберіп алған біраз қызықтарды айтумен болдық. Олар мені асқазаным ауырып, медициналық сауықтыру орталығында ем алды деп ойлады. Андрей Костямен жағалысып жаттығудағы жаңалықтарды, Сэнсэйдің кезекті ерекше демонстрацияларын, рухани сабақта айтқан ерекше философиясы туралы айтып берді. Татьяна мен Слава өздерінің алған керемет әсерлерімен толықтырды. Олардың айтқандарын мұқият тыңдап, осы оқиғаларда болмағаныма қатты өкіндім. Бірақ екінші жағынан менің бар өмірім әлі алда. Соңғы аялдамаға жеткен кезде, үлкен ғимаратты, мәдениет сарайын көрдім. Дегенмен жергілікті тұрғындар оны жай ғана клуб деп атады. Онда кинотеатр, әртүрлі үйірмелерге арналған көптеген бөлмелер, қабырғасы толық айнамен қапталған жақсы жаттығу залы бар екен. – Керемет! Енді қалағаныңша «маймылша қозғалуға» болады, - деп айнадан өзімнің көптеген бейнемді көріп әзілдедім. Жігіттермен бірге жаттығу залына Сэнсэй де кірді. Ол біздермен, оның ішінде менімен де жылы амандасты. Амандаса қолын ұстап, ішімдегі сұрақпен көзіне қарадым: «Қалай?». Мен жай ғана сеніп қойған жоқпын, ауруымнан құлан таза айығуым – Сэнсэйдің жұмысы екенін, профессор айтпақшы «Құдайдың араласуымен», жоғарғы құдіретті күштердің араласуымен болғанын білдім. Бірақ Ол осыншалықты аз уақыт ішінде мұны қалай жасады? Неліктен ауру осыншалықты тез жоғалып кетті? Бойымды ризашылық сезімі басып кетті. Бірақ рахметімді тек көзіммен ғана айта алдым, себебі қасымызда қызығушы көздер көп еді. Балалар киім ауыстыру бөлмесіне кеткен кезде, бар батылдығымды жинап, Сэнсэймен оңаша сөйлесуге беттедім. Және Сэнсэй оңай келісе кетті. Біздер есік алдына шығып, мен оған медициналық анықтамаларымды көрсетіп, Мәскеудегі оқиғалар туралы айта бастадым. Бойыма тұнған сезімді жеткізуге тырыстым. Бірақ қатты толқығанымнан, алғыс айтатын сөздерімді байланыстыра алмай, үзінділері ғана жетті. Игорь Михайлович барлық медициналық түсірілімдерімді кәсіби дәрігерше қимылымен қарап, және құжаттармен танысып болғасын мейірімді даусымен: – Сен ризасың ба? - деп сұрады. – Өте! Ризамын деп айтқаннан да үлкен. – Ендеше жақсы болды. Бұл ең бастысы. – Мен әлі де түсінбей тұрмын. Бұл ауру ешқашан болмағандай сезімдемін... Бірақ бұрынғы медициналық түсірілімдер, дәрігерлердің дәйегі, медициналық анықтамалар, - деп шатасқан күйде айттым. Сэнсэй күлімдеп: – Білесің бе, «Құжатта болмаған нәрсе, өмірде де жоқ», - деген латын мақалы бар, - деді. – Жоқ, мен шын айтып тұрмын. Сіздің жасағаныңызды нақты білемін? Бірақ қалай? Және неліктен тез уақытта? – Енді сенде қатырасың, - деп Сэнсэй күлді. – Белгілі бір әрекет арқылы шыныменде сауығып кеткеніңе сенуің үшін, миыңды ашып, бір бөлігін кесіп алып немесе дәрі-дәрмекпен толтыру керек деп ойлаймысың?! Бірақ кез- келген әрекет ең алдымен біздің қалыптасқан ойымыздан туады... Сенің стигматиктер туралы естуің барма? – Таныс сөздер сияқты... – Стигматиктер – терең сенімге берілген адамдар, санаулы минуттар ішінде Иса пайғамбарды ағашқа шегелегеніндей, дене тұстарынан, қолдары мен аяқтарынан қан ағатын жаралар пайда болады. Және үш күннен кейін бұл жаралардың орны да қалмай жоғалады. Ал сенуші кейбір стигматиктер арасында жарадан бөлек, тәндерінде тіпті шеге де пайда болады. Және бұл шегелерді талдауға алып, жай ғана тері мен еттен емес, екі мың жыл бұрын шеге дайындаған материалға ұқсас екендігін дәлелдеген... Сенім шыныменде кереметтер жасайды. Және кімге сенетініне қарамастан шын сенімі бар адамға мүмкін емес еш нәрсе жоқ... Ал сен неліктен осынша тез деп сұрайсың? – Мен өзімді сенімі бар адам деп айта алмас едім. Ал терең сенімді тіпті айтпай-ақ қойса да болады... Бірақ мен бұған шыныменде сенгенім (ұлы күштерге), сіз... (осы кезде Сізге сендім деп айтуға шақ қалдым) тек Мәскеуде профессордың сөзінен кейін, денсаулығым өте жақсы болғанын расталғаннан кейін ғана болды. Яғни барлығы болғаннан кейін. – Барлығы әлдеқайда оңай. Егер адам өзінің сауығатынына терең сене алмаса, онда басқа рухани жағынан дамыған адам оған сенсе болады. Және сол кезде нәтижесі барлық күткенінен де асып түседі. – Яғни, осылайша кез-келген ауруды жеңуге болады ма? – Абсолютті болады. – Ал ол үшін не істеу керек? – Жай ғана шын жүрегіңмен сену және дұрыс ойлау. Бірақ сенімің терең, Махабатпен, жақсы ойлармен болуы керек. Және «аурудан жазылғым келеді» деп емес, сау адамның позициясынан ойлауың керек. Сол кезде адам бәрібір өзіне осы нақтылғанған ойы арқылы, өзінше бір «жүз пайыздық денсаулық матрицасын» құрады деп айтуға болады. Біздің сеніміміздің арқасында, бұл матрица түпсанада сақталады... Осы матрицаның арқасында, дені сау схемасы бойынша ағза өзінің функцияларын физикалық деңгейде қалпына келтіре бастайды, себебі ол тек түпсанадан келген бұйрықты орындайды. Бәрі қарапайым. – Ендеше өз сеніміңмен басқа адамды ауруынан айықтыруға болады ма? – Болады. Тек осы «матрица», дұрысырақ айтсақ голограмма, дені сау бейнесі бір адамнан екінші адамға ойша беріледі... – Және мұны қатты-қатты сенген кез-келген адам жасай алады ма? – Әрине... Мен саған біздің Володямен болған жағдайды айтып бере аламын. Бірақ тек саған ғана айтамын, себебі сен өзің осыны бастан кешірдің. Тек ескертемін бұл туралы ешкімге айтушы болма. Қаласаң Володяның өзінен жаймен сұрап көр, тек ешкім естімесін... Оның әкесі Чернобыль Атом Электр Станциясы апатын жоюда болған. Оған дейін асқазаны ауырып гастрит деп ойлаған. Ал ол жерден қайтқан кезде жағдайы мүлдем ауырлап кеткен. Дәрігерлердің барлығы бірауыздан – асқазандағы рак деген диагноз қойған. Әрине жедел ота жасау қажет болды. Сол күні кешкісін Володя келіп, менен қалай алдын-алуға болатынын сұрады. Мен осы техника туралы айттым. Ол тынышталып, басындағы артық ойларды алып және қате кеткенін, әкесінің денсаулығы өте сау және барлығы жақсы екенін ойша ойлап Құдайға шүкіршілік етті (немесе рахмет айтты). Володя өзінің жасаған күнәларына, әкесінің күнәларына, бар жасаған істері үшін кешірім сұрады. Ол тәубесіне келіп және онымен бірге Құдайға шүкіршілік етті. – Кешіріңіз, адам шыныменде Құдай алдында күнәһар ма? – Енді саған қалай айтсам екен, шындап келгенде адам тек өзінің алдында, өзінің рухының алдында ғана күнәһар... Мәні неде: бізге бала кезден күнәһарлық сезімі түпсанамызда қалана бастайды. Олар біздер қандай дінде болмасақта Құдай алдындағы күнәһар екенімізді миымызға сендірумен болады. Ешқайсымыз Құдай алдында кінәлі емеспіз! Біздер өз алдымызда ғана кінәліміз. Құдай, Ол тек мейірімділік жасайды. Бірақ біздер өз-өзімізді батпаққа итермелейміз. Міне сол кезде біз өзіміздің хайуан екінімізді мойындап, батпаққа батқан күйі Құдайдан кешірім сұраймыз. Біз Оның бар екенін, Оның құдіретін мойындап және ең бастысы Махаббат пен жақсылыққа қарай бұрыла бастаймыз... Сонымен Володя осы техниканы бірнеше күн жатар алдында, ұйқыдан тұрған кезде, қолы босаған кез-келген минутта жасай бастайды. Ол дұғасын өте терең сеніммен, жақын адамына деген үлкен Махаббатымен айтқан. Оның айтуы бойынша мұндай ішкі жан-дүниесінің күйін, ол ешқашан басынан өткеріп көрмеген. Дегенмен Володя өзінің рухани бағытына сәйкес медитациямен бұрыннан айналысады... Енді ең таңғаларлығы. Біздің әңгімемізден жеті күн өткеннен кейін, жетінші күні екенін тағы да қайталаймын, әкесіне «ота жасаған» кезде ешқандай ісікті таппаған. Қайтадан тігіп, үйіне жіберген. Диагнозы расталмай, дәрігерлердің қателігі деп санаған. Әкесі әлі күнге дейін тірі және өзін жақсы сезінеді. Жастармен бірдей жұмыс жасайды... Дегенмен бұл үлкен кісі өмір бойы ешкімге сенбеген, тек өзіне, өзінің күшіне иек артқан... Терең сенімнің күшін көрсететін міне саған шынайы өмірден алынған мысал. Сэнсэй кішкене үнсіздіктен кейін: – Сенім – бұл жай ғана сөз емес, адамның өзі тудыратын ішкі орасан зор қуаты. Ол біз айтқан «Лотос гүліндегі» құдайы Махаббат күшімен біріксе, «мүмкін емес» нәрселерді жасайтын орасан құдіретті күшке айналады. Дегенмен «ғажайып», «мүмкін емес» деген сөздер, ол жай ғана адамдардың сөздері. Себебі, Шамбала ғылымында қазіргі адамзат әлі танып үлгермеген табиғаттың шын заңдылықтарымен түсіндіріледі. Ойдан туған сенім мен Махаббат күші – әлімсақтан адам болмысында бар күштер. Және бұл оның екі аяқты хайуаннан ерекшелігі. Сондықтан адамзат тарихындағы барша ұлы Ұстаздар адамдарға қабылдау деңгейіне қарай ілім беріп, Сенім мен Махаббатқа шақырды. Ең болмаса Исаның мына сөзін есіңе түсірші: «Егер сізде бидайдың дәніндей сеніміңіз болса, тауға: «Мына жерден ана жерге көш», - деп айтыңыз, және ол көшеді. Және сіз үшін мүмкін емес еш нәрсе болмайды». Және бұл жай ғана сөздер емес, тыңдай алатындар үшін нағыз білім: «Естігісі келген адам естиді». – Қызықты. Бірақ орасан күш табиғи заңдылықтармен түсіндірілетін болса, демек, менің түсінгенімше, белгілі бір формулалар болуы керек. Сэнсэй күлімдеді: – Сөзсіз, формулалар бар... Бірақ бұл формулалар арқылы ілімді беруге адамдар әлі дайын емес, себебі адамдардың көпшілігінің ойларында хайуани негіздері басым... Бірақ, шын мәнінде, бұл күштің нақты бар екенін дәлелдеу - бұл ғаламның заңдылықтарын ашу, Құдайдың бар екендігі туралы шындықты ашу... Тіпті көптеген шектеулі мүмкіндігі бар «соқыр» адам сенімінің өзі көп нәрсені істей алады. Ал шынайы сенім шексіз мүмкіндіктерге жол ашады. Ол ғаламшарларды (планета) жылжытып қана қоймай, жалғыз-ақ ойының күшімен көптеген әлемдерді жасап (құрып), жойып, басқара алады. – Иә... Мұндай орасан зор күшпен жай ғана ойлау арқылы денсаулықты дұрыстауға болатын шығар! – деп, мүлдем басқа жаңа ой әлемін ашқандай таңғала сөйледім. – Өте дұрыс айтасың. Осы кезде, мені кезінде қатты таңқалдырған Исаның ауруларды ғажайып емдеулері есіме түсті. Және мен кенеттен түсінгендеймін: – Демек Иса өзінің жақсы ойларымен ғана адамдарды емдеп жазған! Ал мен бұрын осының барлығын ертегі деп санаушы едім. Сэнсэй күліп: – Иә, иә, иә... Сондықтан да ол: «Сізге сеніміңізге қарай беріледі» (По вере вашей, да будет вам) деп айтқан... Иса өзінің күшімен дені сау голограмма ғана құрған, ал адам оны өзінің «соқыр» сенімі арқылы ұстаған. Және адамның сенімі қаншалықты күшті болса, голограмманы соншалықты түпсанасында ұстаған. Мен кішкене ойланып, кейін: – Неліктен бұл туралы ешкімге айтуға болмайды? – деп сұрадым. – Білесің бе, адам басқа адамға айту арқылы өзіне сол адамның қайтарған жауаптары мен ойлары арқылы өзінің түпсанасына күмән дәнін қалай еккенін байқамай да қалады. Және бұл жаман күш біртіндеп өсіп, «ой паразиттері» арқылы логикасымен санаңды жаулап алады. Ол өзінің қоршаған әлем туралы аздаған білімін негізге ала отырып, өзінің жұпыны білім қорынан түсіндірмелерді іздеп, қандай да бір ақылды ой қорытындылауға тырысады. Бұл жағдайды «ақылды ой» (здравый смысл) – адамның сеніміне, рухани дамуына бірінші жау, себебі күмән мен жаман ойдың, жаман көңіл-күйдің өсуіне құнарлы жер секілді. Бұл жағдайда Құдай мен ақылды ой (здравый смысл) екеуі екі бөлек түсінік... Осылайша сананың соғыс алаңында адамның денсаулық матрицасымен қоректенген «соқыр» сенімін, күмәндану мен логиканың жаман күші құртып, жеңіске жетеді. Және ауру қайтадан оралады. Сондықтан егер сенің рухани білімің мықты болмаса, саған осыншалықты денсаулықты сыйлағанына Құдайға Махаббатпен шүкіршілік етіп жай ғана сенуің керек. Және сауығуың туралы ешкімге айтпауың керек. Тек сол кезде ғана Махаббат күшімен құрған денсаулық голограммасын, үлкен қарттық шағыңа дейін сақтауға болады... Осы сәтте жаттығу залынан Виктор шықты да, Сэнсэйді көріп жаттығуды бастауға рұқсат сұрады. – Иә, әрине, - деп жауап берді Сэнсэй. Біздер өзіміздің командаға қосылуға асықтық. Бүкіл жаттығу бойы Сэнсэймен әңгімеміз туралы ғана ойладым. Мені осы қарапайым шындықтар қатты таңғалдырды. Осылар туралы бұрындары да ұлылардың сөздерін оқығанмын. Бірақ тек оқыдым, терең түсінгенім жоқ. Мыңжылдықтан бері бар нәрсеге Сэнсэй менің көзімді ашқандай. Бұл тақырыпқа қатты құмарта, үйдегі кітапханамды түгел ақтарып, Исаның ғажайып емдеулері туралы жазылған Інжіл (Библия) үзінділері бар журналды тауып алдым. Бірақ барлығын менімен осыншалықты қысқа уақыт ішінде болған ерекше оқиғалардың шыңында, мүлдем басқа көзбен, мүлдем басқа ойлармын оқи бастадым. Осылайша маған біртіндеп, жаңа әлем, құдіретті Ой күшімен болған әлем ашыла бастады. 29 Балалармен бірге рухани сабаққа бара жатқан кезде, олардың сөздері өзгере бастағанын байқадым. Оларда жақсы сөздер, жағымды сәттер, ақылды ойлар көбейе бастаған. Олар тіпті бұрын әңгімелерінде көп қолданатын паразит сөздерден де бірігіп арылуға шешім қабылдаған. Ол үшін егер біреуі жаман сөздер «айтып қойса», онда барлығына самса немесе бәліш алып береді деп келіскен. Менің өзімде бір-екі рет осылай «айыппұл алғасын», айтқан сөздерімді және ең бірінші ойларымды мұқият қадағалай бастадым. Біздің алаңға апаратын қара жолды кішкентай, бірақ қары нығыздалған жол басыпты. Алаңда Володя, Стас, Женя, Сэнсэй және Николай Андреевич тұрды. Бізде «күшті топқа» қосылып, біздердің келуімізбен үзілген әңгіменің жалғасын естідік. – ... бірақ гипнозды өз тәжірибемізде қолдана отырып, біз оның сананы өшіретінін және түпсанамен тікелей жұмыс жасайтынын білдік, - деді психотерапевт зор ынтамен. – Және түпсанада нақты білім жоқ деген қорытындыға келдік. Ол барлығын тура қабылдайды: өмірі ән айтпаған адамға әнші деп сендірсек, ол ән айтады, жуаны тәтті алма деп берсек, ол тітіркенбестен жуаны жей бастайды және тағы басқа. Біздер тіпті астанадағы әріптестеріміздің гипноз жағдайындағы тітіркендіргіштерге, адамның ми қабаты жасушаларының тежелуінен қан-тамырлар жүйесінің реакциясы тәжірибесін қайталап та көрдік. Сомнамбул қолын ыстық су (+650С) құйылған колбаға малтып, қоңыраудың қатты дыбысын шығардық. Бірақ қол тамырларынан ешқандай тітіркену мен реакция байқамадық. Плетизмограмма деңгейі де еш өзгерген жоқ. Ал тәжірибедегі гипноздалған адам тітіркендіргіштерге еш реакция бермегенін, еш нәрсе сезбегенін айтты. Оның шын айтқанын мимикасы да дәлелдеді. Немесе біздер оны өздігінен пайда болуы мүмкін емес осындай соматикалық құбылыстармен сендірдік. Мысалы, қарапайыман бір жапырақ қағазды – қыша деп айттық. Және тері бетіне сол қағазды қойған кезде, сәйкесінше терінің қызаруы пайда болды... Демек гипноз күйінде адам біздің айтқан барлық, психологиялық бейнелерден тәннің реакциясына дейінгі бұйрығымызды тура орындап отырды. – Өте дұрыс айтасың, - деп жауап берді Сэнсэй, - сондықтан да гипноз – адамның бойындағы хайуани негізінің өзінің толық көлемде көрінуі, себебі бұл ақылдан «ажырау» және рухымен байланысын өшіру. Гипноз – жай ғана түпсананың функциясы. Адам шындығында кім болса, гипнозда соған айналады. Бойын толық хайуани негізі билесе – зомбиға, яғни бір кесек етке айналады. Бұл туралы Омар Хайям «бір қапшық сүйек, сіңір мен қанды шырыш» деп дұрыс айтқан. – Ал зомбилар деген кім? – деп Татьяна сұрады. – «Зомби» деп африка тайпаларындағы есірткілік заттар мен арнайы психикалық әсер етулердің арқасында санасы арнайы бағдарланған адамдарды айтады: олар көсемінің кез-келген сөзін орындап, тіпті өзінде, туған анасын, өз баласын да өлтіруге еш тайынбайды... Қысқасы «зомби» дегеніміз – тәнінен ақылы мен рухы «шығарылған» немесе «ажыратылған» адам, - деп Сэнсэй Николай Андреевичке қарап айтты. Сөзін жалғастырып: – Гипноз – бұл тұлғаны «бұзу», бұл агрессия, бұл құлдық. Ол жерден топас, хайуани бағынудан басқа, ешқандай білім таба алмайсыздар. – Сіздің топас хайуани бағыну дегеніңізге келісе алмаймын, - деп Николай Андреевич наразылық танытты. – Менің білуімше, гипноздалған адамның шын «мені» барлық уақытта болып жатқанды бақылауда ұстайды және ол кез- келген уақытта қалпына келе алады. Ал гипноздаушы тек пациенттің өзі бейсаналы (бессознательно) түрде келіскенде ғана әсер ете алады. Көптеген медициналық зерттеулерде жазғандай, қарсыласу механизмдері мен қорғанысы толығымен өшпейді. – Егер шындығында барлығы сіз айтып тұрғандай болса, онда гипноз дамыған елдерде тыңшылық пен барлауға осыншалықты қолданылмас еді. Ең жақсы ақпарат алу техникасы мен адам психикасын бақылауда ұстау туралы барлық ғылыми жаңалықтар, ең бірінші мемлекеттің әскери мүддесі үшін, тек аз ғана бөлігі - бейбіт мақсатта қолданылатынын сіз жақсы білесіз. – Ал жақсы, бірақ гипнозды кез-келген ауруды емдеуге медициналық мақсатта қолдануға болады. Бұл фактіні сіз жоққа шығармайтын боларсыз? – Жоққа шығарамын. Ауру дегеніміз не? Бұл бірінші кезекте ағзаның функциялары мен тіндерінің қатты бұзылуы мүмкін екендігі туралы дабылы (сигнал). Гипнозшы арқылы гипноздалған адамға сендірілген сенімді, артынша адам санасы өз ойына балап, аурудың өзін емес тек оның дабылдарын (сигналын) ғана басады. Және шыныменде адам белгілі бір уақыт өзін елес үмітпен алдап, ауырсынуды сезінбейтін болады. Ал шындығына келгенде ол өзінің жағдайын одан сайын қиындатады, себебі ауру одан сайын күшейіп, түбінде жағдайы нашарлап, ауруы белең алып кетеді. Гипноз арқылы «емделу» – денсаулығың сау болмайды деген сөз. Себебі осылай жеңіл ауру түрлерін «емдеу», басқа одан да ауыр ауру түрлерін тудыруы мүмкін. – Ал емдік әсері пайда болған кезде пациенттерде қалыптасатын әдеттері ше? Жаман әдеттердің кетіп, жақсы әдеттері керісінше қалыптасып еніп, ақылдың да басқаша жұмыс жасай бастайтыны бірнеше рет дәлелденген. Неліктен? Осыны қалай түсіндіресіз? – Барлығы қарапайым. Әдетте гипноз кезінде сана «сенгіш тыңдаушы» күйінде болады. Яғни ол ешқандай талдаусыз барлығын сыртынан қарайды. Гипноз кезінде оған бірнәрсені тыңдауды немесе ұмытуды, болмаса әдеттерін өзгертуді бұйырса, барлығын сол күйінде орындайды. Соңында бұл бұйрықтарды өзінің ойы ретінде қабылдайтын болады... Біздің ақыл-ойымыз жетілмеген, өте жетілмеген. Ал Рухымыз – жетілген (кемел) және оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ адам гипноз күйіне түскен кезде, оның рухы өшіріледі, себебі адам бойында хайуани негізінің үлкен оянуы болады. Әрине рух жеңіліп, санаға әсер ете алмайды. Сондықтан гипноз – адамдар үшін қорқынышты. – Ал егер адамды гипноз арқылы жақсы нәрсеге сендірсе? – Ешқандай мәні жоқ. – Бірақ гипнозға деген сезімталдық әртүрлі деңгей мен әртүрлі формада барлық адамдарға тән нәрсе емес пе. – Әрине, адамдарда рухани және хайуани бастамаларының әртүрлі деңгейінде болуы сияқты табиғи құбылыс. – Бірақ гипноздың ұйқы, медитация кезіндегі сананың өзгерген күйіне ортақ ұқсастықтары бар. Гипноз да миға келетін дабылдардың (сигналдардың) ағынын азайту арқылы болады. Гипноз алдында да субъект бар ойын, назарын белгілі бір қоздырушы сенсорға аударады... – Иә, бірақ сіз сана күйін өзгертудің кез-келген әдісінің басталуына тән сипаттамаларды атадыңыз. Физикалық деңгейде білінетін осы күйдің өтуінен, гипноздың ең басты айырмашылығы. Мен гипнозды «бұйрықтарды қайталау» күйі деп айтар едім. Физиологиялық деңгейде қалай көрінетінін өзіңіз қарап көріңіз. Егер ұйқы және медитациямен салыстыратын болсақ, сол күйге тән оттегі мен көмірқышқыл газының құрамы еш өзгермейді. Сананың басқа күйлеріне қарағанда гипноз, сергек күйге қарағанда ешқандай физиологиялық ауытқусыз өтеді: электроэнцефалограмма толқындары («ми толқындары») сергек жүрген адамнан еш айырмашылықсыз болады және сол сияқты. Яғни, бұл сіздің ғылымыңыздың осы кезеңдегі нақты анықтай алатын фактілері ғана. Ал медитация - бұл сананың мүлдем басқа өзгерген күйі. Тіпті «meditation» терминінің өзі, латын тілінен аударғанда «ойлану» дегенді білдіреді. Медитация күйі, белгілі бір объектіге назарыңды жинақтау немесе керісінше назарыңды толық сейілту арқылы жететін сана күйі. Бұл күйде қабылдау және ойлау процестері тоқтайды, адамның сыртқы әлемнен сезімтал оқшаулануының ерекше түрі жүреді және ішкі жан-дүниесіне, рухани болмысына толық ойы мен назарын жинақтайды. Әрине, физиологиялық деңгейде мидың негізгі интегративті тетіктерінің уақытша тоқтап қалуымен байланысты мұндай ақыл-ой иммобилизациясы адамның нейропсихикалық функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі, сергектік сезімін, ішкі жаңаруды және өмірдің қуанышын қалдырады... Ал гипноз болса өзінен кейін, тұлғаға түпсана деңгейінде жабырқау, басылу (подавленность) сезімін қалдырып, осылайша адам санасына құлдық психология қалыптастыра бастайды. Медитацияға байланысты тағы бір қызықты жайт бар. Сергек кезінде қалыпты жұмыс істейтін сезім мүшелері орталық жүйке жүйесінде өзінің жоғары «шу» деңгейін тудырып, бұл ассоциация және интеграция процесстерінің жүруін қиындатады. Ал медитация кезінде мидың «өзінің шулары» барынша азайып, нәтижесінде медитация жасаған адам өзі құрған белгілі бір тапсырмаларды шешуге, ассоциативті және интегративті процесстерді барынша толық қолдануға мүмкіндік алады... Сондықтан медитация мен гипноз – сана күйінің мүлдем екі бөлек түрі. Медитация – рухани негізді ояту тәсілдерінің бірі. Ал гипноз болса, тағы да қайталаймын, бұл жай ғана хайуани негіздің функциясы. – Бірақ, гипнозды ең болмағанда өзінің күші мен мүмкіншілігіне сену үшін психотерапиялық мақсатта қолдануға болады емес пе, - деп Николай Андреевич тыныштала алмады. – Адамның өзіне деген сенімін ояту үшін гипноздың пайдасы шамалы, себебі ол адамның ықпалға көнуін, басқа адамның ерік күшіне басылуын да қатар күшейтеді. Ал бұл өз кезегінде адамның өзінің болмысына, өміріндегі шын мақсатына жат дүние. Шынында адам іштей, түпсана деңгейінде, нағыз Бостандыққа, Рухының Бостандығына ұмтылады. Осының негізінде адам өмірінде әркез тәуелсіздікке, еркіндіктің кез-келген түріне ұмтылу болады. Егер сіз шын ниетіңізбен адамға көмектескеңіз келсе, оның өз күші мен мүмкіндігіне сенгенін қаласаңыз, өзіңіздің сөзіңізбен, өз ойыңызбен, дәлелдеріңізбен сендіріңіз. Себебі, сөз күші ой күшін тудырады, ал ой күші әрекет тудырады... (сила слова возрождает силу мысли, а сила мысли порождает действие) Бірақ ешқандай жағдайда, адам түпсанасына ашық түрде бұйрық беру арқылы, гипноз арқылы жасауға болмайды. Себебі сіз не жасап жатқаныңызды өзіңіз де білмейсіз, себебі гипноздың шын табиғаты, ол адам бойынан оятатын жағымсыз күштер туралы білу әлі сізге өте алыста, беймәлім... Николай Андреевич ойланып тұрды. Осы уақытта қалған балаларда алаңға келді. Сэнсэй олармен амандасып болғасын: – Ал, барлығымыз жиналдық, енді бастайық... Бүгін біздер өткен сабақтағы жаман ойлардан тазару медитациясын жасайтын боламыз. Қалып қойғандар үшін тағы да қайталаймын. Сонымен, ыңғайлы тұрыңыздар, аяғымыз иық деңгейінде. Қолдарыңыз іштің деңгейінде екі қол саусақтарының ұштары бір-біріне тиюі керек. Шынашақ шынашақ саусаққа, сұқ саусақ сұқ саусаққа және сол сияқты. Міне былай. Сэнсэй маған қолдарды қалай байланыстыру керектігін көрсетті. – Денеңді босаңсытып, барлық ойларды алып, назарыңызды тек қалыпты тыныс алуға аударуыңыз қажет. Кейін тәніңіз толық еркінсіп босаңсығаннан кейін, ішкі жан дүниеңіз тынышталып болған соң, адам өзін құмыра секілді елестете бастайды. Яғни басы құмыраның басы секілді кесілген (ашық)... Судың шығар көзі – рухы (көкірек тұсы). Су бүкіл тәнін толтырып, соңында құмыраға сыймай, тәнінен сыртқа ағып жерге кетеді. Су тәнін толтырып, жерге ағып жатқан кезде, онымен бірге барлық жаман ойлар, бар мәселе, жалпы айтқанда адам ақылына тән барлық ластық пен мазасыздық та шығып кетеді. Осының барлығынан адам іштей тазарады. Және ол барлығынан тазарған кезде, ойы мен рухының бөлінуін айқын сезіне бастайды. Ішіндегі рухын және құмыраның үстінде осы процессті бақылап тұрған рухты сезінеді. Ақыр аяғында осы медитацияны күнделікті жасау арқылы, адам өз ойын жамандықтан тазартып, әрі қарай бақылауда, санасын «таза» күйде ұстауды үйренеді... Сұрақтар бар ма? – Неліктен қолдарымыз осылайша бір-біріне жанасуы керек? – деп сұрадым. – Себебі осы медитация кезінде ағзаның ішінде белгілі бір энергиялардың айналымы (циркуляция) жүреді. Ол туралы сендерге тағы бірде айтып берермін. Ал саусақ ұштары бұл айналымды түйіндейді. Оның үстіне саусақтардың ұшында орналасқан терінің жүйке рецепторларының тітіркенуі жағымды, миға жақсы әсер етеді... Тағы да сұрақтар бар ма? Ешкім үндемеді. – Ендеше кірістік. Сэнсэйдің басшылығымен біздер бұл медитацияны жасай бастадық. Мен өзімді құмыра секілді елестетуге тырыстым. Бірақ менің қиялым бұл бейнені тек жартылай ғана елестете алды, себебі менің санам бұл түсінікпен еш келісе алмады. Сол кезде мен өзіме еш нәрсе дәлелдемей, өзімді жай ғана «мен құмырамын» деп елестетіп, ойымды «ішкі қайнар көзіме» аудардым (жинақтадым). Осы сәтте санам ішіме, жаныма (рухыма) енгендей, көкірек тұсыма (солнечного сплетения) нүкте секілді шоғырланғандай қызық сезім пайда болды. Бұл нүкте біртіндеп кіршіксіз таза сумен бірге спириалды айналып үлкейе бастады. Соңында судың көп болғаны соншалықты, бүкіл тәнімді жағымды ылғалымен толтырды. Осылайша «ыдысты» толтырып, жағымды сезім «сыртына қарай» аға бастады. Толқын денемді тітіркендіріп, жоғарыдан төмен қарай жерге кете бастады. Мен тәнімнің барлық жаман ойлардан арылып жатқанын елестеттім. Және бір мезгілде маған іштей жақсы, жайлы әрі қуанышты болғаны соншалықты, маған өмірдегі бар бергеніне, пенделеріне берген үлкен Махаббатына Құдайға іштей бар жан дүниеммен рахметімді айтып (шүкіршілік айтып) медитациядан сәл ауытқып кеттім. Келесі сәтте күтпеген жерден менің санамның, яғни шын «менімнің» тәнімнен бөлек жоғарыда тұрғанын сезіндім. Ал денем мүлдем денеге ұқсаған жоқ. Оның «құмыра» басынан әртүсті мыңдаған жіптер өзінің үздіксіз қозғалысымен жерге кетіп жатты. Ал құмыраның өзінің түбінен осы жіптерді ерекше түске қанықтырған, бір нәрсе ерекше жарқырайды. Сұлулығына көзің тоймайды. Бірақ осы сәтте менен алыста Сэнсэйдің әуенді дауысы естілді: – Енді екі рет, тез дем алып – дем шығарыңдар. Алақандарыңызды қатты жұмып, ашыңыздар. Көздеріңізді ашыңыздар. Мен тез өзіме келдім. Бірақ ішкі эйфория күйі, ішкі жан дүниемнің тұңғиығында шын «менімде» қалғандай. Кейін белгілі болғандай, балалардың әрқайсысы бұл күйді өзінше сезінген. Үлкен балаларда маған қарағанда жақсырақ сезілген, ал менің достарымда барлығы «ойша елестету» (голого представления) деңгейінде ғана болған. Бірақ Сэнсэй оларға көп адамдарда басында осылай болатынын айтып түсіндірді. Күнделікті үйде табанды жаттығудың арқасында және ар-ұжданыңды жақсарту ниетің болса, белгілі- бір уақыттан кейін арнайы бір сезінулерге жетіп, одан кейін ойыңды әр кез бақылауда ұстауға болатынын айтты. Ең бастысы – өзіңе, өз күшіңе сеніп және ерінбеуің қажет. Біздер алаңнан кетер кезде, мен тыныш сәтті пайдаланып Ұстаздан сұрадым: – Айтыңызшы, балалар айтқан, мен жоқ кезде балаларға жаңа медитация беріпсіз. Мен көбін жіберіп алған шығармын. Енді мен не істесем болады? Бұл сөзіме Сэнсэй маған мейірімді көзқарасымен қарап: – Маған сен, егер кімде-кім жақсы ойларымен игі іс жасаса, жіберіп алғаны үшін мұңға батудың қажеті жоқ, себебі ол қимылсыз (бос) жатқаннан гөрі, өзінің рухын тану үшін анағұрлым үлкен күшке ие болады (кто творит с благими мыслями благое деяние, нет нужды печалиться об упущенном, ибо он приобретает гораздо большую силу для познания души своей, нежели пребывая в бездействии), - деді. Әрине, ол кезде Сэнсэйдің қандай ізгі істерді меңзегенін түсінген жоқпын, өйткені жасағанымның барлығын күнделікті істер деп есептедім. Дегенмен бұл сөздер жаныма соншалықты жылы тиіп, сол күні кешке күнделігімде сәйкесінше жазба пайда болды. Күндер бір сәтте өтіп жатты. Жаңа медитацияның ұнағаны соншалықты, күнде кешкісін ұйықтар алдында бұған дейінгі медитациялар секілді, ерекше ынтамен жасайтын болдым. Бірде Сэнсэйден барлығын қатарынан жасау зиян емес пе деп сұрадым. Сэнсэй керісінше өте пайдалы екенін айтты, себебі адам рухани тұрғыдан өзімен көп жұмыс жасайды, ал «Лотос гүлі» рухын оятады. «Оларды кешке ұйықтар алдында және таңертең оянғанда жасаған дұрыс. Бұлар назарыңды жинақтау, ішкі көру және ойды бақылауда ұстаудың ең қарапайым медитациялары. Олар мүлдем зиянсыз, сондықтан бұрын рухани практикалармен ешқашан кездесіп көрмеген кез-келген адам да үйрене алады. Және сонымен бірге өзінің қарапайым әрі қолжетімділігімен бірге ең нәтижелісі». 30 Жаттығуда жаңа күшімен ескі және жаңа материалдарды игеруге кіріскен балаларға жетуге тырыстым. Бұл күндердің барлығындағы мен үшін ең қызықты әрі танымдысы рухани сабақтар еді. Осындай сабақтардың бірінде Николай Андреевич Сэнсэймен реинкарнация туралы дауласты. Бірақ маған дауласқандай емес, Ұстазды осы тақырыпқа әңгімеге тартқандай көрінді. Дегенмен біздер әзілдеп «тобымыздың дұрыс ойлаушысы» (Здравым смыслом нашей компании) деп атаған Николай Андреевич психотерапевт және нағыз атеист болса да, ешбір сабақты жібермей, Сэнсэйге ерекше құрметпен қарайтын. – Бірақ, реинкарнация – ол адамдардың ойынан шығарылған. Себебі көпшілік адамдарда патологиялық танатофобия байқалады деп айтар едім. Сондықтан өздеріне қайта туылу, қабірдегі өмір туралы қайдағы жоқ ертегіні ойлап шығарады. – Олай емес, – деп Сэнсэй қарсылық танытты. – Ал өлімнен қорқуға келсек, ол толық адамның хайуани бастамасынан - өзін-өзі сақтау инстинкті мен өзімшілдік теріс пиғылынан болған қиялынан. Қорқыныш – бұл жай ғана эмоция, ол ақпарат мүлдем жоқ немесе тым аз кезде қосылады... Ал реинкарнацияға келсек, ол шыныменде табиғатта бар құбылыс. Және сен оның қаншалықты ертеден бері бар екенін тіпті елестете де алмайсың. Сэнсэй соңғы кездері Николай Андреевичпен достарша «сен» деп сөйлесетін. – Жоқ енді бұл шыныменде болған болса, біздердің есімізде болушы еді, аз үзінділері немесе басқадай болса да. – Мысалға, сенің бір жыл бұрынғы осы күнің есіңде ме? Николай Андреевич ойланып, сенімсіз түрде: – Егер жексенбі болмаса, мүмкін жұмыста шығармын, - деді. – Демек сен осы күнді нақты есіңе түсіре алмай тұрсың. – Жоқ. – Мінекей. Ендеше басқа уақыт туралы, бұрынғы өміріңнің болғандығы туралы несіне сұрайсың... Біздер сенің гипнозыңды талдаған кезде сананың бар екендігін, хайуани бастаманың бар екендігін, рухтың бар екендігін айтып талдап бергенбіз. Сен рухта орналасқансың, нағыз шынайы сен. Ал сана – ол қабылдағыш (воспринимает). Және ол жерде де сіздің шын «меніңіздің» бөлшегі бар. Сен екі бөлінгендей боласың: ішкі жан дүниеңде сен өзіңді жалғыз сезініп, ал ойлаған кезде мүлдем басқаша ойлайсың. Өзіңіздің шын мәнінде кім екеніңізді, қалай ойлайтыныңызды, қалай сөйлейтініңізді, қалай көретініңізді мұқият ойланып қараңыз. Мидың жұмысы, вербальды, вербальды емес, акустикалық өрістің тітіркенуі мағынасында емес. Мұның бәрі бос нәрсе. Тек қана сіз! Санаңыздың ішіне үңіліңіз. Ол шексіз. Ғарыштың қаншалықты шексіз екендігін ойлап көріңіз. Және тәніңіздің әр атомында Ғалам көрінетіні туралы фактіні түсіндіріп көріңіз... – Атомда Ғалам көрінеді ме? – деп Николай Андреевич таңғалды. – Әрине. Егер күмән келтірсең атом құрылысына байланысты кітаптарды ақтар, Ғалам құрылымымен салыстыр. Тіпті бүгінгі күнге дейінгі жиналған бар білімнің өзі осы шындықты түсінуге жеткілікті. Немесе мысалы ретінде вакуумді алайық. Бір қарағанда бос, ол жерде еш нәрсе жоқ секілді көрінеді. Бірақ ол жерде өмір пайда болады. Неден пайда болады? Бос кеңістіктен бе (из пустоты)? Бұл Ғаламдық сұрақтарға ойланыңыз, жақсылап ойланыңыз... Және ең бастысы өзіңнің кім екендігіңді біл (ұғын)! Сол кезде тәніңнің – дүниеге келгеніңнен өлгеніңе дейінгі бір реинкарнациядан, екіншісіне таситын жай ғана арба екенін түсінесің. Және қайда баратының бұл арбаны қалай пайдалануыңа байланысты. Ол өзі басы ауған жағына қарай жүреді, немесе сен оны басқарасың. Адам, яғни оның рухы – арбадағы шабандоз секілді (кучер). Және рухы ұйқыда болса, арба да барлығы кеткен жаққа қарай салдырлап жүре береді. Шабандоз да бір жерді айналумен болады. Бірақ рухы оянса, жеке таңдауы, өзі қалаған рухани жаққа қарай жүре бастайды. Және ең бастысы – адам, Өзінің осы арбаның басқарушысы екендігін түсінеді. Осы кезде барлығын түсініп, шеңберше қайта-қайта айналғанын жай ғана доғарып, Нирванаға кете алады. Яғни Ол Құдайы болмысына (Періштелі) айналады. Барлық балалар Сэнсэйді мұқият тыңдады. Мен батылдығымды жинап, өзімді алаңдатқан сұрағымды Ұстазға қойдым: – Айтыңызшы, рухымның, яғни менің өмір сүруімнің шын мәні неде? – Мәні қарапайым, ақыр соңында Құдайға жетілген жаратылыс ретінде келу ... Адам – рухани және хайуани негіздері қосылған синтез. Және бұл синтез рухы белгілі бір формада қалыптасу үшін керек. Ол дүниеден (материядан) өтуі, яғни жетілуі керек. Адам да көбелек секілді өзінің рухының даму сатыларынан өтеді. Бейнелеп айтқанда, адам бірінші «жұмыртқадан» пайда болып, дүниелік сатыдан «құртқа» өтеді немесе «адам-жануар» (хайуан) сатысы. Жер бетінде жыбырлап, дүниелік қызығушылығы басым болады, яғни құрт секілді. Ол өзінің рухын көрмей, өзінің дүниелік тәнін шын өзім деп қабылдайды. Кейін бірнеше уақыт өтіп түсінген соң немесе бірінші өмірден екінші өмірге реинкарнациядан, мүмкін бір өмірі ішінде (әркімде әрқалай) рухани Махаббаттың жақсы ойларымен рухы жетілгенін түсіне бастайды. Адам біртіндеп «коконға» «адам-адам» сатысына айнала бастайды. Бұл жерде шын «мен» - рух және «кокон» - тәні екендігін анық түсіне бастайды. Және тән – рухтың жетілуі үшін керек жай ғана материя екендігін ұғынады. Бұл сырттай еш білінбеуі мүмкін, ал бірақ ішкі жан дүниесі қайнап, ғаламдық өзгерістер жүріп жатады. Ақыр соңында рухы түпкілікті жетілген кезде, «коконнан» сұлулығына көзің тоймас, өзінің ұшуында еркіндікке ие «көбелек» яғни рухы ұшып шығады. Өзі секілді керемет жаратылыстармен бірігіп, ол да жаңа рухтардың дүниеге келуіне, сол өмір жолын өтетін жаңа «құрттардың» (личинка) келуіне ат салысады. Және бұл «адам-Құдай» сатысы. Сондықтан өмірдің барлық мәні хайуани негізден, құдайы болмысыңа дейін дамып, Құдайдың толық бір бөлігіне айналу. Бұл біздің әу бастан ішкі жан дүниеміздің тұңғиығында бар нәрсе. Сондықтан біздер Жаратушыны іздейміз, сондықтан біздер Жаратушы туралы білеміз... Николай Андреевич күлімдеп: – Ал егер мен атеист болсам онда Құдайды жоққа шығарғаным ба? – деп сұрады. – Түптеп келгенде кім болса да, ешкім Құдайды жоққа шығара алмайды. Себебі оны әркім ішкі жан дүниесімен түсінеді. Қаншалықты жаужүрек болсада кез-келген адам қараңғылықтан қорқады. Әр адам мәңгілік өмір туралы, өлім туралы, өзінің сүріп жатқан өмірінің мәні туралы ойланады. Тек көбісінің жеткілікті ақпаратқа қолы жетпей, психикасының қорғаныш функциясын қосып және осы ойларды тұншықтыруға тырысады. – Енді мен солай қалыптасқанмын, маған шын нағыз дәйектер керек. Егер мен шыныменде өзімнің бұрынғы өмірлерімдегі реинкарацияларым туралы аз да болса есімде болса, өзімнің жеке көзім жетіп сенетін едім. Сэнсэй кішкене ойланып: – Жақсы мен саған осындай мүмкіндікті беремін. Сабақтан кейін сізге адамның рухын оятып, онымен әңгімелесуге мүмкіндік беретін сананың күйін өзгертуге арналған ерекше техника туралы айтамын. Бірақ ескертемін, бұл техниканы өзіңізден басқа тірі жан білмеуі керек. Себебі қоғам әлі «адам – жануар (хайуан) сатысында тұр. Олар бұл білімді өз уақытында, көпшілігі «адам – адам» рухани сатысына өткен кезде алады... Сен өзіңнің кез-келген пациентіңе мен айтқандай дәлме-дәл жасасаң болады. Бірақ алдын-ала бірден ескертемін, реинкарацияда біздің түсінігіміздегі уақыт ұғымы жоқ. Яғни бір адам екі жүз жыл бұрын өмір сүріп, тек қазір ғана дүниеге келуі мүмкін. Басқасы бір жыл бұрын дүниеден өтіп, берер минуттан кейін дүниеге келсе, ал үшіншісі тіпті өте алыс болашақта өмір сүріп, біздің уақытымызда дүниеге келуі мүмкін және сол сияқты. Яғни ол жақтың өзінің заңдылықтары бар, сондықтан қатты таңғалма... Келістік пе? – Әрине! - деп Николай Андреевич қуана жауап берді. Осы сәтке дейін үнсіз тұрған Стас ойлана: – Ал реинкарнацияға келетін болсақ, Шамбала адамдарына да бұл әсер етеді ме немесе олар мәңгілік өмір сүреді ме? – деп сұрады. – Егер сен Шамбала ішіндегі Бодхисатва өмірін сұрап тұрсаң, олар онда мүлдем басқа заңдылықтармен өмір сүреді. Адамдар секілді тәні мен қатты материя оларда жоқ. Шамбалада шынайы өмірдің мүлдем басқа жағы... Енді сіздерге қалай айтсам екен, олардың тәні (денесі) – өздерінің бөлек уақыт және кеңістік заңдылықтарымен өмір сүретін өте нәзік материя (тонкая материя). Егер адамдар әлемінде сана (ақыл) адам тәніне қызмет етсе, үйде, яғни Шамбалада, – деп Ұстаз өз сөзін тез дұрыстады, - Тәндері саналарына қызмет етеді... Неліктен Шамбаланы таба алмайды? Себебі ол мүлдем басқа қабылдау жиелігінде өмір сүреді. – Демек, адам тәнімен ол жерге кіре алмайды ма? – деп Андрей таңдана сұрады. – Неліктен кіре алмайды, егер тәнін сол жиелікті қабылдауға трансформациялай алса мүмкін. – Фантастика сияқты, – деп Костя танауынан сөйлеп қалды. – Бүгінгі адамзаттың түсінігі үшін солай шығар. Бірақ бұл шындық... Егер адамдар сенбесе, фантастика деп ойласа, Құдайы үшін өздері білсін... Бірақ адам өздігінен еш нәрсе ойлап таба алмайды, себебі бұл ілімдер болған және оның қалауына қарамастан бола береді де. Оның тану мүмкіншілігі өзінің эгоцентризмімен (өзімшілдік, тәкаппарлық) ғана шектелген. Шындығына келгенде, фантастика – іске асырылмаған жай ғана шынайылық. – Ал осы жоғары жаратылыс иелері осы әлемге қалай келеді? Сіз айтқансыз, керек болса олар адамдармен байланысқа түсе алады деп. – Қарапайым, реинкарнация арқылы. Олардың тәндері де барлық адамдар дүниеге келгендей, жаңа туылған денеге сегізінші күні енеді. – Қызықты, – деді Николай Андреевич. – Адамға рухтың сегізінші күні өмірінде енетінін қайдан шығардыңыз? Мысалға христиан дінінде анасының құрсағында жатқан кезде-ақ кіреді деп есептейді. – Олардың бұл түсінігі қате. Біреуісі дұрыс түсінбей, басқасы өзге тілге дұрыс аудармай, үшіншісі өзінің логикасына салып; осылайша шын ілімдер жоғалғаны анық. Барлығы әдеттегідей... Ал шындығында рух, адам туылғаннан кейінгі сегізінші күні енеді. Және осы құбылысты нақты тіркеуге болады. Рух энергетикалық субстанция болса да, тәнге енген кезде, нәзік материя құрылымын иемденеді. Сондықтан жаңа туылған нәрестенің салмағы сегізінші күні 3 тен 20 граммға дейінгі аралықта күрт артады. Ал кей ерекше жағдайларда 50 граммға дейін жетуі мүмкін. Егер нәрестенің салмағын жетінші күннен бастап, кірген-шыққанын мұқият қадағалап отырса, мұны нақты тіркеу мүмкін болады. Яғни сегізінші күні нәрестенің салмағы күрт өседі. Онымен қоса сегізінші күні нәрестенің көзқарасы «жанды» (тірі), сәулелі бола бастайды. Бұны байқамау мүмкін емес. – Ал кейін Бодхисатваның адамдардан айырмашылығы қандай болады? – деп Костя сұрады. Мүлдем айырмашылығы жоқ. Олар саналы түрде адам «материясында» туылады. Себебі осы әлемнің азғыруын, бар қиыншылығы мен ауыртпалығын өздеріне сынау үшін. Кейбір кездері Шамбалада қабылданған шешімдерді жүзеге асыру мақсатында жерге «келуі» мүмкін. Бірақ көп жағдайда – бақылаушылар ретінде келеді. Бодхисатвалар қарапайым адамдар секілді өмір сүреді. Тыныш, қарапайым ғана өз жұмыстарын жасап жүреді, бірақ іштей бұл Адам өзінің Бодхисатва екендігін анық түсінеді. Бірақ бұл туралы ешқашан көкірегін соғып жар салмайды. Әдетте Бодхисатва екендігін айналасындағылардың ешқайсысы білмейді. Ол кез-келген адам болуы мүмкін: сіздің жақын адамыңыз, танысыңыз, туысыңыз, досыңыз және сол сияқты. – Ал олар не үшін бақылаушылар ретінде келеді? – деп Виктор сұрады. «Иә, шыныменде не үшін? – деп ойладым. – Бұл жоғарғы жаратылыс иелеріне біздің әлем өте лас әрі өзімшіл көрінетін шығар?» – Олардың осындай ережелері бар немесе дәлірек айтсақ міндеттері бар. Шамбаладағы әрбір Бодхисатва, осы әлемге реинкарация жолы арқылы, кем дегенде әрбір мың жыл сайын келуі керек. Не үшін? Себебі адамдар арасында өмір сүріп, адамзаттың не ойлайтынын көріп, қандай деңгейде білім беру керектігін шешеді. Яғни адами болмысын білу үшін. Себебі Шамбала тұлғаларының бойында хайуани негізі болмайды. Ол жерде мүлдем басқа шынайы өмір. Шамбаладағы Бодхиства осы жақтағы болып жатқанды түсіну үшін, ұмытпай босаңсымауы үшін осы әлемге «лақтырылады» деп айтсақ та болады. Тіпті Ригден Джаппоның өзі бұл ережеден құтыла алмайды. Бірақ оның, осы әлемге келуі адамзат өркениетіне ғаламдық өзгерістер басталар алдында, шамамен он – он екі мың жыл сайын болады. Және Пайғамбар (Мессия) емес, төреші ретінде келеді. Ол өзінің алдыңғы қол астындағылардың жұмысын тексеріп, адамдардың қабылдау деңгейіне, рухани дәрежесі мен дүниеқорлығына (поглощенности материей) баға береді. Осыған орай Шамбалада адамзаттың болашағының болу болмауы туралы үкім шығарылады. – Ал бұл қалай? – Енді, егер адамзат жалпылай рухани прогрессивті қауымдастық ретінде бағаланса, онда ол сақталған. Ал бойында хайуани болмысы басым болса, яғни материалдық болмысы, онда бізге дейінгі кейбір адамзат өркениеттерімен болған «ғаламдық катаклизмдер» тарихы тағы да қайталанады. Ал келесі өркениет рухына материяны «өсіру» үшін, жалпы адамдардың санынан 1/10 көп емес бөлігін ғана қалдырады... Адамзат қай жолмен жүру керектігін өзі таңдайды, ал Шамбаланың әрекеті – адамдар таңдауының салдары ғана. – Менің түсінгенімше, олардың ең басты миссиясы (предназначение) адамзаттың рухани дамуы, - деп әңгімеге Виктор араласты. – Солай деп айтуға болады, - деді Сэнсэй. – Олардың жоғарыдан, яғни Ғаламдық Иерархиядағы немесе Құдайдан берілген миссиясы (предназначение), қалай атағыларыңыз келсе солай атаңыздар, қайта туылудың барлық кезеңдерінде (циклінде) адам рухын тәрбиелеу. Олардың белсенді көмегі, адам бойында рухани негізі ояна бастаған кезде болады. – Мүмкін олардың рухани көзқарасымен, мына өзімшіл әлем жаман көрінетін шығар, - деп ішкі ойымды айтып қалдым. Сэнсэй күлімдеп: – Иә, жақсы емес (не подарок). Бұл қайта туылу көбелекті өзінің шыққан құрт қапшығына қайтадан тыққанмен бірдей, көбелекке де ыңғайсыз, құртқа да дискомфорт әкеледі. Бірақ ереже осындай. Әрбір Бодхисатва өзінің жердегі мерзімін толық өтіп, өмірін толық сүруі керек. Бодхисатва кез-келген минутта Нирванаға кете алатындай еркіндікке ие. Және бұл олар үшін үлкен сынақ (соблазн). – Сіз бір кездері Бодхисатваны - бұл Нирвананы адамзат үшін тастап шыққан адам деп айттыңыз. – Сөзсіз солай. Сондықтан бұл сынақ ол үшін екі еселенеді, себебі ол шексіз бақыттың шыңындағы күйін сезінген (поскольку он ощущал это состояние пика неземного счастья)... Сіздер тіпті Нирвананы тастап осында келудің қандай ерлік екендігін елестете де алмайсыздар. Бейнелі түрде айтсақ, Бодхисатваны ең маңызды жұмыс шебіне жіберілген еріктілер ішіндегі мықтылардың ең мықтысы деп айтуға болады. Бодхисатва осы жерде адамдар үшін, олардың рухтарын тәрбиелеу үшін қалады. Олардың рухтарын дамытып, Еркін болуы, шын Еркіндікке жетуін қалайды. Себебі біздің ішкі болмысымыз, біздің рухымыз әрдайым, әр секунд сайын осыған ұмтылады. Сэнсэй сағатына қарап: – Сонымен балалар, медитация жасайтын уақыт келді, әйтпесе таңға дейін талқылауға болады, - деді. Менде сағатыма қарадым. Бұл әңгімедегі уақыт бір секундта өте шыққандай. Және уақыт мүлде болмағандай қызық сезім пайда болды. Құпиясының шетін сәл ғана ашқан мәңгіліктің бір сәті болғандай. Біздер бұрынғы рухани сабақтарда жасаған, «ойымыздың тазалығы» медитациясын қайталадық. «Құмырадан» аузынан аққан «Су» бұл жолы толқынды қозғалысымен анық сезілді. Сабақтан кейін Ұстаз әрқашан ойымызды бақылауда ұстап, «санамыздағы паразиттерді», жаман ойларды «аулау» керектігін айтты. Сонымен қоса егер агрессиямыз туындайтын жағдай болса, оны еркіне жібермеу керектігін де түсіндірді. Және ең бастысы – «Лотос гүлін» жасау арқылы, өздеріңдегі құдайы Махаббатты өсіру. Біздер қоштасып үйімізге қайттық, ал Николай Андреевич алаңда қалды. 31 Сэнсэйдің бізге қарапайым, әрі түсінікті айтқан білімдері мені қатты таңғалдырғаны соншалықты, болған әңгімені толық күнделігіме жазып алдым. Өзімді қатты толқытқан сәттерді белгілеп қойдым: «Адамның өмір сүрудегі мәні – рухын жетілдіруде екен (тәрбиелеу)!!!». Мен оны сезгенмін, бірақ сенімді емес едім. Енді бірнеше рет ойлана келе, өмірімдегі өзім қымбат әрі маңызды деп санағанның барлығын түбегейлі өзгерттім. Айналама көз салып: «Шыныменде, біздер өмірімізді тәніміз үшін сүреміз... Тіпті бөлмеде, пәтерде болсын не нәрсені алып қарамасаң да барлығы тәнімізге қызмет ету мен қанағаттандыру үшін. Тек кітаптар ғана бұған кірмегендей... Әрине Сэнсэй бір кездері өркениеттің барлық заттары, рухымызды дамытуға уақыттың көп болуы үшін керек екендігін айтқан. Бірақ осыншама керек емес көп заттардың ішінде артығы қаншама! Және бізге осының барлығы аз, барлығының көп болғанын қалаймыз. Қайда? Не үшін? Егер ертең өліп кетсек, Ол жақта біздің топырақта жартылай шіріген тәніміздің тоқтамай жұмыс жасап, шаң-тозаң құрлы болмайтын дүниені жиғаны емес, ішкі жан дүниемізге нені өсіргенімізді бағалайтын болады. Осы күндердің барлығында, тіпті мектепте де өз құндылықтарыма өзінше бір қайта бағалауым жүріп жатты. Қыздар әдеттегідей өздерінің сатып алған сәнді киімдерімен мақтанып және басқаларының кигенін анық қызғанышпен айтуда еді. Оларды тыңдап, өз-өзіме таңғалдым. Себебі менде бұрын өзіме үйлеспесе де елес сәннің артынан жүгіретін едім. Бірақ өзімшіл мақтаныш сезімі (мания величия), «тобырдан ерекше көріну» мүмкіндігі болған кезде танымастай үлкейіп кететін. Ал шындап келгенде әр кез сәнді болу деген, ол үйлесімді киіну. Осымен бітті... Кейбір «сәнді» киімдер, «бір сәттік көрсетілімнен» кейін шкафта «өлі» жүк болып босқа ілініп тұр. Осыншалықты көп киімнің бір адамға не керегі бар? Олар маған не үшін керек? Мүмкін бір жерлерде адамдарға киетін киім жоқ шығар? Және неліктен бір жерлерде. Міне, мұрнымның астында, өзімнің сыныбымда, кедей отбасынан шыққан үш қыз бар. Екеуінің әкелері жоқ, шахтада қаза тапқан. Ал үшіншісінің әкесі одан бетер жаман, маскүнем. Олармен бөлісу мен үшін не тұрады? Өйткені маған қарағанда бұл киімдерге олар көбірек зәру. Анаммен ақылдасып, әрине мектепте қайырымдылық акциясы өткелі жатыр деп аздаған өтірікті қостым. Бірақ анам қарсы болған жоқ. Біздер тіпті қыздар үшін аяқ-киім де тауып алдық. Осының барлығын жинаған соң алдымнан, оларға қалай берсем болады деген тағы бір міндет тұрды. Өзімді олардың орнына қойып, ең дұрысы өзімнің сынып жетекшім арқылы, белгілі- бір қайырымдылық мекемелерінің атынан беруді шештім... Бұл ойым сынып жетекшіме ұнаған секілді. Себебі бір аптадан кейін сынып жетекшіміздің бастамасымен мектебіміз бойынша «Балалар үйіндегі» балалар үшін қайырымдылық акциясы жарияланды. Мұны естігеннен кейін Сэнсэйдің жақсы ойлар мен ізгі істер, тағы да жақсы ойлар мен ізгі істердің тізбектелген реакциясын тудырады деген сөзінің тағы бір мәрте дұрыс екендігін ойыма салды. Егер осыны әрбір адам түсініп, қолынан келген жақсы ісін жасаса, бүкіл әлемде кедейлік пен аштық жоғалар еді деген ой келді. Жанымызда біреу ашығып, қатты мұқтаж болып жатқан кезде, өркениетті, заманауи болу ұят секілді. Осындай ойлардан (барлығына Махаббат, бауырмалдық және өзара көмек) бүкіл тәнімді ерекше толқытқан бір сезім биледі. Көкірек тұсымда (В районе солнечного сплетения) жеңіл, жағымды қысым пайда бола бастады. Белгілі бір көлемге жеткеннен кейін, санамды одан сайын толқытқан, бүкіл әлемге шексіз Махаббат сезімімді күшейткен тәніме жағымды толқындарын тарата бастады. 32 Біздер кезекті жаттығудың қосымша дайындығында ерекше ынтамен әрі қатты қызығушылықпен жаңа катаны үйреніп жаттық. «Жылдам» жігіттер өздерінің шеберліктерімен біздерді таңғалдыруды тоқтатпады. Көз тұндырар сұлулықпен әрі көз ілеспес жылдамдықтарымен өзара спаринг өткізіп жатты. Олардың қимылын кезекті рет бақылап тұрған Андрей Ұстазға: – Олар осыншалықты қалай тез қозғалады? Біздер бір катаны жасап жатқан сияқтымыз, бірақ қанша тырыссам да, олардан тым қатты артта қаламын. Олар менен екі есе жылдам қозғалады. Неліктен? – деп шағымын айтты. – Мұның бәрі тепе-теңдікке байланысты. Барлық сиқыры осында, - деп Ұстаз жауап берді. – Бірақ, мен каратэдегі алғашқы қадамдарымда үйреткендей тепе- теңдігімді дұрыс ұстаймын. Менің ойымша барлық ережелерді дұрыс сақтап, ауырлық күшімді (центр тяжести) дұрыс тарататын сияқтымын... Бірақ мен олар сияқты жасай алмаймын. – Себебі сен ауырлық күшін аударасың (переносишь), ал олар ауырлық күшінің артынан жүреді (а они следуют за центром тяжести). – Бұл қалай? – деп Андрей таңдана сұрады. – Енді былай. Кіндіктен үш саусақ төмен орналасқан «Хара» нүктесінде, немесе оны тағы да «Дань-Тьянь» нүктесі деп атайды, сол жерде ауырлық күші орналасқан. Есіңде ме, бір кездері мен сіздерге бұл туралы айтқанмын? Барлығы оны қалай дұрыс ұстау керек, қалай қадам басып, дұрыс аудару сияқтыларға үйретеді. Саған мысалы тұрған адам табанының шеттерімен шектелген ауырлық күші сызығы ішкі ортада болғанға дейін құламайтынын айтты ма; бұл жаяу жүріс – тірек аяқтарының уақытылы қозғалуымен болатын алға қарай бірнеше рет құлау; және де жүгіру - дене салмағын және ауырлық центрін тиісті түрде бір аяқтан екінші аяққа ауыстырып секіру. Солай ма? Солай... Яғни барлығы ауырлық күшін дұрыс аударудың жалпы ережелерін сақтауды айтады. Бірақ бұл жылдамдықта жеңілуге әкеледі. Себебі жылдамдықты арттыру үшін денені қозғалтуды және бірінші кезекте ауырлық күшін қозғалтуды үйрену керек. – Мен бұларды үйрене аламын ба, әлде үмітсізбін бе? – деп Андрей жымиып сұрады. – Ақымақ пен жалқау ғана үмітсіз, - деп Сэнсэй де әзілмен жауап берді. – Ал былай кез-келген адам меңгере алады. Өз ауырлық күшіңді қозғаудың қарапайым техникасы бар. Яғни оны динамикалық медитация деп те айтуға болады. Алдымен тыныс алу техникаңызды жаттықтырасыз. Өзіңнен (тәніңнен) қолыңды алған кез-келген қозғалысыңда – дем аласың, ал қолың өзіңе қайтқан кезде – дем шығарасың; алға қадам – дем аласың, артқа қадам – дем шығарасың. Және бұл жерде дем шығаруды қарынның төменгі жағымен, «Хара» нүктесімен, медитацияда қолмен дем алған секілді жасайсың. Яғни дем шығарған кезде, іштің осы нүктесіне бар назарыңызды салып, «Хара» аймағына сәл әсер етесіз. Және соңында осылайша өз тынысыңызды бақылауда ұстай бастайсыз. Ең бастысы – осы аймақты, өз ауырлық күшіңді сезіну. – Ал қандай қимыл-қозғалыс жасау керек, белгілі-бір кезектілік бар ма? – Өзің қалаған кез-келгенін жасауға болады, бұл маңызды емес. Қаласаң қыздырын, ката жаса, болмаса жай ғана айнала жүр немесе еңкею әдістерін жаса бәрібір. Ең негізгі шаруаны сенің ойың мен консентрацияң жасайды... Бұл бірінші кезең – өз ауырлық күшіңді (орталығыңды) тауып, оны кез-келген қимыл-қозғалысыңда сезіну. Екінші кезең – «Хара» нүктесінде жинақталған ауырлық күшін үлкейту. Яғни оған ойша «Ци» энергиясын жібересің. Және бұл нүкте ауа энергиясының консентрациясына байланысты үлкейіп, дөңгелектеніп әрі тығыздала түседі. Және осы кезде ол шарға немесе кішкентай допқа, болмаса басқа да нәрсеге сенің қиялыңның жеткеніне қарай айналады. Маңыздысы сенің оны физикалық түрде сезінгенің, мысалға мойынтіректің (подшипник) үлкен темір шары және сол сияқты. Және үшінші кезең – ең бастысы. Өзіңнің ерік күшің арқылы осы ауырлық күшін қозғалтасың, қалғандары артынан қозғалады. Қай жерде болмасаңда, не жасамасаңда сен үнемі осы динамикалық медитацияны жасайсың. – «Лотос гүлі» секілді ме? – Өте дұрыс. Дәл солай. Айтпақшы, біреуі екіншісіне кедергі жасамайды. Бірақ сен қалай қимылдасаң да, қай жерге барсаң да, бірінші кезекте өз санаң мен денеңді емес, өз ауырлық күшіңді қозғауың керек. Әрі қарай денең ауырлық күшінің артынан қозғалуды үйренуі керек. Осымен болды. Барлығы қарапайым. Андрей ойланып, тыныс алуымен бірге қимылдауға тырысты. – Міне қара, - деп Сэнсэй Андрейдің назарын аударды, - сен әдетте қалай қозғаласың. Сен алдымен иығыңды, аяғыңды, басыңды алға шығарасың (және сол сияқты). Яғни бірінші денеңнің бір бөлігін алға шығарып, содан кейін ғана ауырлық күшіңді қозғалтасың. Ал енді жігіттерге қара... Көріп тұрмысың, олардың барлық қозғалысы бірінші «Хара» нүктесінен бастау алады, алдымен іштің төменгі бөлігі алға қозғалып, қаншалықты тез немесе баяу қозғалса да, орын ауыстырса да, содан кейін ғана денелері қозғалады. – Иә, жұмыстың қайда екені түсінікті, - деп біздермен бірге мұқият тыңдап тұрған Костя іліп әкетті. – Ал біздер әрқашан жүрген кезде сізді барлық уақытта балалардан не ерекшелендіріп тұрады деп ойлайтынбыз. Сіздің ерекше жүрісіңіз екен. Сэнсэй қолын сілтеп, жымиған қалпында: – Қалыптасқан әдет, - деп жауап берді. Біздің алғашқы әрекеттеріміз күлкімен аяқталды, өйткені барлығы бәрін бірден білуге тырысты. Бірақ біздің қолымыздан келгені – пингвиндер секілді жүру болды. Жүрісімізді байқаған Сэнсэй: – Балалар, мен сіздерге айттым, ең бірінші дұрыс дем алуды үйреніңіздер, өз ауырлық күштеріңізді сезініңіздер, содан кейін ғана оны қозғалтыңыздар, - деді. – Ал олар қимылдарын қалай жылдамдатады? – деп Андрей «жылдам» жігіттер жаққа қарап басын изеді. – Кейін ерекше бір нәрсе жасау керек пе? – Жоға. Жылдамдықты дем шығару арқылы арттыруға болады. Яғни өз ойыңның күшімен ауырлық күші центрін алға жылжыту... Мысалға сен қолыңды қозғалтуды ойлаған кезде қолың қозғалады. Бұл жерде де сол сияқты ойша бұйрық беріп ауырлық күшіңді еркін қозғауың керек. Міне сол кезде ой жылдамдығымен бірдей өз ауырлық күшіңді қозғаған кезде, физикалық дайындығыңызға байланысты өте тез қимылдайтын боласыз. Тек тәніңмен ауырлық күші центрінен қалмасаңыз болғаны. – Керемет, - деді Андрей. – Осылай кез-келген спринт жарыстарын жеңуге болады. – Бұл нақты солай. Егер бұл техниканы спортшылар білсе, олар барлық жарыстарда «әлем алтындарын» жеңіп алар еді, - деп Сэнсэй әзіл-шыны аралас жауап берді. – Ал бұл туралы олардың ешқайсысы білмейді ме? – Өкінішке орай. – Мен бұл туралы ешқашан естіген де, тіпті еш жерден оқыған да жоқпын, - деп бізді таңғалдыра Костя шынын айтты. – Ал неліктен олай? – Енді, бұл адам қабілеттерін дамытудың ең көне әдісі (техникасы) және ежелгі ғибадатханалар тәлімгерлерінің қасиетті қазынасы болып есептеледі. Олар осы туралы тіпті өздерінің шәкірттеріне де айтпай, өздерінің игерген ерекше құпия техникаларының сүт бетіндегі қаймағы секілді сақтаған. Бірақ жалпылай алғанда бұл жерде Өнер деп атайтын ештеңе жоқ. Кез-келген адам меңгере алатын қарапайым техника. Тек басқаларына қарағанда нәтижелігі болмаса, бары осы-ақ қана. Үйге қайтар жол бойы кеудеміз көкке көтерілді. Тек ежелгі ғибадатхана тәлімгерлері білгенді білу, біздердің армандағанымыздан да асып түсті. Мен кезекті рет Сэнсэйдің ежелгі білімдер мен техникаларды терең білуіне тағы да таңдандым. «Ол» кім деп іздене отырып, өз күнделігіме мүмкін Сэнсэй барлығына қоса талантты шығыстанушы немесе ол өлкені жақсы танитын, мүмкін ол жақта ержеткен шығар деп жазып қойдым. Әйтпесе, ол бұл білімді қайдан алды? Бір жұмбақ тағы бір жұмбақты тудырды. Сөзсіз Сэнсэй философиядан бастап нақтылы ғылымдарға дейінгі өте көп нәрсені білді. Және осының барлығы көзге көрінбес шексіз бөлінетін атомы бар микроғаламнан көрінбейтін, бірақ жеткілікті сезінетін рухым, дәлірек айтсақ оның пайда болуы, адам туралы фундаментальды білімге негіз артқандай. «Ол кім?!», - деп кезекті рет өзімнен сұрадым. 33 Келесі күні мені жағымсыз жаңалық күтіп тұрды. Анамның белі қатты ауырып төсек тартып жатып қалды. Соңғы уақыттарда жүйкесіне қатты күш түсті, себебі жақсы маман болғасын жұмыстың астында қалды. Оның үстіне жұмыста болмаған кезіндегі жиналған шаруаларды да бітіру керек болды. Және жоспарлы тексеріс те келе қалған. Табиғатынан адал, жұмысқа мұқият анамның осындай көп жұмыс пен ұзақ отыруға белі мен жүйкесі шыдамады. Сол күні анам төсектен шыдатпас бел ауруымен қатты қиналып тұрды. Бұл жағдай мені және әкемді есеңгіретіп (шок) жіберді. Біз қатты уайымдадық. Әркім өзінше көмектесуге тырысты. Әкем бар таныстарына коңырау шалып, қай жерде жақсы емдейтіні туралы кеңестер алды. Себебі анам ота жасағаннан кейінгі жаман жағдайлар туралы нейрохирургия бөлімінде көп адамнан естіп, ота жасаудың өзінен емес, одан кейінгі жағдайы туралы қатты қорықты. Өмір-бақи мүгедек болып қалуды анам қаламады. Бірақ бір мезгілдерде ауырсынудың қатты болғаны соншалықты, анам барлығына келісуге дайын еді. Бұл кезде әкем ертеңгі жұмыс күнінен сұрану үшін өзінің басшылығына – генералға телефон соғып жатты. Әкемнің айтуы бойынша генерал жақсы ер азамат болған. Өзінің қол астындағыларға әкесіндей алаңдап, қамқорлық көрсетіп, оларға, отбасыларына қолынан келген көмегін аямайтын. Бұл жолы да өз қағидасын өзгертпей, «орынбасарын» қиыншылықта қалдырмады. Әкемді тыңдап болған соң, жақсы сынықшыға (костоправ) баруға кеңес беріп, керекті мекен-жайды айтқан. Және анамды тыныштандыруды сұраған, себебі оның да әйелі де дәл осылай ауырып, аяғын қатты қақсатқан (тартқан). Әлгі сынықшыға емделіп, жүгіріп шауып жүргеніне екі жыл болыпты. Әзірге бәрі жақсы екен. Бұл қоңыраудан кейін анам мен әкем бірауыздан сол жерге келесі күні барамыз деп шешті. Ал мен шынымды айтсам күмәндандым. Егер анама дәрі мен уколдар көмектеспесе, жай ғана жалаң қолмен емдеу дегенің менің ақылыма қонбады. Мен анамды Сэнсэй айтқандай «өзімше» емдеймін деп шештім. Ол «денсаулық матрицасын» қатты сенген (сенімі мықты), ішкі терең Махаббаты бар кез-келген адам жасай алады деп айтқан. Ұйықтар алдында барлық медитацияларымда жасап, анамның дені сау бейнесіне бар назарымды салдым. Анамды денсаулығы өте мықты, көңілді, өмірге қуанышты, әдемі әрі сүйкімді күлкісімен, мейірімді көздерін елестеттім. Мен жай үнмен Құдайдан барлық күнәларыма (Ол солай есептейтін) кешірім сұрадым. Шын ниетіммен көмек сұрадым, себебі анамды қатты жақсы көретінмін. Көмекті қатты сұрағаным соншалықты, көз жасымды төгіп жібердім. Анамның тез жазылғанын қалағаным соншалықты, бұл өзінше медитациядан кейін, бір өзгеріс болар деп ата-анамның бөлмесіне жүгірдім. Әкем жазу үстілінде бірнеше қағаздармен жұмыс жасап отырды, ал анам ұйықтап жатқан еді. Қабағы аздап қатулы. Ұйқы кезінде де белінің ауырғаны байқалады. Өз бөлмеме оралып: «Мүмкін менің жалғыз күшім азырақ болған шығар. Әрине әрі қарай да бұл «денсаулық матрицасын» жалғастыра беремін, бірақ бұл іске Сэнсэй қосылса керемет болар еді. Сол кезде аурудан айығуына нақты кепіл болар еді деп ойладым. Сэнсэйдің қуатты рухани күші, ішкі мықты сенімі мен осыншалықты білімі, мені тек ой күшімен ғана ажалдан аман алып қалса, ол үшін мүмкін емес нәрсе жоқ шығар. Келесі жаттығуда сөйлесу керек. Ол мейірімді, ол көмектеседі», - деп ойладым. Осындай жақсы ойларыммен ұйықтап кеттім. Келесі күні анаммен бірге сынықшыға бардым. Генерал бізге қамқорлық жасап өзінің қара «волга» автокөлігі мен жергілікті жерді әрі жолды жақсы білетін жеке жүргізушімен қамтамасыз етті. Біздер жолда келе жатқан кезде Володияның «жоспарына» ұқсайтын, қиялымда қартайған сынықшы, анамды тексеріп, қате кеткендігін, денсаулығы сап-сау екендігін айтып жатқанын елестеттім. Осы уақытта көлік жүргізушісі, біздер рухани медитацияға баратын ауданға бұрылғанын байқадым. «Таныс жерлер, - дедім ішімнен күліп. – Тіпті шеткі аудан болса да, өзінің адамдарымен танымал». Және тағы да өзімнің қалаған тілегіме ойымды жинақтадым. Біздер белгісіз бір жеке секторға келдік. Сынықшының адамдарды қабылдайды-ау деген үйін алыстан байқадым. Дәлірек айтсақ, үйдің өзін емес, шағын жинақы үйдің жанына жиналған көп адамдарды. Адамдар өте көп болды. Жүргізуші көлікті басқа көптеген автокөліктер арасына әрең тұраққа қойды. Және өзінің кәсіби көзімен көптеген көліктер басқа облыстардан бөлек, тіпті басқа республикалардан келгенін байқады. Бұл шеткі ауданның соншалықты танымал екендігі мені қатты таңғалдырды. Адамдар тығыз қабырға секілді жалпы кезекті күтіп тұрды. Біздерге тіпті қара «волгамен» келгенімізде көмектеспеді. Қанша тырысқанымызбен көпшілік арасынан өте алмадық. Барлығы секілді кезек алуымызға тура келді. Бұл кезде анам автокөлікте жатқан еді (белінің ауырғанынан көлікте отыра алмай). Біздің кезектегі нөмеріміз төрт жүз жетпіс үш болды. Бірақ анамның қатты ауырғанын білген адамдар, бұл аурумен сынықшы кезексіз қабылдайтынын айтып, алдыңғы жақтағы басқа кезекке тұру керек екендігін айтты. Кезексіз тұрған елу шақты адамға қосылуға асықтық. Анам үшін тіпті аяғымен аз да болса тұра алатын адамдар орындықтарын да тауып берді. Бәріміз күттік. Осыншалықты көп халықтың болуы мені таңғалдырды, тіпті аздап сасқалақтап қалдым. Кезекте ата-әжелерден бастап балалары бар мүлдем жас, әр жастағы адамдар. Алдыңғы қатарда, өте кішкентай, еметін баласымен кезек күтіп тұрды. Туылғанына бар-жоғы бес күн болса да, «плексит» - қолы көтерілмеген қандай да бір босану патологиясы деп айтқан. Бір сөзбен айтқанда бұл жерге мен ешқашан естіп көрмеген әртүрлі омыртқа ауруларымен ауырған адамдар жиналған. Анамның қасында отырған әже, сынықшы (костоправ) жиырма әйел адамды, жиырма – ер адамды, кейін он кезексіз тұрған адамдарды қабылдайтынын айтты. Егер жағдай осылай болса, анамның денсаулығын жақсартатын медитациямды жақсылып жасауға үлгеремін деп ойладым. Он минут бойы табанды жасауға тырыстым. Бірақ ойымды дұрыс жинақтай алмадым, себебі кезектегі тоқтаусыз әңгімелер тыныштықты бұзып, «шулы кедергілер» тудырды. Тіпті мен де еріксіз әңгімелерін тыңдай бастадым. – Ал бізде басымызға қайғы бұлты үйірілді, қандай қайғы болды, - деп он бес жасар қыздың қасында тұрған жасы келген әйел сөйледі. – Тіпті еске алудың өзі қорқынышты. Бұл әлемде ауру балалы болғаннан асқан қайғы жоқ. Ал менің немеремде қорқынышты кифосколиоз ауруы болған, нағыз табыт дерсің. Дәрігерлер өмір бақи мүгедек болады деп болжаған. Қызым мектептен әркез жанары жасқа толып келетін. Бет жүзі көрікті болсада, құрдастары «ұсқынсыз» деп мазақтайтын. Біздер қай жерге бармадық, қандай дәрігерлерге көрсетпедік, тіпті экстрасенстерге дейін апардық, бәрі зая кетті. Үмітіміз қалмады. Тіпті бірде Құдайдың көмегімен қызымызды дарға асылайын деп жатқан сәтінде құтқарып қалдық. Ол көзі жасқа толып, осындай өмірдің керегі не, себебі өзін ешқашан ешкім жақсы көрмейді деді. Ол жылайды, біздер қосылып бірге жылаймыз, осындай қайғы, сөзбен жеткізу мүмкін емес... Әйел адамның дауысы дірілдеп, домалақтанған көз жасын сүртті. – Керек емес әже, - деді немересі. – Барлығы артта қалды емес пе. – Иә, сонымен сол күні... шіркеуге барып Құдайға құлшылық жасадым. Ал келесі күні жаңадан келген газет бетінен біздің сынықшы туралы мақаланы көрдім. Әрине біздер басында осы дәрігерге баруға, тағы бір дәрігерге қыз баласын тапсыруға күмән келтірдік. Себебі оны көптеген мамандар қарап шыққан. Бірақ... осы соңғы оқиғалар... Ақыр аяғы Құдай бізге тағы бір мүмкіндік берсе, одан бас тартпау керек деп шештік. Әрі қарай жаман болуы мүмкін емес еді... Біздер толқыныспен қабылдауға келдік. Бірақ кезектегі адамдар ол туралы жақсы сөздер айтты. Және қабылдауға кірген кезде, көздерін көріп, неге екенін білмеймін барлық күмәнім жоғалды. Оның сәуле шашқан көгілдір (көк) көздері, жаныңды тыныштандырар мейірімді көзқарасы, жүрегіме соншалықты жылы тиді (немесе жүрегімдегі ауырлықты алды)... – Иә, - деді басқа бір әйел адам. – Шыныменде көздері ерекше, соншалықты түпсіз тұңғиық. Сен туралы барлығын біліп, ауруыңды сезетіндей. – Менде осындай көздерді өмірімде ешқашан кездестірмегенмін, соншалықты сабырлы, ақылды, – деді қасында тұрған жас келіншек. Айтылған сөздерге келісіп әйел адамдар бастарын изеді. – Ал оның сондай жағымды, әуенді дауысын айтсаңшы, тыныштандыратын сөйлеу мәнері бар. Және барлығымен сыпайы сөйлеседі... – Онымен әңгімелессем болды, көңіл-күйім жақсарады. Осынша бастан кешкен ауыртпалықтардан кейін тіпті өмір сүргің келеді екен. – Менде де осындай сезім болады. – Жақсы адам дегеніміз, міне осындай болады. Осы сөздерді естіп жүрегім дір ете қалғандай. Мен нәтижесіз ой жинақтауымды тоқтатып, әңгімені мұқият тыңдай бастадым. – Менде соны айтамын, - деп әлгі жасы келген әйел адамда сөйледі, - Ерекше үміт сыйлайтын бір қасиеті бар. Қызыма қарап тұрып арқасын түзейтінін айтты, бірақ дұрыс жүріп және нақты айтқандарын орындауды сұрады. Ол сөздері қызымды қалай жандандырғанын елестете де алмайсыздар. Біздер ұзақ уақыт, бір жылдай емделдік. Ал біздер басқа облыста тұрамыз. Кей кездері ауа райы қолайсыз, енді бірде жету қиынға соқты, бірақ Анютам әрқашан баруды сұрады. Оның мақсатты болғаны соншалықты, біздер тек қуанып дұға жасаумен болдық. Қызым үйде сынықшы айтқан емдік гимнастиканың барлық кешенін мұқият орындады. Және бір жылдан кейін арқасындағы өркешінің (горба) ізі де қалмады! Сіздер мұның қандай бақыт екенін елестете де алмайсыздар. Анютам гүлдей құлпырып, көп «күйеу балалар» пайда болып, артынан жігіттер топ-тобымен жүгірді... Енді міне тексеріс бақылауына келдік. Ой! Құдай денсаулығын мықты қылсын. Оның алтын қолдары кереметті жасады! – Иә, қолдары алтын, - деп жас шамасы қырықтарға келген әйел растады. Сөздің тура мағынасындағы шын кәсіби маман. Құдайдың берген таланты мен нәзік медицина білімін ұштастырған маманды кездестіру өте сирек жағдай... Мен он жыл бойы бас ауруымен арпалыстым. Үлкен таныс-тамырлықпен қандай емханаларда жатсам да, нәтижесі нөл; ұйқысыз түндер мен бас ауруынан естен тануға дейін... Ал екі жыл бұрынғыны еске алу тіпті қорқынышты, мен жүруді қойдым. Аяқ пен белдегі қатты ауырсыну, ішкі жан дүниеңнің абыржуы мен әлсіздігін жауыңа да тілемейсің. Тағы да ұйқысыз түндер, уколдар, ал нәтижесі жоқ. Табиғатымнан батыл және әрқашан көшбасшы болсам да, ауру мен азаптан шарасыздықтың қорқынышты минуттары да басымнан өтті. Күтпеген сәтте бар өмірім тоқтап, барлығы қатып, ауру мен азап қана қалғандай. Дәрігерлер әрине ота жасауға итермеледі. Және ота жасаудан басқа еш нәрсе көмектеспейтінін айтып сендіріп бақты. Бірақ сауығуыма еш кепілдік бере алмады. Бір сөзбен айтқанда өмір бойы мүгедек болу... Міне осы кезеңде анам келіп, біздің сынықшы туралы айта бастады. Мені сынықшыға баруға көндіре бастады. Өз дәрігеріммен ақылдастым, бірақ олар әлемде ешкім, тіпті әйгілі дәрігерлердің өзі омыртқа дискісі грыжасын, оның үстіне тіпті мойын грыжасын хирургиялық жолсыз емдеп жаза алмаған деп бетіме күлді. Өзіңіз біліңіз, қаласаңыз барыңыз, бәрібір бізге қайтып келесіз. Бірақ анам бәрібір өз сөзінде қалды. Мен бұл жерге келген кезде, дәрігерлердің осындай «үкімінен» кейін еш үмітім болмады. Бірақ, алғашқы емнің жеті күнінен кейін, аяғымдағы бір башпайым (саусағым) қозғала бастады және ауырсынуым аздап жеңілдеді. Міне сол кезде аурудан жазылатыныма сенімім пайда болды, бірақ сынықшы бірінші күні-ақ: «Қиын әрі ұзақ болады, бірақ емдейміз» деп айтқан. Әрі қарай күн сайын аздаған, бірақ тұрақты түрде жақсы өзгерістер пайда бола бастады. Біртіндеп өзім киініп, аз-аздап жүре бастадым. Жарты жылдан кейін өзімнің қалыпты адам өміріме келдім. Енді міне емімді соңына дейін жеткізудемін. Бұл қорқыныштың аяқталып, мен үшін сәтті бұрылғанына өзім де сене алмаймын. Осындай күрделі ауыр және қорқынышты ауруды отасыз емдеу – шыныменде ғажап, керемет! Қалыпты өміріме келген кезде, өз қалама келіп, дәрігерлеріме нәтижемді көрсетуге арнайы бардым. Ал олар сенбей, қолдарын сілтеді. Және сенесіз бе араларындағы бірде-біреуін менің осындай нәтижеге қалай жеткенім қызықтырмады. Дегенмен барлығы бір кездері бірауыздан мұның мүмкін емес екендігін айтқан... Міне осы білімді, емдеуге енгізіңдер. Қаншама адамға көмектесуге болады! Жоқ, бос тәкаппарлықтары мүмкіндік бермейді... Өмірімнің соңына дейін Игорь Михайловичке алтын қолдарымен барлық жасағаны үшін алғыс айтып өтемін! Ал қаншама халықты аяғынан тұрғызды. Мен бұл жерге келіп-кетіп жүргенімде талайын көргенмін. Адамдар бұл жерге шыныменде ауруымнан айығамын деген соңғы үмітімен келеді. Әлгі профессорлар мен дәрігерлер де өздерінің балалары мен немерелерін алып келеді. Сынықшының атын естіген кезде денем дір ете қалды. «Шыныменде ме... Мүмкін емес!» - деп өз ойларыма шатастым. Ішім түгел қысылып, біріңғай есту мүшесіне айналғандай. Осы сәтте кезек жаңа толқынмен гуілдей жөнелді. – Иә, жүрегі кең адам, - деп белгісіз бір әйел адам сөйледі. – Адамдардың айтуы бойынша арғы атасы Орловщинада атақты сынықшы болған. Ауруды қатесіз дәл анықтайтын Құдайдың сыйы қонған деседі. – Біздікі де қуатты, қарағаны (тексергенде) рентген секілді. Менде омыртқа дискісі жылжыған, ал ол бірден 6 мм екенін айтты. Ал кейін медициналық түсірілім жасадық және нақты – бәрі сәйкес келді. – Себебі, оның қолдары өте сезімтал. Адам нервісіне ұқсас баланың бір тал шашын, қырық парақ (бет) қағаз арасынан табады деп оқығанмын. Бұл тәжірибені журналисттер жасаған. «Мұны нерв қысылған жерін дәл тауып, қолдың күшімен қысылғаннан босатумен бірдей деп айтады». – Мұндай адамның болғанына Құдайға шүкір. Осы сынықшыға әкелгеніне Құдайға шүкіршілік, - деп өзінің Анютасы туралы айтып жатырған әйел адам шоқынды. – Ал сіздер білесіздер ме, былтырғы жылы осы сынықшыға остеохондроз ауруымды емдеткенмін, - деп шашы ағарған үлкендеу әйел адам сөйледі. – Осы жылы ауыр көтеріп, белімді тағы да ауыртып алдым. Қатты ауырғаны соншалықты екі түн көз ілмедім, еш нәрсеге мазам болмады. Тек жаныма батқан ауру ғана... Осылай есімнен тандым ба немесе бар күшім сарқылды ма, кешкісін мүлдем талып қалдым. Және сынықшы түсіме еніп, басымнан сипап: «қорықпа қазір жеңілдейді, ал ертең маған кел, барлығы жақсы болады», - деді. Сіздер қалай ойлайсыздар, ауруым сәл басылып, таңертең мүлдем басқа адам болып ояндым. Қазір үшінші сеансымды қабылдап жатырмын, кәдімгідей жазылып қалдым. Әйтпесе жанымды қоярға жер таппадым... Бірақ бір қызығы, түсімде сынықшының шашы иығына дейін төгілген еді, періштенікі секілді, көздері соншалықты өте-өте мейірімді... – Иә, шашы шыныменде ерекше, аққұба түс өте сирек кездеседі. – Иә, ол болмаса біздер не істер едік. Шыныменде, Құдай бізге періштені жіберген шығар. Осы сөздерден кейін орындықтың шетінде ұйықтап жатқан кәрі кемпір, бәрімізге күтпеген жерден қарлыққан даусымен: – Періште емес, Архангелді, - деді де, қайтадан өз қорылына басты. Бұл сөздер жиналған топты сөзсіз таңғалдырды... Осы сәтте, көзінің айналасындағы қара түске қарағанда кенші болуы керек, ер адам шыдай алмай: – Періште болмаса Архангел екенін білмедім, бірақ нағыз ер азамат! Құдайға сенбесем де, ол мені аяққа тұрғызды. – Менде сенбегенмін, - деп мығым денелі ата сөзге араласты. – Отыз жыл бойы партия билетімен жүрдім, - ал енді міне, - деп киімінің ішінен жіпке байланған крестті көрсетіп, - креспен жүремін, - деді. Ал барлығы бір жағдайдан кейін болды. Оны ғасырлар өтсе де ұмытпайсың... Ол кезде зауытта, домна пешінің жанында жұмыс жасайтынмын. Естен кетпес сол күні ауысымға баруым керек еді. Түнде біздің Михалыч түсіме еніп: «Ертең міндетті түрде менде бол, жұмысқа барма. Жұмысқа барсаң – кері оралмайсың», - деді. Оған дейін сынықшыда емделгенмін, ол кездері емделуімнің үзіліс уақыты еді. Таңертең тұрғанда белім ауырды. Мүмкін түнде де ауырған шығар, сол себепті түсіме енген шығар деп ойладым. Жұмысқа баруға дайындалып жаттым. Кейін, қазір жұмысқа барсам ауыр заттарды көтеру керек, ол маған қайда деп ойладым. Ол жақта үлгіні алам дегенше барлығын өзіңе төгесің. Сынықшыға барамын деп шештім. Жұмыстан сұрандым. Сенесіздер ме, сол күні бізде, домна пешінде жарылыс болып, менің бригадамның барлығын дерлік жер жастандырды. Егер сол кезде қайнаған жалынның қасында менде тұрсам... Осының барлығын қарапайым пендеге қалай түсінуге болады... Барлығын Михалычке айтқым келген, бірақ ол саусағын ерніне апарып, үндемеуімді меңзеді. Осымен бітті... Бұл жағдайдан кейін Құдайға қалай сенбейсің. – Ой білесіздер ме, менің көршімде де осыған ұқсас жағдай болған, - деп жасы отыздар шамасындағы әйел әңгімеге қосылды. – Айтпақшы ол маған сынықшының мекен-жайын берген. Ол да бір кездері осы сынықшыда емделген. Естеріңізде ме, осы жердікі болсаңыздар, әлгі кен орнындағы жарылысты? Оны бір кездері құрылыс үшін деп көмген. Айтуынша: «Көмілген топырақта, тас қараңғылықта жалғыз жатырмын. Тірідей көмілгендей қорқынышымды айтып жеткізу мүмкін емес. Жақындарыммен, өміріммен де қоштастым... Көз алдыма тұман арасынан шыққандай біздің сынықшының бейнесі пайда болып, өзінің салмақты әрі әуенді даусымен: «Қорықпа, еш қорықпа. Саған әлі өлуге ерте. Сені құтқарғанша қасыңда боламын...». Ал оянған кезінде, құтқарушылар үйіндіден шығарып жатыр екен. Және жалғыз өзі ғана тірі қалған. Бұл жағдайдан кейін біздің көрші (ер адам) мүлдем өзгеріп кетті. Құдайға сеніп, арақ ішкенін қойды. Бала-шағасы мәз-майрам. Нағыз әлемдік ер азаматқа айналды. Осы сәтте кезек алға қарай қозғалды. Жол берген көпшіліктің арасынан ақ халатпен... Тіпті таңғалғанымнан қолымдағы сөмкемді түсіріп ала жаздадым. – Сэнсэй, - деп ақырын сыбырладым да, келесі сәтте бар даусыммен айқайлап жібердім. – Сэнс... ой, Игорь Михайлович!!! Сэнсэй бұрылып, мені көріп, келуіме белгі берді. Мен кезек күткендер арасынан әрең өттім. Жүрегім кеудеме сыймастай соқты. Менімен амандасып: – Сен бұл жерде не істеп жүрсің? Не болып қалды? – деп сұрады. – Анамның белі қатты ауырып қалды... Біздер тыныш жерге барып, Игорь Михайлович темекісін тартты. – Бізге әкемнің генералы осы мекен-жайды берді, - деп бір деммен «мемлекеттік құпияны» айта салдым. – Тіпті өзінің «волгасында» берді. – Сэнсэй көлік тұрған жаққа қарады. – А, Александр Васильевич... Оның денсаулығы қалай? – Әкемнің айтуы бойынша, еш қиындықсыз жүгіріп жүргеніне екі жыл болған. – Жақсы. Ал анаңа не болды? Мен бар білгенімді толқығаннан түсіндіруге қолдарымды да қосып, барлығын мұқият айта бастадым. Сэнсэй мені тыңдап болғасын: – Ендеше анаңды ал да менімен бірге жүр, - деді. Мен қуана анама жүгіріп, Игорь Михайлович бізді кезексіз қабылдайтынын айттым. Анам әрине қуанды және таңданысында да шек болмады. Орнынан ауыр тұрып, біздер қайта келе жатқан сынықшыға қарай беттедік. – Бұл біздің Сэнсэй, Игорь Михайлович, - деп ерекше мақтанышпен анама таныстырдым. Біздер күткен адамдарға лық толы үйдің түпкі бөлмесіне бардық. Қабылдау бөлмесінде кереует, бұрышында от жағатын кішкене шіркеу белгішесі тұрды (иконка). Бөлмеден шығып бара жатып Игорь Михайловичтің анамның арқасына еңкейіп, омыртқасын қолымен тексеріп жатқанын көрдім. көрші бөлмеде, перденің ар жағында тұрып, Сэнсэйдің: – Білесіз бе, сіздің мәселеңіз өте күрделі. L4 - L5 сегментінде 7 мм-ге дейінгі дорсолатеральды пролапс (дорсолатеральное пролабирование), бұл омыртқа аралық тесіктің стенозын тудырған, нәтижесінде жұлын түбірі қысылған. – Қарапайым сөзбен айтсақ, бұл қалай? – Бір сөзбен айтқанда, омыртқа дискісінің грыжасы. Дискінің бүлінуі салдарынан оның секвестрлары, яғни бөлшектері (бөліктері) омыртқа каналының, омыртқа тесіктері бағытына қарай түсіп (құлап), жұлын түбін қысып тұр. Және осы ауырсынуды тудырған. Бұл әрине күрделі, бірақ емдеуге болады. Қалың перденің артынан омыртқаның аздаған сықыры мен қол соққандағыдай біртүрлі дауыстар шықты. Бірнеше уақыттан кейін Сэнсэй анама киінуге көмектесуге шақырды. Келесі емге келісіп, біздер қоштасып көлікке қарай баяу қозғала бастадық. – Ал қалай? – деп анамнан сұрадым. – Шыдауға болады, - деп жауап берді. Үйге қайтар жол бойы Сэнсэйді ойлап тыныштала алмадым. Мен оны кез-келген: физик, химик, философ, тарихшы, шығыстанушы, физиолог деп есептейтінмін. Бірақ жай ғана сынықшы болу – бұл тым артық еді! Тіпті қарапайым емес атақты сынықшы болсын... Сонда да өзінің осыншалықты білімінің мүмкіндігімен, ерекше қабілетімен, тіпті болмаса кіршіксіз таза адамгершілігімен, атағы жер жарған ғалым, саясаткер болуына болар еді... Өзінің білімінің деңгейіне сай, қоғамның жоғарғы немесе төмен сатыларында кім болғысы келсе де болар еді... Өзінің потенциалын неге ысырап етуде?! Егер анамның жағына аргумент болмағанда, миым ұзақ уақыт қарсыласатын еді. Осы кезде, бұл түптегі айналма жолдардың бірімен өтіп бара жатып, революцияға дейінгі салынған, жартылай құлағалы тұрған шіркеудің жанынан өттік. Менің ойларым мәңгілік туралы, Құдай туралы, сенім туралы, Ұлылар туралы ойға ауысты. Осы кезде мен түсіндім: «Сэнсэй шыныменде адамдарға көмектесіп жатыр! Өз қолымен аурудан қиналған тәндерді, азап шеккен қаншама рухты, мыңдаған адамды емдеп, денсаулықтарын, сенімі мен өмірдегі қуаныштарын қайта қалпына келтіріп жатыр... Құдайым-ау, Ұлылардың барлығы осылай жасаған емес пе! Әрқайсысы адамдарға ашық жүрегімен келіп, жақсылық жасаған! Иә Сэнсэй бұл туралы бір кездері еске салған... Шыныменде Ол... Ал керек болса!». Болжамдарымды растайтын барлық сәттерді асығыс еске түсіре бастадым. Ал үйге келгесін күнделігімдегі Сэнсэйдің тұлғасына қатысты жазылғандардың барлығын қайталап оқып шықтым. Иә оның сынықшы болуы, менің санама дәлелдейтін логикалық тізбектердің негізгі бөлігі болып шықты. «Себебі ең бастысы – ол адам тәні мен жанын емдейді. Сондықтан өте көп халықпен сөйлесу арқылы, әрқайсысының нақты тағдыры, мәселелері, аурулары бар халықтың көңіл-күйін, олардың өмірге деген көзқарасымен, рухани даму деңгейін, кез-келген саясаткеріңнен жақсы біледі. Себебі Бодхисатваның жердегі өміріне бұдан артық ең жақсы мамандықты ойлап табу мүмкін емес». Осындай ашылған жаңалықтан денем тітіркеніп, көкірек тұсым спиральша айналған толқындармен дірілдеді. Бірақ ойларымның бұл сапырылысы басылған кезде, санамды «дұрыс ойлау» (здравый смысл) басуға асықты. «Ал бірақ басқа жағынан қарасақ, - деп ойладым, - оны неге соншалықты көкке көтеремін? Мүмкін осының барлығы – менің жай ғана қиялым шығар. Шаршадым, толқыдым, кезекте тұрып әртүрлі әңгімелерді естіп, қияли тұжырымдар жасауыма әкеліп соқты... Иә таланты мен мүмкіндігі болғасын адамдарға көмектеседі, онда тұрған не бар? Әлгі кезектегі әйел айтқандай, ол жай ғана – өз ісінің шебері. Бар болғаны осы. Сырттай қарасаңда барлық адамдардың жүзіне ұқсас, келбеті де қарапайым адам. Басқаларынан ешқандай сыртқы өзгешелігі жоқ. Барлығы сияқты...» Осы сәтте өзімнен «дұрыс ойлаудың» (здравого смысла) теориясын қаншалықты дамыта берген сайын, Сэнсэйдің осындай талант пен мүмкіншілікке ие екеніне, оның менде болмағанына жақсы емес, белгісіз ашу мен қара көреалмаушылықтың бойымда соншалықты күшейе түскенін байқадым. Және өз ойларымның осыншама ластығын көріп, тіпті өз-өзімнен қорқып кеттім: «Стоп, стоп, стоп! Бұл дауылды тудырып жатқан кім? Жолдастар, бұл мен емес! Ал рух осылай жаман ойлайды ма? Жоқ. Ол мейірімділіктің өзі емес пе. Ал бұл лас ойлар қайдан келді? Бұл менің пікірім емес. Бойыма ашу мен жеккөрушілікті тудыратын, қайта-қайта келетін түсініксіз, бойыма сіңдіруге тырысатын сыртқы ойлар... Бұл хайуани негіздің инстинктісі!» Осы сәтте өзіме түпкілікті ренжідім: «Олар (ойларым) мені қаншалықты мезі қылды! Қашанға дейін ақымақ, қыңыр хайуан болуға болады?! Шаршатты. Жай ғана шаршатты. Осылайша бар өмірім зұлым ойлар мен бос әурешілікпен (тщеславии ) өтеді...» Осы кезде басыма басқа бір ой келді: «Ал мүмкін біздер өзіміздің үлкейген өзімшілдігімізден (эгоцентризм), Тағдырдың берген керемет мүмкіндігін байқамайтын шығармыз. Түнекте ғасырлар бойы адасқан рухымыз үшін, мұндай мүмкіндік мың жылда бір-ақ рет келетін шығар. Ашу мен көре алмаушылығымыздан нені көрмегенімізді кім білсін... Құдайым-ау, неліктен біздер соншалықты көр соқырмыз?! Неліктен жоғалтқан кезде ғана, оның шын бағасын түсіне бастаймыз? Неліктен Ұлыларды тек дүниеден өткеннен кейін ғана түсінеміз? Міне, Исаны да біреудің үлкейген өзімшіл мақтаныш сезімімен (раздутой мании величия) және біздің тобырлық өзімшілдігіміздің (эгоцентризм) кесірінен ағашқа шегеледі. Ал қандай Ұлы Адам десеңізші, көп адамдардың рухы үшін қаншама игі істер жасар еді. Ол тірі болып, адамдардың жүрегі аз да болса ашық болған кезде, адамзат өркениеті өзінің дамуында соншалықты үлкен серпіліс жасап, өте алыс болашақтағы ұрпақтары, яғни біздер баяғыда-ақ бірлігі жарасқан, шекарасыз және мемлекетсіз, зорлық-зомбылық пен терроры жоқ, бейбіт әрі жарасымды еркін қоғамда өмір сүретін едік... Жоқ, олай болмады. Тіпті Иса өмір сүрген заманда да оның шын қадірін түсінгендер аз болды. Ал мүмкін көпшілігі Оны, өздерінің хайуани бос әурешілігі, өсегі, немқұрайлығы, жеккөрушілігімен мазақ етіп, көре алмаған шығар. Есесіне, Ол дүниеден өткеннен кейін барлығы бірден сене қалды! Тіпті болмаса, біздің заманымыздың атақты тұлғаларын алайық. Оларды қай кезде мойындады? Көп жағдайда дүниеден өткеннен кейін. Олар туралы тіпті тірі жүрген кездерінде де біраз ластық жасағандардың өздері, тек жақсы сөздер айтады. Өз ойларымен осындай қарсыластан құтылғанына қуанатын шығар. Міне нағыз хайуани табиғаты. Қашан ұйқымыздан оянып, тәнімізбен емес, жанымызбен ойланатын уақыт келер екен? Сол кезде бар әлем өзгеріп, мүлдем басқаша болар еді! Осыны жар салып бар әлемге айқайлағың келеді. Бірақ одан не пайда?! Айқайлаудың қажеті жоқ, іспен дәлелдеп, бірінші өзің өзгеруің керексің. Және бұл паразиттерді ақылыңа, сана алаңына жақындатпауың керек. Иә, осыны көпшілігіміз түсінсек, мүмкін сол кезде біздер, көпшілігіміз табиғат бізге соншалықты сирек жіберетін ғұламаларымызды қадірлеп, құрметтейтін шығармыз! Ұлы классик айтпақшы: «Табиғат-ана, егер бізге осындай адамдарыңды мүлдем жібермесең, өмір ағыны өшіп қалар еді»». 34 Келесі күні, кезекті рухани сабағымызға барар жол бойы, балаларға Сэнсэйдің атақты сынықшы екенін, қабылдаудағы көрген-естігенімді айтып, керемет жаңалығыммен бөлістім. Бұл олар үшінде күтпеген жаңалық болды. Біздің қасиетті алаңға барлығы дерлік жиналған. Сэнсэй барлығымен амандасып, менен сыпайы түрде анамның өзін қалай сезінетінін сұрады. – Рахмет, сәл жақсарды. Әрине әлі қатты ауырады. Бірақ бүгін әйтеуір тыныш ұйықтады. – Бұл жақсы. Ештеңе етпейді, біртіндеп денсаулығын қалпына келтіреміз. Мен оған тіпті күмән келтірген жоқпын. Шынымды айтқанда, барлығының осылай болғанына өте қуанышты едім. Менің сүйікті анам үшін Сэнсэйден асқан жақсы дәрігерді қалау мүмкін емес еді. Ендігі менің жаным тыныш болды. – Ал сіз білесіз бе, - деп сөзімді жалғастырдым, - сізді көріп қатты таңғалдым. Сынықшылықпен тек қаусаған аталар мен әжелер ғана айналысады деп ойлайтынмын. – Көбісі осылай ойлайды. – Неліктен? – Себебі адамдар арасындағы сынықшылықта нағыз білім мен тәжірибе жылдар салып келеді, яғни қартайған шаққа таяу. Менің байқағаным «сынықшы» деген сөзге Николай Андреевичте, үлкен балалар да еш таңғалмады, мүмкін бұрыннан білетін шығар. Сэнсэйдің көздеріне таңдана қарап: – Айтыңызшы, сенімнің көмегімен омыртқа ауруларын емдеуге болады ма? – деп сұрадым. – Сенім тау қопарар күшке ие, омыртқа оған не тұрыпты. Бірақ шын сенімге әрбір адам ие деп айтуға әлі алыс. – Неге? – Күмән туады, хайуани негізі басады. Сол себепті адамға шын сенімге ие болу өте қиын. Дегенмен санасын рухы билеген адам үшін – бұл өте оңай. – Ал егер адам «соқыр» сеніммен емделетініне немесе жақын адамының сауығатынына сенсе, емделуі тез болады ма? – Әрине, емделуі тез жүріп қана қоймай және анағұрлым тиімді болады. – Кешіріңіз, - деп сөзге Николай Андреевич араласты. – Сізден көптен бері сұрағым келіп жүр еді, неліктен осы мамандықты таңдадыңыз? – Енді, қалай айтсам болады екен, - деді Сэнсэй. – Кез-келген адам секілді, менің алдыма мамандық таңдау сұрағы келген кезде, мен ойландым. Бірақ, әлемде адамдардың денсаулығын қалпына келтіруден ең жақсы не бар, әрі ағзада мидан кейінгі ең күрделісі омыртқа екендігіне келісетін шығарсыздар... Ал омыртқа дегеніміз не? Сіздер оның нервтік байланыстарының анатомиялық бейнесін қараңыздар – өзінің тәжімен бас миына, ал тамырларымен адамның әрбір ішкі ағзаларымен байланысқан «өмір ағашы» емес пе. Бейнелі түрде айтатын болсақ, бүкіл организмді «нәрлендіріп» тұрған «өмір ағашы». Құдай басқа бермесін, егер омыртқада қандай да бір ақау болса, ішкі ағзалардың жұмысы мен организмге толықтай бірден әсер етеді. Себебі барлық аурулардың болмашы түрінен «өлімге жеткізетін» түріне дейінгі тоқсан пайыздан астамы, омыртқа функциясының бұзылуынан пайда болады. Бұл мәселе (ауру) әрбір адамның өмір жолында кездеседі деп айтуға болады... Бүгінгі күнге дейін омыртқа ғылым үшін құпиялардың құпиясы. Ол да бас миы секілді аз зерттелген. – Иә, жалпы солай, - деді Николай Андреевич. – Егер шынымды айтсам бұл туралы ешқашан ойланбаппын... Бірақ ол организмдегі ең маңызды әрі ең күрделі орган, сондықтан менің ойымша оны емдеуге үлкен білім қорың болуы керек. – Бұл өз алдына. Омыртқа – өте қызықты, мінсіз биомеханикалық құрылым (структура). Оны емдеу – үлкен жауапкершілік, себебі бұл жерде диагнозын дәл тауып, ақпаратты, жасын, салмағын және көптеген факторларды дұрыс оқып, кейін дұрыс шешім қабылдап және әсер ету күшінің «дозасын» дұрыс есептеуің керек. Себебі бұл өзінше бір микроота (микрооперация) жасау секілді. Тек айырмашылығы пышақпен кесусіз. Оның үстіне эксплуатация процесі кезінде ревитализация жүретінін де ескеру керек. Сынықшылық (Костоправство) – өте қиын мамандық. Бұл жерде адам: биомеханика, анатомия, патология, генез, морфогенез, физика, жасушалардың химизмі сияқты білімдерді терең білуі керек. Қысқасы, адам вертебрологияны жетік білуі әрі түсінуі керек. – Нені, нені? – деп Руслан қайта сұрады. Брология дегеніміз не? – Брология емес, вертебрология, - деп Сэнсэй күлімдеп жауап берді. – Бұл омыртқа туралы ғылым, оған осы ғылымдардың барлығының жиынтығымен қоса омыртқа туралы ерекше білімдер (специфические знания о позвоночнике) кіреді. – Қандай ерекше білімдер? – деп Николай Андреевич қызыға сұрады. – Бұл жерде вертеброгенді патологияны (вертеброгенных патологий) қолмен емдеудің (мануальная терапия ), остеопатияны, хиропрактиканы және тағы басқа әдістері мен нәзік тұстарын жетік меңгеру қажет. Яғни алдыңғы буын сынықшылардың тәжірибесін білу. Себебі сынықшылық – біршама ежелгі әрі қызықты мамандық және онымен қоса әрине көптеген адамдармен сөйлесу, - деп қосты Сэнсэй. Басқаларын қайдам, бірақ Сэнсэйдің соңғы сөзінен, оның осы мамандық таңдаудағы негізгі себебі екенін жақсы түсіндім. Мен оған жүз пайыз, абсолютті сенімді болдым. Осы кезде Сэнсэй әңгіме арнасын медитацияға бұрды. Біздер үйдегі нәтижелерімізді талқылап, кейін бар ынтамызбен барынша өзімізбен жұмыс жасап, аздаған қадаммен, өзіміздің алыс арманымыз – Адам болуға жақындай түстік. 35 Мен күндердің қас-қағым сәтте өтіп жатқанын байқадым. Және бар шаруама уақыттың кәдімгідей жетпей жатқанын сезіндім. Тіпті барлығына үлгеру үшін бірнеше үйірмелерге қатысуымды да тоқтаттым... Ал біздің сабақтарымыз бен (рухани сабақ) жаттығуларымыз өзінің жаңашылдығы әрі қайталанбас ерекшелігімен бізді қуантуды жалғастыра берді. Кезекті жаттығуда Сэнсэй бізге жаңа тақырыпты түсіндіре бастады: – Біздер бүгін, ішінара тайцзицюань ұрыс өнері стилімен танысамыз. Ол «ушу» мектебінің жұмсақ бағыты болып есептеледі. Бұл ұрыс стилі Уданьшань тауларында орналасқан Қытайдағы әйгілі ғибадатханалардың бірінде пайда болған. Бір қызығы, жергілікті таулар ертеректе Ұлы Тыныштық таулары деп аталған. Бірақ бір күні ол жерге Дао-ға жеткен (Даосизмде Ғаламдағы барлық нәрсе қалыптасатын, ішкі құдіретті күш және бастапқы, негізгі субстанция) күндізгі ашық аспаннан бір адам түскен, оның есімі Чжэнь У еді. Соның құрметіне тауды Уданьшань деп атаған. Аңыздардың біріне сүйенетін болсақ, XII ғасырда ол ғибадатханада Чжан Саньфэн монах (ғибадатшы) өмір сүрген. Бірде ол ауладан түсініксіз шуылды естіп, терезеден көз салады. Монах бір-біріне қарап тұрған ағаштағы сауысқан (сорока) мен жердегі жыланды көрген. Жыланға шабуыл жасау үшін ағаштан ұшқан сауысқанға (сорока), жылан оған тез басын қаратып, сауысқан тістей алмайтындай бұрылған. Оларды бақылап тұрған Чжанның ойына: қарсыласты шабуылынан жалтару арқылы жеңуге болады деген түсінік келген. Басқа бір аңыздарды айтатын болсақ, оның түсіне Чжэнь У-дің өзі еніп, осы даналықты айтқан. «Әулие жеткізді, кемеңгер түсінді» деген мақал секілді (Святой передал, мудрый понял). Жауынгерлік өнердің негізгі қағидаларын ұғынған Чжан Саньфэн, көп жылғы жаттығуларынан кейін, «ұлы қайта бөлу» (тайцзицюань) атына ие болған, «жұмсақ бағыттау» (мягкого направления) жауынгерлік өнерін жасап шыққан. Егер бұл сөздерді тура мағынасында аударатын болсақ, онда «тай» - ұлы, «цзи» – қайта бөлу, «цюань» – жұдырық дегенді білдіреді. Тағы бір нұсқа бойынша, бұл жауынгерлік өнерді атақты Хо Луна (Отты Айдаһар) шәкірті, XIV ғасырда өмір сүрген Уданнан шыққан, Чжан Саньфэн ойлап тапты деп жазады. Бұл жауынгерлік ұрыс өнері стилінің шығуы туралы басқада атақты нұсқалары бар. Бірақ қалай болғанда да, тайцзицюанның негізгі қағидалары өзгермей, олар келесідегідей постулаттан тұрады: статика динамиканы тудырады, жұмсақтық қаттылықты, баяу – жылдамды, қысқа ұзынды жеңеді. Яғни мысалға, қарсыластың лезде жасаған шабуыл қимылына, жұмсақ икемділікпен жауап беріп, соққыны сіңіреді, былайша айтқанда, соққыны бос кеңістікке өткізеді. Нәтижесінде қарсылас тұрақтылығын жоғалтады. Міне сол кезде тонналық күшті жеңуге, бірнеше грамм жеткілікті болады. Бұл ұрыс өнерінің техникасы туралы, ежелгі тайцзицюан шеберлерінің жазбаларында: «Аз ғана қимыл, ал өзгерісі орасан, икемділік, жұмсақтық қаттыны жеңеді; қарсыластың күшін алып, оны пайдаланады; кенеттен шабуыл жасап, нүктелерге әсер етеді» делінген. Тайцзицюань біртіндеп қозғалатын (плавно) би секілді. Бұл жауынгерлік стилдің жоғарғы шеберлік деңгейінде, қимылдар мен комплекстердің қандай да бір ұстанымдары жойылып, тек негізгі қағидалары сақталады. Тән өз еркімен қозғалып, еркін өзіне тән билегендей динамикалық медитация жасайды. Бірақ үлкеніне жету үшін азынан бастау керек. Сондықтан біздер ең қарапайым жаттығудан – «итеруші қолдар» (толкающие руки) жаттығуынан бастаймыз. Ол екі адам болып орындалады. Бұл жерде қолдарыңызды жай ғана тигізіп, жұмсақ, бір-бірлеріңізді қолдарыңызбен итересіздер. Жаңадан бастаушылар үшін – белгілі қимыл траекториясы, ал тәжірибесі барларға – өз қалауларыңша қозғалуға болады. Бұл жаттығу қарсыластың ниетін болжап, іс- қимылына реакцияны дамытады. Яғни оның қайда қозғалатынын «тыңдап», «жабысқан» қолдарынан шығып, оны алдауға тырысуларыңыз керек. Қарсыласыңыз дұрыс емес қимылдаған кезде, мысалы қатты қимылдап немесе тепе-теңдігін жоғалтса, сіз оны жеңіл итеру арқылы жерге құлатасыз. Қимылыңыз бос, еркін жасалуы керек, бірақ санаңыз әрқашан сақтықты ұстайды. Және сіздерге тиісті тыныс алу кешенін көрсетемін. Бұл және келесі жаттығуларды, сауықтыру гимнастикасы ретінде де пайдалануға болады. Емдік мақсатта тайцзицюань әсіресе, жүйкесі тозған адамдар үшін пайдалы, біркелкі жылдамдықта бірқалыпты (плавно) козғалыс жасау, бас ми қыртысының потенциалын ретке келтіріп, оны артық жүктемелерден қорғайды. Және оның үстіне ойды қимылға жинақтаудың өзі, адамды күнделікті мәселелерден алшақтатып, жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді. Оның үстіне әрине бұл гимнастикалық жаттығулар, буындар мен сіңірлерді де жаттықтырады. Ол барлығына пайдалы. Сондықтан үйлеріңе барған кезде, ата-әжелерің мен әке-шешелерің ешқашан ауырмауы үшін өздерің үйретсеңдер болады. Сіздердің назарларыңызды ежелгі тайцзицюань гимнастика шеберлерінің өз шәкірттерінен «тазаруды, тыныштықты, бұрыс іс- әрекеттердің болмауын, жүрек тазалығын, өз қалауларын тиюды» қатты талап еткеніне бұрғым келеді. Бұл жағдайда адам өзінің ауруларын емдеп қана қоймай, өзінің тәкаппарлығын да жояды (эго). Осылайша, рухын жетілдіруге жол ашады. Олар аспан адамның дэ-сін көретініне (руханияты, махаббаты), және дэ-сіне байланысты – құрметтелетініне қатты сенген. Ғасырлар қойнауынан жеткен шеберлердің даналығы, өз өзектілігін бүгінгі күнге дейін жоймаған. Осындағы әрқайсыларыңыз берілген білімді тек қорғану үшін ғана емес, өзіңіздің ішкі әлеміңізді ашуға, табиғат пен ғалам құпияларын түсінуге толықтай қолдана аласыздар. Егер адамның нақтылы мақсаты болса, қалағанына қол жеткізе алатынын естен шығармаңыздар... Ал енді практикалық бөліміне көшейік... Біздер сапқа тұрып, Ұстаз «Итеруші қолдардағы» тыныс алу жаттығулар комплексін көрсетті. Сэнсэйдің жеке әдістерді көрсетуінен кейін, барлығы дерлік айналадағы жолдастарының күлкісімен денесіндегі бесінші нүктемен жерге отырды. Бірнеше секундтар өткеннен кейін күлгендер де біріншілердің жағдайына түсті. Ал анағұрлым мықты жігіттер дұрыс орындамаудың кесірінен соққы кезінде 3-4 метрдей жерге ұшып кетті. Ең қызығы алғашқы он минутта барлығы бір-біріне күлумен болып еді, жиырма минуттан кейін барлығымыз сай сүйегіміз сырқырап жерден үнсіз көтерілдік. Ал жарты сағат өткен кезде, шыныменде дұрыс жаттығып, бар ойымыз әдіс жасауда және дұрыс орындауда болды. Артық тағы да құлап, мазақ болуды енді ешкім қаламады. Әсіресе «жылдам жігіттер», оның ішінде Стас пен Женька да бар, әдемі жаттығып жатты. Бұл жауынгерлік өнермен ұзақ уақыттан бері айналысқандары көрініп тұр. Олардың қайталанбас қозғалыс импровизациялары, мүлдем болжауға келмейтін, бірақ онымен қоса рационалды қозғалысы бар үлкен биге ұқсайды. Егер олардың бірі қателік жіберсе, сол бойда бірінші санатпен көп адамды қағып ұшып кетті. Қысқасы, айналасындағыларға зақым келтірмесі үшін, Сэнсэй бұл жігіттерді жаттығу залының шетіне, шығар есік жаққа жылжытты. Бірақ бұл жерде де Женька мен Стас өздерінен асып түсті. Спаринг режимінде дайындалып, Женька сыртқы ашылған есікке бірер секунд алаңдап, сол сәтте Стастан қатты соққы алып, әлгі қарғыс атқыр есікке ұшып кеткені соншалықты, есік алдына төрт аяқтап түсті. Осы кезде жаттығу залына жасы белгісіз байсалды, беті-әлпеті ұлылық, Рамзеске ұқсаған ер адам кіріп келді. Ер адамнан шығыстық керемет хош иіс шығып тұрды. Киген керемет сыртқы пальтосының ішінен қымбат костюмы көрініп тұр. «Рамзес» Женькаға таңғала қарады. Бірақ Женька бұл жерде де еш абдырамастан, маңдайын жерге тигізіп, дәстүрлі түрде: – О, қош келдіңіз, ұлы Чжэнь У. Біздің тайпамыздың ең қалаулы қонағы! –деді. Содан кейін тез орнынан тұрып, тағы да жауынгерлік тағзым жасап, күлкісін әрең тыйып тұрған Стасқа қарай беттеді. Сэнсэй күлімдеп барып, келген адаммен сәлемдесті. – Иә, ол қашаннан бері осылай амандасуды қолданып келеді? – деп қатты акцентімен, сынған орыс тілінде «Рамзес» сұрады. – Сіз оған ашуланбай-ақ қойыңыз. Әлі жас, піспеген. Әр кез шатастырады да жүреді. Рамзес одан сайын таңғалып, даусындағы жеңіл ренішімен: – Мен шыныменде қытайлыққа ұқсаймын ба? – деді. – Әрине жоқ, бірақ... – Сэнсэй осы кезде белгісіз, ерекше бір тілде сөйледі. «Рамзес» күліп, жауап беріп жатты. Олар құлаққа жағымды, әуенді тілде сөйлесіп, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған бөлмеге қарай беттеді. Мен келген қонақтың Сэнсэй секілді жүретінін байқадым. Есіктері жабылған сәтте, Стас шыдай алмай күліп жіберді және сол сәтте Женьканың жауапты соққысын алды. Орындыққа дүрс етіп құлап, ол бес минут бойы күлкіден тұра алмады. Олар Женькамен жаттығу соңына дейін күлер ме еді кім білсін, бірақ Сэнсэй жоқта жаттығудың тәртібіне жауапты сэмпайдың көрсеткен үлкен жұдырығынан кейін, жігіттер барлығын лезде қойып, жаттығумен айналысты. Келген құпия қонақтың кім екенін білуге қатты құмарттым. Бірақ менің үлкен балалардан сұрастырғаным сәтсіз болды. Олар маған Сэнсэйдің шаруасына араласпайтындарын анық түсіндірді. Отыз минуттан кейін, жаттығу соңына қарай, «Рамзес» күлімдеп, бір нәрсені нақтылап Сэнсэймен бөлмеден шықты. Олар ескі, жақсы таныстар секілді бір-бірінің қолын қысып, жылы қоштасты. Құпия қонақ кеткеннен кейін Сэнсэй орыс тіліне оңай ауысып, ештеңе болмағандай балалардан көрген қателікті түсіндіріп, түзете бастады. Көңіл-күйі анық көтеріңкі болды. Үйде, әдеттегідей барлық қызықтыны күнделігіме жаздым. Бұл ерекше шетелдіктің келуі, жауапсыз көптеген сұрақтар туғызды. Мен бұл құпияны ашуды «кейінге» қалдырдым. Сэнсэйдің өзі қайталаудан жалықпайтын: «Жер бетінде шындығы әйтеуір бір күні ашылмайтын құпия жоқ». Болашаққа деген осындай оптимистік болжаммен мен өзімнің бақылаушы жұмысымды жалғастыра бердім. 36 Рухани сабақта біздер бұрынғы медитацияларды қайталадық. Барлығы әдеттегідей болды, тек Николай Андреевичтің бір апта болмағанын есептемегенде. Бұл жоқтығы оның ісіне ұқсамады. Ақырында біздің психотерапевт дұрыс ақылымен, тіпті көтеріңкі көңіл-күйімен келді. Сэнсэй, Женька, Стас бастаған біздің көңілді тобымыз алаңда тұрған кезде, рухани сабақ басталар алдында келді. Николай Андреевичтің көздері ерекше қуаныш пен таңғалыстан жарқырып тұрды. Барлығымен тез-тез амандасып, толқыған күйі Сэнсэйге: – Біздер әйтеуір экспериментті аяқтадық, барлығы расталды. Нәтижесі адам таңғаларлық... Сіз берген сана күйін өзгертудің бұл тәсілі – бүкіл әлемдік көрініс пен біздің өмір туралы түсінігімізді түбірімен өзгертеді... Бірақ, барлығы кезекпен... Біздің балалар Николай Андреевичтің ерекше жанданған қылығына таңдана қарады. Сэнсэй темекісін шегіп, оны мұқият тыңдады. – ...Мен өз көзқарасыма қарай, лайықты-ау деген кандидатты таңдадым. Бізде бір аузы кеппейтін маскүнем ер адам емделген. Екі сыныптық қана білімі бар, оны да интернаттан алған. Балалар үйінде өскен. Соғыстан кейінгі жетімдердің бірі. Әскер, шахта, әрі қарай маскүнемдік – бар өмірі осы. Бірақ оның сана күйін өзгерткен кезде, оның бізге белгісіз ежелгі орыс тілінде сөйлегеніне, жауаптарына экспериментте болған әріптестерім қатты таңғалды. Біздер барлығын пленкаға жазып, осы саладағы үлкен маман, таныс профессор тарихшыға апардық. Нәтижесі күткенімізден де асып түсті. Бұл тіпті профессордың өзін де таңғалдырды. Және бұл маскүнем ежелгі Древляндар тілінде сөйлеген болып шықты. Профессордың бізге айтқаны, ертеректе шығыс славян тайпалары өмір сүрген. Біздің эксперимент жасаған адамымыз, жетінші ғасырдағы тұрмыс-тіршіліктің ұсақ-түйегіне дейін мұқият айтқаны соншалықты, көпшілігі қазба жұмыстары нәтижесінде алынған мәліметтермен сәйкес келді. Тіпті кейбір ақпараттары ғылымға әлі күнге дейін белгісіз. Ол сонымен қоса, өзінің өмір сүрген географиялық аймағын, Случь өзенін айтты. Соңында өзінің дреговичия тайпасының адамымен үлкен қақтығысын айтып берді. Айтқандарының барлығы, қолдағы бар мәліметтермен ерекше дәлдікпен сәйкес келеді... Сіз мұның ғылымда орасан жетістік екенін елестете де алмайсыз! Тек эксперименттің тазалығы үшін, мұны бірнеше мәрте қайталау қажет. Ғылыми тұрғыдан дәлелдеу керек. Мен тағы да бір үміткерді тауып қойдым... – Тоқта, тоқта. Біз екеуміздің келісіміміз бар. Мен саған беремін, сен жасап көресің. Және осымен болды, - деп Сэнсэй үзілді-кесілді жауап берді. – Бірақта, мені дұрыс түсініңіз. Бұл әлемдік ғылым үшін соншалықты маңызды... – Мен барлығын түсінемін, - деп Сэнсэй салмақты жауап берді. – Бірақ әңгіме әлемдік ғылым жайлы емес, нақты сен туралы болды. Сенің көз жеткізгің келді – көзің жетті. Ал әлемдік ғылым үшін әлі уақыты келген жоқ. Николай Андреевич үндемеді, тек аздаған уақыттан кейін өзіне келіп: – Өкінішті... Бірақ эксперимент шыныменде керемет болды. Бұрындары қатты атеист болып едім, осыдан кейін... Бұл дәлелдейді... Оны қойшы, ол көпшілігін мүлдем өзгертеді... – Міне, жақсы болды. Ең бастысы, сенің түсінгенің. – Түсінген!? Ол тым жұмсақ айтылған... Бұл дегенің сананың толық төңкерісі, ақылдың орасан зор революциясы. Сенің айтқан сөздеріңнің ақиқатына көзім жетіп қана қоймай, саған сенгенім соншалықты, сен үшін жанымды беруге дайынмын! Сэнсэй күлімдеп, ойлана: – Мен бұл сөздерді ертеректе естіген секілдімін... Ах, иә... Дәл. Үш рет бас тартпай тұрып Исаға Петр осылай айтқан, - деді. Бірақ Николай Андреевич Сэнсэйге өзінің «салмақты» дәлелдерін айтып, басқаша екендігін дәлелдеуге тырысты. Сэнсэй жай ғана үнсіз күлімдеп, кейін әңгімені медитация тақырыбына ауыстырып жіберді. 37 Рухани сабақтар біртіндеп менің өмірімде үлкен маңызға ие бола бастады. Қарапайым әрі қолжетімді болса да, олар біртіндеп менің өмірге деген көзқарасымды өзгертті. Ішкі жан дүниемде белгісіз бір жаңа сезім туғандай. Шынайы әлемнің өзім үшін басқа бір қырын ашқандаймын, барлығын басқаша қабылдай бастадым. Бұрын мүлде байқамаған табиғат, қоршаған ауа, не жасамасам да, өзімнің өкпеммен барлық жағынан қысымын сезінетін, ерекше материалды ортаға айналғандай. Бұл сезім суға сүңгігендегі судың қысымына ұқсайды. Тек ауамен барлығы анағұрлым оңайырақ. Көзімнен шаңды пердені алып тастағандай, қоршаған табиғат қанық түстерге боялып, жарқырай бастады. Ал көшеге көктем келіп, өзінің жаңа, жасыл түсімен, қаланың сұр кеңістігін тірілтіп жатты. Табиғат әлемі өзін мекендеген кішкене тіршілік иелерінен тәуелсіз әрі ұлы екендігін көрсеткісі келгендей, өз циклінде өмір сүруде. Бұл тіршілік иелерінің өзінің өмір сүру аралығындағы мұқият сақтаған өмір мен өлім туралы құпиясы болды. Сэнсэймен сұхбаттасуда уақыттың тез өткені соншалықты, білдіртпей оқу жылының қорытынды емтихандары келіп, дайындықты бастау керек еді. Бірақ, шынымды айтсам, осыншалықты қымбат уақытымды оған жұмсағым келмеді. Дегенмен емтихандар мен әрі қарай оқуды жалғастырудың – бос нәрсе емес екендігін, оның қажет екендігін жақсы түсіндім. Сэнсэй айтпақшы адам үнемі интеллектуалды дамып, өзінің тану көкжиегін кеңейтіп отыруы керек, яғни өз білімін әрқашан және әр салада, қай жерде болмасын кеңейтіп, ғылымды білуге ұмтылу қажет. Себебі тану арқылы, өзін, қоршаған ортаны тану арқылы адам Жаратушыға жетілген күйде келеді. Рухани сабақтарда және жаттығуларда Сэнсэй өзінің жеке үлгісімен, өзінің білімінің (танымының) кеңдігі әрі тереңдігімен бізді таңғалдыруын жалғастыра берді. Жалпы жаттығуларда еш айқайсыз, миымыз жеңіл қабылдайтындарды көбірек берді. Бұлар соққылар, әртүрлі жауынгерлік ұрыс өнерлерінің әдіс-тәсілдері, сауықтыру гимнастикалары, айтқан әңгімелерінде кездесетін әртүрлі көзқарастар: медициналық, стратегиялық, философиялық. Ал Оның құпияға толы демонстрацияларын біздерге қосымша жаттығуларда, негізгі көпшілік кеткен кезде көру бақыты бұйырды. Бірақ бір күні ерекше оқиға орын алды (казус). Жаттығулардың бірінде, көпшілігі жұптасып соққыларды пысықтап жатқан кезде, Сэнсэй Андрейге шалып құлату әдісімен жасалатын күрделі соққыны көрсетіп, бізге жақын жерде тұрды. Айта кету керек, сол күні Ұстаз өз ойларына қатты батып, бір нәрселерді ойлаумен болды. Ол кенеттен бар қимылын тоқтатып, лезде айналып, жаттығу залының қарама-қарсы шетіне алаңдаушылықпен қарады. Ол жақта спарринг режимінде Володя мен Виктор жұмыс жасап жатқан. Бірақ олардың спаррингі бүртүрлі басталды. Володя спарринг-серіктесіне аяқ-қолдарымен епті әрі жылдам агрессивті қатты шабуылдар жасады. Ал Виктор болса есінен танғандай шабуылдарынан әрең құтылып, соққыларды жиірек жібере бастады. Сэнсэй лезде қолын шапалақтап «Яме!» деп айқайлады, ол «Тоқта!» дегенді білдіреді. Бірақ жаттығушылардың барлығы Сэнсэйдің айқайына бұрылып қараса да, Володя төбелес құмарлығына түскені соншалықты оны естімеді. Және осы кезде ерекше жағдай орын алды. Қолын лезде сілтеп, Сэнсэй ауада соққы имитациясын жасады. Және сол сәтте Володя, Сэнсэй біздің емес оның қасында тұрғандай күшпен, траекториямен ұшып кетті. Көргеніміз барлығымызды өте қатты таңғалдырды. Жаттығу залында үнсіздік орнады. Айта кету керек, Ұстаз уақытында араласты. Себебі Володяның енді бір дәл соққысы тигенде, Викторға оңай болмас еді. Виктор байғұс онсызда ауырсынудан екі бүктетіліп, Сэнсэйдің бір кездері қосымша жаттығуда берген ауыр соққыларда тыныс алуды қалпына келтіретін техникасын жасуға тырысып жатты. Бұл кезде Володя бес метрдей жерге ұшып, күтпеген ұшудан өз-өзіне келуге тырысып, менің ойымша Сэнсэй қасында тұрған кезде соққы жасалуы мүмкін денесінің тұсын барынша ысқылаумен болды. Мұның барлығы бүкіл жаттығушылардың көзінше, бірер секунд ішінде болды. Дегенмен осы жағдайды өз көзіммен көрсем де, оған сене алмадым. Сэнсэйдің осыған ұқсас тосынсыйларына аз-кем дайын болсам да, санам қайнап (зашкаливал) жатты. Болған оқиғадан бірер минут өткен кезде, көпшілік эмоционалды толқуларымен жарылғандай болды. Андрей Володядан көзін алмай, қасында тұрған Женьканы жеңінен тартып: – Естимісің, бұл не болды? – деп сұрады. Женька көргенінен өзі де есеңгірегендей: – Күте тұр, балақай, себебі көрген кереметімнен бойымдағы рухым дірілдеуде, - деп жауап берді. Бұл кезде өзіне-өзі ашуланғандай Ұстаздың жүзі өзгерді. Володяға жақындап, қолдарымен денесіне бірнеше қимылдар жасап, оған тез-тез ескертулер жасады. Шабуылына наразы болғаны анық еді. Володя бір нәрселерді айтып жауап беріп, иығын көтеріп әрі ұялғанынан көзін жасырды. Көпшілік көргеніне таңғалумен болды. Сэнсэйді барлығы жауап беруге зауқы болмаған сұрақтардың астына алды. – Ал бұл қандай соққы болды? – деп басқаларының сөзін бөліп бір бала сұрады. – Енді сізге қалай айтсам екен, - деп Сэнсэй күрсіне жауап берді. – Бұл адамның психикалық энергиясымен байланысты. Бұл жерде назар аударуға тұрарлық еш нәрсе жоқ. Ол Ұрыс өнеріндегі рухани жетілудің жай ғана сатыларының бірі. – Демек, бұны үйренуге болады? – Әрине, егер... шыдамдылықтарың жетсе мүмкін. Маған болған оқиғаны тезірек ұмыттыру үшін, Сэнсэй үзілген жаттығуды тез қалпына келтіргендей көрінді. Бұл жаттығу көпшілігі үшін қанындағы адреналин деңгейінің көтерілуі және өз болашақтарына деген оптимистік болжамдарымен аяқталды. Басқаларына қарағанда, біздің топ бұл айқай-шуды (ажиотаж) үнсіз бақылады. Себебі біздер қосымша жаттығуда Сэнсэйдің біздің тура сұрақтарымыздан қашып құтылмайтынына сенімді едік. Қосымша жаттығу алдында Ұстаздың көңіл-күйі біршама жақсарып қалды. Ал жақсы көңіл-күй – жақсылықтың белгісі. Үлкен балалар бұл мүмкіндікті пайдалануға асықты. Қосымша жаттығу кезінде олар осыған ұқсас нәрселерді «өз көздерімен көруге» деген құмарлықпен Сэнсэйді сұрауларының астына алды. Сэнсэй басында әзілмен құтылған, бірақ олардың қысымымен «қорғаныс экраны» деп аталатынды көрсетуге келісті. Сэнсэй әркім өзіне бір заттар тауып алсын деді. Біздер спорттық жабдықтар тұрған бөлмеге жүгіріп, әркім өз тапқанымен қаруланды. Балалар өздеріне таяқтар, баскетбол доптарын алды. Андрей тіпті өзінің нунчакиін алды. Мен не аларымды білмей ұзақ ойландым. Ақыры, теннис добын аламын деп шештім. Себебі, егер аяқ-астынан Сэнсэйдің қолынан келмей қалса және бұл зат оған тисе, доп ауыртпайды деп ойладым. Бірақ Сэнсэй ешқашан, ешбір жерде, өзінің әрекетінде бірде-бір қателік жіберген емес. Және бұл оның мүмкіншіліктеріне ерекше құрмет тудыратын. Біздер «қаруланып» болған кезде, Сэнсэй бізден 7-8 метрдей қашықтыққа тұрды. Ойын жинақтап, қолдарын сәл алшақтатып екі жаққа қойып, алға көтерді. Біздер кезекпен өз күшімізге сай әртүрлі заттарды оған лақтыра бастадық. Таңғаларлық, бірақ біздер қанша тырыссақ та, лақтырған заттарымыздың барлығы, Сэнсэйдің алақандарына жарты метр қалған кезде, бағытын өзгертіп, жанынан өтіп жатты. Виктор, Стас, Володя заттарды артынан лақтыру үшін, Сэнсэйді айналып өтуді шешті. Бірақ Сэнсэй тіпті тұрысында өзгертпей, тек қолдарын екі жағына қойды. Қысқасы, біздер қанша тәжірибе жасасақ та, бірде-бір зат Сэнсэйге ақыры тимеді. Бәріміз бірден «қыли көзге» айналдық па, әлде шыныменде белгісіз көрінбейтін күшті қабырға болды ма, мен бәрібір түсінбедім. Және осы соңғысына санам қарсы тұрып, наразылық танытып, олай болуы мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысты. Әрі осы ой тұжырымым мені қайта-қайта теннис добын көрінбейтін қабырғаға, бірақ бұл жолы еш аяусыз лақтырып, бірер секундқа ол жерде шыныменде белгісіз кедергінің бар екендігіне көз жеткізу үшін итермеледі. Менің ойымша басқалары да осыны сезінгендей, себебі олардың құмарлықтары (азарт) біртіндеп түсінбеушілікке (замешательство) ауысты. Менің көз алдымда Сэнсэй тағы да қарапайым адамнан, ерекше, құдіретті күшке ие болмысқа айналды. Және барлық осы шынайы емес шынайылыққа санам қайнай бастады. Бұл кезде Сэнсэй «экранды алып», оның әрекет ету принциптерін түсіндіре бастады, осылайша біздің санамыздың логика жұмысын қалыпты табиғи ритміне қайтарды. Және осы кезде, Сэнсэйді тыңдай отырып, өзімнен қызғаныш сезімінің, яғни хайуани болмысымның ояна бастағанын байқадым. Басында байқаусыз болса да, ал кейін барған сайын күшейе түсті. Содан кейін санамда күмәндану пайда бола бастады, дегенмен Сэнсэй барлығын қарапайым әрі оңай түсіндірді, оның үстіне жаңа ғана өз көздерімізбен көргенімізді негізге ала айтты. Ақыр аяғы, Сэнсэйдің руханияттың мүмкіншіліктері туралы әңгімесін тыңдай отыра, өзімнен өзімшіл мақтаныштан болған (эгоцентризм) жаман (лас) ойларды ойлайтынымды байқадым. «Ого, - деп ойладым. Осындай өзімшілдіктің жасырынған себебінен (подоплёкой), барлық құнды білімдер құлаққа жетпейтіні анық. Өйткені санам Сэнсэйдің айтқандарынан руханиятыма емес, хайуани негізіне керектіні ғана таңдап алады. Демек, мен ешқашан еш нәрсеге жете алмаймын... Жарайды, енді назарымды жақсы нәрсеге аударуым керек... Бұл білімдер маған тек жақсы мақсаттар үшін, өзімнің шын болмысымды тану үшін ғана керек. Мен олармен ешкімге зиян тигізгім келмейді. Барша адамдар бейбітшілік пен Махаббатта өмір сүрсін. Менің оларға ешқандай зұлымдық пен қызғаныш ниетім жоқ. Олардың барлығы жақсы және өз өмірлеріне лайықты. Мен үшін ең бастысы – өз рухымды жетілдіру». Осылайша өзімді ретке келтіріп, Сэнсэйді мұқият тыңдай бастадым. Бұл кезде әңгіме қашықтықтан соққы жасау туралы болып жатты. – ... бұл соққы өте қуатты, - деп Сэнсэй айтып жатты, - бұл жерде адамның психикалық энергиясы қатысады. – Ал қашықтықтан соққы жасаудың өзі қалай болады? – деп сұрады Стас. – Негізінде, қашықтық – ол иллюзия (елес), сондықтан сіздің түсінігіңізде соққы проекциясы секілді өтеді. Ал шын мәнінде, бұл жерде аздап басқа физика, яғни кеңістік пен уақыт сығылады. Сондықтан ол соққыны жасаушы да және соққы алушы да тікелей дене байланысын сезеді. – Бұл білімдер «Беляо Дзы» Ілімінен бе? – деп Виктор сұрады. – Иә. Бұл «Шамбаланың жазалау қылышы» Өнеріндегі, «Лотостың» ерекше техникасы (әдісі). Бұл Өнерді Шамбала адамдары білген және солай бола да береді... Бір кездері, өте ерте замандарда, «Лотос» Шеберлері әлемге жиі шығып тұратын. Олар «Кәрі Лама» ұрыс өнерімен бірге, «Шамбаланың жазалау қылышы» Өнерін де аса жетік меңгерген. Мұндай Шебер бүкіл әскерді жалғыз өзі жеңе алатын болған. Әлі күнге дейін Шығыста, белгісіз жақтан келіп, белгісіз бағытқа кеткен Жауынгерлер туралы аңыздар бар. Бірақ олар аялдаған жерлерде, жергілікті халықтың үлкен құрметіне ие болған, себебі бейбіт тұрғындар үшін бұдан артық мықты қорғанысты табу мүмкін емес еді. Бұл Шеберлер, заманауи кез-келген қаруыңнан анағұрлым мықты энергияға ие болған. Бұл Өнердің білімін меңгермеген адамдар үшін, қайдан екені белгісіз осындай жойқын соққыны алу – өте қорқынышты. Уақыт өте осындай Шеберлердің әлемге шығу қажеттілігі жоғалды. Бірақ, әрине бұл «Шамбаланың жазалау қылышы» Өнерінің жоғалғандығын білдірмейді. Шамбалада (преддверьях Шамбалы), Бодхисатва кеңесінің үкімін орындайтын арнайы дайындалған адам болады. Егер естеріңізде болса, мен сіздерге бір кездері, Шамбаланың ешкімге бүкіл әлемді жаулап алуға болмаса рухани білімдерді адамзатқа қиянат үшін пайдалануға жол бермейтінін айтқанмын. Енді осы шебер, осыған ұқсас үкімдерді ғибадатхана бөлмесінен шықпай-ақ жүзеге асырады. Бұл үшін сананың ерекше күйінде, түріктің қысқа қылышына ұқсайтын «Лотос жапырағы» (Лепестком лотоса») ерекше салт жоралғы қылышын (ритуальным мечом) сілтесе жеткілікті. Айтпақшы, «Шамбаланың жазалау қылышы» Өнерінің атауы осы қылыштан бастау алған. Бұл Шебердің жұмысының айғақтарын сирек болса да заманауи әлемнен де кездестіруге болады. Кейбір өлімдердің жұмбақ жағдайы әлі күнге дейін құпия болып келеді және ол тек патологоанатомдар үшін ғана емес. Мысалы, мүрдені ашқан кезде, терісі және жақын ағзалары еш зақымданбаса да, жүрегі өткір затпен кесілгендей қақ бөлінгені анықталады. Болмаса, көптеген күзетшілердің көзінше тән қылышпен шауып тастағандай бөлшектерге бөлініп, ал киімі еш зақымданбаған «түсініксіз» жағдайлар. Яғни, кінәлі қаншалықты қорғалған болса да (заманауи озық технологиялармен, тіпті үлкен әскері болса да), бұл жазадан қашып құтыла алмайды. Және бұл Шамбала алдындағы барлық тирандардың қорқынышының негізгі себепкері. Сондықтан барлығы Шамбаламен байланысты іздеген, іздей де береді, өйткені олар қаншалықты қуатты әрі ықпалды болса да, Шамбала алдында бейшара екендіктерін жақсы біледі. Сэнсэй үнсіз қалды, ал маған оның сөздері құлағымда әлі де жаңғырып тұрғандай сезілді. Барлық балалар мен секілді естігеніне таңғалғандай ойланып тұрды. Осыншалықты ерекше ақпаратқа Ұстаз тағы да бір нәрселерді қосатын шығар деген үмітпен ешкімнің үнсіздікті бұзуға батылы жетпеді. Ақыры Володя шыдай алмай: – Иә, егер соққыларына қашықтық еш маңызды болмаса, «Жазалаушы қылыш» Шеберінің күші атом энергиясымен бірдей шығар, - деді. – Бұл күшпен салыстырғанда, атом энергиясы жай ғана баланың ойыншығы. Адамзат бойындағы хайуани негізінің басым болуынан өзінің шын мүмкіншілігі мен нағыз күшін толық білмейді... 38 Осындай жаттығудан кейін көргеніміз бен естігенімізден біздің эмоциямыздың қайнауы тек бір күнге ғана созылған жоқ. Өзіміздің мүмкіншіліктеріміз туралы ойлар маза бермеді. Барлығына бірден жетуді қаладық. Сондықтан да бұл оптимисті көңіл-күйіміз келесі күндердегі тәніміз бен санамызды талмай жаттықтыруда көрінді. Және рухани сабақтардың уақыты келген кезде Сэнсэйді әртүрлі сұрақтарымыздың астына алдық. Біздің бар сапырылысымызға (ажиотаж) қараған Ұстаз: – Балалар, қашықтықтан соққы бағыттау, Ци энергиясының барлық әсерлері, сіздер «ғажайып» деп атайтын менің көрсеткендерімнің барлығы – назар аударуға тұрмайтын, ұсақ-түйектер. Шын күш – ол рухта. Міне, осыны жетілдіріп (дамытып) әрі мәнін ұғынып, міне осыған таңдануға болады. Адам санасымен біріккен, құдайы рухтың Махаббаты – міне шын Ғажайып (Керемет). Ал сіздердің бар көргендеріңіз, - әртүрлі рухани жетілу деңгейлеріндегі жай ғана жанама әсерлері. Бұның барлығы бос нәрсе, оған тоқталудың қажеті жоқ. – Бірақ, неге бос нәрсе, - деді Николай Андреевич. – Ғажайыптар сенімді тудырады емес пе. – Иә, ғажайыптар сенімді тудырады. Бірақ қандай сенімді тудыратынын талдап көрейікші. Адамға ғажайыптарды, яғни миына түсініксіз құбылыстарды көрсеткенде не болады. Бірінші кезекте, бұл оның психикасын қатты шайқайды. Болған құбылысты түсіндіретін ақпараттың болмауынан, психика қайнай бастайды. Және біздің миымызда өзін-өзі сақтаудың және өзін-өзі қорғаудың таңғажайып механизмдері болғандықтан, компенсаторлық функциялар мен мидың қорғаныш факторы бірден іске қосылады. Физиология тілінде айтатын болсақ, ми аймақтары, жүйке жасушалар тобы ақыл-ой жұмысымен толық айналыса алмайды. Және осы кезде маңызды сәт болады. Егер адам бойында хайуани негізі басым болса, ол болған құбылысты іштей жоққа шығарып, барлығын шынайы еместікке, фокустарға балайды, болмаса барлығын жеке дүниелік мақсаттары мен өзімшіл мақтаныш сезімін қанағаттандыру үшін үйренуге ниеті оянады. Ал екі негізі тепе-теңдікте тұрған адам, ойларымен бір шеттен екінші шетке жүгірумен болады. Яғни, бүгін ол барлығына «соқыр» сенеді, ал ертең күмәндана бастайды, арғы күні күмәндарына күмәнданады және сол сияқты. Қысқасы, санасында екі негізінің күресі жүріп жатады. Ал бойындағы рухани негізі басым адамда, бұл құбылысты зерттеу рухы пайда болады, өзінің рухын жетілдіру үшін, өз мүмкіншіліктері мен табиғат құпияларын тану процесі үшін, білу ниеті оянады. Оның бұл құбылыстың белгісіздігінен қорқынышының негізі бітелген, ал тану (білу) процесі кезінде мүлдем жоғалып, «соқыр» сенімі білімге айналады, яғни шын сенімге. Не үшін, балалар, осының барлығын сіздерге көрсетудемін? Сіздердің ойларыңызға, бойларыңыздағы руханиятарыңызға, хайуани негіздеріңіздің қаншалықты деңгейде басым екендігін көру үшін. Және ең бастысы, мен әр феноменді (құбылысты) түсіндіруге неге осыншалықты көп уақытымды жұмсаймын? Себебі дүниеге батқан саналарыңызды аз да болса қозғап, табиғаттың мәңгілік құпиялары, өздеріңнің танылмаған рухтарың, Құдай туралы ойлануға итермелеймін. Өйткені сіздер өздеріңізді көбірек таныған сайын, мәңгілік әрі мызғымас, әрқашан бар, Құдайға да жақын боласыздар. Яғни, сіздердің тәндегі өмірлеріңіз Ғарыштық масштабпен салыстырғанда – еш нәрсе емес (ничто). Ғаламмен, планеталармен салыстырғанда адамды жоқ десе де болады. Оның өмірі – шынайы емес шынайылық, Жаратушы ойындағы бір сәт қана... – Сонда қалай? – деп Женька түсінбеді. – Енді, бір кездері мұны сіздерге толық түсіндіріп берермін... Сіздердің тәндеріңіз жабық уақыт циклінде өмір сүреді. Ол жерде сіздерге, яғни рухтарыңызға толық кемелденуге барлық мүмкіндік бар. Бірақ сіздер оны өз саналарыңызбен түсініп әрі ортақ мақсатта рухтарыңызбен қосылуларыңыз қажет. Міне сол кезде өмірлеріңіз шын мәнге ие болады. Өйткені Жаратушы үшін, ғалам үшін тұтастай алғанда, өзінің жетілуі барысында алмастыратын топыраққа (шаң-тозаңға) айналар тәніңіз емес, сіздің жетілген рухыңыз қымбат... Яғни, шынайы, нағыз сенім білімнен туады. Ал білім сөз арқылы, болып жатқан құбылыстың шынайылығына өз санаңды сендіру арқылы болады. Ал ғажайыптар (кереметтер) негізінен – тұлғаның ішкі-жан дүниесінің қаншалықты деңгейде жетілгендігін жай ғана өзінше бір тексеруі секілді. Осындай тексеріс әдісін, өзінің жердегі тәжірибесінде «Беляо Дзы» ілімін шын меңгергендер қолданған... Дегенмен, бізде үнемі (немесе әрқашан) ғажайыптар мен кереметтерді көрсету арқылы, адамдарды Жаратушыға бұрғысы келген ерекше тұлға - Сатья Саи Баба бар. Ал Николай Андреевич ойлана: – Таныс есім... Теледидардан Горбачевтің аяғын басына тигізіп, батасын берген кездейсоқ сол емес пе? – деп сұрады. – Иә, иә, иә, - деп Сэнсэй күлді. – Оны тағы да Құдайдың жердегі бейнесі... Аватаром деп атайды. – Аватар, - деп Сэнсэй сөзін түзетті, - Бірақ негізінде «аватар» сөзі санскриттен аударғанда «түсу» (спуск) немесе «жоғарыдан түсу» (сошествие) дегенді білдіреді. – Иә, аватар. Аватар адамдарды жаңа ғасырға бастап, адам дамуын бір сатыға көтеру үшін адам бейнесіне енеді деп айтады. – Өте дұрыс. Өзі (Сатья Саи Баба): «Батып бара жатқан адамды құтқару үшін, суға секіру керек, яғни адам кейпіне айналу қажет» деген сөзін қайталауды жақсы көретін. – Ал бұл кім? – деп біздің топ қызығушылықпен сұрады. – Енді, Саи Баба – ол ұлы рух. Және адамзат өркениеті өзінің рухани жетілу деңгейіне бағасын алатын және осыдан кейінгі болатын оқиғалардың, жаһандық өзгерістердің табалдырығында тұрғандықтан, Саи Баба да бұл іске өз үлесін қосуды шешті. Ол әлемді өзінің ғажайыптарымен (кереметтерімен) таңғалдырғысы келді. Сай Баба адамның рухани жетілуіне ғажайыптардың (таңғажайып құбылыстардың) әсері туралы өз теориясын дайындап, миссиясына ұзақ дайындалды. Басында Упанишадахта өзінің техника ғасырында үш рет инкарнациясын болжап кетті. Ал кейін уақыты келген кезде, теориясын тәжірибе жүзінде тексере бастады. Яғни, басында Сай Баба бейнесінде 1872 жылы Үндістанның Ширди ауылында қайта туылды. Өмір бойы таңғажайып кереметтер жасады, адам ойын оқыды, кеңістікті басып өтіп (преодолевать пространства), кез-келген материалдық формаға айнала алатын еді және сол сияқты. Ол 1918 жылы дүниеден өтті, қайтарының алдында, тағы да жер бетіне Үндістанның оңтүстігінде қайта туылатынын айтып кетті. Және солай болды. 1926 жылы Үндістанның оңтүстігіндегі шалғай Путтапарти ауылында дүниеге келді. Ол 1940 жылы Аватар деп жарияланды. Және бүгінгі күнге дейін ғажайыптар (кереметтер) жасаумен келеді. Ал кететін уақыты келген кезде, Према Саи тәнінде қайтадан туылады. Және өзінің қайта туылатын жерін Бангалор және Майсур қалаларының ортасында екендігін, нақты уақытын айтып қана қоймай, тіпті болашақ ата-анасының есімдерін де болжап қойған. – Ал теледидардан оның левитация жасай алатындығы, бір мезгілде әртүрлі жерлерде пайда болатындығы және ең қызығы – үлкен көлемде кез- келген затты, бриллианттан бастап тәтті нанға дейін материализация жасайтыны рас па. Ол оларды (заттарды) ауадан шығарады деп айтады? Болмаса бұл кезекті «жалған» өсек-аяң ба (утка)? – деп Николай Андреевич сұрады. – Жоқ. Бұл шыныменде солай. – Бірақ, бұл мүмкін емес! – Мүмкін болғанда қандай. Бірақ, ғажайыптарды (кереметтерді), яғни адамзатқа әлі құпияны көрсету, оның ең басты қателігі. Оның ғажайыптарын көргендер таңғалып ойланады, ал көрмегендер сиқыршыға санап (фокусник) келеке (күледі) қылады. Өкінішке орай соңғылары көп. Бірақ әрине, ол өз миссиясын адал орындауда және Құдай қаласа барынша көп адамның ең болмаса оянуына көмегі тисін. Дегенмен сонда да рухтың шын түсінуі сөз арқылы келеді. – Ал ол шыныменде Құдай ма? – деп Руслан сұрады. – Білесің бе, адамдар маған осы сұрақты жиі қояды. Жауабы өте қарапайым (оңай) әрі ақиқат. Саи Баба айтпақшы: «Сен де – Құдайсың. Менің сенен жалғыз ғана айырмашылығым – мен Құдай екенімді білемін, ал сен – білмейсің». 39 Келесі дайындықта жаттығу залына келген халықтың көп болғаны соншалықты, алма түсер бос жер болмады. Жаңадан келгендердің кейбіреулеріне қарағанда, энергетикалық соққы туралы әңгіме тек біздің қаламызға ғана таралмаған секілді. Осындай тарлықта біздер ешқашан жаттығу жасаған емеспіз. Андрей мен Костя басында «өздерінің» жаттығу залына аяқ астынан келген көпшілікке наразы болды. Бірақ сэмпай жігіттерді өздерінің күні кеше ғана осы топтағы жаңадан келушілер сияқты болғанын және оларға ешкімнің ешқандай сөз айтпағанын айтып орындарына қойды. Және Ұстаздың басқа адамның тануға деген ұмтылысын өзіңнің эгоцентризм пышағыңмен қарсы алмай, сыйлау керек деген сөздерімен ұялтып (немесе айыптап) тастады. Осыдан кейін балалар үнсіз ұяла, қалған жаттығу барысында бірде-бір жаман сөз айтқан жоқ. Ал Андрей сэмпай алдында өз абыройын дұрыстағысы келгендей, тіпті жаңадан келушілерге таңсық қимыл-әдістерді үйретіп, ерекше ынтамен көмектесе бастады. Жаттығушылар еркін бағдарламада әдістерді пысықтап жатқан кезде, Сэнсэйді сыртқа шақырды. Бұл кезде Татьяна екеуміз сыртқы есік қасында тұрған едік, себебі жаттығу залының барлық терезелері ашық болса да, іші өте ыстық еді. Үш байсалды (кешіпейіл), біріншісінің жасы елулер шамасында, қалған екеуі отыз жасқа жақын ер адамдар ашық тұрған есікті сыпайы қағып, біздердің назарымызды аударды. Және біздер шет жақта тұрғандықтан, сыпайы түрде Ұстазымыздың есімін, оны шақыруға болатынын- болмайтындығы туралы сұрап алды. Біздер әрине, олардың өтініштерін орындадық. Ал Сэнсэй келген кезде олар оған бірнәрселер туралы әңгіме айта бастады. Басында мен өз ісіммен айналысып, әңгімелеріне еш мән берген жоқпын. Бірақ құлағыма жеткен сөздер барған сайын қызығушылығымды оятты. Бұл ер адамдар соңғы уақыттары қаламызда жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптаған белгісіз бір діни сектаның өкілдері болып шықты. Жаттығу залында осыншама көп жастардың дайындық жасап жатқанын көргені анық, Сэнсэйге шәкіртерімен бірге, бүгінгі кинотеатрда тегін көрсетілетін Иса Мәсіх туралы кино-фильмді көруге ұсыныс жасады. Сэнсэй шақырғандарына сыпайы рахмет айтып, нақтылы уәде бермеді. Бірақ араларындағы басшысы жасы үлкен ер адам, артынан белгілі болғандай шіркеу қызметкері (пресвитер), Сэнсэйге Иса туралы не білетіні, Оның Іліміне қалай қарайтыны туралы сұрақтарын қоя бастады. Басында Сэнсэй сыпайы әрі қысқа жауап беріп, жаттығу жүріп жатқанын меңзеді (түсіндірді). Бірақ шіркеу қызметкері (пресвитер) Сэнсэймен қоштасуға асықпай, әр қысқа жауабына өз шіркеулерінің артықшылығын, Иса Іліміне тек өздерінің көзқарастарының «дұрыс» екендігін айтып мылжыңдап түсіндіре бастады. Он минут өткеннен кейін осындай әңгіме Сэнсэйді түпкілікті шаршатқандай көрінді, себебі ол нақтылы әрі аргументтерімен, келтірген дәйектерін тіпті шіркеу қызметкеріне де (пресвитер) белгісіз болған сандар мен уақыттарға (күндерге), оқиғаларға сүйеніп тас-талқанын шығарды. Бұл кезде қызыққан біздің топ, әңгіме не туралы болып жатқанын есту үшін, жаттығу залынан сыртқа шықты. Артымыздан Женька мен Стас ерді. Кейін сыртқы есікке жақын жерде жаттығып жатқан Руслан мен Юрада ортамызға қосылды. – ... Сіз мәңгілік жерде, жұмақта өмір сүруді қаламайсыз ба, Құдай Патшалығында, - деп шіркеу қызметкері (пресвитер) жағымды даусымен сөйледі. – Мәңгілік жерде, жұмақта?! – деп Сэнсэй күлді. – Мәңгілік өмірді орындалмас арман секілді жоққа шығаруға асықпаңыз, – деп шіркеу қызметкері (пресвитер) сөзін бөліп жіберді. – Міне, сіздің ағзаңыз қалай құрылғанына назар аударыңыз. Себебі ол туралы мүлдем ештеңе білмейсіз деп айтуға болады. Ондағы барлық нәрсе керемет ойластырылған. Біздің есту, көру, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу (осязание) қасиеттеріміз бар. Жер бетінде біздің сезім ағзаларымыздың арқасында қуаныш әкелетін нәрселер өте көп: дәмді тағам, жақсы достық қарым-қатынас, табиғат сұлулығы (живописные пейзажи) және сол сияқты. Ал мұның барлығынан миымыз арқылы ләззат (рахат) аламыз. Сіз біздің миымыз еш кемшіліксіз (совершенен) және кез-келген есептеу машинасын болмаса суперкомпьютерден асып түсетінін білесіз бе?! Сіз қалайша біздің Жаратушымыз сіздің өлгеніңізді және осының барлығын жоғалтқаныңызды қалайды деп ойлайсыз? Оның жолын ұстанушылардың (праведники) мәңгілік өмір сүргенін қалайды деп логикалық тұжырым жасағанымыз қисынды емес пе? – Бақытты әрі тәнде жер бетінде мәңгілік өмір сүру?! Сіз өзі адамдарға не айтып жатқаныңызды ойлайсыз ба, - деді Ұстаз. – Тәнде қандай мәңгілік жұмақ болады? Кез-келген тән, кез-келген биологиялық құрылым (структура) секілді әрқашан сіздің назарыңызды қажет етеді. Оның біресе тамақ жегісі келеді, біресе ауырады, тағы бірде шаршайды, біресе рахаттанғысы келеді (лаззат алғысы). Және сіз осы материяны жұмаққа балап, биологиялық қажеттіліктерімен мәңгілік өмір сүруді қалайсыз ба?! Бұл жұмақ емес, мәңгілік тозақтың өзі емес пе! – Егер сіз солай есептесеңіз, сіздің ойыңызша Құдай адам тәнін не үшін жаратты? – Құдай адам тәнін ең ыңғайлы формада әрі нәзік рухының жетілуіне қорғаныш болуы үшін жаратқан. Тіпті сіз қолыңызда ұстап тұрған Інжілдің (Библия) өзінде: «Жаратушы адамды топырақтан жаратып, жүзіне өмір демін үрледі, және адам тірі жанға айналды», - деп айтылған. – Иә, бірақ бұл сөздердің шын мәні басқада, - деп шіркеу қызметкері (пресвитер) түсіндіре сөйледі. – Інжіл жазушылары «рух» сөзін сіз айтып тұрғандай өлімнен кейін өмір сүре беретін адам жаны (рухы) мағынасында қолданбаған. – Солай ма? – деп Сэнсэй таңғалды. – Ал бұл сөздердің шын мәнін сіз қайдан білесіз? Сіздердің діни секта басшыларыңыздың дайын күйде бастарыңызға енгізген нұсқаулығы (инструктаж) мен әдебиетінен білесіз бе? Бұл туралы сіздің өзіңіз ойланып көрдіңіз бе? Шын басшыларыңызды жеке танисыз ба, олардың ішкі жан дүниесін білесіз бе? Түптеп келгенде, сіздерге шексіз билік етудің не үшін керек екендігін ойланып көрдіңіз бе? Оларға және олардың арнайы тыңшыларына (спецагент)... Сэнсэйдің айтқан сөздеріне, шіркеу қызметкерінің (пресвитер) танауы барған сайын көтеріле түсті. – Біздер қазір бұл туралы айтып жатқан жоқпыз, - деп Сэнсэйдің сөзін дөрекі бөліп жіберді де, кейін онысын түсінгендей жұмсақ үнімен: – Інжілде (Библия) айтылған рухтың мағынасын біздер өмірлік күш деп айтамыз. Ал адам өлген кезде, осы өмірлік күш тәндегі клеткалардың (жасушалардың) өмірін қолдауды тоқтатады; бұл электрэнергиясын айырғандағы жарықтың өшетіні секілді. Адам тәнін өмірлік күші қолдауын тоқтатқан кезде, адам – яғни рухы – өледі. Бұл Еккелесиаста 12:1,7 Псалында жазылған... «Еккелесиаста 12:1-інде: «Маған олардан еш рахат жоқ», - деп айтатын жылдарың жетіп, ауыр күндерің келмей тұрып, өзіңнің жас күндеріңде Жаратушыңды есіңе ал!» - деп айтылған. Ал бұл сөздер қазіргі әңгімемізге еш қатысы жоқ. Ал 12:7 Еккелесиасында: «Топырақтан жаратылған тәні жерге оралып, рухы Құдайға оралады (өзі берген)» делінген, ол менің сізге айтқандарымның дұрыс екенін дәлелдейді, - деп Сэнсэй есіне салды. – Егер сіз ежелгі діндердің жазба еңбектеріне қарасаңыз, тәнде рухтың дамуы, кемелдікке жету жолында оның бірнеше реинкарнациядан өтуі туралы, барлық жерде бір ғана әрі мызғымас мәңгілік ақиқаттың айтылғанын көресіз. Інжілден басқа, ең болмағанда ежелгі индуизмнің біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың соңы, І мыңжылдықтың басындағы қасиетті «Веды» кітабын оқыңыз; болмаса Үндістанның барлық ортодаксальды діни- философиялық жүйелерінің негізі болған «Упанишадыға» жазылған пікірлердің (коментарий) бірін оқыңыз; немесе буддизмнің негізгі кононы «Трипитака» кітабын, біздің заманымыздың 650 жылдары жазылған исламның қасиетті кітабы «Құранды»; біздің заманымыздың 720 жылы жазылған синтоизмнің қасиетті кітабы «Нихонгиді»; және соңында Чжуанцзы кемеңгерлік кітабын, Лао-дзы «Дао Дэ Цзин» трактатын, біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдан V ғасырға дейін жазылған Конфуций жұмыстарын оқыңыз. Және ол жерден сіз әр заманда, әртүрлі адамдарға, адамдық формацияның әртүрлі деңгейінде берілген даналық дәнінің бір екендігін көресіз. – Әлемнің барлық діндері – Шайтаннан, себебі олар біздің назарымызға да тұрмайды, - деді шіркеу қызметкері ашулы даусымен. – Ібіліс саяси күштерге ықпал етіп, діндердің пайда болуына жағдай жасайды. Ал адамдар осыны түсінбей, Құдайға емес, оған құлшылық жасайды. Және тек біздің сеніміміз ғана шын (ақиқат) сенім, адамзатты құтқаратын жалғыз ғана жол. – Енді, кез-келген дін мен секта, өздерін шын (ақиқат) сенімдеміз деп есептейді, әйтпесе өздерінің жеке ұйымын құрмас еді. Бірақ, сізге діни басшылар тарапынан эгоцентризм (өзімшілдік) иісі шығатындай көрінбейді ме? Себебі олар білімді сол баяғы бір кітаптардан алып, өздерінің ар-ождан деңгейінің қабылдауымен, өздерінің әлемді қабылдау қөзқарастарымен жай ғана өзгертеді. Және барлық әлем діндерінің Шайтаннан деп айтуыңыз мүлдем дұрыс емес. Иә, діндер ұлылардың Ілімі негізінде, адамдардың өз көзқарасымен, қаласаңыз өз пайдалары үшін құрылған делік. Иә, діндер қаншама ғасырлар бойы әлемде саяси ықпал етудің күшті құралы болған, сол себепті көпшіліктің санасына орасан зор әсер еткен. Әрбір дінде өзінің әсірелеуі, күрделендіру (қиындату), тіпті қате көзқарастары да бар. Бірақ қаншама ғасырлардан бері, түптеп келгенде Құдайдың адамзатпен ісі осы діндер арқылы жүргізілген жоқ па. Себебі әлемдік діндер қатты қиындатылса да (күрделенсе де), адамдарға рухын құтқару үшін берілген білімдерге негізделген. Және сол замандарда дін арқылы көптеген адамдардың бойынан «соқыр», бірақ Құдайға шын сенімі туып, аз-да болса рухын жетілдіруге мүмкіндік алды. Сол қараңғылық замандарында, қоғам санасы мүлде төмен деңгейде болған кезде, адамзат прогрессін қозғаушы жалғыз-ақ күш дін болған. – Ал қазір олай емес пе? – деп шіркеу қызметкерінің артынан еруші жас жігіттің бірі (немесе тыңдаушысы) қызыға сұрады. – Қазір «соқыр» сенім уақыты өтті. Ғаламдық өзгерістер уақыты басталды. Және болашақ прогресс негізі Құдайды ғылым арқылы тануда болады. – Егер ресми ғылым Құдайды жоққа шығарса, қалайша ғылыммен тануға болады? – деп әлгі жас жігіт тағы да қызыға сұрады. – Әзірге осындай қате түсінік бар, себебі адамзатпен әлі аз танылған. Егер ғылым әлі күнге дейін электромагниттік өрістің импулс күшінің негізгі себебін түсіндіре алмаса, басқасы туралы не айтуға болады. Оның қазіргі жағдайын жарақат алып қалмауы үшін ата-анасы шектеген кеңістікте еңбектеген, берген ойыншықтармен ғана әлемді танитын бір жастағы сәбимен теңеуге болады. Бірақ ол әлемнің шын құндылықтарын толық түсініп, өсу мүмкіншілігі жоқ дегенді білдірмейді. – Қызықты анықтама. Сіздің ойыңызша бұл ата-аналар кімдер? – деп жас жігіт сұрағын қойды. – Баршамыздың ата-анамыз бір, ол – Жаратушы (Құдай). Бірақ ата- анадан бөлек, оларға қарайтын, осы ойыншықтарды беретін тәрбиешілер де бар. – Тағы да қызықтырақ... Ал бұл тәрбиешілер кімдер? – Оларды әрқалай атайды. Христиан дінінде адамдарға қамқорлық көрсететін Құдайдың қасындағы періштелер, архангелдер деп атайды. Шығыста барынша дұрыс қабылдап, Шамбала Бодхисатвалары дейді... – Бауырым, сен адасудасың (ересь)!!! - деп шіркеу қызметкері өзінің артынан ерушісіне (тыңдаушысы) ашумен айқайлап жіберді де, Сэнсэйге сұсты түрімен қарап: – Сіз терең адасқан адамсыз. Сіздікі мүлдем дұрыс емес. Ғылым арқылы адамдар әлемді түрлендіре алмай жатқанда, ғылыммен Құдайды тану мүлдем мүмкін емес. Ғылым – өзінің ашқан жаңалықтарымен Құдайдың жоқ екенін адамдарға сендіруге тырысатын шайтанның амалдары. Теледидар мен шайтани әдебиеттер арқылы адамдардың басын айналдырып, оларды шатастырып, тек өзіне құлшылық қылу үшін, Ібіліс әлемге әртүрлі технологиялар желісін жіберген. Себебі ол әлемнің патшасы. Тек қасиетті кітап Інжілде (библия) жалғыз Құдай сөзі ғана дұрыс және ақиқат. Тек сол арқылы ғана сіз Құдайды тани аласыз... – Ага, тек сіздің нұсқаулығыңыздың түсіндіруімен (пронструктированной интерпретации), - деп Сэнсэй күлді. – Ғылым қалай шайтаннан болады?! Бұл ақымақ сөздеріңізбен неге адамдардың басын қатырасыз? Шайтан адамдарға еш нәрсе бере алмайды. Сіз өзіңіз Құдайдың кім екенін, шайтанның кім екенін аз-да болса білесіз бе? Шайтан дегеніміз, әрбір адамның бойында болатын, жаман ойлар тудыратын, жыртқыш, хайуани болмысы. Тіпті «сатана» (шайтан) сөзін тудырған «сатан» сөзі, ежелгі еврей тілінен аударғанда «қарсы келуші» (немесе қарсы тұрушы) дегенді білдіреді. Өзімізден көрінетін жаман ойларымыздың болуы, міне осы шайтанның көрінуі. Өзімізді керемет жақсы адам деп санаймыз. Ал шындығында күнделікті ісімізде, ойымызда қаншама рет Құдайды емес, бойымыздағы хайуани негізімізді, яғни шайтанды шақыратынымызды ойлап көріңіз. Күніне қаншама рет ойымыз бен тәнімізді мәпелеп, өзімізді жақсы көреміз. – Шайтан – ол ойлар емес, өте жаман (өте қорқынышты) болмыс, жыртқыш... – Болмыс? Оны адамдар бұрмалап, кінәлі текені (козла отущения) жасау үшін жыртқыш бейнесінде елестеткен. Адамдар оның сыртқы шабуыл жасауынан қорқады. Ал ол біздің ішімізде, ажырамас бір бөлігіміз. Және біз күтпеген жерден – өз ойларымыздан соққы жасайды. Шайтанды жеңу – әлемдегі барлығынан бас тарту дегенді білдірмейді. Шайтанды жеңу дегеніміз – бойыңдағы жаман ойларыңды жеңіп, өз санаңды ретке келтіру дегенді білдіреді. Ежелгі адамдар айтқандай әрбір адам жете алатын ең үлкен жетістік, өзіңмен жұмыс жасау арқылы – бойыңдағы айдаһарыңды өлтіру. «Өзіңді танысаң, бүкіл әлемді танисың» деген сөздерді естіп пе едіңіз? Барлық ұлы тұлғалар өздерін тану арқылы Құдайды таныған... Ал Құдай – барлығына тән, барлық жерде бар субстанция. Құдай – бұл бір, саналы құдіретті күш. Және Құдаймен не берілсе де, адамзат игілігі үшін берілген. Мысалға ғылым мен технологиялар не үшін беріледі? Себебі адамдар ақпаратқа ие болып, бір- бірімен қарым-қатынас жасай отырып жиналған тәжірибиені еш қиындықсыз оңай алмасып, адам әрқашан үздіксіз дамып және табиғат құпияларын жан- жақты білуіне көп уақытының болуы үшін. Бұл соңы Құдайдың өзін, Оның бар екендігін түсінуге әкеледі. Ал сіз не істеп жатырсыз? Сіз адамдардың санасын шектеп жатырсыз: оны оқыма, мынаны істеме, ол жаққа барма, онымен айналыспа. Адамдар, пәлекет жасамаңыздар (немесе қиындық туғызбаңыздар)! Жеке бас мүдделеріңіздің шылбырында жүрмеңіздер. Сіздер адам рухының дамуына тоқтау салып, тағы да реинкарнация тозағына лақтырасыздар... – Реинкарнация табиғатта жоқ!!! – деп ашудан қызарған шіркеу қызметкері айқайлап жіберді. – Бауырым, бауырым, сабыр сақта, - деп әлгі жігіт әңгімеге араласты. – Сіз өзіңіз ашуды – зұлымдық деп айтып едіңіз. – Шіркеу қызметкері оған айқайлады да, бірақ барлығына қарамастан өзін-өзі қолға алып, әңгімесін әрі қарай жалғастырды: – Сізге Інжілді (Библия) көбірек оқып, күнәлі ойлардан тазару қажет, себебі сіз өте жаман адамсыз (қорқынышты). Әлі кеш болмай тұрған кезде, шайтан санаңызды иеленбей тұрған кезде бізге келіп, тәубеңізге түсіңіз. Біздер сізге Құдай туралы шын түсінік беріп, қалай құтқарылуды үйретеміз. Соңғы сөздерден кейін Сэнсэйдің жүзі өзгеріп, салмақты түрде әр сөзін шегелеп айтты: – Маған түсіндіріңізші, батпаққа батқан адам, қалай жағада тұрғанды құтқармақшы? Бірақ шіркеу қызметкерінің санасы (ақылы) тек алғашқы «түсіндіріңізші» деген сөзді ғана ұққандай, келесі үш минут бойына Інжілден (Библия) әртүрлі үзінділерді оқып, өзінің тәлімгерлігімен Сэнсэйді «ақылға келтіруге» тырысты. – ... егер сіз біздің кездесулерімізге қатысуды ережеге айналдырсаңыз, онда бұл шайтанның шабуылынан қорғайтын ең мықты қорғаныс болады. Жиналыстағы берілген кеңестерімізді қолдансаңыз, тозақ отынан құтылуға көмектеседі. Және Құдайға құлшылық ету үшін құрбандыққа шалған барлық нәрсеңізді Жаратушыңыздың артығымен қайтаратынына сенімді болсаңыз болады. Бұл Малахия 3:10 де айтылған. Себебі күнәһар адамзатты жойып жіберетін Ақірет (Армагеддон) уақыты жақын қалды. Және жер бетінде тек түзу жолдағылар ғана өмір сүретін болады... Біздер Иса Мәсіх Патшаның шайтан мен оның жолындағыларға қарсы әрекет ететін күнін мойынсұнумен тағзым етіп күтуіміз қажет. Бұл туралы 20:1-3 бөлімінде айтылған. Құдайдың Шайтанмен соңғы шайқасы келгенде ... – Сізге менің айтқандарым аз болғандай, өзіңіздің айтқандарыңызға да ойланбайсыз. Сіз аздап болса да ойланып көріңізші, шайтан қалайша Құдаймен соғыспақшы? Сіз не? Құдай құдірет иесі, оның алдында шайтан – ешкім емес. Барлығы Құдайға қызмет етеді, оның ішінде Ібіліс (Люцифер) те бар. Тек адамдар өздерінің ақымақтығына кінәлі қылу үшін, Ібілістің күшін тым артық бағалап жіберген. Ал Ібілістің өзі болса, кез-келген періштелер секілді Құдайға қызмет етіп, жай ғана Оның еркін орындайды... Бұл сөздер шіркеу қызметкерінің ашуына тигені соншалықты, тіпті Сэнсэйге сөзін аяқтауға мүмкіндік бермей: – Ібіліс келген кезде, сен оның сол қолы боласың!!! – деп құтырып айқайлап жіберді. Және кенет бұрылып, кетіп қалды. Екінші жігіт тәлімгерінің артынан асықты. Ал сұрақ қойған біріншісі Сэнсэйдің әңгімесін аяғына дейін тыңдағысы келіп кідіріп қалды. Екінші «көмекші» оны түртіп, ол да артынан кетті. Осы сәтте өзінің күлкісін әрең тиып тұрған Женька көпшілікке қарап, ерекше ләззатпен: – Міне-міне, ақылды адамның айтқандарын естідіңдер ме. Ал мен сендерге не айттым! – деді. Осы кезде біздер үлкен балалармен бірге алаңға бірінші рет барған кездегі Женьканың әзілін еске түсіріп шыдай алмай, күлкіге баттық. Күлкімен біздің топ жаттығу залына кірді, осы кезде сәл ойланып тұрған Сэнсэй, әзіл әлде шын екені түсініксіз: – Неліктен тек сол қолы? Шайтан не солақай ма? Байқамадым, - деді. Біздің жас тобымыз Сэнсэйге таңғала қарады. Үлкен балалар онымен бірге тағы да күліп, бұл маңызды мағлұматты түрлі әзілдерімен толықтырды. Біздер тоқтап қалған жаттығулармен жұмысымызды тез қалпына келтірдік. Әрі қарай еш үзіліссіз жаттығумен айналыстық. 40 Қосымша жаттығудан кейін, әдеттегідей барлығымыз топтасып сыртқа шықтық. Сэнсэйдің шіркеу қызметкерімен әңгімесіне қатысқан әлгі жігіттің клуб жанында тұрғанын көрдік. Арамыздан Сэнсэйді көріп, ерекше түрленіп, қасына келіп сыпайы түрде: – Кешіріңіз, сіздің бірнеше минут бос уақытыңыз болады ма? – деп сұрады. – Иә, мен сізді тыңдап тұрмын, - деп Сэнсэй салмақты жауап берді. – Біздің әңгімемізді үзіп жіберген еді... Сізге өзімді толғандырған бірнеше сұрақтарымды қойып үлгере алмадым. Сіздің дүниетанымыңыз соншалықты ерекше, осыған аздаған ұқсасты да бұрын естіген емеспін. Және сіздің ойларыңыздың негізсіз емес екендігін сеземін, себебі кейбір дәрежеде менің кейбір нәрселердің мәнін түсіну ойларыммен ұштасады. Егер сізге қиын болмаса, менің бірнеше сұрақтарыма жауап бере аласыз ба? – Иә, әрине, - деп Сэнсэй әдеттегінше сыпайы жауап берді. Бұл сөздері жігітті жігерлендіріп, түпкілікті батылданып: – Сіздің түсінігіңізде, шын сенім және Құдайға апаратын жол дегеніміз не? – деп сұрады. – Шын сенім – ол білім. Әрине Құдайға апаратын жолдар көп, бірақ бірнеше рет шыр айналып айналма жолмен жүруге болады немесе тура (тіке) жолмен баруға болады. Енді осы Құдайға апаратын тура (немесе тіке) жол – білім мен Махаббат арқылы болады. – Ал осы білім неден көрінеді? – Әртүрлі аспектілерінде әлемді жан-жақты танудан: микро тіршіліктен ғарыш жүйелерінің макро тіршілігіне дейін; өзіңді биологиялық және рухани құрылым (структура) ретінде тану, сәйкесінше өзіңді қоршаған заттардың мәнін ұғу. Әрине, барлығын білу мүмкін емес, бірақ оған ұмтылу керек. Адам өзінің тануында әрқашан өсіп, интеллектуалды дамуы қажет. Себебі ең қымбат (дұрыс) жол - шын білім хайуани негізіңді жеңіп, Махаббат кілтімен түпсанаңның (подсознания) қақпасын ашқан кезде, яғни Жаратушыны ақылың арқылы тануың. Бұл Жер бетіндегі әлімсақтан бері келе жатқан, барлық жоғарғы дамыған адамзат өркениеті кездерінде болған, мәңгілік, мызғымас ақиқат. – Кешіріңіз, мен онша түсінбедім. Сіз мұны толығырақ түсіндіріп кете аласыз ба? – Жалпы, бұл адам рухының толық жетіліп, өзінің дүниелік болмысын түпкілікті жеңуі, яғни шайтанын жеңуді білдіреді. Христиан дінінде және исламда – оны дүниеден өткеннен кейін жұмаққа жеткізетін әулиелікке (просветлением, святостью) жету деп атайды, ал буддизмде – оянып және реинкарнация шынжырынан босап, нирванаға кету және сол сияқты ұғымдарды білдіреді. Ал шындығында барлығы әлдеқайда қарапайым. Сізге жалпылама түсіндіруге тырысайын. Бейнелі түрде айтатын болсақ, ол былайша көрінеді. Көретін, еститін, ойлайтын және талдайтын санамызды біздер өзіміз деп есептейміз. Ал іс жүзінде – бұл сананың жай ғана кішкентай бір бөлігі. Оны бір Нәрсе деп атайық (Нечто). Бұл бір Нәрсе мұхит бетінде қалқып жүреді. Ал мұхит біздің түпсанамыз (подсознания), ол жерде әртүрлі тереңдікте біздің барлық генетикалық жадымыз, шартты және шартсыз рефлекстер, яғни біздің барлық «жиналған» тәжірибелеріміз сақталады. Бірақ осының барлығы біздің материалдық болмысымызға жатады. Және осы біздің хайуани негізіміз. Түпсана астында, мұхит түбінде, «қақпа» бар деп айтуға болады. Ақыр соңында «қақпалардан» кейін, Құдайдың бір бөлшегі рух орналасқан. Бұл біздің рухани негізіміз. Өзімізден сирек сезінетін біздің шын болмысымыз осы. Реинкарнация процесінде рух қайтадан туылып, бір Нәрсемізде (Нечто) білім мен Махаббат арқылы біртіндеп жетіле бастайды. Себебі бір Нәрсе (Нечто) рухпен байланысты. Бірақ мәселенің барлығы бұл бір Нәрсе (Нечто) мұхитпен де байланысқан. Оның үстіне сырттай мұхиттың әсеріне көбірек ұшырайды. Оны үнемі бір шетінен екінші шетіне толқындар, яғни әртүрлі ойлар, эмоциялар, қалаулары (немесе дүниелік тілектері) лақтырумен болады және сол сияқты. Кейде оның күшті болғаны соншалықты, бір Нәрсе (Нечто) рухпен байланысын жоғалтады, ал кейін, дауыл басылған соң, оны қайтадан сезінуге болады. Бірақ бұл бір Нәрсе (Нечто) рухына жетер жолда мықты болса (күшейсе), мұхиттың ешбір дауылдарына назарын аудармай, қорқынышынан бас тартып, терең судың түбіне ұмтылса, ақыр аяғы осы «қақпаларға» жететін болады. Және Махаббат кілтімен оларды ашып, рухымен бірігеді. Міне сол кезде адам, өзінің шын мәнінде кім екенін толық түсініп, Еркіндікті сезінеді. Сол кезде рухы босатылып нирванаға, жұмаққа, яғни тек Махаббат жайлаған әлемге кетеді. – Демек, бұл бір Нәрсе (Нечто), яғни біздің санамыз, рухымыздың тағдырын шешеді ме? – Өте дұрыс. Барлығы біздің таңдауымызға және біздің ұмтылысымызға байланысты. Жігіт аздап ойланды да, кейін жай даусымен: – Демек, нағыз жұмақ тәнде емес, - деді. – Тәнің саған ешқашан жұмақ болмайды, себебі тән – бітпес мәселе мен қамқорлық жасау (күту). Жұмаққа тек рухыңмен Құдайға қосылуың арқылы ғана жетуге болады. – Сіз, шындығында кім екенімізді сирек болсада, яғни өз рухымызды сезінетінімізді айттыңыз. Ал бұл құдайы күш (божественное присутствие) қалай сезіледі? Және осы сезімдер арқылы жұмақтың не екенін түсінуге болады ма? – Құдайы күшті (божественное присутствие) тек әлемге Махаббат көзімен қарайтын адам ғана сезіне алады. Ал жұмақтың не екенін түсіну... Енді сіздердің аз-да болса түсініктеріңіз болу үшін... Былай айтайық, нағыз Махаббат келген, өміріңіз бақыт нұрынан қайнап, үлкен қуанышқа бөленген (всеобъемлющей радости) өміріңіздегі ең бақытты сәтіңізді алатын болсақ, ол сізге шашырап тиген кішкене кұдіретті құдайы Махаббат тамшысына тең болады. Бірақ адам нирванаға, жұмаққа кеткен кезде, яғни рухы Құдаймен қосылған кезде, бейнелі түрде айтатын болсақ, адам дельфин секілді осы шексіз Илаһи (Құдай) Махаббаттың мұхитында жүзгенмен бірдей (сол бақыт тамшыларынан құралған шексіз Махаббат мұхиты). Оны толықтай елестету мүмкін болмағандай, бұл сезімдерді сөзбен толық жеткізу де мүмкін емес. Өкінішке орай, адам санасы (ақылы) шектеулі, бірақ сонысымен әдемі. Міне осы шектеулі санада шексіз Махаббат дамуы қажет. – Иә, барлығы қарапайым әрі анық (түсінікті)... Ал сіз «қақпаға» Махаббат пен білім арқылы ғана жетуге болады деп айттыңыз. Бірақ адамдар әртүрлі замандарда әулиелікке (святыми становились) жеткен. Махаббат арқылы екендігі түсінікті. Ал біліммен қалай болмақ? Себебі сол бір ежелгі замандарда адамдар қазіргідей толық ақпаратты білген жоқ. – Керісінше, адамдар қазір ақпараттың өте аз бөлігін біледі. Бірақ шындық мынада, адам осы «қақпаларға» жеткен кезде, олар арқылы кез-келген ақпарат қолжетімді болады. Ешқандай шектеу болмайды. – Біздерге сектада айтқандай, егер өз санамызды шектейтін болсақ, мен Құдайға келемін деп ойлайтынмын. – Енді біріншіден, өз санаңызды «соқыр» сеніммен шектеу арқылы, сізге хайуани болмысыңыздың «шабуылдарына» аз-да болса қарсы тұру үшін, орасан зор күш-жігер қажет болады. Неліктен? Себебі «соқыр» сенім хайуани негізіңізге әрекет ету еркіндігін береді. Кез-келген сәтте санаңызды күтпеген күмәндармен толтырып тастауы мүмкін және сіздің барлық сеніміңіз картадан жасалған үй секілді құлайды. Бірақ егер сіздің сеніміңіз, Құдайдың бар екендігін санаңызға негізді түрде аргументтермен шын екендігін дәлелдейтін, сол арқылы хайуани негізіңізді бұрышқа байлап отырғызатын білімнің мықты негізінде тұрған болса, сол кезде сіз нағыз Еркіндікке ие болып, Құдайға келе аласыз. Екіншіден, сіздің діни сектаңызда шектегендей, Иса шәкірттерін ешқашан шектемеген. Сіздің басшыларыңыз Ілім негізінде өзінің кішкене болса да, билік империясын құрғысы келеді. Олар сіздерге қолдарын сүйгізіп, тағзым етуге мәжбүрлейді. Ал олар соншалықты кімдер?! Тіпті Исаның өзі Ұлы Рух болғанына қарамастан, әрқашан өзінің елшілерінің (апостол) досы болған, егер ол оқиға естеріңізде болса, тіпті аяқтарын да жуған. Ол адамдарға халықты пайдалануды емес, ең бірінші кезекте таңдау еркіндігін алып келді. Ол адамдарға «қақпаның» кілті болатын Махаббат өсиетін берді. Оның мына сөзін естеріңізге түсіріңіздер: «Жаратушыңды шын жүрегіңмен, рухыңмен, барлық ақыл-ойыңмен жақсы көр (сүй)». Яғни ол, рухтың жетілуі үшін, Құдайға қосылуы үшін керек – жоғары ар-ұят (высокая нравственность), рух және сананы (ақыл-ой) көрсетті... Бұл туралы барлық Ілімнің Пайғамбарлары айтқан. Себебі білімнің қайнар көзі бір. Ең болмаса Мұхаммед пайғамбарды алып қарасақ болады... – Мұхаммед?! Сіз не, оның діні Құдайға жақындатады деп ойлайсыз ба? – Дін адамдармен құрылған, ал Мұхаммед Ілімді насихаттады. Оның ақиқат Ілімі де Иса берген білімдерге негізделген. – Олай болуы мүмкін емес! – Қалай мүмкін емес, сіз өзі аз-да болса Мұхаммед пайғамбар туралы білесіз бе? – Ол туралы жоқ, бірақ Ауғаныстанның қауіпті аймақтарында (горячих точках) журналист болып жұмыс жасаған кезімде, үлкен фанатизмге толы оның дінін ұстанушылармен (ізбасарларымен) кездесуді жеке басымнан өткіздім. Және сөзіме сеніңіз, ішкі жан дүниеме жақсы емес естеліктер қалдырды. Исламның не екенін көргенмін. – Сіз исламды көрген жоқсыз, сіз пайдакүнем саясаткерлердің Мұхаммед Ілімін неге айналдырғанын көрдіңіз... Ал дінге фанатша сенуші адамдар, әрбір дінде бар. Олармен Ілімді бағалауға болады ма? Соқыр әрі қатты фанатизм – кез-келген діннің ең жаман көрсеткіші, кез-келген Ілімді ең жаман бұрмалау, өйткені «жақсы ниет» қалқанының артына тығылып, адам бойындағы хайуани негізін толықтай оятады. Бұл енді әрбір діннің шыңындағыларға тән (басшыларының) саясатының, әлемге үстемдік құру ниетінің көрінісі... Сіз Пайғамбарлардың Ілімін зерттеп қараңыз, олар осындайға шақырды ма? Олар адамдардың рухани дамып, бірінші кезекте хайуани негізімізді, шайтанымызды, қалай атауды өздерің біліңдер, әлсіретіп (подавляя), бар әлем болып Махаббатпен Құдайға қосылуымызға шақырды. Өйткені Құдаймен болған адам, зұлымдық жасай алмайды (Ибо Человек, будучи в Боге, не может сотворить зла). Ал Мұхаммед өте ерекше тұлға болды. Мен оның өмірін адами тұрғыдан, еш теріс түсініксіз (жағымсыздық) және еш шартсыз оқуға кеңес беремін. Ол бала күнінен өзін тануға ұмтылды және ол басында табиғи адами қалаулары еді. Ол кедей, жетім, жай ғана бақташы (пастух) бала еді. Мұхаммед жасөспірім кезінде егер бай болсам өзімді толық танимын деп есептеді. Он екі жасынан керуендерге ілесіп жалдана бастады. Бірнеше жылдан кейін күншілік жолындарының (одном из переходов) бірінде білім дәнін беріп және медитацияларға үйреткен кемеңгерді кездестірді. Осыдан кейін тағдыры түбегейлі өзгерді. Мұхаммед Құдай болмысын тану мақсатында рухани практикалармен айналыса бастады. Бірнеше уақыттар өткеннен кейін оның алғашқы арманы орындалды. Текті әйелге сәтті үйленуі оны бай адам қылды. Бірақ Мұхаммед байлықтың – рухы ұмтылатын нәрсе емес екендігін түсінді. Ол оны билік басынан іздеді, бірақ ол жерден де таппады. Бұл оны мәнін түсіну үшін ішкі жан дүниесіне, ішкі адами болмысына үңілуге итермеледі. Мұхаммед түндердің көп сағатын медитациямен өткізді, ақыр соңында ол оны Құдайды түсінуге (немесе ағартылушылыққа) (просветлению) алып келді. Ол өзінің ішкі болмысының мәнін, барша адамзаттың өмір сүрудегі мәнін түсініп, «алиллах» - Құдайын тапты. Ол «құлшылық етуге лайықты» дегенді білдіреді. Осының арқасында рухы оянып, білімнің қайнар көзі ашылды. Міне сол кезде ол аңыз бойынша жоғарыдан, Гавриил періштесінен немесе оны Шығыста Жебрейіл періштесі деп атайды аян (откровения свыше) алады. Мұхаммед тек аян алып қана қоймай, оның сүйікті шәкірті болған. Жебрейіл періште оған Ілімнің құпиялары мен байлықтан қымбат білімдерді айтқан. Және Ілімнің терең және ақиқат екендігін көрсету үшін ол Мұхаммедті кеңістік пен уақыттан, оның ішінде Иерусалим қаласынан алып өтіп, ол жерде Бодхисатва Исамен және оның әулие (просветленными) шәкірттері Ыбырай (Авраам) және Мұсамен (Моисеей) кездесуін ұйымдастырған. Бұл уақытқа саяхаты кезінде Жебрейіл періште шын білімге қарағанда дүниелік әлемнің алдамшы бос әрі өткінші екендігін, құлшылыққа тек шын құдіретті күшті Құдайдың ғана лайықты екенін көрсеткен... Қуатталған рухқа (окрепшей душе) себілген осы білімдер өзінің қымбат жемісін әкелді. Лайықты шәкірт оған артылған үмітті адал ақтап шықты. Мұхаммед адамзаттың осы кезеңінде басқа ешбір адам жасай алмаған қаншама игі істер жасады. – Ал Иса ше? – Шатастырмаңыздар, Иса Бодхисатва болған, яғни Құдайы болмыста дүниеге келген. Ал Мұхаммед бойындағы құдайы болмысын оятқан адам болған... Енді былай, Жебрейіл періште Мұхаммед жеткілікті дайын деп есептеген кезде, ол оған: «Енді сен әлемге барып, осы білімді адамдарға жеткізуің керек» деп айтқан. Ол: «Сенен рухыммен танығанымды адамдарға қалайша сөзбен жеткізе аламын?» деп сұраған. «Бар да, Құдайдың жалғыз екенін, оның күн секілді барлығын өзінің құдайы Махаббатына бөлейтінін айт. Ал мен қараңғы санасына жарық жол салып, Құдайдың нұрын шағылыстыратын, адам өміріндегі, қараңғы түніндегі ай секілдімін. Ал сен құдайы нұрға жол көрсетуші (бағыттаушы) жарық жұлдыз секілдісің». Жебрейілмен әңгімесінен шабыт алған Мұхаммед медитация жасаған үңгірінен шығып, ең бірінші көргені табиғаттың көз тұндырарлық әсем (таңғажайып) бейнесі еді. Кешкі үлкен аспанда жаңа туылған ай ерекше жарқырап тұрды, ал қасында жарқыраған жарық жұлдыз. Осы минуттарда ол адамдарға осы Ілімді қалай жеткізу керектігін кенеттен түсінеді (озарение). Ол Құдайдың – Махаббат, үздіксіз қозғалыс екендігін білді. Жаратушы сөздермен сөйлемейді. Себебі Ол адамдармен періштелер арқылы байланысады, ал олар адам санасына Оның еркін жеткізеді. Бірақ адам Құдайды өзінің рухы арқылы тануға еркіндігі бар. – Ал Мұхаммед не істеді, адамдарға сенім берді ме? – Мұхаммед адамдарға сенім ғана емес, білім де берді. Өкінішке орай, 600 жыл ішінде адамдар Иса Ілімін бұрмалап, дінге айналдырып жіберді. Ал Мұхаммед жоғалған білімді тағы да адамдарға жаңарған Іліммен жеткізгісі келді. Ол адамдарға өзі білгеннің барлығын еш жасырмай айтты. Оның үстіне Мұхаммед уағыздарын айта бастаған уақытта, 610 жылға дейін Аравияның қандай күйде болғанын тарихтан оқыңыз. Ол жерде әртүрлі пұтқа табынушылық аласапыраны (хаос) орнап, осының негізінде араб тайпаларының арасында жиі араздық туындап отыратын. Ал Мұхаммед ұлы іс жасады – ол соғысушы халықтарды – арабтарды жалпыға ортақ бауырластық пен құлшылыққа лайықты жалғыз Жаратушыға деген сеніммен біріктірді. Ол Құдайдың ақиқат екендігін, Исаның неге үйреткендерін: Құдайдың мәңгілік, бәрін білетін (всеведущ) және бәрінен құдіретті; оның алдында барлық адамдар тең; ол рухтың өлмейтіні туралы айтты, сол реинкарнация туралы – өлілердің тірілуі, ақірет соты туралы, осы әлемде зұлымдық жасағандарға қабірде жаза болатыны туралы, адамдар арасындағы ар-ұят міндеттері, әділеттік пен мейірімділікті орнату қажеттілігі жайында айтты. Өзінің даналығының арқасында Мұхаммед арабтарды терең надандық пен саяси аласапыран (хаос) күйінен шығарып, оларды өркениетті мәдени өсу мен кейінгі өркендеу жолына қойды. – Мүмкін осылай шығар. Бірақ «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс ше?» (джихад) Мұсылмандар Мұхаммедтің өзі осыны насихаттады деп айтады? – Сол қараңғылық замандарында Мұхаммедке тек күшті ғана түсінетін жабайы тайпалармен жұмыс жасауға тура келді. Мұсылман сөзі «муслим» сөзінен шыққан, ол «мойынсұнушы», Мұхаммедке мойынсұнушы дегенді білдіреді. «Мұсылман» сөзінің «Дұрыс сенімдегі» деген мағынасы алдеқайда кейін пайда болған. Яғни сол кездегі сенімді (адал) адамдар – Арабияның басқа аймақтарында Ілімді күшейтіп, ол жақтағы аласапыранды ретке келтіру үшін Мұхаммедке мойынсұнып, артынан ерген адамдар. Ал сенімі дұрыс еместер (кәпірлер) – оның Ілімін ұстанбаған (артынан ермеген) адамдар. Мұхаммед Ұлы пайғамбар болып қана қоймай, сонымен бірге тамаша қолбасшы әрі кемеңгер саясаткер болған. Жабайы соғысқұмар тайпаларды ауыздықтау оңай жұмыс емес. Оның үстіне Мұхаммедке билікті басып алған, арабтардың бірігіп, өздерінің Құдайына табынбауы тиімсіз болған діни басшыларға қарсы «қасиетті соғыс» жариялауына тура келді. Адамдардың сенімі арқылы өз арам мақсаттары үшін алдаған, адамдардың рухын бүлдірумен айналысқандармен соғысқан (күрескен). Бұл ісінде ол Иса іспетті. Яғни Пайғамбарда Иса секілді, бір Құдайға құлшылық қылу, әрбір адамның Құдаймен тікелей байланысы үшін күрескен. – Ал жақсы, сол замандарда өте қараңғы, жабайы тайпалар болды деп айталық. Бірақ қазір, қаншама жылдар өтсе де, әлгі күнге дейін түсініксіз «қасиетті соғыс» жүріп жатыр. Егер Құдай жалғыз болса, неге соғыс жүріп жатыр? Жарылғышқа оранып, Құдай жолында өлемін деп өз еркімен бейбіт көпшілік халық арасына барып, өзімен бірге басқа адамдардың өмірін қиып кететін адамдарды қалай түсінуге болады? – Себебі мұсылмандар, Пайғамбар берген Ілімнің орнына, мұсылман жанынан (рухынан, өмірінен) өзінің арам мақсаттары, жеке басының әл-ауқаты мен әлемдегі саяси ықпалы көбірек қызықтыратын басшылары бар дінді алды. Олар оны осы «тақуалық» (благочестивого) актісінен кейін рухы Мұхаммедке, жұмаққа барады деп сендіреді. Ол жерге бара алмайды, өйткені зұлымдық жасаған әрбір адамға Құдайға барар жол жабық. Және осы мұсылман, ең болмағанда өзінің осы зұлымдықты жасағанға дейінгі тазалығына жету үшін, әлі бірнеше рет қайта туылып, жердегі тозақ шеңберінен өтуі керек. Бұл алданған адамдар діндердің құрбаны. Бірақ оған шын Ілімді бұрмалағандар кінәлі. Бұл шайтанның кез-келген дінді жеңуінің көрінісі. – Қалайша, мен сіздің сөзіңізді жоққа шығаратын Құранда кейбір «сүрелер» бар деп естідім. – Құранда? Ал сіз Құранның Ұлы Пайғамбар дүниеден өткеннен кейін жазылғанын білесіз бе? Мұхаммедтің асырап алған ұлы - Зейд ибн Саббит – барлық уағыздарын біріктіріп, мұқият қараңыз, 651 жылы Құранның арнайы (негізгі) нұсқасын шығарды. Мұхаммедтің өзі уағыздарын ауызша айтқан. Ал оның уағыздары мен ілімдері туралы үзінді жазбаларды, жартылай есте сақтап, Мұхаммедтің сөздерін ішінара жазып алған алғашқы ізбасарлары жасаған... Бірақ дінді құру мақсатында Құранды одан әрі жетілдіруге қарамастан, әлі күнге дейін, Мұхаммедке Жебрейіл періштеден шын берілген білімдер Құранда сақталған. Қазір ғалымдар Құрандағы кейбір «шынайы сәттерді» (подлинные моменты) талдап (расшифровывая), ол жерден нақты білімдерді табатынына таңдануда... Осы кезде Татьяна мені жанымнан түртіп, ата-аналарымыз алаңдамау үшін қоңырау соғу керек екендігін айтып сыбырлады. Мен сағатыма қарадым, шыныменде үйде болатын уақыт болып қалыпты. Біздер кешірім сұрап, ең жақын телефон орналасқан клубқа қарай жүгірдік. Біздің ұзақ әрі табанды есікті соғуымыздан кейін, ақыры өзінің кәсіби міндетін белсенді орындауға кіріскендей ұйқылы-ояу көздерімен қарт күзетші есікті ашты. Күндіз де, түнде де еш тыныштық жоқ, түнде барлығы жыбырлап еш тыным бермейді деп аздап наразы болса да, бізге қоңырау шалуға рұқсатын берді. Татьяна ата-анасына түсіндіріп жатқан кезде, мен Сэнсэйдің сөздерін қысқаша өз қол дәптеріме жазып алуға үлгердім. Біздер үйдегілерге ескертіп, өз тобымызға қосылуға, сыртқа шығуға асықтық. Біздер келген кезде Сэнсэй әлгі жігітке: – Сіздің Інжілге (Библия) ақпараттың түп негізі ретінде сілтеме жасауыңыз біржақты. Сізге сектаңызда осылай үйретенін түсінемін. Бірақ сіз журналистсіз, қарапайым адамға қарағанда қызығушылығыңыз анағұрлым жоғары болуы керек. Інжіл (Библия), дәл сол Құран немесе Трипитака кітабы болсын ізбасарларымен жазылған. Оның үстіне бұл кітаптар бірнеше рет өзгертулерге ұшыраған. Яғни олар Ұлылар берген алғашқы Ілімді емес, діни көзқарастарды баяндайды (немесе көрсетеді). Сіздің назарыңызды осыған аудара отырып, тағы да қайталаймын, 600 жыл ішінде Исаның Ілімі бұрмаланғаны соншалықты, Мұхаммедке жаңа Ілім беруге тура келді, ал шындығында ол Иса әкелген білімнен еш айырмашылығы жоқ еді. Бірақ уақыт өте адамдар бұл Ілімнің мазмұнын өзгертіп, тек сыртқы пішімін (формасын) қалдырып, дінге айналдырып жіберді. – Бірақ Інжіл (Библия), атап айтқанда «Жаңа өсиет» (Новый завет), Исаның аузынан (сөздерінен) ізбасарларымен жазылып алынған. – Егер сізде Ілімді Исаның өз аузынан естіп, оны қазіргі оқитын Інжіл (Библия) кітабымен салыстыратын мүмкіндік болса, үлкен олқылықтар мен көптеген білімнің жоқ екендігін анықтайтын едіңіз, - деп Сэнсэй өкінішті үнмен айтты. – Сіз ізбасарларымен жазылды деп айтасыз, бірақ оның қалай болғандығы туралы тіпті де ойланбайсыз. Жазған адамдар алғашқы ізбасарлары болған жоқ, ізбасарларының ізбасарлары. Өйткені Иса Ілімі ұзақ уақыт ауызша тарады (немесе насихатталды). Кейін Иса сөздерінің тізімдері пайда бола бастады. Иоаннан жеткен Евангелия кітабының ең көне үзінділері біздің заманымыздың 125 жылына келеді, ал ең ерте қолжазба, ең толығы біздің заманымыздың 200 жылдары жазылған. Екі жүз жылда барлығының қалай өзгеретінін елестете аласыз ба? Біріншісі басқаша ұқса, екіншісі түсінбей, үшіншісі жоғалтып алды және сол сияқты. Оның үстіне 325 жылы Бірінші Никейя Ғибатдатханасында (на Никейском Первом Соборе), император Константиннің басшылығымен, Шіркеудің және жеке билігін нығайту мақсатында, көптеген тізім ішінен, «Жаңа өсиетке» (Новый завет) кіретін, төрт Евангелия таңдап алынып, конанға айналды (канонизированы). Міне сол кезде Иса Ілімі толықтай өзгертіліп, биліктің халықты басқарудағы күшті құралына айналды. Міне сол Ғибадатханада император Константиннің қысымымен тәннің қайта тірілуі ортодаксальді көзқарасы бекітілді. Ал рухтың қайта тірілуін басқаша ойлайтын христиандарды адасушылар (еретиками) деп жариялап, соңында бүкіл империя бойынша қудаланып жойылып отырған. Дегенмен алғашқы христиандар реинкарнация идиологиясын насихаттаған. Тіпті Інжілдің (Библия) өзінде аз-да болса бұл туралы айтылғандар сақталған. Бұдан табиғи сұрақ туындайды: билік неге бұдан соншалықты қорықты? Неліктен Константин Ілімді түпкілікті қайтадан жасақтап, оны дінге трансформациялады? Не үшін? Себебі Ілім адамдарға осы жалған әлемдегі қорқыныштарын жеңетін (босататын) білімді берді. Білім адамдарға шын Еркіндікті әкеліп, рухын оятты. Олар өлімнен қорыққан жоқ, реинкарнация туралы, бұл шеңгелдің (грань) артында не жасырылғанын білді. Және ең бастысы үстерінен (жоғарыдан) қайдағы бір император немесе епископ емес, тек Құдайдың тұрғанын түсінді. Ал бұл өз кезегінде, саясаткерлер мен шіркеушілерді биліктерін жоғалтып алудан қатты қорқытты, өйткені олар дүниелік мүдделеріне қатты батқан еді. Адамдарды Еркін қылатын Иса Ілімі, енді теріс айналған дін күйінде, өлімнен қорқу арқылы адамдарға енгізілді (вбивалось). Христиан дінінің кеңеюі зорлық- зомбылық арқылы жүрді, үлкен крест жорықтары ұйымдастырылды және сол сияқты... Оның үстіне Інжіл (Библия) әртүрлі адамдармен, 1455 жылға дейін Гутенберг Інжілі (Библия) шыққанға дейін қаншама рет жазылды. Ал мәтіндердің тарауларға бөлінуін тек XIII ғасырда кардинал Стефан Ленгтон жасады. Тарауларды өлеңдерге бөліп және соңғыларын нөмірлеуді Париж баспагері Роберт Стефан жасады, ол 1553 жылы алғаш рет толығымен Інжілді (Библияны) басып шығарды. Мен қазіргі әлемдегі, мысалға католик шіркеуі өзін Інжіл (Библия) кітабын шіркеудің пікіріне сәйкес қандай-да бір жолмен түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар оны толықтыруға құқылы деп есептейтінін айтып тұрған жоқпын. Бірақ, осыншалықты түзетулер мен бұрмалауға қарамастан, Исаның кемеңгерлігі соншалықты, кейбір білімдерінің мағынасы екіұдайлы болғанының арқасында оның ұрпақтарына жете алды. Сондықтан Інжіл (Библия) бүгінгі таңда адамдардың Иса Іліміне деген қызығушылығын оятуда. Және осы білімдерді «өз бетінше» түсіндірулердің кесірінен христиан діні ешқашан бір болған жоқ, барлық замандарда бір-бірімен күресуші көптеген ағымдар, шіркеулер және секталар түрінде болған. Жігіт сәл ойланып, кейін: – Ал сіз Исаның қай сөзі екі түрлі мағынада сақталды деп есептейсіз? – деп сұрады. – Ең болмағанда сіздердің секталарыңызда жиі қолданатын Исаның ең көп тараған мына сөзін алып қарайық: «Мен үшін жиналған екеуі немесе үшеуінің арасында Мен бармын» (Ибо, где двое или трое собраны во имя Моё, там Я посреди них). Бұл жерде сіздің шіркеу қызметкері (пресвитер) айтқандай, көп адамдар емес. Бұл жерде Құдайды тану үшін бір мақсатқа біріккен рухы, санасы мен ақылы жиналған тұлғаның тұтастығы айтылған. Немесе діни басшылар өзінің сектасына тарту үшін Исаның мына бір сөзін: «Ешкім екі бірдей құдайға қызмет қыла алмайды: өйткені біреуін жек көреді де, екіншісін жақсы көреді; немесе біріншісіне құлшыныспен (ынтамен), ал екіншісіне көңіл бөлмейді. Құдай мен мамонға (байлық құдайы) қатар қызмет ете алмайсың». Иса адамның өмір сүрудегі мақсатын жеке таңдау туралы айтқан: ол Еркіндікке, Құдайға ұмтылады, болмаса мамонға, яғни байлыққа, материалдық әлемге ұмтылады. Барлығы өте оңай (қарапайым). – Бірақ, бізде де осылай түсіндіретін сияқты. – Иә, бірақ Құдайға ұмтылу сөзінің астарымен, сіздердің діни басшыларыңыз, сіздерге тек өздерінің секталарына барып, олардың бағдарламаларын зерделеу арқылы ғана міндетті түрде Құдайға келеді деп сендіреді. Ал шындығында адам егер іштей өзгерсе, жеткілікті деңгейде өзінің ішкі Махаббатын өсірсе, сенімін біліммен күшейтсе, Құдайға келеді. Немесе Иса: «Соңғылары алғашқы болады, ал алғашқылары соңғылары болады; өйткені көп шақырылған, бірақ азы таңдалады», - деп айтқан (так будут последние первыми, а первые последними; ибо много званных, а мало избранных). Өмір рухани даму үшін беріледі. Берілген уақытта сіз алға қадам басып – прогрессия жасай аласыз, болмаса артқа қадам басып – регрессияға ұшырайсыз. Иса егер Құдай сені бүгін бірінші қылса, яғни анағұрлым еркін адам болсаң, назарыңды Құдайға көбірек аударсаң, демек бұрынғы өмірлеріңде сен оған лайықты болғансың деп айтқан. Егер сен осы өміріңді рухыңның регрессиясы үшін пайдалансаң, келесі өміріңде Ол сенің түсінуің үшін, қиынырақ жағдайға қояды. Ал кез-келген адам іштей, өзінің терең сезімдеріне назарын аударатын болса (ойын жинақтайтын болса), онда өткен өмірлерінің тәжірибесін сезіне алады. – Ал сіз Інжілде (Библия) реинкарация туралы айтылғандар сақталған деп айттыңыз. Дәл қайсысы? – Мысалы Иоаннан жеткен Евангелияда, егер есіңізде болса, Исаға сұрақ қою үшін түнде жасырын түрде келген университет оқытушыларының бірі Никодим туралы сілтемелер бар. Енді сол Никодим Исадан: «Адам қартайғанда қайтадан қалай туылады? Ол анасының құрсағына тағы бір рет кіріп, қалай туыла алады?», - деп сұраған. Иса: «Ақиқатты, шындықты саған айтып тұрмын, егер кімде-кім су мен Рухтан туылмаса, Құдай Патшалығына (жұмақ) кіре алмайды. Тәннен туылған тән, Рухтан туылған рух», - деп жауап берген. Оның үстіне, көптеген әлемнің бар екендігін меңзеген: «Менің әкемнің үйінде мекендеушілер көп», - деген сөздері де сақталған. Иса өзінің шәкірттеріне толыққанды жетілуі үшін рухтың қайта дүниеге келуін түсіндіретін, қайтадан туылу (немесе дүниеге келу) заңдылықтарын айтқан. Ол өз рухыңды қалай құтқаруды және Құдай Патшалығына жетуді, мәңгілік өмірді тануды айтты. Ол сонымен бірге адам көбірек рухани дамыған сайын, соншалықты хайуани негізінің, яғни шайтанының сынағы да күшейе түсетінін айтқан. – Иә, егер Евангелияға сүйенетін болсақ, тіпті Исаның өзіне шайтан шабуыл жасаған. Мен әрқашан ойлайтынмын, неліктен? Өйткені Ол Құдайдың Ұлы емес пе. – Әрине Иса рухы күшті, Құдайдың Ұлы болған. Бірақ ол өзін адамның Ұлымын деп те атаған. Себебі Оның Ұлы Рухы қарапайым адам тәніне айналған. Ал адам тәнінде табиғатынан хайуани бастамасы болады, ол оның ажырамас бір бөлігі. Сондықтан Иса Бодхисатва бола тұра, өзінің хайуани негізінің, өз тәнінің, өзінің жағымсыз ойларының «азғыруынан» қашып құтылмады. Ол да қарапайым адам секілді барлығын, сол ауырсынуды, сол сезімдерді басынан өткерді. Яғни Исада барлығы секілді бірдей жағдайда болды. Және оған сіздердің кез-келгендеріңе қарағанда, мың есе қиын (ауыр) болды. Себебі Ол Еркіндікті білді, Ол Құдайды білді... – Маған Сэнсэйдің жүзі өзгеріп, бұл сөздерді жүрегін сыздатқан сағынышпен айтқандай көрінді. – Осы жерде, миссиясын орындай отырып, Ол барлық мәселесі мен ойлары, эмоциясы бар адам тәніне кіреді. Санаңның тереңіне, бұрышқа тақап, байлаулы тұрған ит секілді, өмір бойы ұстап (бақылап) өтетін, сонда да бұл пәлекет үретін, толық хайуани негізі бар тәнге енеді. Ал сіздің шіркеу қызметкері (пресвитер) осыны да жұмақ дейді ме?! – деп өз денесін саусақпен нұсқады. – Егер бұл тозақ болмаса, ақыр соңында бұдан өткен жаман не болуы мүмкін?! Бұл сөздерден кейін ұзақ үнсіздік орнады. Сэнсэй темекісін тұтатты. – Бірақ неліктен Евангелияда шөл далада болған кездегі Исаның жеке өзінің шайтанмен күресі туралы бір ғана сәті айтылады? Егер Иса басқа адамдармен тең дәрежеде болса, ал шайтан – жаман ойлар болса, бұл ойлар оның бойында өмір бақи болуы керек емес пе. – Өте дұрыс. Бірақ Иса махаббат күшімен толыққан Ұлы Рух, сондықтан ол бойындағы барша жаман ойларды қатаң бақылауда ұстаған. Ал Евангелияда айтылған сол сәт, рухтың тәнге билігін толық бекіту үшін өз санасындағы ойларының күресі еді. Бұл әрбір тәнде туылушы өтуге міндетті болған, оның да жеке Ақіреті (Армагеддон) еді. Және Бодхиствалар да, өкінішке орай бұл жағдайда басқаларынан артық емес (исключение)... Сол себепті Ол қырық күн, қырық түн ораза ұстады. Себебі шамамен осы уақыт аралығында адам ағзасы сарқылып әлсірейді де, хайуани негізі түпкілікті мойынсұнады. Өзінің санасын Рухы толық игеру үшін, Иса рухани ашылды. Ал санасына билікті қайтарып алуға тырысқан тәннің хайуани ойлары, Оны үнемі азғырумен болды. Ашыққан тәндегі олар: «Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, бұл тастар нанға айналсын де», - деп азғырған. Оның Рухтан болған ойлары: «...адам нанмен ғана өмір сүрмейді, бірақ Құдайдан болған әрбір сөз өмір береді», - деп нағыз адам болмысын, яғни рухын, Рух күшінің қаншалықты орасан күшке ие екендігін меңзеген (…не хлебом одним будет жить человек, но всяким словом, исходящим из уст Божьих). Оған жаман ойлар: «... Егер Сен Құдай Ұлы болсаң, төменге қарай құла; өйткені «Аяғыңды тасқа соқпас үшін, Сені қолдарында алып жүруге, Өз Періштелеріме Сен туралы өсиет еттім», - делінген деп қайтадан бас салған (Ангелам Своим заповедает о Тебе, и на руках понесут Тебя, да не преткнешься о камень ногою Твоею). Және Ол өз-өзіне: « «Өз Жаратушы иеңді сынама (не искушай)», - деп жазылған» деген сөздерімен жауап беріп, Рухының беріктігін, тәнінің жаман ойларын (шальными) бақылауда ұстағанын көрсеткен. Сол кезде хайуани негізінің ойлары, өзінің соңғы басты құралы (козырь), өзімшіл мақтаныш сезімінен туындаған, бүкіл әлемге билік етуді аңсаумен Оны, әлемнің бар патшалығын билеуге азғырған кезде, Иса бас тартып: «Жалғыз Жаратушыңа ғана құлшылық жасап, жалғыз Құдайға ғана қызмет етіңдер», - деп айтқан. Және Иса Құдайға деген үлкен Махаббат күшімен, өз Рухының күшімен, өзінің жаман ойларын, өзінің тәнін, өзінің Ақіретін (Армагеддон) абыроймен жеңіп шықты. Бойында Бодхисатва Рухы толықтай оянып, Ол өзін тапты. Сол сәттен бастап, Иса өзінің орасан зор құдайы Махаббат күші мен білімді толық пайдаланып, өз миссиясын орындады. Сондықтан Ол өзінің сенімімен ғажайыптар жасады, ауруларды емдеп жазды, өлілерді тірілтті. Өйткені бұл иллаһи күш (құдайы күш) үшін Жер бетінде де, ғарышта да ешқандай кедергі жоқ. Жалпы, ары қарай өмір жолында рухтан болған ойлар мен тәннің «жүгенделген» (осёдланных) ойларын Иса нақты ажыратты. Иуданың (Яһуданың ) сатқындығының алдында Гефсимания бағында Оның құлшылық қылғандағы, тәнінің айтқан сөздерін алайық. Иса дұға еткенде, Оның Рухы тәнінен шыққан кезде, денесі: «Құдайым! Егер мүмкін болса бұл қиыншылық мені айналып өтсе екен; дегенмен Мен қалағандай емес, Сенің қалағаныңдай», – деп айқайлап жіберген. Және бұл тәннің Рухқа жүгінуі еді, себебі Иса Рухы Құдайдың бір бөлшегі еді. Және Оның құдіретті күшіне ие болған. Немесе Исаны ағашқа шегелегендегі сәтті алайық. Ол қатты азап шекті. Тәніндегі осы барлық азапты (ауырсынуды) Жанымен сезінді. Және азғырудан сақтану үшін (не соблазниться), Иса тәнін тастап кетті. Рухы тәнін тастап кеткен кезде, санасы (ақылы): «Или, Или! лама савахфани? – яғни: Құдайым ау, Құдайым! Мені Сен не үшін тастадың?», - деп айқайлап жіберген. Бұл Исаның Ұлы Рух ретінде тәнін билеп қана қоймай, өз санасына қаншалықты патшалық (билік ету, басқару) құрғанын да көрсетеді. Жігіт кішкене үнсіз тұрды да, кейін: – Ал айтыңызшы, мені көптен бері бұл сұрақ мазалайды, біздің басынан (әлімсақтан) күнәһар екендігіміз рас па? – деп сұрады. – Адам басынан (әлімсақтан) еркін және оның ешқандай күнәсі жоқ. Себебі күнә дегеніміз не? Күнә – бізді түпсана деңгейінде іштей ауыртпалыққа түсіріп (тяготит), бізді Құдайдан алшақтататын, қорқуға мәжбүрлеп, өзіңді кінәлі сезіндіретін нәрсе. Яғни, жалпы адамгершілік, ар-ұят заңдары бұзылғаннан кейінгі сіздің психикаңыздың әрекетінің табиғи салдары. Және осы күнә. Бұл заңдар сіздің ар-намысыңыздың, ұятыңыздың кодексі. Егер сіз оны бұзған болсаңыз, онда сіз өзіңіздің ойларыңыз бен істеріңізде жақсырақ және таза болуыңыз керек. Ал сіздің діни басшыларыңыз, сіздерге Құдайдың құлысыздар, сіздер басынан күнәһарсыздар деп үнемі айтып бастарыңызды қатырумен болады. Неліктен? Себебі оларды өмір бойы асырау үшін, адам тіпті өзі жасамаған «күнәларын» өтегені пайдалы. Бұл тобырға арналған өзінше бір психологиялық әдістің бірі. Егер адамға басынан күнәһар, ол кінәлі деп сендіретін (иландыратын) болса, оның бойында қорқыныш пайда болады. Осы қолдан жасалған қорқынышты сіздердің күнәларыңызды тек келесі кездескенге дейін кешіру үшін діни басшыларыңыз әккі пайдаланады. Бірақ ақиқатында, адам өзінің болмысымен Құдайдың құлы емес, ол Құдайдың ұлы. Ал Әкесі баласын жек көре алмайды, Ол тек Махаббатымен жақсы көреді. Өйткені Құдайдың өзі Махаббат. Ал Махабатта қорқыныш жоқ, болмайды да... Жаратушы адамдарға таңдау еркіндігін берді. Бұл Оның өзінің балалары сияқты адамдарға берген ең қымбат сыйы. – Ал адамдарға зұлымдық жасаған азғырушы – Жылан туралы аңыз ше? – Бұл ақпарат өте қатты бұрмаланған. Ал адамдарға берілген бастапқы аңызда келесідегідей айтылған. Құдай адамды, яғни рухын жаратқан кезде, Ол өзінің жаратылыстарына сүйсіне қараған. Себебі олар Оның бейнесінде жаратылған еді. Адам ол кезде, қазіргі кейбір діндер айтқандай, тәнімен Жерде болған жоқ... – Қалайша тәнде болған жоқ? Ол Құдайы бейнеде, ұқсас болып жаратылған жоқ па? – Қалайша сіз, Жаратушыны материадағы өзгермейтін тұлға, яғни сіз және мен секілді тәні бар, бірақ сонымен бірге барлық жерде бар (вездесущим) деген ойды жібересіз?! – Енді, бұл туралы басқа да діндер айтады. – Қандай діндер?! Бұл сұрақты мұқият зерделеңіз. Барлық әлемдік діндер Жаратушының жалғыз екендігін, Оның барлық жерде бар екендігін (Он вездесущ) айтады... Құдай – ол, сіздерге қалай айтсам екен.., энергетикалық, магниттік немесе кез-келген өріс байланысы секілді. Ол барлығы тіршілік ететін бір өріс. Құдай – ол барлығын жасайтын, барлық жерде бар, орасан зор құдіретті (күшті) ой энергиясы. Бірақ ешбір жағдайда, тақта отырған сақалы бар Біреу емес... Дегенмен, егер ниеті болса, Ол уақытша адам тұлғасына да айнала алады. Жаратушы біздерді өз бейнесінде және өзіне ұқсас қылып жасаған, бірақ тәніміздің ішіндегісін ғана. Оның бір бөлшегі – рух – біздердің әрбірімізде бар. Адамның «жұмағы» аспанда болған, айтпақшы бұл туралы Исада айтқан. Сонымен Құдай жаратқан Болмыс құдайы негізден, яғни рухтан тұрды. Ол еш жамандықты білмей, тек жақсылықты білді, себебі бойында тек құдайы Махаббат бар еді. Әрине ол Болмыстардың (Существо) үлкен қабілетке ие болып, оларға ешқандай кедергінің болмағаны табиғи нәрсе... Бұл болмыстарды Құдайдан бөлек, Оның оң қолы болған, Жарық періштесі Люциферде (Ібіліс) жақсы көрген. Және ол Құдайға: «Бұл Болмыстар Сенің қаншалықты жақсы көретініңді түсінбейді, себебі олар тек жақсылықты біледі», - деп айтқан. Және Люцифер (Ібіліс) Адамның жеке тұлға екенін (индивидуальность), оның еркін Болмыс ретінде тануға деген позициясын (мәртебесін), адам тек жай ғана Оның алдында өсімдік секілді өмір сүріп, көз қуанышы болып қана қоймай, Жаратушысын шын жақсы көрсін деп өз пікірін айта бастаған. Жаратушы Люциферге (Ібіліске) «бұйрық» беріп: «сен де оларды, мен секілді жақсы көрсең, ендеше оларды осыған үйрет», - деген. Және Жаратушы адам үшін арнайы жаратылған, теңіздері мен құрлығы бар, әртүрлі өсімдіктері мен жануарлары бар Жерге қоныстандырды. Ал Люцифер (Ібіліс) болса Құдай рух салған адам тәнін жаратты, сол арқылы бойында екі негізі пайда болды: рухани және хайуани. Және адамға Құдайдың ұлы болғандықтан, ой күші берілді. Ал сана (ақыл) болса, екі негіз ойларының соғыс алаңына айналды. Міне осы адамды жаратуда Құдаймен бірге Люцифердің (Ібіліс) араласқанын айтады (дәлелдейді). Және бұл Люцифердің (Ібіліс) Жаратушының оң қолы болғандығын және солай қала беретіндігін көрсетеді, себебі ол адам жаратылуында белсенді қатысып, оның рухын тәрбиелеуде қарқынды жұмыс жасайды... Осылайша Люцифер (Ібіліс) адамдарға жақсы мен жаманның не екендігін мінсіз түсіну мен тануға мүмкіндік берді. Ал Құдай адамдарға осы екі негізді таңдау еркіндігін берді. Содан бері Люцифер (Ібіліс) адамдарға қамқорлық жасайды. – Ал неліктен Люцифер (Ібіліс) өзін Легион деп атайды? – Мұның барлығы өзіміздің хайуани негізіміздің ойлары арқылы әсер етуінде. Ал бұл ойлар, әдетте, легиондар. Міне сіздер, өз-өздеріңізді бақылап көріңіздер. Сіздерге тек бір ғана ойды, тек өзіңіздің ойыңызды ойлап тұрғандай көрінеді. Ал осы бір ойды ең болмағанда он минут басыңызда ұстап көріңізші, бақылаған кезде сіз, басыңызда көптеген әртүрлі керек емес ойлардың пайда болғанына таң қалатын боласыз. Міне осы легион. Сондықтан Люцифер (Ібіліс), бейнелі түрде айтатын болсақ, біздің сенімділігіміз бен Жаратушыға деген Махаббатымыздың беріктігін тексеріп, әрқашан бойымызда (болмысымызда) болады. Құдайдың берген ой күші орасан. Және бұл күш Сенім деп аталады. Адам Сеніммен шыныменде керемет ғажайыптар жасай алады. Және оның дәлелі тек Иса ғана емес, оның көптеген ізбасарлары және ғажайыптарды жасаған, әлі күнге дейін жасап жатқан, басқа Ұлылардың ізбасарлары. Бірақ, бұл жердегі қауіп (загвоздка), бұл күштің адамның неге сенетініне байланысты, жақсы жаққа да, жаман жаққа да бағытталуында. Және санаңыз қай жақта болса, адам соны алады. Егер сіз ойларыңызбен жамандыққа бейім болсаңыз, яғни сізді дүниелік, хайуани негізіңіз басатын болса, онда сіздің өміріңіздің барлық шебінде: жұмыста, жеке өміріңізде, отбасыңызда және сол сияқты көптеген мәселелер пайда болады. Бұл мәселелер сізді мезі қылады (жейді). Себебі жаман ойлар сіздің сеніміңіздің күшін алып, сізді Құдай туралы ойлардан барынша алшақтатуға тырысады. Бірақ, егер сіз жақсы ойларға бет бұрсаңыз, жаман ойлар бұл күштен айырылып, әлсірейді де, біздер оны нақты бақылауда ұстай аламыз. Сананы үнемі жақсы ойлармен қолдаған кезде, өмір жолы да барынша дұрыстала бастайды (становится более сглаженным). Және ең бастысы адам рухани жетіліп, Махаббат күшін таниды... – Ал сол кезде жаман ойлар толықтай жоғалып кетеді ме? – Жоқ, олар үнемі сізде болады, бірақ сізге әсер ету күші болмайды. Егер бейнелі түрде айтатын болсақ, сіздің сенімнен болған күшіңізді тартып алу үшін бақылауды әлсіреткен кезіңіздегі ыңғайлы сәтті күтеді. Бұл хайуани негіздің сергек Күзетшісі (Страж), тәннің ажырамас бір бөлігі ретінде өмір бойы бойымызда болады. Сондықтан рухымыз тәнде болған кезде, «мықтылығымызды» сынау әрқашан жалғаса береді. Бірақ рух толықтай жетіліп, қайта туылу циклынан шыққан кезде, Люцифер де (Ібіліс) өз Шәкіртіне қатал әрі кемеңгер Ұстаз секілді шын қуанышты болады. Өйткені рух барлық сынақтардан абыроймен өтіп, өзінің шын Махаббатымен Жаратушыға қосылады (барады)... Ал Жаратушы біздің ата-анамыз. Ол өзінің баласының жетістігіне әрқашан қуанышты... Сондықтан, біздің өміріміз – рухымыздың мектебі. Сондықтан тәнде болған кез-келген адам, өзінің жаман немесе жақсы ойларды таңдау позициясы арқылы, өзінің жеке Ақіретін (Армагеддон) бастан кешеді. Сол себепті адамдарға берілген тану (білу) мүмкіндігі, Еркіндікке немесе құлдыққа алып келеді. Бірақ біздің таңдау еркімізге ешкім, Жаратушы да, шайтан да әсер ете алмайды (немесе кедергі). Егер біз Құдайды таңдасақ, біз Құдайға барамыз, ал егер шайтанды таңдасақ, онда шайтанға барамыз. Яғни біздер өзімізге жұмаққа, нирванаға апаратын жолды төсейміз немесе өз-өзімізді реинкарнация тозағына лақтырамыз. – Ал жақсы, егер адам басынан күнәһар болмаса, онда неліктен Исаның өлімі адамзаттың күнәлары үшін төлем болған? – Сіз бұл сөздерге өзіңіз аз-да болса ойланып көріңізші. Қайдағы төлем болуы мүмкін? Егер шындығында барлығы солай болса, яғни біздің күнәларымызды Иса өзіне алса, демек қазір біздер не істесек те бәрі кешірілген. Солай болғаны ма?! Мұның барлығы далбаса (ерунда) сөздер. Жаратушы алдында күнәлары үшін әрбір адам өзі жауап береді. Қазіргі кезде Исаның дүние салуынан, шіркеушілер әлі күнге дейін дауласатын, үлкен құпияны жасады. Неліктен Ол өзін айқышқа шегелеуге берді? Иса Құдай Ұлы болған жоқ па, Ол өзіне Жаратушы берген күшпен бейшара кішкене халықты ғана емес, бүкіл планетаны құртып жібере алатын еді. Және адамдар осыны қалады. Оны азаптап, егер Құдай Ұлы болсаң айғыштан (крест) түс деді. Бірақ Иса азғыруға ерік бермей, Өзін шегелеуге мүмкіндік берді. Неліктен? Себебі, Исаның келуіндегі бар мәні, адамдарға берген Ілімінде ғана емес еді, ең бастысы барлығын адамдардың өздері таңдауына негізделген еді. Себебі бұл азапқа Иса адамның таңдау Еркіндігі болған Құдайдың қалауын көрсету үшін барды: ол (адам) Құдайға баруды шешеді, болмаса өзінің хайуани негізінің ойларымен түнекте (қараңғылықта) қалады. Яғни Иса адамдарға таңдау Еркіндігін әкелді. Бұл адамдардың көпшілігінен жасырылған ең ұлы игі ісі еді. Және осы жалпы христиан дінінде ең үлкен күнә болып есептеледі. Себебі Исаға дейін де, кейін де, адамдар керемет ғажайыптарды көрсетіп, Жаратушының жалғыз (бір) екендігін айтқан. Бірақ Исаның ағашқа шегеленуі ғана сақталып қалды, дегенмен уағыздарын айтып, керемет ғажайыптарды көрсетіп, ауруларды емдеген Шығыстағы өмірінің екінші бөлігі уақыт ағысымен ішінара жоғалды. Тек Исаның пайғамбарлығы туралы айтылған ежелгі заман дерек көздерінде сілтемелер қалған. Мысалға санскритте жазылған «Бхавишья Махапуранды» алуға болады. – Сонда Иса жерде өмір сүру үшін қалды ма? – деп сұхбаттасушы шын таңғалды. – Әрине, Понтий Пилаттың талпынысының арқасында Иса тәні тірі қалды, Исаға өз тәніне қайтуға тура келді. Себебі Бодхисатва ретінде тәнде туылғанан кейін, Ол соңғы демі шыққанға дейін тәнінде болуы керек. – Понтий Пилаттың талпынысының арқасында?! – деп жігіт одан сайын таңғалды. – Иә, шындығында Понтий Пилат Исаның Кім екендігін түсініп, әрі қарай Исадан Бостандықты, яғни реинкарнациядан босатылуды алды. Оның есімі адамзат тарихында жазылды. – Қызықты, қызықты. Ал ол Исаның Құдай екендігін қай кезде түсінді? – Исамен кездескен кезде. Оның үстіне алдында Кімнің тұрғанын түсінген кезде, Пилат Исаны қашуға көндіргісі келіп, тобырдың Оны өлтіретінін ескертіп, барынша Исаны аман алып қалуға үгіттеген. Кейіннен Понтий Пилат тіпті Исаның еш жазығы жоқтығына халықты сендіруге тырысып, ұлы мереке құрметіне орай Исаны босатуға да тырысады. Бірақ адамдар тек Исаның ағашқа шегеленіп, өлгенін көргісі келді. Бұл олардың таңдауы еді. Дегенмен Понтий Пилат сонда да барлығын өз қалауынша жасады. Бірақ Исаға Бодхисатва ретінде адам тәніндегі өз миссиясын аяқтау анағұрлым оңай болғанымен, Пилат өзінің Махаббатымен, өзінің түсінігіндегі Құдайға қызметін жасауға тырысып, Исаның өзі деп ойлап, оның тәнін аман алып қалды. Дегенмен ол кезде тәнінде Иса болмаған еді. Ол ауыр азаптың азғыруына ұшырамас үшін, ағашқа шегеленген кезде тәнін тастап кеткен еді. Ал тәні әлі тірі болды. – Қалай тәні тірі болады, егер Інжілде (Библия) «сарбаздардың бірі Оның қабырғасына найза сұқты, сол сәтте қан мен су ақты», - деп жазылса. – Мұның барлығы Понтий Пилаттың адамдарымен «көпшілік» үшін ойнатылған арнайы қойылымы еді. Бұл соққы Понтий Пилаттың ең мықты жауынгерлерінің бірімен жасалған еді. Ол барлығын кәсіби орындағаны соншалықты, айтпақшы ол оң жақ қабырғасының жоғарғы сол жағынан 5 және 6 қабырғалардың арасынан дәл белгіленген бұрышпен соққы жасап, жүрегін жарып жібергендей иллюзия тудырды. Ал іс жүзінде бірде-бір маңызды ағзаға найза соққысы тимеді. Тәні ес-түссіз күйде болса да, әлі тірі болған. Бұл Исаның өлгеніне халықты сендіру үшін Пилаттың Исаны құтқаруға қатысы бар екендігін растайтын маңызды сәттердің бірі. Дегенмен тірілей шегеленген екі қылмыскердің аяқтарын сындырды (голен). Бұл олардың аяқтарына тұра алмай, тұншығудан азаппен өлулері үшін жасалды. Оның үстіне сол замандарда ағашқа шегелегендерді (крест) бөлек қабірлерде жерлеуге немесе туыстарына беруге тиым салып, оларды ортақ молаға лақтыратын. Исаның тәнін тағы да Понтий Пилаттың бұйрығымен айқыш (крест) ағашынан шешіп алып, үңгірге алып кеткен... Екі күн бойы Исаның тәніне көңіл бөліп күтіп, есіне келуі үшін, емдік шөптердің тұнбасымен денесін үнемі сүртіп, емдеген. Яғни заманауи тілмен айтатын болсақ, оны аман алып қалуға тырысқан (пытались реанимировать его). Бірақ барлығы Исаның үшінші күні қайтадан тіріліп, жарқыраған күйде (сәуле шашқан) көрінетіндігі туралы айтылған болашақты болжауында (сәуегейлігі) еді. Яғни Иса үшінші күні тәнмен емес, Оның Құдайдан жіберілгендігіне барлық күмәнді түпкілікті жою үшін, Құдайы Рухымен келуі керек еді. Бірақ Понтий Пилат өзінің жақтастарымен Исаның тәніне өлуге жол бермеді. Сондықтан Иса өзінің тәніне қайтадан енуге мәжбүр болды... Әрине, Пилат өз түсінігінде Исаны аман алып қалды. Сондықтан Иса оның істерін лайықты бағалап, реинкарнация шынжырынан босатты. Пилат Исамен «қайта тірілгеннен» (воскрешения) кейінгі сөйлескен бірінші адам болды. – Енді ол нақты емес. – Нақты. Және ол туралы біздің күнімізге дейінгі сақталған естеліктер бар. Билігі шайқалмас үшін кейбіреулер оны мұқият жасыруда. Бірақ онысы бекершілік. Бұл үшін қатты жазасын алады. Міне, Иса оянған кезде, Понтий Пилат онымен әңгімелесіп, билік басындағы діни қызметшілердің Оны қайтадан қуғындауы басталмас үшін Исаның елден кетуін жалынып сұрайды. Пилат Оған: «Мені аясаң, адамдарға шықпашы», - деді. Иса Пилаттың өтінішін орындайтынын, тек шәкірттерімен кездескеннен кейін кететінін айтады. Және Ол өз сөзінде тұрды. Негізгі миссиясы орындалған соң, шәкірттерінің бірінің анасымен бірге Шығысқа кетеді. Иса жүз жылдан аса өмір сүріп, соңғы жылдарында қоныстанған Кашмирдің астанасы Шринагар қаласында жерленді. Бұл көрікті жер, Гималай тауларының етегінде, көлдер ортасында (среди озер) орналасқан. Оның мүрдесі, пайғамбар қабірі дегенді білдіретін, «Розабал» моласында жатыр (склепе усыпальницы) (жер деңгейінен төмен орналасқан, шіркеулердің немесе молалардың астында болатын қайтқан адамның мүрдесін жерлейтін жабық бөлме). – Мүмкін барлығы солай болған шығар. Бірақ осы қабірде Исаның тәнінің қалдықтары (бөлшектері) жатырғандығын қазіргі кезде дәлелдеу мүмкін емес. – Неліктен дәлелдеу мүмкін емес. Дәлелдеуге болады. Айқыш ағашқа шегелеген кездегі іздері қалған. Атап айтқанда, қол сүйегіндегі, табан сүйегіндегі сызаттар, тіпті қабырғадағы найзаның іздері. Сонымен бірге оң аяғының асық жілік сүйегінің (большеберцовой кость) диафизаның дистальды жартысының аймағында сынықтан кейінгі нашар бітіскен жерлері бар. – Сынған? Оны өлім жазасына кесу кезінде аяғын сындырған ба? – Бұл жерде өлім жазасына кесудің еш қатысы жоқ. Бұл анағұрлым кейін Иса біршама қарттық жасқа келген кезде болған. Неліктен сіздердің назарларыңызды нашар біткен сыныққа аударып отырмын. Бұл Исаның қартайғанша өмір сүргенінің дәлелі... – Ал Исаның тәнімен аспанға көтерілгендігі туралы естеліктері ше? – Мұндай тықпа сөздер, өзінің діндарларының материалдық негізге сенімін күшейту үшін біреулерге өте қажет болғаны анық... Бірақ егер сіздер Інжілді (Библияны) мұқият оқитын болсаңыздар: төрт Евангелияның тек екеуінде ғана аспанға көтерілуі туралы айтылған. Ал Матфей мен Иоаннда, Исаның тауда шәкірттерімен кездескені туралы айтылады. Тіпті Иоаннда Исаның осы кездесуден кейін, өзінің сүйікті шәкірттерімен кеткендігі туралы айтылған. Оның үстіне Ол ағашқа қағылғанынан (Его распятия) кейінгі, Исаның Шығыста болғандығы туралы көптеген естеліктер сақталған. Бұл ақпараттар тек Шығыста ғана емес, Ватикан кітапханасында да сақтаулы тұр... – Солай дейік. Бірақ ол уақыттарда қараңғылық (надандық) болса, сіз айтып тұрғандай Исаның Шығыста болғандығы туралы көптеген деректер болса, неліктен адамдарға қазір бұл құжаттармен растайтындай шындықты айтпасқа. Себебі қазір мүлдем басқа заман емес пе. – Заман басқа, бірақ адамдардың билікке деген құмарлығы, мыңдаған жыл бұрынғыдай еш өзгерген жоқ. Сіз өзіңіз жоғарыдағы діни басшылардың адамдарға ақиқатты айтып, өздері соншалықты мұқият жасырған әлемге құжаттарды көрсеткенін елестете аласыз ба? Бұл олар үшін үлкен апат (полная катастрофа)! Бұл дегеніміз бір кездері өздері қалаған барлық негіздерінің (устои) қиратылып, өз тыңдаушылары мен үлкен діни қауымдастығының сеніміне балта шабу, демек бар билігіне. Бұған ешкім бармайды... Бірақ білімді үнемі іздеу жолындағы адам ерте ме, кеш пе бұл сақталған деректерге міндетті түрде кездесетін болады. – Жалпылай алғанда, мүмкін сіздікі дұрыс шығар, - деп жігіт ойлана сөйледі. – Шынымды айтсам, аспанға көтерілуі туралы бірқатар күмәндарым болған. Бірақ Понтий Пилат жайлы... олай болар деп кім ойлаған! – Иә, Понтий Пилат өзінің Махаббатымен Құдайдың назарына ілінсе де, бірақ Исаны дұрысынан оқсатып кетті, - деп Сэнсэй бірнәрсені өзінше ойлана айтты. – Ол Исаны сексен жылдан астам артық уақыт тәнде болуға байлап кетті. Бірақ бұл Пилатты құтқару үшін Исаның өтеген құны болғаны анық. Қысқа үнсіздік орнады, тыңдап тұрған әрбірі өз ойларына батқандай. Қызықты әңгімені үзуге батылымыз жетпей, біз де үнсіз тұрдық. – Ал, мынау қызықты, - деп әлгі жігіт тағы да сөйлей жөнелді, - Иса неліктен басқа бір халықтарға емес, яһудилерге (еврейлерге) келген. Бұл белгілі бір басымдыққа ие, Құдайдың таңдаған халқы болғаны ма? Және Інжілдің (Библия) кез-келген жерінде, Авраамнан (немесе Ыбырайымнан) бастап, Құдай оларды сүйікті халқым деп атағаны айтылады. – Түсінесіз бе, Құдайға ұлты, терісінің түсі және сол сияқты тағы да басқаларының еш айырмашылығы жоқ, себебі барша адамдар – Жаратушының балалары. Жаратушы барлығын бірдей жақсы көреді. Бірақ балаларыңыздың ішінде біреуі ауырып қалған кезде, ол тезірек сауығып кету үшін сізде бар назарыңыз бен махаббатыңызды сол ауру балаға бересіз. Жаратушыда солай жасайды. Исаның: «Дені сау адам емес, ауырған адам дәрігерге мұқтаж», - деген сөзін есіңізге түсіріңізші (Не здоровые имеют нужду во враче, но больные). – Ал шәкірттерінің саны – мистицизммен цифрологиямен белгілі бір байланыстары бар ма? Себебі олардың саны он екі, ал Иса он үшінші болды? – Бұл жерде ешқандай мистика жоқ. Ол тек адамдар арасынан аз-да болса жетілген рухтардан шәкірттерін іздеді. Және сол кездегі адамдар арасынан ең болмағанда он екі адамды тапқаны жолы болғандығы, сонда да біреуі... сатқындық жасады. – Иә, егер Інжілдегі (Библия) Исаның сөзіне сүйенетін болсақ, сіз дұрыс айтасыз, дәрігер сау адамға емес, ауру адамға керек... Бірақ менің ойымша бүгін дәрігер тек сол ұлтқа ғана емес, планетадағы барлығына керек секілді... – деп жігіт күлімдеді. – Өте дұрыс... Сіз тіпті жетпіс жылдан астам уақыт бойы материализмді дәріптеп өсірген біздің мемлекетімізге қараңызшы. Аздаған таңдау еркіндігі пайда болып еді, адамдар ашыққандай әртүрлі діндерге шаба бастады. Өйткені олардың рухани негізінде жетілуге деген қажеттілік болады. Сіз бірден қаншама секталардың, ағымдардың, діндердің пайда болып, өркендей бастағанын қараңыз. Жақсы, біздің еліміздегі жағдай түсінікті. Бірақ әлемде не болып жатқанын қараңызшы. Барлық жерде әртүрлі діндердің өсуі байқалады. Адамдар бірінен шығып, екіншісіне кіруде. Саналарына (ақылдарына) осының барлығы ұнайтын секілді. Барлық жерде жақсы қарым-қатынас, барлығы оларға күлімдейді, сыпайы сөйлеседі... Бірақ рухтары олардың ілімін қабылдай алмайды, өйткені оған (рухқа) шын Ілім керек, өйткені рух Еркіндікті қалайды. Ал секталар, діндер тым шектелген. Олар рухқа қарағанда, ақыл-ойға көбірек азық береді. Ал рух, бұл сырты «дұрыс» болып көрінген мишураның іші, оның жемісі – шірік екенін сезеді. Сол себепті рухы дірілдейді (трепещет), ал адам толығымен піскен жемісті іздеу жолында асығады. – Кешіріңіз, сіз уақыттың сығылатыны (қысқаратыны) туралы еске салып кеттіңіз. Осымен нені меңзегіңіз келді? – Бірақ мұны ежелгілерде болжап айтып кеткен, Иса да: «Егер сол күндер қысқарылмаса, ешбір тән (плоть) құтқарылмас еді; бірақ таңдаулылар үшін сол күндер қысқартылады...», - деп айтқан (сли бы не сократились те дни, то не спаслась бы никакая плоть; но ради избранных сократятся те дни). Яғни адамзат тұтас шешуші таңдау жасау алдында тұрған кезде немесе эсхатологияда айтпақшы Құдайдың үкімі қарсаңындағы (соты) негізгі басты белгілерінің бірі осы уақыттың қысқаруы болады... Былайша сырттай ешқандай өзгеріс болмайды. Сағаттар тәуліктегі 24 сағатты көрсете береді, бір жылда 365 күн барын күнтізбелер де бұрынғыдай көрсетеді. Бірақ іштей адамның рухы дірілдей бастайды. Және уақыттың жетіспеушілігін адам сезіне бастайды. Ол уақыттың тез өтетінін; күн бір ғана сәт (лезде); айлар – апта секілді; жылдар – айлар секілді өтетінін байқайды. Және барған сайын уақыт қысқарып, тығыздала түседі. Бұл рух үшін өзінше бір дабыл секілді. – Иә, - деп жігіт ойлана сөйледі, - мүмкін шыныменде пайғамбарлардың болжағандары орындалып жатқан шығар... Бірақ бұлар екінші келуі туралы болжамдар емес пе! (Исаның екінші рет келуі туралы айтып жатыр). Шыныменде ол уақыт келді ме?!... Қызық, Исаның келгенін қалай білуге болады? Себебі есіңізде болса, Оның Құдайдың Ұлы екендігіне ұзақ уақыт бойы ешкім сенген жоқ. Ал қазір көптеген адамдар өзін Исамын немесе Исаның жіберген Жұбатушысымын деп атайды. Бір жағынан қарасақ, олардың Інжілден (Билия) айтқандары дұрыс сияқты, ал екінші жағынан оларға сенім жоқ. Ал шын Исаны өтірік құтқарушылардан қалай ажыратуға болады? – Оңай (элементарно). Себебі Інжілде (Библия) Иса өлілерді тірілтіп, ал ауру адам Оның киіміне қолын тигізсе болды, ауруынан айығады деп айтылды емес пе. Осыған қарап, «Дзен» практикасын қолдану орынды болады деп есептеймін. Ол үшін қалыңдау әрі мықтырақ бір таяқты алып, өзін Иса санағандардың басынан жақсылап соғу керек. Және осыдан кейін таяқта жапырақтар шыға бастаса, демек бұл Иса болғаны. Ал егер олай болмаса, онда ол жай ғана авантюрист. Және келесі жолы тағы да басқаның атақ-даңқына жабыспас үшін, тағы бір қайтара ұрған жөн. Біздер естігенімізді қорытып, бірнеше минут үнсіз тұрдық. Әлгі жігітте басында барлығын шын қабылдады. Бірақ оған осы сөздердің мәні жеткен кезде, гүрс ете күлген көпшілікпен ол да рахаттана күліп алды. – Меніңше, бұл ең тиімді әдіс, - деп күле сөйледі. – Ал ойынсыз айтсақ (шындығында)? – Ал егер әзілсіз айтатын болсақ, Исаны Адам Ұлы ретінде күтудің қажеті жоқ, өйткені Ол адам рухына Құдай Ұлы кейпінде келеді. Және тек рухымыз үшін ғана емес, санамыз үшін де, «тақта» отырып, Патша секілді мың жыл басқаратын болады... Иоаннан жеткен Евангелиядағы Оның сөздерін есіңізге түсіріңіз: «Өйткені Құдай дегеніміз – рух» (Ибо Бог есть дух); «Жолда, ақиқатта және өмірде Менмін; барлығы тек мен арқылы Әкесіне бара алады» (Я есмь путь и истина и жизнь; никто не приходит к Отцу, как только через меня); «Және Мен Әкемнен жалбарынып сұраймын және сіздерге басқа Жұбатушыны жібереді, Ол сіздермен мәңгілік (вовек) болсын, әлем қабылдай алмайтын, себебі Оны көрмейтін және Оны білмейтін, ақиқат Рухы; ал сіздер оны білесіздер, өйткені ол сіздермен болады және сіздерде болады» (И Я умолю Отца, и даст вам другого Утешителя, да прибудет с вами вовек, Духа истины, которого мир не может принять, потому что не видит Его и не знает Его; а вы знаете Его, ибо Он с вами пребывает и в вас буде); «Сол күні сіздер, Менің Әкемде, ал Сіздер менде, Мен сіздерде екенімді түсінесіздер». Жігіт кішкене үнсіз тұрды да, кейін: – Ал қызық, ақыр-заман (ақірет) қашан болады? – деп сұрады. – Соңғы кездері газет беттерінде әртүрлі даталар шыға бастады. Менің түсінуімше тіпті біздің сектада да ғаламшарлардың шеру уақытын айтып, әртүрлі астрологтардың болжамдарын тықпалауға тырысуда... Қызық, Ақыр заман (Апокалипсис) қашан басталады, Жаратушы Сотының алдында қашан тұрамыз? – Білесіз бе, адамдар екі мың жылдан бері Ақірет пен Исаның екінші рет келуін күтіп жүр. Тіпті ақыр заман ертең басталып, қатарларында болмағандар бірден өліп, «тозақ отына» (еенне огненной) күйеді деген түсінікпен барлық діндер құрылған деп айтуға болады... Бұл туралы сізге не айтқым келеді. Әрбір адам өзінің өмірінде жеке Ақіретін (Армагеддон) бастан кешіреді. Бірақ оны әрбірі жеңеді деп айтуға әлі алыс. Және тіпті бұл Ақіретімен (Армагеддон) кездескенін бәрі бірдей түсіне бермейді. Сондықтан бәріміз үшін келетін Ақіреттен (Армагеддон) қорқудың керегі жоқ, себебі көппен бірге дүние салу оңайырақ. Ең бастысы сол көпшілік ішінде болмас үшін – өз Ақіретіңді (Армагеддон) жеңу. – Бұл дәл солай! Өзімде ертеңгі күннің не болатыны белгісіз болғандықтан, бүгін бір нәрсе жасау керек деп ойлаймын... Шынымды айтсам, сіздің айтқандарыңыздан жаным жай тапқандай... Әйтпесе бұл толық белгісіздіктен... барлық «қорқыныштарға» жүйке шыдамайды... мен сіздің қандай дінді ұстанатыныңызды түсінбедім? – Мен ешбір дінді ұстанбаймын да, оларға жатпаймын да. Мен тек Жаратушыға ғана тиесілімін. Осыдан кейін әңгіме әлгі жігіттің жеке басына қатысты ашық тақырыптарға ауысты. Маған әлгі жігіттің Сэнсэймен әңгімелескені соншалықты, Ғаламда тек екеуі ғана болғандай көрінді. Ол барған сайын Сэнсэйге өзі туралы, өз өмірі туралы көбірек айтып берді, тіпті үнсіз тұрған біздің көпшілік болмағандай, оны түн ерітіп жібергендей. Маған екі сұхбаттасушы – түнгі жұлдызды аспан астында кездойсоқ кездескен шаршаған екі Жолаушы (Путников) секілді – барлық шарттары мен шекаралары, уақыты пен кеңістігі жоғалып кеткендей, мәңгілік, заттардың шын мәні туралы әңгімелеріне батып кеткендей көрінді. – ...Таңғаларлық... Білесіз бе, соңғы уақыттары неге екенін қайдам рухани тәлімгерлерге жолым болмады. Олардың жауаптары менің сұрақтарымды қанағаттандырмады немесе менің сұрақтарым оларды қанағаттандырмады. Және үнемі пікірталастан, суды текке төкті дегендей, тек уақытымызды ысырап еттік. Бірақ сіздің айтып тұрғаныңыз... өз ойларымнан сізбен дауласа алмайтынымды байқаймын. Өйткені айтқандарыңыз әлемді танудағы өзімнің ішкі түсініктеріме сәйкес келеді... Және мен сіздей Ұстазым болғанын мәртебе санайтын едім, егер Ұстаз мен секілді шәкіртті лайықты деп есептесе. – Білесің бе, мен саған Ұстазды менен болсын, басқадан болсын іздеуге кеңес бермес едім. Және ол сенің лайықты шәкірт болмағаныңда емес, себебі сенде одан да үлкен нәрсе бар. Мен сенде Ұшқын бар екенін көріп тұрмын. Мен саған барлығын өзің ізденіп, білуіңе кеңес берер едім. Әртүрлі діндердің қасиетті кітаптарын зерделеп, Құдайдың кім екені, ақиқат пен сенімнің, таңғажайып кереметтердің не екенін түсіндіретін өзіңнің жеке жинақталған бейнеңді жаса (собирательный образ). Себебі тек бір ғана дін ақиқат болса, онда қалған басқа адамдар құтқарылмас еді, басқа ғажайыптар болмас еді. Ал сенімнен туған ғажайыптар басқа діндер де болып жатады. Сонымен бірге адам психологиясының мүмкіншіліктерін, биологияны, анатомияны, морфологияны, мүмкіндік болса астрономияны, кванттық физиканы, химияны зерттеңіз... Жалпылай айтқанда, нақты ғылымдар саласындағы тану көкжиегіңізді күшіңіз жеткенше кеңейтуге тырысыңыз. Және менің саған айтқым келгендерді түсінетініңе сенімдімін. Қазір сен бұларды жай ғана сезінесің, ал ол кезде түсінетін боласың. Ал түсінген кезде, сен Жаратушыны да түсіне бастайсың. Ал ең жақсы Ұстаз – ол Жаратушы... Бұл кеште біздер үйге соңғы кезекші травмаймен қайттық. Түн ортасының болғанына көп болса да, Сэнсэйдің осы әңгімесінен жанымның тебіренгені соншалықты, мен мүлдем ұйықтай алмадым. Менің ең жақсы досым әрі үнсіз тыңдаушым күнделігім жан-сырымды қабылдады. Біздің ойша-жазбаша қарым-қатынасымыз (немесе әңгімеміз) таңға дейін жалғасты. Тек аспанға күн шығып, әлем біртіндеп ояна бастаған сәтте, ұзақ уақыт сағынған төсегім құшағын кең жайып, өзінің мамық көрпесіне қабылдады. Бақытыма орай жексенбі – бүкілхалықтық ұйқыны қандыру күні еді. 41 Уақыт білінбей (өте тез) өтіп жатты. Көптеген адамдардың жүйкесін тоздырып, терлеткен қорытынды емтихандардың ыстық маусымы басталды. Бір таңғаларлығы, мектептегі өмірімнің соңғы жылы болса да, бұл қарқынды (напряженному процессу) процеске сабырлықпен қарай бастадым. Басымнан өткендерден кейін, емтихан сыныптастарымның көбісі «тағдырдың қиын сынағы» деп ойлайтындай емес, жай ғана өз білімімді тексеретін кезекті емтихан секілді көрінді. Және осының барлығы артта қалып, көптен күткен мектеп бітіру кеші келген кезде, менің өмірімнің жалғасқанына және барлығының түс емес екендігіне көпке дейін сене алмадым. Әсем табиғаттың тыныш түпкірінде, сыныбымызбен таңның атуын қарсы алып, кім болатынымыз туралы әңгімелестік. Көбісі дәрігер, заңгер, экономист, кәсіпкер болуды армандады. Ал бұл туралы менен сұраған кезде, мен шын ниетіммен: – Мен Адам болғым келеді, - деп жауап бердім. Мүмкін, балалар сол кезде осы сөздердің мәнін толық түсінбеген шығар, бірақ көбісінің жүздері салмақтыланып әрі ойлы болды. Шыныменде, біздер жеке өмір жолымыздың басында, өзіміздің тағдырымызды таңдау жолындағы табалдырықта тұрдық. Ал өмірдің бізге қалай қарайтыны – әлі сұрақ... Егер өмірінің жартысына келген әртүрлі адамдардың тағдырларына қарайтын болсақ, олардың көптеген өмір жолдарының бір ұмтылысқа - Адам болуға талпынысына қосылғанын көреміз. Және бұл, Сэнсэй айтпақшы, бүкіл өміріміздің шын мәні. 42 Өкінішке орай, мектеп бітіру кешінің себебінен рухани сабақтарымды жіберіп алуыма тура келді. Және келесі күні Татьяна маған коңырау шалған кезде, маған жағымды жаңалығын айтты. Сэнсэйдің бір апталық еңбек демалысы шығып, балалар оны бірге теңізге баруға көндіріпті. Тіпті Николай Андреевич те Сэнсэймен «тәулік бойы» әңгімелесуге болатын сирек осындай жағдайлар үшін жинап жүрген жұмыстағы демалыс күндерін алуды шешіпті. – Мен сенде барады деп айттым, - деді Татьяна телефонның арғы жағынан. – Жарайсың, Танюха, сен нағыз доссың. Мен енді мұны нақты жіберіп алмаймын. Жолға Сэнсэйдің «Жигулиі», Николай Андреевичтің «Волгасы» және Андрейдің атасынан сұрап алған ескі «Запорожымен» шығуды ұйғардық. Бәріміз бірігіп, керектінің барлығын жинадық. Володя палатка табуға уәде берді. Стас пен Женька қатты құмартқан аквалангисттер болып шығып, балық аулауға керекті барлық құрал-жабдықтарды, тіпті үрмелі қайыққа дейін алып шығуға кірісіп кетті. Татьяна екеуміз асханаға қажеттілерді өз мойнымызға алдық. Ал Костя – ауыз сумен қамтамасыз етуді өз мойнына алды (за обеспечение колодезной водой). 43 Белгіленген күні таңғы бесте Татьяна екеуміз тыныш көшелермен қасықтарымыз бен тостағандарымызды сылдарлата, ортақ жиналатын орынға келдік. Ол жерде Руслан мен Юра тұрды. Кейін Стас пен Женькада келді. Олар Сэнсэйдің бір сағатқа кешігетінін айтты. Кейін белгілі болғандай Сэнсэй таңға дейін жұмыс жасаған. Балалар бізге, әдетте Сэнсэй соңғы пациентін қабылдағанша жұмысын аяқтамайтынын айтты. Оған келген ұзын-сонар кезекті есепке алатын болсақ, шамамен түнгі сағат екіге дейін созылады. Бірақ сол күні, шамасы сынықшының бір аптаға кететінін естіген болуы керек, адамдар анағұрлым көп болған. Сондықтан Сэнсэй қабылдауын таңғы беске таман ғана аяқтаған. Кейін атасының «қорабында» Андрей мен Слава да келді. Ол автокөліктің жасы шамамен Андрейдің атасының жасымен бірдей секілді. Бірақ Татьяна екеуміз бұлай баруға да қуанышты болдық. Жақсы ортада «Запорожецте» «Мерседестен» кем болмайды екен. Біздер жүк салғышын аузы-мұрнынан шығарып, «темір атқа» заттарымызды сала бастадық. – Иә, Костяға сөмкесін аяғының астына қоюға тура келеді, - деп жүк салғышты әрең жауып жатқан Андрей іскерше сөйледі. Бірақ Костя келген кезде, бұл сәтті көру керек еді, Андрейдің жағы салбырап қалды. Костяның заттары тіркеме (прицеп) тіркелген «Волгамен» бірге келді. Және біздер бітпейтін сөмкелер мен қаптарды түсіруге көмектескен кезде Андрей тілін жұтқандай болды. Дәрменсіз қолын сілтеп, ақыры шыдай алмай: – Сен не?! Солтүстік полюске баруға жиналғандай. Біздер бір аптаға бара жатырмыз, ал сен тек азық-түліктің өзін үш жылға жетерліктей алыпсың! Және мына үлкен ыдыстардағы суларың тағы бар (огромные фляги с водой). Саған Сэнсэй төртеу деген жоқ, біреу деді. Сен одан да цистернамен әкелмедің бе! – Шынымды айтсам, солай жасағым келді, бірақ істей алмадым. Қолайлы көлік болған жоқ, - деп Костя әкесінің «Волгасы» тұрған жақты меңзеп, күлімдеп жауап берді. – Сен де қатырасың! Осының барлығын енді қайда тиеймін?! Бұл бөшкелермен не істеуді бұйырасың?! Енді оларды «Запорожец» дөңгелектерінің орнына салайын ба?! – Енді Николай Андреевич тіркемемен келемін деп айтқан сияқты еді. – Бірақ, сияқты... – Ештеңе етпес, ашуланба, бір амалын табармыз. Тағы он бес минут бойы Андрей Костяның үлкен боп үйілген заттарының қасында ашуланып наразы боп жүрді. Бірақ Костя тек: – Әлі-ақ теңізде «мәртебеліміз»(Андрей) ұмытылмас жайлылық үшін маған алғыс айтатынын көрерміз, - деп әзілдеумен болды. Андрейде тағы бір эмоция фонтаны атқылап жатқанда, Татьяна Костядан: – Ал шыныменде, неге соншалықты барлығын көп әкелгенсің? – деп сұрады. – Несі бар, қыдырсақ қыдырайық. Мен тек өзім үшін емес, барлығың үшін тырыстым, - деп «философ» ақталды. – Және бұл жай ғана шаң мен бос әурешілік... Және қыздың белінен нәзік ұстап, қиялдап: – Ал мен үшін бәрінен сенің сүйкімді ернің қымбат, - деді. – Қойшы сені де, - деп қыз жігітті жеңіл итеріп, сыңғыр күлкісімен күлді. Костя жүзін азап шеккенге ұқсатып, тебірене (с пафосом): – Ах, жүректің тәкәппарлығы, көп азапқа тұрады! - деді. Және Татьянаға қарап: – Адырнасын қаттырақ тартқандаймын, Садағым сына ма деп мен қорқамын! –деп қосты. – Ол менен ешқайда қашып құтыла алмайды, шебердің анасының кім екенін көрсетейін!.. - деп өзінің күңкіліне салып жатқан Андрей байқамай қатты дауыспен айтып қалды. Біздер барлығымыз күлкіге қарқ болдық. Бұл кезде Сэнсэй, Володя және Виктор келді. Үйілген көп затқа қарап, Сэнсэй түсінбей: – Балалар, сендер не, солтүстік полюске баруға жиналдыңдар ма? – деп сұрады. Біздер барлығымыз жаңа күлкіге ерік беріп күле жөнелдік, ал Андрей Сэнсэйден өзінің ниеттес (единомышленника) адамын тауып, жан-сырын төге бастады. Ақыры Николай Андреевич көптен күткен тіркемен келді. Бірақ белгілі болғандай Костяның «жақсы» заттары үшін ол да аздық етті. Заттарды үш автокөлікке бірнәрсе қылып салып, денемізді де көліктерге тығыздай бастадық. Слава Сэнсэйдің көлігіне мінді. Татьяна екеуміз «Запорожец» көлігінің артқы орындығына, сөмкелердің арасына орналастық. Ал Костяға «ерекше айыппұл салынғандай», алдыңғы Андрейдің жанындағы стандартты емес, төмен орналасқанымен бірге, бір бұрандамен ғана (шегемен) ілулі, былқылдаған «бос орын» (вакантное место) тиді. Осылайша Костя өзінің ұзын бойымен, «Зопорожец» көлігімен үш сағаттық сапардың бар кереметін (қызығын) аяқ-қолдарымен сезінді. Бірақ біздің жігіттердің бітпейтін әзілдері барлық қолайсыздықты достықпен, көңілді күлкімен жуып жіберді. Біздің «Запорожец» барлық көліктің алдында бұрқылдап бірінші келеді. Андрей көліктің бар күшін шығарғысы келгендей, аяғымен газ педальін түбіне дейін басады. Сэнсэй үлкен балалармен бірге біздің артымыздан, дистанция сақтап жүріп келеді. Ал асты-үстіне дейін толған Николай Андреевич асықпай Сэнсэйдің артқы жағында келе жатты... Андрейге көліктерді бастап келе жатқаны аз болғандай, «Запорожец» көлігінің – жолдағы «ең керемет» көлік екендігін біздерге көрсеткісі келгендей. Жылдамдықты үдетіп, бір көліктен екінші көлікті басып озып, кеудесін мақтанышпен көтереді. Ал Костя бұл маневрлер кезінде, осындай құмарпаз «дырылдақтың шабандозынан» (погонщика этого драндулета) азап шеккен барлық автокөлік жүргізушілері үшін дұға оқып, көліктің алдынғы панельіне жабысып, әзілдеп шоқына бастады. Біздер біршама алға шығып кеттік. Жол жиегінде шағын жол базары көрінді. Татьяна алыстан жерде, себеттерге салынған құлпынайды көріп, дырылдаған мотор үнімен бірге балаларға, көлікті тоқтату үшін айқайлап жіберді. Және біздер ақыры тоқтаған кезде, Костя жеңілдеп бір дем алып, шығуға тырысып жатып, өзін «бұл консервіленген банкідегі, қатты иілген балық (словно скумбрию) секілді» сезінгенін айтты. Біздер шығу үшін, Костя өз орындығын қайтадан қоюға мәжбүр болды. Бұл комедияны бүкіл базар тамашалады. Онымен қоса соңында Костя көлік есігін тарс етіп жапқан кезде, оның жанындағы айнасы түсіп қалды. Андрей Костяға ең қасиетті затын бүлдіргендей көзбен шүйлікті: – Сені шебердің қолымен, тіпті аяғымен бетіңнен ұру керек! Есікті осылай кім жабады?! Мен бұл көлікті үш күн жинадым. Бұл құнды антиквариат! Оған әйелге қарағандай жұмсақтықпен қарау керек... Әрі қарай осы тақырыпта толық дәріс өтті. Балалар жидектерді таңдап, базарда бөлініп кетті. Ал мен «Запорожец» қасында басқаларын күтіп тұрдым. Бұл кезде Сэнсэй балалармен келді. Олар көліктен шыққан кезде, біртүрлі оқиға орын алды. Өз тауарларының қасында тұрған жас шамасы қырық бестердегі, қара орамал тағынған көздері жасаураған бір әйел Сэнсэйді көріп, жидектерін асығыс аттап, оларды жерге шашырата төгіп қозғала бастады. Сэнсэйге жүгіріп келіп, аяғына жығылып, көздері жасқа тұнып сұрай бастады: – Сенен өтінемін, Жебірейіл, ұлыма қамқор болшы. Онсыз енді қалай өмір сүремін?! Өтінемін, Жебірейіл мені де алып оған апаршы. Мен енді бұл қарғыс атқыр өмірді қаламаймын! Жаратушы, маған рақым ет, ұлыма жібере гөр... Мен бұл уақытта мүлдем жақын тұрған едім. Және осы кезде Сэнсэйдің көздерінің өзгергенін көрдім. Көздерінде белгісіз жарқырау немесе нақтырақ айтатын болсақ, Сэнсэйдің бет-әлпетін өзгерткен, жұмсақ, жеңіл жарық пайда болды. Осы сәтте «лотос гүлімнің» қатты дірілдей (вибрировать) бастағанын сезіндім. Және бұл импульс күші менің ойларымнан емес, Сэнсэйден шыққандай көрінді. Сэнсэй еңкейіп, әйел адамды тұрғызды. – Тұр, әйел, - деп оған өте жай даусымен салмақты айтты. Маған оның дауысы ерекше үнге айналғандай көрінді. Әйел адам орнынан қозғалды, бірақ тізерлеген қалпы көздеріне тіке қарап, өзінің өтінулерін, бірақ бұл жолы анағұрлым жай үнмен айтып жатты. Сэнсэй мейірлене қолын оның басына қойды да: – Уайымдамаңыз, әйел. Сенің Николайыңда барлығы жақсы. Ол шын сенімде (праведный), оны қамқорлыққа алып қойған. Әйел адам Сэнсэйге қолын созды. Көздерінде үміттің оты жанғандай жарқырайды, жүзі жалғыз ғана жалбарынуымен қатып: – Жіберші, жіберші, Жебірейіл, мені оған... Осындай үмітсіздік (амалсыздық) сөздерінен денем тітіркеніп кетті. Осы сәтте Сэнсэйдің жүзі жеңіл түтінмен жабылып, жүзі одан сайын сұлулана түсті. Менің «лотос гүлім» одан сайын қатты дірілдей бастады. – Әркімнің өз сағаты бар. Саған әлі Ксюшаға қамқор болу керек. Оның тойын өткізіп, тұңғыш сәбиін бір апта бағарсың. Ал тоғызыншы күні өзіңнің Николайыңа қандай керемет немересі бар екенін айтуға барасың, - деп Сэнсэй сабырлы сөйледі. Айтылған әрбір сөздерден әйел адамның көздері жарқырап, мейірімді бола түсті. Жүзінде бақыттың көз жасы көрінді. Әйелдің жүзіне күлкі үйірілді. Қалай алғыс айтарын білмей, тағы да аяғына жығыла бастады. Ал Сэнсэй болса оны жерден тұрғызуға тырысты. Осы кезде қасында бірге сауда жасап тұрған әйелдер атып шығып: – Мұның не Машенька, қымбаттым, жүре ғой, үйге барайық... - деп орнынан тұрғызып, ауыл жаққа қарай алып кетті. Әйел адам таңданған жүзімен (умиленным лицом) іштей өзіне бір нәрселерді айтып, үнемі шоқынумен салмақты кетті. Басқа әжелер оның шашылған тауарларын жинай бастады. Болған барлық оқиға бірер минут ішінде өте шықты. Бұл кезде Николай Андреевич те келді. Юра және Русланмен бірге «тас боп қатқан» біздің тобымызға асығыс келіп, не болғанын сұрады. Ұстаздан алыстау тұрған Женька: «Бір әйелдің басы кеткен сияқты, көздері жасқа толып, Сэнсэйдің аяғына жығылып, бір нәрселерді сұрай бастады... - деді. Сэнсэй болса, болған барлық оқиғадан кейін, үнсіз темекісін тартты. Ал Николай Андреевич сұрай бастаған кезде, ол барлығын күнделікті тақырыптарға ауыстырып, қысқаша: – Өмірде бәрі болады... адамның қайғысы бар, - деп жауап берді. – Түсінікті... Ал сендер неге осы жерге тоқтадыңдар, біз оны жоспарлаған жоқпыз? – деп Николай Андреевич Костядан сұрады. – Қыздар құлпынай сатып алғылары келді. Біздің топ Сэнсэймен бірге тағы бір мәрте базарды аралап шықты. Және піскен жидектерді таңдап, Сэнсэй барлығымызға үлкен себетпен сатып алды. Риза болған әжей құлпынайды бөліп үш пакетке салып жатып жұмсақ үнімен: – Сіздер, балалар, ренжімеңіздер. Бұл әйелдің ұлы Николайдың апатқа ұшырып, дүниеден өткеніне бір айда болған жоқ. Жалғыз ұлы үміті мен сүйеніші еді. Күйеуі баяғыда қайтыс болған... Ал бұл жерде осындай қайғы. Баласы мүлдем жас еді. Артында жасы бестегі қызы Оксана қалды... Машаның тағдыры ауыр. Ұлын өзі тәрбиелеп өсіріп еді, енді міне келінімен бірге немересін аяққа тұрғызуы керек... Және оған не болғанын түсінбедім? Мүмкін қайғыдан мүлдем әлсіреген шығар. – Иә, - деп Николай Андреевич жанашырлық танытты, - стресстен кейінгі жағдай... Стресс психикада одан да бетерін тудырады. Менде бір жағдай болған... Тәжірибесіндегі қысқаша айтылған мысалдарды тыңдап санам біршама тынышталды. «Солай шығар, - деп ойладым, - кез-келген кездескен адамға жүгіргені таңғаларлық емес»... Он минуттық жолдан кейін, балалар піскен құлпынайды жеп, өздерінің әңгімесін айтып келе жатты. Костяның кезекті әзіл әңгімелері кезінде, мен кенеттен түсіндім. Осы кезде мен әлгі әйел адамның жалбарынуларын және Сэнсэйдің айтқан жауаптарын нақты есіме түсірдім. «Стоп! Ол өзінің ұлының, оның үстіне немересінің есімін айтқан жоқ. Ал Сэнсэй нақты: Николай, Ксюша деп айтты». Мұндай ашылған жаңалықтан құлпынайыма шашалып қала жаздадым. Менің тіпті жегім келмеді. «Шыныменде...» Осындай жорамалдарыммен Сэнсэйдің жүзін еске түсірген кезде менің «лотосым» тәніме жағымды әсер қалдырып, тағы да дірілдей бастады. Сэнсэйдің қасымда екенін физикалық күйде сезіндім. Дәлірек айтсам, Сэнсэйдің өзін емес, сол кезде Сэнсэйден шыққан күшті сезіндім. Және маған жақсы әрі жайлы болғаны соншалықты, біреу мені жұмсақ жапырақшалармен орап тастағандай сезімде болдым. Осындай рахат күйде ұйықтап кетіппін. 44 Иығымнан біреудің жұлқылағанынан оянып кеттім. – Тұр ұйқыбас, келіп қалдық, - деді Татьяна. Кезекті көлік тұрағында біздер құрысып қалған аяқ-қолымызды жаздық. Ауада теңіз бен сергектіктің иісі сезіледі. Андрей Виктор және Володямен бірге «Запорожец» көлігінің бұзылған қозғалтқышын жөндеуге тырысып жатқан кезде, біздер жақын жердегі жазғы кафеде аздап тамақтанып алдық. Жарты сағаттан кейін біздің көліктер, адамдар еш уайымсыз әдемі шоколад түсті денелеріне суға түсетін киімдерін киіп демалған шипажай аймағына кірді. Көліктерді Сэнсэй бастап келе жатты. Андрей болса бар назарын жолға аудара алмай, біресе жан-жағына қарап, әрі жол жүру ережесін бұзбауға тырысып келеді. Бір пансионаттың жанынан өтіп бара жатып, Женька терезеден қолымен нұсқап жарнама плакаттарын (афиша) көрсетті. Үлкен қалың әріптермен: «Халықаралық дәрежедегі атақты экстрасенс, мануолог, болашақты болжайтын балгер және тәуіп Виталий Яковлевич... емдік-сауықтыру сеанстарын өткізеді. Басталуы күн сайын 20.00-де». – Ал бұл кім? – деп Татьяна балалардан сұрады. – Білмеймін, - деп Костя иығын көтерді. – Естимісің, бұл әлгі өзіне қасық жабыстырған кездейсоқ «неандерталец» емес пе? Есіңде ме?! – Әлгі әпендеме (чудак)?! Мүмкін. Оны да Виталий Яковлевич деп атаған секілді. Ол өзін қалай атайтын еді... «Ғарыш пен бүкіл жерді ұстаушы» (Вседержитель Космоса и всея Земли)... Балалар «үйсіз құдайдың» жасағанын еске алып, шуылдап рахаттана күліп алды. Осы кезде біздер шипажай аймағынан өтіп, жағаның ұзындығы 12 километр болатын тар жолына шықтық (выехали на косу). Және бұл жерде адам аяғы баспаған аймаққа жету үшін және біз қалағандай сол жақта «жабайы адамдарша» өмір сүру үшін, автокөлік таптырмас қозғалыс құралы болды. Бұл өлкеде жабайы демалысты жақсы көретіндер көп болса керек, себебі жергілікті билік жалғыз жүретін жол арқылы үлкен құбыр өткізіпті. Бірақ жанында шөп арасында, қамқор көлік жүргізушілерінің өздерінің бауырларына тастап кеткен екі енді тақтайшасын балалар тауып алды. Оларды құбырға қойып, біздің жүргізушілер кәсіби каскадерлер секілді көліктерін арғы бетке өткізді. Бірақ Николай Андреевичтің тіркемесімен (прицеп) біраз алысуға тура келді. Табиғаттың әдемі жеріне жеткеннен кейін, біздер «жабайылармен» бірнеше мәрте «демалған» жерді ретке келтіре бастадық. Алаңсыз туристерден қалған бүкіл қоқысты жинап, оны өртеп жібердік те лагерь құруға кірісіп кеттік. Сэнсэй бұл жерде де талантты әрі тәжірибелі басшы болып шықты. Ол лагерьдің орналасуындағы барлық ұсақ-түйектерді, тіпті мүмкін болатын дауылды да ескерді. Барлық балалар іске араласып, Сэнсэйге, бір-біріне ерекше құлшыныспен (с энтузиазмом) көмектесті. Костяның заттары лагерімізді жайлы, ыңғайлы «қалашыққа» айналдырып, шыныменде кәдеге жарады. Бұл жағдайды Костяның өзі атап өтуді жібермей, осы заттары үшін «садист» Андрейдің – жол бойы өзін «электрлік орындықта» азаптағанын айтып әзілдеді. Біз Татьяна екеуміз асхана шаруасына кірістік. Біздерге арнайы азық-түлік үшін палатқа құрып, тамақ пісіру үшін пеш (примус) берді. Жалпы біздің лагерьде өмір ағыны толық басталып кетті. Түскі астан кейін теңізге рахаттана шомылып, ыстық құмға сүйектерімізді қыздырып жаттық. Үлкен балалар үрмелі қайықпен теңізге жүзіп кетті. Николай Андреевич бір кітапты оқып отырды, ал Сэнсэй қолшатыр көлеңкесінде орамалды жамылып ұйықтап жатты. Біздер карта ойнауды ұйғардық. Костя қай карталардың шыққанын есте сақтап және кімде қандай карта бар екендігін есептеуге тырысты. Дегенмен оны жасау өте қиын еді, себебі ойнап жатқан халық көп болып, біздер ойын картасының екеуімен (две колоды) ойнадық. Костя кезекті сәтсіздігін басындағы карта схемасын өзінің ерекше арифметикасына салып есептей бастады. Осындай ақылды есептеулерінің бірінде өзіне-өзі таңғалғандай қастарын жоғары көтеріп: – Сэнсэй, сіз ойша жай сандардың қаншалықты үлкен мәніне дейін есептей аласыз? – деп сұрады. Сэнсэй көзін ашпастан: – Саған оны толық немесе қысқартып айтайын ба? – деп жауап берді. – Әрине қысқартып. – 2 дәрежесіндегі 13 466 917 минус 1 (2 в степени 13 466 917 минус 1), - деп Сэнсэй көбейту кестесін айтқандай жай ғана айта салды. – Бұл сан тек бірге және өзіне ғана бөлінеді. Және бұл мен ойша есептей алатын жай сандардың ең үлкені шығар... Костя таңғала Сэнсэй жаққа қарады. Кейін іштей тағы да бір нәрселерді қатты есептей бастады. Ал Сэнсэй көзін ашып: – Егер менің ақылымның коэффициентін есептеуді қаласаң, онда босқа тырысасың, ол сенікінен әлдеқайда төмен, - деп қосты. Осы сөздерден кейін Сэнсэй басқа жағына бұрылып, қайтадан ұйқысына кетті. Костя тіпті аздап есенгіреп қалды: – Ал керек болса! Сэнсэй коэффициентті қайдан біліп қойды? Мен ештеңе айтқан жоқпын... – Иә, және бұл сұрақ оның жадында арманға айналып, қартайғанша жауабын күтумен болады, - деді Андрей. Костяны кезекті рет «ақымақ» қылып, балалар күлді. Бұл түні біздерге Сэнсэй от жалыны мен жұлдызды аспан астында ұмытылмас ерекше бір нәрсені айтады деген күткеніміз бен үмітіміз орындалмады. Сэнсэй кешкі астан кейін, бірден ұйықтауға кетті. Мүмкін жиналған шаршаулары әсер еткен шығар. Ал біздер оттың қасында бір- бірлерімізге қорқынышты әңгімелер айтып, жайбырақат күліп әлі ұзақ отырдық. 45 Таңертең, сағат жетілер шамасында, жақын жердегі шағалалардың қатты шыққан жағымсыз даусынан оянып кеттім. Мен өз палаткілерінен шуға шыққан жігіттердің даусын естідім. Стас ұйқылы даусымен Женькаға: – Қарашы, әлі ерте, ал Сэнсэй балық аулап отыр. Қызық, ол теңіз жағасынан не ауламақшы екен, оның үстіне қармақпен? Кеттік көріп қайтайық, - деді. Менің қызығушылығым тәтті ұйқыдан әлдеқайда күшті болып шықты. Өз палаткамнан шығуға асықтым. Сэнсэй жинамалы орындықта қолына қармақты ұстап жай ғана отыр. Қасында ортасына дейін сумен толтырылған үш литрлік банка тұрды. Айналасында бірнеше шағала ұшып, наразы шыңқылдайды. Біздер келген кезде шағалалар Сэнсэйдің маңында әуеге көтеріліп, жоғарыдан біздерді қызығушылықпен бақылағандай. – Сэнсэй, сен не, шағалаларды тамақтандырып жатырғаннан саумысың? – деп Стас бос тұрған банкіге қарап күлді. – Жоға, олар маған бұл жерде қалай балық аулауды үйретіп жатыр, - деп Сэнсэй еш қысылмастан жауап берді. Біздер мұны әзіл деп қабылдап, күлдік. – Не үшін біздерді ертерек оятпадың? Біздер балық ауын алып шығатын едік... – Тартатын аудың не керегі бар. Мен жай ғана балық сорпасын ішкім келді (уха рыбы). Женька әзіл үшін бос тұрған банкіні алып, жарыққа айналдырып, әзілмен: – Иә, мұндай балықтан мол сорпа шығады (уха), - деді. Осы кезде үстімізден ұшып бара жатқан шағала кішкене балықты Сэнсэйдің дәл аяғының астына түсіріп алды. Барлығы күліп жіберді. – Сэнсэй қара, міне саған балық! Сорпаға дәл келеді, - деп Женька балықты банкіге салып жатып әзілдеді. Осы кезде Володя мен Виктор да келіп: – Не күлкі болып жатыр, төбелес жоқ па? – деп сұрады. – Міне, Сэнсэй өз қармағымен тіпті шағалаларды да аяушылық жасауға үйретті, - деді Женька. – Оларда бос тұрған банкіге қараудан шаршаған секілді. Біздер тағы да күлкіге қарқ болдық. Ал Сэнсэй күлімдеп: – Ал, егер кімде-кім менен көп күлетін болса, балықты сорпаға да, кәуапқа да (шашлык) өзі тазалайтын болады, - деді. Біздер кішкене балықты тазартып, оған қарны ашып тұрған көп адамның қарап тұрғанын елестетіп, тағы да күле жөнелдік. Сэнсэйде біздермен күліп, кейін: – Ал жарайды ертегішілер, әне тұр, шығарыңдар... - деді. Ол бір шеті орындықтың аяғына байланған, екінші жағы суға терең енген қалың қармақ бауын көрсетті. Балалар тартып шығара бастады. Және біздің таңғалысымызға орай, капрон аудан әрқайсысы 4 килограммнан болатын бірнеше бекіре балығын (пару осётров) және үлкен 8 камбалды көрдік. Барлығы түсінбеген көзқарастарымен, бір ауыздан дерлік: – Осының барлығы қармақпен бе?! – деп сұрады. – Қайдағы қармақпен. Мен тек ертерек тұрдым. Қараймын, балық зауытынан балықшылар жіптерін (немесе ауларын) лақтыруға келген екен (снасти трусить). Енді мен барғанша, оларда қайтар деп ойладым. Және дәл солай болып шықты. Бардым да, сатып алдым... Ал қармаққа біреуі болса да ілінсейші, - деп Ұстаз өкінішін айтты. Балықтарды тазалау үшін алып келген кезде, Женька Стасқа әзіл-шыны аралас: – Иә, күт, барады ол. Жаяу жүрсең тек балық зауытына дейін жеті километр, - деді. – Ол мүмкін көлігімен барған шығар, - дедім өз нұсқамды ұсынып. – Қайдағы көлік? Біріншіден, көлік біздің палатканың жанында тұр, еститін едік. Ал екіншіден құмда тіпті ізі де жоқ. Қалғандары ұйқыларынан тұрғанша, бұл оқиға одан сайын құпия толықтыруларымен үлкейді... Бұл күні Сэнсэйдің көңіл-күйі өте жақсы болды. Жеңіл таңғы астан кейін жүгіруге ұсыныс жасады (предложил пробежку на край косы). Біз кезекшілікке еріктілер Костя мен Татьянаны және мүлдем түскі ассыз қалмас үшін Николай Андреевичті қалдырдық. Жолда бұлшық еттерімізге қарқынды салмақ салып (немесе жүктемелеп) қыздырынып, бірнеше тоқтаулар (үзілістер) жасадық. Қанша дегенмен табиғат аясында, оның үстіне осыншалықты әдімілікте жаттығу ауасы тар жаттығу залымен еш салыстыруға келмейді. Бұл жерде рух пен тән бір серпінде бірігеді дегендей еді. Біздер соңына дейін жүгіріп, шағалалардың нағыз «құс базарын» көрдік. Олардың қатты мазасын алмас үшін біздің топ теңіз жағалауының шетімен қозғалды. Сонда да көптеген шағалалар төбемізден айналып, шақырылмаған қонақтарды өз ұяларына жақындатпай қорқытып, саңқылдаумен болды. Бірнеше уақыттан кейін біздің көзімізге табиғаттың өзі жасаған керемет көрінісі ашылды. Жолдың соңында (На самом конце косы) жағалаудан бір тізбекте шыққан толқындар, дұрыс ромбы пішінінде келіп (қосылып) жатты. Толқын жиектеріне теңіздің ақ көбігі өң беріп тұрды (немес әдемілендіріп). Барлық әсемдік теңіз суының әртүрлі түстерімен толыққандай. Жұмсақ көгілдір түстен (ежно-бирюзового цвета), қара-көк түске дейін. Ал түсі қанық көгілдір аспан жалғыз аппақ бұлтымен керемет суреттің ерекше туындысын жасады. Сэнсэй бізге демалуға он бес минут беріп, Володя екеуі жағалаудың шетінде «лотос» позасында отырды. Кейбіреулеріміз, оның ішінде мен де бармын, оларға ұқсап отыра бастадық. Аздап самал жел соғып тұрды. Жағалаудағы толқындар алыстан естілген шағала қиқуларымен толығып, әуезді шу шығарады... Құдайы әдімілікті көргеннен шығар, мүмкін Сэнсэйдің қасымызда болғанынан ба, әлде барлығынан ба, менің «лотос гүлім» денеме толқындардың жағымды төгілуін таратып, белсенділігін байқатты. Аздаған уақыт қана айналамдағы сұлулыққа балқып, оның ажырамас бір бөлшегіне айналғандай ерекше күйді сезіндім. Бұл сезім бір сәттік ғана болса да, бірақ ұмытылмас керемет болды. Бұл рахат күйді «жиналатынымызды» айтқан Сэнсэй бұзып жіберді. Күн біршама ысып қалған еді. Және Сэнсэй жолымызды біршама «жеңілдету» үшін суда белден жүгіреміз деді. Бұл өте қиын болып шықты. Володя мен Сэнсэй бірін-бірі басып озып, екі торпеда секілді алға қарай кетті. Бұл біздерге жүгіруді аздап өтірік жасуға мүмкіндік берді: кейбіреулері тізеге дейін жүгірсе, кейбіреулерінің тек табанын су қыдықтады. Бірақ біздер әйтеуір лагерге жеткен кезде, өтірік жүгіргендер, оның ішінде мен де бармын, күштері құрып, құмға құлап жатты. Ал Сэнсэй мен Володя болса, күшті қайдан алғаны белгісіз өздерінің керемет оптимизмдерімен сәуле шашып отырды. Осындай «марафондық жүгірістен» кейін олар тіпті су добын ойнауды ұсынды. Және біртүрлі болса да, үлкен жігіттер бірден қуана келісті. Ал қалған «әлсіз денелер» түскі ас дайындауға көмектесуге кетті. Ас үйде жұмыс жасап жатқанда мен Сэнсэйді бақыладым. Ол да күлді, басқа балалар секілді доппен алысып ойнады. Оның басқаларынан мүлдем айырмашылығы болмады, олар секілді ол да жас, мықты, әзілқой және дені сау жігіт. Бір жағынан қарайтын болсақ қарапайым адам... Бірақ әрқайсымыз Одан (Сэнсэйден) қандай да бір ғажайып ерекшелігін, өз сұлулығын көрді, өзінің таңғалдырар қарапайымдылығымен бірге мінсіз (талғампаз) сәттерін тапты. Оның Рухы әрбіріміз өзінің көзқарас деңгейінде, ішкі жарық сәулесінің бұрышымен сүйсіне қарайтын құдды бір көп қырлы гауһар тасы секілді. Бірақ оның шындығында кім екендігін ешкім түбіне еніп, түсіне алмады. Ақыры балалар күн шыжыған уақытта тынышталып, біздің лагерь батырларша ұйқыға кетті. Мен сағат төрттер шамасында ұйқыдан оянып, біздің үлкен командамызға дәмді тағамдар дайындау үшін Татьянаны да жұлқылап оятып алдым. Біздер палаткадан шыққан кезде мен Сэнсэйдің құмда Николай Андреевичпен әңгімелесіп отырғанын көрдім. Сэнсэй құмнан үш кішкене үйінді (төбешік) жасап бірнәрсені түсіндіріп жатыр. Әңгімелерін айтып болып, Сэнсэй мен Николай Андреевич орындарынан тұрып, біздер жаққа асықпай қозғала бастады. Осы сәтте бірінші үйінді кенеттен қозғалып, қайдан келгені белгісіз ол жерден көгершін ұшып шықты. Мен өз көзіме өзім сенбей, кенеттен болған оқиғаға дір ете қалдым. Татьяна тіпті таңқалғанынан қолындағы картопты түсіріп алды. Осы кезде екінші үйінді де қозғалып, одан тағы да көгершін ұшып шықты. Сэнсэй мен Николай Андреевич жай ғана қарап, тіпті еш қиналмастан әңгімелерін жалғастыра берді. Осы сәтте үшінші үйінді қозғала бастады. Ол жерден торғай... атып шықты. Қорыққанымнан ішімдегінің барлығы суықтанып кетті. Торғай көгершіндер секілді ұшып кетпей, Сэнсэйдің артынан қуа секірді. Осындай «жүгірісімен» алдына шығып, жүні тікірейіп, қанатын жайып, бір нәрсеге наразы болғандай қатты шиқылықтай бастады. Сэнсэй тоқтап, қатты шиқылдап түнерген торғайға қарады да, күлімдеп: – Енді сенің қалағаның бола қойсын, - деді. Осы сөздерден кейін, бірінші үйіндіге қарағанда үлкендеу қылып, торғайды құммен көме бастады. Қызыққанымнан орнымнан тұрып кеттім. Бірақ келесі сәт мені түпкілікті орындыққа шегелеп тастағандай еді. Сэнсэйдің кеткені сол еді, үйінді қозғалып, ол жерден лезде үлкен қара қезқұйрық (коршун) шығып, жағалау жаққа (на косу) қарай ұшып кетті. – Ал рахмет қайда? – деп Сэнсэй таңғала қолын жайып, артына қарады. – Бәрі әдеттегідей... Сэнсэй үмітсіз қолын сілтеп, темекісімен өз палаткісіне кетті. Біз Татьяна екеуміз не өлі емес, не тірі емес мелшиген күйі отырып қалдық. Және Николай Андреевич Сэнсэймен жағалау жаққа қарай ұзай бастаған кезде, мен келесі әңгімелерін естідім: – Сонымен бұл менің ойымның иллюзиясы болды ма? – деп әңгіме қарапайым заттар туралы болғандай Николай Андреевич сабырлы сұрады. – Жоқ. Бұл менің ойымның материализациясы (материяға айналу). – Ал неліктен менің тырысуларым (әрекеттерім) тек қана галлюцинациямен аяқталды? – Себебі сенде күмән болды. Ал материализация үшін сенімнің тазалығы керек. Оған қол жеткізу өте қиын, себебі болмашы күмән бәрін жояды... Желдің екпіні Сэнсэйдің сөздерін естуіме мүмкіндік бермей алып кетті. Арттарынан барып, қызықты әңгімені соншалықты естігім келді. Бірақ осы кезде, таңғалыс жағдайынан шыққан Татьянаның, онсызда басы қатқан маған алған әсерлері туралы айтқан сөздері ойымды бөліп жіберді. 46 Кешке жақын үлкен балалардың бірі комедиялық кеш ұйымдастыру үшін «ұлы балгер әрі сиқыршының» бүгін бергелі жатқан бірінші емдік-сауықтыру сеансына баруды ұсынды. Бірақ оған жету үшін сегіз километр жаяу жүру керек еді. Мұндай шешімге Сэнсэй мен Николай Андреевич және тобымыздың жартысы ғана келісті. Ал мен өзім үшін және теңізде тек екі тәулік болғаныма қарамастан ерекше жазбаларға толған күнделігім үшін қызықтыны жіберіп алғым келмеді. Біздер сағат кешкі сегіздер шамасында жетпіске жуық адам жиналып қалған жазғы кинотеатрдағы орындықтарға жайғастық. Николай Андреевичтің жанына үш жасар баласымен жас әйел отырды. Басқа балалар бірін-бірі шуылдап қуып, айналасында жүрді. Ал бұл бала анасының тізесінде тыныш қана отыр. Мен оған конфет бердім. Бірақ бала оны көрмеді. Анасы баласының туғаннан соқыр екендігін айтты. Николай Андреевич кейбір кәсіби сәттерді білу үшін онымен сөйлесті. Көп ұзамай әйел адам оған өмір тарихын түгел «баяндап» берді. Және бұл бала екі жыл бұрынғы жарақатынан кейін сөйлеуді де қойған екен. Сонымен бірге әйелдің денсаулықтары жақсы үлкен ұлы және қызы бар екен. Николай Андреевич жанашырлық танытып, оған осы облыстағы медицина саласындағы мықты мамандардың аты-жөнін, мекен- жайларын жазып берді. Әйел адам сеансқа жоқ дегенде, босқа келмегендігін айтып әзілдеді. Бұл кезде сахнаға Виталий Яковлевич шықты. Біздер күлкімізді әрең тидық, себебі біздерге күзде танысу «үлкен құрмет» болған, «қарнына қасық жабысқан сиқыршы әрі балгердің» өзі болып шықты. Енді ол анағұрлым жақсы көрінді. Беті тегіс ұстарамен қырылып, ал шаштары ұқыпты қиылған. Үстіне таза, жазғы костюм киген. Сыртқы түрі айтарлықтай жақсарғанымен, тәкаппар көзқарасы мен бүркітше өзін ұстауы бұрынғыша қалған. Виталий Яковлевич сахнаға шығып, жиналған көпшілікті «сиқырлы көздерімен» шолып шығып, өз дәрісін оқи бастады. Қырық минут бойы бір кездері жаттығу залында айтқандарын айтумен болды. Бұл жолғы айырмашылығы, ол өз денесіне қасықтар жабыстырған жоқ, тек сөздері түсініксіз әртүрлі эзотериялық және медициналық терминдерге толы еді. Қолдарын сендіре сермеп, сахнада тәкаппарлана кеудесін көтеріп жүрді. Және ақыры дәрісін аяқтап, өзі айтып шыққан ауру адамдардың сахнаға шығуын сұрады. Маған ол біздің үйде болған, «фельдшер анықтамасындағы» ауруларды түгел, әрі бірдей әліппелік тәртіп бойынша айтқандай көрінді. Сахнаға он бес шақты адам шықты. Біреулері жүрегі ауратынын айтып жатса, енді біреуі – қатты асқазаны ауратынын айтты, ал үшіншісінің қан қысымы көтеріліп кеткен, бір әжейдің аяғына трофикалық жара (трофические язвы) шығып, шіри бастаған. Біздің қасымызда баласымен отырған әйелде сахнаға шықты. Николай Андреевич адамдар қайғыда неге үміт артатынын түсінбей, кез-келген сандыраққа сенуге дайын екендігін айтты. Және сахнаға барлық қалаушылар шығып болған соң, Виталий Яковлевич жоғарыдан қолдарын қарқынды сермеп және «ғарыштық-флюид» сипатындағы қайдағы жоқ сандырақтарын айта бастады. Және осы сәтте, өзімнің үлкен таңғалысыма орай, «лотос гүлімнің» тағы да қатты дірілдей бастағанын сезіндім. Мен сахнаға қарап, Виталия Яковлевич айтқан сандырақтардың қалайша маған әсер еткенін түсіне алмадым. Ойымды жинақтап, бұл дірілдің сахнадан емес, артымнан, оң жағымнан шығып жатқанын сезіндім. Және бұл одан әрі біртүрлі көрінді, себебі Сэнсэй менің артқы сол жағымда отырған еді. Мен артыма қарадым, бірақ Сэнсэй орнында болмай шықты. Және менің сезінгенім бойынша діріл көзі орналасқан басқа жаққа көзімді салдым. Алыс бұрышта, ең шеткі бос қатарда отырған Сэнсэйді көрдім. Оның бар назары (бар ойын жинақтап) сахнада тұрған адамдарда еді. Әрбір өткен секунд сайын бұл ағынның күшейгенін сезіндім. Денемде жағымды сезілген толқындар құйылуда еді. Және ағын одан сайын өсе берді. Виталий Яковлевичтің сөзінде белгісіз үзіліс пайда болды. Және осы кезде соқыр бала жай ғана, бірақ анық даусымен: «Мама!» деді. Әйел баласын қатты құшақтап, көз жасына ерік берді. Ол барлығының назарын аударды. Осы кезде нағыз толқулар басталды. Бір әйел адам басының ауырғаны басылғанын айтса, енді бір ер адам асқазаны ауырғаны қойғанын айтты. Бірақ бәрінен қатты өзінің жіңішке даусымен, трофикалық жарасының көз алдында кете бастағанын айтып әлгі әжей айқайлап жіберді. Және өз-өзіне сенбей, бұны кездескен бірінші адамына көрсетуге тырысты. Залда отырған көптеген адамдар орындарынан тұрып, сахнаға қарай жүгірді. Өзіне және жақындарына көмектесуді сұраған және жан-жағынан жауған ризашылықтарға Виталий Яковлевич тіпті өзі де сасып қалды (опешил). Бұл кезде Сэнсэй залдағы өз орнына жайғасты. Жас ана баласын кеудесіне қысып, қатты жылап көпшілік арасынан еш шыға алмады, себебі кәдімгі кептеліс басталып, оған ешкім назар аударған жоқ. Николай Андреевич оған көмектесуге асықты. Кинотеатрдан таза ауаға шығып, біздер оны орындыққа отырғыздық. Николай Андреевич оны тыныштандыруға кірісті. Анасының қасында оның жылағанын естіп отырған бала да, өзінің бастан кешкендерін есіне алып жылағысы келе бастады. Сэнсэй оған қарама-қарсы тізерлей отырып, жай үнмен бірнәрселер айтып, басын нәзік сипады. Сәби тынышталып, тыңдай бастады. Кейін ұзын кірпіктерімен көздерін жиі жыпылықтатты... Осы кезде сәби Сэнсэйдің басын сипаған қолындағы жылтыраған сағатқа тіке қарағандай көрінді. Сәби Сэнсэйдің қолын ұстап, кішкене қолдарымен сағатын шешіп алуға тырысты. Сэнсэйге сұраған көздерімен қарап, қысқа бірақ ауқымды сөзімен (достаточно ёмкое слово): – Бер (дать)! - деді. Барлық көргенінен анасы есінен танып қалды. Николай Андреевич балалармен бірге анасының есін жинатуға тырысып жатқан кезде, Сэнсэй сағатын шешіп, балаға берді де, күлімдеп: – Ала ғой бала, естелік болсын, - деді. Ол бақытты күлімдеп, сағаттың мықтылығын тексеріп, ұстай бастады... Әйел есін жиғаннан кейін, көпке дейін баласының көзінің көріп кеткеніне сене алмады. Ол сөмкесіндегі бар затты сәбиіне берді, ал ол барлығын рахаттана қарап, сол бойда импровизацияланған ойыншықтарға айналдырды. Баласының соқыр еместігіне жеткілікті көзі жеткен соң, әйел сәбиін бақытты құшақтап (немесе көтеріп), Николай Андреевичке және біздерге көрсеткен көмегіміз үшін алғысын білдіріп, бұл жаңалықты айту үшін өз корпусына жүгіре жөнелді. Лагерімізге қайтар жолда Николай Андреевич таңданысын жасыра алмады: – Бұл Виталий Яковлевич осындай емдік әсерге жету үшін, өзінің көк езуімен қалайша адамдарда осыншалықты сенімді оята алды?! Себебі мен сәбидің соқыр болғанын өз көзіммен көрдім. Жарайды, басқалары арнайы қойылған жалған адамдар шығар. Бірақ бұл жағдай менің басыма симай тұр! Мен Сэнсэйге қарадым. Маған оның қалай жауап беретіні қызықты болды. Бірақ Сэнсэй жай ғана әзіл-шыны аралас жартылай салмақты түрде: – Сіз, мүмкін, оның дәрісін мұқият тыңдамаған шығарсыз. Келесі жолы міндетті түрде өзіңізбен бірге қол дәптерін ала шығыңыз, - деді. Жол бойы кешкі әңгімеміз үшін отынға құрғақ бұталарды жинадық. Ал үлкен балалар жартылай шіріп жатқан, кезінде электр желісіне тірек болған ағашты таңдап (немесе тауып) алды. Жалпылама айтқанда Сэнсэйдің көңіл- күйінің жақсы болуы және жиналған отын қорына қарайтын болсақ, түніміз ұзақ әрі естен кетпестей болатынына кепіл еді. 47 Лагерге қайтар жолда-ақ Ұстаз бен Николай Андреевич арасында қызықты әңгіме басталған. Болған оқиғаға таңданумен болған психотерапевт Сэнсэйден: – Ал жарайды, үлкендер сендіру арқылы (внушения) емдік әсерге ұшырып, ауру процесін жартылай жеңілдететін шығар. Бірақ балалар?! Осы жаста олар айтқандарымызды мүлдем түсінбейді деуге болады. Ал бұл жерде нәтиже айқын. Мен мұның қалай болғандығын тіпті елестете алмаймын?! Егер үш жасар соқыр баланың шыныменде көзі көріп кетсе, демек логикалық түрде қашықтықтан емдеу фактісінің бар екенін мойындау керек болады. – Егер мұқият оқитын болса, бүкіл адамзат тарихы осындай фактілерге толы, - деп Сэнсэй күлімдеді. – Иә, бірақ оқу – көзбен көргенмен бірдей емес! Ал егер барлығы шындығында осылай болатын болса, онда мен еш нәрсе түсінбеймін. – Егер әлем және адам тәні туралы шын мәніндегі тұтас көзқарасыңыз болса, бұл жерде түсінудің еш қиындығы жоқ. – Ал адам тәні дегеніміз не? – Адам тәні басқа материя секілді бостықтың өзі (пустота). Бұл Жаратушының ойымен болған иллюзия. – Сіз бәріміз бос (пустота) болғандықтан, мына тұрған ағаш менімен бірдей деп айтқыңыз келеді ме? – деп Николай Андреевич үлкен ағаштың қасынан өтіп бара жатып, әзіл-шыны аралас сұрады. – Солай айтсақта болады, - деп Сэнсэй күлді де, кейін байсалды қалпымен: – Сіздің материяңыз да жай ғана сол баяғы бір, алғашқы энергиядан туындаған, тек бейнесі өзгеріп, басқа әртүрлі толқынды күйге айналған. Осы жерден материалдардың құрамының өзгешелігі туындайды. Міне, қараңыз адам денесі неден құралады? Тән сіз білетіндей ішкі ағзалар жүйелерінен, ағзалар – ұлпалардан, ұлпалар – жасушалар тобынан тұрады. Жасушалар (клетки) – қарапайым химиялық элементтерден тұрады. Сонымен бірге дене салмағының негізгі бөлігін, 98%-ға жуығын оттегі, көмертек, азот, сутегі құрайды, ал қалған 2% басқа химиялық элементтерге келеді. – Түсінбедім, бұл қалай? – деп байқамай сұрап қалдым. – Енді, мысалға сенің 50 кг салмағыңа үйлестіру (распределения) схемасы былай көрінеді. – Сэнсэй бірнеше секунд бір нәрселерді есептегендей маған қарады да, кейін: - Әртүрлі изотоптық күйлеріндегі оттегі - 30,481 кг, көміртегі изотоптары – 11,537 кг, сутегі изотоптары – 5,01 кг, және азот изотоптары – 1,35 кг. Көріп тұрғаныңдай жалпы 48,378 кг болды. Ал басқа элементтерді есептемей-ақ қояйын, олардың әрқайсысының салмақтары граммдармен есептеледі. Жалпы айтқанда, оларға бар салмақтың 1,622 кг келеді... Ал егер дәл айтатын болсақ, қорытылып үлгермеген, яғни сенің ағзаңның химиялық реакциясына кірмеген, балмұздақ, конфет және ішкен сусындарыңның қалдықтарын есептесек, онда... соңында, жалпылай алғанда сенің салмағың 50 кг 625 граммды құрайды. Мен денемді бір қарағаннан-ақ осындай «жылдам» есептеуге таң қалдым. Өз материямның (тәнімнің) мұндай құрылымы туралы ешқашан ойланған емеспін. Осы кезде Сэнсэй Николай Андреевичке қарап сөзін жалғастырды: – Енді, біздің химиялық элементтер дегеніміз не? Жасушалаларды түзетін және өзінің биофизикалық заңдылықтарымен өмір сүретін молекулалар. Молекула айналасы бос кеңістік екенін есте ұстаңыз. Әрі қарай тереңдейік. Молекулалар атомдардан тұрады және олардың арасы тағы да бос кеңістік. Атомдар ядродан және оны айналатын электрондардан тұрады. Олардың арасы тағы да – бос кеңістік. Атом ядросы қайтадан элементар бөлшектерден – протондар мен нейтрондардан тұрады және олардың арасында да бос кеңістік болады. Кез-келген химиялық элементтің сан алуандығы олардың атом ядросындағы нейтрондар санына, яғни изотоп құрамына байланысты болатынын есте ұстаңыз. Атом ядросын құрайтын протондар мен нейтрондар да өте кішкентай бөлшектерден тұрады. Және физика ғалымдары әрқашан алға қадам жасаған сайын, олардың шартты шекараларын танып-білудің шексіз көкжиегіне жылжытатын, оларға жаңа білім деңгейі ашылады. Тек адам микроскопты қаншалықты жетілдіруге күші жетсе, соншалықты микроәлем табиғатын тани алды. Мен әрі қарай неге бөлінетінін, бөлінудің ақыр соңында, барлығы пайда болатын абсолютті бостықпен (пустота) аяқталатынын айтпай-ақ қояйын. Ол барлық жерде – микро әлемде болсын, макро әлемде болсын болады. Және бұл таза энергия, бүкіл энергия түрлерінің, сәйкесінше, олардан пайда болатын заттардың өзара әрекеттесуінің бір өрісі болатын По энергиясы. Сондықтан Құдай барлық жерде бар деп айтылады. Осы По энергиясының импулсі материалдық кеңістік пен уақыттың қисықтығын өзгертетін толқындар тудырады. Яғни өзінің терең мәнінде кез-келген материя белгілі бір толқындардың жиынтығы және толқын табиғатының заңдылықтарына сәйкес өмір сүреді. – Бұл бір жаңа нәрсе, - деп Николай Андреевич ойлана айтты. – Олай емес, - деді Ұстаз. – Дәлірек айтсақ – бұл жақсылап ұмытылған ескі. Материяның ұлы бостықтан пайда болғандығы туралы дәйектерді, «дао», төрт мың жыл бұрын үнді философтары және екі мың жыл жарым бұрын қытай даналарына белгілі болған. Сіз олардың трактаттарын оқыңыз. Олар абсолютті бостықты (пустота) желсіз тегіс көл беті секілді елестеткен. Ал бостықтан пайда болған материя бөлшегін желмен пайда болған тегіс көл бетіндегі дірілге (немесе кішкене толқынша) теңеген. – Ал бұл жерде «жел» нені білдіреді? – деп Николай Андреевич қызыға сұрады. – Бұл жерде «жел» - құдайы болмысты білдіреді. Бұл Ол барлығын жарататын және құртатын (немесе бұзатын) Құдайдың ойы. Және біздің рухымыз осы құдіретті күштің бір бөлігі және ол бастапқы По энергиясын басқара алады. Сондықтан адам өз санасымен рухына жетіп, онымен біртұтас болып қосылса, оның мүмкіндіктері шектеусіз болады. Және танымында да дәл солай. – Бәрібір де мен үшін бұл жаңа нәрсе, - деп «Тобымыздың дұрыс ойлайтыны» күлімдеді. Осы кезде біздер лагерге де жеттік. Қалған балалар біздің келуімізге дайындаған және енді болмағанда бізді күтпестен, бекіре балығынан жасаған кәуәпты жегелі жатыр екен. Болған оқиғаның куәгерлері болған біздер, алған әсерлерімізбен бөлісіп, таза ауада жақсылап тамақтанып, біздер алдағы болар әңгімені күтіп лаулаған оттың қасына отырдық. Николай Андреевич өзін алаңдатқан тақырыпқа асығып: – Демек, барша әлем иллюзия болғаны ма? – деп сұрады. – Өте дұрыс. – Бірақ, неліктен біздер барлығын шынайы сезінеміз. Мысалға сезім мүшелерімізді пайдаланып таяқтың таяқ екенін ұстап, қолданып, оның бос емес екендігіне және иллюзия емес екендігіне көзіміз жетеді. – Себебі біздің миымыз туылғаннан бастап осы дүниені қабылдау жиелігіне икемделген. Бірақ бұл оның мүмкіндіктері осы жиелікпен шектелген дегенді білдірмейді. Оған әртүрлі бағдарламалар салынған. Егер қабылдау жиелігін өзгертсе, бүкіл қоршаған әлем де өзгереді. – Сонда қалай? – деп Николай Андреевич түсінбеді. – Қарапайым (немесе оңай). Мидың не екенін алып қарайық. Негізінде орталық жүйке жүйесі әртүрлі диапозандағы, сәйкесінше жиелік сипаттамалары бар толқындарды өзінше бір жіберетін-қабылдайтын «құрылғы» секілді. Сіз мидың құрылымдық және функционалды жұмысындағы негізгі маңызды элементтердің бірі нейрондар және глия жасушалары (глиальные клетки) екендігін білесіз. Олар арқылы орталық жүйке жүйесі құрылған. Нейрон басқа клеткаларға қарағанда, әсер ету потенциалын тудырып және оны үлкен қашықтықтарға бере алатын ерекше қабілетіне ие. Бұл ерекше жасуша бірнеше күйде болатын (тыныш және әртүрлі жиелікті қозған бірқатар күйде) күрделі құрылғы секілді, бұл оның ақпаратты сыйдыру ауқымдылығын едәуір арттырады. Ынталандыру туралы ақпарат, жүйке жасушасымен қысқа уақыт аралығында орташа әсер ететін потенциалдардың жиілігі түрінде кодталады. Яғни тұтас алғанда ми жұмысы – «тілі» жиелік болған, ақпаратты-басқарушы құрылғының жұмысы. Сәйкесінше, психикадағы саналы және түпсаналы процестердің көрінісі (отражение) нейрон разряды жиелігі деңгейінде өтеді. Сана күйі өзгерген кезде, мысалға медитация, рухани практика кезінде, импулстар жиелігі өзгеріп, бұл жалпылай алғанда ағзаның молекулалық құрылымының өзгеруіне әкеледі. Яғни, адам дүниенің мүлдем басқа жиелігіне бейімделеді, сондықтан ол осы әлемді жай ғана ең төменгі иллюзия ретінде қабылдайды... Мынадай сөз бар: «Кемеңгерден Өмір деген не деп сұраған кезде, ол: “Оны басынан өткізген адам үшін, күлкілі”» деп жауап берген («Когда у Мудреца спросили, что такое Жизнь, он ответил: “Посмешище для того, кто её испытал”»). Және бұл өте дұрыс жауап. Материяға батқан, дүниелік ой әлеміне шырмалған адам өзінің қабылдауында өте шектеулі. Өздеріңіз төрелік етіңіздер. Ол қоршаған орта туралы ақпаратты туылғаннан белгілі жиелікті қабылдауға дағдыланған хайуани негізі бар миы арқылы алады. Сәйкесінше бұл ми, кез-келген жануар секілді, ақпаратты сезім мүшелерімен қабылдайды. Және адам электромагниттік толқындар, әртүрлі сипаттамалары мен параметрлері бар жиеліктер, мұхитымен қоршалған болса да, ол осыншалықты сан алуандықтың тек кішкене ғана тамшысын қабылдайды. Оған негізгі ақпарат көрінетін спектр бөлігі электромагниттік толқынының ұзындығы 400 ден 700 нанометр болатын көру каналдары арқылы келеді. Бұл спектрден сыртындағысының барлығын адам көрмейді, сәйкесінше, оның миы осы диапазоннан әрі жатқан көріністі көре алмайды. Ал дыбысқа келетін болсақ, адам оны 20 герцтен 18 килогерцке дейінгі диапазонда ести